Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау және бейдағдарыстық бағдарламаны әзірлеу



Кіріспе

1 бөлім. Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау: мәні және мазмұны.
1.1 Банкроттылық түсінігі, себебі және дәрменсіздік түрлері.
1.2 Қазақстан Республикасында төлем қабілетсіз кәсіпорындардың дамуын талдау.
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын диагностикалау әдістері.
2 бөлім. «Прогресс» фирмасы» ЖШС.нің қаржылық жағдайын талдау.
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы және оның даму деңгейі.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігінің қауіпін бағалау.
3 бөлім. Кәсіпорынды дағдарысты қаржылық жағдайдан шығару шараларын әзірлеу.
3.1 Қаржылық стратегияны құрудағы негізгі бағыттар.
3.2 Ұсыныстардың сандық бағасы.
3.3 Бейдағдарыстық бағдарлама жобасының экономикалық негіздемесі.
3.4

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кәсіпорынның банкроттығы нарықтық қатынастарды қамтыған Қазақстан экономикасы үшін жаңа құбылыс емес. Қазақстан экономикасында шаруашылық субъектілердің банкротқа ұшырауының көптеген алғы шарттары бар. Кәзіргі уақытта бұл саладағы нормативтік база қабылданып және дамытылып жатыр. Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. «Банкроттық туралы» Қазақстанда үш заң актісі қабылданды. Бірінші заң 1992 жылы 14 қаңтарда қабылданып, 1992 жылы 1 ақпанда күшіне енді, ал екіншісі – Президенттің 1995 жылғы 7 сәуірдегі заң күші бар Жарлығы. Бірақ қабылданған заң актілері көп мәселелерді шешпеді, дауларды қарау кезінде көптеген қиындықтар байқалды. Мұндағы заңдарды жаңарту қажеттігін туғызатын ең басты себеп – банкроттыққа байланысты мәселелердің біріңғай жүйеленбегендігі еді. Мәселен, қайта ұйымдастыру, кредиторлардың мүдделерін қорғау жолдары шешілмеген. Кредиторлардың өз мүдделерін қорғауларына мүмкіндік беретін құрылтай жиналысы қалыптаспаған екен.
Ерекше талаптарды қажет етпейтін істерді жүргізу процесі нақты реттелмеді, іс жүргізуді қозғау үшін қажетті құжаттар тізімі болмады. Осыған байланысты соттар өтініштерді қабылдаудан бас тартты. Яғни, заңды жүзеге асыру механизмі болмады. 1995 жылы және 1996 жылдың алғашқы жартысында шаруашылық субъектілерін банкрот деп тану туралы келіп түскен барлық 257 өтініштің 98-і қайтарылды, 15 өтініш қабылданбады, сөйтіп, тек 144 талап – арыз материалды қарауға қабылданды, бұл берілген арыздардың 56 пайызы ғана. Ең негізгі мәселенің бірі – талап-арыз, өтініштерді орындау реттелмеді. Мысалы, талап-арыз иесінің сотқа шағымданған сәтінен бастап, сот шешімі қабылданғанға дейін 1 айдан 3 айға дейін уақыт берілетін. Ал осы мерзім

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ

Күндізгі оқу бөлімінің

ІV курс студенті
(4 жылдық оқу)

Ембергенов руслан Адилович

(Тегі, аты, әкесінің аты)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ БЕЙДАҒДАРЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ
ӘЗІРЛЕУ
(Прогресс фирмасы ЖШС мысалында)

Қорғауға Менеджмент Ғылыми
жетекші
кафедрасының меңгерушісі Саткалиева Тамара
Сагимбаевна
э.ғ.к., доцент Смагулова Н. Т.
жіберілді
________________________
______________2006 жыл.

АЛМАТЫ 2006

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 бөлім. Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау: мәні және мазмұны.
1. Банкроттылық түсінігі, себебі және дәрменсіздік түрлері.
2. Қазақстан Республикасында төлем қабілетсіз кәсіпорындардың
дамуын талдау.
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын диагностикалау әдістері.
2 бөлім. Прогресс фирмасы ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау.
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы және оның даму деңгейі.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау.
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігінің қауіпін бағалау.
3 бөлім. Кәсіпорынды дағдарысты қаржылық жағдайдан шығару шараларын
әзірлеу.
1. Қаржылық стратегияны құрудағы негізгі бағыттар.
2. Ұсыныстардың сандық бағасы.
3. Бейдағдарыстық бағдарлама жобасының экономикалық негіздемесі.
4.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Переход к рыночной экономике вызвал появление нового для нашей финансовой
политики понятия - банкротство предприятия. В соответствии с действующим
законодательством под банкротством предприятия понимается ситуация,
связанная с недостаточностью активов в ликвидной форме, неспособность
предприятия удовлетворить в установленный для этого срок предъявленные к
нему со стороны кредиторов требования, а также выполнить обязательства
перед бюджетом.
В условиях нестабильной экономики, замедления платежного оборота, высокой
инфляции, нестабильности налоговой системы, политической нестабильности,
неопределенности, недостаточной квалификации менеджеров предприятия
институт банкротства получает все большее распространение. Вместе с тем, в
хозяйственной практике последних лет участились случаи умышленной
самоликвидации предприятий, которые, обеспечив привлечение значительного
объема заемного капитала (в денежной, товарной и других формах) и
использовав его в целях наживы отдельных лиц, объявляют себя банкротами для
того, чтобы уйти от расчетов. Механизм таких действий квалифицируется как
"фиктивное банкротство" и преследуется в уголовном порядке.
Банкротство является кризисным состоянием и его преодоление требует
специальных методов финансового управления. Рыночная экономика выработала
обширную систему финансовых методов диагностики банкротства и выработала
методику принятия управленческих решений в условиях угрозы банкротства. Эта
методика предназначена не только для предприятий, где кризис очевиден и
необходимо принимать неотложные меры по стабилизации, а для всех
предприятий, работающих в рыночных условиях, поскольку ее особенности
таковы, что позволяют выявить на ранней стадии и устранить негативные
факторы развития предприятия, наметить пути их устранения.
Основой методики являются три положения:
-диагностика банкротства;
-выявление факторов, влияющих на кризисное развитие;
-выработка антикризисных механизмов управления финансами.
Современное состояние большинства хозяйственных объектов таково, что
первоочередными тактическими задачами для них является латание дыр и
недопущение банкротства. Подобный подход не позволяет достичь устойчивой
работы предприятия в долгосрочной перспективе. Потому особое значение в
сегодняшних условиях приобретает формирование эффективного механизма
управления предприятиями, основанного на анализе финансово-экономического
состояния, с учетом постановки стратегических целей деятельности адекватных
рыночным условиям и поиска путей их достижения.
В связи с этим возникает необходимость проводить систематический
финансовый анализ предприятия. Финансовый анализ позволяет не только
выяснить, в чем заключается конкретная болезнь экономики предприятия-
должника, но и заблаговременно продумать и реализовать меры по выходу
предприятия из кризисной ситуации.
Актуальность проблемы банкротства отечественных предприятий обуславливает
выбор темы данной дипломной работы.
Целью данной дипломной работы является изучение и проведение комплекса
мероприятий на предмет возможного банкротства, а также рассмотрение
финансовых механизмов выхода предприятия из кризисного экономического
состояния.
Для реализации поставленной цели в дипломной работе поставлены и решаются
следующие взаимосвязанные задачи:
- изучить понятие, виды и процедуры банкротства;
- рассмотреть сущность и принципы политики антикризисного управления
предприятием в современных условиях;
- осуществить диагностику финансового состояния предприятия, включая
проведение анализа и оценки имущественного положения, ликвидности и
платежеспособности и финансовой устойчивости предприятия;
- совершенствовать систему диагностики банкротства предприятия;
- разработать систему механизмов стабилизации предприятия при угрозе
банкротства.
Объектом исследования является общество с ограниченной ответственностью
Прогресс. Информационно-аналитической базой исследования послужили
данные оперативной и бухгалтерской информации за 2004 год.
Дипломная работа состоит из трех разделов. Первый раздел посвящен
теоретическим вопросам понятия банкротства и методике антикризисного
управления финансами.
Во втором разделе проводится комплексный финансово-экономический анализ
исследуемого предприятия с использованием моделей диагностики банкротства.
Объектом исследования является общество с ограниченной ответственностью
Прогресс. Информационно-аналитической базой исследования послужили
данные оперативной и бухгалтерской информации за 2004 год.
В третьем разделе дипломного проекта на основании результатов анализа
финансово-хозяйственной деятельности, проведенного во втором разделе,
разрабатывается программа антикризисного управления финансами для
исследуемого предприятия в соответствии с методикой антикризисного
управления финансами.
При написании работы было использовано множество различной литературы,
включая гражданское законодательство, законодательство о банкротстве, а
также методические материалы по анализу и статьи практикующих юристов и
экономистов, рассматривающих проблемы банкротства и антикризисного
менеджмента.

1 бөлім. Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау: мәні және мазмұны.
1.1 Банкроттық түсінігі, түрлері және себептері.
Кәсіпорынның банкроттығы нарықтық қатынастарды қамтыған Қазақстан
экономикасы үшін жаңа құбылыс емес. Қазақстан экономикасында шаруашылық
субъектілердің банкротқа ұшырауының көптеген алғы шарттары бар. Кәзіргі
уақытта бұл саладағы нормативтік база қабылданып және дамытылып жатыр.
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың
шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде
жарияланады. Банкроттық туралы Қазақстанда үш заң актісі қабылданды.
Бірінші заң 1992 жылы 14 қаңтарда қабылданып, 1992 жылы 1 ақпанда күшіне
енді, ал екіншісі – Президенттің 1995 жылғы 7 сәуірдегі заң күші бар
Жарлығы. Бірақ қабылданған заң актілері көп мәселелерді шешпеді, дауларды
қарау кезінде көптеген қиындықтар байқалды. Мұндағы заңдарды жаңарту
қажеттігін туғызатын ең басты себеп – банкроттыққа байланысты мәселелердің
біріңғай жүйеленбегендігі еді. Мәселен, қайта ұйымдастыру, кредиторлардың
мүдделерін қорғау жолдары шешілмеген. Кредиторлардың өз мүдделерін
қорғауларына мүмкіндік беретін құрылтай жиналысы қалыптаспаған екен.
Ерекше талаптарды қажет етпейтін істерді жүргізу процесі нақты
реттелмеді, іс жүргізуді қозғау үшін қажетті құжаттар тізімі болмады.
Осыған байланысты соттар өтініштерді қабылдаудан бас тартты. Яғни, заңды
жүзеге асыру механизмі болмады. 1995 жылы және 1996 жылдың алғашқы
жартысында шаруашылық субъектілерін банкрот деп тану туралы келіп түскен
барлық 257 өтініштің 98-і қайтарылды, 15 өтініш қабылданбады, сөйтіп, тек
144 талап – арыз материалды қарауға қабылданды, бұл берілген арыздардың 56
пайызы ғана. Ең негізгі мәселенің бірі – талап-арыз, өтініштерді орындау
реттелмеді. Мысалы, талап-арыз иесінің сотқа шағымданған сәтінен бастап,
сот шешімі қабылданғанға дейін 1 айдан 3 айға дейін уақыт берілетін. Ал осы
мерзім ішінде ұяты шамалы борышкер негізгі қаржыны жұмсап немесе несие
берушіні шығынға отырғызатын басқа да әрекеттер жасап үлгеруі мүмкін ғой.
Банкроттық туралы заңдардың жетілмеуінен және борышкердің дәрменсіздігіне
қатысты нақты критерийлердің және сот шешімін орындау механизмінің
жоқтығынан төлем қабілеттілігі жоқ көптеген шаруашылық жүргізуші
субъектілер күнделікті айналымнан шығарып тасталынбады, мұның өзі
экономиканың дамуына кері әсер етті. 1996 жылдың бірінші жартысында
берілген талап-арыздың 17 пайызын және іс жүргізуге қабылданған істердің 30
пайызын құрайтын бар-жоғы 43 іс бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер
(бұлар негізінен шағын жеке фирмалар) дәрменсіз деп танылған (сот
қорытындысы материалдарынан), ал шын мәнінде тап қазір банкроттыққа ұшырау
жағдайындағы кәсіпорындар бұдан әлдеқайда көп кой. Банкроттық туралы заң
тәжірибесі көрсеткеніндей, арыз бергеннен бастап, сотпен белгіленген әрекет
– кәсіпорын таратылғанша немесе қайта ұйымдастыру жөн-жосығын қолдану
аяқталғанға дейінгі сот өндірісінің бүкіл жөн-жосығын қамтуы керек.
Жаңа заң жұмыс жасаушы субъектілердің дәрменсіздігін реттеудің
тиімділігін арттыру, төлем дағдарысын, экономикалық процестерге мемлекеттік
әсер етудің түрлері мен реттемеуді жеңу, кәсіпорындар дәрменсіздігін
болдырмау мақсатында құрылымдық саясатқа бағыттау, қолдағы қаржы
ресурстарын тиімді пайдалану, экономиканы дамытудың артықшылық бағыттарын
қолдау, әлеуметтік салаларды жеңілдету мүддесін қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Респупликасының Президенті 1997 жылы 21 қаңтарда дәрменсіз
борышкерді ақтауға бағытталған арнаулы жөн-жосықтарды жүргізудің шарттары
мен тәртібін айқындайтын, Банкроттық туралы Заң күші бар нормативтік-
құқықтық актіге қол қойды.
Аталған заң Азаматтық кодекстің 44-бабына (2-бөлім) сәйкес қазыналық
кәсіпорын мен мекемеде ақша қаражаты жетіспеген жағдайда олардың
міндеттемелері бойынша тиісті мүлік иесі субсидиялық жауап беретін
болғандықтан қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа заңды
тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады. Азаматтық кодекстің
аталған ережесі осындай заңды тұлғаларға қатысты банкроттық жөн –
жосықтарды қолданудың практикалық мәнін жоққа шығарады. Сонымен бірге ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарына қатысты (олардың ұйымдық – құқықтық түріне
тәуелсіз) банкроттық жөн-жосықты қолдану ерекшеліктері арнайы заңдарда
көзделуі керек.
Заң актілерінде банктерге, сақтандыру компанияларына, кейбір заңды
тұлғалардың зейнеткерлік қорларына қатысты банкроттық жөн – жосықтың
ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. Заң, сондай-ақ Азаматтық кодекстің 21-
бабымен және арнайы заңдармен реттелетін жеке кәсіпкерлерге қолданылмайды.
Жеке кәсіпкерлік туралы жаңа заң кәсіпорындар дәрменсіздігін болдырмау,
құрылымдық саясатқа бағыттау, экономиканы дамытудың артықшылық бағыттарын
тиімді қолдану мақсатында банкроттың әлеуметтік салдарын жеңілдету үшін
қажетті шаралар қабылдап, экономикалық процестерге әсер етудің түрлері мен
тәсілдерін айқындайды.
Нақты шаруашылық үрдістегі кәсіпорынның банкроттығын іс - әрекеттегі әлді
және әлсіз байланысқан әртүрлі факторлармен түсіндіруге болады. Артық
жағдайдағы факторларды белгілеп, кәсіпорын банкроттығын былай бөлуге
болады:
- кәсіпорынды дұрыс басқармағандықтан туындаған банкроттылық
(маркетингтік стратегияны ойластырмағандықтан);
- ұдайы өндірісті қолданудағы өнім сұранысын кеңейтіп жүзеге асыруда
инвестициялық ресурстың жетіспеушілігінен туындаған банкроттылық;
- келісілген өндірістегі өнімнің бәсекеге қабілетсіздігінен туындаған
банкроттылық.
Банкроттылық түсінігі оның түрлерімен сипатталады. Заң және қаржылық
тәжірибесінде кәсіпорын банкроттылығының келесі түрлері анық көрініс
табуда:
1. Нақты банкроттылық. Кәсіпорынның болашақ кезеңде өзінің қаржылық
тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге толық қабілетсіз.
2. Техникалық банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін
сипаттайды, яғни дебиторлық қарызының мерзімінен өтіп кетуінің себебінен.
Кәсіпорынның дебиторлық қарыз көлемі кредиторлық қарыз көлемінен артық
болады, ал активтерінің сомасы қаржылық міндеттемелер көлемінен артық
болады.
3. Әдейі банкроттылық. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін басшысы немесе
құрылтайшысы әдейі жасайды. Кәсіпорынды өзінің мүддесі немесе басқа
тұлғаның мүддесі үшін экономикалық зардапқа әкеледі.
4. Тиімді банкроттылық. Несиелік міндеттемелерінің мерзімін ұзарту немесе
несиелік қарыз сомасын жеңілдету мақсатында кәсіпорын өзінің өтірік төлем
қабілетсіздігін кредиторларға жариялаумен сипатталады.
Борышкетдің банкроттылық ісі қаралғанда келесі процедуралар қолданылады:
бақылау;
қаржыны қалпына келтіру;
сыртқы басқару;
конкурстық өндіріс;
халықаралық келісім.
Бақылау процедурасы. Оның мақсаты борышкердің мүлігін сақтауды қамтамасыз
ету және борышкердің қаржылық жағдайын талдаудан өткізу.
Қаржыны қалпына келтіру – борышкердің толығымен төлем қабілеттілігін
қалпына келтіру және қарызын қайтару, қарызды төлеу кестесіне сәйкес.
Сыртқы басқару – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында борышкер
өз өкілеттілігін сырттан келген басқарушыға береді.
Конкурстық өндіріс кредиторлардың талабын қанағаттандыру мақсатында
банкрот болған борышкерге қолданылады.
Халықаралық келісім бір жақтың ерікті түрде талаптарын жарым – жарты
қайтарып алуын және екінші жақ қалған талаптарды қабылдайтынынбілдіреді.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің
балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының
тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының,
қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
- фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
- бәсекелестіктің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған
сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының
төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмауы;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс
зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің
бағаларының жақындауы;
- ақталмаған жоғары шығындар;
- өнімнің төменгі рентабельділігі;
- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
- ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы
жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық,
қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы [Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдау].
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлердің көбісі мұндай
жағымсыз жағдайдан сәтті құрылуда, бірақ банкротқа үшырау құбылысы
кәсіпкерлік әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер бойынша
алғашқы жылдар ағымында 23,7%, алғашқы 4 жыл ішінде – 51,7%, алғашқы 6 жыл
ішінде – 62,7% банкротқа ұшырағандығын көрсетіп отыр. Банкротқа ұшыраудың
негізгі себептері мыналар:
- Экономикалық факторлар – 47,4%6
- Қаржылық қиыншылықтар –38,4%,
- Кәсіпкерлік тәжірибенің болмауы – 7,1%,
- Кәсіпкелік нәтиженің жаман болуы – 3,4%,
- Басқалар – 3,7%
Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы мүмкін.
Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, процент ставкасының
өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс
материалдары мен құбылыс өндірісі технологиясының пайда болуын жатқызуға
болады. Іс – жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ
кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан ары қарай тиімді жүргізе
алуда, ал басқалары сәтсіздікке ұшырауда. Фирманы банкрот болуға алып
келетін көптеген себептерн тиімсіз менеджментпен байланысты және оларды үш
бағытта топтауға болады:
- Стратегиялық сипаттағы қателіктер
- Жалпы менеджмент проблемалары
- Қаржы есептік жүйе мен тәжірибедегі кемшіліктер.
Осы бағыттардың әрқайсысын 1 кестеде жете, толық қарастырамыз.

1-кесте

Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері

Кәсіпорындардың Фирмалардың банкротқа ұшырау себептерінің мінездемесі
банкротқа ұшырау
себептері
Стратегиялық Маркетингтік мүмкіндіктері жете бағалай алмау.
сипаттағы Кәсіпорынның жаңа даму стратегиясын дайындаудың
қателіктер орнына пайдалылығы төмен өндіріс қуаттылығын арттыру.
Нәтижесінде фирма өткір кассалық бюджет тапшылығына
ұшырайды.
Бизнеске қатысы жоқ салаға әртараптану. Жұмыс істеп
жатқан бизнестің ақша ағынын маңызды негіз жоқ бола
тұра басқа бизнесті бастауға жұмсау.
Маркетингтің тек жақында ғана көруі. Бизнестің
нарықтық мүмкіндіктер тұрғысынан емес, пайда болған
идеялар тұрғысына негізделуі. Бизнесті ұйымдастырудағы
нақты мүмкіндіктерге маркетинг талдауының
жүргізілмеуі.
Жобаның үлкен болуы. Компания ақша ағынынын көлеміне
көңіл аудармастан үлкен жобаны бастайды, ал мұның
жанында кәсіпорын қуаттылығының күшеюі мен қосымша
жұмысшы күшінің тартылуының нәтижесінде ақша
қаражаттарына деген қажеттілік те арта түседі. Фирма
үлкен жобаны бастау үшін жеткілікті ақша қаражатының
бар екендігіне көз жеткізу қажет.
Жоспарлаудағы кемшіліктер. Шоттарға төленетін
төлемдердің кідіруінен немесе тапсырмалардың
қысқаруынан өндіріс көлемінің төмендеп кетуі сияқты
күтпеген жағдайларда фирма өзінің әрекеттерін
(өндірісті тоқтату қуаттылықты азайту және т.б.)
жоспарлау қажет.
2. Жалпы менеджмент2.1 Басқарушылардың шеберлігі мен тәжірибесінің және
проблемалары ноу – хау-дың жетіспеушілігі. Кәсіпорынның өсу
кезеңдерінде менеджерлер өз стратегияларын тікелей
басқарудан менеджерлік басқаруға ауыстырулары қажет.
2.2 Қаржы менеджментігіндегі жетіспеушіліктер. Жаңа
фирмаларда ереже бойынша қаржылық міндеттер жәй
бухгалтерияға қатыстырылады. Компанияда ең басынан
кәсіби қаржыгер болу керек.
2.3 Менеджерлердің негізгі қызметкерлерінен айырылуы
көбінесе сындарлы болуы мүмкін, әсіресе қандай да бір
өндіріс әдістері саласына ғана тиісті бөлімді қажет
ететін кәсіпорындар үшін.
3. Есептік – қаржы 3.1 Баға қалыптастыруда салалық стандарттар мен
жүйесі мен нормативтердің болмауы өндірілген өнім құнының
тәжірибедегі дәрежесі мен оның пайдалылық дәрежесін алдын ала
кемшіліктер анықтауға мүмкіндік бермейді.
3.2 Фирманың экономикалық жағдайын басқару талдауының
жетіспеушілігі немесе мүлдем жоқ болуы (тауар –
материалдық құндылықтарды, жұмыстардың орындалу
көлемін және т.б. талдау).
3.3 Кассалық бюджетке көңіл аударудың орнына
қателесіп, аудару тәсіліне көңіл аудару, бизнесті
айтарлықтай қаржы проблемасына әкелуі мүмкін.

Қазіргі зерттеулерде бизнес сәтсіздігінің не екендігін дәл түсіндіретін
бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті банкротқа ұшырамаумен
байланыстырады, басқалар банкротқа ұшыраумен қатар кәсіпорынның бірігу,
басқа компания тарапынан сатып алынуы сияқты әр түрлі себептерден кәсіпорын
қызметінің тоқтатылуын да қосады.
Егер фирма тапсырыс берушілердің, акционерлердің, жұмысшылрдың,
жеткізушілердің және тұтынушылардың алдында өз міндеттерін орындамаса, онда
ол сәтсіз фирмалар қатарына жатады деген пікір бар. Көптеген зерттеушілер
кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын келесі бағыттар бойынша бөліп қарастыруды
қалайды:
1. Банкротқа ұщырамаумен байланысты.
2. Алдағы залалардың алдын алу мақсатымен.
3. Қажетті нәтижені ала алмау себебіне байланысты, мысалы, салынған
капиталдың пайдалылық процентінің төмен болуы.
4. Зейнеткерлік жасқа жетуге немесе денсаулық жағдайына байланысты кету,
пайда табу мақсатында немесе басқа бизнесті бастау мақсатында бизнесті
сату сияқты себептерге қатысты.
Австралиялық ғылымдармен жүргізілген зерттеулер бойынша бизнестегі
сәтсіздіктер пайызының жоғары болуы туралы әр түрлі пікірлерге қарамастан,
банкротқа ұшырағандардың үлесі 3,4% ғана, алдағы болатын залалдардан құтылу
мақсатында 8% ғана өз қызметін тоқтатады екен (2-кесте).
2-кесте
Кәсіпорын қызметінің тоқтатылу себептері
Кәсіпорын қызметінің тоқтатылу Кәсіпорындар Жалпы кәсіпорындар
себептері саны санындағы % үлесі
Банкротқа ұшырау 179 3,4
Алдағы залалдардың алдын алу 415 8,0
Қалаған нәтижесін ала алмау 267 5,1
Зейнеткерлікке немесе денсаулық
жағдайына байланысты кету 126 2,4
Пайда табу мақсатымен сату 916 17,6
Белгісіз себептерімен 326 6,3
Бизнестегі сәтсіздікке алып келген
басқа себептер 277 5,3
Бизнестегі сәтсіздіктерге байланысты
емес басқа себептер 34 0,7
Қорытынды: сатылған және жабылған
кәсіпорындар саны 2543 48,9
Жұмыс істеуін жалғастырып жатқан
кәсіпорындар саны 2653 51,1
Бизнесті бастаған кәсіпорындардың
жалпы саны 5196 100

1.2 Қазақстан Республикасында төлем қабілетсіз кәсіпорындардың дамуын
талдау.
Республикада дамудың қазіргі кезеңінде экономикада өсу фазасы байқалады,
шаруашылық жүйесінің реформациясы іске асып, экономикалық қатынастардың
жаңа жүйесі қалыптасты деп айтуға болады. Өнеркәсіптің дамуы
көрсеткіштерінің өсуі серпіні байқалып, жалпы Қазақстан Республикасын
нарықты экономикалы ел деп дүние жүзі танып, дамуын оң бағалап отырған
кезде, төлем қабілетсіз кәсіпорындар шамасының өзгеруі қай деңгейде екен?
2005 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы бойынша төлем қабілетсіз
кәсіпорындардың саны 3333 болды. Төлем қабілетсіз кәсіпорындардың жалпы
кредиторлық қарызы 78414,9 млн. теңге, соның ішінде бюджет алдындағы
кредиторлық қарызы 46792,4 млн. теңгені құрады. Осы ретте, төлем қабілетсіз
кәсіпорындардың 74,5 %-ның (2486 ұйым) активтерінің жоқ екенін айта кету
керек.

1-сурет. Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіз
кәсіпорындардың өзгеру қарқыны.
1-суреттен көріп отырғанымыздай, 2003 жылдан бастап, төлем қабілетсіз
кәсіпорындардың санының өзгеруімен қоса, мүлкі жоқ кәсіпорындардың да
санының артқаны байқалады.
2005 жылдың 1 қаңтарына 2004 жылдың басымен салыстырғанда жалпы
кредиторлық қарыздың сомасы төлем қабілетсіз кәсіпорындар санының артқанына
қарамастан, 45907,8 млн. теңгеге азайып, 78414,9 млн. теңгені құрады.
Төлем қабілетсіз кәсіпорындардың ең көп үлесі Алматы қаласында – 917
(27,5 %) және Шығыс Қазақстан облысында – 371 (11,1 %) орналасқан. Төлем
қабілетсіз кәсіпорындардың ең аз саны Ақтөбе облысында – 52 (1,5 %), Ақмола
облысында – 65 (1,9 %) және Қызылорда облысында – 87 (2,6 %) байқалады.
2004 жылы банкроттық үрдісіне барлығы 4863 кәсіпорын тартылған. Олардың
ішінде 3750 банкрот болған ұйымда тарату үрдісі жүргізіліп болған.
Банкроттық үрдісі 1113 ұйымда жалғастырылуда, оның ішінде 1082 кәсіпорын
жойылу кезеңінде, 31-і оңалту кезеңінде.
2004 жылы төлем қабілетсіз кәсіпорындарды қаржы – экономикалық сауықтыру
нәтижесінде бюджетке 2221,0 млн. теңге түсті. Әкімшілік шығындар құрамында
872,6 млн. теңге ағымдық төлемдер төленді. Есептік жылы 27849,3 млн.
теңгенің салықтық қарызы қайтарылып алынды.
Оңалту үрдісін өтіп жатқан 31 кәсіпорыннан және оңалту үрдісі аяқталған
ұйымдардан мерзімі өтіп кеткен 1933,1 млн. теңге кредиторлық қарыз
төленген.
2004 жылы оңалту үрдістерінің нәтижесінде бюджетке 1011,8 млн. теңге
түсті.
2004 жылы келесі кәсіпорындарда оңалту үрдісі нәтижелі аяқталды: Адал
ЖШС-гі, Курс ЖШС-гі (Оңтүстік Қазақстан облысы), Қызылордагилрогеология
АҚ-ы, Бейбарыс ЖШС-гі, Қызылордарисмаш АҚ-ы (Қызылорда облысы),
Автохозяйство ЖШС-гі (Ақмола облысы), Водоканал МҚК (Қостанай облысы),
Үштөбе тәжірибелік – механикалық зауыт АҚ-ы (Алматы облысы).
Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындардың төлем қабілеттілігі толық қалпына
келтірілді, оңалту үрдісінің мақсаты орындалды деп айтуға болады. Сондай-ақ
Алатау АҚ-ның (Алматы қаласы) және Бастау МҚК-нің (Оңтүстік Қазақстан
облысы) төлем қабілеттілігі қалпына келтіріліп, оңалту үрдісі аяқталып
келеді.
2004 жылдың басынан бастап, өздерінің төлем қабілеттілігін қалпына
келтіре алмаған 11 кәсіпорын банкроттыққа ұшырады. 2 стратегиялық маңызы
бар кәсіпорын бойынша: Водоканал АҚ-ында (Қарағанды облысы) және
Түркістанэнерго АҚ-ында (Оңтүстік Қазақстан облысы) Қазақстан
Республикасының Үкіметінің Қаулыларымен ерекше жағдайлар бекітіліп,
конкурстық массаны өткізу тәртібі бекітілді.
Кәсіпорындарды оңалтудың толық көлемде орындалмауына келесідей объективті
факторлар әсер етті:
- негізгі құралдардың тозуының жоғары деңгейі, шаруашылық қызметтің
зияндылығы, тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің төмен деңгейі,
тапсырыс берушілердің келісімдік міндеттемелерінің орындалмауы немесе
тоқтап қалуы;
- төлем қабілетсіз кәсіпорындардың тарифтік құрамдастарын ескермейтін
антимонополиялық заңдылық;
- өнімге сұраныстың, мемлекеттік тапсырыстың жоқтығынан өнімді
өткізудегі қиыншылықтар мен өндірістің ерекшеліктері;
- мемлекеттік сатып алулар бойынша істегі мемлекеттік заңдылық бойынша
оңалту үрдісінен өтетін кәсіпорынның тендерлерге қатыса алмау
ерекшеліктері.
2004жылы 4034,1 млн. теңгенің конкурстық массасы өткізілді. 533,6 млн.
теңгеге дебиторлық қарыз алынды. Оның үстіне, келесі реттік кәсіпорындардың
кредиторлық қарыздары қайтарылды:
- 1-ші кезектегі қарыз бойынша 318,9 млн. теңге (1-ші кезектегі
қарыздың 85,5 %);
- 2-ші кезектегі қарыз бойынша 1223,6 млн. теңге (2-ші кезектегі
қарыздың 78,5 %);
- бюджет алдындағы қарыз 989,4 млн. теңгеге өтелді (4,9 %).
Әлеуметтік кезектегі кредиторлық қарыздардың толық көлемде
қанағаттандырылмауына 2004 жылы таратылған 3750кәсіпорынның 3316-ның (88,4
%) іс жүзінде мүлкінің болмауы әсерін тигізді.
2004 жылы бюджет алдындағы қарыз төлемнің 2003 жылмен салыстырғанда
төмендеуі 01.04.2003 жылы қабылданған №316 Қазақстан Республикасының газ –
көлік саласы кәсіпорындарының конкурстық массасының ерекше жағдайлары және
өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметінің Жарғысымен 11
кәсіпорынның банкроттық үрдісінің өткізілуі ерекшеленуінен болды. Осы
кәсіпорындардың бюджет алдындағы жалпы кредиторлық қарызы 5859,7 млн.
теңгені құраған еді.
Ерекше жағдайлар мен өткізу ерекшеліктері газ – көлік жүйесі
кәсіпорындарының активтерінен қалыптасқан негізгі лоттың минималдық құны
бірінші және екінші кезектегі кредиторлық қарыздардың және әкімшілік
шығындардың жиынтық сомасынан аз болмауы керек.
2005 жылдың бірінші қаңтарына газ – көлік саласының 10 кәсіпорыны
бойынша: Жайық трансгаз АҚ-ның, Қостанай трансгаз АҚ-ның,
Қазақэнергоремонт, Уральсктрансгаз, Казахгаз, Алау - газ,
Ақтөбетрансгаз, Ақтаутрансгаз АҚ-дарының тарату процедуралары аяқталды.
Осы ретте бюджет алдындағы кредиторлық қарыз 4622,7 млн. теңге болды, бірақ
жоғарыда аталған кәсіпорындардың конкурстық массасы кредиторлық қарыздарын
жабуға толық түрде жеткен жоқ.
Жасалған талдаулар бойынша жыл сайын таратылған кәсіпорындар құрамында
мүлкі жоқ бос кәсіпорындардың үлесінің жылдан – жылға артып отырғанын
айта кету керек. 2002 жылы таратылған кәсіпорындар құрамында бос
кәсіпорындардың үлесі 46,5 % болса, 2003 жылы таратылған 3220 кәсіпорынның
81,9 %-ында мүлкі болған жоқ, бұл көрсеткіш 2004 жылы 3750 кәсіпорынның
88,4 %-ындай шамаға өзгерді.
Банкрот кәсіпорындарды тарату барысында конкурстық өндіріс бойынша
әкімшілік шығындардың 30 % ағымдағы салықтар түрінде бюджетке түсетінін
айта кету керек. 2004 жылы таратылған кәсіпорындар бойынша бұл шама 219,8
млн. теңгені құрады.
Банкроттық үрдістерін өткізу барысында 2004 жылы 27849,3 млн. теңгенің
қарызы алынып тасталды.
2005 жылдың 1 қаңтарына таратылу кезеңінде 1082 кәсіпорын тұр. Осы
банкрот кәсіпорындардағы азаматтар алдындағы 1-ші реттік кредиторлық
қарызды ағымдық төлеу 1432,5 млн. теңгені, құрады, яғни талап етілген
қарыздың 67 % орындалды.
Еңбек ақы мен өтемақыларды ағымдық төлеу 1345,8 млн. теңгені құрады
(талап етілгені 2700,7 млн. теңге, соның 49,8 % төленген).
Бюджет алдындағы қарыз 464,2 млн. теңге төленген, яғни талап етілген
қарыздың әзірге 1,5 % ғана орындалған.
2004 жылы конкурстық мерзімнен артық уақытқа конкурстық үрдісі созылған
кәсіпорындар саны 290 болып, алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайып отыр.
Олардың ішінде 21-інде конкурстық үрдіс үш жылдан астам мерзімге созылған,
20-ында конкурстық үрдіс екі жылдан артық уақытқа, 162-де бір жыл мен екі
жылдың арасында, ал 87-інде тоғыз айдан бір жылға дейінгі уақыт аралығында
болып қалып отыр.
Банкроттық үрдісінің созылып кетуінің келесідей себептері бар:
- борышкердің қатысуымен бірге соттық мерзімнің ұзақтығы;
- әлеуметтік кезектегі кредиторлық қарыздардың төлеу шешімдерінің
шешілмеуі;
- радиоактивті объектілердің ары қарай кімге берілу сұрақтары;
- мүліктің өтімділігі мен тозу жағдайы.
2005 жылдың 1 қаңтарына таратылған кәсіпорынның негізінде 1138 кәсіпорын
өндіріс қалыпына келтіріліп, 120979 адам жұмысқа орналастырылды, оның
ішінде 2004 жылы 124 ұйымда 5171 адам жұмысқа қайта алынды. Таратылған
кәсіпорындар негізінде өндірісін қалыпыеа келтірген ұйымдар бойынша
көрсеткіштер 3-кестеде көрсетіледі.
3-кесте
2005 жылдың 1 қаңтарына таратылған кәсіпорындар негізінде өндірісін
қалпына келтірген ұйымдардың Қазақстан Республикасының облыстары бойынша
даму көрсеткіштері.
№ Көрсеткіштер Таратылған Өндірісін қалпына Жұмыс
ұйымдар келтірген ұйымдар орындарымен
саны қамтамасыз етуі
1. Қарағанды облысы 2298 183 28746
2. Қостанай облысы 1334 98 9326
3. Павлодар облысы 1111 53 8667
4. Ақтөбе облысы 970 199 8123
5. Шығыс Қазақстан 814 115 5990
облысы
6. Алматы облысы 743 112 5970
7. Солтүстік Қазақстан 732 91 7505
облысы
8. Алматы қаласы 569 21 1412
9. Ақмола облысы 563 52 15434
10. Атырау облысы 556 19 893
11. Оңтүстік Қазақстан 452 63 6682
облысы
12. Астана қаласы 399 86 4557
13. Маңғыстау облысы 350 137 6913
14. Батыс Қазақстан 333 24 1098
облысы
15. Жамбыл облысы 331 34 7309
16. Қызылорда облысы 295 51 2354
Барлығы 11850 1338 120979

Ақтөбе облысы бойынша өндірісін қалпына келтірілген кәсіпорындар саны
(199 кәсіпорын) Қазақстан Республикасы бойынша ең бірінші орында, осында
8123 адам жұмыс тапқан, сосын Қарағанды облысында, бұл жерде 183 өндірістің
жұмысы қалпына келтіріліп, 28746 адам жұмысқа алынған.
2005 жылдың 1 қаңтарына 163 кәсіпорын бойынша жалған банкроттық үрдісін
қозғау фактісі анықталып, олардың істері сотта қаралуда.
Зерттеу бойынша Қазақстан Республикасындағы банкроттық үрдісінің
өткізілуін зерттей отырып, келесідей тұжырымдар жасалған:
1. Республика шеңберінде соңғы кезде банкроттық үрдісі арқылы өндірісін
қалпына келтірген кәсіпорындар саны жылдан – жылға артып отыр. Бұл
жерде банкроттық үрдісі экономиканы сауықтандыру құралы ретіндегі
қызметін орындап, ұлттық экономиканы дамытуға үлесін қосады.
2. Кәсіпорындарды жалған банкроттыққа ұшырату элементтері әлі де
экономикамызда кездесетініне қарамастан, соңғы жылдары осындай
фактілердің саны азайған.
3. Оңалту үрдісінен кейін өздерінің өндірістік қызметін жандандырған
кәсіпорындар саны артып келеді, осындай кәсіпорындарда ашылған
қосымша жұмыс орындары банкроттық үрдісін тартымды қылып көрсетеді.
4. Кредиторлық қарызды төлеуде даму байқалады.

1.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын диагностикалаудың тәсілдері.
Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді
болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу
мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін
қарастырамыз:
1. Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі.
2. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.
3. Төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау.
4. Қаржылық ағымның құйылуын талдау.
1. Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі.
Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика –
математикалық модельдеу қолданылуы мүмкін. Экономика – математикалық
модельдеу көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық процестердің дамуына
тигізетін факторлар әсеріне байланысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға
мүмкіндік береді. Экономика – математикалық модельдеудің қаржылық
болжамының ең тиімдісін алу үшін, ол эксперттік бағалау тәсілімен
толықтырылады, нәтижесінде қаржылық процестердің сандық мәндеріне түзетулер
жасауға мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорынның тұрақтылығын
болжау, оның қаржылық стратегиясын талдау, сонымен қатар, оның тәуекелдігін
анықтау және банкроттығын болжау үшін экономикалық – математикалық
модельдер қолданылады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі
американ экономисі Э. Альтман ұсынған Z модельдері.
Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып
табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі
бойынша банкроттықтың ықтималдылығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэффициенті
немесе ағымдағы өтімділік (КТЛ), яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін
сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэффициентіне байланысты болып табылады.
Эмперикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер коэффициенттердің салмақтық
мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол
да тәжірибелік – статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже (Z) теріс
болса, банкроттық ықтималдылық үлкен емес. Ал егер Z мәні оң болатын болса,
банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.
Америка тәжірибесінде мынандай коэффициенттердің салмақтық мәндері
қолданылады:
- жабу немесе ағымдағы өтімділік көрсеткіші үшін:
(КП) – (- 1,0736);
- баланстың пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының
көрсеткіші үшін:
(К3) – (+ 0,0579);
- тұрақты шама – (- 0,3877).
Бұдан Z есебінің формуласы мынандай болады:
Z = - 0,3877 + К * (- 1,0736) + К * 0,0579.
Мұнда:

Ағымдағы активтер
КТЛ – Ағымдағы өтімділік коэффициенті = ---------------------------
----- ;

Ағымдағы міндеттемелер

Заемдық қаражаттар

(міндеттемелер)
К3 – Қаржылық тәуелділік коэффициенті = ---------------------------
----- .

Көздердің жалпы көлемі

(баланс валютасы)
Z = 0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдылығы 50 %-ға тең.
Егер Z 0 болса, онда банкроттық ықтималдылығы 50 %-дан кем болады және Z
төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z 0 болса, онда
банкроттық ықтималдығы 50 %-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді.
Осы модельдердің ерекшелігі оның қарапайымдылығы, оның кәсіпорын
жағдайында ақпарат көлемі шектелген жағдайда қолданылу мүмкіндігі болып
табылады.
Бірақ берілген модель банкроттықты болжауда жоғары дәлдікті қамтамасыз
етпейді, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайына басқа маңызды көрсеткіштердің
(табыстылық активтерінің берілуі, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі)
әсерін есепке алмайды. Болжаудың қатесі екі факторлы модельдің көмегімен
мына аралықта бағаланады.
Z = + 0,65.
Отандық кәсіпорындар басқа жағдайларда жұмыс істейді, біздің елімізде
инфляция қарқыны макроэкономика және микроэкономика циклдері, сонымен қатар
өндірістің энергия, қаржы және еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі деңгейі,
салық ауыртпалығы басқаша болып келеді. Осыған байланысты бұл жоғарыда
көрсетілген коэффициентер мәнін біздің жағдайда ойламай бірден пайдалану
мүмкін емес. Бірақ модельдің өзін, басқа еліміздің нарығына сәйкес келетін
көрсеткіштермен алмастырып, отандық есеп және есеп беруде банкрот
кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпараттар толық болған жағдайда
қолдануға болар еді.
Нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде кәсіпорынның банкроттық
ықтималдылығын болжау үшін жай және айрықша акциялардың нарықтық құны,
қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын
балансының негізінде есептелген Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен
қолданылады. 1968 жылы ол болжудың бес факторлы моделін ұсынған. Осы
модельдерді жасаған кезде Э. Альтман өнеркәсіптің 66 кәсіпорынын қарап
тексерген. Оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы жақсы жұмыс істеген.
Ол мүмкін боламын банкроттықты болжау үшін ұтымды болып келетін 22 талдау
коэффициентін зерттеген. Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық
жағдайын, гүлденіп өсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра
отырып, олардың банкроттық ықтималдылығына байланысты дәрежесін және
салмақтық коэффициентін анықтап, бес негізгі көрсеткішті шығарған Э.
Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мына түрде
көрсетілген:
Z = 1,2 + К1 + 1,4 * К2 + 3,3 * К3 + 0,6 * К4 + 1,0 * К5.
Мұндағы: К1 - К5 келесі түрде есептелінеді:
Меншікті айналым қаражаттары
К1 = ----------------------------------- ----------- ;
Барлық активтер
Бөлінбеген табыс
К2 = ---------------------------- ;
Барлық активтер
Пайыз бен салық төлеуге дейінгі табыс
К3 = ----------------------------------- ------------------ ;
Барлық активтер
Меншікті капиталдың нарықтық бағасы
К4 = ----------------------------------- ------------------- ;
Қатыстырылған капитал
Өткізуден түскен табыс
К5 = ---------------------------------- .
Барлық активтер
Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э.
Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін
есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады. Бұл
кәсіпорындар арасында шек қоюға және болашақта (2 – 3 жыл) біреулердің
банкроттыққа ұшырап (Z 2,675 болғанда) және (Z 2,675 болғанда)
басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік
береді.
Кестеде Z – шотының мәні мен банкроттық ықтималдығы көрсетілген.
4-кесте
Банкроттықтың ықтималдылық дәрежесі
Z – шоттың мәні Банкроттықтың ықтималдылығы
1,81 және одан төмен өте жоғары
1,81-ден 2,70 дейін жоғары
2,71-ден 2,90 дейін мүмкіндік бар
3,0 және жоғары өте төмен

Статистикалық амал қауіпті аймақтың шекарасын анықтауға мүмкіндік береді.
Z 1,81 – банкроттықтың жоғары ықтималдық аймағы, Z 3,0 – банкроттықтың
төмен ықтималдығының аймағы және осыған сәйкес компанияның топтастыруын
жүргізу керек. Бір жылға нақты болжау дәлдігі 95% құрайды, ал екі жылға 83
%-ға дейін, бұл модельдің үлкен құндылығын көрсетеді. Бір кемшілігі сол,
оны өзінің акцияларын биржаларда бағалайтын ірі компанияларда ғана
қолдануға болады.
Басқа да белгілер мәлім болды, мысалы, Британ ғылымдары Тофлер мен Тншоу
1977 жылы төрт факторлы болжамдық модельді ұсынды. Сол жылы Э. Альтман
банкроттық ықтималдылығын 5 жыл бойы қадағалауға мүмкіндік беретін жеті
факторлы модельді жасады, оның дәлдігі 70 %-ға дейін болды. Бұл модель
келесі көрсеткіштерді қамтиды:
- активтердің рентабельділігі;
- пайданың динамикасы;
- несие бойынша пайыздарды жабу коэффициенті;
- комулятифті түсімділік;
- ағымдағы өтімділік коэффициенті;
- автономия коэффициенті;
- жиындық активтер.
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттың
жетіспеушілігі қиындық туғызады (сыртқы пайдаланушыларда жоқ аналитикалық
есептің мәліметтері қажет).
2. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.
Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында өздерінің
акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар
белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан өте жағымды, ал іс жүзінде
ақталмаған. Сондықтан аналитикалық шолумен, болжаумен және кеңес берумен
айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа компаниялар өздерінің
аналитикалық бағалауында белгілер жүйесін қолданады. Мысал ретінде аудит
практикасын талдап қорыту (Ұлыбритания) бойынша комитеттің ұсынысын
келтіруге болады. Бұл көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа динамикасының өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері
келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылықтардың болуы мүмкіндігін
көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен көрсеткіштер жатады.
Оған жататындар:
- негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;
- ұзақ мерзімді салымдардың көзі ретінде қысқа мерзімді заемдарды
шамадан тыс қолдану;
- мерзімі өткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің
өсуі;
- өтімділік коэффициентінің тұрақты төмен мәндері;
- айналым қаражаттарының аса тапшылығы;
- қаражаттар көзінің жалпы сомасындағы қарыздар үлесінің қауіпті
шектеріне дейін тұрақты өсуі;
- дұрыс емес қайта инвестициялау саясаты;
- инвесторлар, кредиторлар және акционерлер алдында міндеттемелерді
үнемі орындамау;
- дебиторлық борыштың жоғары үлес салмағы;
- нормадан тыс, жатып қалған тауарлар мен өндіріс қорларының болуы;
- банктік жүйедегі мекемелермен қатынасының нашарлауы;
- тиімсіз шарт бойынша жаңа қаржылық ресурстар көзін пайдалану
(мәжбүрлі);
- пайдалану мерзімі өтіп кеткен жабдықтарды өндіріс процесінде
қолдану;
- ұзақ мерзімді келісімдерді потенциалды жоғалту;
- тапсырыстар портфеліндегі жағымсыз өзгерулер.
Екінші топқа жағымсыз мәндері ағымдағы қаржылық жағдайды шекті жағдай
түрінде қарастыруға негізделмейтін белгілер мен көрсеткіштер кіреді. Оған
жататындар:
- басқару аппараттарының белді қызметкерлерінен айырылуы;
- мәжбүрлі тежеулер, сонымен қатар өндірістік техникалық
процестердің ырғақтылығының бұзылуы;
- кәсіпорынның активті түрі, жабдықтың типі, нақты бір жобадан
тәуелді болуы;
- жаңа жобаның табыстылығы мен сәтілігіне орынсыз сену;
- кәсіпорынның немен аяқталатыны белгісіз сот ісіне араласуы;
- тиімді контрагенттерді жоғалту;
- кәсіпорынды техникалық және технологиялық тұрақты жаңартудың
қажеттілігін дұрыс бағалау;
- тиімсіз ұзақ мерзімді келісімдер;
- кәсіпорынмен тікелей немесе оның бөлімшелерімен байланысты саяси
тәуекел.
Осы ұсыныстардың құндылықтарына жүйелілікті, мүмкін болатын банкроттық
тұрғысынан қарағанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді жолмен
түсінуді, кез келген кәсіпорынның ешқандай өзгертулерсіз қолдануына
болатындығын жатқызуға болады. Қаржылық есеп берулер мәліметтерінен басқа,
қосымша ақпарат қажет. Бұл белгілердің шекті мәні салалар бойынша
нақтыланады, ал оларды жасау тек қана анықталған статистикалық мәліметтер
жинағынан кейін жүргізіледі.
3. Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау.
Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде
кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың
белгілер жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы
қанағаттанарлықсыздай мемлекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық
– экономикалық сауықтырудың механизмі жайындағы Ережемен (Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 қыркүегіндегі №1002
қаулысымен бекітілген), сонымен қатар 1995 жылдың 12 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Экономика министрлігімен бекғітілген кәсіпорындардың
баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.
Осы Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті
жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі Төлем қабілеті жоқ
кәсіпорынның қаржылық жағдайын тереңдетіп талдау бойынша әдістемелік
ұсыныстар жасады, оны аталған мемлекттік органның директоры 1995 жылы 5
қазанда бекітті. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанарлықсыз
кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін бірдей
әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті. Баланстың құрылымының
қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде
жүргізіледі:
1. Ағымдағы өтімділік коэффиценті (жалпы жабу), ағымдағы активтердің
(баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең
табыстарын алып тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен
анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық
қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін
айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.
2. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті
айналым қаражаттарының (меншікті капитал минус ұзақ мерзімді
активтер = баланс пассивінің І бөлімі минус баланс активінің І
бөлімі), ағымдағы активтер құнына (баланс активінің ІІ бөлімі)
қатынасымен анықталады.
Кәсіпорынның баланс құрылымы қанағаттанарлықсыз, ал кәсіпорын төлем
қабілетсіз деуге негіз ретінде келесі талаптардың бірінің орындалуы шарт:
- есепті кезең соңындағы ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні
2,0-ден кем;
- есепті кезеңінің соңындағы меншіктік қаражаттармен қамтамасыз
етілу коэффициенті 0,1-ден кем.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоқ деп тану оның жағдайының
қанағаттанарлықсыздығын білдірмейді, яғни меншік иесіне азаматтық –
құқықтық жауапкершілік жүктемейді. Бұл тек мемлекеттік органдар анықтаған
қаржылық тұрақсыздық жағдайы, ол кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан өз
күшімен шығуын ынталандыру және қанағаттанарлықсыздықтың алдын алуға
бағытталған шараларды уақытында іске асыруға бағытталады.
Баланстың құрылымы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, кәсіпорынның төлем
қабілеттілігін нақты қалпына келтіре алу мүмкіндігін тексеру үшін 6 ай
мерзім ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру коэффициенті былай
есептеледі:
Ктл(к.г) + 6Т (Ктл(к.г) – Ктл(н.г))
Квп = ----------------------------------- ---
2

Мұндағы:
Ктл(к.г) – Ктл(н.г) – есептік кезеңнің басы мен аяғындағы өтімділік
коэффициентінің нақты мәні;
Т – есептік кезең.
Егер қалпына келтіру коэффициенті 1-ден кем болса, бұл кәсіпорынның 6 ай
ішінде төлем қабілеттілігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдағы жанжалдарды шешу жолдары
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу табиғаты
Дағдарыстың пайда болу табиғаты
Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау мәні және мазмұны
Кәсіпорынның дағдарыстан шығу жолдарын талдау
Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі
Конфликттік жағдай
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАР
Ұйымдағы дағдарыстардың пайда болуы және қауіптілігі. Антикризистік басқарудың рөлі және функциялары
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Пәндер