Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі.



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың теориялық негіздері.
1. 1 Кәсіпорында жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы ... ... ... . 4
1. 2 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
1. 3 Құрал . сайман шаруашылығын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
2 Оңтүстік Қазақстан Облысының тоқыма өндірісіндегі жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау.
2. 1 Тоқыма станогының құрылысы мен жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2. 2 Маталарды өңдеу процесіндегі пайда болатын ақауларды жөндеу графиктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
3 Жабдықтарды жөндеу және пайдалану.
3.1 Тоқыма машиналарын жөндеуді жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
3. 2 Тоқыма машиналарының жөндеу түрлері мен
Ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ІV Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

V Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бір-бірімен тығыз байланыста ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады.
Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы, ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру қажеттілігі туады.
Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады.
Жабдықтарға күтім жасау және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлы – сақтық жөндеу жұмыстарын жоспарлау кәсіпорынның техникалық өндірістік қаржысы жоспарлаудың негізгі бір бөлігі болып есептеледі.
1. Алтынбаев Б.А, Истаев А.А.
Основы маркетинга/Учебное пособие-А.,Экономика,2002
2. Есімжанова С.Р., Маркетинг/оқу құралы.- А.:Экономика, 2003
3. Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы.- А.: Экономика, 2002
4. Кнышова Е.Н., Маркетинг: Учебное пособие.- М.: Форум, 2004
5. Котлер Ф., Маркетинг негіздері, А.: «Жазушы»,2002
6. Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковашн Л.Н., Маркетинг- СПБ: П., 2002
7. Сатыбалдыұлы С., Маркетинг- нарықтану: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық- А.: «Білім», 1999
8. Шеденов ¬Ө.Қ., Жинісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория, А.-А., 2001
9. Саясат-№1,2002
10. «Халық кеңесі»-№72,1995
11. Ізденіс(Поиск)-№5,1998
12. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,1996.
13. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. - К.:Торгово-издательское бюро ВНУ, 1993.
14. Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: — К.: Торгово-издательское бюро ВНҮ, 1994.
15. Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 1995.
16. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 21.05.97 г., №7 /Бюллетень бухгалтера. 1997., №29.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі.
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың теориялық негіздері.
1. 1 Кәсіпорында жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы ... ... ... .
4
1. 2 Негізгі құралдарды жөндеудің
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1. 3 Құрал – сайман шаруашылығын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
2 Оңтүстік Қазақстан Облысының тоқыма өндірісіндегі жөндеу шаруашылығын
ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау.
2. 1 Тоқыма станогының құрылысы мен
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 15
2. 2 Маталарды өңдеу процесіндегі пайда болатын ақауларды жөндеу
графиктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3 Жабдықтарды жөндеу және пайдалану.
3.1 Тоқыма машиналарын жөндеуді
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 23
3. 2 Тоқыма машиналарының жөндеу түрлері мен
Ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

ІV
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .47

V Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .48

жұмыстың мақсаты:
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі
ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады.
Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып,
оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыруды мақсат
тұтады.

жұмыстың міндеті:
Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:
- негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын жүргізу;кәсіпорынның өзі дайындаған немесе
жаңадан сатып алынғаи құрал-жабдықтарын орнату;
- қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;
- қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау
жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау;
- жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау
жатады.

Кіріспе

Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына
келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бір-бірімен
тығыз байланыста ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды жөндеу және
техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады.
Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы,
ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау
барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет
істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру
қажеттілігі туады.
Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан
бұрын тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп
отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің
ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін
жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады.
Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала
жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін
толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады.
Жабдықтарға күтім жасау және жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлы –
сақтық жөндеу жұмыстарын жоспарлау кәсіпорынның техникалық өндірістік
қаржысы жоспарлаудың негізгі бір бөлігі болып есептеледі.

1 Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың теориялық негіздері.

1. 1 Кәсіпорында жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы.

Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсатына негізгі
өндірістік қорларды ұтымды пайдалану жатады. Жөндеу шаруашылығының негізгі
міндеттеріне:
• негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын жүргізу:
• кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынғаи құрал-
жабдықтарын орнату;
• қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;
• қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау
жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау;
• жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау
жатады.
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына бас механик бөлімі, жөндеу-
механикалық цехы, майлау және эмульсиялық шаруашылық, құрал-жабдықтар мен
бөлшек бөліктер қоймасы кіреді.
Цехтарда цех механиктері басқаратын цехтың жөндеу қызмет орындары
ұйымдастырылады.
Бас механик бөліміне құрал – жабдықтарды күтумен және
модернизациялаумен жөндеуге байланысты қажетті техниканың құжаттарын
дайындаумен айналысатын конструкторлық – технологиялық бөлім жұмыстарын
материалдармен қамтамасыз ететін және жөндеу жұмыстарын диспетчерлеу және
жоспарлаумен айналысатын жоспарлау – өндірістік бөлімі, кәсіпорында
жоспарлы ескерту жөндеу жұмыстарының жүйесін сақтауды бақылаумен және жалпы
басшылыққа алумен айналысатын жоспарлы-ескерту жөндеу бөлімдері кіреді.
Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы,
ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау
барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет
істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру
қажеттілігі туады.
Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына
келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бір-бірімен
тығыз байланыста ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды жөндеу және
техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады.
Техниканы жөндеу және негізгі қорларға қызмет көрсету жүйесінің
негізгі түріне құрал-жабдықтарды жоспар бойынша алдын - ала жөндеу жүйесі
жатады.
Құрал – жабдықтарды жоспарлы түрде алдын – ала жөндеу жүйесі құрал -
жабдықтарды жөндеу, бақылау, күтуге байланысты шаралар жиынтығын қамтиды.
Осы жүйенің құрамына құрал - жабдықтарды күту, жөндеуаралық қызмет көрсету,
мерзімді жөндеу операциялары кіреді. Құрал-жабдықтарды күту техникалық
қолдану ережелерін сақтау, жұмыс орнында еңбек тәртібін қолдау үшін сүрту,
майлау, жұмыстарын жургізу кіреді. Бұл жұмыстардың барлығы дерлік
өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.
Жөндеуаралық қызмет көрсету жұмыстары құрал-жабдықтардың күйін бақылау
үшін жұмысшылар оларды пайдалану тәртібін қадағалау арқылы мехаиизмдерді өз
уақытында реттеу, бұзылған ұсақ бөліктері мен бөлшектерін жөндеу жұмыстарын
жүргізіп отыруы тиіс. Мұндай жұмыстарды жөндеу қызметінің кезектегі
жұмысшылары орындайды. Олар құралдардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз
ету үшін түскі үзілісте немесе жұмыстан тыс уақытта тазалап, күтіп, сүртіп
және жөндеудің ұсақ түрлерін орындап отырады.
Агрегаттардың жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін орындалатын ағымдық
жөндеудің көлемі жағынан ең қарапайым түрі болып саналады. Оған машинаньң
жеке бөлшектері мен бөліктерін, түйіндерін қалпына келтіруге бағытталған
жөндеу, алмастыру және жинау жұмыстарын жатқызуға болады.
Орташа жөндеудің ағымдық жөндеуден айырмашылығы ауыстыруға арналған
бөлшектердің саны мен көлемінің көбірек болуы мен ерекшеленеді.
Күрделі жөндеуге агрегаттың кез - келген бөліктерін ауыстыра отырып толық
қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жатады.
Күрделі жөндеудің негізгі міндетіне құрал - жабдықты бастапқы қалпына
келтіру мақсатында оның техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету
және еңбек өнімділігін арттыру, құралдардың жұмыс істеу дәлдігінің
стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз ету саналады.
Алдын – ала жургізілетін жөндеу жұмыстары жөндеу циклыньщ ішінде
жөндеудің тек екі түрін, яғни ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын
жүргізуден тұрады. Мұндай кезде күрделі жөндеу құрал - жабдықтарды
модернизациялаумен қатар жүреді. Күрделі жөндеуді ұйымдастыруды орталықтан
жүргізу дәрежесіне қарай үш түрге бөлуге болады: орталықта жүргізу, жан-
жақта жүргізу және аралас жөндеу жұмыстары. Орталықта жүргізілетін жөндеу
жұмыстары бойынша жөндеудің барлық түрлерін жөн-деу-механикалық цехтар өз
күшімен жүргізеді, жан - жақта жүргізілетін жөндеу жұмыстары цех
механигінің басшылығымен цехтың жөндеу қызметтерініц көмегімен атқарылады.
Ал жөндеу жұмыстарын ұйымдастырудың аралас түрі орталықтандырылған және
орталықсыздандырылған жөндеу жұмыстарының әр түрлі комбинацияларына
негізделеді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жөндеу - механикалық цехы жүргізеді.
Алдын – ала жөндеу жұмыстарымен қатар кәсіпорындарда қалпына келтіру
жұмыстары да жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарын техникамен қамтамасыз ету. Алдын – ал жүргізілетін
жөндеу жұмыстар жүйесін енгізу алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуді
талап етеді. Оларға құралдардың топтамасын және олардың құжатын дайындау,
ауыстырылатын немесе қажетті запас бөліктердің қажетті шамасын анықтау,
құрал – жабдықтың түрі мен шамасына қарай альбомдар дайындау, запас
бөліктер мен түйіндерді сақтауды ұйымдастыру, құралдарды жөндеу жәпе оларға
қызмет көрсетуші өндірістік және жөндеу мамандарын қайта дайындау жұмыстары
жатады.
Құрал - жабдықтардың топтамасына техникалық қызмет көрсету инструкциясын
әзірлеу, жөндеу жұмыстарының типтік технологиясын дайындау, бірыңғай
ауыстыратын бөліктердің санын анықтау үшін оларды біркелкі белгісіне қарай
топтау кіреді.
Төлқұжаттаудың мазмұньна кәсіпорында қолданылатын еңбек құралдарының
толық техникалық сипаттамасын қалыптастыру жатады. Зауыттан шыққан әрбір
құрал - жабдықтың төлқұқжаты болады. Онда құрал-жабдықтардың техникалық
мәліметтері, ондағы өзгерістер, жұмыс тәртібі, жүктеу шегі, байқау нәтижесі
мен жөндеу тәртібі жөніндегі мәліметтер болады. Құрал – жабдықтың төлқұжаты
- оларды жөндеу және оған қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жоспарлауда
негізгі құжат болып саналады.
Өндірістік персоналдың және жөндеу жұмыстарын жүргізуші персоналдардың
инструкциясын дайындау және жөндеу жұмыстарының технологиясы құрал -
жабдықтарды жөндеу және олардың ұйымдастыру- техникалық деңгейін көтеруге
және кәсіпорындағы құрал - жабдықтарды тиімді пайдалануға көмектеседі.
Алдын ала жүргізілетін жөндеу жұмыстар жүйесі бойынша құрал-
жабдықтарды жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау белгілі бір нормативтерге
негізделеді. Соның нәтижесінде кәсіпорын және оның жеке бөлімшелерінде
жүргізілетін жөндеу жұмыстарының көлемі, оның кезектілігі бірыңғай
станоктардың тобы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімі анықталады. Бұл
нормативтер жүйесіне жөндеудің күрделілік категориясы, жөндеу бірліктері,
жөндеу циклының құрылымы мен ұзақтығы, жөндеу аралық және байқау аралық
мерзімдер ұзақтығы, жөндеу мерзімінің ұзақтығы кіреді. Сонымен қатар оған
құрал – жабдыққа қызмет көрсетудің жөндеу аралық нормативі, тез тозатын
бөліктер запасы мн запас бөліктер, материалдарды жұмсау нормативтері, де
жатады. Агрегат күрделі болған сайын оның күрделілік категориясы да жоғары
болады.
Мысалы, токарлық станоктың жөндеу күрделілік категориясы мына
формуламен анықталады:
Rт.с. = а (Кh + К1 + Кn) + С1 + С2,
мұнда,
а – станоктың конструктивті ерекшелігін сипаттайтын коэффициент;
Кh – центр биіктігін ескеретін коэффициент;
К1 – екі центрдің ара қашықтығын көрсететін коэффициент;
Кn – штиндельдің жылдамдығының сатылар сайын ескеретін коэффициент;
С1 – жеке механизмдердің жөндеу күрделілігі мен ерекшелігін құраушы;
С2 – гидро жүйенің жөндеу күрделілігін ескертетін құраушы.
Күрделілік категориясы құрал-жабдықтарды жөндеу ерекшелігінің сапалы
критерийі болып саналады.
Агрегаттардың жөндеу жұмыстарының сыйымдылығы жөндеу бірліктерімен
анықталады. Жөндеу бірлігін "ч" әрпімен белгілеу калыптасқан.
Күрделілік категориясы мен жөндеу бірлігі кез келген агрегат бойьшша
сәйкес келеді.
Жөндеу циклы дегеніміз барлық алдын ала бекітілген жөндеу және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын анықталған тәртіп бойынша құрал-
жабдықтардың ең төмен қайталанатын пайдалану мерзімін айтады.
Жөндеу аралық мерзім дегеніміз екі кезекті жоспарлы жөндеу арасындағы
құрал-жабдықтардың жұмыс істеу мерзімін көрсетеді.
Байқау аралық мерзім дегеніміз жоспар бойынша екі қатар келетін
кезекті жөндеу және байқау арасындағы құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімін
айтады.
Жөндеу мерзімі дегеніміз құрал-жабдықтың жөндеуде тұрған мерзімін
айтады.
Кәсіпорынның жөндеу қызметінің нәтижесін сипаттайтын негізгі техника –
экономикалық көрсеткіштерге құрал – жабдықтың әрбір түрін жөндеу және
техникалық – қызмет көрсетудің толық өзіндік құны мен еңбек сыйымдылығы,
жалпы жұмыскер санындағы жөндеуші персоналдың үлес салмағы, режимдік уакыт
қорындағы жөндеуде тұрған құрал-жабдықтың бос тұру уақытының пайызы, құрал-
жабдықтың біреуіне келетін қосымша материалдардың шығыны және тағы басқа
көрсеткіштер жатады.
Құрал-жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.
Өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құрал-
жабдықтарды жөндеу, оларға қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруды
жетілдіру қажет болады.
Оларды жетілдірудің негізгі жолдарына:
• құрал-жабдықтарды жөндеуді орталықтандыру және мамандандыру жатады.
Мысалы, станоктар, машиналар және механизмдерді күрделі жөндеуден
өткізу үшін мамандырылған зауыттардың өндірістік қуатын арттыру,
машина және механизмдерді дайындаушы кәсіпорындардың құрал-
жабдықтарды фирмалық жөндеуін әрі қарай дамыту;
• кәсіпорындарды орталықтандырылған түрде бөліктермен, болшектермен
жабдықтай отырып, олардың жөндеу және қайта жөндеу-жинау
жұмыстарымен айналысуына жағдай жасау:
• кәсіпорындарда құрал-жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық
қызмет көрсетуді орталықтандыру;
• жөндеу жұмыстарын жүргізуде озық үлгідегі әдістерді пайдалану және
механикаландыру жұмыстарын жургізу;
• машиналардын беріктілігін жоне үзак мерзім жұмыс істеуін арттыру
үшін жөндеу жұмыстарына қажеттілік және техникалық қызмет көрсету
көлемін қысқарту арқылы құрал-жаблықтың, машиналардың барлық
өмірлік циклын-да бір күрделі жөндеумен шектелуге мүмкіндік беру;
* жөндеуші мамандар жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру және
олардың біліктілігін көтеру және тағы басқа іс – шаралар кешені
жатады.

1.2 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі

Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір
уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір
бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құрал істен шығуы
мүмкін. Іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының
әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық
жағынан тоза бастаған кейбір негізгі қу-ралдарды да толығымен ауыстыруға
кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндігі болмай, пайдаланып жүруі мүмкін.
Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын
тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады.
Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына
қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін
жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады.
Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала
жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін
толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге
жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін,
өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни
негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни күрделі жөндеу үшін
шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып,
активтің болашақта табыс әкелуі көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың
бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан шығындар сомасы
ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.
Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса, бұл
шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.
Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы
жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса,
бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұйымдарға өзінің
негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен
келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай
ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізу мерзімі, жөндеу жұмысының
құны, есеп айырысу тәртібі және тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.
Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған
комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды
қабылдау барысында үлгілі түрі НҚ-2-ші Жөнделген, қайта құрылған және
жаңартылған объектілерді қабылдау - тапсыру актісі толтырылады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың
түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланысты
тиісті деректер жазылуы тиіс. Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар
ұйымның бухгалтериясында сақталады. Егер негізгі құралдарды жөндеу
мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі
құралдарды жендеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгілі түрі НҚ-2
Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру
актісі екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға
жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарды жөндеу
шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, онда
ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:
Аяқталмаған құрылыс;
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар;
Жалпы және әкімшілік шығындар;
Негізгі құралдарды жөндеу үстеме шығындары деп аталатын шоттардың
тиістілерінің дебитіне, ал мына төмендегі:
Материалдар;
Бюджетпен есеп айырысу;
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің несиелік борышы;
Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу;
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу;
Басқадай несиелік борышпен есептеулер деп аталатын шоттың тиістілерінің
кредитіне жазылады.
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды
өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни
қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын (резервтер)
құруларына болады. Әсіресе жөндеу қорын (резервті) құру маусыммен жұмыс
істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның
бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы
жасалады.

1. 3 Құрал – сайман шаруашылығын ұйымдастыру.

Өнеркәсіптік өнім өндіру кезінде құрал – саймандар, жабдықтар және
тағы басқа көптеген технологиялық құралдар кеңінен пайдаланылады.
Кәсіпорында көп бөлшекті, конструкциясы күрделі бұйымдарды өндіру үшін
мыңдаған типтік размерлі құрал-саймандарды қолданады. Технологиялық
жабдықтардың сапасына, оларға қойылатын талаптарға байланысты өндірілетін
өнімніц техникалық деңгейі, өндірістің тиімділігі анықталады.
Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығы өндірісті технологиялық
жабдықтармен қамтамасыз ету, оны сақтау, қолдану және жөндеу жұмыстарын
жүргізуді басқару үшін бір жерге орталықтандырады. Құрал-сайман
шаруашылығыньщ негізгі міндеттеріне кәсіпорынның жабдықтарға қажеттілігін
анықтау, құралдарды пайдадануды және оларды қолдану кезінде техникалық
бақылауды ұйымдастыру, құрал-сайман шаруашылығын жетілді-ру шараларын
дайындау жатады.
Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығының құрамына құрал-сайман бөлімі,
технологиялық жабдықтарды дайындау цехтары, орталық құрал-сайман қоймасы,
цехтың құрал-сайман тарату қоймалары, құрал-саймандарды қайрау, жөндеу
шеберханалары кіреді. Өндірістік цехтарда құрал-саймандар мен қызмет
көрестуді ұйымдастырумен құрал-сайман шаруашылығы айналысады.
Қолданылатын құралдардың әр түрлілігін ескере отырып, өндірісте оларды
дайындауды және қолдануды болжау үшін оның нақты жіктемесі жасалып,
индекстелуі қажет. Жабдықтарды жіктеу негізінде өндірістік-техникалық және
конструкциялық белгілері бойынша оның топтамасы жасалады. Кәсіпорында
толығымен қолданылытын құрал-саймандарды пайдалану сипаты бойынша арнайы
және стандартты болып бөлінеді. Арнайы құрал ретінде нақты операцияда
белгілі бұйымды өндіруге ғана қолданылатын құрал-саймандарды айтады. Оны
тұтынатын кәсіпорындардың өздері дайындайды. Стандартты деп әр түрлі
бөлшектерді өңдеу үшін қолданылатун құрал – саймандарды айтады. Олар құрал
– сайман шығаратын зауыттарда өндіріледі. Құрал саймандар атқарылатын
қызметтеріне қарай бақылау – өлшеуші, технологиялық жабдықтар болып
бөлінеді.
Құрал – саймандар, мысалы, темір өңдеуші құралдар бойынша мынадай
топтарға бөлінеді: кесуші, өлшеуші, монтаждау, қосалқы құралдар және т.б.
Олардың әрқайсысы мысалы, кесу құралдарының класы сияқты топтарға
бөлінеді. Кіші класстар өз кезегінде топтарға, топтар кіші топтарға, кіші
топтар түрлерге, соңғылары тағы басқа түрлерге болінеді.
Құрал-жабдықтарға деген кәсіпорынның қажеттілігін анықтау үшін
бағдарламаға сәйкес құрал-жабдықтардың шығындарын анықтау, кәсіпорынның
қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін құрал-жабдықтардың қорларын есептеу,
өндірісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарын құру қажет болалы.
Кәсіпорынның құралдарға қажеттілігін жұмсау және айналым қорларынан
құралады. Жұмсау қорлары деп ондірістік бағдарламада қарастырылғандай,
өнімдерді дайындау үрдісінде толық пайдаланылатын құралдарды айтады. Олар
кұрал-саймандардың жұмсау мөлшері бойынша ссептеледі. Соңғылары өндіріс
түріне, құралды қолдану ерекшеліктеріне, оны пайдалану шарттарына
байланысты әр түрлі әдістермен анықталады. Сондай-ақ, сериялық және жаппай
өндірісте бөлшек бойынша мөлшерлер, ал біртекті және ұсақ сериялы өндірісте
іріленген жұмсау мөлшерлері қолданылады.
Біртекті және аз сериялы өндіріс шартында кесуші құралдардың жұмсау
мөлшері машина уақытындағы берілген құралдың үлестік қатысуынан, олардың
жұмысыныц 100 және 1000 сағатына бір типті станок тобының шегінде тығыз әр
құралдың түрі бойынша бекітіледі.
Оны мына формула бойынша есептеуге болады:
n = tчКм.ш.Кд Тбұйым
мұнда:
n — жұмсау мөлшері есептелінетін құрал-жабдық жұмысына (tч) қажет
кесуші құралдың жұмсау мөлшері, сағат;
Км.ш.- берілген құрал тобы үшін бір даналық уақыттың машиналық уақытқа
қатынасын сипаттайтын коэффициеинт;
Кд - жалпы машиналық жұмыстағы құралдың түрінің үлестік қатысу
коэффициенті;
Км.ш. - өндіріс түрі мен құрал-жабдықтардың түріне байланысты болады,
бұл коэффициент жеке өндірісте ол 0,4 - 0,6 ал аз немесе ұсақ сериялы
өндірісте 0,7 - 0,8-ге тең болады.
Кәсіпорынның өздері шығаратын жеке мөлшерлерімен қатар, машина жасау
зауыты 100, 1000 бөліктерге құралдардың салалық жұмсау мөлшерін кең
қолданады, жұмсау мөлшерін қолдана және жоспарлы жылы берілген құрал-
жабдықтың тобының жалпы жұмыс уақытын біле отырып, кесуші құралдардың
түрлері бойынша жұмсау қорындағы жалпы қажеттілікті анықтайды.
Берілген әдістеме бойынша тек қана жұмсау мөлшерін ғана емес сонымен
қатар құралға қажеттілікті де есептеуге болады. Өлшеуіш құралдардың шығыны
олардың қолданылу жиілігі және тозуына байланысты болады. Бағдарлама
бойынша өлшеуіш құралдарға қажеттілікті анықтау үшін мына формула
қолданылады:
n = NZк αZқ. тозу (1 - Ка)
мүнда:
n - бағдарламаға сәйкес өлшеу құралдарының шығыны, дана;
Zк - бір бөлікке өлшеу мөлшері (саны);
α - бөлікті қамту деңгейін бақылауды сипаттайтын коэффициент;
N - бөліктер санын өлшеу үшін қолданылатын құрал;
Zқ. тозу - толық тозуға дейін өлшеу санымен көрсетілген құралдардың
тозу тұрақтылығы;
Ка - өлшеу құралының кездейсоқ азаю козффициенті.
Жұмсау қорларымен қатар жабдықтардың айналым қорлары есептеледі, яғни
өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оның минималды қажетті көлемі
анықталады.
Айналым қоры цехтардағы пайдалану қорлары және орталық құрал-сайман
қоймаларындағы запастар жиынтығынан тұрады.
Орталық құрал-сайман қорларында (ОҚҚ) технологиялық құрал-саймандардың
қорларын реттеу және қалыптастыру негізін максимум-минимум жүйесі құрайды.
Ол ОҚҚ-дағы құрал-саймандардың әр түріне максимум-минимум қорларының
мөлшерлері бекітіліп, сәйкес болуы керек. "Максимум-минимум" жүйесі құрал-
сайман запастары-ағымдық және сақтандыру деп 2-ге бөлінеді. Ағымдағы запас-
өндірісті құрал-саймандармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Көрсетілген кезең аралығында ағымдағы қор мөлшері қатысты өзгеріп отырады,
яғни тапсырыс берілген құрал-сайман партиясының түсу кезіндегі максимумнан
келесі партияның түсу кезеңіне дейін өзгереді.
Сақтандыру қоры — құралдардың тұрақты түсуінде тоқтап қалу немесе
үзіліс пайда болған жағдайда өндіріс жұмысының ырғақтылығын қамтамасыз
етуге арналған. Сақтандыру қоры әрқашан қоймада болуы керек, сондықтан ол
өндірісті құрал – сайманмен қамтамасыз ету үшін қажетті минималды қорды
білдіреді.
Минималды сақтандыру қоры (Зmin) нақты құралдарға орташа күндік
қажеттілігін (Нк), оның кезекті партиясын тез дайындау күндеріне (Торт)
көбейту арқылы есептеледі.
Зmin = Н к х Торт
Максималды запасқа тоқталсақ, онда ол ағымдағы запасты тұрақты жаңарту
шарты үшін есептеледі және мына формула бойьшша анықталады:
Зmax = Н күн х Тн + Зmin

мұнда:
Тн - құрал-саймандарды қалыпты жағдайда дайындау және сатып алудың
қойманы олардың келесі партиясымен жабдықтау кезеңінің ұзақтығы, тәулік
(күн).
Құрал-сайман запастары қорларын нормативті деңгейде қамтамасыз ету
немесе ұстау үшін минималдыдан әрқашан төмен болатындай тапсырыс берудің
жаңа жүйесі қажет.
Ол үшін тапсырыс беру нүктесі бекітіледі, яғни саймандардың кезекті
партиясын сатып алуына немесе дайындауында тапсырыс берілетін құрал қорының
мөлшері. Тапсырыс нүктесінің шамасы мына формуламен анықталады:
Зm.p = Зmin + Нкүн х Т тол
мұнда:
Т тол - қорды толтыру кезеңі (тапсырыс беру сәтінен қоймаға тапсырыс
партиясының түсуіне дейін), күн.
Өндірісті құрал-саймандармен қамтамасыз ету жоспарын құру келесі
бөлімдер бойынша жүргізіледі:
1. Өндірістің құрал-сайманға қажеттілігін анықтау;
2. Жаңа өндірісті қамтамасыз ету;
3. Цехтың айналым қорларының өзгеруі;
4. ОҚҚ қорларының өзгеруі;
5. Шетке құрал – саймандарды дайындау.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда құрал - саймандарды ұйымдастыруды
жетілдіру кәсіпорынның тиімділігін арттырудыц негізгі көзі болып саналады.
Мысалы, оларға:
- ең бірінші, стандарттық құрал - сайман өндірісінің орталықтандыруы және

мамандануы;
- арнайы жабдықтардың унификациясы және стандартизациясы;
- кәсіпорында технологиялық жабдықтарды қайта құру немесе қалпына
келтіру бойынша жұмыстарды кеңейту;
- жұмыс орындарын жабдықтармен қамтамасыз ету эдістерін жэне
прогрессивті жүйелерді қолдануды кецейіу;
- технологиялық жабдықтарды және құралдардың арнайы қоймаларын құру,
қоймалық операцияларды автоматтандыру негізінде құрал - сайман
қоймаларының жұмыстық жүйесін құру;
- оперативті - өндірістік жоспарлаудың алдыңғы қатарлы жүйелерінің және
құрал - сайманмен қызмет көрсетуді ұйымдастыруына есептің кең
енгізіліуі;
- технологиялық жабдықтардың жағдайына және оның эксплуатациясының
ережелерінің сақталуын қадағалау және бақылауды жүзеге асыру.
- құрал-саймандармен қызмет көрсету жүйесін енгізу арқылы оларды
бақылауды іске асыру және т.б. шаралар жатады.

2 Оңтүстік Қазақстан Облысының тоқыма өндірісіндегі жөндеу шаруашылығын
ұйымдастырудың қазіргі жағдайын талдау.

2. 1 Тоқыма станогының құрылысы мен жұмысы.

Тоқыма станогының схемасы . Ұршықтан (1) келетін негіз скалоны
(2) айналып өтіп ламель (3), ремизкалардың галевтерінің тесіктері (4),
батанға (8) бекітілген бердо тістерінің (5) арасы мен өтеді. Дайын мата
станоктың алдыңғы бел темірін (грудница) (11) айналып өтіп товар
реттеуіштің (9) көмегімен товар білігіне (10) оралады. Негіз үнемі
керілген күйде тұрады. Шыт, без, полотно сияқты маталарға керек қарапайым
тоқыма өрнектерін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің
барлық жұп, екіншісіне барлық, тақ жіптері өткізіледі. Егер тоқыма
станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі бір ремизка төмен түссе,
негіздің барлық жіптері жылжиды да шөл-нек- өтетін тоқығыш саңылау
тудырады.
Тоқыма өрнектерін жасаған кезде ремизкалар саңылау тудыратын
эксцентрикті механизмнің көмегімен көтеріліп — түседі. Механизмге басқыш,
(12) және эксцентрик (13) кіреді. Иінді білік бастаушы арқылы батан (8) мен
оған бекітілген бердті (5) қозғалысқа келтіреді. Ортасында арқаулық шпулі
бар шөлшек (6) қуғыштың (7) ұрғанынан саңылауға сүңгіп кетіп арқау жіпті
өткізеді. Батанның тербелмелі қозғалысы бердтің көмегімен арқау жіпті
матаның жиегіне қарай нықтайды. Сонан соң ремиз өз жағдайын өзгертеді де,
саңылау қайта пайда болады. Шөлнек қайтадан жүріп тағы бір жаңа арқау жіпті
өткізіп, батанның тербелмелі қозғалысы осылай қайталана береді. Негіз
жәйлап тарқатылады да, тоқылған мата береді. Негіз жәйлап тарқатылады да,
тоқылған мата товар білігіне орала береді.
Товарлы реттеуіш жылжытып тұратын матаның қозғалу жылдамдығына оның
тығыздығы байланысты: жылдамдық ұлғайған сайын матаның тығыздығы кемиді.

Тоқыма станогы кұрылысының схемасы

Мата— жіптер жүйесін өзара көлденең — тік айқастырудан туған
тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе, немесе негіз
дейді. Матаға көлденең түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау дейді.
Негіз бен арқаудың тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі.
Негізгі тоқыма өндірісіне дайындау үшін мынандай операциялар
жүргізіледі: жіпті қайта түсіру (орау), арқаушыбыққа орау, шлихта жасау,
ремиз бен бердоға теру. Собықтан немесе орамадан бобинаға жіпті қайта
түсіру жіп түсіретін машинада істеледі, ол иірілген жіптің ақауын түзетіп,
ұзындығын арттыру үшін жасалады.
Сновка — иірілген жіпті көптеген бобиналардан бір арқаушыбық білтікке
немесе тоқыма ұршыққа қайта түсіру. Жіптердің керекті саны алынады да,
олардың ұшы тоқыма ұршыққа бекітіліп, бір-біріне қатарласа оралады. Бұдан
негіз шығады. Жұқа жібек маталарды жасау үшін негізге 9000-ға дейін, одан
да көп қатарланған жіптер кетеді.
Шлихталау — яғни негізге желім жүргізу — негіз
жібінің мықтылығын, иілгіштігін, тегістігін арттыру үшін; негізді белгілі
бір құраммен (шлихта) сіңіреді, себебі негіз тоқыма станогында қатты
керіледі, ремизге, бердоға және өзі де өзіне үйкеледі.
'
Шлихтаның құрамына ұн, крахмал, глицерин, т. б. кіреді. Қазіргі кезде
шлихтадағы тағам өнімдерін полиакриламид, натрий силикозы сияқты химиялық,
заттармен алмастырады.

Негізді ремиз бен бердоға теру қолмен жүргізіледі.
Ремизка дегеніміз екі таяқша, ортасында негіздің жіптерін өткізетін
тесіктері бар галевтер орналасқан.
Мата шығарғанда ремизкалар саны әрқалай болады, ол тоқыма өрнегіне
байланысты. Тиісті тоқыма өрнегіне сәйкес алдымен ремизге содан соң бердоға
өтеді.
Бердо — екі жағы тұйық жалпақ пластинкалардан жасалған металл тарақ.
Сонымен қатар негіздің әр жібі 1 ламельдің тесігіне киіледі. Ламель жіп
үзілген жағдайда станокты автоматты түрде тоқтатады.
;
Арқауды дайындау — иірілген жіп пен жіптерді собықтан, орамадан немесе
бобинадан арнайы арқаулық ағашшпульге түсіру.

2. 2 Маталарды өңдеу процесіндегі пайда болатын ақауларды жөндеу графиктері

Жылдық жөндеу графигі былай жасалады:
Соңғы рет күрделі жөндеу 2000 жылдың тамыз айында жүргізілген.
Циклдық ұзақтығы 1 жыл, бір күрделі жөндеуге – 1, 365 күн, тәулік қажет
болады.
Ағымдағы жөндеулер аралығындағы мерзім 6 ай болады – 0, 581 тәулік.
Техникалық қарауға бір жылға 3,30 тәулік ажыратылған. Себебі: 2002
жылғы график бойынша күрделі жөндеу 1 рет, ағымдағы жөндеу 1 рет, онда 10
ай болады. Сол үшін 3,30: 10 = 0,33 тәулік.
Жыл Айлар Ескерту
1 2
1 2 3 4 5 6
1 2 3 4 5 6 7
1 Жинақтал 4 1 Біліктің қисық Подшиптің
ған білік отырғызылуынан корпусын
пайда болатын дұрыстап
подшипниктің 50 орнатып, оны
градустан жоғарыреттеу.
қызуы.
2 Электр 2 2 Тиегіштің Нұсқауға сәйкес
қозғағыш нормадан тыс 45 көлемінде
жүктелуінің массаны жүктеу
себебінен электрбіліктің оғына
қозғағыштың дейін.
қызуы.
3 Корпустың 4 3 Қақпақтан Корпусқа
люгі, қақпағы винттің шығып қақпақты
кетуі. винттармен
тығыздап қатыру

Шитті – мақта тазалағыштарды жөндеу бойынша атқарылатын жұмыстардың
тізімі.
Техникалық жабдықтарды қарап шығу барысында олардың жағдайы, жұмысқа
дайындығы тексеріледі, жоғарғы және төменгі люктерді, тиегішті жуу
құрылғысы, тиегіштің торабын, тиегіштің жетегін сақтандыру, қоршауы
желінетін қақпақта құраушы орамдарды майлайтын құрылғыларды, олардың ішінде
май бар – жоғын тексеру.
Ағымдағы жөндеу кезінде егер қажет болса орындалатын жұмыстар:
шестернаның щеткаларын алмастыру, құлақтарды, қазықшаларды туралау, майлау
құрылғыларын жөндеу, оларды майлау материалдарымен толықтыру.

Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және станок механизмдері
бұзылғанда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымдарының сортына
әсерін тигізеді. Тігін бұйымдарының көзге көрінетін детальдарында тоқыма
ақауларының болуы олардың сортының төмендеуіне немесе жарамсыз болуына әкеп
соғады, сондықтан бұйымды пішкенде ақаусыз матаны пайдалануға тырысады.
Ақаулы маталарға төмендегілер жатады:
Жуықтама — негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;
Өткінші аралық — арқаудың бір немесе қатарынан екі жібінің
жетіспеуі;
Негіздің шала өңделгені — негіз кейбір жерлерде матаның бетінде жатыр,
арқаумен айқаспаған;
Сүңгіме — арқау жіп кейбір жерлерде матаның бетінде жатыр, негізбен
айқаспаған;
Кем тоқылғаны— арқау жағынан сирек жерлер;
Жаншыма арқау жағынан тығыз жерлер;
Жіптің түйіні — арқаумен дұрыс айқаспағандықтан негізгі жіптің кемінде
үшеуінің үзіліп кеткендігінен болады;
Жыртығы, ойығы, тіліндісі — тоқыма станоктың бөлшектерінің кінәсінен
болған көлемі әрқалай тесіктер;
Былғану мен май дақтары — матаға немқұрайлы қарағандықтан және тоқыма
станогын шылқылдата майлағандықтан болады;
Түрлі арқау — ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма
станогына арқау орнына пайдаланғанда шығатын жолақ;
Тоқыма өрнегінің ауытқуы (бурмалануы) — суретте кейбір жерлерде
тағайындалған суретке сәйкес келмейді.
Тігін бұйымдарының сортын анықтағанда тоқыған ақауын есептеу
матаның талшықтың құрамы мен бұйымының қандай мақсатқа жұмсалатындығына
байланысты жүргізіледі.
Станоктың алынған, өңделмеген матадан (шуда жіп) дайын мата алу үшін
жүргізілген физико - химиялық және механикалық процестердің жиынтығын
матаны өңдеу деп атайды.
Матаны өңдеудің мақсаты — олардың қасиетін жақсарту, адам қызығатындай
товарлық түр беру. Өңдеу жүргізгенде мата жасалған талшықтардың химиялық
құрамын ескереді.
Қой жүнінің сан түрлі сорттарымен тайталаста жылулығы жағынан тең
түсетін, ал мықтылығы жағынан басым тұратын түйе жүні мен ешкінің түбіті
бүгінгі күні тұтынушысына өз бағасын танытты. Алуан түрлі, ою - өрнектер
оюланып немесе сырылып жасалған текемет пен сырмақ құлпырған өрнектері
көздің жауын алатын кілем, алаша, т.б. жүннен жасалатын бұйымдардың
жылулығына сыртқы әсемдігі сәйкес келіп тұр. Әрі әсем, әрі сапалы да мықты
бұйым шығу үшін алғашқы шикізат - жүннің сапасы ерекше орын алады. Сапалы
бұйым шығуы үшін жүн өңдеуде қандай процестерге қай кезден бастап көңіл
бөлген жөн.
Тоқымашылардың айтуынша, жүн біркелкі шебер иірілуі керек.
Түтіп, иірушілердің айтуынша, жүннің таза қырқылып, ретретімен дұрыс
сұрыпталуы керек. Қой қырқатын жердің талапқа сай болып, жүнге қоқым
араласпауы, қой терісінің қырқындысы болмауы, маусымдық қырқым дер кезінде
өткізілуі тиіс.
Қырықтықшылардың айтуынша, қойды жабағы жүні көтеріліп, астынан жаңа
өскін пайда бола бастаған кезде қырыққан дұрыс. Қоңды малдың жүні уақытында
біркелкі көтеріліп, қырқуға ыңғайлы келеді. Арық малдың жүні керісінше,
сабалақтанып, өскін жүндері жетілмей, жабағы көтерілмей қалады.
Маманның айтуынша, жүн сапасы алдымен малдың күтіміне байланысты.
Малдың күтімі талапқа сай болмаса, одан сапалы өнім күту мүмкін емес.
Сондықтан мал күтіміне — азық құрамына, уақтылы суарылып, серуендетілуіне
көңіл бөлінгені жөн. Тіпті іштегі төлдің дұрыс жетілуі де тікелей енесінің
күтіміне байланысты. Ал жаңа туған төлдің шаранасын кептіріп, уызына
тойдыру да келешекте одан сапалы өнім алудың басты кепілі.
Ғалымның айтуынша, жүн сапасы, одан жасалған бұйымның сәнді болып,
талғампаз қауымның көңілінен шығуы үшін өте қажет бір - нәрсе — оның табиғи
түсі, жылтырлығы. Бұл, ең алдымен, қой тұқымына байланысты. Ал керісінше,
өнім сапасына нұқсан келтіретін жайт — сапасы әр түрлі жүннің араласып
кетуі. Кейде осындай себептермен жүнді амалсыздан бояуға мәжбүр болады.
Сондықтан жүннен қалаған бұйымын жасарда шикізат күтіміне көңіл бөліп, ал
бояғанда қажет заттың ерекшелігіне орай бояуды талғаммен, керекті жерінде
табиғи түстің өзін де пайдалана білген жөн.
Жүн дұрыс сұрыпталмаған жағдайда (боз, ақ-қарасы араласып кеткенде)
оны міндетті түрде күңгірт бояулармен бояуға тура келеді. Жүннің, тұрмыстық
қажеттіліктен гөрі ғылымда дәлелденген тиімді әрі адам деңсаулығына пайдалы
әсерлерін де айта кеткен жөн. Оны ғалымдар былай тұжырымдайды: жүн жылуды
жақсы сақтайды, сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді; жіңішкелігі мен
көлемі бірдей басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің салмағы жеңіл; жүн
талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді; жүннің күн көзінің ультракүлгін
сәулесін өткізетін ерекшелігі де бар; жүн бояуды жақсы алады әрі басқа
талшықтардай көп оңбайды; жүннің әр түрлі шуды және тербелістерді
төмендететін қасиеті де бар.
Жүнді сақтау жөнінде ғалымдар мынаған ерекше көңіл бөлу керектігін
айтады. Биязы жүннің ылғал тартқыштығы қылшық жүңдікінен артық. Сондай-ақ
бос жүн қапқа салып нығыздалған жүнге қарағанда ылғалды көп тартады.
Әсіресе, жуылмаған жүннің шектен тыс ылғалданып кетуі жүнді шірітетін
микроорганизмдердің кебеюіне қолайлы орта болып саналады. Сондықтан жүнді
ұзақ уақыт сақтау керек болса немесе киіз, алаша, кілемге арналған жүн
керекті мөлшерге жеткізілгенше оларды фанерь жәшіктерге немесе қағаз
қаптарға нығыздап салып, арасына Молемор, Дезмоль, Анти-моль,
Фоксид препараттары қойылады. Мұндай жүнді пайдаланар алдында ашық
күндері аула ішінде керілген жіпке іліп жайып, ара-арасын қопсыта қозғай
отырып иісін кетіруге болады. Сонымен қатар жүн сақталатын бөлменің есік-
терезесін ашып, міндетті түрде желдетіп тұру керек.
Тоғытылып қырқылған қойдың жүнін жумаса да болады. Себебі жуылып
кептірілген жүннің түтілуі қиындай түседі. Ең ыңғайлысы ағаш сабы бар
қалақшаға бекітіліп жасалған жүн тарайтын темір тісті арнайы тарақ.
Сабалған жабағы жүнді осы тарақпен немесе қолмен іртігін әбден жаза отырып
түтеді. Түтілген жүн керегінше шүйкеленіп, иіріледі. Әр бұйымның қолданылу
ерекшелігіне байланысты, мәселен, алашаға арналған жіп кілем жібіне
қарағанда ширақ (пысықтау), ал кілем жібі алаша жібінен жуандау әрі бос
иіріледі.
Келептеліп боялғаннан кейін бір тінмен домалаққа төгілген жіп (кілемге
арналған) сол күйінде түк шалуға пайдаланылады. Алашаға иірілген екі тінді
біріктіріп ширатып, домалаққа төгеді. Мұнда да иірілген жіп келептеліп,
боялады. Жалпы келептеу, бояп кептіру, қайтадан домалаққа төгу екі бұйымға
ортақ жағдай.
Киім-кешекке арналған жүн мен түбіттің иірілуі өзгеше. Түбіт иіруге
арнайы жеңіл ұршық керек. Өйткені иіру үстінде түбіттің жіңішке, нәзік
талшықтары ұршық ауыр болса салмағын көтере алмай үзіле беретін бола-ды.
Киім-кешекке арналған жүнді қылшығынан, шудасынан арылтып, бөлек түтіп,
шүйкелейді. Ал бұл мақсаттағы жүн алаша жібіне қарағанда жіңіш-керек әрі
бос иіріледі. Ширатылмаған жіпті екі тіндеп бос домалақтаса тоқы-ма киімге
салынған өрнектер сәнді көрінеді әрі жүн түбіті шығып, жылы болады.
Қылшық жүндер мен ешкінің қылынан, түйенің шудасынан алашаға арқау,
күзу жіптерін иіреді. Бұларды пысықтау иіріп, екі тіндеп ширатады. Сондай-
ақ шуда жіп иіріп, алаша енін құрастыруға, тігілген алашаның басын шалуға,
текемет, сырмақ құрастыруға, жиек бастыруға пайдаланады. Кілемнің желі
жібіне де осындай жіп пайдаланылады.

3 Жабдықтарды жөндеу және пайдалану.

3.1 Тоқыма машиналарын жөндеуді жоспарлау

Жөндеу графигі. Жөндеу графигін құрамас бұрын, жалпы және орташа
жөндеу мөлщерін есептеу керек, ал сонан соң күнделікті жұмыс күнінде
қаншалықты машиналардың толық және орташа жөндеуде болатынын анықтайды.
Жөндеу санын есептеу үшін жылына орналастырылған және толтырылған әр
түрдегі машиналардың жоспарлаудағы мөлшерін және құрылғының жұмыс
ауысымындағы санын білу қажет.
Толық және орташа жөндеудегі машина түрлерінің периодтылығын біле
отырып, жөндеу санын былай есептейді:
nт = 12ni (97)
nо = n(12i – 12i), (98)

Мұндағы, n,n – осыған сәйкес толық және орташа жөндеу, N -өндірістегі
берілген машина түрінің саны, іT, іO - толық және орташа жөндеудің
периодтылығы.
Берілген түрдегі машиналардың саны, толық (bт) және (bо) жөндеу
күнделікті жұмыс кезінде мына формуламен анықталады
Bk = nT m
Bo=nom

Мұндағы, m – бір жыл ішіндегі жөндеу күндерінің саны.
Бұндай есептеу иіру және тоқу фабрикаларында жүргізіледі және осы негізде
жылдық графикті түзеді. Графикті құру барысында жөндеудің мерзімі айы мен
комплект бойынша біркелкі реттеу керек.
Бөлшектердің шығынын жоспарлау және материалдардың шығындалуы.
Құрылғы үшін көптеген бөлшектердің шығысы норма бойынша жоспарланады,
жөндеу үшін бөлшектердің қаншалықты сұранысқа қарай қанағаттандырылуын және
бөлшектердің тасымалдануы және қызметінің мерзіміне байланысты анықталуын,
машинадағы бөлшектердің мөлшерін жұмыс күнінің ауысымына байланысты
тексеріледі.
Сондай-ақ, айталық, салмақсыз бөлшектердің тобы болады, оларда
материалдық түріне қарай пайдаланғандарын дайындау үшін шығыны
жоспарланады. Иіру машинасына мынадай аз салмақты бөлшектердің норма
шығындары қаралған, жылына – кг: шойын-45, болат-13, қола-0,2, тіреу-5.
Берілген машиналар түрінің күнін және бөлшектердің норма шығынын біле
отырып, бөлшектердің жылдық қажеттілігін (салмақты, аз салмақты) анықтайды.
Жылдық бағыттағы есебі үшін қолдағы бөлшектер алғашқы баланс құны 1000
тиынға 58 тиын бойынша қабылдайды. Норма бойынша есептелген қажеттілік
запас бөлімдерінің бірнеше көздерін қанағаттандырады: машина құру
министрлігінің мекемесі, импорт бойынша сатып алу, тоқыма өнеркәсібінің
орталық механикалық шеберлік мекемесі. Әрқайсысының көрсетіліп қойылған
бөлік көздері директі құжаттармен анықталады.
Бір машинаның жылына шығын нормасы бойынша материалдарды жөндеу және
құрылғыларды тасымалдау шығынының жоспарын құрады.(19- кесте).

Кесте 19. Металдардың шығын нормасы.

Мақта өнеркәсібіндегі иіру құрылғыларының кейбір түрлерін
Машиналар тасымалдау және металл жөндеу шығыны
(жылына 1 машинаға ) кг
құю Болат ОралтірқолқалаБола
ған еу а йы тты
бола
тты
сым
шойын болат Ыстық орау конструкциялы

Материалдың жылдық қажеттілігін машиналардың өндірістегі шығын
мөлшері бойынша анықтайды. Мысал келтірсек, ҚР үшін құрылғылардың іріленген
материал шығынын есептеу үшін жөндеу қиындықтары машиналардың көптігінен
тұрады.
Мысалы, мақта өнеркәсібіндегі машиналар салмағы 0,5- 1,0 т планда ,
кг:
Қара металл айналымы 74
Әртүрлі металл айналымы 1,28
Шойынды құю 18
Болатты құбыр 0,1
Қалайы
0,23
Пісіру электродтары 0,23
Тіреу материалдары 1,82

Қолдағы бөлімдерді жөндеу және құрылғылардың техникалық қызмет
көрсету бөлшектердің 1000 тиын ақшалай шығыны бойынша жылдық анықтау құны
мынаны құрайды:
Қопсытқыш машиналар
Мақта үшін
74,85
Жүн үшін
138,44
Кардты тарау машиналары 33,43
Таспалы және таспа байланыстырғыш машиналар 50,68
Мақта үшін созытқыш машиналар 63,73
Зығыр үшін макроиіру машиналары 147,22
Иіру- орағыш машиналар
Мақта үшін
71,23
Жүн үшін
89,93
Пневмомеханикалық иіру машиналары 83,71
Негізорағыш автоматтар 132,47
Пневморапиралы тоқыма станоктары 101,08
Автоматты тоқыма станоктары СТБ 66,37

МЛП ССР өндіріс орнындағы өндіру ұйымында техникалық қызмет көрсету
жүйесінің және технологиялық құрал – жабдықтар жөндеу жағдайында
құрылғылардың толық жөндеуі бірлік жөндеу қиындықтары шығыны көрсетілген:
Сатып алынған комплектілі бұйымдар ( тербелі мойынтірегі, шынжырлар,
колпакты майлаушылар және т.б.);
Көмекші материалдар ( әртүрлі ремендер, манжеттер, сальниктер,
тасымалдаушы таспалар және т.б.);
Түрпіленген, ысқыланған, жуылған және сүртілген материалдар.
Толық және орташа жөндеу үшін келесі шығындалған шығындар кірелі:
жөндеушілердің жұмыс істеу жалақысы және көмекші жұмысшылар, толықтырылған
жұмыс жалақысы және әлеуметтік сақтандырудағы есептен шеберлі, цехты қызмет
құнының шығындары.
Толық және орташа жөндеу планы бойынше жұмысшыларға уақыты мен
бағалау нормасына байланысты жалақы төленеді. Негізгі жалақы фабрикадан
қабылданған нормасынан прогресивті- премиальді төлемдер болып шығады.
Сондай-ақ СР бойынша жұмыс жалақысын бағалап, есептеп, оған 20 % негізгі
жалақы толықтырылады.
Жөндеушілерге көмекші жөндеушілер көмектеседі, мысалы, машина
тазалағыштар, бір бағыттағы жұмысшылар, қалпақшаны тартушылар мен қабылдау
барабандары және т.б. Машиналардың бөлшектерін машинада немесе машинадан
шешіп алып тазалайды.
Көмекші жұмысшылардың жалақысы жөндеушілердің жалақысына қарағанда 6
-9 % шығын көлемін құрайды.
Фабрикада қабылданған нормативтер бойынша жалақыны төлеу және есептен
шығару әлеуметтік сақтандыру есебі арқылы есептеледі.
Бөлшектер мен материалдардың шығындарын баға көрсеткіштен анықтайды.
Бөлшектердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ауыл шаруашылық өндіріс өнімінің есебі және оны жетілдіру
Астықты майдалау технологиялық процесін бақылау
Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
Бағалау және калькуляциялау шаруашылық процесінің есебі
Агроөнеркәсіп кешенің дамытудағы шаруашылық инфрақұрылым саласының ролі
Құрылыс ұйымдарының өзіне түсетін құның төмендету резервтері
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Компанияның айналым капиталы
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі
Пәндер