Мектепке дейінгі балалардың психикалық деңгейін арттыру


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. БАЛАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ РОЛІ

1. 1. Баланың психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік фактор ролінің жалпы сипаты . . . 6

1. 2. Психикалық дамуыды дұрыс жолға қою негіздері мен міндеттері . . . 12

ІІ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНДАҒЫ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

2. 1. Мектеп жасына дейінгі психикалық дамудың жеке-дара ерекшеліктері . . . 22

2. 2. Жас шағы кезеңдері және психикалық дамуды кезеңге бөлу . . . 25

ІІІ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЖЕКЕ БАСТЫ ДҰРЫС ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ

3. 1. Балабақша тәрбиешісінің балалардың зерттеуі . . . 30

3. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту үшін психологиялық жетілдіруге арналған жұмыстар . . . 33

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48

ГЛОССАРИЙ . . . 50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі : Білім беру заңында арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары, жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары негiзiнде әзiрленеді, мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң психологиялық-медициналық педагогтiк консультациялар ұсыныстарын ескере отырып айқындалатын психикалық-физикалық ерекшелiктерiн және танымдық мүмкiндiктерiн ескередi .

Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылы халыққа жолдаған «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» - атты жолдауында білім беру саласына қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу керектігі туралы айтылды.

Осыған орай, ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде балалардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескермейінше, табысқа жетуді ойластыруға болмайды. Физиологтар, психологтар мен педагогтар балалардың дамуын мынадай кезеңдерге бөліп қарастырады, нәрестелік шақ, сәбилік шақ, мектепке дейінгі жас, бастауыш мектеп жасы, жеткіншектік жас, жасөспірімдікшақ.

Оқу - тәрбие мазмұны мен түрлері, әдіс-тәсілдері белгілі бір жас ерекшеліктеріне, талап-тілектері мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуы керек. Баланы белгілі бір жас кезеңіндегі дамудың жоғары деңгейіне сай және оны дамудың әлдеқайда жоғары сатысы келесі жас шағы кезеңіне табысты көшуді даярлайтын біліммен қаруландыру, оны іс-әрекет түрлеріне араластыру, оның бойында осыған лайық сапа, қасиеттер қалыптастыру қажет.

Әр шақтық кезеңнің жеке адамды қалыптастырудағы мәні қандай деген сұрақтың тууы заңды. Бұл күрделі сұрақ. Бұған психология ғылымының маңызды саласы - педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы жауап береді.

Көптеген кеңес педагогтары мен психологтары әр шақтық кезеңнің жеке адамның қалыптасуында маңызды мәні болады және қабілеттілік пен сапаның белгілі бір тобын дамытуға, оның дамуындағы бұрынға кемшіліктерді түзетуге, кемшілік орнын толтыруға мүмкіндік береді.

Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский былай дейді: «Адамның мінезі негізінен өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасып және сол мінезге алғашқы жылдары енген нәрсе тиянақталып, адамның екінші мінезіне айналады . . . Адамның бұдан былайға меңгергендерінің бәрі бала кезіндегі меңгергендеріндей тереңдікке ие бола алмайды».

Алайда, адам туралы ақпарат дегеніміз негізінен әлеуметтік және экономикалық ортада адамның қоғамда алатын биологиялық мінін білу керек т. б. адамның жынысы, ойлау қабілеті, жолын қоршаған орта туралы оның іс-әрекеттерін қалыптастырады.

Мектепке дейінгі мекемелерде психикалық процестерді балаларға үйрету үрдісіндегі дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы танымдық процестерін дамыту негіздерін зерттеу;

Зерттеудің нысаны: Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие үрдісіндегі психикалық даму көрсеткіші ойындары.

Зерттеу әдістері: Бақылау жүргізу, балалар еңбегінің нәтижелерін салыстыру, тәжірибелік эксперимент өткізу, қорытынды шығару, психологиялық даму көрсеткішін өндеу .

Жұмыстың объектісі: мектепке дейінгі балалар

Курстық жұмыстың мақсаты : Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму жолдарын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • Мектеп жасна дейінгі балалардың психикалық дамуын теориялық тұрғыда қарастыру;
  • Мектеп жасына дейінгі баланы педагогикалық-психологиялық бағытын таңдау;
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру;
  • Психикалық дамудың негізгі әдіс-тәсілдерін зерттеу.

Курстық жұмысының структуралық құрылымы: Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, баяндалады.

  1. Баланың психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік фактор ролінің жалпы сипаты

Балалардың психикалық дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Міне біздің алдымызда бес жасар бала тұр. Ол түсініксіздеу етіп бірнеше сөздерді ғана айта біледі, қолына берген қуыршақты аузына апарады, қарындашпен қағаз бетіне әлдене шатпақтар сызады. Мұның себебі неде? Мүмкін бала миынан мықтап ауырған шығар? Мүмкін оған ешқандай педагогигакалық тәрбие берілмеген болар, яғни оны мен ешқашан сөйлеспеген, ойнамаған, оны ешнәрсеге үйретпеген шығар? Осы болжамдардың қай-қайсысы да рас болуы ғажап емес. Сондықтан да осылардың қай-қайсысы да біздің психикалық даму шарттары жөніндегі білімімізге негізделеді. Осы шарттарды анықтау-бала психологиясының маңызды міндеті. Бала психологиясы психикалық дамуға әсер ететін барлық жағдайларды тауып, санап шығаруға ұмтылып қана қоймай, сонымен бірге олардың әсері неде екенін, осы жағдайлардың әрекетімен бала дамудың бір кезеңінен екіншісіне қалай өтетінін анықтайды.

Дамуы күрт бұзылған балалар, әрине ерекшелік сияқты. Ал, психологияны алдымен ережелер қызықтырады. Онысыз ерекшеліктерді түсіну мүмкін емес. Сондықтанда ғылымның басты міндеттерінің бірі жекелеген оқиғаларға байланысты пайда болатын дамудың ерекше жағдайларын емес, нәтижесінде кез келген бала адам болып қалыптасатын және онсыз қалыпты даму мүмкін болмайтын жалпы шарттарының маңызын бөліп көрсету болып табылады.

Мұндай шарттарға бала организмінің табиғи қасиеттері (бірінші кезекте оның миының құрылысы мен қызметі) және баланың өзін тәрбиелеп, үйрететін адамзат қоғамында, бөтен кісілер арасында өсетіндігі жатады.

Бала организмінің құрылымы мен атқаратын қызметін өзінің ата-бабасынан мұраланады. Туғаннан-ақ оның адамға тән күрделі психикалық іс-әрекет органы болуға қабілетті миы, адамзаттық жүйке жүйесі болады.

Хайуанаттар әлемінде біздің ең жақын «туысымыз» - адам тәріздес маймылдар және олардың ішіндегі неғұрлым көнбісі мен ұғымталы-шимпанзе. Олардың қимылы, ымдауы, мінез-құлқы кейде адамға ұқсастығымен таң қалдырады. Шимпанзе, адам тәріздес басқа да маймылдар сияқты, өзінің жалықпас әуестігімен ерекшеленеді. Олар бірнеше сағат бойына қолына түскен нәрсені жұлқылап түтіп, жорғалап бара жатқан құрт-құмырсқаны бақылап, адамдардың іс-әрекетін қадағалап отыра береді. Олардың еліктеушілігі жоғары дамыған. Мысалы, маймылдар адамға еліктеп еден сыпырады немесе еден сүртетін шүберекті сулап, сығады, с онан соң сүртеді. Рас, оның сүрткенінен еден тазарып кетпейді, тек қана қоқырлар бір орыннан екінші жерге ауыстырылады да қояды.

Бақылаулар көрсеткеніндей, шимпанзе әр түрлі жағдайда өзінің туыстары сезінетін көптеген түрліше дыбыстарды пайдаланады. Эксперимент жағдайында көптеген ғалымдардың шимпанзеден іс-әрект жасауда ойлауды талап ететін және тіпті қарапайым құрал ретінде қолданатын заттары да бар бірқатар күрделі практикалық міндеттерді оларға шештіруге қолдары жетеді. Мәселен, маймылдар бірнеше рет байқап қарағаннан кейін жоғарыға іліп қойған бананды алу үшін жәшіктерден пирамида тұрғызды, оны сырықпен қағып түсіруді және ол үшін қысқа екі таяқты жалғап ұзартуды, алдамшы зат ілінген шәшіктің тиегін қажетті формадағы «ашқыш кілтті» (үшбұрыш, жұмыр, төртбұрыш етіліп кесілген таяқты) пайдаланып ашуды үйренді. Шимпанзенің миы да өзінің құрылымы мен жеке бөліктерінің арақатынасы жағынан басқа хайуанаттарға қарағанда, адамзатқа жақын, әрине одан салмағы да жеңіл, көлемі де кіші.

Осының бәрі, егер шимпанзенің баласына адамзат тәрбиесін берсе қалай болар еді деген ойға жетелейді. Содан оның бойында адамның ең болмағанда кейбір қасиеттерін дарытуға болар ма еді? Осылай байқап көрулер бірнеше рет қайталанады. Солардың біреуіне тоқтап көрейік. Ол өз семьясында Иони атты бір жарым жылдық шимпанзені төрт жылға дейін тәрбиелеген көрнекті совет зоопсихологы Надежда Николаевна Ладыгина Котсқа қатысты. Кішкене шимпанзе толық еркіндікте өмір сүрді. Оған адам қолданатын немесе түрлі бұйымдар мен ойыншықтар берілді, ал асырап алған «мамасы» оны осы бұйымдарды қолданумен таныстыруға, сөйлесуге үйретті. Маймылдың бүкіл даму барысы күнделікке мұқият жазылып отырды.

Он жылдан кейін Надежда Николаевна ұл босанып, оның атын Рудольф (Руди) деп қойды. Төрт жасқа келгенше оның даму барысына да мұқият бақылау орнатылды. Нәтижесінде «Шимпанзенің жас баласы мен адамның жас баласы . . . деген кітап жарық көрді. Маймылдың дамуын адам дамуымен салыстыра зерттегенде не белгілі болды?

Кішкене екі сәбиді бақылағанда ойын және сезім белгілерінде ұқсастықтың мол екені байқалды. Сонымен бірге принципті өзгешеліктер де көзге түсті. Шимпанзенің аяғынан тік басып жүре алмайтындығы және қолын жерден босата алмайтындығы анықталды. Ол көп жағдайда адамның іс-әрекетіне еліктегенімен, бұл еліктеу тұтыну құрал-жабдықтарын пайдалануға байланысты дағдыларды дұрыс үйренуге және жетілдіруге апармайды. Көбіне қимылдың сырт белгілерін ұстап қалады да маңызын түсінбейді. Мәселен Иони балғамен шеге қағуға жиі әустенеді. Бірақ ол не қажетті күш жұмсамады, не шегені тік ұстамады немесе балғасын шегеге дәл тигізе алмады. Нәтижесінде «тәжірибесінің» молдығына қарамастан Иони бірде-бір шегені қаға алмай-ақ қойды. Маймылдың балаларының шығармашылық конструкторлық сипаттағы ойындарға да ақылы жете бермейді. Ақырында, қаншалықты арнаулы жаттықтырудан өткенімен, оның дыбысқа, сөздерді ұғып алуға еліктеуге еш икемі жоқ. Маймылдың баласын асыраған американдық ерлі-зайыпты Келлогтар да шамамен осындай нәтижеге жеткен.

Демек, адамзат болмаса адамның психикалық қасиеттерінің де пайда болуы мүмкін емес. Енді адамның миы қоғамдағы адамға тән емес жағдайда не бере алатынын қарап көрейік.

ХХ ғасырдың басында үнді психологы Рид Сингх бір ауылдың маңында адамға ұқсас, бірақ төрт аяқтап жүретін жұмбақ тіршілік иелерінің жүргені туралы хабар алды. Олар аңдып жүріп тауып алынды. Бір жолы таңертеңгілікте Сингх бастаған аңшылар тобы қасқырдың іні жанында жасырынып жатып, қаншық қасқырдың күшіктерін серуенге алып шыққанын көрді. Олардың арасында біреуі сегіз жас, екіншісі бір жарым жас шамасындағы екі қыз бала боп шықты. Сингх әлгі екі қызды үйіне алып кетіп, адамша тәрбиелеуге тырысты. Олар төрт аяқтап жүгіреді, адамды көрсе қорқып тығылады, ырылдап айбат шегеді, түні бойы қасқырша ұлиды. Кішкене Амала бір жылдан соң қайтыс болды. Үлкені-Қамала он жеті жасқа дейін өмір сүрді. Тоғыз жыл ішінде оған қасқырдың әдетін негізінен қойғызды дегенмен, асыққан кезде төрт аяқтап кететін. Шынына келгенде, Қамала сөз үйрене алған жоқ, көп күш жұмсау арқылы не бәрі қырық сөзді ғана дұрыс айта алатын болды. Бақсақ адам өміріне қажетті жағдай жоқ жерде адам психикасы пайда болмайды екен.

Сонымен, адам болу үшін мидың құрылысы да, белгілі өмір сүру жағдайы да тәрбие де қажетті. Дегенмен бұлардың әрқайсысының маңызы түрліше. Бұл ретте Иони мен Қамаланың-адам тәрбиелеген маймыл мен қасқыр тәрбиелеген адамның-мысалдары үлгі боларлық. Иони шимпанзе мінезіне лайық бүкіл ерекшеліктері бар маймыл болып өсті. Қамала адам болған жоқ, қасқырға тән қылықтары бар тіршілік иесі болып шықты. Демек, маймыл мінез-құлқының белгілері оның миында орныққан, тұқым қуаланған. Ал адамның мінез-құлқы адамның психикалық қасиеттері баланың миында жоқ. Оның есесіне басқа-өмір, тәрбие жағдайларына байланысты (тіпті түні бойы ұлу болса да) үйрену мүмкіндігі бар.

Ерекше икемділік, үйренгіштік-адам миын хайуанаттар миынан ажырататын аса маңызды айырықша белгілердің бірі. Хайуанаттарда мидың көпшілік бөлігі туғанға дейін-ақ бос емес, онда инстинкттер механизмдері, яғни тұқым қуалайтын мінез-құлық формасы бекіген. Ал, балада өмір мен тәрбие беретіннің бәрін қабылдауға және бекіндіру үшін мидың көпшілік бөлігі «таза» болады екен. Оған қоса, ғалымдар хайуанаттар миының қалыптасу процесі негізінен туған кезге дейін аяқталатынын, ал адамда туғаннан кейін жалғасып, бала дамуының жағдайына байланысты болатынын дәлелдеді. Демек бұл жағдайлар мидың «таза жерін» толтырып қана қоймай, сонымен бірге оның құрылысына да әсер етеді.

Балалық шақта балдырған организмі, атап айтқанда, оның жүйек жүйесі мен миы шұғыл жетіледі. Өмірінің алғашқы жеті жылы бойына ми массасы шамамен үш жарым есе өседі, оның құрылысы өзгереді, қызметі жетіледі. Психикалық даму үшін мидың жетілуінің маңызы зор, өйткені осыған байланысты түрлі іс - әрекетті игеру мүмкіндігі артады, баланың еңбекке қабілеттілігі көтеріледі, неғұрлым жүйелі де мақсатты бағытталған оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға жағдай жасалады.

Мидың жетілу барысы баланың сыртқы әсерді жеткілікті дәрежеде алу-алмауына, ересектердің, мидың белсенді қызмет жасау үшін қажетті тәрбие жағдайын қамтамасыз ету-етпеуіне байланысты.

Баланың жетіліп келе жатқан миы ұзақ уақыт бойы бір тектес іс-әрекеттен туатын ауыртпалықтары ерекше сезінгіш келеді. Осыған байланысты тәрбиелік әсер ету және оның сан алуандылығын белгілі мөлшермен жүргізу деген маңызды міндет туады. Мынандай өкінішті жағдай болғаны белгілі: жас ата-ана баласымен айналысуға уақыты болмағандықтан, әрдайым оның өзін жалғыз тастап кетуді және радионы қосып қоюды әдетке айналдырған. Сәби миының есту саласында тұрақты тежелу пайда болған. Сөйтіп, ол саңырау болып қалған. Жетіліп келе жатқан организм тәрбиеге неғұрлым көнгіш келеді. Бала кезде өткен уақиғалардың бізге қандай әсер ететіні, кейде оның бүкіл болашақ өмірге қандай ықпалы болатыны белгілі. Психикалық қасиеттерді дамытуға балалық шақта жүргізілген оқыту жұмыстары үлкен адамды үйреткеннен гөрі әлдеқайда зор ықпал жасайды.

Сонымен, баланың психикалық дамуындағы әр түрлі шартардың осы процесте атқаратын ролі бірдей емес. Табиғи шарттар организмнің құрылысы, оның қызметі, оның жетілуі-психикалық даму үшін қажетті, онысыз даму мүмкін емес, бірақ олар баланың бойында қандай психикалық қасиеттердің пайда болатынын анықтамайды. Ол өмірдің жағдайы мен тәрбиеге байланысты. Солардың ықпалымен бала қоғамдық тәжірибені бойына сіңіреді.

Қоғамдық тәжірибе психикалық дамудың қайнар көзі болып табылады, бала ересектердің араласуымен одан психикалық сапалары мен жеке бастың қасиеттерін қалыптастыру үшін материал алады.

1. 2. Психикалық дамуды дұрыс жолға қою негіздері мен міндеттері

Адам болу дегеніміз айналадағы адамдар мен заттарға адамша қарауға, іс-әрекет жасауға үйрену деген сөз. Біз бала ересек адамдардың басшылығымен қоғамдық тәжірибені, адамзат мәдениетінің жетістіктерін игергені туралы айтқанымызда, олардың адам қолымен жасалған заттарды дұрыс қолдана білетінін, қоғамдық мораль ережелеріне сай іс-әрекет жасайтынын, тілдің көмегі арқылы басқа адамдармен қарым-қатынаста болатынын ғана емес, есте сақтау, ойлау әдістерін де ескереміз. Бала қажетті психикалық сапалар мен өзіндік қасиеттерді адамның әрекетін және мінез-құлқын меңгеру процесінде ғана игереді.

Тәрбие процесінде бала іс-әрекеттің сан алуан түрін игереді. Ол орамалмен сүртінуді, қасықпен тамақ ішуді, шыны аяқпен ішуді, аяғынашұлық киюді, қарындашпен сурет салуды, текшелерден үй тұрғызуды үйренеді. Осының бәрі белгілі бір сыртқы нәтижеге бастайтын практикалық іс-әрекет. Сонымен бірге баланың ішкі іс-әрекеті де қалыптасады, оның көмегімен сәби заттарды қарайды, оның қасиеттерін анықтайды, олардың бірімен-бірі қалай байланысып тұрғанын ашады, ойынның, суреттің, әлде не тұрғызудың түпкі ойын табады, картиналарды есіне сақтайды т. б. Осындай ішкі іс-әрекеттің қалыптасуы баланың психикалық дамуының негізгі мазмұнын құрайды. Бұлар қабылдау (перпенциялық іс-әрекет), ойлану, елестету, есте сақтау, яғни психикалық іс-әрекеттер. Олар баланың өзін қоршаған дүниені бағдарлауын, практикалық іс-әрекет жасалатын жағдайлармен танысуын қамтамасыз етеді, сондықтан да бағдарлаушы іс-әрекеттер деп аталады.

Бағдарлаушы іс-әрекеттер әдетте практикалық іс-әрекеттен бұрын орындалады және оларды әзірлейді. Қарапайым мысал келтірейікші. Баланың арықтан секіріп өткісі келді дейік, секірмес бұрын ол алдымен арықты мөлшерлеп көреді. Бұл мөлшерлеуге арықтың енін анықтау, оны өзінің секіру мүмкіндігімен салыстыру және ақырында секіруге әзірлік түріне еніп, бүкіл қажетті бұлшық еттер топтарын тиісті дәрежеде ширықтыру кіреді. Осының бәрі секірудің бағдарлаушы, әзірлену фазасын құрайды, осы кезеңде атқарылған іс-әрекет бағыттаушы болып табылады. Оның барысында жасалатын іс-әрекет жағдайды пайда болған міндет тұрғысынан тексеруге, оның бар мүмкіндіктермен арақатынасын белгілеуге және міндетті шешуге әзірленуге мүмкіндік береді.

Әр түрлі іс-әрекеттерді игеру үйрету мен тәрбиенің әсері арқылы өте тұрса да, ол тек ересектердің қалауына ғана байланысты нәрсе емес: бала кез-келген іс-әрекеттерді кез-келген күйінде игере бермейді. Бұл екі себеппен анықталады. Біріншіден, әуелі неғұрлым қарапайым, содан соң мейлінше күрделі қимылдар үйретіледі және баланың қабылдауына мүмкіндігі бар күрделілік дәрежесі әрқашан бұрынғы қол жеткен дәрежемен шектеліп отырылады. Екіншіден, бала жаңа іс-әрекетке үйренуі үшін, ол балдырғанның қажетіне және мүддесіне сай келуі, оны қызықтыратын болуы тиіс. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала жаңа іс-әрекетті, егер олар ойын түрінде көрсетілсе және ойын үстінде пайдаланылса, басқа жағдайлардағыдан гөрі едәуір жақсы және жеңіл игереді. Бір зерттеу кезінде мектеп жасына дейінгі балаларға олар үшін қиын тапсырма - ұзақ уақыт өздерін бір қалыпта ұстау ұсынылған. Төрт жастағы балалар тапсырманы дұрыс түсініп және оны бұлжытпай орындауға тырысып баққанымен, айтқан жерден шыға алмаған. Бірақ, дәл осы тапсырма ойын түрінде берілгенде (бала сақшы ролін ойнап, бір жерде біз бақпай тұруға тиіс болғанда) жаңағы төрт жасар балалар ойдағыдай орындай бастаған.

Өмірінің алғашқы жеті жыл ішінде бала жүйелі түрде іс-әрекеттің бірнеше түрін игерді. Олардың ішінде іс-әрекеттің үш негізгі, жетекші түрін: қарым-қатынас, заттық іс-әрекет және ойынды бөліп алады. Баланың ересектермен эмоциялы қарым-қатынас жасауы оның заттармен қарапайым іс-әрекеттер жасауынан бұрын пайда болады. Сәби әлі сөзді, үлкендердің мінез-құлқын түсінбейді, бірақ осының бәріне қуанады, ересектерге ұзақ уақыт бойы қарап отыруға, өзіне арналған сөзге үн қатуға, жымиып күлуге әрқашан әзір. Бұл кезде, әдетте, бала назарын заттардың өз емес,

үлкендердің әсер етуі (үлкендер оларды көрсеткенде, затты баланың қолына салғанда) аударады.

Сәбилік шақта баланың үлкендерге көңіл бөлуі заттарға ауысып, ол заттық іс әрекетке көшеді. Заттарды қолдануды игере отырып, бала неғұрлым тәуелсіз болады, үлкендердің іс-қимылына еліктеуге, солармен бірге әрекеттенуге, өзінің кейбір іс-әрекеттері жайлы белгілі көзқарас білдіруді (көңіл бөлуді, қолдауды) талап етуге мүмкіндік алады.

Келесі қадам - рольді ойынға көшу. Бала дербестік көрсете бастайды, ол өзінше үлкен болуға, оның ролін орындауға, заттар иен уақиғаларға ересектерше билік жүргізуге тырысады. Әрине, әзірге олар мұның бәрін «жорта», шынайы бұйымдарды ойыншықтармен, нағыз іс-әрекеттерді елеспен алмастырып қана орындай алады.

Сонымен, балалардың қажеті мен құштарлығы үнемі үлкендермен байланысты. Баланың мүмкіндігі артқан сайын бұл байланыс жаңа формаға ие болады. Жетекші іс-әрекеттің жаңа түрлерінің пайда болуына негіз болып табылатын қажеттіліктер дүниеге келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды мектепалды даярлау мәселелері
Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындауда – интеллектуалдық ойындардың рөлі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ерікті зейінін қалыптастыру жасы
Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру
Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындаудағы – интеллектуалдық ойындардың ерекшелігі
Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі
Баланың мектепке бейімделу факторлары
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің даму ерекшеліктері
Дене тәрбиесі бағдарламасы
Психологиялық - педагогикалық қолдаудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz