Коммерциялық банктердің табыстары мен шығыстары: басқару қағидалары және әдістері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жаһандану және әлемдік қаржылық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуы жағдайында банктердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуінің маңызды факторларының бірі инновацияларды, жаңашыл банктік ақпараттық-компьютерлік шешімдер мен технологияларды енгізу болып табылады. Осы орайда банктік жүйеде бизнес процестер, ақпараттық ағындар және банктің ақпараттық инфрақұрылымы күрделене түсуде.

Көптеген отандық банктер банктік бизнеске қойылатын талаптарға сәйкес келетін, атқарушылардың ауысуына қарамастан жұмыс жасайтын, жаңа банктерде, филиалдарда және бөлімшелерде таратуға жарамды, банктік қызметтің тиімділігі мен жүргізілетін операциялардың рентабельділігін қамтамасыз ететін басқарушылық жүйені құрған.

Бәсекелесті нарықтардың мүмкіндіктеріне тәуелді көлемдерді арттыру немесе тарифтерді ұлғайту сынды өзге факторларға қарамастан банктегі шығындарды төмендету мен табыстылықты арттыру менеджменттің ішкі жұмысымен, банк жұмысының тиімділігін арттырудың ішкі резервтерімен анықталады және көп жағдайдада оның бәсекелестігімен айқындалады. Бұл жалпы банктік басқарушылық жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын банк кірістері мен шығындарын басқарудың тиімді жүйесін құруды талап етеді.

Бұл саладағы ғылыми және практикалық зерттеулердің бизнестің практиктерінің әрі қарайғы оңтайлы жұмысын анықтайтын ағымдағы кезеңнің негізгі міндеті болып басқарушылық талдаудан кірістер мен шығыстарды нақты басқаруға көшу болып табылады.

Кіріс - активтің көбеюі немесе несиелік қарыздың азаюы формасындағы есеп беру уақытындағы экономикалық табыстың көбеюі. Кіріс шығындарды жабу көзі болып табылады. Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады: несиелік бизнес; дисконттық бизнес; сақтау бизнесі; банктік кепіл беру қызметі; бағалы қағаздармен жасалатын бизнес; салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі; басқа банктермен корреспондеттік қатынасқа негізделген бизнес.

Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын -кірісті төмендету көзі. Кірістер банктің өмір сүру құралы болып саналады. Оларсыз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Кірістер негізгі және негізгі емес қызметтен болған кірістер болып бөлінеді. Кіріс пен шығынның құрылымы және табыс есебінің реті Ұлттық Банкпен анықталады.

Осы орайда коммерциялық банктердің кірістері мен шығындарының пайда болу көздерін талдау, ғылыми негізделген нәтижелер шығару, банк кірістерін арттыру мен шығындарын төмендету салдарына банк пайдасын ұлғайту жолдарын табу қазіргі уақытта отандық банктер үшін маңызды, шешімі кезең күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады.

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жаһандану және әлемдік қаржылық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуы жағдайында банктердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуінің маңызды факторларының бірі инновацияларды, жаңашыл банктік ақпараттық-компьютерлік шешімдер мен технологияларды енгізу болып табылады. Осы орайда банктік жүйеде бизнес процестер, ақпараттық ағындар және банктің ақпараттық инфрақұрылымы күрделене түсуде.

Көптеген отандық банктер банктік бизнеске қойылатын талаптарға сәйкес келетін, атқарушылардың ауысуына қарамастан жұмыс жасайтын, жаңа банктерде, филиалдарда және бөлімшелерде таратуға жарамды, банктік қызметтің тиімділігі мен жүргізілетін операциялардың рентабельділігін қамтамасыз ететін басқарушылық жүйені құрған.

Бәсекелесті нарықтардың мүмкіндіктеріне тәуелді көлемдерді арттыру немесе тарифтерді ұлғайту сынды өзге факторларға қарамастан банктегі шығындарды төмендету мен табыстылықты арттыру менеджменттің ішкі жұмысымен, банк жұмысының тиімділігін арттырудың ішкі резервтерімен анықталады және көп жағдайдада оның бәсекелестігімен айқындалады. Бұл жалпы банктік басқарушылық жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын банк кірістері мен шығындарын басқарудың тиімді жүйесін құруды талап етеді.

Бұл саладағы ғылыми және практикалық зерттеулердің бизнестің практиктерінің әрі қарайғы оңтайлы жұмысын анықтайтын ағымдағы кезеңнің негізгі міндеті болып басқарушылық талдаудан кірістер мен шығыстарды нақты басқаруға көшу болып табылады.

Кіріс - активтің көбеюі немесе несиелік қарыздың азаюы формасындағы есеп беру уақытындағы экономикалық табыстың көбеюі. Кіріс шығындарды жабу көзі болып табылады. Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады: несиелік бизнес; дисконттық бизнес; сақтау бизнесі; банктік кепіл беру қызметі; бағалы қағаздармен жасалатын бизнес; салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі; басқа банктермен корреспондеттік қатынасқа негізделген бизнес.

Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын -кірісті төмендету көзі. Кірістер банктің өмір сүру құралы болып саналады. Оларсыз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Кірістер негізгі және негізгі емес қызметтен болған кірістер болып бөлінеді. Кіріс пен шығынның құрылымы және табыс есебінің реті Ұлттық Банкпен анықталады.

Осы орайда коммерциялық банктердің кірістері мен шығындарының пайда болу көздерін талдау, ғылыми негізделген нәтижелер шығару, банк кірістерін арттыру мен шығындарын төмендету салдарына банк пайдасын ұлғайту жолдарын табу қазіргі уақытта отандық банктер үшін маңызды, шешімі кезең күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады.

Банк ісі теориясында басқарудың жекелеген санаты ретіндегі шығындар мен кірістерді қосымша мамандандырылған зерттеу үшін кең перспективалары бар. Кірістер мен шығындардың қалыптасуы мәселелері банкті стратегиялық және жедел басқару мәселелерін, жоспарлау және бюджеттеу, банк кірістері мен шығыстарын басқару мәселелерін қарастыру кезінде қозғалады. Айта кеткен жөн, шетелдік ғалымдар П. С. Роуз, П. Фалетти, Д. МакНотон, К. Дж. Барлтроп, Т. Бэррел, М. Хиггинс, Г. Вэйнс өз еңбектерінде жоспарлау процестерін, қаржылық есептілікті ұйымдастыру, банк қызметін бағалау жүйесін, басқарушылық есепті зерттеу барысында жанама түрде банк кірістері мен шығыстарын талдауға, жоспарлауға көңіл бөлген.

Сонымен бірге, банктік кірістер мен шығындарға байланысты мәселелерді зерттеу ресейлік ғалымдар Г. Н. Белоглазова, Л. Г. Батракова, Н. И. Валенцева, О. В. Гончарук, О. В. Грядова, С. А. Котляров, Л. П. Кроливецко, О. И. Лаврушин, И. В. Ларионова, И. Д. Мамонова, Ю. С. Масленченков, М. А. Поморина, Г. С. Панова, Т. С. Новашина, отандық ғалымдар С. Б. Мақыш, А. Ә. Ілиясов, Д. Бохаев еңбектерінде жақсы зерттелген кірістер мен шығыстардың қалыптасу мәселелері, банк қаржыларын басқару тұрғысындағы зерттеулерге әдістемелік тұрғыда негізделеді.

Зерттеу объектісі болып « Цеснабанк» акционерлік қоғамы болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде банк ісі, банктік қаржылық менеджмент, бизнес-жоспарлау теориялары бойынша жетекші отандық және шетел зерттеушілерінің іргелі және қолданбалы ғылыми жұмыстары және «Цеснабанк» АҚ жылдық қаржылық есебі қолданылған.

Зерттеудің ақпараттық және статистикалық базасы. Зерттеудің статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, « Цеснабанк» акционерлік қоғамының жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ банк кірістері мен шығындары жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің табысы мен шығыстарының басқару қағидаларымен әдістерін теориялық тұрғыда зерттеу, және нақты банк мысалында кірістер мен шығыстарды талдау жасау негізінде банк кірістері арттыру мен шығындарын басқаруды модернизациялау тұрғысында ұсыныстар жасау болып табылады.

Анықталған мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылған және орындалған:

  • коммерциялық банктің табыстары мен шығыстарын бағалау әдістері;
  • нақты банк мысалында банктің қызмет ету негіздері және банк қызметін қаржылық талдау;
  • нақты банк мысалында банктік операциялар түрлері бойынша табыстар мен шығыстарды талдау;
  • нақты банк мысалында банк операцияларының табыстылығын басқа банктермен салыстрмалы талдау;
  • банк кірістерін арттыру тұрғысындағы банктердің пайыздық және тарифтік саясаттарының оңтайлы шешімдерін ұсыну;
  • банк шығындарын басқару тұрғысында басқаруды модернизациялау бағыттарын анықтау.

Дипломдық жұмыс құрылымы 4 бөлімнен құрастырылған:

  1. Бірінші бөлімде банктік кірістер мен шығындарға байланысты отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың зерттеу мәселелері қарастырылған.
  2. Екінші бөлімде коммерциялық банктің табыстары мен шығындарын бағалау әдістерінің салыстырмалы көрсеткіштері, әр-түрлі операциялардың табыстылығының салыстырмалы талдауының айырмашылықтары көрсетілген.
  3. Үшінші бөлімде «Цеснабанк» АҚ ның табыстары мен шығыстарын талдау барысындағы, банк қызметіне сипаттама, қаржылық талдау, бакнтік операциялар түрлері бойынша табыстар мен шығыстарды талдау, алынған нәтижелерді қорытындылауы байқалады.
  4. Төртінші бөлімде банктердің кірісі мен шығысын басқаруды жетілдіру бағыттары ұсынылған.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Кірістер мен шығындардың қалыптасуы мәселелері банкті стратегиялық және жедел басқару мәселелерін, жоспарлау және бюджеттеу, банк кірістері мен шығыстарын басқару мәселелерін қарастыру кезінде қозғалады. Айта кеткен жөн, шетелдік ғалымдар П. С. Роуз, П. Фалетти, Д. МакНотон, К. Дж. Барлтроп, Т. Бэррел, М. Хиггинс, Г. Вэйнс өз еңбектерінде жоспарлау процестерін, қаржылық есептілікті ұйымдастыру, банк қызметін бағалау жүйесін, басқарушылық есепті зерттеу барысында жанама түрде банк кірістері мен шығыстарын талдауға, жоспарлауға көңіл бөлген.

Сонымен бірге, банктік кірістер мен шығындарға байланысты мәселелерді зерттеу ресейлік ғалымдар Г. Н. Белоглазова, Л. Г. Батракова, Н. И. Валенцева, О. В. Гончарук, О. В. Грядова, С. А. Котляров, Л. П. Кроливецко, О. И. Лаврушин, И. В. Ларионова, И. Д. Мамонова, Ю. С. Масленченков, М. А. Поморина, Г. С. Панова, Т. С. Новашина, отандық ғалымдар С. Б. Мақыш, А. Ә. Ілиясов, Д. Бохаев еңбектерінде жақсы зерттелген кірістер мен шығыстардың қалыптасу мәселелері, банк қаржыларын басқару тұрғысындағы зерттеулерге әдістемелік тұрғыда негізделеді.

Г. О. Панова қалыптастырған банк табыстарын талдау әдістемесінде біріншіден, белгілі бір кезең аралығында алынған банктің табыстарының жалпы сомасын анықтау керек. содан кейін, оларды банк операцияларының әртүрлі түрлерін өткізгеннен алынған табыстар түрлеріне бөлу керек.

Шығындардың құрылымдық талдауы динамикасы мен өсу себептері ерекше мұқият талдауға жататын асырылады. Сонымен қатар, құрылымдық талдау шығындарды сапалы талдау үшін жүзеге асырылады. Панова Г. С. әдістемесінде көрсетілгендей шығындар пайыздық және пайыздық емес, сонымен қатар, тұрақты және тұрақсыз, операционды және басқа да болып бөлінеді. Бұндай топтау шығындар өсуінің негізгі факторларын анықтау және олардың төмендеуіне әсер ету үшін қажет [1, 23б. ] .

Батракова Л. Г. Ұсынған табыстарды талдау әдістемеде банк табыстарының дәстүрлі сыныпталуын қарастырады, автор пікірінше активтердің (банк табыстарын) табыстылық тұрғысынан топтау табыс әкелетін және табыс әкелмейтін активтерді анықтауға мүмкіндік береді.

Шығындардың құрылымдық талдауы динамикасы мен өсу себептері ерекше мұқият талдауға жататын асырылады. Сонымен қатар, құрылымдық талдау шығындарды сапалы талдау үшін жүзеге асырылады. Панова Г. С. әдістемесінде көрсетілгендей шығындар пайыздық және пайыздық емес, сонымен қатар, тұрақты және тұрақсыз, операционды және басқа да болып бөлінеді. Бұндай топтау шығындар өсуінің негізгі факторларын анықтау және олардың төмендеуіне әсер ету үшін қажет.

Л. Г. Батракова пікірінше активтердің (банк табыстарын) табыстылық тұрғысынан топтау табыс әкелетін және табыс әкелмейтін активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Банкқа табыс әкелетін активтерге: қысқа мерзімді (ақысыз несиелерді санамағанда) және ұзақ мерзімді қарыздар, басқа банктерге берілетін несиелер, құнды қағаздар, пайлар, акциялар, факторинг бойынша қарыз, шаруашылық қызметтеріне қатысу үшін кәсіпорындармен аударыған қаражаттар. Жиынтық активтердегі табыс әкелетін активтердің оптималды деңгейі 85% деп саналады. Ал динамикада бұл қатынас өсуге тиісті екенін айта кеткен жөн [2, 245 б. ] .

Ресейлік автор Копытова А. И. өзінің «Банк және Банк ісі» оқулығында,

бизнестің алуан турленуі коммерциялық банктің табыстылығының көзі болып табылады деп сипаттаған. Сонымен қатар автор банктің табысын қалыптастыруына байланысты екі топқа бөлген, ол активті және пассивті операциялардан табыс [3, 96 б. ] .

Голубев А. А., Абакумова А. В., Мишура Л. Г. «Банктік және сақтандыру ісі» оқулығында, коммерциялық банктің активті операциялары деп банктің меншікті және тартылган құралдармен байланысты операцияларды қарастырған [4, 24 б. ] .

Мақыш С. Б. өзінің «Банк ісі» еңбегінде банктің табысы мен шығысы туралы былай айтып кеткен: «Банк табысы - тəуекел тұсында жəне банк балансының өтімділігін қамтамасыз ете отырып, банк пайдасын арттыруды білдіреді. Коммерциялық банктердің табыс көздеріне несие бизнесі, дисконттық бизнес, сақтау бизнесі, банктік кепіл-хат беру қызметі, бағалы қағаздармен жасалатын бизнес, салымдар қабылдау жəне клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі, басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес, дəстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі сияқты банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады» деген. Сонымен қатар, автор банктің шығысына келгенде, пайыздық шығысқа тоқталып кеткен. Ол туралы автор «Пайыздық шығыстар клиенттердің талап ету жəне мерзімді депозиттері, басқа банктердің депозиттері бойынша, басқа да банктерден сатып алынған несиелік ресурстар үшін, сондай-ақ шығарған бағалы қағаздары бойынша төленген пайыздардан құралады. Пайызсыз шығыстарға жал банктің операциондық шығыстары мен басқару аппаратын ұстау шығындары жатады» деп айтқан [5, 216б. ] .

Американдық Роуз П. С. өзінің «Банковский менеджмент» еңбегінде банктің табысы туралы «Банктің табысы бұл банктің нәтижелігінің ең негізгі көрсеткіші» деген [6, 514б. ] .

Эриашвили Н. Д. өзінің «Банковское право» атты кітабында банктің табысын бөлуін қарастырған. Ол туралы автор: « Банк өзінің таза табысын бөлуде толық шаруашылық дербестікке ие. Оның баланстық және таза пайдасы заңға сәйкесінше анықталады. Баланстық табыстан салық, міндетті төлемдер, шаруашылық шығындар төленеді. Ал таза табыс банктің өз еркіндігінде қалады» деген[7, 179б. ] .

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ

Қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемелерінде банкпен берілген әрбір қарыздың өзгешелігімен қоса, қарыздық капитал нарығындағы қарызға деген сұраныс пен ұсыныс қатынасы көрініс табады. Қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне осы қарызға тән тәуекел дәрежесі, оның көлемі, мерзімі және өтеу тәсілі әсер етеді. Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесі банктер мен басқа да құралдар қайнар көздерінің арасындағы бәсекелестік деңгейіне, сонымен қатар, заңмен белгіленген пайыз мөлшерлемесінің ең жоғары көлеміне және қарыз алушылар мен банктердің экономикалық дамудың болашағын бағалауына байланысты болады [8, 216 б. ] .

Банктің пайыздық табыстарын талдау үшін берілетін қарыздарды сыныптау орынды болады, мысалы, қарыз алушылар топтарына байланысты:

Банктің пайыздық табыстарын талдау кезінде тұтас несиелік операциялардың және әрбір жеке несие тобының табыстылығының орташа деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерге мыналар жатады:

  • жалпы пайыздық табыстардың барлық қарыздық шоттар бойынша орташа қалдықтарға қатынсы;
  • қысқа мерзімді қарыздар бойынша алынған пайыздар мен қысқа мерзімді қарыздар бойынша орташа қалдықтар қатынасы;
  • ұзақ мерзімді қарыздар бойынша алынған пайыздар мен ұзақ мерзімді қарыздар бойынша орташа қалдық қатынасы;
  • қарыздардың жеке топтары бойынша алынған пайыздар мен зерттеліп жатқан топ бойынша орташа қалдықтың қатынасы [9, 174б. ] .

Бұл көрсеткіштердің динамикасы қандай қарыздық операциялар бойынша пайыздық табыстар өсетінін бағалауға мүмкіндік береді.

Пайыздық емес пайыздарды талдау банк табыстар алудық несиелік емес қайнар көздерін қаншалықты белсенді қолданылатынын анықтауға мүмкін береді. Ол үшін оларды динамикада және операциялар түрлері бойынша талдайды.

Әдетте табыстылық позициясы өткен кезең ішінде жасалған шығындар мен алынған табыстардан тұрады. Алынған нәтижелер банктің табыстылығын талдау үшін қолданылады және болашақтағы белгілі бір операцияларды мақсатқа лайықтыжүзеге асыру бойынша қажетті шешім қабылданады. Сонымен қатар, операциялардың жеке түрлеріне байланысты банк саястына өзгерістерді енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен бірге, табыстылық позициясы жасалған шарттардан күтілетін нәтижелер бойынша құрастырылады және ол күтілетін пайда көлемін бағалауға мүмкіндік береді. Бұндай көзқарас банктің жеке операцияларының табыстылық деңгейін олардың жалпы көлемінің қатынасы бойынш талдау жасауға және қажет болса банк қызметіне түзетулер енгізуге мүмкіндік береді [10, 18б. ] .

Дипломдық жұмысты жазу барысында, активтер тиімділігің көрсеткіші төмендегі формуламен анықталады:

ROA = (таза пайда) /(активтің орташа бағасы) × 100%, (1)

Сонымен қатар, меншікті капитал тиімділігінің коэффициенті мына формуламен анықталады:

ROE = (таза пайда) /(акционерлік капитал) ×100%, (2)

Тұрақты табыстар - бұл ұзақ уақыт аралығында тұрақты болып қала беретін болашағы жеңіл болжамдалатын табыстар. Тұрақтылық негізгі қызметтен алынатын табыстарға тән болады. Тұрақтылық жоқ болуы бизнестің тәуекелділігін көрсетеді. Табыстардағы тұрақсыздық жоғары болған сайын табыстар сапасы төмен болады. Табыстардың тұрақтылығын анықтау үшін есептік көрсеткіштердің қатары қолданылады: табыстардағы орта квадраттық ауытқуы, оның төмен мәні табыстардың жоғары сапасын көрсетеді; түр коэффициенті, оның жоғары деңгейі жоғары тәуекелділікті көрсетеді; табыстар тұрақсыздығы және формуламен анықталатын табыстардың тұрақсыздық индексі:

I=a(y-y t ) 2 /n, (3)

Мұндағы:

Yt - аналитикалық тегістеу әдісі көмегімен есептеледі: y t =a+bt, ;

а - валюта бағамының өзгерісі нәтижесінде пайда болған бөгеу;

b - өзгеріс мөлшері;

t - уақыт кезеңі.

Тұрақсыздық индексі нақты және мүмкін табыстар арсындағы вариацияны көрсетеді. Индекстердің жоғары мәні табыстардың төмен сапасын білдіретінін ескеру қажет.

Бұл әдістеменің авторы банк шығындарын анықтаудың екі жолын көрсетеді:

  1. барлық шығындар = Пайыздық шығындар + Пайыздық емес шығындар;
  2. барлық шығындар = Операционды шығындар + Банк қызметін қамсыздандыру бойынша шығындар + Басқа да шығындар.

Банк шығындарын талдау кезінде жалпы сомадағы шығындардың әрбір жеке тобының орны мен рөлін анықтайды.

Сонымен қатар, банктің таза табысын анықтау барысында мына формуламен анықталады:

Таза табыс = Жалпы барлық шығыс - Жалпы барлық табыс, (4)

Банк өнімдерінің өзіндік құны банк қызметінің белсенділік көрсеткіші болып табылады. Оны есептеу банк мүмкіншіліктерін анықтау үшін қажет. Банктің активті операцияларының өзіндік құны бір клиентке қызмет көрсету үшін өткен шығындардың орташа сомасымен сипатталуы мүмкін.

Қорытынды жасай отырып, банктің жиынтық шығындардың төмендеуіне төмендегілер әсер ететінін айта кеткен жөн.

  • ресурстық базаның құрылымын оптимизациялау;
  • пайыздық емес шығындарды төмендету.

Сонымен, банктің белгілі бір кезеңде пайдалылық өсімшесінің қарқынын теңестіруге немесе оны тұрақты деңгейде ұстауға мүмкіндік беретін жеткілікті бос ақша қаражаттарының бар болуы банктің қаржылық жағдайын басқаруының оң нәтижесі болып табылады.

  1. «ЦЕСНАБАНК» АҚ ТАБЫСТАРЫ МЕН ШЫҒЫСТАРЫН ТАЛДАУБанктің қызметіне сипаттама және банк қызметіне қаржылық талдау

«Цеснабанк» ЖАҚ 1992 жылдың 17 қантарында ҚР заңына сәйкес жабық акционерлік қоғамы ретінде құрылды. Ал 1997 жылы 6 ақпанда ашық түрдегі «Цеснабанк» Акционерлік Қоғамы болып қайта тіркеуден өтті.

«Цеснабанк»АҚ 2014 жылдың қорытындысы бойынша активтерінің мөлшері бойынша 4-орынға көтеріліп, алдын ала жиналған мәліметтерге сәйкес жүйені құруға негіз болады деп танылуы мүмкін әлеуетті банктер тізіміне кірді. Цеснабанктің жүйедегі маңыздылығының артуына байланысты Standard & Poor’s халықаралық рейтингісінің «В+» деңгейіне дейін көтерілді және ұлттық шкала бойынша «kzBBB» деңгейіне дейін көтерілді. Жарғылық капиталдың 20, 4 млрд. теңгеге ұлғайды. Ernst & Young Компаниясының тәуекелдіктерді басқару жүйесі және ішкі бақылауды жетілдіру үшін консалтингіні өткізу жөніндегі жобаны ұйымдастырды.

Euromoney журналы Цеснабанкті Euromoney Awards for Excellence байқауының шеңберінде қатарынан екі жыл (2013ж. -2014ж. ) “Қазақстанның Ең үздік банкі” деп таныды. Цеснабанк World Finance британ журналының жыл сайынғы жобасы әлемнің 100 жетекші компаниясы мен лидері тізіміне еніп, “2012 жылғы Қазақстанның Ең үздік коммерциялық банкі” атанды [11] .

1 кесте

ҚР екінші деңгейдегі банктерінің 01. 01. 2015 ж. жағдай бойынша активтер рейтингі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк табыстарын талдау
Банктік операциялар шығындарын басқаруды модернизациялау
Қаржы пәнінен оқу құралы
Табыстар мен шығыстардың есепте көрініс табуы, қаржылық нәтижені анықтау
Екінші дедгейлі Туран Алем банк қаржылық операциялары
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңдарына шолу
Қаржы жүйесі және оны үйымдастырудың қағидалары
Қаржылық жоспарлау, болжау
Банк пайдасы мен табыстылығы
ТАБЫСТАР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫҢ ЕСЕПТЕ КӨРІНІС ТАБУЫ, ҚАРЖЫЛЫҚ ШТИЖЕНІ АНЫҚТАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz