Коммерциялық банктің меншікті капиталын басқару
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1 Әдебиеттерге шолу 9
2 Зерттеу әдіснамасы: Банктердің меншік капиталының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету әдістері 11
3 «Цеснабанк» АҚ меншікті капиталын басқаруына талдау 14
3.1 «Цеснабанк» АҚ қызметіне сипаттама және құрылымы 14
3.2 «Цеснабанк» АҚ қаржылық көрсеткіштерін және меншікті капиталын талдау 16
3.3 «Цеснабанк» АҚ меншікті капиталды басқару барысындағы несие тәуекелдерін талдау 24
3.4 Алынған нәтижелер интерпретациясы 27
4 Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталды басқаруды жетілдіру
жолдары 29
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33
Қосымшалар 34

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты.Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:
‒ Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;
‒ Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;
‒ Ағымды шығындарды жабады;
‒ Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;
‒ Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.
Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын мәселелерінің бірі болып саналатын – банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылады.
Одан да басқа, банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторингтік, лизинктік операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелдігінен қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар, шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады, сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің болдырмауына өз ықпалын тигізеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» ҚР заңы 1995 ж. 31 тамыз
2. Ақша, несие, банктер: оқулық/ Сейітқасымов Ғ.К. - Алматы: Экономика, 2005. - 416 бет.
3. Банк ісі: оқулық/ Мақыш С.Б. - Алматы: Жеті Жарғы, 2009. – 552бет.
4. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: Оқу құралы/ Шелекбай Ә.Д., Әлмереков Н.А. - Алматы: Экономика, 2007. – 208 бет.
5. Эдвин Дж. Долан. Деньги, банки и денежно-кредитная политика, Санкт-Петербург: Санкт-Петербург Оркестр, 2004. – 448с.
6. Деньги, кредит, банки: учебник/ Лаврушина О. И. - Москва: Кнорус, 2010. – 320с.
7. Н.Д.Эриашвили. Банковское право, Москва:Закон и право. – 2005. – 219с.
8. Қазақстанның банк жүйесі: оқулық/ Бекболатұлы Ж. – Алматы, 2009 -309 бет.
9. «Цеснабанк» АҚ жылдық қаржылық есебі (2012-2014ж.)
10. «ҚР Ұлттық Банкі туралы» ҚР заңы 1995 ж. 30 наурыз
11. Коммерциялық банктердің операциялары: оқулық/ Мақыш С.Б.- Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 бет.
12. Усоскин.В.М. Современный коммерческий банк: управление и операцій. – М.: Антидор. - 2008. – 53с.
13. «ҚазҰУ Хабаршысы» 2014ж. - №4(43).
1. «ҚР банктер және банк қызметі туралы» ҚР заңы 1995 ж. 31 тамыз
2. Ақша, несие, банктер: оқулық/ Сейітқасымов Ғ.К. - Алматы: Экономика, 2005. - 416 бет.
3. Банк ісі: оқулық/ Мақыш С.Б. - Алматы: Жеті Жарғы, 2009. – 552бет.
4. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: Оқу құралы/ Шелекбай Ә.Д., Әлмереков Н.А. - Алматы: Экономика, 2007. – 208 бет.
5. Эдвин Дж. Долан. Деньги, банки и денежно-кредитная политика, Санкт-Петербург: Санкт-Петербург Оркестр, 2004. – 448с.
6. Деньги, кредит, банки: учебник/ Лаврушина О. И. - Москва: Кнорус, 2010. – 320с.
7. Н.Д.Эриашвили. Банковское право, Москва:Закон и право. – 2005. – 219с.
8. Қазақстанның банк жүйесі: оқулық/ Бекболатұлы Ж. – Алматы, 2009 -309 бет.
9. «Цеснабанк» АҚ жылдық қаржылық есебі (2012-2014ж.)
10. «ҚР Ұлттық Банкі туралы» ҚР заңы 1995 ж. 30 наурыз
11. Коммерциялық банктердің операциялары: оқулық/ Мақыш С.Б.- Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 бет.
12. Усоскин.В.М. Современный коммерческий банк: управление и операцій. – М.: Антидор. - 2008. – 53с.
13. «ҚазҰУ Хабаршысы» 2014ж. - №4(43).
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1 Әдебиеттерге шолу 9
2 Зерттеу әдіснамасы: Банктердің меншік капиталының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету әдістері 11
3 Цеснабанк АҚ меншікті капиталын басқаруына талдау 14
3.1 Цеснабанк АҚ қызметіне сипаттама және құрылымы 14
3.2 Цеснабанк АҚ қаржылық көрсеткіштерін және меншікті капиталын талдау 16
3.3 Цеснабанк АҚ меншікті капиталды басқару барысындағы несие тәуекелдерін талдау 24
3.4 Алынған нәтижелер интерпретациясы 27
4 Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталды басқаруды жетілдіру
жолдары 29
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 33
Қосымшалар 34
КІРІС
ПЕ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты.Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:
oo Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;
oo Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;
oo Ағымды шығындарды жабады;
oo Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;
oo Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.
Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын мәселелерінің бірі болып саналатын - банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылады.
Одан да басқа, банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторингтік, лизинктік операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелдігінен қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар, шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады, сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің болдырмауына өз ықпалын тигізеді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты.Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды [7]. Соның ішінде:

Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады. Банктің меншікті каиталы банктің тартылған ресурстарына қарағанда сенімділігі жоғары ресурс болып табылады. Активті опеациялардың жүргізілуі мумкін шығындардың пайда болуына әкеледі және олар өз кезегінде резервтердің құрылуын талап етеді. Егер де банк қызметін жүргізген кезде және оның қорытындысы бойынша банкте шығындар пайда болса, онда банк жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігінен айырылады, ал резервтердің бар болу кезінде, жарғылық капитал резервтер есебінен толықтырылады да банк қызметінің қалыпты жұмыс атқаруына жол береді
Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады [1].
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: дипломдық зерттеудің нәтижелері - банктің меншікті капиталының басқаруына жүргізілетін талдау және қазіргі таңдағы отандық банктердің меншікті капиталын ұлғайту перспективаларын айқындау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі - Цеснабанк АҚ меншікті капиталы.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қаржылық талдаудың әдістері құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; банк қаржысын басқарудың қазіргі заманғы әдістері. Қаржы шаруашылық мәліметтерді, нақты сұрақтар мен мәселелерді әзірлегенде абстракция-логикалық, экономика-статистикалық, талдаулық және синтез әдістері қолданылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болып шетелдік және Қазақстандық экономист-ғалымдардың еңбектері, заңдар, нормативті-актілер мен әдістемелік материалдар табылады. Бұл жұмысты жазу барысындаҚР Банк және банк қызметі туралы Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері және Сейтқасымова Ғ.С., Міржақыпова С.Т. Мақыш С.Б., және т.б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс тапты. Зерттеудің ақпараттық негізін банктің бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің мәліметтері, банктің ішкі нормативті-техникалық құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, банк ісі саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары құрайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - банктің меншікті капиталының басқаруына жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы отандық банктердің меншікті капиталын ұлғайту перспективаларын айқындау.
Дипломдық жұмысты жазуды мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
oo Банктердің меншік капиталының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің әдістемесіқарастыру;
oo Цеснабанк АҚ меншікті капиталын басқару қызметіне талдау;
oo Цеснабанк АҚ жалпы сипаттама;
oo Цеснабанк АҚ қаржылық көрсеткіштерін және меншікті капиталын талдау;
oo Цеснабанк АҚ меншікті капиталды басқару барысындағы тікелей несие тәуекелдерін талдау және басқару процесін қарастыру;
oo Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталды басқаруды жетілдіру жолдары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, әдебиеттерге шолу, төрт бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде коммерциялық банктің меншікті капиталына әр-түрлі авторлардың сипаттамасы көрсетілген.
Екінші бөлімде банктердің меншікті кпаиталының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету әдістері қарастырылған.
Үшінші бөлімде Цеснабанк АҚ меншікті капиталын басқаруына талдау бойынша, Цеснабанк АҚ қызметіне сипаттама, Цеснабанк АҚ қаржылық көрсеткіштерін және меншікті капиталына талдау, Цеснабанк АҚ меншікті кпаиталды басқару барысындағы ннесие тәуекелдерін талдаулары көрсетілген.
Төртінші бөлімде екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталды басқарудағы жетілдіру жолдары қарастырылған.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғ.С. Сейітқасымов Ақша, несие, банктер оқулығында, меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының 10 пайызын құрайды, сонымен қатар меншікті капитал банктің қорғаныс кепілдік қоры деп сипаттаған. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі жоғары деген автор [2, 367 б.].
С.Б. Мақыш Банк ісі оқулығында, банктің меншікті капиталы-банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметтің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы. Сонымен қатар автор қазірігі коммерциялық банктердің меншікті капиталды құрайтын баптарды сипаттаған [3,126 б.]. Олар:
oo Жарғылық капитал;
oo Резервтік капитал;
oo Қосымша капиталдар;
oo Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
oo Бөлінбеген банк пайдасы.
Ә.Д. Шелекбай мен Н.А.Әлмереков Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі оқу құралында, банктік капиталдың функциясы-банк қызметінің көлеміне, типіне, сипаттамасына демеу көрсету; белгілі бір себептермен зиян шеккенде қамтамасыз ету және банк несиелеуімен қызмет көрсететін түлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды жалғастыруды қамтамасыз ету қажет деп сипаттаған [4, 111 б.].
С.Б. Мақыш Банк ісі оқулығында, Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік банк нысанында және пай қосу арқылы құрыла алады деп зерттеген. Пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында, ол дегеніміз пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асыралады деп сипаттаған. Алайда, акционерлік банктер өзінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.
Сонымен қатар, С.Б. Мақыш Банк ісі оқулығында, меншікті капиталдың құрамдас бөлігі-акционерлік капитал десе, Ә.Д. Шелекбай мен Н.А.Әлмереков Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірибесі оқу құралында, акционерлік капитал бірнеше мақсатқа қызмет етеді деген, олар: акционерлер мен банк үшін қаражаттандырудың үнемі кіріс көзін қамтамасыз етіп отырады; оның тәуекелді қамтамасыз етуге және зияндарды жабуға мүмкіндігі бар; ол банкінің әрі қарай өсуіне база болып табылады, сонымен қатар банк сенімді және парасатты басқарылуына куционерлердің ұмтылысына бағыт береді.
С.Б. Мақыш Банк ісі оқулығында, банктің меншікті капиталының ұлғайту жолдарын көрсеткен, олар банк пайдасы; ақциялар шығару; құрылтайшылар мен пай қосушылардың санын арттыру және облигациялар шығару жатады. Сонымен өатар авторлар банктің меншікті капиталдың атқарытын қызметтерін қарастырған. Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, оның капиталының шамасының банктік төлем қабылетіне жіне тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған дағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді. Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі, жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайныа байланысты резервтер құруды сипаттайды. Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа банктердің меншікті капиьалы реттегіш қызметті атқарады, бұл қызмет қоғамның мүддлерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Айналым қызметі өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік орепацияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды. Банктердің төлем ресурстарының мүмкін болар тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын резервтер сияқты, активтік операцияларды болатын тәукелдердің орнын толтыру үшін арнайы меншікті капитал резервін құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі-резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.
Эдвин Дж.Долан өзінің Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика еңбегінде банктің меншікті капиталы активтің пассивтен асатын өлшемі деген [5, 416б.]. Сол сияқты Ресей авторы Лаврушин О.И. меншікті капитал деп активті операцияларының өсуінің негізі деген [6, 237б.]. Ал Н.Д.Эриашили Банковское дело еңбегінде меншікті капиталдың ішінде жарғылық капиталға тоқталып кеткен. Жарғылық капитал туралы автор былай деген: Жарғылық капитал клиенттерінің салымының өсумен құралады және меншіктің ең төмен мөлшерін анықтайды [7, 125б.].
2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ
Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-жылдардың екінші жатырсында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікір талас туғызған. Сөйтіп, 1988 жылы Базель комитеті келесімінің шешімімен Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісішарт негізінде Кук коэффициенті деп аталатын жеткілікті нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық Банкінде, пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук коэффициенті, банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған.
Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етумен қатар, төменгі тәуекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: I деңгейдегі капитал және II деңгейлі капитал.
Базель келісімінің бекіткен нормативтік коэффициентіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын, пруденциалдық нормативтер қатарында банк капиталының жеткіліктілігі коэффициентін белгілейді.
Базель келісіміне сәйкес, меншікті капиталдың жеткіліктілігін анықтайтын басты көрсеткіш ретінде тәуекелді активтер көрсеткіші болып саналады, мұнда:
oo Тәуекелді активтер коэффициенті;
oo Банктің меншікті капиталы;
oo Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің сомасы;
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейде бөлінеді:
Бірінші деңейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (KI):
oo Тіркелген көлеміндегі төленген жарғылық капитал;
oo Қосымша капитал;
oo Өткен жылдардың таза кірісінің есебінен құрылған қорлар мен резервтер, өткен жылдың таратылмаған таза кірісі;
Минус:
oo Материалды емес активтер;
oo Өткен жылдың шығындары;
oo Ағымды жылдың шығындарының ағымды жылдың кірістерінен асуы;
Екінші деңгейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (КII):
oo Ағымды жылда шығындардың кірістердің асуы;
oo Негізгі құралдар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау
oo Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтер сомасының 1,25% аспайтын жалпы резервтер (провизиялар);
oo Бірінші деңгейлі капиталдың сомасының 50% аспайтын субординарлық қарыз.
Тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтер келесі формуламен анықталады, мұнда:
oo жеке операциялар бойынша активтер;
oo тәуекелділік коэффициенті(деңгейі);
oo Капитал жеткіліктілігін мінездейтін пруденциялдық нормативтер орындалуы анықталады-олар КI және КII коэффициенттері.
Пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес меншікті капитал келесі формуламен анықталады [8, 173б.]:
МК = КI + КII - ИК, (1)
Мұнда:
КI - бірінші деңгейлі капитал;
КII - екінші деңгейлі капитал;
ИК - басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестиция және субординарлық қарыздары (сатып алынған акциялар мен субординарлық қарыздар).
Бірінші деңгейлі капитал мен меншікті капиталдың есебіне кірген екінші деңгейлі капиталдың жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген бірінші деңгейлі капиталды бірінші деңгейлі капитал мен меншікті капиталдың есебіне кірген екінші деңгейлі жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілгенактивтерге сәйкестендіру арқылы анықталады. Коэффициентінің мағынасы 0,06 (6%)-данкем болмауы керек.
Банктің меншікті капиталын арнайы резервтерге, тағыда екінші деңгейлі капиталдың құрамына кірмеген жалпы және банктің меншікті капиталының есебіне кірмеген екінші деңгейлі капиталға кемітілген тәуекелділігі бойынша өлшенген активтер мен шартты міндеттемелерге сәйкестендіру арқылы анықталады.
Коэффициентінің мағынасы 0,12 (12%) - дан кем болмауы керек.
Банктің меншікті капиталын талдай отырып, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін талдай кеткен жөн.
Сандық көрсеткіш жағынан, банктің капиталының мөлшері, құрылтайшыларының саны, клиенттерінің саны, филиалдық торабының саны,корреспонденттік қатынастар жасайтын банктер саны және т.б.жатады.
Сапалық көрсеткіш жағынан банк капиталының жеткіліктілігі, банк активтерінің сапасы, банктің пайдалылығы, банк өтімділігі, банк өнімдерінің түрлері, сипаты жатады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Цеснабанк АҚ болып табылғандықтан, банктің сандық және сапалық көрсеткіштерін қарастыруға болады.
Сандық көрсеткіш жағынан, Цеснабанк АҚ бас банктен, 21 филиалдан, 2 өкілдіктен тұрады. Банк филиалдары Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында орналасқан, олар халыққа банк қызметінің барлық түрлерін сапалы және уақытылы ұсынады.Қазіргі кезде Цеснабанк АҚ активінің көлемі 209 млрд. теңге, немесе 1,4 млрд. доллар болып еліміз бойынша банктер арасында алдыңғы ондыққа кіреді. Банктің меншікті капиталы 2014 жылы 48 435 339 мың теңгені құрады, яғни 2013 жылмен (32 764 223 мың теңге) салыстырғанда капитал көлемі 15 671 116 мың теңгеге немесе 47,8 пайызға өсті. 2014 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша банктің несиелік қоржыны513,6 млрд. теңгені құрады. Жыл басынан бастап өскені 28,5 млрд. теңге немесе 18,6% [9].
Сапалық көрсеткіш жағынан, банктің тиімділігіне талдау жасасақ, активтердің пайдалылығы банк активтерінің пайда әкелу қабілетін, сондай-ақ банктіңөз активтері мен пассивтерін басқару тиімділігін сипаттайды. 01.01.2015ж. жағдай бойынша БанктіңROA 1,34%құрады. Әлемдік тәжірибеде капиталға пайда нормасы (ROE) банк қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіші болыптабылады.01.01.2015 ж. жағдай бойынша Банктің ROE 16,86 %құрады. Жеткіліктілік коэффициенті - к1 орындалды және 2014 жылдың 31 желтоқсанында ол 0,04 нормасында 0,101 құрайды. К2 коэффициент орындалуда. 2014 жылы 31 желтоқсанда нормасы 0,12 кем емес бұл коэффициенттің көрсеткіші 0,123 көрсетті. Өтімділік коэффициенті 2014 жылы 0,2 нормасымен 0,29 дейін жетіп, өз нормасын орындады.
3 ЦЕСНАБАНК АҚ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУЫНА ТАЛДАУ
3.1 Цеснабанк АҚ қызметіне сипаттама және құрылымы
Ең алдымен, Цеснабанк ЖАҚ 1992 жылдың 17 қантарында ҚР заңына сәйкес жабық акционерлік қоғамы ретінде құрылды. Ал 1997 жылы 6 ақпанда ашық түрдегі Цеснабанк Акционерлік Қоғамы болып қайта тіркеуден өтті [9].
Бүгінгі күні жағдайға байланысты, Euromoney журналы Цеснабанк АҚ-ты Euromoney Awards for Excellence байқауының шеңберінде 2014 Қазақстанның Ең үздік банкі деп таныды.
2014 ж. маусым айында Standard & Poor's рейтінгілік агенттігі Банктің жүйедегі маңыздылығының артуына байланысты Цеснабанк АҚ-тың рейтингісін В деңгейінен В+ деңгейіне дейін көтерді (болжам Тұрақты), сондай-ақ ұлттық шкала бойынша рейтингісін kzBBB- деңгейінен kzBBВ деңгейіне дейін көтерді.
2014 ж. бірінші тоқсанының нәтижесі бойынша Цеснабанк активтерінің мөлшері бойынша ҚР ЕДБ бірінші ондығында 5-орынға ие болды.
"Цеснабанк" АҚ жарғылық капиталын 10 миллиард теңгеге ұлғайтты.
2014 ж. ақпан айының нәтижесі бойынша Цеснабанк активтерінің мөлшері 1 триллион теңгеден асты.
Банк Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-тың атынан 2013 жылғы ынтымақтастық нәтижесі бойынша Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы І-бағытының шеңберінде кредиттерге кепілдік беру бағдарламасын іске асыруда жақсы нәтижеге жеткені үшін марапатқа ие болды.
Цеснабанк активтерінің мөлшері бойынша ҚР банктерінің бірінші ондығына кіреді және 01.01.2015 ж. жағдай бойынша рейтингідегі 5 - орынға ие. Активтері, несие қоржыны және депозиттер бойынша нарықтағы үлесінің тұрақты өсімі 1кестеге сәйкес көрсетілген.
Банктің бас кеңсесі еліміздің астанасы - Астана қаласында орналасқан еліміздегі жалғыз коммерциялық банк болып табылады. Қазіргі кезде Цеснабанк АҚ активінің көлемі 209 млрд. теңге, немесе 1,4 млрд. долларға жетіп еліміз бойынша банктер арасында алдыңғы ондыққа кіреді.
Банк заманауи банктік технологиялар және құрылғылармен жабдықталған, шамамен 2936 білікті маман тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетеді.
Акционерлік Қоғамдастықтар туралы 1998 жыл 10 шілдедегі Заңға сәйкес банк қайта тіркеуден өтіп ашық түрдегі Цеснабанк Акционерлік Қоғамы ретінде 1999 жылғы 12 ақпанда №4078-1900-АО Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігін алды.
2011 жылы Банк қосымша 5,7 млрд. теңге сомасынажай акция орналастырды, бұнымен 30 млрд. теңге мөлшерінде жарияланған акциялардың толықкөлемі орналастырылды.
2012 жылғы 12 қаңтарда Акционерлердің жалпыжиналысының шешімімен акциялардың жалпысанын 30 млн. данадан 80 млн. данаға дейін ұлғайтушешімі қабылданды.
Банктің негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 2002 жыл 27 қыркүйекте берген №74 лицензиясы банк заңнамасымен бекітілген ұлттық және шетел валютасында банктік операциялар жүргізу болып табылады [10]. Олар:
oo заңды тұлғалардан депозит қабылдау, банктік шот ашу және оны жүргізу;
oo жеке тұлғалардан депозит қабылдау, банктік шот ашу және оны жүргізу;
oo банк операцияларының бөлек түрлерін жүргізетін банктер мен ұйымдарға корреспонденттік шот ашу және оны жүргізу;
oo кассалық операциялар жүргізу: қабылдау, беру, қайта есептеу, айырбастау, банкноталар мен монеталарды сақтау;
oo аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың талабы бойынша аударым жасау;
oo есеп жүргізу: заңды және жеке тұлғалардың вексель және басқа да борышты міндеттемелері есебін жүргізу;
oo несие операциялары: ақылы, мерзімді және қайтарымды негізде ақшалай түрде несиелер ұсыну;
oo заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша есеп-айырысу талаптарын орындау;
oo сейфтік операциялар: тұтынушылардың құжат түрінде шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету, сонымен бірге сейфтік жәшіктер мен шкафтарды жалға беру;
oo ломбардтық операциялар: тезөтімді бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлікті кепілдікке ала отырып қысқамерзімді несие ұсыну;
oo төлем карточкаларын шығару;
oo банкнота, монета мен құндылықтарды инкассациялау және жеткізіп беру;
oo шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру және т.б.
Цеснабанк ТМД-ның қаржылық нарығында да белсенді жұмыс атқарып келеді. 2007 жылы қарашада Ресейдің Мәскеу қаласында Цеснабанк АҚ-ның өкілдігі ресми түрде тіркелді. Өкілдіктің бірінші дәрежелі мақсаты: Ресей Федерациясындағы банктік сектордағы жағдай мен экономикалық ахуалды зерттеу, банктің тұтынушыларына ақыл-кеңес беру, халықаралық ынтымақтастықты дамытумен қатар ресейлік несиегер ұйымдармен байланысу және қарым-қатынасты кеңейту. Цеснабанк АҚ басқару құрылымы 1суретте көрсетілген.
Цеснабанк АҚ
Бақылаушы орган
Атқарушы орган
Басқару органы
Жоғары орган
Ішкі аудит қызметі
Басқарма
Директорлар Кеңесі
Акционерлер жиналысы
Сурет 1 - Цеснабанк АҚ басқару жүйесінің құрылымы
Ескерту - Цеснабнк АҚ мәліметтерінен алынған
Цеснабанк АҚ негізгі органдары мыналар болып табылады:
1) Жоғары орган - Акционерлердің жалпы жиналысы;
2) Басқару органы - Банктің Директорлар Кеңесі;
3) Атқарушы орган - Банк Басқармасы;
4) Бақылау органы - Ішкі аудит қызметі.
Банктің қызмет көрсетуінің негізгі бағытына заңды тұлғаларды несиелеу жатады, оның ішінде республиканың түрлі аймағында орналасқан ірі сауда, құрылыс, өндірістік кәсіпорындар бар.
Цеснабанк АҚ Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры АҚ және Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ ынтымақтастығы аясында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелейді.
Сонымен бірге банктің ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді несиелеуге арналған бағдарламалары бар.
Сенімді әрі тұрақты қаржы мекемесінің атақты беделін банктің Қазақстандағы тұтынушылары ғана емес, шетелдегі серіктестері де мойындады.
3.2 Цеснабанк АҚ қаржылық көрсеткіштерін және меншікті капиталын талдау
Кез келген коммерциялық банктердің жұмысының жағдайы туралы маңызды ақпарат оның қаржылық көрсеткіштері болып табылады.
Қаржылық жағдай - банктің экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы екендігі мәлім. Ол банктің бәсекеге қабілеттілігі мен банк және оның серіктестерінің экономикалық мүдделері қай деңгейде кепілдендірілгенін анықтап береді.
Банктердің тұрақтылығы елдің экономикасына әсерін тигізбей қоймайды. Нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін ең алдымен өзінің және бәсекелестерінің қаржылық жағдайын бағалай білу шарт.
.
Сурет 2 - Цеснабанк АҚ жарғылық капиталы
Е с к е р т у - Цеснабанк АҚ қаржылық есептемесінен алынған мәлімет
Жоғарыда көрсетілген 2 суретте, Цеснабанк АҚ жарғылық капиталы 2012 жылылы 2011 жылмен салыстырғанда 5,0 млрд.теңгеге ұлғайса, 2013 жылы банк жарғылық капиталын 6,3 млрд ұлғайтты. Ал 2014 жылы банк жарғылық капиталын 61,7 теңгеге толықтырды.
Сенімді әрі тұрақты қаржы мекемесінің атақты беделін банктің Қазақстандағы тұтынушылары ғана емес, шетелдегі серіктестері де мойындады. Қаржыландыру қорын әртараптандыруға бағытталған банктің стратегиясына сәйкес 2006 жылы банк капиталдың халықаралық нарығына қаржыны белсенді жұмылдыра бастады. 2006 жылдың мамырында сомасы 22 млн. АҚШ долларының бірлестірілген дебюттік несиесін жұмылдыруды жүзеге асырды. Осы жылдың желтоқсанында сомасы 50 млн. АҚШ долларының бірлескен екінші несиесін жұмылдырды.
Екі жағдайда да несиенің алғашқы сомасы шетел инвесторларының жағынан сұраныстың көптігіне байланысты жоғарылатылды. 2007 жылғы шілдеде сомасы 54 млн. АҚШ долларының бірлестірілген үшінші несиесі жұмылдырылды.
Банктің тиімділігіне талдау жасасақ, активтердің пайдалылығы банкактивтерінің пайда әкелу қабілетін, сондай-ақ банктіңөз активтері мен пассивтерін басқарутиімділігін сипаттайды. 01.01.2015 ж. жағдай бойынша Банктің ROA 1,34% құрады. Оны 2суретке сәйкес қарастырса болады.
Сурет 3 - ROA активтер тиімділігінің коэффициенті
Е с к е р т у - Цеснабанк АҚ қаржылық есептемесінен алынған мәліметтер
ROA = таза пайда активтің орташа бағасы x 100%, (2)
ROA 2013 = 8841 425048 x 100% =2.08%
ROA 2014 = 10288 487582 x 100% =2.11%
ROA 2015 = 10409 776791 x 100% =1.34%
3 суретте сәйкес активтер тиімділігінің коэффициенті 2013 жылы 2012 жылға қарағанда 2,08%-ға өсті, ал 2014 жылы 2,11%-ға өсті.
Әлемдік тәжірибеде капиталға пайда нормасы (ROE) банк қызметітиімділігінің негізгі көрсеткіші болыптабылады.01.01.2015 ж. жағдай бойынша Банктің ROE 16,86 % құрады. Оны 4 суреттен байқауға болады.
Сурет 4 - ROE меншікті капитал тиімділігінің коэффициенті

ROE = таза пайда акционерлік капитал x100% , (3)
ROE 2013 = 8841390 32409788 x100% = 27.28%
ROE 2014 = 10288238 38634015 x100% = 26.63%
ROE 2015 = 10409335 61739830 x100% = 16.68%
4 суретте көрсетілгендей, меншікті капиталдың тиімділік коэффициенті 2013 жылы 2012 жылға қарағанда 27,28% өзгеріп, 2014 жылы 26,63%-ға төмендеді.
Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құралған бактің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметтің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
oo Жарғылық капитал;
oo Резервтік капитал;
oo Қосымша капиталдар;
oo Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар;
oo Бөлінбеген банк пайдасы [11, 113б.].
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды.
Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялдық нормативтерімен реттеліп отырады.
Жарғылық капиталды минималды деңгейден төмен қалыптастырмау, тек қана жаңадан құрылған банктер үшін емес, сонымен бірге қызмет ететін банктер үшін міндетті шарт болып табылады.
Банктің жарғылық капиталды көбейту - өзінің активті және пассивті операциялардың көлемін кеңейтумен байланысты бола алады.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz