Коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 6

Негізгі бөлім 9

1 Әдебиеттерге шолу 9

2 Зерттеу әдіснамасы: Коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару әдістері 12

3 «Казкоммерцбанк» АҚ пассивті операцияларына талдау 15

3. 1 «Казкоммерцбанк» АҚ қаржылық жағдайының сипаттамасы және талдау 15

3. 2 «Казкоммерцбанк» АҚ меншікті капиталының жеткіліктілігін талдау 20

3. 3 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік оперцияларының көрсеткіштерін

бағалау 22

3. 4 Пассивті операциялардың банк қызметіне әсерін бағалау 26

3. 5 Ашылған нәтижелерді қортындылау (интерпретациясы) 28

4 Комерциялық банктің пассивті операцияларын басқаруды жетілдіру

жолдары 30

Қорытынды 34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 36

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі . Қаржы нарығы экономиканың ең тез дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Қазіргі екінші деңгейлі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сонымен қатар халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Қазіргі таңда негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыдай салымдар тарту және қарыздар беруді жатқызады. Банктер өз табысының көп бөлігін қызмет көрсету операцияларынан пайыздық айырмадан алады.

Пассивтік операциялар негізінде банктің қаражаттары қалыптасады. Сол себептен де пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі маңызы зор. Жалпы банктің қаражаттарының 80% жуығы тартылған қаражаттардан тұратыны белгілі. Пассивтік операциялар негізінде банк ресурстары қалыптасатындықтан, оның анықтамасына тоқталып кетейік. Қаржы және несие сөздігінде: пассивтік операциялар деп, несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары жатқызады.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: дипломдық зерттеудің нәтижелері - коммерциялық банктердің пассивті операцияларының ерекшеліктеріне талдау жүргізу және оны жақсартудың кейбір жолдары ұсынылған.

Банктің меншікті қаражаттары болып, банктің экономикалық жекешеленуін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін алуан түрлі қорлар (капиталдар) және бөлінген пайда жиынтығы құрайды. Коммерциялық банктер капитал процесінде, банктік секторды шешуші экономикалық рөлі орын алады. Коммерциялық банктер пайда нормасын жүргізіп, бұл процесс бөлігін жалпы экономикалық деңгейіне әкеліп соғады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі ретінде «Казкоммерцбанк» АҚ орын алады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қаржылық талдаудың әдістері құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; банк қаржысын басқарудың қазіргі заманғы әдістері. Қаржы шаруашылық мәліметтерді, нақты сұрақтар мен мәселелерді әзірлегенде абстракция-логикалық, экономика-статистикалық, талдаулық және синтез әдістері қолданылады.

Осы коммерциялық банктердің мәселелері мен шешуші жолдарының маңыздылығы және олардың пайдасын жоғары шегіне жеткізуін ашып көрсету, осы тақырыптың өзектілігі мен мәні осы бағытта анықталады.

Банктердегі жеке тұлғалар шоты бойынша банктік құпия туралы заңды актілерді қабылдау және жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерін кепілдендіру жүйесі жүзеге асқаннан бері халықтың бос ақшаларын тартуда экономикамызда оңтайлы шаралар жүргізілуде. Халық салымдарын сақтандыру жүйесі Қазақстан Республикасында банк саласындағы ең маңызды жетістіктердің бірі, себебі басқа ТМД елдерінде мұндай жүйе мүлдем жоқ.

Сол себептен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк жүйесінің тұрақтылығын сақтауда және банк мекемелеріне деген халық сенімділігін арттыруда өзінің негізгі міндеттерін оңтайлы орындауда.

Осындай жағдайда халық тарапынан депозит салымдарынан түсетін пайда жайлы және қызмет көрсету сапасына байланысты туындайды.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болып шетелдік және отандық экономист-ғалымдардың еңбектері, заңдар, нормативті-актілер мен әдістемелік материалдар табылады. Бұл жұмысты жазу барысындаСейтқасымова Ғ. С., Міржақыпова С. Т. Мақыш С. Б., Хамитов Н. Н. Баканов М. И., Шеремет А. Д., Сайфуллин Р. С., және т. б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс тапты. Зерттеудің ақпараттық негізін банктің бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің мәліметтері, банктің ішкі нормативті-техникалық құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, банк ісі саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары құрайды.

Негізінен экономикада халықты толғандыратын мәселе - капиталды (жеке жинақтар) қалай қауіпсіз түрде ұлғайтуға болады, өйткені табыс көлемі тәуекел көлеміне тура пропорционалды, яғни нарықта жоғары пайданы жоғары тәуекелділік бар жерде ұсынады. Бірінші кезекте бұл Қазақстанның әр түрлі аймағындағы біресе бар, біресе жоқ болатын қаржы пирамидаларына негізделген. Сондықтан Ұлттық Банк басқармасы мұндай ұйымдардың қызмет жасауы заңды емес және қаржы пирамидаларына ақша салмастан бұрын ойлану керектігін айтады. Шындығында, халық біртіндеп келе ақша қаражаттарын тұрақты пайыз мөлшерлемесімен банк депозиттеріне салу керектігін түсінді.

Бірақ, салымшы депозит түрін таңдағанда дұрыс шешім қабылдай алмайды. Сол себептен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мұндай салымшыларға дұрыс банк таңдау және депозит ашуға көмек ертінде 1997 жылы екінші деңгейлі банк салымшыларына арналған ұсыныснамалар шығарып, баспаларды жариялады. Бұл ұсыныснамалар салымшыларға жарияланған банктік есеп берулерінің негізінде банктің қаржы жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқарудың теориялық негіздерін қарастыру және нақты банк мысалында коммерциялық банктің пассивті операцияларын талдау.

Дипломдық жұмысты жазуды мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

  • коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару әдістерін қарастыру;
  • накты банк мысалында коммерциялық банктің пассивті операцияларын талдау;
  • «Казкоммерцбанк» АҚ қаржылық жағдайының сипаттамасы және талдау;
  • «Казкоммерцбанк» АҚ меншікті капиталынының жеткіліктілігін талдау;
  • «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік операцияларын көрсеткіштерін талдау;
  • Пассивті операциялардың банк қызметіне әсерін бағалау;
  • Коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқаруды жетілдіру жолдарын ұсыну.

Пассивтік операциялар арқасында банктер экономика секторынан несиелік қаражаттарды сатып алады.

Пассивтік операциялардың келесідей формалары бар:

  • коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды көбейту және құру;
  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
  • депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналымдағы ақшалай қаражаттарды коммерциялық банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе тартылған ресурстар құралады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, төрт бөлімдерден, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады.

Бірінші бөлімде, пассивтік операциялар туралы отандық және шетелдік авторларының ойлары қарастырылған.

Екінші бөлімде, коммерциялық банкті, соның ішінде «Казкоммерцбанк» АҚ пассивті операцияларын басқару әдістері туралы қарастырылған.

Үшінші бөлімде, «Казкоммерцбанк» АҚ қаржылық жағдайы, пассивтік операциялары бойынша талдау, меншікті капиталы мен депозиттік операциялары бойынша талдау жасалған.

Төртінші бөлімде, жалпы коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару бойынша жетілдіру жолдары мен қазіргі жағдайы қарастырылған.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Коммерциялық банктер біріншіжен, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екіншіден, бұл қаражаттарды есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы ұйым. Мақыш Серік Биханұлы өзінің «Банк ісі» оқулығында «Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады» деп айтып кеткен [1, 124б. ] . Сонымен қатар, пассивті операцияға Л. Давыдова және Д. Райманов өздерінің «Қазақстан Республикасының банк құқығы» оқулығында «Пассивті операциялары арқылы банктер өздерінің ресурстарын қалыптастырады» деп С. Б. Мақыштың пікіріне қосылады. Бұл анықтамағаамерикандық автор Эдвин Дж. Долан да қосылады және ол өзінің «Ақша, банк ісі және ақша неисе саясаты» атты кітабында пассивті операцияларға мынадай анықтама береді: Пассивті операциялар - бұл өз ресурстарын қалыптастыратын банкке қаражаттарды тарту бойынша операциялар [2, 476б. ] .

Пассивті операциялар түрлерін орыс авторы О. И. Лаврушина өзінің «Деньги, кредит, банки» оқулығында 3-ке жіктеп қарастырған. Яғни, салымшылардың ақша қаражаттарын қызмет көрсетумен бірге тарту, салымшылардың ақша қаражаттарын қызмет көрсетусіз тарту, ақша қаражаттарын басқа да көздерден тарту. Автордың айтуынша, пассивті операцияларға заңды және жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына қаражаттарды тарту, азаматтар мен ұйымдардың шұғыл шоттарын ашу, бағалы қағаздарды шығару, басқа банктерден тартылған қарыздарды жатқызуға болады[3, 236б. ] .

Ал Мақыш Серік Биханұлы өзінің «Банк ісі» оқулығында коммерциялық банктің пассивті операцияларын екі негізгі бағытта қарастырған, ол банктің меншікті капиталы және банктің заемдық және тартылған қаражаттары. Автор меншікті капиталға «Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы» деген анықтама береді. Бұл пікірге американдық Эдвин Дж. Долан қосылады, меншікті капитал бойынша ол «Меншікті капитал - активтер пассивтен асатын жағдай» деп анықтама берген.

Ал банктің тартылған қаражаттарын Мақыш С. Б. депозиттік қаражаттар және депозиттік емес қаражаттар деп жіктейді. Депозитке мынадай анықтама береді: Депозит - бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын өзара қаражаттары. Ал депозиттік емес тартылған қаражаттарға банктің алған қарыздары түріндегі немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттарды жатқызған.

Отандық автор Сейітқасымов Ғ. С. өзінің «Ақша, несие, банктер» оқулығында «Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті және тарылған қаражаттардан тұрады» деп, пассивті операцияларды негізгі 2 бағытта қарастырған [4, 381б. ] .

О. И. Лаврушина да осы екі бағытты қарастырған. Яғни пассивті операцияға меншікті капитал құрылымын, ақша қаражаттарын тарту көздерін де жатқызған. Автордың айтуынша, барлық тартылған қаражаттар 2-ге жіктеледі. Ол депозиттер және басқа да тартылған қаражаттар. Автор өзінің «Деньги, кредит, банки» оқулығында «Қазіргі жаңартылған банк тәжірибесінде салымдардың, яғни депозиттердің, көптеген түрлерін қарастыруға болады. Оларға талап етілгенге дейінгі депозиттер, шұғыл депозиттер, жинақ салымдары, бағалы қағаздарға салымдар. Сонымен қатар, депозиттерді мерзіміне қарай, салым салушылардың категориясына қарай, қаражаттарды алу шарттарына қарай, төленетін пайыздарға қарай жіктеуге болады» деп айтқан. Ал депозиттен басқа салымдар туралы «Басқа тартылған қаражаттар - бұл банк өзінің қарыздық міндеттемелерін ақша нарығында сату жолымен немесе банктің қарыз түрінде алатын ресурстары» деп анықтама берген.

Л. Давыдова мен Д. Райманов басқа отандық және шетелдік авторлар сияқты пассивті операциялар ішіндегі ең негізгі операция - депозиттік операцияларды айтып кеткен. Авторлар өздерінің «Қазақстан Республикасының банк құқығы» оқулығында «Депозиттік операциялар дегеніміз ақшаларды салымға (пассивті депозиттер) тарту немесе оларды өзге банктерге немесе несие-қаржылық институттарға (активті депозиттер) салым ретінде орналастыру жөніндегі банктік немесе өзге несие мекемелерінің оперциялары болып табылады» деп депозиттік операцияға анықтама берген[5, 160б. ] .

Отандық авторлар пікіріне орыс авторы О. И. Лаврушина да қосылады. Оның ойынша, қазіргі кезде коммерциялық банктердің негізгі қаражат көзі - депозиттік операциялар мен банкаралық депозиттер болып саналады.

Отандық автор Ж. Бекболатұлы өзінің «Қазақстанның банк жүйесі» еңбегінде депозиттер туралы «Коммерциялық банктер өз клиенттеріне ақшаны сақтаудың алуан депозиттер түріндегі оңтайлы формасын ұсынады. Мұның өзі ақшаның сақталуын және клиенттің өтімділікке қатысты сұранысын қанағаттандырады. Біршама клиенттер үшін ақша сақтаудың мұндай формасы оны облигацияларға немесе акцияларға салудан әлдеқайда қолайлы болып табылады» деген депозитке оң пікір айтты [6, 97б. ] .

Л. Давыдова мен Д. Райманов депозит түрлері бойынша «Депозиттер әр түрлі негіздер бойынша топталады: қайнар көздері бойынша, мақсатқа арналғаны бойынша; пайдалылық дәрежесіне орай, салымшының категориясы бойынша, салымды алу нысаны бойынша және т. б. Барлық салымшылар заңды тұлғалар және жеке тұлғалар болып бөлінеді. Депозиттен алынатын қаражаттар нысаны болып табылатындар: талап қойғанға дейін, жедел және шартты. Талап еткенге дейінгі депозит бойынша қаражатты клиент банктен алдын ала хабарламасыз талап ете алады. Талап еткенге дейінгі депозиттер қатарына контокоррент шоттар жатады. Яғни ағымдағы шот» деп айтып кеткен.

Сейітқасымов Ғ. С. өзінің «Ақша, несие, банктер» оқулығында депозит түрлерін 3-ке жіктейді. Яғни, талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді салымдар, жинақ салымдары. Автор депозиттік емес пассивтерге банктің облигацияларымен және кепілге салу парақтарымен жасалатын операцияларды жатқызады. Автордың ойынша, депозиттік емес оперциялардың мәні белгілі бағалы қағаздардың орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады. Жалпы пассивті операциялар бойынша қорытындылай келе Сейітқасымов Ғ. С. «Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен қалыптасады» деп атап өткен.

Сондықтан, пассивтердің екінші деңгейлі банктер үшін маңыздылығы зор. Себебі пассивті операцияларының арқасында банк өзінің ресурстарын жинақтайды, сол ресурстарының арқасында банк өзінің қызметін атқарады.

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ: КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ

Коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару теориясы 60 жылдары АҚШ-та туынадады. Оның жақтаушыларының көзқарастарынша банктер өтімділік мәселелерін нарықтан қосымша қаражаттар тарту арқылы шешуге болатындығын айтады. Осы теорияны алғышқыда ірі қаржы орталықтарының жетекші банктері жактаса, қазіргі таңда оны пайдаланушы банктер саны көбеюде. Олардың қатарында біздің отандық банктеріміз де баршылық.

Пассивті операцияларды басқару теориясын негізінен банктердің салымшылардың және өзге кредиторлардан қосымша қаражаттарды тарту арқылы өздерінің өтімділіктерін сақтау операцияларын сипаттайды. Дәлірек айтсақ, пассивті операцияларды басқару бұл тартылған қаражаттар құрылымын өзгерту жолымен өтімді қаражаттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру шараларын білдіреді.

Жеке және заңды тұлғалар банктерге өздерінің қаражаттарын сақтауға тырысады, өйткені банктер олардың сақталуын, табыстылығын және кез келген уақытта қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сырттан қаражаттарды тартуда банктер белгілі бір тәуекелге барады. Сол тәуекелді банктің пассивті операциясын басқаруда ескеруі керек. Сонымен қатар пассивті операцияларды басқаруда тартылған ресурстарға жұмсалатын шығыстар мен оларды орналастырудан түсетін табыстардың ара қатынасын ескеруге тиіс [7, 21б. ] .

Коммерциялық банктің пассивті операцияларын басқару әдістерін 2 көрсеткішпен талдауға болады. Ол сандық және сапалық көрсеткіш. Коммерциялық банктің пассивті операциясын басқару бойынша сандық көрсеткішке мыналар жатады:

  • банк капиталының мөлшері;
  • пассивтік операциялар көлемі;
  • клиенттердің саны;
  • депозиттік операциялар көлемі;
  • корреспонденттік қатынастар жасайтын банктер саны және т. б.

Ал коммерциялық банктің пассивті операциясын басқару бойынша сапалық көрсеткіштерге мынадай топтар жатады:

  • банк капиталының жеткіліктігі;
  • банктің пайдалылығы;
  • банк өтімділігі;
  • банктің пассивті операцияларын жүргізу және құжаттарды өндеу жылдамдығы;
  • тәуекелдерді басқару дәрежесі және т. б.

Дипломдық жұмыс «Казкоммерцбанк» АҚ қаржылық жағдайына талдау негізінде жазылғандықтан, соған сәйкес банктің сандық көрсеткіштерін талдап өтейік. 2014 жылдың қорытынды жағдайы бойынша шығаруға рұқсат етілген жарғылық капитал 11, 00 млн. жай ақциялардан және 1. 75 млн. артықшылықты акциялардан құралғанын 1 кестеден байқауға болады [8] .

Кесте 1

Жарғылық капитал құрамы бойынша мөлшері, млн тг

Көрсеткіштер
Шығаруға рұқсат етілген жарғылық капитал
Шығаруға рұқсат етілген, бірақ шығарылмаған жарғылық капитал
Жарғылық капиталдағы сатып алынған акциялар
Шығарылған жарғылық капитал
Көрсеткіштер: Жай акциялар
Шығаруға рұқсат етілген жарғылық капитал: 11, 000
Шығаруға рұқсат етілген, бірақ шығарылмаған жарғылық капитал: (3, 206)
Жарғылық капиталдағы сатып алынған акциялар: (16)
Шығарылған жарғылық капитал: 7, 778
Көрсеткіштер: Артықшылықты акциялар
Шығаруға рұқсат етілген жарғылық капитал: 1, 750
Шығаруға рұқсат етілген, бірақ шығарылмаған жарғылық капитал: (500)
Жарғылық капиталдағы сатып алынған акциялар: (29)
Шығарылған жарғылық капитал: 1, 221
Көрсеткіштер: Барлығы
Шығаруға рұқсат етілген жарғылық капитал: 12, 750
Шығаруға рұқсат етілген, бірақ шығарылмаған жарғылық капитал: (3, 706)
Жарғылық капиталдағы сатып алынған акциялар: (45)
Шығарылған жарғылық капитал: 8, 999
Көрсеткіштер: Ескерту - «Казкоммерцбанк» АҚ қаржылық есептілігі мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Ішкі нарықтан қорландыруды тартуға мән беру Банктің 2014 жылдың қорытынды жағдайы бойынша клиенттердің салымдары мен ағымдағы шоттары бойынша нарықта алдыңғы қатардағы банк болуға септігін тигізді, Банктің нарықтағы үлесі 6, 6% құрайды. Сонымен бірге, есептік кезеңнің қазан айында Moody’s рейтинг агенттігі Банктің депозиттік рейтингін «тұрақты» бағасына дейін жақсартты.

Қарастырылып отырған кезеңде клиенттер қаражатының үлесі 160, 2 млрд. теңгеге әлде 10, 5% -ға көбейді және 2013 жылдың қорытынды жағдайында 1 521, 9 млрд. теңгемен салыстырғанда 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1 682 млрд. теңгені құрады.

Банктің сапалық көрсеткіші бойынша, 2014 жылдың 12 айы бойынша пайыздық активтердің құнсыздануына арналған резервтерді қалыптастыруға дейінгі және салық салғанға дейінгі таза пайданы қарастыра отырып, 2013 жылғы балама мерзімімен салыстырғанда 10, 4%-ға өсуін байқаймыз. Негізінен, бұл баптың өсуіне пайыздық активтердің құнсыздануына арналған резервтерді қалыптастыруға дейнігі таза пайыздық кірістердің 2013 жылғы 123 млрд. теңгеден 2014 жылғы 141, 5 млрд. теңгеге дейін өсуі және таза пайыздық емес кірістердің 2, 6 млрд. теңгеге төмендеуі әсер етті. Пайдаға салынатын салық бойынша шығыстар өткен жылдың балама мерзімі бойынша 32, 9 млрд. теңге сомасында үнемдеуге қарсы 9, 7 млрд. теңгені құрады (кесте 2-ге сәйкес) .

Кесте 2

“Казкоммерцбанк” АҚ пайдасының көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2014

жыл

2013

жыл

Өзгерістер

млн

тенге

млн

тенге

млн

тенге

%
Көрсеткіштер:

Пайыздық активтердің құнсыздануына

арналған резервтердің қалыптастырылуына

дейінгі және салық салғанға дейінгі таза пайда

2014жыл: 133 774
2013жыл: 121 160
Өзгерістер: 12 614
10, 4
Көрсеткіштер:

Пайыздық активтердің құнсыздануына

арналған резервтерді қалыптастыру

2014жыл: (71 555)
2013жыл: (286 325)
Өзгерістер: 214 770
(75, 0)
Көрсеткіштер:

Салық салғанға дейінгі пайда

(шығын)

2014жыл: 62 219
2013жыл: (165 165)
Өзгерістер: 227 384
(137, 7)
Көрсеткіштер:

Пайдаға салынатын салық

бойынша шығыс (үнемдеу)

2014жыл: (9 684)
2013жыл: 32 854
Өзгерістер: (42 538)
(129, 5)
Көрсеткіштер: Таза пайда/(шығын)
2014жыл: 52 535
2013жыл: (132 311)
Өзгерістер: 184 846
(139, 7)
Көрсеткіштер: Негізгі компанияның акционерлеріне
2014жыл: 52 122
2013жыл: (132 510)
Өзгерістер: 184 632
(139, 3)
Көрсеткіштер: Азшылық үлесіне
2014жыл: 413
2013жыл: 199
Өзгерістер: 214
107, 5
Көрсеткіштер: Пайдалылық коэффициенттері
2014жыл:
2013жыл:
Өзгерістер:
Көрсеткіштер: ROA
2014жыл: 2. 0%
2013жыл: -
Өзгерістер:
Көрсеткіштер: ROE
2014жыл: 16. 2%
2013жыл: -
Өзгерістер:
Көрсеткіштер: Ескерту - «Казкоммерцбанк» АҚ қаржылық есептілігі мәліметтер негізінде автормен құрастырылған

Яғни, көрсетілген кесте бойынша банк үшін қаржылық көрсеткіштерінің жеткілікті екенін көруге болады, банк өзінің қызметін жүзеге асыру барысында барлық нормаларды орындауда және тұрақты табыс көруде, деп қортындылауға болады.

3 «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА ТАЛДАУ

3. 1 «Казкоммерцбанк» АҚ қаржылық жағдайының сипаттамасы және талдау

“Казкоммерцбанк” АҚ- Қазақстан және Орта Азиядағы қызмет ететін ең ірі банктердің бірі. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Банк активтері 2 586, 8 млрд. теңгеге тең болды [8] .

Банк қызметіндегі негізгі бағыттарымен (бөлшекті және корпоративті) қатар КАЗКОМ зейнетақы және қаржы активтерін басқару, сақтандыру мен брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес ұйымдары бар.

2014 жылы КАЗКОМ басты ұйымының акционерлеріне тең 21, 9 млрд. теңге мөлшерінде таза табыс алды. 2014 жылғы қорытынды жағдайына сәйкес, банк капиталының жеткілікті болуын қамтамасыз ету барысында КАЗКОМ жеке капиталы 413, 7 млрд. теңгені құрды.

Қаражат тартудың негізі болып банк депозиттері табылады, олар банк қорының жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша банк клиенттерінің депозиттері 1 506, 8 млрд. теңгеге құрады. Осылай “Казкоммерцбанк” АҚ тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі екінші деңгейлі банктердің бірі болып табылады.

Банк депозиттер тартумен қатар ұлттық және шетел валютасында қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталар, инкассация, сондай-ақ бөлшек банкинг сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің алуан түрлерін ұсынады.

2014 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас кеңесінен басқа, Қазақстандағы 23 әмбебап филиалдарға және 130 операциялық бөлімшелерге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы ЕКБ пен ЖҚО-ны біріктірді) .

Сонымен қатар Банктің Қырғызстанда («Казкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде («Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқару
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Қаржы және банктер
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz