«Коммерциялық банктің активті операциялары»



МАЗМҰНЫ

Кіріспе 7

1 Әдебиеттерге шолу 10

2 Зерттеу әдіснамасы: коммерциялық банктердің активті операцияларын басқару әдістері 13

3 «Қазкоммерцбанк» Акционерлік қоғамының активті операцияларын талдау 15
3.1Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерінің активті операцияларын салыстырмалы талдау 15
3.2 «Қазкоммерцбанк» Акционерлік қоғамының активті операцияларын
талдау 22
3.3Казкоммерцбанк қызметіне жалпы сипаттама және қаржылық нәтижелерін талдау 26
3.4 Алынған нәтижелер қорытындысы 30

4 Банктің активті операцияларын жетілдіру жолдары 33

Қорытынды 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 40

Қосымшалар 41
КІРІСПЕ

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Коммерциялық банктер әр алуан түрлі қызметтер атқарады және өзара, басқа да экономика субъектілерімен несиелік, есептік, салымдық және басқа да операцияларды жүзеге асыру арқылы күрделі қатынасқа түседі. Активті банк операциялары – банктер пайда алу мақсатында иелігіндегі ресурстарын орналастыратын операциялар. Активті операциялар банктің кірісі мен өтемпаздығын қамтамасыз етеді, яғни коммерциялық банктер қызметінің екі маңызды мақсатын шешуге мүмкіндік береді. Активті операциялардың маңызды халықшаруашылық мәні бар. Олардың көмегімен банктер шаруашылық қызмет үдерісінде босаған қаржы құралдарын капиталды қажет ететін экономикалық айналым қатысушыларына бағыттай алады, осы арқылы капиталдың экономиканың келешекті саласына ауыстырып, өндірістік инвестицияның өсуіне жағдай жасайды, инновациялар енгізеді, тұрғын үй құрылысын кеңейтуге, өнеркәсіптік өндірістің тұрақты өсуі мен қайта құрылымдауына мүмкіндік береді.
Активті операциялардың кең таралған түрлері: несие операциялары, қор операцялары, есепті-төлем операциялары және инвестициялық операциялар.
Несие операциялары – несиегерлерге бану несиесі ретінде ақша беру операциялары. Несие операциялары барысында бану вексельдерді сатып алатын (ескеретін) немесе кепілге қабылдайтын жағдайда олар есепті-ссудалық деп аталады;
Қор операциялары – банктің меншікті құралдарын және/немесе тұтынушыларының құралдарын (негізінен солардың жарлығы бойынша) ұйымдасқан және ұйымдаспаған биржа нарығында құнды қағаздарға салу операциялары;
Есепті-төлем операциялары – негізінен құралдарды тұтынушылар шоттарына аудару және басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерін шоттан төлеу операциялары; олар басқа банктерде (клирингтік), есептеу орталықтарында, ОБ корреспондент орталықтарында тұрақты ұстау қажет құралдарды меншік және тұтынушылар міндеттемелері бойынша уақытылы төлем жасау үшін активті болады (банк ақшасын орналастыруды қажет ететін);
Инвестициялық операциялар – бірлескен шаруашылық-коммерциялық қызмет мақсатында банк дивиденд түрінде табыс алуға есептелген өз құралдарын басқа заңды тұлғалардың акциялары мен пайларына салу операциялары.
Активті банк операцияларының негізін несие операциялары құрайды. Бұл операциялар жоғары тәуекеліне қарамастан банктер үшін біршама тартымды болып табылады, себебі олар басты кіріс көзі болады. Банктер кәсіпорындар мен ұйымдарға, халыққа, несие ұйымдарына, жергілікті атқарушы билік органдарына несие береді, олар несиелендіру субъектілері түрінде болады. Халыққа несие жедел қажеттіліктеріне, ұзақ уақыт пайдаланатын тауар сатып алуға, тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Деньги, кредит, банки: Учебник / Лаврушин О. И. - Под ред. – М.: КНОРУС, 2009. – 560 с.
2 Банк бизнесі: оқу-тәжірибелік құрал/Хамитов, Н. Н. - Алматы: Экономика , 2011. - 267 б.
3 Банковское дело: Учебник/ Г.Г. Коробова - Под ред. д-ра экон. Наук., проф. Г.Г. Коробовой. – М.: Юрист, 2010. – 766 с.
4 Банковское дело/ Белоглазова Г., Кроливецкая Л. – С.-П.: Питер, 2011. – 436 с.
5 Балабанов А.И. Банки и банковское дело – 2-е издание, переработанное и дополненное – С.-П.: Питер, 2010. – 741 с.
6 Деньги. Кредит. Банки: Учебник / Н. П. Белотелова, Ж. С. Белотелова. — 4-е изд. — М.: «Дашков и К», 2013. — 400 с.
7 Банк ісі: оқу құралы / З. Д. Искакова. - 2-ші толықт. бас. - Қарағанды : Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2006. - 230 б.
8 Кенжегайша Р.Б. Классификация банковских кредитов // Банки Казахстана. - 2012. - №7. - С. 45 - 48
9 Белоглазова Г.Н. Деньги. Кредит. Банки. - М.: Высшее образование, 2009. - 392 с.
10 Челноков В.А. Деньги. Кредит. Банки. - М.: ЮНИТИ - ДАНА, 2007. - 447 с.
11 «Казкоммерцбанк» АҚ қаржылық есебі 2014 ж., 2013 ж., 2012 ж.
12 Коваленко С. Б., Стасенок А. Н. О сущности и структуре кредитных отношений // Теория и практика общественного развития. - 2012. – 316 c.
13 Сейтказиева А.М., Жамаубаев Е.К. Финансовые институты Республики Казахстан. - Алматы: Экономика, 2008. - 256 с.
14 Жуков Е. Ф. Деньги. Кредит. Банки. Ценные бумаги. - М.: ЮНИТИ- ДАНА, 2011.-310 с.
15 Стародубова Н.Н. Влияние банковской системы на параметры экономического равновесия. – 2013. - №13.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
ҚАЗГЗУ Университеті АҚ
Қаржы, есеп және аудит кафедрасы

Кафедра меңгерушісі а.қ.
Қорғауға жіберілді
_______________ Тоқтыбаева А.М.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Коммерциялық банктің активті операциялары

5В050900-Қаржы мамандығы бойынша

Орындаған
Б.М. Изтурганов

Ғылыми жетекші Е.А. Сулеева

Астана 2015
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 7

1 Әдебиеттерге шолу 10

2 Зерттеу әдіснамасы: коммерциялық банктердің активті операцияларын басқару
әдістері 13

3 Қазкоммерцбанк Акционерлік қоғамының активті операцияларын талдау 15
3.1Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерінің активті операцияларын
салыстырмалы талдау 15
3.2 Қазкоммерцбанк Акционерлік қоғамының активті операцияларын
талдау 22
3.3Казкоммерцбанк қызметіне жалпы сипаттама және қаржылық нәтижелерін
талдау 26
3.4 Алынған нәтижелер қорытындысы 30

4 Банктің активті операцияларын жетілдіру жолдары 33

Қорытынды 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 40

Қосымшалар 41

КІРІСПЕ

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Коммерциялық банктер әр алуан
түрлі қызметтер атқарады және өзара, басқа да экономика субъектілерімен
несиелік, есептік, салымдық және басқа да операцияларды жүзеге асыру арқылы
күрделі қатынасқа түседі. Активті банк операциялары – банктер пайда алу
мақсатында иелігіндегі ресурстарын орналастыратын операциялар. Активті
операциялар банктің кірісі мен өтемпаздығын қамтамасыз етеді, яғни
коммерциялық банктер қызметінің екі маңызды мақсатын шешуге мүмкіндік
береді. Активті операциялардың маңызды халықшаруашылық мәні бар. Олардың
көмегімен банктер шаруашылық қызмет үдерісінде босаған қаржы құралдарын
капиталды қажет ететін экономикалық айналым қатысушыларына бағыттай алады,
осы арқылы капиталдың экономиканың келешекті саласына ауыстырып, өндірістік
инвестицияның өсуіне жағдай жасайды, инновациялар енгізеді, тұрғын үй
құрылысын кеңейтуге, өнеркәсіптік өндірістің тұрақты өсуі мен қайта
құрылымдауына мүмкіндік береді.
Активті операциялардың кең таралған түрлері: несие операциялары, қор
операцялары, есепті-төлем операциялары және инвестициялық операциялар.
Несие операциялары – несиегерлерге бану несиесі ретінде ақша беру
операциялары. Несие операциялары барысында бану вексельдерді сатып алатын
(ескеретін) немесе кепілге қабылдайтын жағдайда олар есепті-ссудалық деп
аталады;
Қор операциялары – банктің меншікті құралдарын жәненемесе
тұтынушыларының құралдарын (негізінен солардың жарлығы бойынша) ұйымдасқан
және ұйымдаспаған биржа нарығында құнды қағаздарға салу операциялары;
Есепті-төлем операциялары – негізінен құралдарды тұтынушылар
шоттарына аудару және басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерін шоттан төлеу
операциялары; олар басқа банктерде (клирингтік), есептеу орталықтарында, ОБ
корреспондент орталықтарында тұрақты ұстау қажет құралдарды меншік және
тұтынушылар міндеттемелері бойынша уақытылы төлем жасау үшін активті болады
(банк ақшасын орналастыруды қажет ететін);
Инвестициялық операциялар – бірлескен шаруашылық-коммерциялық қызмет
мақсатында банк дивиденд түрінде табыс алуға есептелген өз құралдарын басқа
заңды тұлғалардың акциялары мен пайларына салу операциялары.
Активті банк операцияларының негізін несие операциялары құрайды. Бұл
операциялар жоғары тәуекеліне қарамастан банктер үшін біршама тартымды
болып табылады, себебі олар басты кіріс көзі болады. Банктер кәсіпорындар
мен ұйымдарға, халыққа, несие ұйымдарына, жергілікті атқарушы билік
органдарына несие береді, олар несиелендіру субъектілері түрінде болады.
Халыққа несие жедел қажеттіліктеріне, ұзақ уақыт пайдаланатын тауар сатып
алуға, тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй құрылысына беріледі. Несие
ұйымдарыне несие ағымдағы өтемпаздығын қамтамасыз ету және несиелендіру
ресурстарын кеңейту үшін беріледі. Барлық МБК көлемінде жартысынан астамы
бір күндік несиелер үлесіне келеді, олар тек өтемпаздықты реттеу үшін
пайдаланылады. Жергілікті атқарушы органдарға несиелер кіріс түсімдері мен
шығындар арасындағы айырмашылықтарға және әлеуметтік және экономикалық
маңызы бар инвестициялық жобаларды қаржыландыруға беріледі. Ресей
коммерциялық банктерінің несие қоржынында үлес салмағы ең жоғары
кәсіпорындар мен ұйымдарға берілетін несиелер болып табылады, оларға несие
айналым капиталын қаржыландыру үшін және негізгі капиталын кеңейту үшін
беріледі.
Мерзімдері бойынша несиелер қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орташа
мерзімді (1-3 жыл) және ұзақ мерзімді (3 жылдан артық) болады. Қазіргі
кезде коммерциялық банктер несие алушыларға несие беру тәсілдерін
бірегейлендірген. Ссудалар бір реттік түрде берілуі мүмкін, сонымен қатар,
овердрафт түрінде, яғни төлем жасау үшін құралдар жеткіліксіз болған
жағдайда тұтынушының есепті шотын несиелендіру үшін несие желісін ашу
түрінде берілуі мүмкін. Тәжірибе жүзінде шаруашылық субъектілеріне несие
берудің негізгі тәсілі оларға несие желісін ашу болып табылады. Несиені кез
келген әдіспен беру несие келісімін рәсімдеумен қатар жүреді, ол несие
беруш-банк пен несие алушы арасындағы несие шамасы, несие бағыты мен
пайдалану, өтеу мерзімі, несие пайыздарын төлеу мөлшері және мерзімділігі,
оны қайтаруды қамсыздандырудың қосымша көздері (кепіл, кепілгерлік,
кепілдеме), тараптардың келісім шарттарын орындамаған жағдайдағы
жауапкершілігіне қатысты қатынасты реттейді.
Несие тәуекелдерін әртараптандыру мақсатында әрбір банк несие
саясатын дайындайды, ол несие нарығында құралдарды орналастыру және олардың
арасындағы қатынасты белгілеуге бағдарланады, салалық тұрғыда несиелердің
шоғырландырылуын анықтайды, мерзім, валюта түрі бойынша несиенің оңтайлы
құрылымын белгілейді, несиелендіру субъектілері мен түрлері бойынша
қамсыздандыруды анықтайды, ірі несиелер, қиыншылықты несиелер, мерзімі
асқан несиелер деңгейін тиісті түрде несие қоржыны сапасын қолдау
мақсатында қарастырады.
Жоғарыда айтылған мәселелер осы дипломдық жұмыс тақырыбының
өзектілігін дәлелдеп отыр.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы төмендегілер: жұмыстың ғылыми
жаңашылдығы банктің және оның клиентінің негізгі мүддесін ескере отырып,
тәуекелдерді басқарудың көпфакторлы моделін қолдана отырып, банк
портфеліндегі активті операциялардың құрылымының өзгеруін болжайтын қаржы
нарығы дамуының болжалды моделінің негізінде қаржы нарығындағы коммерциялық
банктің активті операцияларының тиімділігін жоғарылатудың бағыттарын ұсыну
бойынша міндеттерді орындауда.
Зерттеу объектісі - ҚазкоммерцбанкАкционерлік қоғамы.
Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі.
2012 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 444,8 млрд. теңгені құрады.
Зерттеу пәні - еліміздегі банктердің пассивті операцияларының мәні
мен мәселелері.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - коммерциялық банктің активті
операцияларын зерттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, оларды жетілдіру жолдарын
ұсыну.
Аталған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттер қойылған:
– аквтивті операциялардың теориялық аспектілеріне, оларды
зерттеген зерттеушілердің пікіріне, активті операцияларды
басқарудың әдістемелеріне шолу жасау;
– ҚазкоммерцбанкАкционерлік қоғамының активті операцияларын
басқару қызметін талдау;
– Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерінің қазіргі жағдайын
талдау;
– банктің қызметі мен қаржылық нәтижелерін талдау;
– ҚазкоммерцбанкАкционерлік қоғамыны активті операцияларын
талдау;
‒ банктің активті операцияларын жетілдіру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздерін шетелдік
және отандық ғалымдардың еңбектері, мерзімді басылымдар, интернет
ресурстары, Қазкоммерцбанк АҚ-ның қаржылық есептілігі құралды.
Таңдалған тақырыптың мәні және тәжірибелік маңыздылығы қазіргі
кездегі активті операцияларын басқарудың тиімді жолдарын іздестіруде.
Сондай-ақ ұсынылған шешімдерді тақырыпқа байланысты зерттеулер аясында
қолдану мүмкіндігінде.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс құрылымы бойынша
кіріспеден, қорытындыдан, 4 бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімнен және
қосымшалардан тұрады. Кіріспеде жұмыстың мақсаты, міндеттері, тәжірибелік
маңыздылығы, зерттеу объектісі және құрылымы жазылған. 1 бөлімде тақырып
бойынша әдебиеттерге шолу жасалды, 2 банктің активті операциялар басқаруды
зерттеу әдіснамасы қаралды. Негізгі үшінші бөлімде Қазкоммерцбанк АҚ-ның
қаржылық сипаттамасы және құрылымы, активті операцияларының қозғалысы
талданды. Төртінші бөлімде активті операцияларды басқарудың жетілдіру
жолдары қарастырылды.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Активті операциялар терминінің анықтамаларының арасында екі авторды
атап өткен жөн: О.И. Лаврушин және Хамитов Н. Н. Біздің көз қарасымыз
бойынша, осы авторлардың берген анықтамасы активті операцисының мәнін дұрыс
жеткізеді.
Хамитов Н. Н. егжей-тегжейлі сипаттама берсе, Лаврушин О.И. қысқа
және түсінуге жеңіл сипаттама берген. Сонымен, активті операциялар –
банктер өз қарамағындағы қорды пайдаға кенелу үшін және өтемділік деңгейін
ұстап тұру үшін.
Банктің активті операцияларына мыналар жатады: ұйымдардың өндірістік,
әлеуметтік, инвистициялық және ғылыми әрекеттерін ұзақ және қысқа мерзімге
несиелендіру; халыққа тұтыну қарыз несиесін беру; құнды қағаздарды сатып
алу; лизинг; факторинг; жаңартпашыл қаржыландыру және несие беру; басқа
банктерге қарыз несиесін беру [1, 252 б.].
Банктің активті операциялары экономикалық мазмұны бойынша да,
кірістілік пен сапасы бойынша да әр түрлі.
Олардың кейбіреулері өзінен баламасыз құйылған, банкке бір қалыпты
жұмыс істеуге кепіл беретін, бірақ ешқандайм пайда әкелмейтін болып
табылады. Орналастырулардың келесі түрлері пайдасы мол бірақ, аса қауіпті
болуы мүмкін. Сондықтан әр коммерциялық банк өзінің нарықтағы орнын және
өзінің жұмысы кезіндегі мамандануын анықтап алуы тиіс [2, 194б.]. Активті
операциялар дегеніміз банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында өз иелігіндегі ресурстарды орналастыруды жүзеге
асыратын операцияларды білдіреді. Аталмыш екі мақсат біртұтас ретінде
банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалану
ерекшелігін сипаттайды.
Коммерциялық банктердің активті операциялары экономиканың шаруашылық
салаларын қаржыландырулы, олардың ынталы түрде қызмет етуін қалыптастыруды,
заңды тұлғалардың немесе жеке тұлғаларының есеп айырысу қызметтерін
жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару, халықты немесе басқа да
ұйымдарды несиелендіру операцияларын ұамтиды. Өз кезегінде аталмыш
операциялар коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикадағы
маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Қазақстан Респупликасындағы банктердегі активті банктік
операцияларының төмендегі түрлері бар:
– Несиелік операциялар;
– Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
– Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
– Кассалық операциялар.
Делдалдық-комиссиондық операциялар.
Лаврушин О.И. –өз еңбегінде қарыз операцияларын төлеу, қайтару және
тезделу негізінде несие алушыға қаражат беру операциялары деп түсіндірген.
Ал Коробова Г.Г. оған несие алушыға белгілі бір мезгілге және белгілі
бір төлем үшін қаражат беру опрециялары деген түсінік берген [3, 293б.]. Өз
кезегінде Колесников пен Кроливецкая ақшаны несиеге белгілі бір шарттармен
беру туралы екі жақты келісімшарт деп түсіндірген[4, 114б.].
Енді банк аралық несие түсінігіне келетін болсақ, Лаврушин О.И.
банктер өз арасындағы уақытша бос қаражатты орналастыру және тарту деп
түсіндірсе, Балабанов банктар өз арасындағы салымдар (депозиттер) мен несие
түріндегі уақытша бос қаражатты орналастыру және тарту деген болатын.
Отандық зерттеуші Хамитов Н.Н. банк аралық несиені бір банк екінші
банкке беретін несие деп анықтаған.
Кассалық операциялар дегеніміз - ақша мен ақша құжаттарын қабылдау,
сақтау және берумен байланысты операциялар деп Колесников пен Кроливецкая
өз еңбектерінде атап өткен [4, 117 б.].
Ал Коробкова Г.Г кассалық операцияларды ақша мен ақшалай қаражатты
(банкноталар мен тиындар) қабылдау және беру бойынша жеке немесе заңды
тұлғалармен байланысты операциялар деген[4, 334б.].
Балабанов бұған несие беру мекемесінің кассасынан ақша берумен
байланысты операциялар деген [5, 85 б.].
Ал Лаврушин О.И. қолма-қол ақша қозғалысымен байланысты операциялары,
сондай-ақ қалыптастыру, орналастыру және пайдалану түрлі активті шоттар
банк және оның тұтынушылары деп түсіндірген.
Есеп айырысу операциялары - тұтынушылрдың шотына есептеу және есептен
шығару бойынша операциялары, оның ішінде контрагенттердің өз
міндеттемелерін төлеу деген Лаврушин О.И.
Ал Балабанов контрагенттердің өз міндеттемелерін тұтынушылардың
шоттарынан алынатын төлем операциясы деген анықтама берген. Хамитов Н. Н.
заңды қолма-қол ақшасыз төлемдер шегінде операциялар және жеке тұлғалардың
ақшалай талаптары мен міндеттемелері деген.
Коробова Г.Г. инвестициялық операцияларды бағалы қағаздар, ақша мен
басқа да банктік активтерінің инвестициялық, өз атынан және өз бастамасы
бойынша кәсіпорындардың меншік, жарғылық қорлары тікелей және жанама табыс
алу мақсатындағы операциялар деп түсіндірген.
Хамитов Н. Н. оны Түрлі бағалы қағаздар банктік ресурстарды қоса
активті операциялары, белгілі бір уақыт кезеңі немесе жоғары құны бойынша
сатып алынған бағалы қағаздарды сату бойынша табыс деп анықтаған.
Балабанов бағалы қағаздар, оның қаражатын несие беру мекемелерінің
инвестициялары бойынша операциялар акциялар мен банктік емес мекемелер деп
түсіндірген.
Инвестициялық операциялар түсінігін Лаврушин О.И. бірлескен қаржылық
банк бағалы қағаздар және банктік емес мекемелердің акциялары өз қаражатын
инвестициялауға арналған операциялар және коммерциялық іс-шаралар, сондай-
ақ басқа да ұйымдарда тіркелген салымдар түрінде қаражатты орналастыру деп
айтқан. Ал Колесников пен Кроливецкая құнды қағаздар көмегімен банкпен
ұйымдастырылатын операциялар: бағалы қағаздар, бағалы қағаздар қарсы
несиелер сатып алу және сату, бағалы қағаздар тұтынушылардың жаңадан
шығарылған бағалы қағаздарды, басқаруды орналастыру. Коробова Г.Г. бағалы
қағаздар, банктермен жүзеге асырылатын операциялар (акциялармен және құнды
қағаздар және т.б.), олардың мақсаты – қосымша табыс табу.
Хамитов Н. Н. оқулығында валюталық операциялар дегеніміз шетел
валютасын сатып алу және сатуға байланысты операциялар, төлем құралы
ретінде шетел валютасын пайдалану, сыртқы сауда қызметін ұлттық валюталарын
пайдалану,валюта құнымен шетелден әкелу және шетелге шығару делінген.
Лаврушин О.И. болса валютаық операциялар дегеніміз монеталарды және құйма
асыл металлдарды қоса алғанда, Шетел валютасындағы және басқа да валюталық
құндылықтарды сатып алу және сатуға қатысу деп түсіндірген.
Қарыз операциялары анықтамаларының ең дәл анықтамасын О.И.Лаврушин
ұсынады, онда, қарыз операциясы – қайтару және тезделу негізінде несие
алушыға қаражат беру операциялары.
Төменде активті операцияларын басқарудың әдебиеттеріне шолу жасалады.

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСНАМАСЫ: КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУ
ӘДІСТЕРІ

Коммерциялық банктерің нақты мәселелерінің шешімін табу барысында
менеджерлер активті басқарудың әдістерінің элементтерін пайдалана алады.
Қаражаттың артық болуы кезінде қаражаттың ортақ қор әдісін қолдануға
болады. Екінші әдіске активтерді бөлу немесе қаражаттың конверсиясы,
үшіншісіне – ғылыми басқарумен байланысты және ЭЕМ-ны қолданумен байланысты
операциялар жатады. Әр алуан түрдегі әдістерді орындағанда қаражаттарды
тарту бойынша шығындарды активті операциялардан алатын табыстармен
сәйкестендіру керек. Ортақ қаражаттар қоры әдісінің негізінде барлық
ресурстардың біріктіру қағидасы жатыр. Банкке қаражаттар талап етілгенге
дейін салымдарды, жинақтарды, мерзімдік салымдарды және банктің меншікті
капиталын қоса есептегенде әртүрлі төлем көздерінен түседі. Одан кейін бұл
қаражат сәйкес түрдегі активтерге жіктеледі [6, 146б.].
Бұл әдіс менеджерлерден өтемпаздық пен кіріс қағидаларын орындауды
талап етеді. Қаражаттарды осы қағидаларға сәйкес келетін активті
операцияларға орналастырады. Активтерді бөлу әдісі банкке қажетті өтемпазды
активті көлемі қорлардың тарту көздеріне тәуелді екенін білдіреді (Сурет -
1).
Екі әдіс те қолда бар қаражаттарды пайда әкелетіндей етіп
орналастыруды көрсетеді.

Сурет 1 - Активтерді басқару тәсілі
Ескерту – Мақыш C.Б. Банк ісі оқулығы негізінде құралған

Осы әдістің көмегімен міндетті резервтер нормасы мен олардың айналым
жылдамдығына сәйкес қаражаттардың көздері шектеледі. Мысалы, талап
етілгенге дейінгі салымдардың міндетті резервтер нормасы мен айналым
жылдамдығы мерзімді салымдарға және басқаларына қарағанда жоғары болады.
Аталмыш үлгі бойынша банктің ішінде банктер болады – талап етілгенге
дейінгі салымдар банкі, жинақ салымдар банкі, мерзімді салымдар банкі және
негізгі капиталдың банкі. Бұл жерде әр орталықтан қаражаттардың қозғалысы
ерекшеленеді. Талап етілгенге дейінгі салымдар өтемпазды активтер ең
жоғарғы жабылуды қажет ететіндіктен, талап етілгенге дейінгі салымдар
орталығынан қаражаттардың маңызды бөлігі бірінші резервтерге, қалған бөлігі
мемлекеттік бағалы қағаздарды инвестициялау жолымен екінші резервтерге, ал
қалған аз бөлігі қысқа мерзімді ссудаларды беруге жөнелтіледі. Бұл әдістің
оңтайлы жағы - өтемпазды активтердің үлесін азайту және қосымша
қаражаттарды ссуда мен инвестицияларға салу болып табылады, ал ол пайда
нормасын арттырады.

Сурет - 2 Активтерді бөлу әдісі
Ескерту – Мақыш С.Б. Банк ісі оқулығы негізінде құралған

Банктердің активті несиелік операциялар тобында факторингтік және
лизингте кіреді. Факторинг өнімдерді енгізу тараптардың арасында туындайтын
банк несиесі өтелмеген талаптарының тағайындау болып табылады, және
несиелендіру ұштастыра отырып сауда операция түрі болып табылады. Әдетте
олар қысқа мерзімді талаптар болып табылады. Банк сатып алушы өнімдерін ақы
талап етуге құқылы. Сонымен қатар, ол тұтынушының айналым капиталын
несиелейді және оның несиелік тәуекел қабылдайды.
Несие беру туралы шешім қабылдау үшін жеткізуші несиелілігін қарайды
және оның дебиторларының мәртебесін тексереді. Банкке (фактор) жүктеледі
дефолт бүкіл тәуекел, ол әдетте 80 жеткізушіге тікелей төлейді Себебі -
жалпы заң жобасын 90%, қалғаны (қор) борышкер берешегінің барлық сомасын
өтеуін кейін қайтарады. Несиенің көрсетілген түрін дамытуға коммерциялық
банктер, олардың операцияларын кеңейту пайданың мөлшерін арттыру және
тұтынушылармен қарым-қатынастарды нығайту үшін қосымша мүмкіндік алады.
Лизингтік операциялар жылжымайтын мүлік және капитал кәсіпорындардың
жалға басқа элементтер, жалдау бойынша ұзақ мерзімді машиналар жабдықтар
қамтамасыз ету болып табылады. Банктер әр түрлі нысандарда лизингілік
мәмілелерін жүзеге асыра алады. Ең көп таралған несие банк лизингтік
компаниялар болып табылады. Банктер сондай-ақ өндіруші жалға берушілер
машиналар мен жабдықтар беруге және техникалық қызмет көрсету жүзеге
асыратын болады. Сонымен қатар, банк өзі жалға берген жабдықтар мен
машиналар қамтамасыз ете алады [7, 81б.].
Инвестицияларға келер болсақ, әдетте, бағалы қағаздарға
инвестицияларды қабылдау, банктер табыс ең алдымен басшылыққа алады.
Бағалы қағаздар бойынша кірістілік, олардың өтеу мерзімі байланысты.
Бағалы қағаздың өтелуіне, нарықтық бағасының тұрақтылығы аз. Мерзімді ұзақ,
неғұрлым жиі (әр түрлі болуы) бағалы қағаздар құнын өзгертуге болады.
Коммерциялық банктер ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді бағалы қағаздарға
инвестицияларды қолайлы [8, 65б.].
Инвестициялық тәуекел төмендеуі, ең алдымен, әртараптандыруға қол
жеткізуге болады. Бұл бағалы қағаздардың әр түрлі инвестициялық
портфеліндегі бар екенін білдіреді. Осылайша, ол назарға олардың сапасын
және өтеу, кеңістіктік бөлу және бағалы қағаздарды эмитенттің
міндеттемелерін түрін қабылдау қажет. Коммерциялық банктердің бағалы
қағаздар мәселесін шешу сапасы мен өтеу мерзімдері бойынша өте маңызды
болып табылады. Сапасы жағынан әртараптандыру мақсаты борышкердің орындамау
мүмкіндігі қаупін азайту үшін азайтылады.
Банктің құрылымында инвестициялық қызметінің стратегиялық және
тактикалық басқару үшін әзірлеу арнайы қор құрылды бөлімдер:
– инвистициялық саясаттың негізгі мақсаты;
– инвистицияның құрамы мен бөлімдері;
– бағалы қағаздар мен сапасын өтеу қолайлы деңгейі;
– инвестициялық портфельді әртараптандыру үшін негізгі талаптар;

– портфелінің құрамын реттеу тетігі;
– жеткізу және сақтау, сақтандыру тетігі;
– мүмкін пайданы есептеу.
Қызметкерлердің саны бағалы қағаздар портфелінің құны байланысты
бағалы қағаздарды сатып алу сату жұмысын іске асыру, сондай-ақ түрі мен
сапасы портфелінің қалыптасуына қатысатын бағалы қағаздар және оның
әртараптандыруды жүзеге асыру.
Сонымен, коммерциялық банктер негiзiнен өз клиенттерiнiң шаруашылық
қызметтерiне қызмет көрсетумен байланысты несиелiк есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрiмен айналысады. Бұл операциялар
коммерциялық банктердің активті операцияларының мәнін ашады. Толығырақ
зерттеу үшін келесі бөлімде активті операциялардың басқарылуын банк
мысалында талдаймыз.

3 ҚАЗКОММЕРЦБАНКАКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ

3.1 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерінің активті операцияларын
салыстырмалы талдау

Банк секторы 38 екінші деңгейдегі банкпен көрініс тапты, олардың
ішіндегі 16 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 14 еншілес банк.

1 кесте
ҚР Банк секторының құрылымы
Атауы 1.01.131.01.141.01.15Өзгеріс
1.01.131.01
.15
1 2 3 4 5
Екінші деңгейдегі банктер саны, оның 38 38 38 -
ішінде:
- жарғылық капиталда мемлекеттің 100% 1 1 1 -
қатысы бар банктер
- шетелдік қатысуы бар екінші деңгейлі19 17 16 -3
банктер
- екінші деңгейлі еншілес банктер 16 14 14 -2
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдар362 378 395 17
саны
Е с к е р т у – автор ҚР Ұлттық Банкінің деректерінің негізінде құраған

Кестеден көріп отырғанымыздай, екінші деңгейлі банктердің саны 3
жылда өзгермеген, бірақ филиалдары 17-ге ұлғайған. 2014 жылы жарғылық
капиталда мемлекеттің 100% қатысы бар банктер саны 1 болған. Бұл көрсеткіш
те соңғы үш жылда өзгермеген. Алайда ЕДБ-нің шетелдік қатысуы бар банктер
саны сол қалпы 3-ке азайған болып қалған. Сондай-ақ екінші деңгейлі еншілес
банктердің саны 2013 жылы 16 болса, 1.01.2015 жылы 2-ге қысқарып,14 болған.

2 кесте
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметінің
негізгі көрсеткіштері, млрд. теңге
Көрсеткіш 01.01.201301.01.20101.01.201
4 5
Активтер 13880,0 20659,0 22369,7
Банктік қарыздар мен несиелер және кері 11624,2 13348,2 14184,4
РЕПО операциялары
Несие портфелі бойынша провизиялар 4008,05 4644 3581
Міндеттемелер 11874,63 13384 15 880
Жеке тұлғалардың депозиті 3415,10 9845 11 351
Заңды тұлғалардың депозиті 5118,36 5895 6 909
Меншікті капитал 2001,4 2347,4 2629,2
Ағымдағы жылдың бөлінбеген кірісі -199,26 236,9 291,2
(өтелмеген залал)
Е с к е р т у - ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері негізінде автормен жасалған

01.01.2015 жылдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында филиалдар
саны көп 38 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді екен.
Әлемдік қаржы нарығындағы негативті тенденциялар Қазақстанға да әсер
етті. Әрине, ҚР екінші деңгейлі банктері біздің елдегі дағдарыстың
басталуына жартылай дайын еді, және ҚР үкіметінің қаржылай көмегін атай
кетекен жөн.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шетелдік жиынтық
активтердің қатысуымен ЕДБ активтері 30,2% құрады, 2012 жылдан қарағанда
0,6 пайыздық пунктіге төмендеді.
ЕДБ міндеттемелер бөлігі жиынтық мінездемемен қосқанда 30,6%-ға
дейін өсті. Шетел қатысуымен ЕДБ жиынтық жарғылық капиталда 15,3%-дан
16,2%-ға дейін көтерілді.

3 кесте
Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық меншікті капиталы, млрд.теңге
Атауы 1.01.13 1.01.14 1.01.15 Өсім
1.01.13
1.01.15, %
1 2 3 4 5
1-ші деңгейдегі капитал 1561,3 1691,0 2063,0 13,4
Жарғылық капитал 2788,2 2821,6 2892,4 10,03
Қосымша капитал 21,0 26,0 27,0 62,5
2-ші деңгейдегі капитал 509,6 663,1 640,8 28,6
Реттелген борыш 515,1 519,0 521,0 1,5
3-ші деңгейдегі қапитал 1,0 1,7 2,0 13,3
Банктердің инвестициялары 51,6 52,5 53,3 3,7
Барлық меншікті есеп айырысу 2001,4 2347,4 2629,2 4,1
капиталы
Е с к е р т у - автор ҚР Ұлттық Банкінің деректерінің негізінде құраған

Жалпы екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталы 28,6%-ға немесе
200,3 млрд.теңгеге ұлғайған.
Сонымен қоса, 1-ші деңгейдегі капитал 10%-ға немесе 143 млрд.теңгеге,
жарғылық капиталы 13,9%-ға немесе 340 млрд.теңгеге, 2-ші деңгейдегі
капиталы 13%-ға немесе 59 млрд.теңгеге, реттелген борыш 2,4% немесе 12
млрд.теңгеге, банктердің инвестициялары 2,0%-ға немесе 1 млрд.теңгеге,
қосымша капитал 2,3 рет көбейген.
Ал 3-ші деңгейдегі капитал 2,4 рет азайғанын көріп отырмыз. Төменде
көрсетілген диаграммадан анық көруге болады.

Сурет 3 - Екінші деңгейлі банктердің жиынтық меншікті капиталы
Ескерту - ҚР Ұлттық Банкінің деректерінің негізінде құраған

Өткен жылда банк секторының активтері 1 062,1 млрд. теңгеге немесе
8,3%-ға ұлғайып, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13 880,0 млрд.
теңге болды.

4 кесте
ЕДБ активтерінің құрылымы, млрд. теңге
Көрсеткіштердің атауы 1.01.2013 1.01.2014 1.01.2015 Өсім
1.01.13
1.01.15,
%

Қолма-қол ақша, тазартылған қымбат металдар және корреспонденттік
шоттар 39,8%-ға немесе 557,1 млрд.теңгеге, бағалы қағаздар 3,09%-ға немесе
57,6 млрд.теңгеге, банктік қарыздар мен несиелер және кері РЕПО
операциялары 28,03%-ға немесе 2922,7 млрд.теңгеге, басқа активтер 28,6%
немесе 584,2 млрд.теңгеге ұлғайған.
Ал басқа банктерге орналастырылған салымдар 23,01%-ға немесе 139
млрд.теңгеге, капиталға инвестициялар 7,6%-ға немесе 29,3 млрд.теңгеге
азайған. Сонымен қатар активтердің барлығы 61,1%-ға немесе 7837,2
млрд.теңгеге тең болды.
Төменде көрсетілген диаграммадан екінші деңгейлі банктердің активтер
құрылымының соңғы үш жыл аралығындағы қанша үлес болғанын анығырақ көруге
болады:

Сурет 4 - ЕДБ активтерінің құрылымы, %
Ескерту - ҚР Ұлттық Банкінің деректерінің негізінде құраған

Қазақстан Республикасының банк секторының жиынтық активтері 2013 жылы
13 880 млрд теңгені құраса, 2014 жылы 11,4%-ға өсіп, 15 463 млрд теңгені
құрады. Алдыңғы 4 жылдағыдай, 2014 жылы да жиынтық активтердің ЖІӨ-ге
қатынасының төмендеу үрдісі жалғасуда (46,1%).
Өткен жылы экономика саласындағы несиелеу өсімі 13,4% құрады. Екінші
деңгейдегі банктердің несие портфелі жылдың басынан бастап 1 690 млрд
теңгеге немесе 14,5%-ға артты.
Сала-салаға бөлгенде, банктердің экономиканы несиелеудегі едәуір
сомасы сауда (19,5%), құрылыс (12,3%) және өнеркәсіп (11,4%) салаларына
тиесілі.

Сурет 5 - ЕДБ несиелік портфелі
Ескерту - ҚР Ұлттық Банкінің деректерінің негізінде құраған

Несиелік портфельдегі күмәнді қарыздардың үлесі 52,6%-дан 43,5%-ға
төмендеді, үмітсіз қарыздар үлесі 6,2 пайыздық тармаққа өсіп 2012 жылдың
соңында 28,2% болды. Стандартты қарыздардың үлесі 43,0%-дан 28,3%-ға дейін
төмендеді. 5 жылда несиелік портфельдің сапасы бірден 23,8%-ға төмендеді.
Ал соңғы көрсеткіш бойынша, яғни 1.01.2015 жылғы жағдай бойынша үмітсіз
қарыздар 16,3-ке төмендеген, сондай-ақ күмәнді мен стандартты қарыздар
көрсеткіштері де төмендегенін көруге болады.

Сурет 6 - Несиелік портфельдің сапасы бойынша мәліметтер,%
Ескерту - ҚР Ұлттық Банкінің деректерінің негізінде құраған

Өткен жыл бойында жұмыс істемейтін қарыздар 435,2 млрд. теңгеге
немесе 11,3%-ға көбейіп, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 4 277,9
млрд. теңге (ЕДБ жиынтық несие портфелінің 36,7%-ы) болды. Негізгі борыш
және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 күннен асатын мерзімі өткен
берешек бойынша қарыздар 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3 473,2
млрд.теңге болды, ал 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 4158,2
млрд.теңге болған.

Сурет 7 - ҚР банктерінің берген несиелері, млрд. Теңге
Ескерту - ҚР Ұлттық Банкінің деректерінің негізінде құраған

Коммерциялық банктер мекемелер мен халыққа берген несиелік
салымдардың жалпы саны өсті және 9065 млрд. теңгеге жетті.
Талдау мерзімі кезінде несие алу көлемі ұлғайғаны байқалады, бірақ
төлемі шегерілген несиелер, теңгерім үшін алынып тасталған несиелер,
қалыптасқан провизиялардың көлемі ұлғайғаны да байқалады. Несие протфелінің
сапасының төмендеуі банк секторындағы провизиялардың көлемін жоғарылатады.
Егер қарыз алушылардың түрлері бойынша несиелердің құрылымын
қарастырар болсақ, тұрғындарды несиелендірудің 01.01.2013-01.01.2015 ж.ж.
аралығында біршама өзгерістер болғаны байқалады.

Сурет 8 - Қарыз алушылардың түрлері бойынша несиелердің құрылымы,
млрд.тг
Ескерту - ҚР Ұлттық Банкінің деректерінің негізінде құраған

Банктік емес заңды тұлғаларға берілген несиелер көлемі бойынша
1.01.2013 жылы 6705,2 млрд.тг болса, ал 1.01.2015 жылы ол 7472,9 млрд.тг
құрады, яғни 11,4%-ға ұлғайған. Ал жеке тұлғаларға берілген несиелер
1.01.2013 жылғы жағдай бойынша 7050,9млрд.тг болса, ал 1.01.2015 жылы ол
63,3%-ға ұлғайып, 7472,9млрд.тг құраған, яғни оң тенденция байқалғанын
көріп отырмыз.

Келесі кезекте дипломдық жұмысты объектісі ретінде алынған
Казкоммерцбанк АҚ қызметіне және бүгінгі күндегі қаржылық жағдайын
талдауы беріледі.

3.2 Қазкоммерцбанк Акционерлік қоғамының активті операцияларын
талдау

ҚазкоммерцбанкАҚ өз қызметін төрт негізгі операциялық қызметтер
бойынша жүзеге асырады және есеп береді. ҚазкоммерцбанкАҚ-ның қызметтері
жеке басқарылатын өнімдер мен қызметтерді ұсынатын стратегиялық операциялық
бірліктер болып табылады.
– Жеке клиенттерге қызмет көрсету – жеке клиенттерге банк
қызметтерін ұсыну, жеке клиенттердің ағымдағы шоттарын жүргізу,
жинақ салымдарын және депозиттерді қабылдау, инвестициялық
жинақ өнімдерін ұсыну, жауапкершілікті сақтау қызметтері,
кредиттік және дебеттік карт аларға қызмет көрсету, тұтынушылық
және ипотекалық несиелер ұсыну.
– Корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету – тікелей дебет
қызметтерін ұсыну, есеп айырысу шоттарын жүргізу, салымдарды
қабылдау, кредит беру бойынша овердрафттарды, несиелерді және
басқа қызметтерді ұсыну, құжаттамалық операциялар, шетел
валютасымен және туынды қаржы құралдарымен жүргізілетін
операциялар[9, 45б.].
– Инвестициялық қызмет – қаржы құралдарымен сауда жасау,
құрылымдық қаржыландыру, қосылу мен жұтылу барысында кеңес
беру, шетеле валютасымен туынды қаржы құралдары мен операция
жасау.
– Басқасы – сақтандыру қызметтерін және басқа операцияларды
ұсыну. Жеке клиенттермен жұмыс банк, жинақ және ипотекалық
өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын қарастырады. Корпоративтік
қызмет көрсету шағын және орта бизнеске банк қызм еттерін
көрсетуді, ірі корпорациялар мен коммерциялық клиенттерге
коммерциялық кредит беруді қарастырады . Инвестициялық қызмет
Қазкоммерцбанк АҚ-ның өтімділігін және қорландырылуын
қолдауға қажетті активтерден және міндеттемелерд ен құралады,
активтерді және міндеттемелерді басқару бойынша қызмет.
Операциялық қызметтер арасындағы мәмілелер қалыпты коммерциялық
талаптарда жасалады. Қаражат қызметтер арасында қайта бөлінеді, бұл
операциялық кірісті есептеу барысы нда ескерілетін қаржыландырудың ұсталған
шығындарын қайта бөлуге әкеледі. Аталған қаражатқа есептелетін пайыздар
ҚазкоммерцбанкАҚ-ның тартылған қаражаты құнының негізінде есептеледі.
Операциялық қызметтер арасындағы операци ялар бойынша басқа маңызды
кірістер немесе шығыстар жоқ. Ішкі төлемдер және трансферттік баға
белгілеудің түзетулері, бар болған жағдайда, әрбір сегмент қызметінің
нәтижелерінде көрсетілген. Сыртқы клиенттерден алынған кірісті қисынды бөлу
үшін сегменттер арасында кірісті бөлу туралы келісімдер қолданылады.
Сегмент активтері және міндеттемелері қаржы жағдайы туралы есептің
басым бөлігін құрайтын операциялық активтерден және міндеттемелерден
құралады, бірақ салық активтері мен міндеттемелерін қоспайды. Ішкі
комиссиялар және трансферттік баға белгілеудің түзетулері әрбір сегмент
қызметінің нәтижелерінде көрсетілген [10, 152б.].
Әрбір өнім және қызмет көрсетілім бойынша немесе ұқсас өнімдер мен
қызметтердің әрбір тобы бойынша сыртқы көздерден түскен кіріс бойынша толық
ақпаратқа қол жеткізу мүмкін емес және оны талдауға жұмсалатын шығын аса
жоғары болады. Осыған байланысты ҚазкоммерцбанкАҚ төрт негізгі сегменттің
негізінде жасалған операциялық қызметтерді ұсынады.

5 кесте
2013 және 2012 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Банк
активтерінің құрылымы
Көрсеткіштер 2012 2013 2014 Ауытқу
Клиенттерге ұсынылған несиелер 78,30% 73,50% 75,50% -2,80%
Туынды қаржы құралдары 0,40% 0,60% 0,60% 0,20%
Инвестициялық жылжымайтын мүлік 0,10% 1,50% 1,80% 1,70%
Негізгі құралдар мен материалдық емес 1,40% 1,30% 1,50% 0,10%
активтер
Басқа активтер 3,80% 5,00% 4,90% 1,10%
Ұлттық банктердегі ақша қаражаты мен 4,50% 7,50% 6,40% 1,90%
шоттар
Бағалы қағаздар портфелі 5,50% 5,10% 5,10% -0,40%
Банктер мен басқа қаржы институттарына 6,00% 5,40% 4,20% -1,80%
ұсынылған несиелер мен қаражат
Е с к е р т у - автор Казкоммерцбанк Банкінің деректерінің негізінде
құраған

Клиенттерге берілген несиелер (нетто) Банк активтерінің құрылымындағы
ең ірі баптардың бірі болып қалуда және 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай
бойынша олардың үлесі 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 78,3 %-бен
салыстырғанда 73,5% құрады [11].
2013 жылғы 31 желтоқсанға сәйкес өтімділер қатарына жататын активтер
(ұлттық банктердегі ақша қаражаты мен шоттар, кепілмен немесе талап ету
құқығымен ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар, басқа банктер мен басқа
қаржы институттарына ұсынылған несиелер мен қаражат) 2012 жылғы 31
желтоқсандағы 295,5 млрд. теңгемен салыстырғанда айтарлықтай ұлғаюды
көрсетіп, 364,2 млрд. теңге құрады, ұлғаю 23,2% құраған. Активтер
құрылымындағы өтімді құралдардың үлесі қаралып отырған кезеңдерде жиынтық
активтерге қарағанда 12,2% -дан 14,1%-ға ұлғайды.
Жылдың басындағы 1 898 млрд. теңгемен салыстырғанда несие портфелінің
(нетто) көлемі 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1 901 млрд. теңге
құрады. Ұлғаю 2,7 млрд. теңге немесе 0,1% құрады.
Ұзақ жылдар бойы Банктің басым мақсаттары өзгеріссіз қалды – қолда
бар клиенттік базаны сақтап қалу, экономиканың әртүрлі секторларынан жаңа
клиенттерді тарту және кредит беруді активтеу. Банк үш бағыт бойынша, атап
айтқанда жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, жаңа жобаларды қаржыландыру
кезінде мемлекеттік қолдау көрсету; кәсіпкерлік секторды қалпына келтіру;
кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету бойынша іске асырылатын
Бизнестің жол картасы-2020 мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде аталған
субсидияның көлемі мен қарыз алушылар портфелінің көлемі көрсеткіштері
бойынша алдыңғы қатардағы позицияға ие.
Банк 2013 жылы ипотекалық кредит беру бойынша стратегияны өзгертіп,
тұтынушылық бөлшекті күшейте бастады.
Банк тарабынан ұсынылған шартты міндеттемелердің көлемі (нетто) 17,2
млрд. теңгеге немесе 21,4%-ға төмендеді. Жалпы алғанда құрамына несие
портфелінен басқа шартты міндеттемелер де кіретін жиынтық несиелік портфель
(нетто) көлемі салыстырмалы түрде алғанда 14,5 млрд. теңгеге немесе 0,7%
-ға азайды. 2013 жылдың соңына қарай несие портфелі 2012 жылмен
салыстырғанда 42,4 млрд. теңгеге немесе 1,5%-ға ұлғаюды көрсетті.

6 кесте
Клиенттерге берілген несиелер
2014. 2013ж. Өзгерісте
р

Өз қызметі барысында Топ шетел валютасымен, қымбат металдармен және
бағалы қағаздармен операциялар бойынша форвардтарды, фьючерсті, своптарды,
опциондарды қоса алғанда, валюталық, пайыздық тәуекелдерді және өтімділік
тәуекелін басқару үшін, сондай-ақ сауда-саттық мақсатында туынды қаржы
құралдары бойынша келісімге отырады. Туынды қаржы құралдары алдымен
келісімге отырған күнгі әділ құны бойынша бағаланады, кейін әрбір есепті
кезеңде әділ құны бойынша қайта бағаланады. Әділ құны, негізгі құралдың
ағымдағы нарықтық және келісілген бағалары, белгіленген нарықтық баға
немесе баға модельдері және да басқа факторлар негізінде анықталады. Туынды
қаржы құралдары оң қайта бағаланған жағдайда актив ретінде және теріс қайта
бағаланған жағдайда міндеттеме ретінде танылады. Туынды қаржы құралдары
қаржы жағдайы жөніндегі шоғырландырылған есептілікте пайда немесе залалдар
арқылы танылатын әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері немесе қаржы
міндеттемелеріне енгізілген. Пайда немесе залалдар арқылы танылатын әділ
құны бойынша бағаланатын қаржы активтерімен және міндеттемелерімен
операциялар бойынша таза пайда(залал) шоғырландырылған пайда немесе
залалдар есетілігіне енгізілген.
Егер пайда немесе залал бойынша қайта бағаланбайтын негізгі
шарттардың тәуекелдері туынды қаржы құралдарының тәуекелдері және
сипаттамаларымен тығыз байланыста болмаса, басқа қаржы құралдарының
құрамына кіретін туынды қаржы құралдары бөлек есептеледі. Басқа қаржы
құралдарының құрамына кіретін туынды қаржы құралы, өзіне туынды құралды
және туынды емес негізгі шартты қосатын гибридті (құрама) қаржы құралының
бөлігі болып табылады, нәтижесінде біріктірілген құралдың, ақша ағыны жеке
туынды қаржы құралының өзгерісіне сай өзгереді.

7 кесте
Инвестициялық жылжымайтын мүлік келесі түрде берілген:
2014 ж 2013 ж
(млн. теңге)(млн. теңге)
1 2 3
1 қаңтардағы жағдайы бойынша 30,840 1,462
Сатып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
Активті және пассивті операциялардың ерекшеліктерін анықтау
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Коммерциялық банктің пассивті операциялары
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Коммерциялық банктердің активті операцияларын басқару әдістері және несиелік саясатын талдау
Банк активтерін басқару, жетілдіру мәселелері
Коммерциялық банктердің активтерінің теориялық негіздері
Пәндер