Неке және отбасы құқығының түсінігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық Институты

«Заң пәндері» кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

З. ғ. к. Мицкая Е. В.

«» « » 200__ ж

студент

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Мамандық: 050301 - Заңтану

Ғылыми жетекші:

Шымкент - 2008

Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан

гуманитарлық институты

Мамандық 050301 - Заңтану

Заң пәндері кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

З. ғ. к. Мицкая Е. В.

«» « » 200__ ж

Студенттің дипломдық жұмысы бойынша

ТАПСЫРМАСЫ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: -

Институт бұйрығымен бекітілген № ___ «___» 200__ ж.

  1. Студенттің жұмысты өткізу мерзімі:«» 200___ ж.
  2. Жұмыстың бастапқы мәліметтері:

.

4. Дипломдық жұмыстың ұстауы ( Тізім сұрақтарды өңдеуіне жататындары ) :

5. Графикалық материал тізімі:

6. Кеңесшілердің жұмыс нұсқаумен қатыстылардың жұмыс бөлімдері:

:
Бөлім: Бөлім
Кеңесшілер: Кеңесшілер
:
Бөлім: Кіріспе
Кеңесшілер:
:
Бөлім: І Тарау
Кеңесшілер:
:
Бөлім: 2 Тарау
Кеңесшілер:
:
Бөлім: Қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі
Кеңесшілер:
:
Бөлім: Қосымша
Кеңесшілер:

7. Тапсырманы берген күні: 200___ ж.

Жетекші

(аты- жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдап алған студент

(аты- жөні, қолы)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Тарау. Отбасылық құқық бойынша неке

1. 1 Некенiң түсiнiгi, некеге тiркелу тәртiбi, некеге тұру шарттары

1. 2 Некенi тоқтатудың заңды тәртібі және одан туындайтын алименттік міндеттемелер

1. 3 ҚР-сы азаматтарының шетел азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен некелерiн тiркеу тәртiбi

2 Тарау. Неке шарты және неке қатынастарын реттеу

2. 1 Неке шартының ұғымы, мазмұны мен оны түзудің тәртібі

2. 2 Неке шарты бойынша ата-аналар мен балалардың құқықтық жағдайлары

2. 3 Отбасы және неке мәселелері салт-дәстүр аясында

Қорытынды

Қолданылатын әдебиетер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының осы кезде қолданылып жүрген «Неке және семья» туралы» кодексі 1969 жылдың 6 тамызында қабылданды. Оның қабылдануына КСРО-ның 1968 жылдың 27 маусымындағы «ССР Одағы мен одақтас республикалардың Неке және отбасы туралы заң Негіздерін бекіту туралы» заңы негіз болды. КСРО-ның осы заңы 1968 жылдың 1 қазаңынан күшіне енгізілді де, сол уақыттан бастап туылған балалар жөнінде қолданыла бастады.

Мәскеуде қабылданған заңдар Одақта тұратын басқа халықтардың ұлттық дәстүріне, салтына тура келе бермеді, тіпті, кей жағдайда қарама-қарсы келді. Мысалы, осы заңда қазақ салтында жаңа туған баланың фамилиясы ретінде әкесінің есімі жазылмайтыны көрсетілген.

Дәстүрге, салтқа деген мұндай қарама-қайшылықты жою үшін Қазақстан Республикасы Президентінің I992 жылдың 16 қаңтарындағы Жарлығымен кодекстің 59-бабына қосымша екінші тармақ енгізілді. Онда былай делінген: «Ұлттық салтты ескере отырып, ата-анасының (әке-шешесінің) келісімі бойынша, баланың тегі ретінде, оның тудырған әкесінің немесе атасының (әкесінің) есімін қолданылуына болады». Сондай-ақ 1992 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің тағы да арнайы /1/Жарлығы қабылданып, кодекстің 16-бабына жаңадан өзгерістер енгізілді, яғни:

«семья - бұдан әрі отбасы «фамилиясы - бұдан әрі тегі

- неке жасы болып еркектерге - 18 жас, қыздарға - 17 жас белгіленді;

- кейбір жағдайларда аудандық, қалалық, қаладағы аудандық әкімшілік органдардың некелік жасты төмендетуіне болады, бірақ ол бір жылдан артық болмауы керек;

- неке жасын кеміту туралы өтінішті некеге турушылардың өздері немесе олардың ата-аналары, қамқоршылары, некеге ерте отырудың себептерін көрсете отырын берулері қажет;

- некеге отыру жасын төмендету барлық жағдайларда некеге отырушылардың келісімі бойынша іске асырылады.

Еңбекті әзірлеу кезінде «Неке және отбасы туралы» кодекстің 1988 жылдың 1 қаңтарына дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ресми мәтіні негізге алынды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кенесінің 19973 жылғы 22 қазандағы қаулысы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы, жаңа Азаматтық кодекстің жалпы бөлімі, Республика Президентінің 1992 жылдың 16 қаңтарындағы және 1992 жылдың 23 желтоқсанындағы Жарлықтары, басқа да нормативтік-құқықтық заң актілері пайдаланылды/2/.

Әлемдік жүйеде қазақ халқының да басқа халықтар секілді алар орыны ерекше. Өйткені, «Қазақ» деген этноним соңғы ғасырларда қалыптасқанымен, қазақтардың тарихы үш жарым мыңжылдық дәуірлерге барып тіреледі. Оның үстіне қазақтардың басқа халықтарды былай қойғанда, өз туыстары - түркі тектес халықтардан өзгешеленетін әрі ежелден келе жатқан дәстүр-салттары бар. Бұл дәстүр-салттарды, қағида-ережелерді мықты қоғамдық құрылысы болмаса сақтап қалуы екі талай екені даусыз. Сондықтан да, сол қоғамның ең негізгі майда бөлшегі - отбасы, біздің ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінде ең маңызды саналын, оны мықты ұстауға өмірдің өзі мәжбүрлеген дей аламыз. Отбасы мықты болмаса, қоғам берік болмайтынын терең ұғынған ата-бабаларымыз отбасын әлсіретіп-күйретпейтіндей қағида-ережелерді қалыптастырып, оны көздің қарашығындай сақтаған. Негізгі отбасы институттары (қалыңмал, жасау, әмеңгерлік, жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алмау, мұрагерлік, енші беру, жетімдерді жат жұртқа бермеу, рулық құрдастандарының болуы, т. б. ) тым ертеден-ақ қалыптасып, өр дәуірде сомдалып, ширатына түскен. Әрине, бұл отбасы зандары қатаң қорғалғандықтан отбасы күйреуі, ажырасу секілді кінәраттар өте сирек кездескен. Өкінішке орай, ата-бабаларымыздың отбасы және некеге қатысты қағида-ережелерін егжей-тегжей зерттеу әлі күнге мықтап қолға алынбай отыр. Соның нәтижесінде қазіргі кезде отбасы мен неке зандары солға тартып, отбасылар жиі күйреуде. Қаракөз қыздарыңыз жат-жұртқа тұрмысқа шығуда. Қазақ халқының демографиялық өсіп-өнуі мәз емес. Қазақ халқының тек кдна болмысын танын-білуде ғана емес, бұл ата-баба зандары тұрмыс-тіршілігімізді нығайтып, жақсартуда да алар орыны ерекше. Еліміз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы біраз жылдар өтті. Қазақстан мемлекетінің мығым болу-болмауы осы отбасы мен неке кұқықтарының реттелуіне байланысты. Кешегі патшалық және кеңес өкіметі бұрыннан мызғымай келе жатқан отбасы және неке заңдарымыздың тамырына балта шауып, іріткі салғаны әмбеге аян. Қазір Қазақстан үшін отбасы және неке мәселесі бірінші орында тұрған мемлекеттік саясатқа айналуы қажет. Өйткені, Қазақстан мемлекетінің мығым болу-болмауы осы отбасы және неке құқықтарының реттелуіне байланысты.

Отбасы және неке құқықтары әрине, қоғам, мемлекет болғаннан соң, оның күн тәртібінен түспей, үнемі қадағаланып отырады. Алайда, ол қандай қоғам не мемлекет, оның сол мемлекетте бірге жасаушы басқа халықтарға ұстанған саясаты, мәселенің түп-төркінін шешіп тастайды. Оны біз кешегі кеңестік мемлекет саясатынан өте жақсы білеміз. Сол саясат тұсында да отбасы және неке құқықтарына ерекше көңіл бөлініп отырылды. Бірақ, басты мемлекеттік мақсат - аз халықтарды ассимиляция жасап, орыстандыру болғанын несіне жасырамыз?

Өкінішке орай, еліміз тәуелсіздігіне ие болғалы біраз жылдар өткенімен, маңыздылығына қарамай отбасы және неке кұқықтары сараланып, екшелмей, әлі сол кеңестік көзқарас пен қағида-ережелері бұл мәселеде қалып отыр.

Осындай бейберекет уақыт ішінде ата-бабаларымыздың отбасы мен неке зандарын оқып-үйрену өте керекті болғанымен, оны мықтап қолға алмай отыр. Нәтижеде отбасы мен неке заңдары солғын тартып, отбасы шаңырақтары ыдырап, күйреу үстінде. Халқымыздыд демографиялық өсіп-дамуы да онша мәз емес. Қайта құлдырай төмендеп барады. Қаракөз қандастарымыз жат-жұрттықтарға тұрмысқа жиі шыға бастады. Тіпті, ым-көрінгенге тәндерін сатып жатыр. Көшеде тастанды сәбилер көбейе түсуде. Мұның бәрі қоғамымызды қатты ойландыруы тиіс. Сондықтан да, отбасы және неке заңдарына мемлекеттік саясат есебінде қарап, зерттеу жұмыстарының ауқымын кеңейту, баспасөздер мен телеканалдарда отбасы мәселелері басты тақырып болуын, бала шыр етіп дүниеге келгеннен ата-баба қағида-ережелерімен сусындап өсуін қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана тұрмыс-тіршілігіміз нығайып, қоғамдық қарым-қатынасымыз жақсарады.

Еліміздің нарықтық кезеңге аяқ басуымен отбасындағы мүліктік, мүліктік емес қатынастарды реттеудің жолы ретінде неке шартына-контрактісіне тұру қолданысқа енді. Заңдық тұрғыдан алғанда бұны құқықтық мемлекетке тән құбылыс деп те қарауға болатындай. Некеге тұрған ерлі-зайыптылардың құқықтарын қорғаудың жолы да. Некеге тұрғалы жатқан тараптар болашақ бір одақтың мүшелері ретінде алдын ала өз құқықтары мен міндеттерімен танысуларына, оларды сақтаулары, қорғалынуы мүмкіндіктерінің бар екендігін ресми түрде көреді және сезінеді, яғни неке шарты-контрактісі ерлі -зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін тудыратын, оларды алып жүретін, өз мүмкіндіктерін екі жақтың ерікті келісімі арқылы құрастыратын жағдайлардың жиынтығы болмақ.

Ерлі-зайыптылар некеге тұрғанда неке шартын жасай алады. Бұл шартта ерлі-зайыптылардың неке бұзылған кезде мүліктік құқықтар мен міндеттері анықталады.

Қазақстан Республикасының 1998 жылы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» заңында мүліктік құқығы мен некедегі ерлі-зайыптылардың міндеттерін анықтайтын неке шартына отыруы және оны тоқтату жағдайлары қарастырылған.

Неке шартында некеге тұратын адамдардың немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Неке шарты міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет/3/.

Бүгінде ел арасында үйленетін екі жастың алдын-ала контракт жасауын Еуропа зандарына еліктеушілік сарыны деп түсінушілер де бар.

Аталған жағдайлар дипломдық жұмысымыздың өзектілігін айқындағандай.

Зерттеудің объектісі ретінде отбасы мен некедегі қоғамдық құқықтық сана, ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастар, ал пәніне неке шарты-контрактісі алынды. Олардың өткені мен болашағы, кешегісі мен бүгінгісі сараланып, айқындалды.

Зерттеудің мақсаты на келсек, отбасы мен неке жайлы қағида-ережелердің пайда болып, қалыптасу барысы сөз етіле отырып, оның жақсы тараптарын қазіргі отбасы және неке зандарын жетілдіру болмақ. Әсіресе, отбасы мен неке заңдарынан мемлекет қалыс қала алмайтыны, үнемі етене араласып, жіті қадағалап отыруы қажеттілігі айтылады. Бұрын қазақ халқында не себепті отбасы күйремегені нақыш дәлелдермен зерттелініп, қазіргі акаулықтар арнайы әңгімеленеді.

Зерттеу жұмысының міндеттері.

- Отбасы және неке құқықтарына тарихи анализ жасау, құқықтық сананың қалыптасу кезендерін айқындау;

- Отбасы және неке құқықтарының негізгі институттарын терең зерттеу, оның маңызы мен ролін көрсету;

- Отбасы және неке туралы заңнамадағы неке қатынастары жөніндегі нормаларға сипаттама беру;

- неке шартын түзуде ерлі-зайыптылар мен балалардың құқықтық жағдайларын анықтау;

- ерлі зайыптылардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттерін айқындау;

- неке шартының ұғымы мен мазмұнын, мәнін ашу;

- неке шартынан туындайтын міндеттемелерге түсінік беру;

- ерлі-зайыптылардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауды құқықтық қамтамасыз ету жолдарын анықтау;

- Отбасы және неке туралы заңнаманы жетілдіру.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздеріне қазіргі кездегі қолданылып жүрген диалектикалық-материалистік, жүйелік, тарихи, салыстырмалы, логикалық, ұлттық ерекшеліктерді үйлестіру т. б. әдістерді кеңінен пайдаландық. Деректі негіздерін Ресей, Өзбекстан, Қазақстан мұрағаттары мен қолжазбалардан, мұсылмандық құқық жүйесінен іздедік. Сол секілді құқықтық ілімдерде қолданылып жүрген анализ бен синтез, индукция мен дедукция тәрізді жалпы ғылыми әдістемелер де қамтылды/4/.

Бұл жұмыстың теориялық - әдістемелік негізіне еліміздің белгілі заңгер - ғалымдары: Т. М. Культелиев, С. З. Зиманов, С. С. Сартаев. Г. С. Сапарғалиев, М. Т. Баймаханов, Х. Арғынбаев, С. Сәбикенов, С. Ф. Ударцев, С. Ө. Созақбаев, З. Ж. Кенжалиев, т. б. еңбектері қарастырылды.

Жұмыстың тәжірибелік маңызына келсек, диплом жұмысының негізгі идеялары мен қағидалары, тұжырымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасындағы отбасы және неке зандарын кемелдендіруге, отбасын ыдыратып-күйретпей бекем ұстауға септігін тигіздеді, тарихи сананы қайта оятып, патриотизмге баулиды, тек тазалығын сақтап, иманды болуға, үлкенді -құрметтеуге, кішіні - іззеттеуге, отбасы мүшелерінің бір-бірінің құқықтары мен бостандықтарын сыйлауларына, мойындауларына тәрбиелейді. Бұл зерттеу материалдарын кез-келген құқықтанушылар, сот пен прокуратура, неке сарайы қызметкерлері, азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесіндегілер, студенттер пайдалануына әбден болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы на келсек, ол кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен қолданыланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТАРАУ. ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША НЕКЕ

  1. НЕКЕНІҢ ТҮСІНІГІ, НЕКЕГЕ ТІРКЕЛУ ТӘРТІБІ, НЕКЕГЕ ТҰРУ ШАРТТАРЫ

Кез келген мемлекеттің қалыптасу ахуалына қарай елдің демографиялық саясаты болады. Әлемдегіе кейбiр елдер халықтың табиғи өсімін тежеу саясатын жүргiзедi Оған мысал ретінде Кытай Халық республикасының әр отбасында бір ғана бала болуын міндеттейтінін алуға болады. Ендi бір елдер өздерiн бар тұрғыдан санын артырмақшылары да бар.

Қазақстан Республикасының жерiнiң кеңдiгi табиғи ресурстарының молдығы оларды игеру қажетiгi тұрғындар санының үнемi өсiп отыруын қажет етедi. Қазақстан үшiн халық санын өсiрудiң интеграциялық және табиғи жолдарыңың екеуiне де толық мүмкіндіктер жасау керек.

Халық санының табиғи өсiмiн қамтамасыз ететін контингент - жастар. ҚР-ның азаматы болып табылатын жас адам отбасын дер кезінде құрып өмiрге бала әкелуді асқақ, барынша ізгі, мейлiнше қасиетті борышы деп есептеуi қажет.
Оның мазмұны мөлшермен төмендегiдей: қазiр көпшiлiк әйелдер екi бала табумен шектелiп қалады. Бұл қазiргi Қазақстан үшiн өте қауiптi. Өйткенi, екi бала өз әкесi мен шешесiнiң қайта орнын басады/5/. Мұндайда өсу болмайды. Бұған балалар елiмiнiң жоғары болып отырғаны, ол екi баланың бiреуiнiң ер жетпей шетiнеп кетуi мүмкiн екенiн қосыңыз. Кейбiр жастарымыздың үйленбей, отбасылық тiршiлiктен мүлдем тыс қалып қою жағдайлары да жиi ұшырасады. Кейде үйленгендердiң өздерiнiң балалары болмайды. Экологиялық зардаптардан қорқып, кейбiр әйелдер бала табуға жүрексiнедi де. Осындай факторларға сүйене отырып, екi баламен шектелумен демографиялық өсудi қамтамасыз ету мүмкiн емес. Демек, әр отбасында үш баладан болғанда ғана халық саны кемiмей, бiр қалыпты болып тұрады. Ал демографиялық өсу үшін кемiнде 4-5 бала өсiру керек. ҚР-ның әр азаматы, әр әйел бiлуге тиiстi демографиялық әлiппелiк ақиқаты деп осыны айтамыз/6/.

Қазіргі қазақ жастарының демографиялық көзқарастары қазаққа рухани жақын мұсылман елдерiндегiден гөрi, Батыстың күпiрлiкпен бала санын шектейтiн көзқарасына көбiрек ұқсайды. Оның бiз сияқты аз санды халыққа пәтуа алып келмейтiнi айқын. Жалған эмансипацияға мейлiнше мас болып, әбден оның уына қаныққан кейбiр қазақ әйелдерi, әсiресе қалалықтар мен оқығандар бiр-екi бала болса жеткiлiктi деп санауға бейiм тұрады. Бұл демографиялық саясат тұрғысынан алғанда, дұрыс емес.

Саналы демографиялық көзкарас қалыптастыру үшін салиқалы қоғамдық пiкiр керек. Оны әйел адамдар өздерi қолдап, таратса, игi болар едi. Мысалы, қазақ сияқты бiрнеше рет ауыр геноцидтерге ұшыраған халық және Үкiмет төрттән артық бала туған әйелдердi қолдап отыруы керек/7/.

Әлеуметтiк психология ғылымының өкiлердерінің жорамалауынша, отбасын құрмаған адамдар қоғамдық қызметтердi тыңғылықты атқара алмайды, әдiлетсiздiкке, агрессияға бейiмдiк танытады. Аса жауапты мемлекеттiк қызметтердi отбасы бар, әсiресе артында ұрпағы, мұрагерi бар адамдарға ғана сенiп тапсырғаны жөн. Тарихта мемлекет басшылығына келген бойдактардың бүлдiрушiлiк әрекеттерiнiң мысалдары аз болмаса керек.
Отбасының бiрнеше түрi болады. Ата-анасы және балалары бар отбасы толық деп аталады. Ата-анасының бiреуi ғана бар болса, ол толық емес отбасына жатады. Ата-анасы мен балаларынан басқа туыстары қосылып өмiр сүрiп жатқан отбасы күрделi отбасы деп атайды.

Неке. Неке - отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдiң ерiктi және тән одағы. Некеге отырған ерлi-зайыптылар бiр-бiрiнiң алдында белгiлi бiр құқықтарға ие болады және мiндеттер орындайды/8/.

Неке мiндетті түрде тiркелуi керек. Тек тiркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттерiнiң заңды салдарлары болады. Өмiрде тiркелмей-ақ некеде тұрушылар, екiншi сөзбен айтқанда, ерлi-зайыптыларға бiрге тұратындар кездесе бередi. Олар өздерiн азаматтық некеде тұрмыз деп айтады. Бұрынғы өткен уақыттарда неке қию үрдiсi мұсылмандар үшiн мешiтте, христиандар үшін шiркеуде өткiзiлген кездер болған. Зайырлы мемлекет болғандықтан, бiздiң елiмiзде делінген некенiң де, дiни мекемелердiң араласуымен қиылған некенiң де заңды күшi жоқ. Тек мемлекегггiк органдардың - Азаматтық хал актiсiн тiркеу бюросы куәландырған некенің ғана заңды күшi бар.
Кейде адамдар жалған некеге отыруы мүмкiн. Жалған неке, әдетте заңды рәсiмдердiң бәрiн сақтай отырып жасалуы керек. Бiздiң жас мемлекетiмiз үшiн әр адам-азамат - ел тағдырын шешерлiк, айқындаушы фактор. Қазақстан Республикасы үшiн басты байлық - оның жерiнiң көптігі мен табиғи ресурстарының молдығы ғана емес, ең алдымен оның адамдары деген сөзде үлкен мағына бар.

Қазақстан жастары үшiн отбасын құру мен бала туып тәрбиелеу - олардың өмiрi мен ел тағдырының әлiппесi. Демограф ғалымдар мұндайда “демографиялық әлiппе” ұғымын қолданады/9/.

Отбасы некеден, туысқанан, ата-ана мен балалар арасындағы қатынастардан туындайтын құқықтармен және мiндеттермен байланысқан адамдар тобы. Отбасы - қоғамның тiрегi, оның алғашқы ұяшығы. Адам өмiрінiң мәнi алдымен оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенедi. Отбасынсыз адам бақытты болуы мүмкiн емес.

Ондайга адамдар белгiлi бiр материалдық және басқа тиiмдiлiктерге кол жеткiзу үшiн баруы мүмкiн. Заңда белгiленген тәртiппен жасалса да, отбасын құру ниетiн көздемеген, сонысымен ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерiн туғызбайтын неке жалған болып табылады.
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы бойынша, неке жасы еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас болып белгiленген. Алайда делелдi себептер болған жағдайда неке жасына екi жыл толмайтын азаматтардың некесi тiркелуi мүмкiн. Неке жасын төмендету туралы мәселенi накгы себептердi керсете отырып, некете тұруға тiлек бiлдiрушiлердiң өздерi немесе олардың ата-аналары, кейде қорғаншылары көтере алады.
Отбасын құру ұстанымдары. Отбасын құру белгiлi бiр ұстанымдар негiзiнде жүзеге асырылады. Олардың бастылары мыналар:

- еркек пен әйелдiң некелiк одағының ерiктiлiгi;

- отбасындағы ерлi-зайыптылардың құқықтарының теңдiгi;
- бөгде адамдардың отбасы iсiне араласуына жол бермеу;
- отбасының iшкi мәселелерiн келiсiп шешу;

- балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына басым көңiл бөлу;
- кәмелетке толмаған және еңбекке қабiлетсiз отбасы мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуына басым көңiл бөлу;

- отбасы мүшелерiнiң құқықтарының сот арқылы қорғалуының қамтамасыз етiлуi;
- отбасындағы салауатгы өмiр салтын қолдау;

- отбасы мүшелерiнiң бiр-бiрiнiң қамын ойлауы.

Азаматтық хал актiсiн тiркеу бюросының жауапты қызметкерлерi тiркеу жасамас бұрын некеде тұруға тiлек бiлдiрушiлер туралы мәлiметтермен танысады. Егер некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлердің бiрi тiркелу үрдiсi мезетiнде өзге азаматпен некеде тұрса немесе олардың бiрiнiң әрекет қабiлеттiлiгi болмаса, ондай жағдайларда неке тiркелмейдi.
Некеде тұрғандардың жеке азаматтық құқықтары сақталады. Әркiм кандай іспен шұғылданатынын өзі шешедi; мамандықтарын өзi таңдайды; қайда тұру керектiгiн, өзге отбасылық мәселелердi бiрiгiп шешедi.

Некеге тұрғандардың әрқайсысы күйеуінің немесе әйелдiң фамилиясын қабылдауды өзi шешедi. Қазiргi Қазақстанның отбасы заңдылықтары бойынша қосарланған фамилияның болуына рұқсат етiледi.

Отбасындағы балалар мен ата-аналардың құқықтары. Отбасы жағдайында бала ерекше құқықтарға ие. ҚР заңы бойынша, он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған азаматтар бала болып есеттеледi. Эр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиелетуге құқығы бар. Бала отбасында өз мүшесiн қозғайтын кез келген мәселенi талқылауға қатысуы керек. Соттасу кезiңде сегіз жасқа толған баланың айтқан пiкiрi ескерiледi.

Ата-ананың балалар алдындағы құқықтары мен мiндеттерi тән. Ата-аналар балаларының денсаулығын қадағалауға, оларды тәрбиелеуге, орта бiлiм алуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидасы
Отбасы құқығының түсінігі мен қағидалары
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық ортақтасқан және жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері
Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаттары
Құқық негізінің түсінігі
Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz