Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некеге тұруды құқықтық реттеу


Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Абдужаппаров Рустам

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некеге тұруды

құқықтық реттеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100-мамандығы - «Құқықтану»

Түркістан-2014

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Заң факультеті

Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, м. а., аға оқытушы

«Қорғауға жіберілді»Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, м. а., аға оқытушы: Қ. А. Тұрлыбеков

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некеге тұруды құқықтық реттеу

В5030100-мамандығы - «Құқықтану»

Орындаған студент

СЗҚ-113до

Р. Абдужаппаров
Орындаған студентСЗҚ-113до:

Ғылыми жетекшісі

Магистр- оқытушы

:
:
:
Р. Абдужаппаров: А. Н. Есенжолова
Орындаған студентСЗҚ-113до: Түркістан-2014

Неке отбасы құқығын жүзеге асыру және қорғау

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некеге тұруды құқықтық реттеу

1. 1 Некенің түсінігі, қағидалары және түрлері . . . 6

1. 2 Неке қатынастарының пайда болу тарихы . . . 10

1. 3 Некеге тұру және некені тіркеу тәртіптері . . . 10

2 Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

2. 1 Ерлі - зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері . . . 19

2. 2 Ерлі - зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері . . . 21

2. 3 Ерлі - зайыптылардың мүлкінің заңи режимі . . . 25

2. 4 Ерлі - зайыптылардың мүлкінің шарттық режимі және неке шартының ерекшеліктері . . . 30

3 Некені тоқтатудың ерекшеліктері

3. 1 Некені бұзу және оны құқықтық реттеу ерекшіліктері . . . 36

3. 2 Некенің жарамсыздығының негіздері және оның салдары . . . 46

3. 3 Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынасын құқықтық реттеу ерекшеліктері . . . 49

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Отан отбасынан басталады, ал отбасының негізін қалаушы ұғым ол неке. Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ [1] . Өкінішке орай некенің құқықтық жағдайы әр қашан заңда көзделгендей жүзеге асырыла бермейді. Неке сұрақтары толық түрде зерттеу алмаған. Қазақстанда неке мәселесіне байланысты теоретикалық көзқарастар бекітілмеген. Мәселенің маңыздылығы жаңа заңнамамен көбінесе ескертіледі, яғни оның негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізіп жалпыландыру қажет. ҚР Президенті өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында айта кеткен: «бізге жергілікті аумақта да жанұяны, жүктілік кезінде әйелдерді және балаларды тәрбиелеуде жаңа демеу жолдарын табуымыз қажет. Егер біз адамгершілікті қоғам болғымыз келсе ерлі-зайыптылардың арасындағы жауапкершілікті көтеруіміз қажет. Ата-анасы балаларына, ал өскен балалары қартайған ата-анасына қамқорлық жасаса және әйел отбасында және қоғамда құрметке ие болса, онда біздің мемлекет тыныш күйде болуымызға болады. » Қазіргі кездегі қоғамдағы жағдай бұрынғы кездегідей азаматтардың құқықтарын шектеуге негіз бермейді. Міндетті түрде неке мәселесін шешетін тәжірибелік тетіктер қажет. Ондай тәжірибелік тетіктер әрбір құқық саласында орын алуы тиіс, әсіресе отбасы, азаматтық, азаматтық іс жүргізу құқық салалары. Көрсетілген құқық салаларында нормаларды қолдану мүмкіндігін жетілдіру қажет. Осы жұмыс өзге есептерді шешумен қатар, отбасы құқығы аясында зерттеу қажеттігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының объектісі Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке қатынастарының құқықтық реттелуі.

Зерттеу жұмысының мақсаты неке институтын терең зерттеу болып табылады, сонымен қатар осы тақырыптың теориялық және заңнамалық негіздерін талдап қорыту.

Жоғарыдағы зерттеу жұмысының мақсатына қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді анықтадық:

- Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некенің түсінігі және қағидаларын зерттеу;

- Некенің алғы шарттарын анықтап зерттеу;

- Некеге тұрудың тәртіптері мен некені тіркеуді құқықтық реттеу ерекшеліктерін зерттеу;

- Ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін зерттеу

- Ерлі - зайыптылардың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары мен міндеттерін зерттеу;

- Ерлі - зайыптылардың мүлкінің заңи режимін анықтап зерттеу;

- Ерлі - зайыптылардың мүлкінің шарттық режимі мен неке шартының ерекшеліктерін сипаттай отырып зерттеу;

- Некені тоқтату ерекшіліктерін зерттеу;

- Некені бұзу және оны құқықтық реттеу ерекшіліктерін зерттеу;

- Некенің жарамсыздығының негіздері және оның салдары зерттеу;

- Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынасын құқықтық реттеу ерекшеліктеріне тоқталып, коллизиялық мәселелерге тоқталу.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негіздерін жеке ғылыми және жалпы ғылыми таным әдістері: нормативтік-логикалық, тарихи, салыстырмалы құқықтану, талдау, синтез, жүйелі-құқықтық және т. б. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында автор талдау материалдарына жүйелі көзқарасты қамтамасыз етуге тырысады.

Зерттеудің нормативтік негізін көліктік қызметтер көрсетуден туындайтын қатынастарды реттеуші Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексі, отбасылық, азаматтық заңнамалар мен заңға бағынышты нормативтік-құқықтық актілері құрайды.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізі. Зерттеудің кешенділік сипаты бойынша кең көлемде қайнар көздер пайдаланылды.

Неке барысында туындайтын қатынастарды құқықтық реттеу проблемаларына көптеген отандық, шетелдік ғалым-цивилисттердің ғылыми еңбектері арналған. Солардың ішінде Б. Ж. Жандарбек, М. Ж. Муканова, Б. Е. Айтжан, М. К. Сулейменов, Л. М. Пчелинцева, М. В. Антокольская және басқаларын атап өтуге болады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке қатынасының құқықтық реттелуін жан-жақты кешенді талдау жүргізуде. Ғылыми жаңалығы ретінде автордың неке қатынастары туралы қорытындылары болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеу мақсатына сай кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некеге тұруды құқықтық реттеу: неке түсінігі мен қағидалары, некенің алғы шарттары, некеге тұру тәртібі мен тіркеуді құқықтық реттеу жөнінде сипаттама беріледі.

Екінші тарауда ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері: ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері, ерлі - зайыптылардың мүліктерінің заңи және шарттық режимдері, неке шартының ерекшеліктері қарастырылады.

Үшінші тарауда некені тоқтату ерекшеліктері: неке бұзу және оның тәртіптері, некенің жарамсыздығы негіздері және оның салдары, халықаралық жеке құқықтағы неке құқықтық қатынасын реттеу ерекшеліктеріне толықтай сипатталар беріледі.

1 Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некеге тұруды құқықтық реттеу

1. 1 Некенің түсінігі және қағидалары

Отбасы құқығы бойынша неке - бұл «ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ» [1] .

Неке теориясы неке шарты тәріздес өз бастауын Ежелгі Римнен алады. Рим құқығының классикалық кезеңінде некеге тұрудың барлық негізгі нысандарында қарапайым азаматтық шарттың белгілері болады. Некеге деген мұндай қатынастың болуы ең алдымен Римде неке қатынастарының белгілі бір бөлігі ғана құқықтық реттелгендігімен байланысты, олардың өркениеттік, адамгершілік және сакральді жақтары құқықтан тыс қалды. Кейін неке институтына оның рухани жағын көрсете отырып, тылсым құпиялылық сипаттама береді.

Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тек тіркелген неке ғана заңдық мағынаға ие болады. Қандай да бір ұлттың діни ырымдарына немесе дәстүрлеріне сәйкес қиылған неке құқықтық мәнге ие болмайды.

Алайда, неке мен отбасы саласындағы қоғамдық қатынастардың барлық түрлеріне тән және оларды отбасылық құқық реттеуінің пәніне айналдыратын ортақ жалпы белгілер бар. Ол - әрине аталған қоғамдық қатынастардың мақсаттарының ортақтылығы.

Сонымен қатар, неке-отбасылық қатынастарға тән белгілерді саралап тоқталсақ, олар:

  • неке-отбасылық құқықтық қатынастарды өзге де ұқсас құқықтық қатынастардан ерекшелейді;
  • неке-отбасылық құқықтық қатынастардың ерекшелігін көрсетеді, оның мазмұны мен мәніне көңіл аудартады.

Неке-отбасылық құқықтық қатынастардың белгілерінің бірі ретінде оның субъектілері арасындағы қатынастың жеке сенімге негізделетіндігін айту қажет.

Неке-отбасылық құқықтық қатынастарды сипаттайтын белгілердің келесісі ретінде сенім элементін айтамыз. Яғни, көптеген зерттеушілердің пікірлерінше және шын мәнінде осы аталған қатынастар олардың қатысушыларының өзара толық сеніміне негізделеді. Тек қана сенімге негізделген толыққанды қатынастардың нәтижесінде ғана ерлі-зайыптылардың қалыпты одақ құруы, балаларды тәрбиелеуі мүмкін болады. Ең маңыздысы, неке-отбасылық қатынастарда осы элементтің жоғалуымен некелік-отбасылық қатынастар өз мәнін толық немесе маңызды бөлігінде жоғалтады.

Неке-отбасылық қатынастардың келесі ерекшілігі ретінде олардың созылмалы сипат алуын танимыз. Кейбір әдебиеттерде неке-отбасылық қатынастардың ұзақ созылмалығы оның негізінде неке мен туыстықтың жатуында деп түсіндіріледі. Яғни ұзақтылық пен созылмалылық - барлық неке-отбасылық қатынастардың ерекшілігі, себебі, ол, бұл қатынастардың мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Мысалы, кейбір неке құру барысында оның мақсаты болып отбасы құру, келесі бір жағдайларда балаларын асырау мен тәрбиелеу сияқты созылмалы уақыт аралығында орын алатын құбылыстар табылады. Осы аталғандардың барлығы кейін құқықтық қатынастарды тараптармен туындататын және неке-отбасылық қатынастарды сипаттайтын ерекшілік ретінде табылады.

Осы жоғарыда аталған неке-отбасылық қатынастарды сипаттайтын жалпы ерекшеліктерден басқа әрбір қатынастарға тән дербес жеке ерекшеліктер де бар. Мысалы, өзара құқықтар мен міндеттерінің ерекшіліктеріне, олардың мазмұнына байланысты келесі қатынастарды қарастыруға болады:

  • некелік құқықтық қатынастар;
  • ата-анасы мен балалары арасындағы құқықтық қатынастар;
  • материалдық қамтамасыз ету бойынша құқықтық қатынастар;
  • тәрбиелеу бойынша құқықтық қатынастар.

Осы жоғарыда аталған қатынастарды бір-бірімен біріктіретін - ол олардың өзара ұқсастығы және белгілерінің ортақтығы.

Сонымен қатар, неке-отбасылық қатынастарды жеке және мүліктік деп жүктеу кеңінен таралған [2, 135 б. ] .

Жеке неке-отбасылық қатынастар ретінде некеге тұру мен некені бұзу, ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық өмірі мәселелерін шешу, тегін таңдау, тағы басқа мәселелерге қатысты құқықтық қатынастар танылады. Ал, ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік қатынастар ретінде мысалы, алименттік міндеттемелер, бірге тұрғанда жинаған мүліктер бойынша қатынастарды келтіруге болады.

Сонымен бірге, отбасылық заңнама жалған неке ұғымын береді. Жалған неке дегеніміз отбасы құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке. Жалған неке бойынша тараптарда негізгі себеп отбасы құру ниеті болмайды, олар тек белгілі бір құқықтарға ие болу үшін некеге тұрады (мысалы, бір елдің азаматтығын алу) . Жалған некенің салдары осы некенің жарамсыздығына әкеліп соғады [3, 8 б. ] .

Сондай-ақ есеп бойынша неке деген ұғым бар. Бірақ заң бұған анықтама бермейді. Есеп бойынша неке мүліктік және басқа да пайданы көздей отырып құрылады, тараптар бұл некені заңды неке деп есептейді, өйткені олар өздерінің қасақана ойларымен бөліспейді. Бұл неке түрінің жалған некеден айырмашылығы осында және оның құқықтық салдары ол неке заңды болып табылады, өйткені мұнда отбасы құру ниеті бар.

Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата - анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе - бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата - анасыз бірге тұрып, бір - біріне қамқорлық жасайтын болса - бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу) .

Некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай - ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі - зайыптық қатынастар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады. Қазақстанда мемекеттік АХАТ органында тіркелген неке ғана танылады. Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады. Ерлі - зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.

Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімдері болу керек және неке жасына жету қажет. Ерікті келісім болмаған не неке жасына жетпеген жағдайда неке қиюға жол берілмейді. Неке жасы еркектер пен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады. Неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі [1] . Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Көріп отырғанымыздай некенің ең алғашқы белгісі - оның еркек пен әйелдің арасында жүзеге асырылуы. Қазақстан Республикасында некенің әйел мен еркек арасында жүзеге асырылуына ғана рұқсат етілуі оның адам табиғатты заңдарымен сәйкестендірілуі деп тануға болады, сонымен қатар, қазіргі таңда бұл құқықтық қатынастар өзін-өзі ақтады деп сенеміз.

Кейбір ғалымдардың пікірінше неке - ол шарт болып табылады. Алайда ол өзге де шарттардан келесі белгілерімен ерекшеленеді:

  • некелік құқықтық шарттарды, оның талаптарын тараптар өз еріктерімен өзгерте немесе тоқтата алмайды;
  • тараптардың көптеген құқықтары мен міндеттері заңның императивтік нормаларымен анықталады;
  • некені қию барысында өкілдікке жол берілмейді;
  • қандай да бір мерзімдерді бекітуге жол берілмейді;
  • абсолюттік сипатқа ие, тараптардың өздерінің ғана емес, сонымен қатар, үшінші тұлғалардың да (балалар, туыстар) құқықтық жағдайына әсер етеді;
  • тараптардың әлеуметтік жағдайларын анықтайды [2, 275 бет] .

Ал кейбір ғалымдардың пікірінше, некелік құқықтық қатынастарда шарттардың элементтері бар, алайда оны шарттар қатарына жатқызу мүмкін емес. Мысалы, И. А. Загоровскийдің пікірінше, неке өз мазмұнында келісімдік шарттардың кейбір элементтерімен ерекшеленгенімен, шарт мәнімен тіпті сәйкес келмейді, неке мазмұны және оны тоқтату ерлі-зайыптылардың еркінен тыс. Сондықтан неке институтын шарттық құқық саласына жатқызу дұрыс емес, ол ерекше сипаттағы институт [3, 8 бет] .

Үшінші бір ғалымдардың пікірінше, неке - ол шарт емес, одан ұғымы кең, құқықтық салдарларды туғызуға бағытталған заңи факт. Мысалы, О. С. Иоффенің пікірінше некенің әлеуметтік мазмұны мен құқықтық ерекшеліктері оны азаматтық-құқықтық мәмілелерден ажыратып қарастыруға мүмкіндік береді. Мәміле өзінің заңи мақсаты ретінде оның қатысушыларының нақты құқықтар мен міндеттерін туындату танылады. Ал өз кезегінде неке мұндай құқықтық мақсаттарды мақсат тұтпайды. Ол - негізінде өзара махаббат пен сыйласу жататын одақ [4, 187 бет] .

Қазіргі таңда барлық дерлік ғалымдар некеге тұруды азаматтық шарт ретінде танудан бас тартып отыр. Себебі, некеге тұрудың мақсаты болып некелік құқықтық қатынастардың туындауы ғана танылмайды, ол адамгершіліктік ұғымдарға негізделген отбасы нысанындағы одақ құруға бағытталады, екіншіден тараптар неке құра отырып, кейін пайда болатын некелік құқықтық қатынастардың мазмұнын анықтай алмайды. Үшіншіден, олардың құқықтары мен міндеттері шарттық құқықтық қатынастарға сай емес, императивті нормалармен бекітіледі.

Біздің пікірімізше, неке-отбасылық қатынастарды диспозитивтік реттеудің күшейтілуімен, неке шартының, алименттік келісімдердің пайда болуы мен неке құру шарт ретінде сипат алып отыр.

Неке құру заңи факт ретінде ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін нақтылауға арналмаған, яғни неке құра отырып, тұлғалар ерлі-зайыптыларға айналады, жаңа құқықтық мәртебені иемденеді. Ал неке шарты мен алименттік келісім негізінде ерлі-зайыптылар өздерінің мүліктік қатынастарын өзгерте алады. Егер де неке шарты ерлі-зайыптылармен жасалмаған жағдайда олар болашақта оны жасау мүмкіндіктерінен айырылмайды.

Сондықтан неке құру туралы келісім өзінің құқықтық табиғатына сәйкес, өзге де азаматтық-құқықтық шарттардан ерекшеленбейді, бұл оның құқықпен реттелетін жағына қатысты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексінде некеге тұруға тиым салушы нормалар қағидасы көрсетілген [1] . Осылар қатарына келесі тұлғалар арасында некеге тұруына тыйым салынады:

- ерлі - зайыптылардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың арасында некенің киылуына жол берілмейді, себебі Қазақстан Республикасының азаматтары бір мезгілде, бір ғана заңды некеде тұруға құқықтары бар, біздің отандық заңнама көп неке ұғымына тиым салады;

- тікелей ата тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің (аға-қарындастардың), яғни қазақтың жеті атадан бері некеге тұруға болмайды деген қағидасын ұстанады. Бұл қағида қан тазалығын, жақын туыс болып табылмайтын ерлі-зайыптылар арасынан таза қанды баланың тууын қамтамасыз етеді;

- асырап алушылар мен асырап алынғандардың арасында заңдыы некеге тұру тиым салынады, асырап алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған қағида деп білеміз;

- біреуін болса да психикалық аурының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында заңды неке кию тиым салынған. Неке дегеніміз ерлі-зайыптылардың ерікті түрде құрылатын тең одағы дейміз, ал ақыл есі кем адамдар әрекетке қабілетсіз болып табылдғандықтан өз еркін білдіру құқығы болмайды [5] .

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде некенің құқықтық реттелуі мынандай қағидаларға негізделеді:

  • еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
  • ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;
  • отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
  • отбасы ішіндегі мәелелерді өзара келісіммен шешу.

1. 2 Неке қатынастарының пайда болу тарихы.

Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімдері болу керек және неке жасына жету қажет. Некеге тұратын адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен болатын неке одағына заңмен рұқсат берілмейтіндігін көрсетеді. Ерікті келісім болмаған не неке жасына жетпеген жағдайда неке қиюға жол берілмейді. Некеге тұруға келісімін некеге тұрып жатқан тұлғалар некені тіркеу кезінде тікелей өздері мәлімдейді және өзінің қолын қойып, растайды [1] . Некеге өкіл арқылы тұруға жол берілмейді. Ал, Испания және Перу заңдары өкілдікке жол береді. Индия заңдары бойынша арнайы делдалдар арқылы некеге тұрады екен [6, 203 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасы бойынша баланың құқықтары
Балалармен ата - аналардың арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке шарты
Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі
Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
Неке шартының түсінігі және маңызды шарттары
Отбасылық құқықтың жалпы мінездемесі
Ата - ана мен балалардың алименттік міндеттемелері
Отбасылық қатынстар ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz