Азаматтық құқықтық қатынастардағы субъектілердің алатын орны мен өзара байланысы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:
Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара байланысы
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1. Азаматтық құқықтың негізгі теориялық бастамалары
1. 1 Азаматтық құқықтың жалпы сипаттамасы . . . 6
1. 2 Азаматтық құқықтағы реттеу тәсілдері мен қағидалары . . . 11
1. 3 Азаматтық құқықтағы қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылу
негіздері . . . 18
2. Азаматтық құқықтық қатынастардағы субъектілердің алатын орны мен өзара байланысы
2. 1 Азаматтық құқық қатынастарды жүзеге асыру түсінігі және мерзімдері . . . 23
2. 2 Азаматтық құқық субъектілерінің элементтері . . . 31
2. 3 Азаматтық құқық субъектілері және азаматтық құқық қатынастарды жүзеге асырудың жауапкершілігі . . . 64
Қорытынды . . . 74
Пайдаланған әдебиеттер . . . 77
Кіріспе
Тақырыптың өзектілгі. Азаматтық құқық-Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс - тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады. Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ, мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар кұрайды.
Азаматтық құқықтық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық-құқық қатынастары деп аталады.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарға араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында осындай қатынас туындайды. Азаматтық кодексте көрсетілген сату - сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге немесе сол затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруғаәйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т. с. с.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру - осылардың бәрі де құқық қатынасын тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
Құқық қытынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен оның құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік - аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады. Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол арқылы осы қатынастардың мазмұнын құрайтын олардың арасында белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Өмірдегі жиі кездесетін қатынастардың барлығы дерлік құқықтық
қатынастары болып табылмайтынын қоғамдық қатынастар мен реттелетінін
бәріміз білеміз. Тек құқықтың негізінде пайда болатын қатынастар құқықтық депаталады, бірақ оның іске асуы құқық нормаларының гипотезасында көрсетілген мән-жайлардың орын алуына байланысты екенін жадымыздан елең етпеуіміз керек. Осы құқықтық қатынастың бір түріазаматтық құқықтық қатынас, яғни оған тауар ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес қатынастар да кіреді. Қарап отырсақ жоғарыда аталған қатынастар біз үшін маңызды және де барлық адамдар күнделікті осы азаматтық құқықтық қатынасқа түседі десек қателеспейміз.
Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Азаматтық құқықтық қатынас тақырыбын кеңінен ашып жазу, бұл қатынастың пайда болу, тоқтатылу, өзгерту салдарына ерекше тоқталу және де азаматтық құқықтық қатынастың бүгінгі күндегі орнын анықтау болып саналады. Алдағы мақсатты жүзеге асыру барысында мынадай міндеттер қойдым: тақырыптың шынайы, ауқымды және толық болуын қамтамасыз ету. Жазу барысында қолданылған әдебиеттердің жаңа және маңызды болуын қадағаладым.
Жұмыстың объектісі. Азаматтық құқықтық қатынастардың бүгінгі таңдағы өзектілігі бұл саладағы заңнаманың толығымен жетіспеушілігі және де жаңадан пайда болып жатқан азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде күшінің жетпеуі. Бар заңнаманың өзі іс жүзінде толығымен жүзеге аспауда. Бұл бүгінгі күннің өзекті проблемасы. Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеуде заңнамалық базаны нығайту, оны күнделікті қолданысқа енгізу, ал заңнама ережелерін бұзған жағдайда қатаңырақ жаза қолдануымыз дұрыс деп ойлаймын. Бұл осы саладағы құқықбұзушылықтың алдын алудағыбірден бір жол деп есептеймін.
Дипломдық жұмыстың құрылысы - кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жоғарыда аталып кеткендей тақырыптың мақсаты, міндеті, өзектілігі, жаңалығы көзделген. Ал тарауда бөлімде азаматтық құқықтық қатынастардың (түсінігі ауқымы мен элементтеріне, пайда болу, тоқтатылу және өзгертілуінежалпы түсінік беріледі. Ал қорытынды бөлімінде азаматтық құқықтық қатынастардың бүгінгі таңдағы орны туралы жазылады.
1. Азаматтық құқықтың негізгі теориялық бастамалары
1. 1 Азаматтық құқықтың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері өте кең. Азаматтық құқық пен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқық сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларымен ерекшіліктерін де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1-бабының 1 тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқықтармен реттелетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әртүрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар [1] .
Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік иеліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады. Мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналасушылар немесе өнертапқышөзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекеісін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысының пайдаланғаны үшін онда авторлық сыйақы алу құқығы пайда болады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялылығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын кұқықтық қатынастарды жатқызуға болады.
Сондай-ақ, Ата Заңның 33-бабы "азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын атай келе, "азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады" десе, осы баптың келесі тармағында "тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы" атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары шетел азаматтары азаматтығы жоқ адамдар) заңды тұлғалар мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азаматтық кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодекстің ерекшілігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылар мен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген [2] .
Азаматтық заңдарда 1994 - жылғы 24 желтоқсанда он үшініш сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 11 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады. Азаматтық кодекске 1996 жылғы 15 шілдедегі, 1997 жылғы 5 наурыздағы, 1997 жылғы 2 шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы заңдармен өзгерістер енгізілгенін ескеру қажет.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2 тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады. Сонымен, азаматтық құқық нормалары заңдарда, нормативтік құқықтық актілерде және заңға сәйкес нормативтік актілерде бекітілуі мүмкін. Бұл орайда "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұл нормативтік құқықтық актілердің бәрі олардың заң күшіне қарай белгілі бір қатаң иерархиялық жүйе бойынша орналасады.
2 . Заң актілері. Заңдардың арасында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының мейлінше жоғары заң күші бар, оның 4 -бабында Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары деп белгіленген.
Біз бұған дейін 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданған, заң күші жағынан азаматтық құқық қатынастарын реттеуде мейлінше маңызды орын алатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) атап өткенбіз. Азаматтық кодекс (Жалпы бөлім) 1995 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енгізілді. Ол 405-бапты біріктіретін 24 - араудан тұрады. Оның сипатты белгісі оған нарықтық экономика жағдайындағы азаматтық айналымға арналған нормативтік базаның негізі етіп алынғаны болып табылады.
Азаматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталды.
Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан немесе жан жағынан бір кемшілігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т. б.
Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқықтық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерді сату, банк арқылы есеп айыру осылардың бәрі де құқықтық
қатынасты туындырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады [4] .
Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әртүрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Олар әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моралъдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормалары реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз-бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатынастардың құқықтық түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады.
Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық-құқықтық қатынастар дегеніміз-азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар [5, 376б. ] .
Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-кұқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана байланысты болады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттерімен жүзеге асырылады.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:
- мүліктік қатынастар;
- мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;
- мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастар.
Азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болғандықтан, азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу, айырбастау, заим және т. с. с. ) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастарға жатады [6, 93б. ] .
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқық мүліктік емес сипатта болады (авторлық құқығы, шығармаға қол сұғылмау құқығы және т. с. с), алайда оларды басқа тұлғалардың пайдалануы арқылы негізгі жалпы ереже бойынша жүргізіледі, соның салдарынан аталған құқықтық қатынастар мүліктік емес болғандықтан, мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады.
Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтар мен игіліктер - ар-намыс, қадыр-қасиет, іскерлік бедел және т. с. с. мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады. Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық-құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады.
Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы кұқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады.
Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міңдетті. Кез келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай кұқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мысалы, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін [7, 122б. ] .
Салыстырмалы кұқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады. Демек, салыстырмалы кұқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірілген мысалда - тапсырыс беруші тарапынан қорғалады.
Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық-құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады («өзі әрекет ету» құқығы) .
Заттың құқықтық субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құқықтық қатынастар болып табылады.
Меншік иесі өзінің тиесілі затты иеленуге, падалануға және оған билік етуге кұқылы, ал міндетті субъектілер - қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндеттер жүктеледі.
Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа бір адамның белгілі бір әрекет жасау жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекет жасауды талап етуге құқылы («бөгде әрекет» құқығы) .
Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті. Зат қашанда заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі - зат болмауы мүмкін. Мысалы, баспа мен автордың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан туындаған құқықтық қатынастардың объектісі зат емес, интеллектуалдық қызметтің нәтижесі - әдеби шығарма.
Құқықтың қайнар көзі ретінде, оның ішінде азаматтық құқықтағы «шаруашылықты жедел басқару» ұғымы мен нормалары заңгер А. В. Венедиктовтың шаруашылықты социалистік формада ұйымдастыруға байланысты қалыптасқан. Ал шарттарды құқықтың қайнар көзі деп тануымыз үшін оның мазмұнында заңи нормалардың болуы талап. Азаматтық құқық саласында халықаралық шарттардың атқаратын ролі өте зор, өйткені халықаралық шарт дегеніміз- мемлекеттер мен халықаралық құқық субьектілерінің арасындағы ортақ қызығушылығы көрсетілген өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеген келісім болып табылады. Бұл туралы Вен конвенциясының 2- бабынан көруге болады.
Нормативті-құқықтық акті, бұл ең негізгі және құқық фомасының жаңарған түрі. Ол үкіметтің нормативтік мазмұнындағы актісі. Нормативтік акті жеке істер бойынша мазұнында нормалар қалыптасқан қайнар көз болып қана қоймай, істі шешеді.
Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық реттеу пәні мен әдісін қолданады. Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. </h4>
Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды реттейтін және қалыптастын құқықтық нормалардан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz