Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалу мәселелері


Мазмұны

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілеулер мен қысқартулар

Кіріспе . . . 9

1 Соттың азаматтық іс бойынша шешімінің түсінігі, мәні және оған

қойылатын талаптар

1. 1 Сот шешімінің ұғымы және сот шешіміне қойылатын талаптар . . . 12

1. 2 Шешiм шығарған кезде шешiлетiн мәселелер . . . 17

1. 3 Сот қабылдаған шешімдегі кемшіліктерді жою және қосымша шешім

шығару негіздері . . . 23

2 Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім

2. 1 Талап қоюшылық істерді сырттай қараудың тәртібі және сырттай шешім . . . 29

2. 2 Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарау тәртібі . . . 37

3 Сот шешімін орындау ерекшеліктері және атқарушылық іс жүргізудің мәні

3. 1 Сот актілері мен өзге де органдардың актілерін орындаудың жалпы ережелері . . . 42

3. 2 Атқарушылық іс жүргізу субъектілерінің құқықтық жағдайлары . . . 50

3. 3 Шешімді дереу орындау (түрлері және негіздері) . . . 60

4 Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудың кейбір мәселелері . . . 63

Қорытынды . . . 75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 76

Нормативтік сілтемелер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30. 08. 1995 ж. (07. 10. 1998ж. және 21 мамыр 2007 жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен)

2. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы 1999ж. (2014. 03. 07 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3 ҚР Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңы, 25. 12. 2000 ж.

4 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы "Қазақстан Республика-сының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы". 25желтоқсан, 2000 //Егемен Қазақстан. 25 желтоқсан, 2000.

5 ҚР Азаматтық кодексі. Алматы 27. 12. 2004ж. (берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

6 «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы, 21. 12. 1995ж.

Анықтамалар

Сот шешімі - соттың мемлекет атынан шығаратын (соттық талқылау нәтижесінде) нақты субъектілердің құқықтары мен міндеттерін бекітетін, барлық азаматтар мен ұйымдар үшін заңдық күші бар құқық қолдану актісі. Сот шешімінің маңызын оның атқаратын функциясына қарап байқауға болады.

Сот шешімінің құрылымы - шешім кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады.

Шешімді түсіндіру - шешім түсініксіз болған жағдайда істі қараған сот іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот орындаушысының өтініші бойынша шешімді оның мазмұнын өзгертпей түсіндіруге құқылы. Шешімді түсіндіруге ол әлі орындалмаған және шешім мәжбүрлі түрде орындалуы мүмкін мерзім өткенге дейін жол беріледі. Сот шешiмдi түсiндiру туралы өтiнiштi, өтінішті өтiнiш қабылданған күннен бастап он күн мерзiмде қарауға мiндеттi.

Қосымша шешім - іс бойынша шығарылған сот шешімі толық болмаса, дәл сол азаматтық іс бойынша қосымша шешім шығарылады. Қосымша шешім негізгі шешімнің ажырамас бөлігі болып танылады.

Атқару құжаты дегеніміз - заңмен белгіленген тәртіпте соттың және де басқа да органдардың орындауына жататын юрисдикциялық деңгейдегі атқарушылық күші бар іске қатысушы тараптар мен басқа да органдар үшін міндетті болып табылатын құжаттар.

Атқарушылық іс жүргізудің өкілі атқарушылық іс жүргізумен байланысты барлық іс-әрекеттерді өкілдік берушінің атынан жасауға құқылы. Өкілдік беруші беретін сенімхатта өкілдің мынадай іс-әрекеттер жасауға: атқару құжатын ұсынуға және кері қайтарып алуға; өкілеттіктерді басқа тұлғаға беруге (қайта сенім білдіруге) ; сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасауға; ұйғарылған мүлікті (соның ішінде ақшаны) алуға; бітімгершілік келісім жасасуға өкілеттіктері арнайы ескертілуге тиіс.

Атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып мыналар танылады: атқарушылық іс жүргізудің жақтары (өндіріп алушы және борышкер) ; атқарушылық іс жүргізу жақтарының өкілдері; сот приставы; атқарушылық құжатта көрсетілген талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге тұлғалар (ішкі істер органдарының бөлімшелері және қызметкерлері, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушымен қамауға алынған мүлікті қорғауға немесе сақтауға берілген тұлға және басқалар) .

Атқарушылық іс жүргізу аяқталуы : атқару кұжаты қайтарылған, заңның 48-бабында аталған негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған, соттың немесе құжат берген басқа органның талабы бойынша атқару құжаты орындалмай қайтарылған жағдайларда аяқталды деп есептеледі.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР - Қазақстан Республикасы

АК - Азаматтық кодексі

АІЖК - Азаматтық іс жүргізу кодексі

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына да 23 жыл толғалы тұр. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс болатын. Сол аса күрделі кезеңде Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей сара жолға шығарды. Елбасымыз

«Біз зайырлы құқықтық мемлекет құруымыз керек. Адам құқығы әркез қорғалуы тиіс. Заңдылықтар сақталса, адам өзінің заңды түрде қорғалатынын айқын сезінсе онда дұрыс жолмен келе жатқанымыз» - деп еді[1] . Енді міне, сол сәттер де сағымға айналып, еліміздің егемендігіне 23 жыл толғалы тұр. 25 желтоқсан 2000 жылы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңның қабылдануы ұлттық сот жүйесіндегі тарихи елеулі оқиға болды.

Егемен еліміздің тәуелсіз сот жүйесін жетілдіруде аталмыш заң, ғасыр жүгін арқалады десек, асыра айтқандық емес. Осы уақыт аралығында мамандандырылған соттар құрылды, жетілдірілген сот жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл жағынан келгенде Қазақстандағы сот жүйесінде әлемдегі озық мемлекеттердің қатарына сәйкес келетін, көпшіліктің көкейінен шығатын жүйе құрылған. Дегенмен, осы жүйенің кейбір тұстары әлі де болса пысықталып, қазіргі уақыт талабына сай сәйкестендіруді қажет етіп отыр. Бұл орайда ең алдымен сот шешімінің тез әрі жылдам іске асуының жолға қойылуы қажеттігін баса айтты. Сотқа келіп жүгінген әрбір азамат, заңды немесе жеке тұлға өз мәселесін тез арада шешіп, сот орындау қағазын алғаннан кейін орындау процесіне баруы керек. Ал қазіргі уақытта Жоғарғы Сот құзыретінің шектен тыс кеңеюіне байланысты осы мәселенің арасы алшақтап кеткенін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Қазір заңды күшіне енген сот шешімдері актілерінің заңдылығын тексеру кассация мен қадағалау сатысының құзыретіне берілген. Бізде жылына миллионға жуық сот істері қаралады. Ал енді Жоғарғы Сот осы істер бойынша, заңды күшіне енген сот шешімдерінің заңдылығын тексеруге барлық кезде үлгеріп отыр ма, оған даяр ма деген мәселеге келгенде уақыттың өзі бұл мәселеде жергілікті соттардың әлеуетін кеңейту қажеттігін көрсетіп отыр.

Сот шешімі құқық нормаларын қолданудың дербес актісі ретінде соттың іс бойынша нақты құқықтық қарым-қатынасты зерттеуі. Шешім түріндегі сот актісі сот отырысында азаматтық істі талқылаудың соңғы сатысы болып табылады, шешім азаматтық сот ісін жүргізудің барлық түрлері бойынша шығарылады. Талап қою істерінде сот шешімінің тақырыбына құқықты қорғау талабымен сотқа жүгіну жатады, әкімшілік-құқықтық қарым-қатынастардан туындаған істерде, сот зерттеуінің тақырыбына мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың азаматтардың құқық бұзушылықтары туралы жоқка шығарылған қаулылары жатады. Ерекше сот істеріндегі сот шешімінің тақырыбына материалды-құқықтық қарым - қатынас - заңды мәні бар деректерді анықтау жатады. Соттың шешімдерін барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, өзге заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында мүлтіксіз орындауға тиіс.

Сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуы елімізде заңдылықтың қатаң сақталатындығын көрсетеді. Сот жүйесінің беделі оның шешімінің орындалуымен тікелей байланысты десек, қателеспеген болар едік. Нақтылы, шүбәсіз және уақытылы орындалған сот қаулысы сот төрелігін жүзеге асырудың және оның маңызын нығайтудың бірден - бір басты белгілерінің бірі. Олай болса, сот қаулыларын орындайтын сенімді, берік жүйе орнату беделі сот билігін орнатудың құрамды элементтерінің бірі деп нақты айта аламыз. Сот қаулыларының орындалуын түпкілікті жақсарту қажеттігін Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында атап көрсетті.

Ғылыми жаңалық және ғылыми жаңалықтар жағдайы. Зерттеуде қазақстандық процессуалдық заңнамадағы шешім түріндегі сот актісі сот отырысында азаматтық істі талқылаудың соңғы сатысы ретінде, шешім шығару кезінде туындайтын мәселелер және олардың аталған құқық саласындағы иеленетін орнының дәрежесі жаңаша көзқарас тұрғысынан кешенді түрде қарастырылды. Сот шешімін құқықтық жағдайын зертей келе құқықтық олардың жіктелу ерекшеліктеріне байланысты тәжірибеде кездесіп отырған мәселелерді талдау арқылы оларды шешуге ұсыныстар енгізу.

Сонымен қатар, зерттеуде басты назарды Қазақстан Республикасындағы атқарушылық іс жүргізудің кейбір мәселелелеріне, заңнаманың ары қарай жетілдірілуіндегі объективтік тенденцияларына аударылады.

Тәжірибелік қажеттілігі. Зерттеудің нәтижесінде жасалған қорытынды тұжырымдар азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттерін орындауды құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді, кешенді зерттеуге тырысумен сипатталады және Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарын жетілдіру мәселелеріне байланысты қолданылуы мүмкін.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - сот шешімі және орындау институтының қазіргі таңдағы жағдайын зерделеу табылады. Оның дамуының, содан туындаған мәселелік сұрақтардың шеңберін анықтау, сонымен қатар іс жүргізушілік принциптерге негізделген олардың шешу жолдарын жасақтау негізгі мақсаттың мазмұнын құрайды. Соттың азаматтық іс бойынша шешімінің өзектілігі зерттеу жұмысының мақсатын ашады.

Осы мақсатқа жету үшін зерттеудің келесі міндеттерді анықталады. Олар азаматтық іс жүргізудегі сот шешімі институтын пайдаланудың теориялық, іс жүргізушілік, ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-әдістік аспектілеріне бағытталған:

  • азаматтық іс жүргізудегі әділ сот шешімінің сот қызметіндегі орнын анықтау;
  • сот шешімінің азаматтық іс жүргізушілік заңнамаға сәйкес орындал-уының маңызын зерттеу;
  • сот актілері мен өзге да органдардың актілерін орындаудың жалпы ережелерін зерделеу;
  • сот орындаушыларының құқықтық мәртебесінің негіздері және мазмұнын, дамуын және олардың жүзеге асырылуының ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеудің обьектісі - сот шешімі және оны атқару тәртібі.

Зерттеудің әдістемелері мен теориялық негіздері.

Диссертациялық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде жалпы диалектикалық, танымдық әдістермен қатар, арнайы логикалық, нақты тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер құрайды. Алдыға қойылған міндеттерге жету үшін де жүйелік әдістер қолданылады.

Зерттеудің теориялық негізін заңгер ғалымдардың сот билігінің және азаматтық іс жүргізудің құқығы мен оның қағидаларының сұрақтарына байланысты арнайы жұмыстар, құқықтың жалпы теориялық мәселелері бойынша отандық және шетел ғалымдарының еңбектері танылады. Диссертациялық жұмысты зерттеу барысында Баймолдина З. Х., Рассахатская Н. А., Треушников М. С., Чертков В. Л., Савельева Т. А., Решетникова И. В., Треушников М. К., Осокина Г. Л., Жилин Г. А., Кудрявцева Е. В., Решетняк В. И., Уткина И. В., Черных И. И., Викут М. А., Зайцев И. М. және т. б. авторлардың еңбектері пайдаланылады. Сонымен қатар мерзімді басылымдарда жарияланған осы саладағы мақалалар мен материалдар да назарға алынады.

Практикалық базасы- Қазақстан Республикасының соттары.

1 Соттың азаматтық іс бойынша шешімінің түсінігі, мәні және оған қойылатын талаптар

1. 1 Сот шешімінің ұғымы және сот шешіміне қойылатын талаптар

Еліміздегі сот - құқықтық реформа қарқынды жүруде. Бұл Мемлекет басшысының тиімді сот жүйесін құру, кадр саясатын жетілдіру бағытындағы жыл сайынғы Жолдауында берілген басым тапсырмалар негізінде жүзеге асырылып келеді. Сот азаматтық iстер бойынша АIЖК-нiң 21-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес шешiмдер, ұйғарымдар, қаулылар және бұйрықтар нысанында сот актiлерiн қабылдайды. Заңды күшiне енген сот шешiмдерi, ұйғарымдары, қаулылары, азаматтық iстер бойынша бұйрықтары барлық мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, қоғамдық бiрлестiктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мүлтiксiз орындалуға тиiс.

Судьялар сот төрелігін тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асыру керек. Сот беделінің артуы тікелей соттардың жұмысына байланысты. Қазақстан Республикасының әрбір судьясы қазақтың «тура биде туған жоқ» деген мақалын әр кезде есте ұстағандары жөн. Біз, судьялар сот төрелігін атқаруда әділ және бейтарап болсақ, халықтың сотқа деген сенімі одан да арта түспек. Бiрiншi сатыдағы сот iстi мәнi бойынша қарағанда сот актiсi АIЖК-нiң 217-бабына сәйкес шешiм нысанында шығарылады. Шешiмнiң құрылымы мен мазмұны туралы АIЖК-нiң 220, 221-баптарының талаптары iс жүргiзудiң барлық түрлерi (талап қою бойынша iс жүргiзу, ерекше талап қоюмен және ерекше iс жүргiзу) үшiн мiндеттi. Заңмен көзделген жағдайларда (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын даулау жөнiндегi iстер бойынша, заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң конкурстық өндiрiсi шеңберiнде қаралатын iстер бойынша) сот актiлерi соттың ұйғарымы нысанында қабылданады.

Сот актісі дегеніміз жалпы белгілері бір-бірімен ұқсас азаматтық істер бойынша қабылданатын төрт түрлі іс жүргізу құжаты.

Сот актілерінің жалпы белгілері.

  • Құқық нормалары негізінде шығарылады.
  • Нақты жағдайларға байланысты бір мәрте қолданылады.
  • Арнайы акт-құжат болып табылады.

Сот актілерінің басқа құқық қорғау актілерінен айырмашылығы:

1. Әділсот органы шығарады

2. Тараптардың және үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында шығарылады.

3. Белгілі жүйелікті яғни құрылымды соқтай отырып, шығарылады.

4. Қазақстан Республикасының территориясында тұратын бүкіл заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып табылады.

Актіні шығаратын сот инстанциясының түрлеріне байланысты сот актілерін:

а) Ι сот инстанциясы шығаратын сот шешімі, ұйғарымы, сот бұйрықтары.

б) Апелляциялық, кассациялық және қадағалау сот инстанциялары шығаратын сот қаулылары деп бөлуге болады.

Сот шешімі - соттың мемлекет атынан шығаратын (соттық талқылау нәтижесінде) нақты субъектілердің құқықтары мен міндеттерін бекітетін, барлық азаматтар мен ұйымдар үшін заңдық күші бар құқық қолдану актісі. Сот шешімінің маңызын оның атқаратын функциясына қарап байқауға болады. [1]

  1. Құқық қорғау функциясы
  2. Реттеу функциясы
  3. Тәрбиелеу функциясы

Кез-келген құқық қолдау актісі сияқты сот шешімі де белгілі талаптарға сай болуы тиіс. АІЖК-ң 218- бабына сәйкес шешім заңды және негізді болуы тиіс. Материалдық және процессуалдық құқық нормаларын тиісті түрде қолдана отырып шығарылған шешімдер заңды шешім болып таблады.

Іс үшін маңызы бар мән-жайлар жан-жақты зерттеліп, және сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденуі сонымен бірге сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келуі сот шешімінің негізділігін айқындайды.

Оданда бөлек сот шешіміне төмендегідей талап қойылады.

1. Шешім толық болуы тиіс, яғни талап арызда көрсетілген барлық талаптарға сот шешімінде жауаптар көрініс табуы тиіс.

2. Шешім түсінікті болуы тиіс, яғни шешімнің мазмұны сауатты және анық болуы керек.

3. Шешімнің мазмұны (реквизиттері) заңға сәйкес болуы тиіс.

Бірінші сатыдағы әділсот актісі ретіндегі соттың шешімі мен ұйғарымынан бірінші сатыдағы соттың шешімін қалдыру, өзгерту, жоққа шығару, сондай-ақ дәлелдемелердің толық зерттелуі мен бағалануына, заңның дұрыс қолдануына және т. б. карай жана шешім шығару құқығына ие апелляциялық және қадағалау сатысындағы сот қаулысын ажырата білу керек[2] .

Апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысындағы сот қаулысы іске қатысушылардын сот шешіміне берген шағымдары бойынша төменгі соттардың шешімдерін тексеру (қадағалау) актісі болып табылады.

Сот шешімі құқық нормаларын қолданудың дербес актісі ретінде әрбір сот шешімінің тақырыбымен анықталады. Сот шешімінің тақырыбы дегеніміз соттың іс бойынша нақты құқықтық қарым - қатынасты зерттеуі. Баскаша айтканда, сот шешімі бүл талап кою арызының тақырыбы - сотқа жүгінген талап етушінін талабы. Талап қою істерінде сот шешімінің тақырыбына құқықты қорғау талабымен сотқа жүгіну жатады, әкімшілік-құқықтық қарым-қатынастардан туындаған істерде, сот зерттеуінің тақырыбына мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың азаматтардың құқық бұзушылықтары туралы жоқка шығарылған қаулылары жатады. Ерекше сот істеріндегі сот шешімінің тақырыбына материалды-құқықтық қарым - қатынас - заңды мәні бар деректерді анықтау жатады.

Сот шешімінің мәні даулы карым-қатынастарды реттеумен бұзылған құқықтар мен мудделерді қалпына келтіретін әділсот актісі ретіндегі күшінен тұрады. Шешім өкімді сипатқа ие бола отырып, ол кімге катысты шығарылса, соған міндетті. Сонымен бірге, сот шешімінің мағынасы бұзылған құқықтарды корғау, заңдылықты және құкықтық тәртіпті бекіту, құқық бұзушылықты ескерту болып табылатын сот ісінін міндеттерімен шартталған. Сонымен қатар сот шешімі бағынуға тиісті нормаларды қолдана отырып, азаматтарды заңды кұрметтеуге тәрбиелейді, тәртіптің нақты ережелерін бекітеді, кұқықты қорғау түрін және заңды түрде алынған өкілеттіктерді жүзеге асыруға кепілдіктерді анықтайды.

Сот шешіміне қойылатын негізгі талаптарға оның заңдылығы және негіздігі жатады. Бұл талаптар сот шешімдерінін барлық турлеріне қойылады.

Сот шешімінің заңдылық - бұл материалдық және іс жүргізу нормаларынын талаптарына сай келу. Шешім іс жүргізу құқығы нормаларын сактаумен және қаралып отырған іске қолданылатын немесе кажетті жағдайларда даудың осындай тақырыптарын реттейтін заңды қолдануға негізделген материалды құқық нормаларына толық сай келгенде заңды болып табылады. Бұл ретте шешім азаматтық заң нормаларынын жалпы бастамасы мен мағынасынан және адалдықтың, шындықтың және саналылықтын талаптарынан шығуы тиіс.

Сот істі шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, адам талаптарын, азаматтық іс жүргізу кодексін және өзге де нормативті кұқықтық актілерді дәл сақтауы тиіс. Сот төмендегі шарттарды орындаған жагдайда, онын шешімі заңды деп есептеледі:

  1. әділ сот орнату кезінде сот төрешісі тәуелсіз және ол текҚазақстан Республикасының Конституциясына және заңға ғана бағынады;
  1. әділсотгы тек сот кана жүзеге асырады;
  1. азаматтық істі шешу кезінде мемлекеттік органның немесе өзге органның нормативті құқықтық актісінің заңға сай келмейтінін немесе ол өкілеттікті асыра сілтеумен шығарылғанын анықтаған сот үлкен заңды мәні бар кұқықтық актілерді қолданады;
  2. құкықтық қарым - қатынасты реттейтін құқық нормасы болмаған жағдайда сот соған ұқсас құқықтык қарым-катынасты (заңның баламасы) реттейтін құқық нормасын қолданады, ал мұндай норма жоқ болған жағдайда дауды заңнын жалпы мағынасын, бірінші кезекте Қазақстан Республикасынын Конституциясын басшылыққа ала отырып шешеді;
  3. заңдылық халыкаралық келісім шарттарға қарама-қайшы болған жағдайда, сот аталған келісімшарттарда бекітілген, Қазақстан Республикасынын ратификацияланған ережелер қолданылады.

Сондықтан да, аталған ережелер негізінен заңдылық талаптарынын мазмұнынан тұрады. Материалды және іс жүргізу құқығы нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбау шешімді жоқка шығарудын негізі болып табылады.

Сот шешімінің негізділігі. Сот шешімін койылатын келесі талап оның негізділігі болып табылады. ҚР АІЖК 218-бабының 2-белігінде шешім тек сот отырысында зертгелген дәлелдеме-лерге ғана негізделуі тиіс деген негізділік үғымының мазмұны ашып айтылған. Сот шешімінің негізділігі қаралып отырған істін мән-жайлары туралы сот тұжырымдарының сай келуін білдіреді. Сот шешімі мынадай жағдайларда негізді деп табылады. Егер де сот:

1) шешімін сот отырысында зерттелген дәлелдемелермен расталған берілген істегі деректерге негіздесе;

  1. шешімді дәледдемелердің күмөнсіздігі мен катыстылығы туралы зан талаптары негізінде кабылдаса;
  2. өз шешімін дәлелдеуді кажет етпейтін жалпыға белгілі мән-жайларға негіздесе;
  3. шешімді сот тапсырмаларын орындау төртібімен жиналған дәлелдемелерді есепке ала отырып, қабылдаса[3] .

Жалпы ереже бойынша, шешім шығып, жарияланғаннан кейін, сот өзі оны өзгертуге, толыктыруға кұқысы жоқ. Сот шешімінің кәдімгі кемшіліктеріне талап коюшының арызындағы талаптарға накты жауап-тың толық болмауын көрсететін оньщ толык немесе жеткіліксіз анық еместігі жатады. Сот шешімінің толық еместігі соттың барлық талап қоюшының талаптарын немесе барлык жауап берушіге қатысты шешпегендігінен немесе арыздағы талапты өзгертудін негізі мен оның мелшерін есепке алмағандығынан көрінеді. Шешіміндегі жеке кемшіліктерді сот косымша шешім шығару немесе осы түсіндіру арқылы жоюға құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаты
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Құқық қорғау органы – Сот жүйесі
Сот шешімдерін орындау сатысындағы адам құқықтары
Атқару құжаттарын қабылдау бойынша талаптар
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі
Қазақстанның құқықтық саясатының тұжырымдамасы негізіндегі атқару ісін дамытудың құқықтық
Электронды сот өндірісінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz