Неке отбасы құқығын жүзеге асыру және қорғау



Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Неке, отбасы құқықтық қатынастарының жалпы түсінігі.
1.1 Неке қатынастарының пайда болу тарихы ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.2 Неке қатынастарының түсінігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2 Неке институтының қазақстандық және мұсылман құқығы бойынша салыстырма сипаттамасы.
2.1 Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некеге тұрудың шарттары мен тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некені бұзу және оның салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
3 Неке қатынастарындағы кейбір өзекті мәселелер.
3.1 Неке қатынастарындағы коллизиялық мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
3.2 Неке отбасын қорғаудағы жалған неке мен неке келісім шарты ... ... ... ... ..59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қарастырылып отырған тақырыптың маңыздылығы келесі жағдайлармен анықталады. Бүгінгі таңда неке қатынастары тек біздің мемлекетіміздің шеңберінде ғана емес, бүкіл әлемде кең өріс алуда. Некесіз қатынастардың, жалған некелердің, толық емес отбасыларының саны артуда. Кейде отбасы дағдарысының белгілері ретінде қарастырылатын осындай құбылыстарды қазіргі индустриалдық қоғамның, Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының және әлеуметтік экономикалық өмірдің жалпы талаптарына сай отбасының жаңа түрінің пайда болуы деп айтсақ дұрысырақ болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында «Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік»-деп атап айтты.
Құқықтық көзқарас бойынша шетелдік элементпен күрделенген неке қатынастары мәселесі әрі қызық әрі өзекті мәселелердің біріне айналып келеді. Өйткені мұнда қарастырылып отырған мәселені реттеуге ұлттық немесе шетелдік заңнамаға сілтеме жасайтын коллизиялық нормалардың толық әрі жеткілікті білімді қажет етіледі. Шетелдік элементпен күрделенген неке қатынастарының құқықтық режимін анықтау кезінде шетелдік заңнаманы білу маңызды болып табылады, себебі көп жағдайда шетелдік құқық қолданылады.
Ғылыми жаңалығы және ғылыми жаңалықтар. Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асрылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде – отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.
Екінші түрі – отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс - әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей – ақ өздері іске асырады. Мұндай іс - әрекеттерді – құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата – анасы тәртіп бұзушы баланың ата – анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б.
Сот арқылы қорғау – отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАЖ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар - әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай – ақ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Халықаралық құқықтық актілер
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауы
2.Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен қабылданған 1948 жылдың 10 желтоқсанындағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы.
1. Ең төменгі неке жасында некеге тұруға келісім беру және некелерді тіркеу туралы Рекомендация. 1 қараша 1965 жылғы 2018 (XX) Бас Ассамблея Қарары.
2. 1957жылғы Некедегі әйелдің азаматтығы туралы Конвенция
3. Нәсілдік кемсітушіліктің кез-келген нысанын жою туралы Халықаралық Конвенция (Нью-Йорк, 7 наурыз 1966 ж.).
4. Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция (Рим, 4 қараша 1950 ж.) (өзг. мен тол. 21 қыркүйек 1970 ж., 20 желтоқсан 1971 ж., 1қаңтар 1990 ж., 6 қараша 1990 ж., 25 наурыз 1992 ж., 11 мамыр 1994 ж.).
5. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт.(Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 ж.).
6. Мәдени, әлеуметтік және экономикалық құқықтар жөніндегі халықаралық пакт.(Нью-Йорк, 16 желтоқсан 1966 ж.).
7. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Конвенция .(Минск 22. 01. 93)

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері

1. 1995 жылдың 30тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Қазақстан Республикасының 1998 жыл 17 желтоқсандағы №321-I «Неке және отбасы туралы» Заңы, Алматы: ЮРИСТ.
3. Қазақстан Республикасындағы 1995 жыл 19 маусымдағы №2337 «Шетелдік тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы.
4. Қазақстан Республикасының 1997 жыл 16 шілдеде қабылданған № 167-I Қылмыстық Кодексі.
5. Қазақстан Республикасының 1991 жыл 20 желтоқсандағы №1017-XII «Азаматтық туралы» Заңы.
6. 1994жыл 27желтоқсанда қабылданған №269-XIII Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.
Арнайы әдебиеттер

1. Құранның қазақша аудармасы. Халиф Алтай.
2. 1978 жыл 15 маусымда қабылданған ХЖҚ туралы Австрия Федеративтік Заңы
3. Амангельды Айталы. По семейным обстоятельствам.//Мегаполис, №30 (243), 2005г.,ст.1.
4. Андрей Соколов. В Атырау растет число браков с иностранцами.//Национальное информационное агенство «КазИнформ» 29.10.05.
5. Мұхаммед Пайғамбардың әйел және отбасы туралы өсиеттері (Мұхаммед Пайғамбардың хадистері мен Әзірет Әліге айтқан өсиеттері бойынша). 10б.
6. Мың бір хадистер. Аударғандар: Төрежан Жүнісов, Файзулла Жүнісов. Шымкент қ.
7. Абдуррохман ибн Мухаммад «Авзи Аль Джузирийю». Китаб-уль-фикхи алал мазахиб-иль-арба ати (араб.яз.)(книга о законодательстве по 4-м мазхабам) Бейрут 1996
8. Ангерс. Э. История Европейского права (Перевод со шведского) \Ин-т Европы - М: Наука, 1996-395 с
9. Антольская М.В. «Семейное право»: Учебник - М: Әділет, 1998
10. Ануфриев Л.П. Международное частное право: В 3-х т. Том 1. Общая часть: Учебник. - М.: Издательство БЕК, 2002. - С. 1-6, С. 57-102.
11. Богуславский М.М. «Международное частное право». 1994 Москва
12. Богуславский М.М. Международное частное право: Учебник. - 3-е изд. перераб. и доп. - М.: Юристъ, 1998. - С. 10-44.
13. Галанза П. Н. Кеченьян С. Ф. История государства и права. Учебник. Под ред. Черниловского З. М. - М: 19949 - 535 с
14. Галенская Л.Н. Международное частное право.1983.
15. Международное частное право./ под ред. Дмитриевой Г.К. - М.:, 1993.
16. Звеков В.П. Международное частное право. Курс лекций. - М.: Издательсткая группа НОРМА-ИНФРА T М, 1999. - С.
17. Звеков В.П. «Международное частное право». Курс лекций. Издательство НОРМА, 2000. - 686с.Петров Ф.Н. «Словарь иностранных слов». 2-е издание. Огиз - гос.изд-во иностранных и национальных словарей. Москва 1941. с.676
18. Игнатенко А.А., Скрыпников Н.И. Брачный договор. Законный режим имущество супругов. М.,1997.
19. Лунц Л.А. Курс международного частного права. 1-й том. - М.: Юрид. лит., 1973.
20. Лунц Л.А. и др. Международное частное право. - М.: Юрид. лит., 1984
21. Мухаммад Али-Аль Хашими «Личность мусульманина» Российский фонд. 1997. - 78с.
22. Нечаева А.Н. Брак, семья, закон. М., 1984г.Панов В.П. Международное частное право. Схемы. Документы. Учебное пособие. - М.: Право и Закон, 1996. - С. 5-15.
23. Пантелеев А.Д. «Брак и семья в апокрифических Деяниях апостолов».
24. Рясенцев В.А. Семейное право. М., 1967г.С..93-94.
25. Сарсембаев М.А. «Международное частное право». Учебное пособие. Издание 2-е, Алматы Ғылым, 1998. - 339с.

1Галанза П. Н. Кеченьян С. Ф. История государства и права. Учебник. Под ред. Черниловского З. М. - М: 19949 - 535 с.
1Ангерс. Э. История Европейского права (Перевод со шведского) \Ин-т Европы - М: Наука, 1996-395 с
1Ангерс. Э. История Европейского права (Перевод со шведского) \Ин-т Европы - М: Наука, 1996-395 с
2 Ф.Н.Петров «Словарь иностранных слов». 2-е издание. Огиз - гос.изд-во иностранных и национальных словарей. Москва 1941. с.676
1 Л.П.Ануфриев Международное частное право особенная часть.II том.ст.546
4 Ф.Н.Петров «Словарь иностранных слов». 2-е издание. Огиз - гос.изд-во иностранных и национальных словарей. Москва 1941. с.396
2 Галенская Л.Н. Международное частное право.1983.
1 М.М.Богуславский Международное частное право 1994г.Москва, С.295
1Л.П.Ануфриев Международное частное право особенная часть.II том.ст.
2 Қазақстан Республикасының №321-I «Неке және отбасы туралы» Заңы, 1998ж. 17желтоқсан Алматы: ЮРИСТ
1Абдуррохман ибн Мухаммад «Авзи Аль Джузирийю». Китаб-уль-фикхи алал мазахиб-иль-арба ати (араб.яз.)(книга о законодательстве по 4-м мазхабам) Бейрут 1996
1 Мұхаммед Пайғамбардың әйел және отбасы туралы өсиеттері (Мұхаммед Пайғамбардың хадистері мен Әзірет Әліге айтқан өсиеттері бойынша).
2 Мың бір хадистер. Аударғандар: Төрежан Жүнісов, Файзулла Жүнісов. Шымкент қ.
1Амангельды Айталы.По семейным обстоятельствам.//Мегаполис, №30 (243), 2005г.,ст.1.
1Мұхаммед Пайғамбардың әйел және отбасы туралы өсиеттері (Мұхаммед Пайғамбардың хадистері мен Әзірет Әліге айтқан өсиеттері бойынша). 10б.
1 Құран. Бақара сүресі 234 аят, 2/234, 2005ж.
2 Құран. Ниса сүресі 35 аят, 4/35
1 Халықаралық жеке құқық бойынша әдебиеттерде шетелдік элементпен күрделенген қатынастардың басқа түрлері де кездеседі. Богуславский М.М. Международное частное право. М.,1994г.С.15.

2 №321-I 1998жыл 17желтоқсандағы ҚР «Неке және отбасы туралы» Заңы (276-II 24.12.01.Заңымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)7 бөлім Неке отбасы заңдары нормаларының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы.
3 Лунц Л.А.Курс международного частного права.- М.,1975г. Т.2.С.464.
1 1978жыл 15маусымда қабылданған ХЖҚ туралы Австрия Федеративтік Заңы
2 1994жыл 27желтоқсанда қабылданған №269-XIII Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
1 Қазақстан Республикасының 17желтоқсандағы 1998жылғы №321-I «Неке және отбасы туралы» Заңы, Алматы: ЮРИСТ.
1 Антокольская М.В. Семейное право. М., «Юрить», г.С.
1 Андрей Соколов. В Атырау растет число браков с иностранцами.//Национальное информационное агенство «КазИнформ» 29.10.05.
1 Игнатенко А.А., Скрыпников Н.И. Брачный договор. Законный режим супругов. М.,1997.
1 Рясенцев В.А. Семейное право. М., 1967г.С..93-94.
1 Антокольская М.В.Семейное право.М., «Юристь»,1996г. C..349-350.

Неке отбасы құқығын жүзеге асыру және қорғау
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Неке, отбасы құқықтық қатынастарының жалпы түсінігі.
1.1 Неке қатынастарының пайда болу тарихы ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.2 Неке қатынастарының түсінігі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2 Неке институтының қазақстандық және мұсылман құқығы бойынша салыстырма сипаттамасы.
2.1 Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некеге тұрудың шарттары мен тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некені бұзу және оның салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
3 Неке қатынастарындағы кейбір өзекті мәселелер.
3.1 Неке қатынастарындағы коллизиялық мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
3.2 Неке отбасын қорғаудағы жалған неке мен неке келісім шарты ... ... ... ... ..59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .67

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қарастырылып отырған тақырыптың маңыздылығы келесі жағдайлармен анықталады. Бүгінгі таңда неке қатынастары тек біздің мемлекетіміздің шеңберінде ғана емес, бүкіл әлемде кең өріс алуда. Некесіз қатынастардың, жалған некелердің, толық емес отбасыларының саны артуда. Кейде отбасы дағдарысының белгілері ретінде қарастырылатын осындай құбылыстарды қазіргі индустриалдық қоғамның, Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының және әлеуметтік экономикалық өмірдің жалпы талаптарына сай отбасының жаңа түрінің пайда болуы деп айтсақ дұрысырақ болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік - ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік - ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік-деп атап айтты.
Құқықтық көзқарас бойынша шетелдік элементпен күрделенген неке қатынастары мәселесі әрі қызық әрі өзекті мәселелердің біріне айналып келеді. Өйткені мұнда қарастырылып отырған мәселені реттеуге ұлттық немесе шетелдік заңнамаға сілтеме жасайтын коллизиялық нормалардың толық әрі жеткілікті білімді қажет етіледі. Шетелдік элементпен күрделенген неке қатынастарының құқықтық режимін анықтау кезінде шетелдік заңнаманы білу маңызды болып табылады, себебі көп жағдайда шетелдік құқық қолданылады.
Ғылыми жаңалығы және ғылыми жаңалықтар. Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асрылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде - отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.
Екінші түрі - отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс - әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей - ақ өздері іске асырады. Мұндай іс - әрекеттерді - құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата - анасы тәртіп бұзушы баланың ата - анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б.
Сот арқылы қорғау - отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАЖ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар - әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата - аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай - ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.
Зерттеудің тәжірибелік қажеттілігі. Зерттеудің нәтижесінде жасалған қорытынды тұжырымдар неке отбасы құқығын қорғаудағы өзекті мәселелерді, кешенді зерттеуге тырысумен сипатталады және Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамаларды жетілдіру мәселелеріне байланысты қолданылуы мүмкін. Дипломдық жұмыста қаралған қорытындылар мен ұсыныстарды заң талаптарына сәйкес келетін отбасылық қатынастарды реттеуде, олардың тиімділігін арттыруға бағытталады.
Дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеті: Нарық жағдайында неке және отбасы құқығын оның ролін жүйелі түрде зерттеп, оларды мемлекет тарапынан дұрыс ұйымдастыру және жүйенің дамуын нақтылы талдау. Отбасы және неке туралы заңнамаларды жетілдіру мәселелерін анықтап, оларды әрі қарай дамыту мәселелерін қозғау - бұл дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Ал дипломдық жұмыстың міндеттері:
- адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуіне сипаттама беру;
- өзара имандылық және материалдық қолдау мәселесін талдау;
- бала туу және оларды тәрбиелеу;
- өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - мемлекетіміздің, мұсылман құқығындағы неке және отбасы жағдайын талдау, атап айтсақ, некеге тұру отбасын құру ұғымының мәнін ашу, ерлі - зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен міндеттерінің теңдік қағидаларын зерттеуге негізделеді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ерлі - зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасаған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ болып табылады
Осы зерттеудің ғылыми-теориялық негізі Ю.Г. Басин, М. Балкен, Амангельды Айталы, С.У. Жандосов, С.Э. Жилинский, В. Ермаков, С.И. Климкин, Л. А. Құсаинова, В.В. Лаптев, М.К.Сулейменов, М.А.Сарсембаев, Ануфриев Л.П. Чешир Дж., Норт П., Звеков В.П., Мухаммад Али-Аль Хашими секілді, қазақстандық, ресейлік және шетелдік авторлардың әдебиеттері құрады. Сонымен қатар, өзге де Қазақстан Республикасындағы неке және отбасының құқықтық мәртебесіне қатысты конституциялық құқық, азаматтық құқық, отбасы құқығы, азаматтық іс жүргізу құқығы, аграрлық, кәсіпкерлік құқық саласындағы танымал заңгер-ғалымдар мен зерттеуші-құқықтанушылардың, сонымен қатар ТМД елдері ғалымдарының да ғылыми еңбектері танылады. Қазақстан Республикасы Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, дипломдық жұмысты жазуда отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылатыны, өйткені ол отбасылық-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейтіні жөнінде баяндалады. Бұл жұмыстың нормативтык негізі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, Қазақстан Республикасының 17желтоқсандағы 1998 жылғы №321-I Неке және отбасы туралы заңдарының нормалары қолданылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Берік отбасы ғана, кез-келген қоғамның гүлденуінің, өсуінің және тұрақтылығының кепілі бола алады. Отбасы әлеуметтік бірлік ретінде, әрдайым әлемдік дамудың басты элементтерінің бірі ретінде қарастырылған. Отбасының басымдылығы идеологиясы, қоғам мен адамның өмір сүруі және дамуы үшін отбасының қажетті құндылығы көптеген нормативтік актілерде бекітілген. Осы құжаттардың негізгі ережелерінің бірі, отбасы институтының қоғам тарапынан қорғалуы, барлық мемлекеттердің ұлттық отбасы саясатын жетілдіруі болып табылады. Отбасы саясатының алдына қойған негізгі мақсаты қоғам дамуының күрделі мәселелерін шешу барысында отбасы мүмкіндіктерін қоғамдық институт ретінде белсенді пайдалануға жағдай жасайтын технологиялар мен механизмдерді жетілдіру болуы тиіс.
.

1 Неке, отбасы құқықтық қатынастарының жалпы түсінігі.
1.1Неке қатынастарының пайда болу тарихы.
Неке туралы түсініктердің тарихи дамуы әлемнің әр жерінде әр түрлі көрініс тапты. Неке туралы діни көзқарастардың орнына кейде этикалық көзқарастар да қабылданды. Бұл жағдайда неке құпия ретінде де емес, шарт ретінде де емес, ерекше бір институт түрі ретінде қарастырылды. Некеге мұндай анықтама берген И.Кант болатын. Мұны Метафизика нравов кітабынан да көруге болады. Оның ойынша келісім-шарт тұжырымдамасы некеге қатысты қолданылмауы керек, өйткені келісім-шарт некені тудыра алмайды. Келісім-шарттан тек белгілі бір мақсатты түсінуге болады. Ал неке адамның бүкіл өмірін қамтитын және белгілі бір мақсатқа жетумен емес, ерлі-зайыптылардың өлімімен ғана тоқтатылатын бір құбылыс. Бұл теорияның жетіспеушілігі, неке туралы этикалық көзқарастарды құқық саласына аудару болды. Құқық, міндетті түрде сол кезеңнің этикалық көзқарастарына сәйкес құрылуы тиіс еді. Бірақ құқық түгелдей тек этикалық нормалардан тұра алмайды.
Плюралистік қоғамда, оның барлық мүшелерінің неке туралы бірдей көзқарастарды ұстануы мүмкін емес. Сондықтан да, құқық жүріс-тұрыс ережелеріне негізделе отырып, тек құқықтық реттеуге жататын әрі құқықтық реттелуге мұқтаж неке қатынастарының бөлігін қамтыды.
Некенің құқықтық мазмұнына қатысты бірнеше теориялар бар. Олар: некені келісім ретінде, құпия ретінде, ерекше бір институт ретінде түсіну.
Некені келісім ретінде түсіну теориясы Ежелгі Римде қалыптасты. Классикалық кезеңнің Рим құқығында, некеге тұрудың барлық негізгі нысандары қарапайым азаматтық шарттық белгіге ие болды. Өйткені Римде, құқықтық реттеу пәні ретінде тек ерекше неке қатынастары танылды. Кейіннен канондық нормаларға сәйкес, неке институты оның рухани жағына байланысты құпия сипатқа ие болады. Некенің түрлі қатынастар тобын бөліп қарастыруға болады: рухани, физикалық және материалдық. Әрине, революцияға дейінгі және қазіргі таңдағы ғалымдардың көбі некенің рухани және физикалық элементтері құқықпен реттелмейді деген көзқараспен келіседі. Бірақ некелік одақты құрайтын қатынастарды осылайша бөлу теориясы бірден қабылданған жоқ. Орта ғасырлардағы отбасы құқығы өте үлкен тарихи маңызға ие. Отбасы құқығы католик шіркеуінің істерімен қалай дамығандығына тоқталайық.
Неке институтына және жалпы еркек пен әйелдің арасындағы қатынастарға деген көзқарастар орта ғасырларда эволюцияға ұшыраған болатын. Католик шіркеуі некені өте кеш таныды. Орта ғасырлардың басында папа Ұлы Грегорий (530-604) мен әулие Иеронимнің (347-430) шығармаларына негізделген некеге деген көзқарас кең өріс алды. Шіркеу қызметкерлері кез-келген некеге адамзат атаулының ата-анасы боп есептелетін Адам ата мен Хауа ананың жасаған күнәсі деген сын көзбен қарады. 451 жылдан бастап шіркеу қызметкерлерінің некеге тұруына тыйым салына бастады. Қиылған некелер айыпталып, некеге тұрудан бас тартқан адамдар ғана нағыз христиан деп танылды.
Қазіргі таңда бұл көзқарас мүлдем жойылып кетті десек қателескен боламыз. Барлығына белгілі болғандай католик шіркеуінде, тек некеге тұрмаған адамдар ғана қызмет ете алды. Алайда әулие Иеронимнің кезінде-ақ некеге қатысты Қасиетті жазбада Гиппонск епископы Августинге (Блаженный Августин) тиесілі (354-430) басқа да анықтамалар болған. Августиннің айтуы бойынша заңды некедегі жыныстық қатынас өлі күнәдан кешірімді күнәға айналады. Августиннің бұл тұжырымдамасы IXғ. басында ресми түрде мақұлданды. Сол кезден бастап қана шіркеулік неке халық арасында кең тарала бастады. Бұған дейін неке қатынастарында екі дәстүр сақталып келді: соңғы антикалық және ежелгі грециялық дәуіріндегі дәстүр. Бұл екі дәстүр бойынша неке одағының бірнеше түрін бір уақытта қолдануға тыйым салынған жоқ. Орта ғасырлардағы неке қазіргі таңдағы неке түсінігінен мүлдем ұзақ болды. Ол кезде неке деп ұзаққа созылған некелік жыныстық одақ танылды.
XIғ. бастап некеге бір құпия ретінде қарала бастап, мұндай көзқарастың салдары некесіз қатынастарға және некені бұзуға тыйым салуға әкеп соқтырды.
Триденттік собор некені құпия деп танымайтын және некені бұзуға жол беретін кез-келген адамға анафема белгіледі. Ерлі-зайыптылардың әлеуметтік жағдайлары бір-біріне сәйкес келмеген жағдайда шіркеу ондай некені заңсыз деп таныды.Жақын туыстар арасында неке қиюға жол берілген жоқ. Бірақ ерлі-зайыптылардың ешқайсысы қалаған кезінде басқа бір ауылға кете алмады.
Канондық құқық әйелдердің құқықтық жағдайын нашарлатты. Неке жасы қыздар үшін 12, ұлдар үшін 14 жас деп белгіленді. Сол кездерде Гай секілді Рим заңгерлері табиғи заңға сүйене отырып, әйелдердің ерлі-зайыптылардың мүлкіне билік ету құқығынан аластату әділетсіз деп санап, жыныстар теңдігін уағыздады.Француз заңгері Тирако 1513 жылғы Неке туралы заңдар атты еңбегінде былай деп жазған: әйел ─ ең төменгі жаратылыс, оның қызметі тек бас ию. Оны табиғат солай жаратқан. Ер адамдар 36 жасында, әйелдер 18 жасында некеге тұруға тиіс.1 Орта ғасырлардағы Батыс Европа елдерінің отбасы құқығына келетін болсақ, орта ғасыр ─ әлемнің көптеген бөлігінде мемлекеттік құқықтық процестердің өткен кезі. Батыс Европада бұл процесс төрт кезеңді қамтиды: ерте феодалдық монархия, ленно вассалдық монархия, сословиелік өкілдік монархия, абсолюттік монархия. Әрине бұл кезеңдерді барлық мемлекеттер бір уақытта басынан кешірген жоқ. Бұл олардың ұлттық тарихының ерекшеліктерімен анықталды. Батыс Европа елдерінде құқықтық жүйе дами бастады. Феодалдық бытыраңқылық дәуіріндегі бұл процестің маңызды белгісі ─ бүкіл мемлекетте заңды күшке ие бірыңғай заңның болмауы еді. Англияның феодалдық құқығы бөлек дами бастады. Көп ұзамай батыс европалық құқықтың англосаксондық және континенталдық құқық деп бөліну процесі басталды. Моногамды некенің христиандық тұжырымдамасы Европа елдерінде тек XII-XIII ғасырларда таныла бастады. Неке қию процедурасына шіркеулік ризашылық, яғни шіркеудің рұқсаты қосылды. Алайда неке, әйел деген түсініктер әлі де ашыла қойған жоқ. Неке-отбасы қатынастарының өте маңызды бір қосымша көрінісі, XII-XIII ғасырларда пайда болған әйелдің ғибадатын (куртуазный культ Дамы) айту қажет. Оның шетелде пайда болуы XI-XII ғасырлармен байланыстырылады. Францияда негізі қаланып, кейіннен Европаның басқа елдерінде де дами бастады. Европада XII-XIII ғ.ғ. әйел ғибадатының кеңінен таралуы, әйел затына деген көзқарастың өзгеруіне әкеп соқтырды. Ол ғасырларда еркек пен әйелдің арасындағы қатынастарды өзгерту қажеттілігін барлығы түсіне қойған жоқ. Бұл ең алдымен құндылықтар жүйесін түгелдей бағалауға дейін баратын интеллектуалды элитаға қатысты еді. Ондай гумманистік интеллегенция алдымен Италияда пайда болып, кейіннен Францияда және XIV-XV ғасырларда Батыс Европа елдерінде пайда болды. Оның қызметі үлкен масштабты болмағанымен сол топтың көзқарастары әйгілі француз жазушысы Кристина Пизанскаяның Книга о граде женском атты кітабында орын тапты. Кристина Пизанскаяның айтуы бойынша әйелді де Құдай жаратты және өзінің қабілеті жағынан еркектен ешқандай да қалыспайды.
Кристина сәтсіз некелердің болуының себебін әйелдің болмысынан емес, нақты адами қателіктерден іздейді. Ал қателік жасау еркекке де әйелге де тән қасиет. Отбасының бақытты немесе бақытсыз болуын ерлі-зайыптылардың екеуіне де байланысты екенін айтады. Әрине, Кристина әлемнің христиандық моделіне тән еркектің үстемділігіне қатысты дәстүрлі көзқарасын жоққа шығара алмайды. Дегенмен де интеллектулдық және моральдік тұрғыдан алғанда еркекке тән қасиеттердің әйел затының бойынан табылатындығы туралы Кристинаның көзқарасы ортағасырлық дәстүрлерді қайта қараудағы маңызды қадам болып табылады. Отбасы қатынастары сипатының әр түрлі болуына қарамсатан, әр мемлекетте және әр уақытта еркектің және әкенің үстемдігі қағидасы негізінде құрылған. Францияның солтүстік бөлігінде ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынастар еркінірек болды. Мүліктік қатынастар отбасының басшысы ретінде еркек иелік етіп билік ететін мүліктің жалпылығына негізделіп құрылды. Францияның оңтүстігінде мүліктік жалпылық болған жоқ. Еркек неке бұзылғанға дейін әйелдің жасауын иеленіп, өлгеннен кейін әйелдің иелігіне өтті. Францияның оңтүстігінде рим құқығының әсерінен өсиет бойынша мұра қалдыру кең өріс алды. Солтүстікте мұра қалдыру еркіндігі шектелді. Мұра қалдырушы заң бойынша мұрагерлерді жоққа шығара алған жоқ. Феодалдық иеліктер тек еркектерге өтіп отырды. Ал әйелдер әскери қызметтерге қабілетсіз деп танылып, мұраның ешқандай түріне иелене алмады. Осындай отбасы неке қатынастары католик шіркеуінің дін оқуының негізіндегі канондық құқықпен реттелді.
Францияда неке және отбасы қатынастары канондық құқықпен реттелді. XVI-XVII ғасырларда патша билігі отбасы неке қатынастарына мемлекеттік ықпалды нығайту мақсатында неке қиюға жататын шіркеулік нормалардан шегінді. Некенің өзі баяғыдай шіркеулік кітаптарда тіркелгенімен, кейіннен тек діни құпия ретінде ғана емес азаматтық жағдайдағы акт ретінде де қарастырыла бастады. Некеге тұру кезінде ата-ананың келісімі қажет етілмейтін канондық құқық қайта қарауға жатқызылды. Бұдан былай, ата-ананың еркінен тыс некеге тұрушылар, мұраға құқыққа ие болмайтын болды. Сонымен қатар, XVIIғ. бастап ата-аналар кюре әрекеті, яғни ата-ананың келісімінсіз некеге тұру әрекеті бойынша Париж Парламентіне шағым жасауға құқық алды.1
Канондық құқық бойынша некенің бұзуға болмайтындығымен байланысты Парламент ондай некені заңсыз деп тани алмады, бірақ заңсыз негізде қиылғандығын жариялаған. Дегенмен де мұндай неке заңды салдар тудырмайтын еді. Германияда Франциядағы секілді құқық өзінің шұбарлаңқылығымен ерекшеленді. Қала халқы ертеде пайда болған және дамыған қалалық құқықпен реттелді. Сол кезеңнің неміс құқығында дәстүр басым болды. Жалпы құқық нормалары жазылған жоқ, тек ауызша беріліп отырды. Германияда неке отбасы қатынастары канондық құқық негізінде пайда болды. Некенің жалғыз нысаны шіркеулік неке болды. Шіркеу некенің жарамдылығына байланысты күрделі бір жүйе жасап шығарды. Белгілі бір неке жасына жетуден басқа, туысқандық дәрежеге және болашақ ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынастарға көңіл аудару қажет болды. Басқа бір тұлғамен некелескеннен кейінгі немесе шоқындырылмаған тұлғамен қиылған неке жарамсыз болып табылды. Шіркеу некені бұзуға қарсы болды, алайда кейбір жағдайларда (бір-бірінің көзіне шөп салу) ерлі-зайыптылардың бөлек тұруларына рұқсат етілді. Мұндай жағдайда мүлік бөлінуге жататын болды, әйелдің үлесі мүліктің тең жартысын немесе үштен бірін құрады. Христиан шіркеуінің ықпалы нәтижесінде VII-IX ғасырларда немістердің неке отбасы қатынастарында елеулі өзгерістер пайда болады. 789 жылы Ұлы Карлдың мақұлдаған 744 жылдың капитулярийі христиандық канондарға сәйкес киелі деп жарияланған некенің бұзылуға жатпайтындығын бекітті. Шетелде қайталанатын некелерге тыйым салатын некенің шіркеулік рәсімделуін міндеттейтін алғашқы заңнамалық актілер пайда бола бастады. Неке қалыңдықты сатып алу нысанында жасалды. Некеге тұру мақсатында қалыңдықты алып қашқандарға айып салынды. Некеге тұруға кедергі болатын жағдайлар анықталды. Олар: заңды некенің болуы, тұлғаны заңнан тыс деп жариялау, жақын туыстық қатынас, адамның еріксіздігі.
XIIғ. Англияда II Генрих заңына сәйкес бала көтерген кез-келген әйел, ол туралы билік басындағыларға хабарлауға тиіс болды. Ал оны жасамаған жағдайда баланың өлімі анасының өліміне әкеп соқтырды. Мұнда да отбасы қатынастары шіркеумен реттелді. Туысқандар арасында некеге жол берілмеді және некесіз бала тууға тыйым салынды. Шіркеу осындай жолмен туылған балаларды заңдастыруға тырысқанымен де барондар тарапынан қолдау таппады. Отбасы қатынастары еркектің билігі қағидасына негізделді. Францияның солтүстік бөлігінде мүліктік қатынастар мен балаларға қамқоршылық жасау құқығы еркекке берілді.1 Германияда отбасы патриархалды сипатқа ие болды, Англияда да солай, бірақ Англияда әйелдер феодалдың әйеліне қарағанда еркінірек болды. Осылайша, әйел бірте-бірте өз бетінше шарт жасау, саудамен айналысу және мүлікке иелену құқығына ие бола бастады. Күніміздегі неке-отбасы қатынастары міне осылай дамыды.
1.2 Неке қатынастарының түсінігі және оның түрлері.

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз - бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы - неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңы болып абылады.
Неке - отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі - зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты - неке деп түсінуіміз қажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата - анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе - бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата - анасыз бірге тұрып, бір - біріне қамқорлық жасайтын болса - бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей - тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық - некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Туыстық және туысқандық қатынастардың түрлеріне тоқталар болсақ. Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындаңы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармақ - арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).
Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негіздеген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы - әкесі, ал енді бір жағдайда - атасы болып табылатын көкесі мен жиені.
Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай - ақ алыс туысқан да есепке алынады. Бүгінгі күнгі мұрагерлердің алты кезектілігі анықталған. Оларға: балалары, ерлі - зайыптылар мен ата - аналарынан басқа (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толық туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай - ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтәлері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде ое жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады. Туған ағалары мен қарындастары толық туыс және толық емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар - бір ортақ ата - анадан тарайтын аға - іні, апа - қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні - қарындастары толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні - қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.
Толық емес туыс аға - қарындастарды ерлі - зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға - қарындастарымен шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның тусытары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары - екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке - шешесі және өгей ер бала мен қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.
Отбасының түрлері болса, толық және толық емес отбасы болып аталады.
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата - анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері - атасы мен әжесі болады.
Толық емес отбасы балалардың ата - анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата - аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата - анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі - зайыптыны бағып - қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі - зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.
Неке мен отбасын қорғау.Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде - отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.
Екінші түрі - отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс - әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей - ақ өздері іске асырады. Мұндай іс - әрекеттерді - құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата - анасы тәртіп бұзушы баланың ата - анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жаайды және т.б.
Сот арқылы қорғау - отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАЖ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар - әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата - аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай - ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.
Некенің құқықтық табиғаты.Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі - зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай - ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі - зайыптық қатынстар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру бегілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.Қазақстанда мемекеттік АХАЖ органында тіркелген неке ғана танылады.
Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады.
Ерлі - зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.
Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.
Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады.Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата - аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата - анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күәмнсіз.
Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш - қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы - 18 жас.
АХАЖ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата - аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да дәлелді себептердің болуы мүмкін.Некеге тұратын адамдар медециналық, сондай - ақ медециналық - генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медециналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
Болашақ ерлі - зайыптылар АХАЖ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде млімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАЖ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАЖ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді.
Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАЖ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады.
Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАЖ - да емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі.
Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі - зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс - әрекетке қабілетсіздігі, сондай - ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.

Ең алдымен некеге тұрудың басты себебі болып табылатын отбасы ұғымына анықтама беріп кетейік. Отбасы лат.тіліндегі familia сөзінен шыққан, бірінші мағынасы отбасы болса, екіншісі Ежелгі Римде отбасылық шаруашылық құқықтық бірлікті білдіреді.2 Отбасы деп ─ некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы аталады. Отбасы мүшелері әдетте бір үйде тұрады.
Көптеген мемлекеттердің отбасы заңнамасына сәйкес неке ─ бір-біріне және балаларына қатысты құқықтар мен міндеттер тудыратын әйел мен еркектің одағы болып табылады.1 Неке ағылшындардың қолданатын marriage сөзіне жақын фр.тіліндегі mariage сөзінен шыққан. Ол неке, той деген мағыналарға ие.4
Заң әдебиеттерінде некенің анықтамасына байланысты әр түрлі пікірлерді кездестіруге болады. Мысалы Матвеев Г.К. былай дейді: Неке ─ ерлі-зайыптылардың арасында өзара жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттер туғызатын, заңда бекітілген шарттар мен тәртіпке негізделе отырып жасалған еркек пен әйелдің тең құқылы және ерікті одағы, немесе Л.П.Ануфриевтің берген анықтамасына сәйкес, Неке ─ әйел мен еркектің заңда бекітілген тәртіп пен талаптарды сақтай отырып, отбасын құруға ниеттенген және ерлі-зайыптылардың арасында өзара жеке, мүліктік құқықтар мен міндеттер туғызатын еркек пен әйелдің мәңгілікке қиған тең құқылы және ерікті одағы.2 Сол сияқты Марокко патшалығының жеке және мұрагерлік құқықтар туралы заңдар кодексінің 1-бабына сәйкес неке анықтамасы келесідей: Неке ─ ерлі-зайыптылардың ұзақ мерзімге қиған заңды міндеттемесі. Бұл анықтамада да некенің отбасы құқығының ерекше бір институты ретінде қарастырыла алатындығын байқауға болады. Әдетте ерлі-зайыптылардың арақатынасына байланысты белгілер айтылады, бірақ кейбір белгілер жалпы болып табылады, яғни некеге тұру туралы келісімге де, ерлі-зайыптылардың арақатынасына да қатысты болады. Әрине әр мемлекетте бұл ұғым әр түрлі анықталады. Мысалы, бір АҚШ - тың өзінде бұл ұғым әр түрлі анықтамаға ие. Батыс Ирландияның қарапайым отбасылары, Тробриан аралдарындағы және израильдік кибутцаларындағы отбасы өмірінің ерекшеліктері жайында жүргізілген зерттеулер дәлелдегендей, бір қоғамда сұмпайы көрінген дәстүр, екінші бір қоғамда әдеттегі жағдай болып саналады. Түрлі қоғамдардағы отбасы құрылымдарын социологтар мен антропологтар параметр бойынша салыстырады: отбасы нысаны, неке нысаны, билікті бөлу үлгісі, серік таңдау және тұрғылықты жер таңдау, мүліктің пайда болуы мен мұраны иелену тәсілдері.
Аталған тізімдегі неке нысанына тоқталайық. Ирландық шаруалар Тробриан аралының тұрғындары және израильдік кибутца мүшелерінің арасында некенің негізгі нысаны моногамды, яғни бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке ғана орын алған. Дегенмен де некенің басқа да нысандарының орын алғандығы жөнінде мәліметтер бар. Теория жүзінде неке нысанына қарай төмендегідей болып бөлінеді:
Полигамия ─ бір және бірнеше тұлғалар арасында қиылған неке. Ол 2-ге бөлінеді:
1.полигиния ─ бір еркек пен бірнеше әйелдің арасындағы неке
2.полиандрия ─ бір әйел мен бірнеше еркектің арасындағы неке
Некенің тағы бір нысаны ─ топтық неке, яғни бірнеше еркек пен бірнеше әйелдің арасындағы неке. Некенің бір немесе екінші түрінің орын алуына қандай факторлар әсер етеді? Кейбір ғалымдар белгілі бір қоғамдағы экономикалық факторларға көңіл аударады. Мысалы, Тибетте отбасына тиесілі жер барлық балаларына мұрагерлік бойынша беріледі. Жер жекелеген учаскілерге бөлінбегендіктен, бір отбасынан шыққан балалар жерді ортақтаса пайдаланады және әйелдері де барлығына ортақ болады.
Неке нысанына экономикалық факторлардан басқа да факторлар әсер етеді және олардың маңызы зор. Мысалы, полигиния соғыста көптеген ер азаматтар қайтыс болған қоғамдағы әйелдер үшін тиімді. Ұнамды және халық арасында ең көп тараған некенің түрі моногамия, яғни бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке. Антропологтар некенің барлық түріне рұқсат етілген қоғамдардың да бар екендігін айтады. Бірақ адамдардың көбі моногамияны таңдайды. Ғалымдардың ойынша халықтың ондай қорытындыға келуіне экономикалық факторлар әсер етеді. Бір елдің заңнамасына сәйкес заңды болып табылатын, ал басқа мемлекетте керісінше заңсыз болып табылатын неке түрлері де бар.1
Сондай-ақ неке, жарамды, жарамсыз және даулы болуы мүмкін. Неке ерлі-зайыптылардың біреуі үшінші бір тұлғамен жарамды некеде тұрса, онда ол жарамсыз болып табылады.
Даулы некелерге, қандай да бір маңызды қателердің салдарынан немесе өтірік айтудың әсерінен қиылған некелерді жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасында көптеген мемлекеттердегідей моногамды неке ғана танылады, алайда полигамды некені де танитын мемлекеттер аз емес. Қазіргі таңда мемлекеттердің құқықтық жүйелері некенің бір моделін ғана таңдап отыр. Континенталды және англо-американдық жүйелер моногамды некені, мұсылмандық құқыққа ие елдер мен Африка елдері полигамды некені заңды деп таниды. Алайда құқықтық нормалар мен әдет-ғұрыптың өзара сіңісуі неке одағының екі моделін де тануға әкеп соқтырды. Америка және Европа елдерінде түрлі сексуалдық топтардың көбеюіне байланысты бір жынысты (әйел мен әйел немесе еркек пен еркектің арасындағы неке) тұлғалардың некелерін тіркеу керектігі жөнінде пікірлер айтылуда. Ал бұл, неке табиғатына мүлдем қайшы келеді. Бірақ қазіргі таңда мұндай неке түріне заңмен рұқсат ететін Голландия секілді елдер де бар.1
Мысалы, Ресей Федерациясының заңнамасында бекітілген еріктілік принципі некенің қиылуы немесе некенің бұзылуы секілді жағдайларда тараптардың еркін білдіреді. Психикалық, физикалық зорлауға немесе жергілікті дәстүрге негізделген неке жарамсыз болып танылады.
Қазақстан Республикасында бекітілген еркек пен әйелдің құқықтарының теңдігі қағидасына сәйкес төмендегілерді айтуға болады.
Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерін таңдауға ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өсіп жетілуіне және олардың әл ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.

2 Неке институтының қазақстандық және мұсылман құқығы бойынша салыстырма сипаттамасы.
2.1Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.

Қазақстандық және мұсылман құқығындағы неке институтын салыстырмастан бұрын, екі құқықтық жүйенің ең алдымен қайнар көздеріне байланысты ажыратылатындығын айта кеткен жөн. Қазақстандық құқықтық жүйе романо-германдық жүйеге жататын болғандықтан заңды басшылыққа алады. Ең жоғарғы заң Конституция болып табылады. Құқықтың белгілі бір саласымен қамтылған қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар жалпы қағидаларға негізделген кодекстерде жинақталады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында (бұдан әрі ─ ҚР) отбасы қатынастары 1998 жыл 17 желтоқсанда қабылданған Неке және отбасы туралы Заңымен реттеледі.
Мұсылмандық құқық жүйесі діни сипатқа ие. Құқықты заңшығарушылық салаларға бөлу мұсылман құқығына тән емес. Мұсылман құқығының негізінде Құранның, Суннаның (хадистер-Мұхаммед(с.а.у.) айтқан сөздері мен жасаған әрекеттері) заңды маңызға ие ережелері, сондай-ақ иджма мен қияс жатыр.
Сонымен қатар, Құран мен Суннаға түрлі түсінік беретін төрт заң мектептері − ханефиттік, маликиттік, шафииттік, ханбалиттік мұсылман құқығында зор маңызға ие. Құқықтың ең басты қайнар көзі ретінде жоғарыда аталған мектептердің негізін қалаушыларының (Абу Ханифа, Малик, Мухаммад ибн Идрис аш-Шафии, Ахмад бин Ханбал) жазған еңбектері қарастырылады.
Мұсылман құқығының айта кетер тағы бір ерекшелігі ─ оның икемділігі, яғни бір мәселеге қатысты бірнеше шешім тәсілдерінің болуы және ағымдар арасындағы көзқарастардың әр-түрлі болуына жол берілуі.
Мұсылман ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата-аналар мен балалардың құқықтық қарым-қатынастар.
Ата - аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар
Неке құқығының қорғалу тәртібі
АТА-АНА ҚҰҚЫҚТАРЫН ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ
Ата - ана мен балалардың алименттік міндеттемелері
Ата - ана құқығынан айыру тәртібі
Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты
Бала құқықтары жайлы
Отбасы құқығы түсінігі
Неке және отбасы
Пәндер