Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы


Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы

1. 1 Сақтандыру құқықтық қатынастардың түсінігі және жалпы сипаттамасы . . . 7

1. 2 Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері . . . 19

1. 3 Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастардың қағидаларының жүйесі . . . 33

1. 4 Қазіргі құқық жүйесінде сақтандыру қызметі туралы нормалардың алатын орны және рөлі . . . 37

2 Сақтандыру субъектілерінің құқықтық қатынастарының түрлері

2. 1 Қайта сақтандырудың түсінігі . . . 43

2. 2 Қайта сақтандырудың түрлері . . . 51

2. 3 Сақтандыру брокері, агенті, актуарий және аудиторлық ұйым қызметінің құқыктық негіздері . . . 61

2. 4 Сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерн басқарудың құқықтық негіздері . . . 66

Қорытынды . . . 71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі және бастаған реформаларды тереңдетуге бағытталып қабылданған стартегиялық құжаттар елдің ішкі қорын және өзінің инвестициялық мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды салаларының бірі болып қазіргі күнде сақтандыру табылады.

Біздің елімізде көптеген онжылдықтар бойы сақтандыру мемлекеттік монополия негізінде дамыды, және сақтандыру мәселелері бір күшті орталықтандырылған ұйымның (КСРО Мемсақтандыру) қызметінің жағдайларына қатысты дамыды. Сондықтан, көпжылдық мемлекеттік монополия және жоспарлы экономикадан кейін, тәуелсіздік алған соң, Қазақстанның алдында экономиканың негізгі салаларын дамытумен қатар халықтың мүдделерен, меншіктің барлық нысандарының ұйымдасуын, және мемлекеттің мүдделерін қорғайтын ұлттық сақтандыру нарығын дамыту қажеттілігі пайда болды.

Ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастырудың алғашқы кезеңі Қазақстанның жеке өзіндік мемлекет ретінде қалыптасуының қиын жағдайларында болды. Осы жылдар ішінде сақтандыру ұйымдары сақтандыру қызметін жүзеге асыру саласында тәжірибе жинады.

Қазіргі кезде сақтандыру нарығын дамыту қоғам мен мемлекеттің алдына қойылған міндеттерінің бірі болып табылады.

«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты » атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігінің алдына жаңа міндеттер қойды: мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек.

«Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, ҚБА және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді де сенімді жүйесін құруы керек». Осы міндетті шешуде сақтандыру құқығы да өз орнын алатыны байқалады.

Бірақ қоғам, көптеген кәсіпорындардың (ұйымдар, мекемелер) басқарушылары, жеке кәсіпкерлер, және де әртүрлі билік пен басқару органдарының өкілдері сақтандыру немесе оның жеке түрлерінің рөлін, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеу қажеттілігі мен маңызын қажетті деңгейде бағаламайды. Нәтижесінде нарық жағдайында сақтандыруды дамыту ойына күмән тудыртады, ал сақтандыру көптеген дамыған нарықтық мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік өмірінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Экономиканы нарыққа бағыттау, Республиканың саяси және экономикалық тәуелсіздігі, халықаралық қатынастардың дамуы сақтандырудың орны, рөлі мен сипатына жаңа көзқараспен қарауды мәжбүрледі. 1992-1995 жж. елдің сақтандыру нарығындағы ретсіздіктен кейін кейінгі жылдары сақтандыруды дамыту қажеттілігі туындады. Қазақстанның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың пікірінше, «сақтандыру бизнесі арнайы реттеуді талап етпейтін қызмет туралы ойдан арылу қажет. Сақтандыру ұйымдары-банктер, брокерлік компаниялар және зейнетақыны басқару ұйымдары сияқты қаржылық делдалдар және солар сияқты мемлекеттік реттеу объектісі болулары тиіс» [1] .

Сондықтан, стратегиялық мақсаттарды белгілеген кезде, біз азаматтан бастап мемлекеттің мүдделерімен аяқтап өміріміздің барлық жағдайын қамтитындай барлық қол жетімді шараларды қолдана отырып әртүрлі келеңсіз жағдайлардан бір уақытта сақтандырылуымыз қажет. Яғни, «объективті заңдылықтары бар нарықтың билігі кезінде тәуекел орын алады, демек сақтандыру құқығының қажеттілігі туындайды».

Сақтандырудың өзекті мәселелері нақтырақ Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың VI Қазақстан қаржыгерлер конгресінде сөйлеген сөзінде айтылған (Астана қ., 15 қараша 2006 жыл) . Ол, «қаржылық сектор құрылған күш, кәсіптілік және батылдылық төмендемеу керек. Құрылғандарға сүйене отырып, біз ары қарай стратегиялық мақсатымызға жылжуымыз қажет- Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіруі» деп атап өтті.

Ол, отандық қаржы секторының дамытудың негізгі міндеттерінің бірі ретінде сақтандыру нарығын кеңейтуді көрсетеді. «Сақтандыру нарығы үлкен әлеуетке ие халықтың сақтандыру ұйымдарына деген сенімін, сонымен қатар сақтандыру қатынастарының субъектілерінің сақтандыру мәдениетін арттыру қажет. Міндетті сақтандыру жүйесі жетілдіруді талап етеді. Халықтың әлеуметтік қорғану құралы ретінде өмірді сақтандыруды дамыту қажет» [1] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2014 жыл 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында да «ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру және міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн» деп атап өткен болатын [2] .

Көріп отырғанымыздай, сақтандыру мәселелері өзектілігін жоғалтпайды.

Бүгінде сақтандыру пайда табу мақсатында капиталы мен өз күшін салатын негізгі сала ретінде кәсіпкерлерді қызықтырады. Екінші жағынан, сақтандыру халықтың әртүрлі топтарын қызықтырады-әртүрлі апаттардан, болжауға келмейтін қоғамдық құбылыстардан болатын зиянның орнын толтыруға, өз коммерциялық қызметінің сәтсіздіктері, коммерция бойынша контрагенттік міндеттемелерді орындамау, банктердің дәрменсіздігі кезінде салымдарды жоғалтпауға кепіл беретін жүйе ретінде әртүрлі тауар өндірушілер, тұтынушылар, шаруаларды да қызықтырады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Сақтандыру құқығы ғылымындағы ғалымдарымыздың ғылыми ізденістегі жеткен жетістігін бағалай отырып, сонымен бірге оның нарықтық жолындағы көптеген теориялық мәселелері айтарлықтай зерттеліп, шешімін таппағандықтан сақтандыру құқығы әлі де ғылыми зерттеу жұмыстарының табандылықпен жүргізіле беруін талап ететіндігін мойындауымыз қажет.

Қазақстандық ғалым-заңгерлердің сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы шарттарының құқықтық негіздері әртүрлі қырларынан ашуға негіз болған көптеген құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінен сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастарынының түсінігі, объектілері мен субъектілері, қағидалары, қайта сақтандырудың түсінігі мен түрлеріне байланысты Ю. Г. Басин, В. А. Белов, В. В. Байбак, Бремер, М. И. Брагинский, Д. А. Братусь, М. Винавер, Е. Б. Осипов, И. А. Покровский, Б. В. Покровский, В. В. Почуйкин, Ф. Релельсбергер, В. Ровный, Ф. К. Савиньи, М. К. Сулейменов, Н. Г. Сарсенов, М. К. Сулейменов, Е. А. Суханов, В. И. Сенчищев, Н. Г. Сарсенов және т. б. атап айтуға болады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Жұмыс нәтижесінде жасалған теориялық қорытындылар мен тұжырымдар осы мәселеге қатысты ғылыми зерттеулерді жүргізуге, сонымен қатар нарық жағдайында қалыптасып келе жатқан сақтандыру жүйесін реттеп, әрі қарай жетілдіруге әсер етеді. Зерттеу барысында сақтандыру қызметін реттейтін заңдарына талдама жасап алынған ұсыныстар мен тұжырымдар студенттердің біліктілігін көтеру курстары шеңберінде қолданылып, құқық саласындағы мамандар мен ғалымдарға кезекті құнды мәліметтер алуына көмек береді.

Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі бөлім, сегіз бөлімшеден тұратын, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Сақтандыру құқықтық қатынастардың жалпы сипаттамасы

1. 1 Сақтандыру құқықтық қатынастардың түсінігі және жалпы сипаттамасы

«Сақтандыру» деген сөз "сақтан" не «үрей» деген сөзден шыққан. А. И. Худяковтың пікірінше, «сақтандыру термині «үрей» деген сөзден пайда болды. Кез келген саналы адам өзінің тіршілік жағдайлары мен шарттарының нашарлауынан қорқады (өмір жағдайының, өндіріс шарттарының және т. б. ) және өзінің келешектегі қамын ойлай барынша өзін қауіпсіздендіруге ұмтылады (сақтандырады) » [3] .

Сонымен қатар, «сақтандыру» деген сөз (сақтандыру, сақтандырылу) қандай болмасын істе кейде сүйеу мағынасында қолданылады, қай кезде де сәттіліктің кепілдіктері және т. б. Қазіргі уақытта осы терминді барлық жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау құралы ретіндегі мағынада жиірек қолданылады.

Сақтандырудың алғашқы түрлері ерте заманда пайда болды. Қазіргі уақыттағы қайнар көздерге сүйенсек, сақтандыру сипаты бар келісімдер құл иеленушілік қоғамда да кездескен. Бұл келісімдер жылжымайтын мүлікке, саудаға, қарыз шарттарына, сонымен қатар теңізде кеме жүзуде кездеседі. Келісімдердің ең басты мәні болып, теңіз кемелері және теңіз жүктерін тасуға байланысты мүмкін болатын зиянның тәуекелін осы келісімдерге мүдделі тұлғалар арасындағы бөлу. Сақтандырудың ең ертедегі ережелерінің бірі Талмуд кітаптарыда баяндалған. Егер бір малшының малы жоғалып кетсе, Талмуд басқа малшыларға жоғалған малдың орнына тек мал беруге бұйрық берді, бірақ не болса да ақша емес. Сол кезде негізгі қағидалар қаланған болатын: сақтандыру-тәуекелден сақтану, ол еш жағдайда байытуға қызмет ете алмайды.

Сақтандыру пайда бола бастаған кезінде, бастапқы түрлерінің негізінде өзара міндеттемелермен қамтамасыз етілетін өзара ұжымдық көмек болды [4] .

Төңкеріске дейінгі азаматтық құқық оқулықтарында сақтандыру шарты ретінде бір тұлға-«сақтандырушы» басқа тұлғадан-«сақтанушы» өз тәукеліне мүлікті қабылдайды, яғни жазатайым оқиғадан мүлік жойылған жағдайда төлеуге міндеттенуіне байланысты шарт ретінде анықтама берген.

Экономиканың дамуымен мүліктік мүдделердің артуынан сақтандыру ұйымдарының саны өсті, олардың шаруашылықтың басқада салаларына салымдары және айналымдағы капиталы өсті. XVIII ғ. 60-жылдары басында Батыста 100 түрілі мүліктік және жеке сақтандырудың түрлері болды. Сақтандыру дамып экономиканың қажеттіліктеріне толық жауап берді және адамның барлық қызмет саласында сақтандыру жылдам тарады. Сақтандырудың түрлері мен әдістері уақыт қажеттілігіне қарай өзгеріп отырды. Мысалы, 1706 ж. өмірді сақтандыратын бірінші қоғам құрылған болатын, ал XVII-XIX ғғ. сақтандыру қызметтерінің жаңа түрлері пайда болды, оларға малдарды сақтандыру, бұзу арқылы ұрлықтан, қаржылық шығындардан, жазатайым оқиғалардан және сақтандырудың басқа түрлері.

Ресей империясының құрамына кірген Қазақстан аумағында сақтандыру жеткілікті деңгейде дамыған жоқ. Жергілікті қазақ халқының өмір салты мен шаруашылығы (көшпенді және жартылай көшпенді мал шаруашылығы), экономиканың және өндіріс күштерінің төмен деңгейде дамуы сақтандыруды кең тарауына жағдай жасамады. Егер сақтандыру келісім-шарттары жасалса да, ол тек қана Ресеймен шекараға шектесті ірі қалаларда (Орынборда, Оралда, Атырауда және т. б. ) және жер шаруашылығымен айналысатын аймақтарында жасалды.

Қазақстан халқының күнделікті өмірінде және экономикасына сақтандырудың нақты енуі төңкерістен кейінгі кезеңде орын алды.

Кең мағынада «сақтандыру» кез келген нәрсенің жағымсыз садарынан қорғануды білдіреді. Осы мағынада сақтандыру адамның өзімен пайда болды және табиғаттың, сонымен қатар барлық тірі жанның ажырамас бөлігі ретінде пайда болды. Сақтандырудың алғышарттары болмыс, адамдардың арасындағы қарым-қатынастар негіздерінде қаланған. Адам өмірі мен денсаулығы, оған тиесілі мүліктің тағдыры бұлтартпас оқиғаларға тәуелді болады. Соңғылардың салдарына адамның қызметімен байланысты материалдық объектілер ұшырайды.

Осы арада сақтандырудың жаңа түрі пайда болды «өзін-өзі сақтандыру» немесе «дербес сақтандыру» олардың мәні адам ойда болмаған жағдайлар мен оқиғалардың өндірістегі кідірістің алдын алу үшін материалдық және ақша қаражаттары құралдардың қорларын құратындығында. А. И. Худяковтың пікірінше, «өзін-өзі сақтандыру деп тұлғаның өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін дербес шаралар қабылдайтындығын түсінеміз. Осы сақтандыруда тұлға өзін өзі сақтандырушы болып табылады. Аталған сақтандыру белгілі бір зардаптың, қандай болмасын зиянды оқиғаның нәтижесінде (келтірілген зардаптың орнын толтыру мақсатында) жағымсыз салдарын жою үшін қажет арнайы («сақтандырушы») табиғи және ақшалай қорларды жинауды білдіреді.

Сонымен қатар әр түрлі «өзара сақтандырулар» пайда болды, яғни қандай да болмасын қасіреттен бірнеше адамдар тобының бірін біріне көмек көрсету туралы келісімдері, өзара жәрдем кассасын құру арқылы. Осылай сақтандырудың екінші түрі пайда болды, оны қазіргі уақытта «өзін сақтандыру» деп атайды.

Ағылшын тілінде «сақтандыру» термині «сенімділік» деген сөзден туындаған, қандай да бір нәрсенің тағдырдына байланысты ұайымдамау сияқты түсіндіруге де болады, біреуден көмек алатынына үміттенуі. Сонымен, күнделікті тәжірибеде сақтандыру ісінде «тәуекел» ұғымы әр түрлі құбылыстардың белгілеуі үшін қолданылады, оған: сақтандыру оқиғасының туындауының мүмкіндігі, сақтандырудың объектісі мен сақтандырушының жауаптылығы [5] .

Бұл фактіге М. Б. Смирнова назар аударады: «сақтандыру» қысқаша тұжырымдамасы келесідей түсінктерімен қызықтырады. Барлық европалық тілдерде «сақтандыру» термині «қамтамасыз ету» мағынасын білдіреді (неміс тілінде Versicherung және Assekuranz; француз тілінде assurance; ағылшынша assurance және insurance; итальян тілінде assicurazione; испан тілінде seguridad және т. б. ) . Кейбір латын түбірін қолданбайтын тілдерде де орын алады («securus»), мысалы, поляк тілінде - ubezpieszenie.

Демек, бізге айқыны, бірнеше ғасыр бойы сақтандыру жүйе ретінде, ең алдымен тәуекелдің әртүрінен халықтың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Бұдан, сақтандыру тәуекелдердің превенциясы бойынша ең басты институты болып табылады» [6] .

Сақтандыру инвестициялық әлеуетті жоғарлатады және ұлттың жай күйі мен байлығы арттыруға мүмкіндік береді [7] .

Сақтандыру қазіргі таңда өмірдің әр түрлі аясында жиі кездесетін, түрлі жағдайлардың жағымсыз салдарынан азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғаудың бір тәсілі. А. В. Серебровскидің айтуы бойынша: «Тәуекелді барынша азайту шаруашылық қызметтің иесі-адамның болашаққа сенімділікпен қарауына мүмкіндік береді. Осылайша сақтандыру моральдық мағынаға ие: ол адамның белсенділігін арттырады [8] .

Адамдар өздерінің жылжитын және жылжымайтын мүліктерін өрттен, селден, опат болуынан барынша сақтауға тырысады. Кәсіпкерліктің дамуы бизнес бойынша серіктердің сенімсіздігі, нарықтың өзгеруі, контрагенттердің дәрменсіздігі және т. б. жағдайлардың нәтижесінде зардаптардың пайда болу тәуекелінің дәрежесінің артуына әкелді. Бұл өз кезегінде сақтандырудың дамуына себебін тигізді. Уақыт өте осы қажеттіліктер азаймайды, керісінше азаматтардың мүліктік жағдайының өсуіне байланысты өзектілігі артады.

Бірте-бірте сақтандыру кәсіби айналысатын адамдар мен ұйымдарды бөле отырып, қоғамдық өндірісте қызмет етудің арнайы саласына айналды. Осыдан келе сақтандыру қызметін құқықтық реттеу қажеттілігі пайда болды.

Сақтандыруды дамыту мемлекеттік бағдарламасында заманауи және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын құру көрсетілген. Бұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүдделерін қорғайтын құрал болуы керек. Сонымен қатар, тиімді сақтандыру жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі болу керек [9] . Бағдарламаға сәйкес, сақтандыру саласы адамның өмірінің барлық жақтарын қамтиды, өндіріс және әлеуметтік-экономикалық қызметі. Сақтандырудың дәстүрлі-өтем ақылығынан басқа да қызметі көрсетілген. Қазіргі таңда сақтандыру жинақтаушы-сақтаушы қызметін жүзеге асырады.

Сақтандырудың маңыздылығын көрсететін бірнеше факторлар бар. Ол мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен мөлшеріне тәуелсіз қоғам мен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қорғауға қосымша мүмкіндік береді. Табиғи және техногенді апаттар салдарын жою ауыртпалығы мемлекеттік бюджетке түседі және ол өз шегінде объективті шектеулі болады. Сонымен қатар, сақтандыру тетігін қолдану кәсіпкерлік қызметтің дамуын жетелдетуге, пайдаланылатын өндіріс технологияларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Сақтандыру жүйесі республиканың экономикасының сенімді және тұрақты дамуына, халықтың әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүліктерін сақтандыруды жоғарылатуға жағдай жасау керек.

Сақтандыру сұрақтары, медициналық сақтандыруды қоса алғанда әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелеріне тікелей байланысты. Қазіргі заманға сай сақтандыру индустриясы мемлекетке келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

1. Табиғи-техногенногенді сипаттағы апаттардан келген шығындардың орнын толтыру жағынан мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты барынша азайту;

2. Сақтандыру арқылы әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін шешу (жинақталған зейнетақыны, жұмыссыздық бойынша, еңбекке жарамдылығын жоғалтуымен немесе асыраушысының қайтыс болуына байланысты жәрдемақыларды төлеу, дәрігерлік шығындарды төлеу), нарықтық экономика қағидаларына сәйкес;

3. Халықтың және ұйымдардың жинақталған қаражатын ұлттық экономикаға ұзақ мерзім негізінде тарту [10] .

Мемлекет тағы да бұрын болған ауқымды әлеуметтік кепілдік жүйесін толыққанды қамтамасыз етуге дәрменсіз болды. Бұл ауыртпалық сақтандыруға жүктелді. Сонымен қатар, кейбір мамандықтардың тәуекел дәрежесінің жоғарлауы байқалды, құқық қорғау органдары ұйымдасқан (кәсіптік) қылмыстылықпен бетпе-бет келді, техногенді апаттардың саны өсті. Нарықтың шарттарына сәйкес адамның өміріне және денсаулығына келтірілген зардаптың орнын толтыруына қандай да болмасын кепілдіктің болуы маңызды. Қауіптілігі жоғары қайнар көздер, соның ішінде көлік құралдары және т. б. келтірілген зардаптың орнын толтыру өзекті мәселелердің қатарына кірді.

Сақтандыру ісіндегі тәуекелді кезеңдері болып сақтандыру оқиғасының орын алуы мен осы сақтандыру жағдайы нәтижесінде зардаптың пайда болу тәуекелі табылады. Осындай тәуекелдерге сақтандыру құрылымы есептелген: сақтандыру оқиғасының болуы да болмауы да мүмкін, сақтандыру оқиғасы болса да зардартар болуы не болмауы мүмкін. Сақтандыру сүйенетін тәуекел санаты, зиянның және оның нақты болуы мүмкіндігі жағдайында сақтандыру жағдайының болжамаған оқиғасының орын алуын білдіреді.

Демек, сақтандыру құрылымы барлық жағдайларда тізбектелген болуы керек: сақтандыру оқиғасы-себепті байланыс-зиян.

Сақтандырудың терең тарихи тамыры болғанымен, осы уақытқа дейін осы ұғымның нақты ғылыми анықтамасы болған жоқ және сақтандырудың табиғаты мен шекаралары айқын болмаған. Сақтандыру-күрделі, тұрақты дамитын құбылыс ретінде негізделеді.

«Сақтандыру» ұғымы көп қырлы болып келеді және әртүрлі жағдайларда әртүрлі мағынаға ие болады. Сақтандыру теориясында сақтандыру түсінігіне байланысты даулар туындайды: олар сақтандыруды тәсіл, нысан, әдіс, реттеуші, шаралардың немесе құқықтық қатынастардың жиынтығы ретінде [11] .

Орыс тілінде «сақтандыру» сөзі әртүрлі мағыналарға ие болады. Ең кең мағынасында «сақтандыру» сөзі бір нәрсенің жағымсыз зардаптан қорғануы ретінде түсіндіріледі. Салыстырмалы мағынада сақтандыру, Ожеговтің орыс тілі сөздігіне сәйкес, белгілі жағымсыз, қаламаған бір нәсседен қорғауды білдіреді. Арнайы мағынада-сақтандыру: зиян орын алғанда ақшалай төлемді төлейтін арнайы мекемеге мерзімді жарналарды енгізу жолымен мүмкін зияннан сақтануды қамтамасыз ету [12] .

Кеңестік уақытта сақтандыру шаралардың жүйесі арқылы анықталды. Үлкен кеңестік энциклопедиясында сақтандыру болып табиғи апаттар, жазымдар және өзге де оқиғалар нәтижесінде төленетін ақшалай төлемдер зиянды толтыратын ақшалай (сақтандыру) қорларын құруға байланысты шарарлар жүйесі.

Осы анықтамаға ұқсас, сақтандыру саласындағы мемлекеттердің монополиясын көрсететін, бірақ сақтандыру қорын құру үшін негізгі құрал ретінде ақшаға нақты нұсқаумен, 1984 жылы Заңи Энциклопедия сөздігінде: «мемлекеттік сақтандыру-табиғат апат күштерінен, жазатайым оқиғалармен немесе басқа жағдайлардың болуынан материалдық зиян, сонымен қатар басқа ақша төлемдерін төлеуін мамандандырылған мемлекеттік сақтандыру ұйымдары қаражат алатын қатысушылардың жарналарынан құрылған арнайы ақшалай (сақтандыру) қорын құруға байланысты шаралардың жиынтығы.

Кейбір авторлардың еңбектерінде бұл екі анықтама біріктірілген және онда сақтандыру қорын құрудың ақшалай және мүліктік тәсілдері көрсетілген. К. А. Граве және Л. А. Лунц пікірлері бойынша сақтандыру-материалдық және (немесе) ақшалай құралдар ресурстарын қалыптастыру бойынша шаралардың жиынтығы, олардың есебінен қоғамдық шаруашылықта табиғи апаттар мен жазатайым оқиғалар орын алғанда шығынның орнын толтыру мен зиянды жою жүзеге асырылады. Осы анықтама сақтандыруды кең мағынада қарастырады. Тар мағынада сақтандыру, олардың пікірі бойынша, жеке ұйымдар, жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалармен жасалынған жарналар есебінен құрылған, арнайы ұйымдардың басқаруында болатын сақтандыру қорын құруды білдіреді.

Бір топ авторлар сақтандыруды әдіс ретінде қарастырады. Ф. В. Коньшиннің пікірі бойынша: «сақтандыру табиғи апаттар мен кездейсоқ жағдайлардан, сондай-ақ сақтандырылғандардың еңбекке қабілеттілік пен өміріне байланысты жағдайлардың орын алуына байланысты зиян үшін сәйкес төлемдер сомасын төлеуде халық шаруашылығында сақтандыру төлемдерін өтеу үшін орталықтандырылған сақтандыру қорын құрудағы әдістердің бірі болып табылады».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастар қағидаларының жүйесі
Қамтамасыз ету функциясы
Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі
Сақтандыру шартының түрлерін жіктеу және Ресейдің азаматтық құқығындағы сақтандыру міндеттемелерінің түрі
Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы
Қаржылық құқықтың сипаттамасы
Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін сипаттау
Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы
Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz