Жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың құқықтық мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:
Аннотация
Мaгиcтрлік жұмыc кіріcпеден, екі тaрaудaн, қoртындыдaн тұрaды.
Бірінші тaрaу Жеке кәсіпкерлік кәсіпкерліктің нысаны ретінде, oл екі бөліктен тұрaды.
Екінші тaрaу Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жеке кәсіпкерлік нысанындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мәселелері, oл екі бөліктен тұрaды.
Кілттік сөздер: құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі, субъект, жеке тұлға, заңды тұлға, нормалық акт, жалдама қызметкер.
Көлемі 83 бет.
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер caны 44.
Мазмұны
Аннотация
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер 4
Анықтамалар 5
Белгілер мен қысқартулар 6
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
78
82
Нормативтік сілтемелер
Осы магистрлік диссертациялық жұмыста келесі сілтемелер қолданылған:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз.
2. ҚР Азаматтық кодексі 1994 ж. 27-желтоқсан
3. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодксі 1999 ж. 13-шілде
4. ҚР Салық кодексі 2001 ж. 12-маусым
5. ҚазССР «Қаз ССР-інде шарушылық қызметтің еркіндігі және
кәсіпкерліктің дамуы туралы» 1990-жылғы 11-желтоқсандағы Заңы.
6. ҚР «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» Заңы 1992 ж. 4
маусым
7. ҚР «Лицензиялау туралы» Заңы 1995 ж. 17 сәуір
8. ҚР «Лицензиялау туралы» Заңы 2007 ж. 11қаңтар
9. ҚР «Банкроттық» Заңы 1997 ж. 21 қантар
10. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы 1997 ж. 19 маусым
11. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы 2006 ж. 31 қаңтар
Анықтамалар Кәсіпкерлік - бұл құнды әрі жаңа бір нәрсені жасап шығару, өзіңе қаржылық, әлеуметтік, моральдік жауапкершіліктерді ала отырып уақыт пен күшіңді сарқа пайдалану, ақшалай кіріс кіргізу процессі.Халықаралық ұйым құқығы дегеніміз халықаралық ұйымдардың өзара және халықаралық құқық субъектілерінің басқа да субъектілерімен қарым-қатынастарын, қызметін және құру тәртібін реттейтін қағидалар мен нормаларының жиынтығын құрайтын халықаралық бұқаралық құқықтың саласы.
Тәуелсіздік - бұл мемлекеттік биліктің күрделі саяси-заңдық сипаты, ол құзыреттердің саяси режимі, билік тетігі сияқты құқықтық институттар арқылы жүзеге асырылады.
Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорындардың негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консорциум - бұл ірі қаржы операцияларын жүзеге асыру үшін (мысалы: өте ірі жобаға инвестиция ) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Жалған кәсіпкерлік - кәсіпкерлік әрекет пен банк қызметін жүзеге асыру ниетімен емес, азаматтарға, мемлекетке зиян келтіретін тыйым салынған әрекетті жасап, жалған жолымен несие алу, салықтан жалтару (құтылу) секілді ниетпен коммерциялық ұйым құру.
Акционерлік қоғамдар - бұл жарғылық капиталы бар, белгілі акциялар салынатын қоғамдар.
Мемлекеттік егемендік - мемлекетке тән өзінің аумағындағы басшы билігі және халықаралық қатынастар саласындағы тәуелсіздігі.
Ақша-несие саясаты - бұл банктік процент арқылы мемлекеттің ақша массасы мен несиені мақсатты басқару. Бұл саясаттың бюджеттік саясаттан ерекшелігі өндірістің төмендеуіне де, инфляцияны тежеуге мүмкіндік береді.
Құқық қабілеттілігі - Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 13-бабына сәйкес құқық қабілеттілік ретінде азаматтарға бірдей негізде берілетін азаматтық құқықтарға ие болып, соған байланысты міндеттер атқаруын білдіретін және оның дүниеге келуімен байланысты пайда болып, қайтыс болуымен тоқтатылатын қабілеттілігі танылады;
Әрекет қабілеттілігі - кәсіпкерлік қызметті әрекет қабілеттігі бар азаматтар ғана жүзеге асыра алады, әрекет қабілеттілік азматтың заңдық әрекеттерді өзі жүзеге асыруын мәмілелер жасауын және мүліктерді иеленуін, сондай-ақ өзге тұлғаларға келтірген зияны үшін өз басымен жауап беруін білдіреді.
Белгілер мен қысқартулар
ҚР-Қазақстан Республикасы
БҰҰ-Біріккен Ұлттар Ұйымы
АҚШ-Америка Құрама Штаттары
ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы
ҚР АК- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі
АҚ-Акционерлік қоғамдар
ЖАҚ-Жабық акционерлік қоғамдар
КСРО-Кеңес Социалистік Республикалар Одағы
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің экономикалық жүйесінде мемлекеттік тәуелсіздігімізді алған сәттен басталған түбегейлі өзгерістер әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы құрудың қажеттігін туғызып, мүлдем жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыруды талап етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі - экномикалық тұрғыда дамудағы уақыт талабы еді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан жолы - 2050: "Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" деп аталатын Қазақстанның келешекте гүлденіп дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын анықтаған халыққа арнаған жолдауында біздің еліміздің алдына қоятын басты мақсаты: ұлттық бірлік, әлеуметтік әділдік, барша қазақстандықтардың экономикалық жоғары деңгейдегі ахуалы тән тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру болып табылатындығын атап өтеді\ 1\. Қоғамның бірлігі мен ішкі тұрақтылығының маңызды құрамдас бөлігі ретінде болу қажеттігін де баса көрсетеді.
Кәсіпкерлік, тұтас алғанда, ауылдық жерлерде де жақын арадағы онжылдықта нарықтық құрылымдарға қосымша күш беретін және инфраструктуралар сұрақтары мен әлеуметтік мәселелер айрықша мәнге ие салаға айналуы тиіс. Қазіргі таңдағы қоғамымызда жұмыссыздық кедейлік, зейнетақы мен төлемақылардың төмен мөлшері, тағы басқа толып толып жатқан әлеуметтік мәселелердің өз шешімін тиісінше таппай жүргені жасырын емес. Осындай мәселелерді шешудегі мемлекеттің мақсаты болып азаматтарға, шаруалар мен ауылдық жердің тұрғындарына кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қажетті құралдармен қамтамасыз етудің де мәселелері басты назарда болуы қажет.
Жаңа экономикалық қатынастырды қалыптастыру барысында біздің дербес мемлекетіміздің қоғамдық өміріндегі пайда болып жатқан құрылымдарды қаржылық және құқытық қамтамасыз етудің мәселелері өте өткір туындап отырғаны белгілі. Бүгінгі күні, меншік қатынастарына қатысты реформалар, шаруашылық субъектілерінің ұйымдастыру-құқықтық нысандарының көп түрлілігі, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу әдістерінің елеулі тәжірибеде де, теориялық тұрғыда да құқықтық реттеуде шынайы демократиялық қағидалар басшылыққа алынады, атап айтқанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тең мүмкіндіктері қағидасы және кәсіпкерлік еркіндік қағидасы.
Нарықтық экономиканы кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қағидасынсыз елестету мүмкін емес. Аталған қағида Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабында баян етілген: «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған кандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заң мен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жагдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру, оның кұны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Әркімнің кәсіпкерлік кызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік кызмет үшін еркін пайдалануға кұкығы бар»\ 2 \. Сонымен, еліміздің негізгі Заңының азаматқа мұндай құқық берілетінін жариялауы үлкен мәнге ие, ал бұл құқықтардың жүзеге асырылуы мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің құралы болатыны сөзсіз.
Қазақстан Республикасыдағы жеке кәсіпкерлік өз дамуын 80-жылдардың соңынан алады. Осы кезең ішінде экономика саласында оның қызметін реттейтін көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Солай бола тұрса да, осы саладағы нормативтік базаны жетілдіруге байланысты көптеген мәселелер әлі күнге дейін өз шешімін таппай келеді.
Аталған саладағы қоғамдық қатынастардың жеткілікті түрде, ауқымды құқықтық реттелгеніне қарамастан, шешімдер талап ететін мәселелер әлі де жетерлік. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1998-жылғы 31-наурыздағы «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы» Заңының 1-бабының 3-тармағы заңды тұлға құрмастан шаруа қожалығы нысанының болуын ғана белгілейді\3\. Ал тәжірибеде шаруа қожалықтары заңды тұлға ретінде құрылып әрекет етеді, көп жағдайда Қазақстан Республикасы 1994-жылғы 27-желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодексіне қайшы келмейтін жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады\4\. Бұдан жоғарыда аталған Заң нормасында жоюды талап ететін қайшылықтар туындайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі жеке кәсіпкерлердің құқыққабілеттігін жеке тұлғанікімен бірдей көлемде белгілейді, бірақ жеке кәсіпкерлік құқықтыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілікке мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап ие болады және құқықтарды жүзеге асыру саласында мүмкіндіктері де аса зор емес. Яғни, жеке кәсіпкердің құқыққабілеттілігі тек уақыт бойынша ғана емес, жеке тұлғалармен салыстырғанда өкілеттіктерінің көлемімен де шектеулі. Сонымен, қолданыстағы азаматтық заңнамаларда көрініс таппаған ережелер орнын толтыруды қажет ететін құқықтағы ақтаңдақтық екені даусыз. Мысалы, жеке кәсіпкер мен оның отбасы мүшелері оның мүлкіне мүліктік шара ретінде өндіріп алу іс-жүргізуі қозғалатын болса, олар қорғаусыз қалады, мұның өзі экономиканың басты саласы ретінде мемлекетпен таңдалған және кәсіпкер қызметін жан-жақты қолдау қағидасына қайшы келеді.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде бұл магистрлік жұмыс тақырыбының өзектілігімен толығымен келісуге болады. Бүгінде жеке кәсіпкердің құқықтық жағдайын анағұрым терең зерттеудің қажеттілігі анық туындап отыр. Жеке кәсіпкердің құықтық жағдайы мәселелері отандық әдебиеттерде де жеткіліксіз зерттелген, бұл кәсіпкерлік құқықтық қарым- қатынастырды зерттеу саласындағы жаңа ғылыми еңбектердің жоқтығымен түсіндіріледі.
Ғылыми жаңалығы. Тақырыптың жаңалығының өзі, бұл тақырып бойынша кешенді зерттеулердің тым сирек, аз болуы. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі . Нарықтық экономиканы реттеуге мемлекет араласуы керек пе? деген сауал бірнеше ғасыр бойы қойылып келеді. Нобель сыйлығының лауреаты В. Леонтьев болса, экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады: “ Іс жүргізу үшін жел керек-ол мүдде, ал рөль-мемлекеттік реттеу”. Швецияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша“ реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік ” дейді.
Мемлекет өзінің функциясын атқаруда және экономиканы реттеуде экономикалық (жанама) және әкімшілдік (тікелей) әдістерін қолданады. Нарықтық экономиканы дамыған елдердің тәжірибесі бойынша экономиканы реформалау жағдайында мемлекеттің рөлі артады, ал экономика тұрақтанған және өрлеу циклында бәсеңдейді. Экономикалық әдістің ең бастылары: салық саясаты, табыс пен ресурстарды қайта бөлу, баға жасақтау, мемлекеттік кәсіпкерлік істер, несие-қаржы механизмі т. б.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкердің құқықтық жағдайымен байланысты теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелер бойынша ТМД елдері заңнамасына салыстырмалы құқықтық талдау жүргізілді: жеке кәсіпкерліктің бір ретінде бірлескен кәсіпкерлік мүшелерінің тең құқығы туралы; банкроттық институты; жеке кәсіпкердің құқыққабілеттігі; сонымен қатар заңды тұлға болып табылатын шаруа қожалығына қарағанда, заңды тұлға құрмастан жүзеге асырылатын жеке кәсіпкер мәртебесінің оң жақтары бар екендігін салыстыру әдісін қолданып көрсету.
Осы зерттеудің ғылыми-теориялық негізі Ю. Г. Басин, М. Балкен, С. Григоренко, С. У. Жандосов, С. Э. Жилинский, В. Ермаков, С. И. Климкин, Л. А. Құсаинова, В. В. Лаптев, М. К. Сулейменов, В. Е. Хруцкий т. б. өзге де Қазақстан Республикасындағы тұлғаның құқықтық мәртебесіне қатысты конституциялық құқық, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, аграрлық, кәсіпкерлік құқық саласындағы танымал заңгер-ғалымдар мен зерттеуші-құқықтанушылардың, сонымен қатар ТМД елдері ғалымдарының да ғылыми еңбектері танылады. Кәсіпкерлік қызметтің өзекті мәселелеріне байланысты жаңа әдебиеттердегі ғылыми зерттеулердің болуына қарамастан, жеке кәсіпкерлік туралы ғылыми көзқарастар мен пікірлер жеткіліксіз деуіміз: ғылыми жұмыстардың кәсіпкерліктің барлық нысандарын тұтастай зерттеумен шектелуіне байланысты екендігін ескерген жөн. Магистрлік жұмысты жазуда Қазақстан Республикасы құқық жүйесінде жеке кәсіпкердің кұқықтық жағдайы мәселелерін кешенді түрде зерттеуге тырыстық.
Бұл жұмыстың нормативтык негізі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің, Қазақстан Республикасы «Лицензиялау туралы», Қазақстан Республикасы «Банкроттық туралы», Қазақстан Республикасы «Жеке кәсіпкерлік туралы», Қазақстан Республикасы «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы», Қазақстан Республикасы «Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау туралы» заңдарының нормалары қолданылды.
Бұл ғылыми жұмыста әсіресе, жеке кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарының теориялық жағдайларында, олардың кәсіпкерлік қатынастардың өзге субъектілерінен ерекшелендіретін айрықша белгілеріне, және кәсіпкер қызметін құру мен тоқтатуына тоқталуды жөн көрдік.
Осы аталған зерттеудің негізгі мақсаттары келесі сұрақтар жөнінде мазмұндауды жөн санадық:
- жеке кәсіпкерліктің жалпы ерекшеліктерін зерттеу;
- жай серіктестіктің шаруа қожалығының мүшелерінің құқықтықжағдайын салыстыру мен таңдау;
- шаруа (фермерлік) қожалығының мүшелерінің ауыл шарушылыққызметінің мәнін зерттеу;
- заңды тұлға құрмай-ақ шаруа қожалығын құрудың заңды тұлғанысанында құрылған шаруа қожалықтарына толы екендігіне тоқталу;
- жеке кәсіпкер құқыққабілеттілігін заңдық реттеудің мәселелерінетоқталу;
- жеке кәсіпкер қызметін тоқтату мен оның банкроттығы мәселелерінетоқталу;
- жеке кәсіпкердің құқықтық жағдайын реттейтін заңнамалардыжетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
Автор жоғарыда көрсетілген мақсаттармен қоса, мынадай міндеттерді қойды:
-осы тақырыпты зерттеу барысында ең басты күрделі мәселелерді анықтау;
-анықталған күрделі мәселелерді жою үшін, ғалымдардың, мамандардың көзқарасы негізінде ұсыныс әзірлеу;
Қорғауға шығарылатын жағдайлар. Магистрлік диссертацияда мынадай жағдайлар қорғауға шығарылды:
-шаруа (фермерлік) қожалығындағы мүліктік қатынастар оның мүшелелері арасындағы жеке қарым қатынастар сипатына байланысты боғандықтан, бұл қатынастар ішінде дау туындамайды алайда, егер, ұзақ уақыт шаруа
қожалығының мүшесі шаурашылық жүргізуге қатыспаған жағдайда шаруа қожалығына мүшелік туралы сұрақ қалай шешілуі тиіс деген мәселе туындайды. Біздің ойымызша, бұл сұрақты шешуде шаруа қожалығы мүшесінің не себептен қожалық қызметіне қатыспағанын анықтау қажет.
-Қазақстандық заңнамада шаура қожалығы нысанына қатысты құқықтық анықталмағандық кездеседі. ҚР-ның 1998-жылғы 31-наурыздағы «Шаруа (фермерлік) қожалығы туралы» Заңымен отбасылық кәсіпкерлікті қоса алғанда, заңды тұлға құрмастан шаруа қожалығының үш нысаны көрсетілген. Бірақ, тәжірибеде ҚР Азаматтық кодексінің негізінде олардың қызметінде ешқандай тәжірибелік мәнге ие емес, заңды тұлға нысанында құрылған шаруа қожалықтары кездеседі. Осыны анықтау мәселесі қойылды.
-Жеке кәсіпкердің азаматтық құқықтық мәртебесінің маңызды белгісі оның құқыққабілеттілігі. Заңды тұлғаларға қатысты олардың құқыққабілеттілігі мен шегін анықтау мүмкін емес, өйткені ұйымдар мемлекттік тіркеуден өткен сәттен бастап қана азаматтық құқықтар мен міндеттерді иелене алады. Жеке кәсіпекер ретінде тіркелген азаматтардың құқықсубъектілігінің мазмұнын анықтауда заңды тұлғалардыкімен бірдей белгілеу қажет екендігін анықтау.
Ғылыми зерттеудің жалпы әдістемелік және теориялық негізін диалектикалық әдіс, таным теориясы құрайды, жұмыс барысында тарихи, салыстырмалы-құқықтық және өзге де дәстүрлі жалпы ғылыми әдістер қолданылды. Әдістемелік зерттеу тұрғысынан нарықтық сектор кезеңі фирманың өндірістік, қаржылық және ақпараттық жүйесін қайта бағыттау мен кәсіпкерліктің қазіргі заманғы институционалдық құрылымын қалыптастыруды анықтайды. Сонымен қатар, қазіргі заманғы кәсіпкерлік табиғатына ішкі және сыртқы ынталылықты, жоғары табысты әрекетке деген ынталылықты жүзеге асырудың мінез-құлықтық құралдары енеді.
Зерттеудің тәжірибелік қажеттілігі. Магистрлік жұмысты орындауда жеке кәсіпкердің құқықтық жағдайының ерекшеліктері мен оның қызметін реттеудегі кездесетін мәселелерді анықтауда, жеке кәсіпкерлікпен байланысты заңнамаларды жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Зерттеудің нәтижелері. Диссертациялық жұмыстың тақырыбына байланысты үш мақала жарық көрді. Олар:«Кәсіпкерліктің мәні мен ерекшеліктері» (Жаңа кәсіподақ газеті 20. 03. 2015), «Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру мен оны заңнамалық реттеудің мәселелері», «Жеке кәсіпкерлік нысандарының құқықтық ерекшеліктері» М. Әуезов атындағы ОҚМУ магистранттары, PhD докторанттары мен жас ізденушілердің ғылыми еңбектер жинағында, М. Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми журналында басылып шықты.
Басқа зерттеулермен байланыстылығы. Бұл магистрлік диссертация М. Ауезов атындағы ОҚМУ-да орындалды. Бұл диссертация тақырыбы
кафедрада өткізіліп жатқан кәсілкерлік құқықпен тығыз байланысты.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі. Магистрлік зерттеу кіріспеден, нормативтік сілтемелерден, анықтамалардан, белгілер мен қысқартулардан, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 83 беттен тұрады.
1 Жеке кәсіпкер - кәсіпкерліктің нысаны ретінде
1. 1 Жеке кәсіпкерліктің түсінігі мен мәні
Жалпы экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік - шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі кәсіпкерлік экономика. Оның ролін көрсетуде, Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда табу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттайды. Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесіне деген мүдделілік өсіп отыр.
Жалпы ғылымда кәсіпкерлік түсінігін өзіндік ерекшлеліктеріне сәйкес бірнеше кезеңдерге бөледі. Кәсіпкерлік концепциясының бірінші кезеңі «кәсіпкерлік теориясының» классигі Р. Кантильон есімімен байланысты. Ол бірініш рет кәсіпкерліктің негізгі тұлғасын анықтады. Кәсіпкер - белгілі бағада сатып алушы, белгісіз бағада сатушы, яғни тәуекелге барушы адам. Классикалық экономикалық теорияда кәсіпкерлік ұдайы өндірістің негізі ретінде тәуекел үшін табыс алу ретінде қарастырылды. Тәукелді төмендету үшін негізгі өндіріс факторларын: жер, еңбек, капиталды тиімді үйлестіруге тура келеді. ХХ- ғасырдың соңғы 60 жылында әртүрлі бағыттағы мамандық иелері (экономистер, юристер, философтар, психологтар, әлеуметтанушылар және т. б. ) кәсіпкерліктің даму теориясына, оның елдің экономикалық дамуында алатын орнына ерекше көңіл бөлуде, әсіресе, жеке кәсіпкердің тұлғалық ерекшелігі мен оның өз бизнесіндегі жетістікке жету талпынысына аса назар аударуда. Кәсіпкерлік білімді жетілдіру мақсатында халықаралық конференциялар ұйымдастырылуда, көптеген елдерде кіші кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетуде, жылдан-жылға қоғам менталитеді де өзгеруде. ХХ ғ. екінші жартысында көптеген батыс елдерінде өркениетті кәсіпкерліктің даму кезеңі басталды. 30-жылдары атақты америка кәсіпкері Генри Форд І-нің еңбектері жарық көре бастады, ал 1953 ж - К. Рендолдың «Кредо свободного предпринимательство» атты еңбегі шықты. Батыс ғалымдарының көптеген экономикалық ғылыми еңбектері 70-ы жылдары шыға бастаса, соңғы 15 жылда кәсіпкерлік мәселесіне байланысты еңбектер қарқынды түрде жарық көре бастауда.
Экономикалық теорияға үлкен үлес қосқан Ф. Хайек, И. Шумпетер және П. Друкер ғалым - экономистердің кәсіпкерлікке деген көзқарасын қарастырайық\5\. Экономикалық көзқарас бойынша кәсіпкерлік табысты айлық жалақымен теңестіруге болмайды. Шумпетер пікірінше, жаңа тауардан түскен қаржы тек басында ғана өседі де, кейіннен бәсекенің нәтижесінде төмендейді. Бұл фактор кәсіпкерлік табыстың маңызды аспектісі болып табылады. Себебі кәсіпкер жаңа өніммен нарыққа алғаш шығады да, оның бәсекелестері болмайды, өнімге деген бағаны баға құраушы монополиялардың қағидаларымен анықталады. И. Шумпетер кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы капиталға ерекше көңіл аударады. Капитал - ол қозғаушы күш. Шумпетер капиталды кәсіпкердің кез - келген уақытында иелігінде бола алатын қаржыны айтады. Ол алғашқы капитал деп кәсіпорынның құрылуы мен қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қаржыны айтады. Алғашқы капитал негізгі және айналмалы болып 2-ге бөлінеді. Алғашқысы жер участкісін, ғимарат, машина және т. б. алуға жұмсалса, екіншісі - қажетті шикізат, еңбек ақысын төлеуге өтеледі, жұмсалады. Шумпетер кәсіпкерлік қызметке итермелейтін мотивтер мен дәлеледерді бөліп көрсетеді. Ол оны келесідей топтарға жіктейді:
1. Үстемдік етуге талпыныс
2. Жеңіске деген құлшыныс
3. Шығармашылық қуаныш.
И. Шумпетер кәсіпкерлік табыстың теориясын жасайды және кәсіпорындардың табысқа деген талпынысына ерекше көңіл бөледі. Оның нәтижесінде жаңа кәсіпорындар пайда болады, жаңа қондырғылар қолданыла бастайды, өнімділік артады, бәсекелестік дамиды, ескі кәсіпорындар ығыстырылады, жұмысшылардың бір бөлігі жұмыс орнын босатады және т. т. бұл процесс қайталанып отырады. Шумпетер ойынша, кәсіпкерлік табыс - бұл жаңа комбинациялар орындалуының нәтижесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz