Мәміленің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері


Азаматтық - құқықтық қатынастардағы мәмілелердің рөлі.

(зюм-13-1ку 6 Әбдиев Нұрсұлтан Мейрамбайұлы)

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1. Мәміленің ұғымы, түрлері, жарамдылық шарттары мен жарамсыз мәмілелер

1. 1 Мәміленің ұғымы мен түрлері . . . 5

1. 2 Мәміленің жарамдылық шарттары . . . 9

1. 3 Жарамсыз мәмілелер . . . 20

2. Мәміленің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері

2. 1 Шарттың ұғымы . . . 25

2. 2 Шарттың мазмұны және нысаны . . . 28

2. 3 Шарттың жалпы түрлері . . . 31

2. 4 Сатып алу-сату шартының ерекшеліктері . . . 36

2. 5 Сатып алу сату жөніндегі келісім шарттар . . . 51

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61

Кіріспе

Тақырыптың өзектілгі. Мәміле - азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері. Мәміле- бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі [1] . Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді. Мәмілені жасау - мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті. Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.

Мәміле - арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтардан ерекшелендіреді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды.

Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз - жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері.

Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ - мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады. Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.

Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.

Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, ол кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.

Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі - сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес одағы кезімде кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада «жаппай жекешелендіру» бағыт-бағдарына сәйкес пайда болды.

Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық шарттық қатынастардың кең түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қазақстан Республикасының әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып құқықтық қатынастарды дамытуға бетбұрғандығының куәсі. Нарық субъектілерінің белсенді қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс капиталының «көленкелі бизнеске» қайысуына апаратын бірден-бір себеп болар еді.

Азаматтық Кодексте мәмілелердің түрлерінің толық тізбесін көрсету мүмкін еместігі айтылған (мысалы, Азаматтық Кодекстің 7-бабы) .

Сондықтан кез-келген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.

Бұл диплом жұмысында мәміленің күнделікті қарым-қатынастар барысындағы маңыздылығына талдау жасалып, мәміленің шарттарына, түрлеріне және ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, талдап корытынды жасалады.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқықтық қатынастар арқылы жасалатын мәмілелерді және оның қоғамдағы ролін, дамуын қарастырып, элементтерінің пайда болуын зерттеп, қалыптасу процесін қарастыру және құқықтық мәнін ашу болып табылады.

Жұмыстың объектісі. Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқықтық қатынастар арқылы жасалатын мәмілелерді құқықтық реттеу болып табылады. Азаматтық құқықта мәмілелер көп, сондықтан да оларды жіктеу қажет. Мәмілелерді түрлерге бөлу бірнеше белгілер бойынша жүргізіледі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Мәмілелерді бұлай бөлу мәмілелерге қатысушы тараптардың санына сай жүргізілген. Біржақты мәмілелер.

Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Мұндай мәмілелерге мысал ретінде сенімхат беруді, өсиет қалдыруды, мұрагерліктен бас тартуды, мұрагерлікті қабылдауды, шартты орындаудан тараптың толығымен немесе жартылай бас тартуды (егер бас тарту тараптардың келісімімен жасалған болса) жатқызуға болады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек.

Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт - сату - сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т. б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.

1. Мәміленің ұғымы, түрлері, жарамдылық шарттары мен жарамсыз мәмілелер

1. 1 Мәміленің ұғымы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген [2] . Мәмілеге мынадай белгілер тән:

1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіру;

2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;

3) қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған (азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы) ;

4) мәміле әрқашанда құқықтық салдарды туғызады.

Мәміленің маңызды жақтарының еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі.

Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіруі әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындалғанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар, чекі, затты сатып алғанын айғақтайтын құжат және т. б. ), сондай-ақ жетон, билет сияқты растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-кетер ештеңе жоқ.

Конклюденттік әрекет (латынша соnсһісudеrе - жасау) - сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.

Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК-нің 151- бабының

4-тармағы) . Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады.

Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл орайда мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кету керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс.

Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.

Заңдармен немесе тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орындамау салдары көзделуге тиіс.

Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қоюға құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайп-жазба, факс немесе субъектілерді және олардың еркін білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.

Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол коя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол коя алмаған себептерін көрсете отырып, куәландыруға тиіс.

Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге кұқылы.

Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. (АК-тің 152-бабы) .

Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп саналады.

Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157-бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Азаматтық кодекстің 155-бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады.

Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды дем саналады. Тіркеу мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе почта арқылы жолдаған арызы бойынша жүргізіледі.

Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасағанда ғана мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі.

Тіркеуден бас тартқан жақ сот арқылы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге қүқылы [3, 200б. ] .

Мәмілелердің түрлері. Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) бір жақты және екі жақты немесе көп жақты (шарттар) ; 2) ақылы және ақысыз;

3) нақты және консенсуалды; 4) казуалды және абстрактылы; 5) шартпен жасалған; 6) биржалық.

Бір жақты мәміле дегеніміз, заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Бір жақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі - өсиет қалдыру. Әдетте, бір жақты мәмілелер тым көп бола бермейді.

Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасау үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.

Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады (мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады) . Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.

Консенсуалды мәмілелер (латынша соnsensus - келісім) - келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res -зат) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.

Мәмілелерді азамат кұқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және абстракциялық деп те бөледі.

Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негізбен құқықтық мақсатты (саusа) еншілейді. Бірақ та бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық) . Абстракциялық мәмілелер өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (аbstrahere - қол үзу, бөліну), (мысалы, вексельді тапсыру) [4, 54б] .

Шартпен жасалған мәмілелер қандайда бір нәрсеге тәуекелді болып келеді (оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу - басталмауы белгісіз мән - жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі

(АК - тің 150-бабы 1-тармағы. Азаматтық кодекстің 150-бабының 2- тармағына сәйкес, егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын басталу - басталмауы белгісіз мән - жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.

Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.

Азаматтық кодексте (156-бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады.

Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармем рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс.

1. 2 Мәміленің жарамдылық шарттары

Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды болуы шарттарына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет [5, 122б. ] . Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады (АК - тің 18 -бабы) .

Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады.

Мәміленің жарамды болуы үшін еркі және ерік білдіру бір - бірімен сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп көрсетеді.

Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған мәмілені нотариалдық куәландыру (АК - тің 154-бабы) мен тіркеуді (АК-ТІҢ 155-бабы) айтуға болады.

Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Мәміле жарамды болуы үшін мынандай шарттар сақталуы тиіс;

1) мәміле мазмүнынын заң талаптарына сәйкестігі;

2) мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамдардың әрекет қабілеттілігінің болуы;

3) қатысушылардың еркі мен ерік білдіру сәйкестігі;

4) мәмілелердің нысанының сақталуы.

Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.

Егер мәміле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталып, екі тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленеді.

Тараптардың қайсібірі болсын мәмілені орындаған жағдайда да мәмілеге тиістінің бәрі тәркіленуге тиіс. Егер қылмыстық мақсатқа жету жөніндегі жымысқы ниет тараптардың бірінде ғана болған жағдайда, оның мәміле бойынша алғандарының бәрі екінші тарапқа қайтарылуы тиіс, ал соңғысының алғаны не оған мәміле бойынша тиесілісі тәркіленуге тиіс.

Жасалатын мәміленің мазмұны заң талаптарына қайшы келмеуі тиіс. Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негіздеріне немесе адамгершілікке көрнеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады. Мұндай жағдайда мәміле мазмұнында қылмысқа итермелейтін немесе қылмыс жасауға бағытталған, заңның нақты талаптарын орындаудан жалтаратын, айналымнан алынған заттарды алу немесе сатуға байланысты сипаттар болуы мүмкін.

Заңмен тыйым салынған іс-әрекеттер негізінде мәміле жасалмауы тиіс. Заңға сәйкес келмейтін мәмілелерге жалпы құқықтық тәртіп негіздері мен адамгершілікке көрнеу қайшы келетін мақсаттармен жасалған мәмілелер де жатқызылады. Бұл қағиданың заңмен жетік реттелмеген қатынастарда қоғам мүддесін қорғау үшін маңызы зор. Мәселен, мемлекеттік кәсіпорын басшысы жеке кәсіпкермен кәсіпорын үшін тиімсіз, бірак өзінің жақсы таныс кәсіпкер серігі үшін тиімді мәміле жасауы мүмкін.

Заң талаптарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзіретін бұзатын мәмілені қасақана жасасқан адамның, егер мұндай талап пайдакүнемдік себептерден немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туындаса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.

Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің мерзімі біткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады. Кейбір кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысу үшін құзіретті мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты, яғни лицензия алуы керек.

Лицензия талап етілетін әрекетті лицензия алмай жүзеге асыру құқық бұзушылық болады. Сонымен бірге лицензия қайтарып алынған жағдайда, күші тоқтатылғанда және жарамсыз деп танылған жағдайларда жасалған мәмілелер де құқық бұзушылық болып табылады.

Теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле жарамсыз болады. Мұндай жағдайларда мәмілені жарамсыз деп тану туралы талапкер ретінде тиісті тұлғалармем қатар мемлекеттік органдар да қатыса алады.

Он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамкоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, заң бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

Мәмілені жарамсыз деп тануды тек ата-анасы немесе қамқоршысы талап ете алады. Мұндай талап болмаса мәміле өзінің заңдық күшін сақтап қалады. Ата-анасының немесе қамқоршысының келісімі мәміле жасауға мәміле жасалғанға дейін де, кейін де берілуі мүмкін.

Кәмелетке толған адамның мәміле бойынша шығындарын оның ата- анасы қайтаруы міндетті емес. Мәмілеге байланысты алынған заттарды иелеріне қайтару барысында кәмелетке толмаған тұлғаның келтірген залалдары мен шығындарының оның тарабынан орны толтырылмауы мүмкін [6, 130б] . Есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле жарамсыз болады. Әрекет қабілеттілігі жоқ немесе 14 жасқа толмаған- жасөспірім жасаған мәмілені, егер ол осы тұлғалардың пайдасына жасалса, сот ол мәмілені жарамды деп тануы мүмкін.

Елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілені сот жаңылысу әсерімен әрекет еткен тараптың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Мәміленің табиғатына, ұқсастығына немесе оны өз мақсатына пайдалану мүмкіндігін айтарлықтай төмендететін мәнінің сапасына қатысты жаңылысудың елеулі мәні болады.

Егер жаңылысу мәмілеге қатысушының өрескел бейқамдығының салдары болса, не оны кәсіпкерлік тәуекел билеген болса, сот нақты жағдайларды және мәмілеге қатысушы екінші жақтың мүдделерін ескере отырып, мәмілені жарамсыз деп тану туралы талаптан бас тартуға құқылы.

Алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмілені, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілені (кіріптарлық) сот жәбірленушінің талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін. Алдау саналы түрде мәміле шарттары, пәні және субъектілеріне байланысты бұрыс мәлімет беру арқылы жаңылыстыру нәтижесінде мәміле жасастыру болып табылады.

Бір тараптың екінші тараппен зұлымдық ниетте келісуі нәтижесінде жасалған мәмілені сот жәбірленуші тараптың талабы бойынша жарамсыз тануы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық-құқықтық қатынастардағы мәмілелер туралы ақпарат
Шартпен жасалған мәмілелер
Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
Азаматтық-құқықтық мәміле туралы жалпы
Кәсіпкерлік шарт түсінігі
Жарамсыз мәмілелердің ұғымы
Лизингтік операциялардың экономикалық мазмұны
Азаматтық құқық қағидалары
Азаматтық құқықтағы мәмәле және оның маңызы
Мәмілелердің азаматтық құқықтық ретелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz