Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Азаматтық.құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері.
1.1Азаматтық.құқықтық қатынастың түсінігі және оның ерекшеліктері ... ...5
1.2 Азаматтық.құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны және түрлері ... ... ..14
2. Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
2.1. Құқық объектілерінің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Азаматтық құқық объектілерін ерекшелейтін белгілер ... ... ... ... ... ... ..23
3.Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
3.1. Заттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
3.2.Ақша (оның ішінде шетел валютасы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
3.3.Бағалы қағаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
3.4.Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге
айналған нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
3.5.Мүліктік емес өзіндік құқықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы қоғамдық өмірдің барлық салаларына жалпы қайта құру кезеңін басынан кешіруде. Қазақстанның егеменді ел ретінде орнығу және даму стратегиясы, экономикалық салада екі маңызды мәсілердің тоқырау жағдайынан шығу және экономикалық тұрақтандырудың қамтамасыз ету және реттелініп жатқан шаруашылық ету нарықтың механизмінің орнығуы және тиімді әрекет ету сияқты мәселердің шешуін көздейді.
Қазақстан Республикасының Азаматық кодексінде алғаш рет енгізілген азаматтық құқықтардың объектілері деген арнайы тарау бекітілген бәрімізге мәлім. Соған орай азаматтық құқықтың объектілер қатарына мүліктік және мүліктік емес игіліктерді жатқызуға болады. Мүліктік игіліктерге заттар, ақша соның ішінде шетел валютасын, құнды қағаздар, шығарашылық интеллектуадық қызметтің объектіге айналған нәтижелері жатады. Материалдық емес игіліктерге жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, есім алу құқықтары жатады. Осы объектілерді кез-келген азаматтар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес иеленуге, пайдануға және билік етуге құқықтары бар. Азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар- заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады.
Құқықтық реттеудін нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қаты-настармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз- бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана. Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларынын нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардын объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатъшастар сапасына ие болады. Азаматтық-құқықтық қатынастар дегеніміз-азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.
Азаматтық-құқықтық қатынастардын ерекшеліктері азаматтық-құқықтық реттеудін объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық қатъшастардын аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардын заң жүзіндегі теңдігі. Азаматтық-құқықтық қатынастардын субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды
Құқықтық қарым-қатынастарға қатысушылардың жүріс-тұрысы әрқашан қоғамдық маңыздылыққа ие. Ол қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның әртүрлі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Теория государства и права: Хропанюк В.Н. Учебное пособие для высших учебных заведений /Под ред. Профессора В.Г.Стрекозова. – М.: "Дабахов, Ткачев, Димов", 1995. – 384 с.
2. Общая теория государства и права. Академический курс в 2 – х томах. Под ред. пров. М. Н.Марченко. Том 2. Теория права. – М.: Издательство «Зерцлао», 1998.-656с.
3. Алексеев С.С. Государство и право. Наяальный курс. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Юридическая литератур, 1994.-192с.
4. Алексеев С.С. Право: азбука-теория-философия: опыт комплексного иследования.М.: «Статут», 1999.-712с.
5. Алексеев С.С. Проблемы теории права. Свердловск, 1972.
6. Агарков М.М. Обязательство по советскому гражданскому праву. М.,1940.
7. Трубецкой Е.Н. Лекции по энциклопедии права. М., 1917.
8. Мейр Д.И. Русское гражданское право (в 2-х ч.). По исправленному и дополненному 8-му изд., 1902. Изд. 2-е, испр. М.: «Статут», 2000.-831с(Классика росийской цивилистики).
9. Гражданское право. Учебник. Часть 1. Издание третье, переработанное и дополненное./Под ред. А.П.СЕргеева, Ю.К. Толстого.-М.:ПРОСПЕКТ, 1998.-632 с.
10. Гражданское право. Том 1. Учебник для ВУЗ-ов (академический курс). Отв. ред. :М.К.Сулейменов, Ю.Г. Басин.-Алматы, 2000.-704 с.
11. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий.В двух книгах. Книга 1. Отверственные редакторы: М.К. Сулейменов, Ю.Г Басин.- Алматы: «Жеті жарғы», 1997.-416 с.
12. Советское гражданское право /К.К. Лебедев, В.А.Мусин, Е.А.Поссе и др. ; Под ред. В.Т.Смирнова, Ю.К.Толстого, А.К.Юрченко. В 2-х т.Т.1.Л., 1982.
13. Советское гражданское Гражданское право. Под ред. Е.А.Суханова.Т.1.М. 1994.
14. право. Т.1/ Под.ред. В.П. Грибанова и С. М. Корнеева М. 1979.
15. Гражданское право. Т.1/ Под.ред. Е.А. Суханова. М.. 1993. 258с.
16. Иванкова С.С. Рынок ценных бумаг в РК. Алматы, 1995.
17. Агарков М.М. Ценные бумаги в Российском гражданском праве. М., 1996.
18. Агарков М.М. Учение о ценных бумагах. – М.: Финстатанформ, 1993.
19. Акции, облигации и другие ценные бумаги. Агенство по ценным бумагами и инвестициями. – М.: Община. 1999 – 47 (1) с.
20. Алексеев М.Ю. Рынок ценных бумаг. М.: Финансы и статистика, 1992 – 348с.
21. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т.13 34 стр.
22. Шершеневич Г.Ф Общая теория права. Вып.3. М.,1912. 591-593 стр.
23. Брагинский М.И., Витранский В.В. Договорное право. Общие положения. М., Статут. 1997г.с. 222-227.
24. Черепахин Б.Б. Правопреемество по советскому гражданскому пр. М.: 1962.
25. Под ред. С.А.Верб Гражданское правоотношение и их структурные осбенности. Свердловск 1957г. стр.96
26. Под редакций Ю.К.Толстого. Гражданское право. часть 1. Санк – Петербург, 1996г.
27. Гражданское право. часть 1. под. ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого Санк – Петербург, 1996г.
28. З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы «Жеті жарғы» 2003ж
29. Ғ. Төлеуғалиев Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық. Алматы 2001.
30. С.Д.Баққұлов Құқық негіздері.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Ф-ОБ-001033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Айтуганов Болат
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В030100-мамандығы - Құқықтану
Түркістан-2014

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Заң факультеті
Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Азаматтық құқық және іс жүргізу
кафедрасының меңгерушісі, м.а., аға
оқытушы
Қ.А.Тұрлыбеков______________
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
5В030100-мамандығы - Құқықтану
Орындаған студент Б.Айтуганов
СЗҚ-211дж
Ғылыми жетекшісі Г.Н. Көшербаева
Аға оқытушы
Түркістан-2014
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері.
1.1Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі және оның ерекшеліктері ... ...5
1.2 Азаматтық-құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны және түрлері ... ... ..14
2. Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
2.1. Құқық объектілерінің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2. Азаматтық құқық объектілерін ерекшелейтін
белгілер ... ... ... ... ... ... ..23
3.Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
3.1. Заттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 32
3.2.Ақша (оның ішінде шетел валютасы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
3.3.Бағалы қағаздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
3.4.Шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге
айналған нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
3.5.Мүліктік емес өзіндік құқықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы қоғамдық өмірдің барлық
салаларына жалпы қайта құру кезеңін басынан кешіруде. Қазақстанның егеменді
ел ретінде орнығу және даму стратегиясы, экономикалық салада екі маңызды
мәсілердің тоқырау жағдайынан шығу және экономикалық тұрақтандырудың
қамтамасыз ету және реттелініп жатқан шаруашылық ету нарықтың механизмінің
орнығуы және тиімді әрекет ету сияқты мәселердің шешуін көздейді.
Қазақстан Республикасының Азаматық кодексінде алғаш рет енгізілген
азаматтық құқықтардың объектілері деген арнайы тарау бекітілген бәрімізге
мәлім. Соған орай азаматтық құқықтың объектілер қатарына мүліктік және
мүліктік емес игіліктерді жатқызуға болады. Мүліктік игіліктерге заттар,
ақша соның ішінде шетел валютасын, құнды қағаздар, шығарашылық
интеллектуадық қызметтің объектіге айналған нәтижелері жатады. Материалдық
емес игіліктерге жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі
атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, есім алу құқықтары
жатады. Осы объектілерді кез-келген азаматтар Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес иеленуге, пайдануға және билік етуге құқықтары бар.
Азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге
мәжбүр болады. Адамдар (олар құрған ұйымдар- заңды тұлғалар) арасында
қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік
нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады.
Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар
құқықтық қатынастар нысанына ие болады.
Құқықтық реттеудін нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қаты-настармен
қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық
қатынастар дегеніміз- бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларынын нормалары реттеп отырады.
Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы
саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да
реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардын
объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар
құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатъшастар сапасына
ие болады. Азаматтық-құқықтық қатынастар дегеніміз-азаматтық құқық
нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.
Азаматтық-құқықтық қатынастардын ерекшеліктері азаматтық-құқықтық
реттеудін объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық
қатъшастардын аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардын заң
жүзіндегі теңдігі. Азаматтық-құқықтық қатынастардын субъектілері билік пен
өзара бағыну қатынастарында болмайды
Құқықтық қарым-қатынастарға қатысушылардың жүріс-тұрысы әрқашан
қоғамдық маңыздылыққа ие. Ол қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның әртүрлі заңды
мүдделерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады. Құқықтық қарым-
қатынастарға қатыса отырып, субъектілер өздерінің белгілі бір материалдық,
рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандырады (тұтыну тауарларын
сатып алады, авторлық құқықтарды иеленеді және т.б.).
Мүліктік емес қарым-қатынастарға қатысушылардың жүріс-тұрысына әсер ете
отырып, құқықтар мен міндеттер құқықтық реттеу мақсатына жетеді. Мысалы,
еңбек қарым-қатынастарының объектісі болып кәсіпорын не мекеме
әкімшілігінің жұмысқа қызметкерлерді қабылдау, олардың еңбегіне ақша төлеу
бойынша әрекеттері табылады. Әкімшіліктің осы әрекеттері еңбек ету құқығын,
жалақы алу құқығын қанағаттандыруға бағытталады.
Диплом жұмысы азаматтық құқықтағы азаматтық құқық объектілерінің ұғымы
мен түрлеріне, азаматтық құқық объектілерін ерекшелейтін белгілерге
арналған. Диплом жұмысы құқық объектілерінің жалпы ұғымы мен Азаматтық
құқық объектілерін ерекшелейтін белгілерге арналған.
Сонымен қатар валюта, ақша (оның ішінде шетел валютасы), бағалы
қағаздар, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған
нәтижелері, мүліктік емес өзіндік құқықтар және олардың түрлеріне ашып
көрсетіледі. Диплом жұмысында қолданылған негізгі сөздер: азаматтық құқық,
азаматтық құқық объектісі, мүліктік және мүліктік емес құқықтар, заттар,
ақша, шетел валютасы, бағалы заттар, акция, облигация, қадір-қасиет,
абырой, игі атақ, іскерлік бедел, ар-ождан және т.б.
Тақырыптың мақсаты: Азаматтық құқық объектілерінің ұғымын, сонымен
қатар объектілерді ерекшелейтін белгілерін көрсету және олардың түрлеріне
ашып көрсету және осының негізінде оны Қазақстан Респубикасының Азаматтық
Кодексіндегі жаңа тарауды талдап анықтау болып табылады.Осы мақсатқа
байланысты диплом жұмысының жоспары құрылған.
Тақырыптың ашу үшін қойылған міндеттер:
Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігін, мазмұнын және түрлерін,
оларды ерекшелейтін белгілерді ашып көрсету;
Азаматтық құқық объектісінің түсінігін, ұғымын және азаматтық
құқықтық қатынастарды ерекшелейтін белгілерді толық ашып, көрсету;
- Азаматтық құқықтық қатынастардың негізгі түрлері заттар, ақша (оның
ішінде шетел валютасы), бағалы қағаздар, мүліктік емес өзіндік құқықтар
және шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелерін
толық ашып көрсету;
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, тоғыз тараушадан,
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1.Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі және оның ерекшеліктері.
Азаматтар мен заңды тұлғалар әр түрлі қызметтер жасау кезінде өзара әр
түрлі қоғамдық қатынасқа, яғни құқықтық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас
– құқық нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың
бір түрі. Қоғамдық-қатынасты азаматтық-құқық нормаларымен реттеудің
нәтижесінде, олар заңды сипат алып, азаматтық-құқықтық қатынасқа айналады.
Азаматтық-құқықтық қатынас – бұл азаматтық-құқық нормаларымен реттелген
қоғамдық қатынас. Осы азаматтық-құқықтық қатынасқа түсінік бермес бұрын,
алдымен құқықтық қатынастың мағынасын ашайық.
Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың пайда болу тәсілі немесе
өмір сүру жағдайы болып табылады [1]. Егер қоғамдық-қатынастар бастапқыда
өзімен-өзі өмір сүрсе, кейінірек құқықтық-қатынасқа айналады да, соңында
заңды сипатын жоғалтып, қоғамдық ретінде сақталады, сонда бұндай жағдайда
құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастың қайта пайда болу тәсілі ретінде
көрініп тұр. Қоғамдық қатынастар оқтын-оқтын белгілі сыртқы жағдайлар
жиынтығының әсерінен пайда болады және жойылады, бірақ бұнда әрдайым
құқықтық қатынасретінде пайда болады, құқықтық қатынас заңды сипатын
жоғалтқан жағдайда, онымен бір уақытта ол да жоғалады, бұл кезде құқықтық
қатынас қоғамдық қатынастың өмір сүру жағдайы ретінле көрініп тұр.
Құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың қозғалыс жағдайы және нақтылау
әдісі болып табылады. Қоғамдық қатынас, өзі өмір сүруінің әр түрлі
сатысында заңды дайындықты қажет ететін, құқықтық қатынастың қозғалысын
амалдандыру арқылы, құқықтық қатынастар бір мезгілде субъективтік құрамды
да және осы қатынастың қатысушыларының бір-бірінің алдындағы міндеттерін де
нақтылау тәсілі ретінде көрінеді.
Сонымен қоғамдық қатынастың ерекше түрі ретінде онымен байланысын
қарап, біз құқықты қатынасты қоғамдық қатынастардың өмір сүру және өзгеру
жағдайы, қозғалыс және нақтылау тәсілі, бекіт амалы ретінде болатынын
байқадық [2].
Сонымен қатар, құқықтық қатынастардың өзіне тән ерекшеліктері мен
белгілері бар, соларға байланысты ол жоғарыда айтылған қызметтерді
орындауға қабілетті болады.
1. Барлық құқықтық қатынастар әрдайым нақты тұлғалар арасында қатынас
ретінде болады. Барлық құқықтық қатынастың қатысушылары әрдайым нақты
белгілі болады, себебі олар әрдайым нақты тұлғалар және олардың арасындағы
қатынас заңды сипатта болады. Керісінше басқа қоғамдық қатынастардың
қатысушылары әрдайым нақты анықталмайды, себебі олар анықталған тұлғалар
ғана болмай, анықталмаған адамдар тобы болуы мүмкін және олардың арасындағы
қатынастың заңды сипаты жоқ. Мысалы: еңбектік-құқықтық қатынаста жұмыс
берген мекеме сол жұмысты жасауға міндетті тұлғалардан жұмысты орындауды
талап етеді. Керісінше, ерікті қоғамдық жұмыстар (сенбілік) жүргізу үшін,
оған анықталмаған тұлғалар тобы қатысуы мүмкін.
1. Барлық құқықтық қатынастар оның қатысушыларының өзара жүріс-тұрысын
заңды түрде бекітеді. Қандай да болмасын құқықтық қатынастың
қатысушыларының біреуі белгілі бір уақытқа дейін белгісіз болса да, осы
қатынастың субъектілері өзара байланысты қатынасқа түседі және бұл
қатынас заңды түрде бекітіледі. Керісінше,басқа қоғамдық қатынастың
қатысушылары бір-біріне деген міндетті қызметтерін өнегелі түрде
орындаулары мүмкін, бірақ бұл қатынастың заңды сипаты жоқ, сондықтан олар
заңды түрде бекітілмейді.
Сондықтан да заңды қатынастардың субъектілерінің міндетті қызметтері
нақты анықталған, ал басқа қоғамдық қатынастың қатысушыларының міндетті
қызметі бұндай дәрежеде нақты анықталмауы мүмкін. Мысалы: балаларының ата-
аналарына төлейтін алимент заңда көрсетілген белгілі бір жағдайларда
туындайды және балалары өзінің ата-анасына төлейтін нақты ақша сомасымен
белгіленген. Керісінше, заңды көрсетілген белгілі бір жағдайлар болмаған
кезде, балалары өз ата-анасына көрсеткен материалдық көмегі нақты түрде
анықталуы мүмкін емес.
2. Барлық құқықтық қатынастар мемлекетпен белгіленген және бекітілген құқық
нормаларымен реттеледі. Сондықтан да қоғамдық қатынастар, мемлекет
белгіленген және бекіткен құқық нормаларымен реттелгендіктен құқықтық
қатынас болады және бұл құқықтық қатынастар қатысушылардың әрқайсысына
белгіленген міндеттерін нақты түрде анықтайды. Керісінше, жалпы және
нақты заң нормаларымен реттелмейтін қоғамдық қатынастар құқықтық
қатынастар болмайды. Ал олардың қатысушыларының міндеттері толық және
нақты сипат алмайды. Сондықтан да балаларының ата-анасына алимент төлеу
қатынасында, бір жағдайда заң нормаларымен реттеледі, ал екінші жағдайда
бұл реттерден тыс қалып тұр, бірінші жағдайда қатынастардың міндеттері
толық және анықталған сипат алып тұр, ал екінші жағдайда қатысушылардың
міндеттері субъектілердің әрқайсысының өз еркімен анықталады.
3. Барлық құқықтық қатынас өзінің өмір сүру барысында мемлекеттің күштеу
шарасымен қамтамасыз етіледі. Қоғамдық қатынас құқықтық қатынас болып
қалыптасқан уақыттан бастап, оның іске асуы мемлекеттің күштеу шарасының
көмегімен жүзеге асырылуына кепілдік береді. Керісінше, құқықтық қатынас
ретінде қалыптаспаған қоғамдық қатынас, егер де ол мемлекеттің
институттарына сәйкес болған жағдайда ғана артынан мемлекеттің күштеу
шарасының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ оның пайда болу
кезеңінде оған бұндай кепілдік берілмейді, себебі ол мемлекеттің
қатысынсыз жүзеге асады. Мысалы: жұмысқа тұру және жұмыс орнын таңдау
азаматтардың өз еркімен, мемлекеттің күштеу шарасынсыз іске асады. Бірақ
соғыс жағдайы кезінде жұмыс істеу немесе басқа жұмысқа ауысу мемлекеттің
күштеу шарасымен жүзеге асады. Керісінше, жұмысқа тұрып, белгілі бір
қызметті атқарып жатқан тұлғаларға әр уақытта мемлекеттің күштеу шарасы
қолданылуы мүмкін [3].
Осы төрт белгіні бірге алып қараған кезде, біз заңды қатынастардың
қоғамдық қатынастың ерекше түрі екенін байқадық. Қорытындылай келе, біз
құқықтық қатынастардың өзіне тән белгілеріне қарап, оны басқа қоғамдық
қатынастардан айыра аламыз, яғни құқықтық қатынас дегеніміз – құқықпен
реттелген нақты тұлғалар арасындағы, субъектілердің өзара жүріс-тұрысы
заңмен бекітілген және олардың жүзеге асуы мемлекеттің күштеу шарасымен
қамтамасыз етілетін қатынас. Барлық қоғамдық қатынастар құқықтық қатынас
болып қалыптасқаннан кейін, соңғысына тән барлық белгілерді өзіне алады.
Бірақ мемлекет тек қана құүқықтық қатынастардың орындалуына мүдделі
емес, алға қойған мақсат пен нысанаға жетуге және оларды шешуге қатысты
барлық қоғамдық қатынастардың орындалуына мүдделі. Осы қатынастардың бәрі
құқықтық қатынас болуы міндетті емес, сондықтан құқықтық қатынас басқа
қоғамдық қатынастардың жүзеге асырылуының міндетті және жалғыз тәсілі емес.
Бірақ соны да, біраз қоғамдық қатынастарды жүзеге асыру үшін, олар міндетті
түрде заңмен реттелуі керек, бұл осы қоғамдық қатынастардың сипатымен ғана
түсіндірілмейді, сонымен бірге құқықтық қатынастардың ерекшелігімен
түсіндіріледі. Біз білеміз, құқықтық қатынастардың ерекшелігі мынада, нақты
тұлғалардың арасында заңды түрде бекітілген өзара жүріс-тұрысы, олар
мемлекеттің құқықтық нормаларымен реттеледі, ал оларды жүзеге асыру,
мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етіледі. Заңды сипатты алуға тиіс
және міндетті қоғамдық қатынастардың жүзеге асуы мемлекет мүддесіне сәйкес
мына жағдайларда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, егер ол нақты тұлғалардың
арасындағы қатынас болса, егер олардың қатысушыларының жүріс-тұрысы заңды
түрде бекітілсе және егер де осы жүріс-тұрыстың нақтылығы мемлекеттің
күштеу шарасымен қамтамасыз етілсе. Қандай қоғамдық қатынастар жүзеге
асырылуы үшін құқықтық реттеуді қажет ететіндігін абстрактылы түрде шешуге
болмайды.
Қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрлерінің құқықтық қатынасқа
айналуының себептерін, олардың әрқайсысына нақты талдау жасау жолымен
анықтауға болады. Қоғамдық қатынас қажеттігіне байланысты құқықтық нысанда
(формада) алынған да, ол әрдайым құқықтық қатынас болып табылмайды, ол тек
қана белгілі бір құқық салсымен реттелетін қатынас болып табылады.
Сондықтан барлық құқықтық қатынастардың жалпы белгілермен қатар, ол өзі
реттелетін саласына байланысты, өзіне ғана ерекше белгілерге ие болады.
Осындай ерекше белгілер азаматтық-құқықтық қатынастарға да тән, олар осы әр
түрлі құқықтық саласының жиынтығының арасынан азаматтық құқық нормаларымен
реттелген қатынастарды айқындауы қажет.
Құқықтық қатынастардың бір түрі ретінде азаматтық құқық нормаларымен
реттелетін қатынасқа тоқталайық, яғни азаматтық-құқықтық қатынас дегеніміз
оның қатысушы жақтарының құқықтары мен міндеттері заңды тепе-теңдік
әдісімен, азаматтық-құқықтық нормаларымен. Реттелетін қоғамдағы қатынас.
Азаматтық-құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара
қарым-қатынасы болып табылады. Ол кем дегенде екі субъектілердің әрқайсысы
не құқыққа не міндетке ие болады, немесе бұл екі жақта құқықтық қатынас
болса, онда субъектілерінің әрқайсысы құқықтыр мен міндеттерге бір
мезгілден ие болады [4].
Азаматтық-құқықтық қатынас барлық құқықтық қатынастарға тән жалпы
белгілерімен қатар тек өзіне тән ерекшеліктерге ие. О.С.Иоффе “Советтік
азаматтық құқықтық қатынастар” деген еңбегінде, азаматтық-құқықтық
қатынасқа тоқталып, оның құрылысындағы ерекшеліктерді ашқан. Сондықтан да,
осы азаматтық-құқықтық қатынастарды басқа құқықтық қатынастардан айыратын
сыртқы белгілерге тоқталайық.
Бірінші белгі, азаматтық құқықты қорғау тәсілі болып табылады. Егер
бұл құқықтырды жүзеге асыруға міндетті жақ кедергі жасаса, онда азаматтық
талап тәртібімен олардың еркінен тыс және еркіне қарсы жүзеге асырылуы
мүмкін. Бірақ сол тәртібімен қорғау арқылы азаматтық құқықтарға бірдей
қолданылмайтын және оларға ғана тән емес. Кейбір азаматтық-құқықтар
әкімшілік тәртіппен қорғалады және керісінше әкімшілік құқықтан туындайтын
құқықтық қатынастар сот тәртібімен қорғалуы мүмкін.
Екінші белгі, азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды әдеттегідей, өзінің пайда болу негізі
ретінде қатысушыларының өз еркімен көңіл білдіруін айтамыз. Бұл белгі де
бірінші белгі сияқты барлық азаматтық қатынастарға жалпы және соларға ғана
тән болуы мүмкін емес. Себебі азаматтық-құқықтық қатынастар өз еркімен
көңіл білдіру нәтижесінде болмаса да пайда болады (мысалы, зиян келтіруге
байланысты міндеттемеде), олар әрі қарай әкімшілік құқықтық қатынастар
сияқты мемлекеттің басқару актілерінен пайда бола алады (мысалы, әкімшілік
актіден келісім жасау міндеттемесінің пайда болуы), соңында бір әкімшілік
акты азаматтық да және әкімшілік те құқықтың қатынастарын тудыра алатынын
көріп тұрамыз (мысалы: қорларды бөлу әкімшілік актысы бойынша жеткізіп
беруші мен қабылдап алушының арасында азаматтық-құқықтық қатынас туады
және осылар мен акт шығарған органның арасындағы әкімшілік құқықтық қатынас
пайда болады).
Үшінші белгі, азаматтық-құқықтық нормаларының ерекшелігінен көрінеді.
Көптеген азаматтық-құқықтыр нормалар, соның ішінде азаматтардың арасындағы
қатынастарды реттейтіндер диспозитивтік сипатта болады. Бірақ бұл белгіге
салыстырмалы мағынада күмән туғызу мүмкін емес, себебі әкімшілік құқықтық
кейбір нормалары да диспозитивті болуы мүмкін, ал басқа жағынан алсақ,
көптеген азаматтық-құқықтың нормалары, заңды тұлғалар арасындағы
қатынастарды реттейтін нормалар, әкімшілік құқықтық нормалары сияқты
императивті сипатта болады.
Төртінші белгі ретінде азаматтық-құқықтық қатынастардың тоқтатылуының
ерекше тәсілін алып қараймыз. Жаңарту, есепке алу, қарыздарды жинау, бір
жақтың еркін білдіру және де басқа да тоқтатылу тәсілдері тек қана
азаматтық-құқықта белгілі, оларды басқа құқық салалары білдірмейді, тек
қана әкімшілік-құқықтық қатынастағы өкімет органдарының бір жақты еркін
білдіру болуы мүмкін. Бірақ бұл еңбегі де жеткілікті дәрежеде нақты емес,
себебі барлық азаматтық-құқықтық қатынастар жаңартылуы немесе есепке алу
жолымен тоқталуы мүмкін емес (мысалы, алименттік міндеттемені жаңарту
немесе есептеу жолымен жоюға болмайды), қарыздарды жинау арқылы азаматтық
құқықтық қатынастарды тоқтатуға жол бермейді, (заңды тұлғалардың арасындағы
бұл құқық қолданылмайды), қатынастарды бір жақты еркін білдіру жолымен
тоқтату, азаматтардың арасындағы қатынастарда ерекше жағдайда ғана жол
беріледі [5].
Сонымен, біз жоғарыда көрсеткен белгілердің ешқайсысы тек қана
азаматтық-құқықтық қатынасқа қолданылмайды. Бірақ бұған қарамай азаматтық-
құқықтық қатынастар басқа және ең алдымен әкімшілік қатынастардан
айырмашылығы бар.
Осы екі құқықтық қатынастың арасындағы бір айырмашылық олардың
субъектілерінің құқықтығы статусында. Азаматтық-құқықтық қатынастың
субъектілерінің құқықтық статусы, олардың атқаратын қызметіне байланыссыз
тең. Сондықтан құқыққа ие субъект міндетті жақтан белгі бір қызметті
орындауын заңға сәйкес талап етуге құқылы, бірақ оның бұйрық беруге құқы
жоқ. Ал міндетті субъект келісім бойынша анықталған қызметті ғана
орындайды, ол құқыққа ие субъектіге бағынышты болмайды. Екі жақтың
құқықтары мен міндеттері тең жағдайда болады. Бірақ әкімшілік-құқықтық
қатынаста субъектілердің құқықтық статусы мүддесі басқаша. Субъектілердің
біреуі құққа ие ме, әлде міндетке ие ме оған байланыссыз, екінші
субъектілігіне қатысты билік ету функциясымен қамтамасыз етілген. Ал
соңғысы құққа ие болған жағдайда да, біріншінің билігіне бағынышты болады.
Сонымен, азаматтық-құқықтық қатынас өзінің барлық элементтерімен
әкімшілік-құқықтық қатынастан өзгешеленеді. Олардың айырмашылығы: 1)
құрылымның жалпы сипатында. 2) субъективтік құрамында. 3) объектісінде 4)
құқықтары мен міндеттерінің көлемінде [6].
Азаматтық-құқықтық қатынастың ерекшелігі. Азаматтық-құқықтық пәніне
кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың тепе-теңдік әдісімен реттеледі.
Сондықтан көп жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастар оған қатысуымен
тұлғалардың еркімен жүзеге асырылады. Әдетте азаматтық-құқықта құқықтық
қатынастың пайда болуы негізгі шарт болып табылады. Бұл азаматтық-құқықтық
қатынастың сипатына әсер етеді. Жақтардың тепе-теңдігі және олардың бір-
бірінен заңды тәуелсіздігі азаматтық-құқықтық қатынаста ең маңызды
ерекшелігі болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынаста жақтардың біреуі
екінші жаққа бұйрық бере алмайды және өзінің атқаратын қызметінің күшіне
байланысты белгілі бір қызметті орындауға еріксіз көндіре алмайды. Егер де
азаматтық-құқықтық қатынасқа, құқықа ие жақ міндетті тұлғадан нақты
анықталған әрекеттерді талап етсе, бұл тек қана олардың арасындағы шартты
немесе тіке заңның нұсқауының күшімен жүзеге асады. Мысалы: заказ беруші
мердігерден белгілі бір жұмысты орындауын талап етуге құқылы, бірақ оны
мердігер екеуінің арасында шарт жасасқан жағдайда ғана орындауға келісім
береді. Тіпті азаматтық-құқықтық оның қатысушыларының еркінен тыс асырылған
кезде де, қатысушылар заңды тепе-теңдік жағдайда болады. Мысалы: зиян
келтіру жағдайда әдепті міндеттеме көбіне зиян келтірушінің ықыласынан тыс
пайда болады. Бірақ бұл азаматтық-құқықтық қатынаста да жақтар заңды тепе-
теңдік жағдайда болады және тек қана заңға бағынады.
Жақтардың заңды тепе-теңдігі азаматтық-құқық қатынастың ажыратылмас
қасиеті. Осы қасиетті жоғалтқан кезде құқықтық қатынасты табиғаты да
өзгереді. Азаматтық-құқықтық қатынастан басқа құқықтық қатынасқа айналады.
Мысалы, жергілікті әкімшіліктегі пәтерде меншікке алған кезде азамат
азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі және жергілікті әкімшілікпен заңды тепе-
теңдік жағдайда болады. Егер жергілікті әкімшілік жер сілкінісінен зардап
шеккен азаматтарға пәтер бөліп берсе, ондай жағдай өзгереді. Бұл жердегі
құқықтық қатынаста жергілікті әкімшілік азаматқа қатысты билік ету
құзіретіне ие орган ретінде көрініп тұр, сондықтан бұл жерде жақтардың тепе-
теңдігі жоқ. Және бұл құқықтық қатынас өзінің заңды табиғаты бойынша
азаматтық-құқықтық қатынас емес, әкімшілік-құқықтық қатынас болады.
1.2. Азаматтық-құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны және түрлері.
Азаматтық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының құқықтары
мен міндеттері құрайды. Азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің
туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздеріне Азаматтық кодексте
көзделген және көзделмеген, бірақ азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туындататын заңды фактілер жатады. Азаматтық кодекстің 7-бабында бұған
қатысты былай делінген : Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңда көзделген
негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекетінен пайда
болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың
жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді
туғызады.
Заңды фактілер ретінде оқиғалар мен әрекеттер танылады. Оқиғалар –
азаматтық құқықтық қатынастардың еркінен туындайтын жағдаяттар (Мыс, мұра
қалдырушының қайтыс болуы, жер сілкіну, су тасқыны сияқты табиғат апаттары
және т.б.). Әрекеттер – адамның еркіне байланысты туындайтын жағдаяттыр.
Мысалы, мәміле жасау, сенімхат беру, зиян келтіру және т.б. Жекелеген
жағдайларда егер онда тараптардың еркі көрінбейтін болса, әрекетсіздік те
осындай жағдаятқа жатуы мүмкін.
Қоғамдық-қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеуді жүргізу кезінде,
қатысушылары кейін олардың әрекеттерін анықтайтын субъективтік құқықтар мен
міндеттерге ие болады. Құқықтық қатынаста өзара әрекет олардың
қатысушыларының субъективтік құқықтары мен оларға жүктелген міндеттерге
сәйкес жүзеге асырылады.
1.Кез-келеген құқық қатынасы оның субъективті құқықтар мен міндеттерді
таратушылар ретіндегі қатысушыларының құқықтықбайланысы болып табылады.
Сондықтан субъективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқық қатынасының
мазмұны болып табылады.
Субъективті құқық дегеніміз берілген тұлғаның ықтимал мінез-құлық
шамасы. Субъектісі азаматтық құқық мазмұны жағынан әр түрлі. Субъективті
құқықтың мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген
мүмкіндіктер құрайды.
Мысалы, меншік құқығы: а)белгілі бір қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және
оған билік ету мүмкіндігін;ә) басқа адамдардың бәрінен оладың сол
мүмкіндіктерді жүзеге асыруға меншік иесіне кедергі жасамауын талап ету; б)
меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге
дейін құқық қорғау тәртібі шараларын пайдалану мүмкіндігін қамтиды
(Азаматтық кодекстің 188 – бабы).
Міндетті тұлғаның тиісті мінез – құлық шамасы азаматтық құқықта
міндет деп түсініледі. Алайда, азаматтық құқықта міндеттің әр түрлі
болатынын ескеру керек.
Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік сипатта
болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салулар мен нұсқаулар сипатындағы
ережелер де белгілі. Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқықтық
қатынастарына қатысушылардың міндеттерін де айқындайды. Мысалға,
тараптардың шарттан бір жақты бас тартуын немесе оның ережелерін бір жақты
өзгерту ( Азаматтық кодекстің 401 – бабы).
Әрбір азаматтық құқық қатынасында тараптар құқық берілген
және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Екі тараптың екеуінде де бір
тұлға немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін, мысалы, бірлесіп зиян келтірген
тұлғалар бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқықтық қатнаста белгілі
бір тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарында
міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады ( автордың,
өнертапқыштың құқықтарын бұзудан барша жұрт тартынуға міндетті).
Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың әрқайсысы бір
мезгілде құқық, берілген және міндетті тарап болуы сирек кездеспейді.
Мысалы, сатып – алу сату шарты бойынша сатушы мүлікті сатып алушының
меншігіне беруге міндетті және сонымен бірге одан белгілі бір ақша сомасын
төлеуді талап етуге құқылы. Ал сатып алушы бұл соманы төлеуге міндетті ғана
емес, сонымен қатар мүлікті өзінің меншігіне беруді талап етуге де құқылы.
Азаматтық құқық қатынасына қатысушылар құрамынын өзгеруі
мүмкін, мұның өзі, атап айтқанда, құқық мирасқорлық себебінен орын алады.
Құқықтық мирасқорлық деп құқықтың сондай – ақ құқықтар мен міндеттердің бір
тұлғадан құқық ізаштардан екінші тұлғаға – құқық мирасқорларға ауысуы
түсініледі, бұл ретте соңғысы құқықтық қатнастарда өзінің құқықтық
ізашарларының орнын басады[7].
Құқықтық мирасқорлық әмбебап ( жалпы) не сингулярлық( жекеше)
болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бір заңдық актінің нәтижесінде
құқықтық мирасқордың барлық құқықтық қатынастарында құқықтық мирасқорлыққа
жол берілмейтінін қоспағанда құқықтық ізашарының орнын басатынымен
сипатталады. Мысалы, заңды тұлғалар қосылған жағдайда олардың құқықтары мен
міндеттері Азаматтық Кодекстің 46 – бабына сәйкес, жаңадан пайда болған
заңды тұлғаларға ауысады; мұраны қабылдауына байланысты мұрагерлер қайтыс
болған адам қатысқан мүліктік құқықтық қатнастардың субъектісіне айналады.
Жеке құқықтық мирасқорлық – қандай да болсын бір құқық қатынастарындағы
құқықтық мирасқорлық. Мысалы, тұлға өзінің үшінші жаққа талап қою құқығын
басқа тұлғаға берген жағдайда солай болады.(Азаматтық Кодекс 345-бабы).
Жеке сипатта болатын құқықтық қатынастарында (есімге, авторлыққа және т.б.
құқықты басқа адамдарға ауыстыруға болмайды). Сондай-ақ бұлайша ауыстыруға
заңмен тыйым салынған бапрлық жағдайда құқықтық мирасқорлыққа жол
берілмейді.
1.Азаматтық құқықтық қатынастар әдетте: а) мүліктік және мүліктік
емес; ә) абсолютті және салыстырмалы; б) заттық және міндеттемелік деп
ажыратылады.
Бұлайша бөлудің негізіне әртүрлі белгілер алынғандықтан, бір ғана
құқық қатынасы бір емзгілде мүліктік, абсолютті, заттық (мысалы,меншік
құқық қатынасы) не мүліктік, салыстырмалы, міндеттемелік (мысалы, заем
шартынан туындайтын құқық қатынасы) және т.б. болуы мүмкін.
Азаматтық құқық қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес
қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынасының белгілі
бір экономикалық мазмұны бар, сонымен бірге мүліктік емес құқықтық
қатынастың мынадай мазмұны болмайды және жеке адамның кейбір материалдық
емес мүдделерін (есімін, ар-ожданын және басқаларын) қамтамасыз етеді.
Азаматтық құқық негізінен алғанда мүліктік қатынастарды
реттейтіндіктен, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар көбінесе
мүліктік құқықтардың иелері ретінде әрекет етеді. Ондай құқықтарды, әдетте,
беруге болады, яғни олар басқа адамға берілуі мүмкін не оған жалпы құқықтық
мирасқорлық тәртібімен аусуы мүмкін. Мүліктік құқықтың жеке, оларды
иеленушілердің жеке басынан ажырағысыз, басқаға берілмейтін болуы жиі
кездеседі. Оларды басқа адамға беруге не оған жалпы құқықтық мұрагерлік
бойынша ауыстыруға болмайды. Мысалы, атақ, ар-ождан құқығы , авторлық,
құқық осындай болады.
Құқық қатынастары тағы да абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді.
Бұлайша бөлу қатысушылвардың байланысы белгісіне негізделген. Субъективті
азаматтық құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы
тұратын құқық қатынастары абсолютті құқық қатынастары деп аталады. Мүліктік
(мысалы, меншік құқық қатынстары) және жеке мүліктік емес құқық қатынастары
(мысалы, туындыға немесе өнертабысқа авторлықпен туындыға құқық
қатынастары) абсолютті болуы мүмкін. Бұл арада меншікті заттың бір
субъектісі туындының немесе өнертабыстың авторы басқаруға құқықты болып
табылады. Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады. Олардың негізгі міндетті
келенсіз болып табылады және меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруна,
автор құқығын бұзбауға және т.б. келіп саяды.
Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір
айқын тобы қарсы тұратын құқық қатынастары салыстырмалы деп саналады. Олар
бірнешеу болуы мүмкін, бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы,
азаматтар немесе заңды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық
қатнастары салыстырмалы.
Заттың және міндеттемелік құқық қатнастары. Профессор М.И.
Брагинскийдің атап көрсеткеніндей, Рим құқығынан бастау алатын заттық
немесе міндеттемелік болып бөлу ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарында
маңызын сақтап қалған. Егер де институциондық жүйе бойынша жасалған
кодекстерде (мысал – Француз азаматтық кодексі) бұлайша болу онша айқын
көрінбесе, пандектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде (Герман азаматтық
заңдар жинағынан Ресей Федерациясының кодексіне дейін) оның негізгі маңызы
бар.
Мейлінше жалпылама түрінде заттық және міндеттемелік құқық
қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады: заттық құқықтық
мәселені зат, абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан,
соның ізінен шықпайды және ақырында, құқық иесінің белсенділігін және
сонымен бірге өзіне қарсы тұрғандардың енжарлығын керек етеді.
Міндеттемелік құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның
(борышкер) іс – әрекеті болуы тән, олар салыстырмалы болады, борышкерден
қалмайды және құқықты адам – несие берушіге қарсы тұратын ол борышкердің
белсенділігін керек етеді[8]. Мүлікті беру, ақша төлеу, жұмыс орындау және
т.б. сондай іс – әрекет болуы мүмкін.

2.1.Құқық объектілерінің ұғымы
Азаматтық құқық объектілеріне қатысты проблеманы талдау алдында, менің
ойымша, ең алдымен жалпы құқық объектілеріне, олардың ұғымы мен ерекше
белгілеріне, сондай-ақ осы құқық объектілерінің құқық жүйесіндегі, соның
ішінде құқықтық қарым-қатынастардағы орны туралы мәселеге көңіл бөлген
дұрыс сияқты.
Сонымен, осы мәселені аталған тұрғыдан қарастыратын болсақ, біз құқық
теориясына сүйенуіміз керек. Құқық теориясына қатысты әдебиеттерде құқық
объектілеріне қатысты мәселелер құқықтық қарым-қатынастар жөніндегі
тарауларда қарастырылады. Яғни, құқық объектісі құқықтық қарым-
қатынастардың бір бөлігі деп айтуға болады.
Шынымен де, құқық теориясы бойынша әдебиеттерде құқықтық қарым-
қатынасқа анықтама берген кезде оны "мемлекетпен қорғалатын заңды құқықтар
мен міндеттер арқылы өзара байланысты субъектілердің қоғамдық қарым-
қатынасы", - деп анықтайды [9].
Басқа әдебиеттерде де осыған ұқсас анықтама берілген. Мысалы, профессор
М.Н.Марченконың редакциясымен 1998 жылы Мәскеуде шыққан "Общая теория
государства и права" деген оқулықта "құқықтық қарым-қатынас заңмен
белгіленген немесе заңға, сондай-ақ құқықтың басқа да қайнар көздеріне
қайшы келмейтін мүдделерді жүзеге асыру және нәтижеге жету мақсатында құқық
субъектілерінің әлеуметтік өзара қарым-қатынастарының айрықша нысаны болып
табылады", - делінген [10].
Ал, құқықтық қарым-қатынастың қандай белгілері болады деген сұраққа
жауап іздесек, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: 1) құқықтық
қарым-қатынас – пайда болуы мен жүзеге асу механизмі әлеуметтік қарым-
қатынастың орнатылуы мен жүзеге асуының жалпы заңдылықтарына бағынышты
қоғамда қалыптасқан қарым-қатынастардың бір түрі; 2) құқықтық қарым-
қатынастың тараптары ретінде құқық субъектісіне тән сипаттарды иелене
алатын тұлғалар ғана табыла алады; 3) құқықтық қарым-қатынастың мазмұны
ретінде нысаны әдетте құқықтық нормативпен реттелген осы қарым-қатынасқа
қатысушы тараптардың өзара әрекеті көрініс табады; ал, мұның мақсаты болса
тараптармен көзделіп отырған және заңға сәйкес келетін нәтижеге жету болып
табылады; 4) қоғамдық қарым-қатынастардың тек осы түрінің шегінде ғана
субъективтік құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен қолдануы, құқықтық
міндеттердің орындалуы жүзеге асырылады; 5) қазіргі қоғамда құқықтық қарым-
қатынастар қалыптасқан құқықтық тәртіп пен заңдылық шеңберінде адамның алға
қойған мақсаттарына жету, мүдделері мен ниеттерін жүзеге асырудың негізгі
заңды жолдарының бірі болып табылады; 6) әлеуметтік қарым-қатынастардың
басқа түрлеріне қарағанда құқықтық қарым-қатынастардың өзара құқықтық
қатынастың үлгісін қамтып ғана қоймай, яғни құқықтық қарым-қатынастың
мазмұнын, осы үлгінің бұзылуынан қорғайтын әдістер мен шараларға көрсететін
құқықтық нормативпен тығыз байланысы бар.
Осыған ұқсас белгілерді профессор В.Н.Хропанюк та атайды. Оның ойы
бойынша құқықтық қарым-қатынастардың негізгі белгілеріне жататындар
келесілер: 1) құқықтық қарым-қатынас құқықтық нормалардың негізінде
қалыптасатын іс жүзіндегі қоғамдық қарым-қатынастың нысаны болып табылады;
2) құқықтық қарым-қатынастарға қатысушылар өзара заңды құқықтар мен
міндеттерге ие болады (яғни, міндетсіз құқық болмайды, құқықсыз міндет
болмайды); 3) құқықтық қарым-қатынастар ерікті-саналық сипатқа ие (мысалы,
экономикалық қарым-қатынастар адамның санасына не еркіне байланысты емес);
4) қажетті жағдайларда құқықтық қарым-қатынастарға мемлекет кепілдік береді
және қажетті жағдайларда оларды мәжбүрлеу күш арқылы қорғайды [11].
Сонымен, құқық объектісі құқықтық қарым-қатынас ұғымына тікелей қатысты
және оның бөліктерінің бірі десек те болады. Бұл ойды дәлелдеу үшін
құқықтық қарым-қатынас ұғымын құрайтын элементтерді атап өтуіміз керек.
Әдебиеттерде осындай элементтер ретінде құқықтық қарым-қатынастың: 1)
субъектісін; 2) объектісін; 3) құқығы мен 4) міндетін, - нақты көрсетіледі.
Ресейдің белгілі ғалымы С.С.Алексеевтің көзқарасына сүйенсек, ол
құқықтық қарым-қатынас ұғымының үш эелементін бөліп көрсетеді. Олар: 1)
құқықтық қарым-қатынастың субъектілері; 2) құқықтық қарым-қатынастың
мазмұны, яғни субъективтік құқықтар мен заңды міндеттердің өзі; 3) құқықтық
қарым-қатынастың объектісі.
Біз келтірген екі көзқарастың үлкен айырмашылығы жоқ, өйткені
В.Н.Хропанюк құқықтар мен міндеттерді бөліп көрсетсе, С.С.Алексеев оларды
құқықтық қарым-қатынастың мазмұны деп біріктіріп қарастырады. Ал, құқықтық
қарым-қатынастарды құрайтын аталған элементтердің барлығы екі жіктеу
бойынша да өз көрінісін тауып отыр. Мұны профессор С.С.Алексеевтің өзі де
растайды. Ол, 1999 жылы Мәскеуде шыққан өзінің "Право: азбука – теория –
философия: Опыт комплексного исследования" деген еңбегінде: "Құқықтық қарым-
қатынас – төмендегі элементтермен: 1) субъективтік құқықтар мен заңды
міндеттер - құқықтық қарым-қатынастың мазмұны; 2) субъектілер: біреуі -
құқыққа ие тұлға (құқық берілген тұлға), екіншісі – міндетке ие тұлға
(құқық міндеттелген тұлға); 3) құқық объектілері; - сипатталатын күрделі,
қоғамдық қарым-қатынас", - дейді [12].
Сонымен, құқық объектісі кез-келген құқықтық қарым-қатынастың
ажырамайтын, құрамдас бөлігі болып табылады.
Ал, енді құқықтың, құқықтық қарым-қатынастың объектісі дегеніміз не
екенін анықтауымыз керек. Бұл күрделі мәселе.
Құқық ғылымында құқықтық қарым-қатынастың объектісіне байланысты
әртүрлі көзқарастар бар. Бірінші көзқарас бойынша құқықтық қарым-қатынастың
объектісі осы қатынастарға қатысушы субъектілер мүдделерінің аясында
жататын әртүрлі материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы
болып табылады.
Белгілі ғалымдар ішінен профессор С.С.Алексеев бұл көзқарасты ұстанған.
Оның айтуы бойынша құқықтық қарым-қатынастардың (құқықтың) объектісі
дегеніміз "субъективтік заңды құқықтар мен міндеттердің бағыт алған
айналадағы құбылыстары (заттары)" [13]. Кейінгі еңбектерінде де профессор
С.С.Алексеев құқықтық қарым-қатынастардың объектісін осылайшы анықтайды.
Мысалы, ол былай дейді: құқықтық қарым-қатынастың объектісі дегеніміз
"құқықтық қарым-қатынастың пайда болуына себеп болған материалдық не
материалдық емес игілік, айналадағы өмірдің заты" [14]. Азаматтық құқық
ғылымында мұндай көзқарасты, мысалы, профессор М.М.Агарков ұстанады [15].
Құқықтық қарым-қатынастың объектісіне деген екінші көз қарас кеңірек
тараған. Осы, екінші көзқарас бойынша құқықтық қарым-қатынастың объектісі
дегеніміз осы қатынастың әсер ететін нәрсесі. Мысалы, профессор
В.Н.Хропанюктің айтуы бойынша құқықтық қарым-қатынастың әсер жасайтын
нәрсесін айқындау үшін, басында құқықтық норманың объектісін анықтап алу
қажет. Бәрі білетіндей құқықтық нормалар қоғамдық қарым-қатынастарды
реттейді. Олардың әсер жасайтын нәрсесі – адамдардың ерікті жүріс-тұрысы.
Ал, құқықтық қарым-қатынасқа келетін болсақ, ол - құқықтық нормалармен
қарастырылған жалпы құқықтар мен міндеттерді жекелеген субъектілерге
қатысты нақтылайды. Демек, құқықтық қарым-қатынастың объектісі ретінде оған
қатысушылардың іс жүзіндегі жүріс-тұрысы болып табылады деуге болады.
Субъективтік құқық пен заңды міндеттің мазмұнына сәйкес құқықтық қарым-
қатынастарға қатысушылар өз жүріс-тұрысын түзейді.

Құқықтық қарым-қатынастың объектісі ретінде мазмұны бойынша әртүрлі
орын ала-алатын адамдардың жүріс-тұрысы қарастырылады. Мүліктік қарым-
қатынастарда құқықтың объектісі ретінде белгілі бір өмірлік игіліктерді
қанағаттандыруға бағытталған адамдардың жүріс-тұрысы көрініс табылады.
Мысалы, сатып алу – сату қарым-қатынастарының объектісі болып осы қарым-
қатынасқа қатысушылардың заттарды сатып алу және сатуға байланысты жүріс-
тұрысы табылады. Екі фирма арасындағы өнімді жеткізу туралы шарт жасасу
негізінде пайда болған құқықтық қарым-қатынастың объектісі болып осындай
өнімді жеткізу бойынша көрініс табатын бұл фирмалардың қызметі табылады.
Бірақ-та құқықтық қарым-қатынастардың барлығы мүліктік сипатқа ие бола
бермейді: субъективтік құқықтар мен міндеттер заттарға қатысты пайда бола
бермейді. Мүліктік емес қарым-қатынастарда объекті болып осы қарым-
қатынастарға қатысушылардың іс жүзіндегі жүріс-тұрысы табылады. Мұндай
жағдайларда құқық нормаларымен көзделген белгілі бір әрекеттерді жасай
отырып құқықтық қарым-қатынасқа қатысушылар өздерінің қажеттіліктерін
қанағаттандырады. Басқа сөзбен айтқанда, Мүліктік емес қарым-қатынастарға
қатысушылардың жүріс-тұрысына әсер ете отырып, құқықтар мен міндеттер
құқықтық реттеу мақсатына жетеді. Мысалы, еңбек қарым-қатынастарының
объектісі болып кәсіпорын не мекеме әкімшілігінің жұмысқа қызметкерлерді
қабылдау, олардың еңбегіне ақша төлеу бойынша әрекеттері табылады.
Әкімшіліктің осы әрекеттері еңбек ету құқығын, жалақы алу құқығын
қанағаттандыруға бағытталған.
Сол сияқты қылмыстық процессуалдық қарым-қатынастардың объектісі болып
мақсаты әділ де заңды үкім шығару болып табылатын қылмыстық істерді алдын
ала және сотта қарау бойынша процеске қатысушылардың әрекеттері табылады.
Мемлекеттік-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қарым-қатынастарға
қатысушылардың мүдделері әртүрлі іс жүзіндегі әрекеттер арқылы
қанағаттандырылады.
Азаматтық құқық ғылымында бұл көзқарасты ұстанған ғалым – профессор
Я.М.Магазинер.
Сонымен, екінші көзқарас тек қарым-қатынастарға қатысушылардың
әрекеттерін ғана құқық объектісі ретінде есептейді. Бірінші көзқарас
бойынша құқық объектісі ретінде субъектілердің әрекеттерін есептеу керек
екенін тағы да еске салып кетейік.
1917 жылғы қазан революциясына дейін ресейлік құқық ғылымында біз
көрсетіп өткен екі көзқарасты да ұштастыратын концепция қалыптасқан болатын
(мысалы, осы көзқарасты ұстанушылар Г.Ф.Шершеневич, Е.Н.Трубецкой,
Н.М.Коркунов). Бұл ғалымдардың ойы бойынша құқықтық қарым-қатынастардың
(құқықтың) объектілері екі түрге бөлінеді: 1) заттар; 2) әрекеттер [16].
Мысалы, Ресейдің азаматтық құқық ғылымының негізін қалаушы ғалымдардың
бірі – профессор Д.И.Мейер өзінің "Русское гражданское право" деген
еңбегінде құқық объектісіне жан-жақты сипаттама берген [17]. Оның айтуы
бойынша құқық объектісі деп техникалық түрде құқық субъектісі ретінде жеке
тұлғаның иелігіне жататын нәрсені түсіну керек. Осындай тұлғаның иелігіне
жататын нәрселер болып тұлғалар, заттар және басқалардың әрекеттері
табылады, сондықтан-да объектісі бойынша барлық құқықтар - тұлғаға деген
құқықтар, не затқа деген құқықтар, не басқалардың әрекеттеріне деген
құқықтар ретінде көрініс табады. Бірақ тұлғаға деген құқықтар мүліктік
сипатқа жатпайды, ал азаматтық құқық болса, Д.И.Мейердің айтуы бойынша, тек
мүліктік қарым-қатынастарға қатысты, сондықтан-да тұлғаға деген құқықтарға
азаматтық құқықта орын табу мүмкін емес. Нәтижесінде, біз құқық
объектісінің екі буынды құрылымына тоқталуымыз қажет, яғни азаматтық
құқықтық объектілері ретінде заттар мен басқалардың әрекеттерін ғана
қабылдаймыз, - дейді Д.И.Мейер.
Жеке құқық қарым-қатынастарының объектісі, әдетте, заттар болса,
жұртшылық құқық қарым-қатынастарының объектісі – осы қарым-қатынастарға
түсушілердің әрекеттері.
В.Н.Хропанюктің айтуы бойынша мұндай көзқарасты ұстансақ құқықтық қарым-
қатынастың объектісі осы қарым-қатынас мазмұнының сыртына шығып кетеді,
яғни объекті субъективтік құқықтар мен міндеттерден тыс орналасады. Өзін
ойын одан ары дамыта келе, бұл ғалым құқық объектісі ретінде заттарды
қарастыруға қарсылық білдіреді. Оның ойы бойынша материалдық және
материалдық емес игіліктер жеке тұлғалардың қарым-қатынасқа түсуінің
мақсаты болып табылады. Мысалы, билет сатып алу негізінде театрдағы операны
тыңдау құқықтық қарым-қатынастың объектісі деп айту қиын. Бұл жағдайда
құқықтық қарым-қатынастың әрекеті билет алынғаннан кейін тоқтайды. Осы
қарым-қатынас негізінде адамның белгілі бір рухани қажеттіліктері
қанағаттандырылады. Ал, осындай қажеттіктердің қанағаттандырылуы болса
құқықтық қарым-қатынастан тыс болатыны сөзсіз, - дейді В.Н.Хропанюк.
Құқықтану ғылымының мақсаты құқықтық қарым-қатынастарға қатысушылардың
әрекеттерін талдау болып табылады, ал осы қатынастарға түсушілердің себебі
болған заттар мен өзге де игіліктерді талдау емес. Заттарды зерттейтін
ғылымдар философия, социология, экономикалық ғылым, өндірістік практика, ал
құқық теориясы болса құқықтық қарым-қатынастар субъектілерінің мүдделері
аясындағы заттардың құқықтық қасиеттерін айқындауы тиіс.
Бұл көзқарас азаматтық құқық ғылымында кеңірек танылғанын айталық.
Мысалы, профессор А.П.Сергеев және профессор Ю.К.Толстойдың редакциясымен
1998 жылы Мәскеуде орыс тілінде шыққан "Гражданское право" оқулығында
әртүрлі материалдық және материалдық емес құндылықтарға бағытталған
азаматтық-құқықтық қарым-қатынас субъектісінің жүріс-тұрысы ғана азаматтық-
құқықтық қарым-қатынастың объектісі бола алады, - делінген.
Сонымен, біз құқық объектісіне қатысты үш көзқарас бар екенін байқадық.
Осы көзқарастар бойынша құқық объектісі болып – 1) заттар; 2) әрекеттер; 3)
заттар және әрекеттер – табылады.
2.2 Азаматтық құқық объектілерін ерекшелейтін белгілер
Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз азаматтық құқық объектілеріне
тоқталуымыз керек. Ол үшін ең алдымен Қазақстан Республикасының заңдары
бойынша азаматтық құқықтың объектісі қалай айқындалғанын және біздің
заңдарымыз қай концепцияға негізделгенін анықтауымыз қажет.
Тәуелсіз Қазақстанда азаматтық құқық бойынша белгілі ғалымдардың
ұжымымен ең алғаш рет шығарылған "Гражданское право" оқулығында азаматтық
құқық объектісіне деген қазақстандық ғылымның көзқарасы мүлдем
көрсетілмеген. Осы оқулықтың 83-ші бетінде: "Цивилистердің көпшілігінің
пікірі бойынша азаматтық құқықтық қарым-қатынастың объектісі болып осы
қатынастың негізі болған нәрсе табылады"[18], - деп қана қойылған.
Сондықтан-да, алдымызға қойылған сұраққа жауап беру үшін заңдарымызға көңіл
аударып көрейік.
1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде
(жалпы бөлім) 3-ші тарау толығымен азаматтық құқықтардың объектілеріне
арналған. Байқасақ, бұл жерді азаматтық құқықтың объектісі емес,
құқықтардың объектілері туралы айтылған. Ал, азаматтық құқық пен азаматтық
құқықтардың қандай айырмашылығы бар?
Біздің ойымызша, азаматтық құқық дегеніміз - жалпы құқықтың бір саласы.
Ол, осы саладағы барлық құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде көрініс
табады, яғни бұл жерде біз азаматтық құқық туралы объективтік құқық ретінде
айтамыз.
Ал, азаматтық құқықтар дегеніміз – ол, азаматтық құқық субъектілерінің
иелегінде бола алатын құқықтар.
Құқық теориясына сүйенсек, азаматтық құқықтың объектісі болып белгілі
бір қарым-қатынастар ғана табыла алады. Ал, азаматтық құқықтардың объектісі
ретінде Азаматтық кодекстің 115 бабындағы 1-ші тармақта көрсетілгендей
мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар қарастырылады.
Енді, азаматтық құқық субъектілерінің осы игіліктері мен құқықтары
қандай жағдайда азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа айналады? - деген
сұраққа жауап беріп көрейік. Бұл жерде тағы да жалпы құқық теориясына
сүйенуіміз керек. Осы теория бойынша субъектілердің жеке құқықтары мен
игіліктері іс жүзінде жүзеге асырылған жағдайда ғана құқықтық қарым-қатынас
пайда болады. Осыған орай, субъектінің жеке құқықтарының да, азаматтық
құқықтың да объектісі бір десек қателеспейміз. Демек, бұл жерде объекті
ортақ болып отыр, яғни Азаматтық кодексте белгіленген азаматтық құқықтардың
объектілерін біз азаматтық құқықтың да объектілеріне жатқызсақ болады.
Мұны Қазақстанның белгілі ғалымдарының Азаматтық кодекс берген
түсініктемесі де дәлелдейді. Субъективтік азаматтық құқықтардың объектісі
ретінде (бұл құқықтар тек азаматтық қарым-қатынастар арқылы көрініс табады)
түсіндірілетін 115-ші бап бойынша мүліктік және жеке мүліктік емес
игіліктер мен құқықтар қарастырылады, - дейді бұл түсініктеменің авторлары.
Бұл құқықтар мен игіліктер азаматтық құқық субъектілерінің әсер ететін
пәні болып табылады, өйткені жалпы түрде объект дегеніміз субъектінің әсер
ететін нәрсесін түсіну керек. Бұл жағдайда құқық субъектісінің құқық
объектісіне жасайтын әсері айрықша болып табылады. Ол объектінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz