Бағалы қағаздардың азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі орны


Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Мухаммедов Э.

Бағалы қағаздардың азаматтық құқықтың

объектісі ретіндегі орны

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100- «Құқықтану»

Түркістан 2014

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы

1. 1 Бағалы қағаздардың құқықтық таным тұрғысындағы

түсінігі және мазмұны . . . 8

1. 2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың

түрлері және олардың жіктелуі . . . 29

2. ҚР заңнамасы бойынша бағалы қағаздардың құқықтық реттелуі

2. 1 Бағалы қағаздарды реттейтін құқықтық нормалар және

оларды жүзеге асыру тәртібі . . . 61

2. 2 Қолданыстағы бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттеу . . . 64

2. 3 Бағалы қағаздар заңнамасын жетілдіру мәселелері . . . 66

Қорытынды . . . 73

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 75

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезенде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезең игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бұғазы компаниялармен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.

XIX ғасырдың 60-жылдары тағы бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған бағалы қағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды.

Қоғамда құнды (бағалы) қағаздар базары, қаржы базарын құрайтын бірден-бір маңызды құрал. Қазіргі таңда Қазақстанда ол бизнес пен өндірісті дамытудың механизмін құрайды. Бизнес пен өндірістің маңыздылығы туралы мемлекетіміздің жүргізіп отырған саяси бағыттырының негізгісі болып табылады. Жалпы құрылымы бойынша құнды (бағалы) қағаздар салаға, яғни капитал базары және ақша базары болып өздерінің ерекше мақсатына қолданылып, заң нормалары бойынша өз міндеттерін атқарып келеді.

Біздің мемлекетіміз нарықтық экономикаға бет бұрғаннан кейін, құнды қағаздар айналымының толық қанды қажеттілігі туындап, құнды (бағалы) қағаздардың әрекет ету нормативті базасын құру талабы мақсат етіп қойылған болатын.

Еліміз дамыған 50 өркениетті елдің құрамына кіру үшін, мемлекеттік көлемде, жеке бизнесті қалыптастырудағы азаматтардың ақуалын (жағдайын) жақсартудағы міндеттерді шешуге бағытталған инвестицияларды қамтитын, мол көлемдегі қаржыларды өндірісте пайдалану мақсатымен қоса жүйелендіру мүмкіндігін беретін, ерекше түрдегі мәнді құжаттар айналымы, құнды қағаздар базары құрылды. Осы құрылымдардың қазіргі таңда тиімді қызмет атқаруының негізінде мемлекетіміздің экономикасы жүйелі түрде дамып Ел басының жолдауының негізігі қағидаларын ұстанамыз.

Негізінен Құнды (бағалы) қағаз - экономиканың несие-қаржы саласының бөлінбес элементі болып табылып, тауарлы өнім қағидасына негізделеді.

Қазақстанда құнды (бағалы) қағаздар базарының пайда болуына, жеке меншік, жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлендіру және қоғамдық қатынастардың қайта құрылуын, мемлекеттік қаржыландыру саясатының түбегейлі өзгеруіне байланысты пайда болды. Қазіргі кезде кейбір салаларды қаржыландыруда бюджеттегі жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін мемлекет ақша белгілерін ауыстырмай-ақ, мемлекеттік қысқа мерзімдік вексельдер секілді мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады.

Диплом жұмысында біз құнды (бағалы) қағаздардың құқықтық реттелуінің мынадай мәселелерін қарастырамыз .

- Құнды (бағалы) қағаздардың түсінігі мен мәні, тұңғыш элементтері, олардың Қазақстан Республикасында пайда болуы;

- Құнды (бағалы) қағаздардың артықшылық жақтары мен құқықтық жағдайларын;

- Құнды (бағалы) қағаздарға салыстыру, анализ және синтез қағидаларына сүйеніп, әр құжаттың даму мәні мен кемшіліктеріне, құқықтық салдарларын қарастыру;

- Құнды (бағалы) қағаздар нарығының құқықтық режимдері, яғни олардың саралау, айналымға түсу тәртібі және оларды қадағалаушы органдардың құқықтық жағдайы

- Қазіргі таңдағы ұлттық заңнамалардағы құнды (бағалы) қағаздарға байланысты кейбір мәселелер;

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Қазіргі таңда бағалы қағаздар рыногының нарықтық қатынастар жағдайында біздің мемлекетіміздегі дамуын қарастыра отырып, бағалы қағаздар тұңғыш элементтерінің Қазақстан Республикасында пайда болуын зерттеп, қалыптасу процесін қарастыру және құқықтық мәнін ашу.

Жұмыстың объектісі. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуына негізделген бағалы қағаздар және оларды ұтымды түрде пайдалана отырып құқықтық реттеу болып табылады.

Өзінің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде, экономикадағы шаруашылықтың түрімен қалыптасу кезінің кешіріп келе жатқан Қазақстан Республикасының қазіргі дамуы күрделі де қиын. Бұл кезеңдегі ең негізгі және ең алғашқы мақсат белгілі бір дәрежеде мемлекеттік құрылымды жүйелейтін, сонымен қатар, меншік түрлерінің еркін дамуын қамтамасыз ететін, әр азаматтың белсенділігін тудыратын инфрақұрылымды құру болып табылады. Мұндай өркениетті құрылымның құрамына жалпы мемлекеттік көлемдегі, жеке бизнесті қалыптастырудағы, азаматтардың хал-ахуалын көтерудегі міндеттерді шешуге бағытталған инвестицияларды қамтитын, мол көлемдегі ақшалай қаржыларды өндірістік пайдалану мақсаттарымен қоса жүйелендіру мүмкіндігін беретін, ерекше түрдегі мәнді құжаттардың айналымының негізгі болып табылатын бағалы қағаздар рыногы болып есептелінеді.

Мұндай іс-әрекеттің механизмі-бағалы қағаздардың мүліктік айналымы, олардың қажеттілігі ең кең көлемдегі кеңістікті ашып, сонымен қатар кең ауқымдағы кепілдік пен сенімділіктің берілуі болып табылады. Бағалы қағаз-экономиканың несие-қаржы саласының бөлінбес элементі болып табылады және тауарлы өнім принципіне негізделеді.

Қазақстанда бағалы қағаздар рыногы тіпті болған емес, және оның дамуына уақыт қажет еді. Өйткені бұл үшін жеке меншікке (бәрінен бұрын жекешелендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлендіру) деген қатынастың қайта құрылуына тікелей байланысты және мемлекеттік қаржыландыру саясатының сипаты түбірінен өзгеруі тиіс болатын. Қазіргі кезде бюджеттегі жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін мемлекет көбінесе ақша белгілерін ауыстыруды емес, мысалы мемлекеттік қысқа мерзімді вексельдер секілді мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды қолға алып отыр.

Менің диплом жұмысымда "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттелуі" атты тақырыбымда өзекті мәселелер қарастырылған.

Бұл проблема көп қырлы, күрделі болғандықтан, бағалы қағаздар рыногының біздің еліміздегі дамуын қарастыруда келесі міндеттерін ұсынып отырмыз:

- бағалы қағаздар тұңғыш элементтері ҚР пайда болуын, қалыптасу процесін қарастыру және жалпы түсінігін беру;

- бағалы қағаздар рыногының дамытудағы дайындалған құжаттардың мазмұндарымен танысып, оларға визуалдық баға беру;

- салыстыру, анализ және синтез принципіне сүйеніп, әр құжаттың прогрессивтік мәнін және кемшіліктерін, құқылық салдарын қарастыруға әрекет жасау;

- бағалы қағаздардың түрлеріне тоқталып, әр түріне жеке сипаттама беріп, олардың әр қайсысының артықшылығын, орналастыруын және таратумен айналысатын басқарушылардың және ұстаушысының құқықтарына баға беру.

Бағалы қағаздар рыногының даму деңгейі-бүгінгі жаңа мемлекеттің экономикасының сипатын көрсететін объективті көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Бағалы қағаздар рыногының міндеті-қаржы ресурстарының салааралық бөлінісін қамтамасыз етуде, инвестициялық ресурстарды Қазақстандық кәсіпорындардың дамуына ыңғайлауда, келесі инвестициялауға дейін қаржы жинақтау жағдайын жасап жатыр. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жас әрі дамушы рынок. Соның өзінде, қазіргі бағалы қағаздар рыногының қолдану аясы мемлекеттік ішкі қаржыландыру, мемлекеттік қарызды жекешелендіру, мемлекет меншігінің жекешелендіру мәселелерін шешуге мүмкіндіктер беріп отыр.

Отандық бағалы қағаздар рыногының дамуына бүгінде ҚР-дағы қағаздар рыногының дамуына орташа жылдамдық бағдарламасын әзірлеу секілді шешілуі қажетті көптеген мәселелер кедергі келтіруде.

Бағалы қағаздар даму бағыттары мен мақсаттарын айқындау мақсатында ҚР-ның бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы ҚР-дағы бағалы қағаздар рыногының даму бағдарламасын дайындаған. Ол бағдарлама үкіметтің 1996-1998 жылдарда арналған реформасын тереңдете түсудегі орташа жылдамдық бағдарламасына сай келеді. Бағдарламаны жүзеге асыру бағалы қағаздар рыногы құрылымының барлық элементтерінің толық деңгейде дамуына мүмкіндік жасайды.

Бағалы қағаздар базарының дамытудағы мәселелердің бірі-құнды қағаздардың құқықтарын тіркеп және бекітіп отыратын институттардың қалыптасуына жағдай жасау мүмкіндегі болып табылады. Осы мәселені реттестіру мақсатында ұлттық комиссия "Орталық депозитарий туралы" Ереже, "Бағалы қағаздар ұсынушылардың реестірін жүргізу жөніндегі" Ереже. "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандарды оқытуға рұқсат беру тәртібі жөнінде" Ереже, Бағалы қағаздар рыногында жұмыс істейтін мамандар дайындау курстарының тыңдаушыларының аттестациялау жөніндегі "Ереже". Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік және дилерлік іс-қимылдарды лицензиялау жөніндегі Ереже, "Бағалы қағаздар рыногында қаржылай тәуекелдерді сақтандыру жөніндегі" істерді жүзеге асыратын сақтық компанияларының талаптары секілді құжаттарды дайындаған.

1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың жалпы сипаттамасы

1. 1 Бағалы қағаздардың құқықтық таным тұрғысындағы түсінігі және мазмұны

Қаржы заңнамасы отандық қаржы нарығының дамуы мен жұмыс істеуі үшін қолайлы орта жасауды, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтары қорғалуын қамтамасыз етуге, қаржы ұйымдары қызметіне тең құқылы жағдай жасауға және қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға ықпал етуге тиіс.

Бұл ретте, әлемдік, сондай-ақ отандық экономиканың даму үрдістерін ескере отырып, қаржы заңнамасының басымдығы банктердің қаржылық тұрақтылығының мониторингіне, ықтимал тәуекелдерді бағалауға, икемді реттеу режимін қалыптастыруға, банктер қызметіндегі проблемалық мәселелерге жедел әрекет етуге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына қадағалау жүйесін әлемдік стандарттарға барынша жақындатумен байланысты болуы керек.

Құнды қағаздар нарығын құқықтық реттеу ұлттық құнды қағаздар нарығы бәсекелестігінің артуына және одан әрі дамуына оның қатысушыларына қолайлы жағдайлар жасауға, эмитенттер базасы мен қаржы құралдары қатарының ұлғаюына инвесторлық базаны дамыту мен инвесторлар мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталады.

Ұжымдық инвестициялау схемаларын дамытуды қолдау мақсатына, инвестициялық қорлардың пайлары мен акцияларын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етумен бірге, инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру керек.

Құнды қағаздар нарығын дамытудың және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалуын қамтамасыз етудің басқа маңызды аспектісі, тұрақты және ашық жұмыс істейтін ұйымдасқан құнды қағаздар нарығын құру болып табылады.

Заңнама отандық қаржы нарығының жұмыс істеуі мен дамуына, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтары қорғалуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге және қаржы нарығындағы адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған.

Елде міндетті және ерікті сақтандырудың заманға сай жүйесі қалыптасып, жұмыс істеуде, сақтандыру қызметтерінің толыққанды нарығы орнықты. Сонымен қатар, аталған нарықтың ғаламдық тұрғыда дамуы әлемдік тәжірибеде қалыптасқан сақтандыру жүйелері мен отандық құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, ұлттық деңгейде бара бара құқықтық реттеуді талап етеді. Электрондық сауда-саттықтың қарқынды дамуы жағдайында сақтандыру жүйесіндегі құқықтық мәселелерді шешу шеңберінде Интернет-сақтандыруды дамытуға және оны нормативтік-құқықтық регламенттеуге деген қажеттілік бар.

Бағалау қызметі құқықтық реттелуі ұдайы көңіл аударуды және жетілдіруді талап ететін нарықтық экономика құралдарын маңыздысы болып табылады.

Осыған байланысты:

мемлекеттік бағалау стандарттарын белгілеуге;

бағалау қызметін халықаралық талаптарға сәйкес келтіруге;

мемлекеттік реттеу жүйесі мен бағалау қызметін өзін-өзі реттеуді жетілдіруге бағытталған кешенді ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар қажет [1] .

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және Қазақстан Республикаснының Азаматтық кодексінен, 2 шілде 2003 жылғы «Құнды қағаздар нарығы туралы» ҚР заныңан және басқа нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісім шарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.

Бағалы қағаздардың түсінігі мен мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.

Біріншіден бағалы қағаздар өз кезегінде меншік дәрежесі нысанындағы мүліктік құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т. б) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы корпорациялармен мемлекет облигациялары, сертификаттары.

Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен құқықтық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты роль атқарады.

Үшіншіден, бағалы қағаздар - бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т. б. ) талаптар көрсетілген құжаттар.

Төртіншіден, бағалы қағаздардың құқықтық мәні түсінудің манызды сәті - олардың табыс әкелуі болып табылады.

Бағалы қағаздар - спецификалық тауар, барлық тауар сияқты тұтыну күны мен бағасы бар. Бағалы қакғаздардың тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни процент (облигациялар бойынша) және дивиден (акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар бағалы қағаздардың күн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар.

Азаматтық құқықтық айналымдарында азаматтық құқық объектілерінің бірі - бағалы қағаз болып табылады. Айтар болсақ азаматтық Кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, олаға төментегіше түсініктер берілген:

а) бағалы қағаз - түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мысалы: бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгілеген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;

б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға - индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді) . Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссаментке бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкілі ретінде әрекет жасайды (АК 132-бабы) .

Азаматтық кодекс бағалы қағазды - құжат деумен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені кез-келген құжаттың түп төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез-келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады.

Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік- құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, номері, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша көрсетілген міндеті, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа заттар) ) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанына сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы) .

Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.

Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың түп нұсқасы болады, ал түп нұсқаны ұсынушы келесі тұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағалы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация) .

Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект құжат мәтінінде көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтық субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.

Сонымен бір мезгілде мүліктік құқықты айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берілген жазу индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бұл талапты міндетті түрде сақтауы тиіс. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық берілетін адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал екіншісі әлгі айтқандай, бланктік болады, онда бағалы қағаздың тапсырылғаны туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді [2] .

Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен қоса құжатты берерде бағалы қағазды ұсынушыға тапсыру тәсілін таңдап, бағалы қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша тапсыруға және индоссаментке өзінің атын жазуға құқылы болады.

Бланктік индоссаментке қандай да бір атауды енгізушімен бағалы қағаздарды ұсынушыға беру тәсілі құжатты тапсырғанға дейін жүзеге асырылады.

Бағалы қағазды тапсыру кезінде жазылатын жазулар ретімен жазылады. Ал, мүліктік құқықты тапсыруда ордерлік бағалы қағаз қолданылады. Құжаттың иесі құжаттың түп нұсқасындағы міндеттерді орындау үшін ұсынарда индоссаменттердің реті бұзылып кетсе, одан бас тартуға құқылы. Бұл реттердің үзілмеуі таза формальдық белгілермен айқындалады, аталған индоссамент бойынша берілетін құжаттың атымен қатар бағалы қағазда қабылдаушының да аты жазылады.

Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап береді. Ордерлік қағаздың иесі айырылып қалған құжаты кімнің қолында екенін білсе, құжатты қайтаруға виндикациялық талап қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да үміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды.

Атаулы бағалы қағаз - мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.

Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздардың әр түрінің белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде атаулы түрін ұстаушының жүргізуін талап ететін “Бағалы қағаздар рыногы туралы” Заңының нормасынан көруге болады.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. “Бюджет жүйесі туралы” және “Мемлекеттің кепілімен қарыз алу және мемлекеттік борыш туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, мемлекеттік бағалы қағаздарды мемлекеттің шеттен алуына орай ішкі және сыртқы инвесторларда шығарылады (олар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың заңды және жеке тұлғалары болып табылады) . Оны шеттен алу Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару негізінен алғанда республикалық бюджеттің жетіспеуіне байланысты. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарды әлемдік нарыққа сәйкес шығарады (евро, облигациялар) сондай-ақ Қазақстан аумағында қазыналық міндеттемелерде және қазыналық облигацияда жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Азаматтық құқықтар объектілері
Азаматтық құқық обьектісінің түсінігі
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
Мүліктік құқықтар
Азаматтық құқық қатынасының мазмұны
Азаматтық - құқықтық қатынастар объектілері
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы
Азаматтық құқықтық қатынастардағы субъектілердің алатын орны мен өзара байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz