Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің құқықтық мәртебесі


Тақырыбы: «Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің құқықтық мәртебесі»

КІРІСПЕ . . . 3-5
:
КІРІСПЕ. . .3-5: 1 ТЕРГЕУШІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ . . . 6-22
:
КІРІСПЕ. . .3-5: 1. 1. Тергеушінің іс жүргізудегі құқықтық мәртебесі . . . 6
:
КІРІСПЕ. . .3-5: 1. 2. Тергеушінің жеке іс жүргізудегі құқықтары (ұғымы мен шегі) . . . 12
:
КІРІСПЕ. . .3-5: 1. 3. Тергеу органының құрылымы . . . 18
:
КІРІСПЕ. . .3-5:
:
КІРІСПЕ. . .3-5: 2 ТЕРГЕУШІНІҢ АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУДЕГІ КӨЗҚАРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . . 23-46
:
КІРІСПЕ. . .3-5: 2. 1. Тергеуші көзқарасының ұғымы мен мәнісі. . 23
:
КІРІСПЕ. . .3-5: 2. 2. Тергеушінің көзқарасының қалыптасу механизмі. . 29
:
КІРІСПЕ. . .3-5:

2. 3. Тергеушінің процессуалдық функцияларына жалпы сипаттама………37

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47-49

:
КІРІСПЕ. . .3-5:
:
КІРІСПЕ. . .3-5: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 50-52
:
КІРІСПЕ. . .3-5:

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезеңде Қазақстан дамыған елу елдің қатарына көтерілуді мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, еліміз құқықтық, демократиялық, зайырлы мемлекетті орнықтыратындығы конституциялық деңгейде белгіленген болатын. Қазақстанның алдында тұрған бұл мақсаттар мен міндеттері өте ауыр және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазақстанның алдында тұрған бұл мақсаттарға еліміз гүлденген экономикалық дамуы бар, мәдени саяси жағынан озық үлгілерді, тәжірибелерді негізге ала отырып, соны орынды жұмылдыра пайдалана білгенде ғана жете алады. Қазақстан Республикасының Президенті 2010 жылғы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттің басты мақсаты атты өзінің жолдауында Қазақстанның дамуының басты бағыттары туралы былай дейді: Біз құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізуге тиіспіз. Бүгінде, өкінішке қарай, біздің барлығымызға тиімсіз басқарудан, құқық қорғау органдары функцияларындағы жанжалдан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, сондай-ақ ел құқық қорғау жүйесі қызметінде мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалар анық көрінеді.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында: қылмыстық сот ісінің оңтайлы моделі жасалмайынша мемлекеттің қылмыстық саясаты тиімді болмақ емес. Сондықтан қылмыстық-іс жүргізу құқығын дамыту перспективалары туралы айтқанда, Республиканың қолданыстағы Қылмыстық-іс жүргізу кодексі негізінен қылмыстық әділет жүйесін қазіргі уақыттағы демократиялық, құқықтық мемлекеттің сипаттарына сәйкес келтіргенін атап өткен жөн. Заң шығарушының басты мақсаты тікелей қолданылатын, заңдардың мәнін, мазмұнын және қолданылуын айқындайтын және әділ сотпен қамтамасыз ететін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы конституциялық нормаларды тануға негізделген қылмыстық іс жүргізу заңын қалыптастыру болатын.

Сол себепті қылмыстық-іс жүргізу құқығын дамытудың басымдығы қылмыстық сот ісінің адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған негізін қалаушы қағидаттарын дәйекті түрде одан әрі іске асыру болып қала бермек.

Бұл үшін қылмыстарды, жылдам әрі толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды тиісінше қолдану мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасын және жедел-іздестіру қызметі туралы заңнаманы тиімді қолдануды көздейтін оңтайлы құқықтық тетіктерді әзірлеу талап етіледі.

Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңмен белгіленген тәртібі -негізсіз айыптау мен соттаудан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеулерден мүлтіксіз қорғауды қамтамасыз етуге, кінәсіз адамды заңсыз айыптаған немесе соттаған жағдайда оны тез арада және толығымен оңалтуға, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібінің нығаюына, қылмыстың алдын алуға, құқыққа құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етуге тиіс.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырған кезде заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуы маңызды міндет болып табылады. Бұл ретте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін жүйені күшейту, адамның жеке өміріне қол сұқпауды, жедел іздестіру қызметінің құралдары мен әдістерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауаптылықты қамтамасыз ету қажет.

Қылмыстық процесте айыптаушы мен қорғаушы тараптарының бәсекелестігі принципін одан әрі дамыту жөнінде шаралар қабылдануы керек.

Осылайша, қылмыстық іс жүргізу құқығын жетілдірудің негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:

қылмыстық процесті жеңілдету және оның тиімділігін арттыру, оның ішінде сотқа дейінгі іс жүргізу тәртібін оңайлату;

тергеуге дейінгі тексерудің шегін айқындай отырып, оны заңнамалық регламенттеу;

қамауға алуға балама бұлтартпау шараларын, оның ішінде кепілді қолдануды кеңейту үшін жағдай жасау;

тараптардың келісуіне және келтірілген зиянның өтелуіне негізделген сот төрелігін қалпына келтірудің жаңа институттарын бірте-бірте енгізу;

сотта олар бойынша қылмыстық қудалау және айыптау жеке, сондай-ақ жеке-жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық істер санаттарын кеңейту мүмкіндігі деп көрсетеді.

Сондықтан, қылмыстық іс жүргізу саласында тергеуші қызметінің сапалылығы, сауаттылығы мен нәтижелі болуы іс жүргізу нормаларының теориялық-практикалық тұрғыдан үнемі жетілдіруді талап етуде. Іс жүргізу барысындағы өкілеттіктер, процесске қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты туындайтын мәселелер қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында өзектілігін жойған жоқ.

Міне, жоғарыда айтылған жағдайлардың барлығы, аталған диломдық жұмыстың өзекті екендігін және дер кезінде туындап отырғандығын көрсетуге мүмкіндік береді.

Ғылыми зерттеудің дәрежесі. Қылмыстық іс жүргізу саласында тергеушінің құқықтық мәртебесіне ғылыми тұрғыдан сипаттама беруде қазақстандық процессуалист ғалымдардың орны ерекше. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының тәжірибелі мамандары ғылыми журналдар мен ақпарат құралдарында келтірген пікірлері де тергеу саласы мен тергеушінің сипатын, құқықтық өкілеттігін жетілдіруде айрықша маңызға ие болды. Зерттеу жұмысы теория мен практикалық материалдар негізінде ықшамдалған мәліметтер жиынтығын талдайды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты қылмыстық іс жүргізу құқығы саласында терегуші институтының мәнін ашу, тергеуші тұлғасына құқықтық, психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан сипаттама беру, қылмыстық іс жүргізудегі әдістемелік базаны жетілдіру болып табылады. Осы мақсатта келесідей міндеттерді шешу көзделеді:

  • тергеушінің қылмыстық іс жүргізудегі құқықтық мәртебесін талдау;
  • тергеушінің жеке іс жүргізудегі құқықтарын талдау;
  • тергеу органының құрылымын талдау;
  • тергеуші көзқарасының ұғымы мен мәнісін талдау;
  • тергеуші көзқарасының қалыптасу механизмін талдау;
  • тергеушінің процессуалдық функцияларына жалпы сипаттама жасау.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Дипломдық жұмысты жазу барысында жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ әдістер: анализ, синтез, диалектикалық т. б. қолданылды. Сонымен қатар, жұмыста нақты ғылыми әдістер заңи саралау, салыстырып талдауға өз кезегінде орайлы пайдаланылды.

Автор диплом жұмысын жазу барысында заң ғылымының белгілі өкілдері Ағыбаев А. Н., Алауханов Е. О., Ақпарова Р. Н. Әлиев М. М., С. З. Зимановтың, С. С. Сартаевтың, С. Өзбекұлының, Н. Өсеровтің, Ғ. С. Сапарғалиевтің, Т. М. Баймахановтың, А. С. Ибраеваның т. б. еңбектеріне арқа сүйеді.

Сонымен қатар, жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының кітаптары, мерзімдік басылымдардағы тақырыпқа қатысты мақалалар пайдаланылып негізге алынған болатын.

Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісін тергеушінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері, оның институттарының қалыптасуы мен дамуы құрайды.

Зерттеу жұмысының пәнін тергеушінің құқықтық мәртебесін анықтайтын құқықтық қатынастар жиынтығы құрайды.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеу нәтижелерін еліміздің жоғарғы оқу орындарындағы заңтану мамандығындағы қылмыстық іс жүргізу құқығы, қылмыстық сот өндірісі т. б. арнайы курстар бағдарламасын дайындауда пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс реферат, глоссарий, кіріспе, екі бөлім, алты параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ТЕРГЕУШІНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ РЕТІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

1. 1. Тергеушінің іс жүргізудегі құқықтық мәртебесі.

Тергеушi - өз құзыретi шегiнде қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеудi немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам: iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi және қаржы полициясы органдарының тергеушiсi.

Тергеушi қылмыстық iс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргiзуге құқылы. Істiң жағдайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге барлық шараларды қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететiн жеткiлiктi дәлелдер жиналған адамдарға қатысты айыпталушы ретiнде тарту, айып тағу, жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау қорытындысын жасау жолымен қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыруға мiндеттi.

Тергеушi алдын ала тергелуi мiндеттi iстер бойынша анықтау органдарының заңда көзделген жағдайда кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн орындауын күтпей-ақ iстi кез келген сәтте iс жүргiзуге қабылдауға және оны тергеуге кiрiсуге құқылы.

Заңда прокурордың санкциясын немесе соттың шешiмiн алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудiң бағыты мен тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы барлық шешiмдi дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы атқарылуы үшiн толық жауапты болады. Тергеушiнiң қызметiне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Тергеушi тергеудегi iс бойынша прокурордың нұсқауларымен келiспеген жағдайда ол жөнiнде жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.

Өз тергеуiндегi iстер бойынша анықтау органдарының тергелiп жатқан iске қатысты жедел iздестiру материалдарымен танысуға, осы Кодекете белгіленген тәртіппен осы іске қосу үшін оларды сұратып алуға, анықтау органдарына жазбаша, атқару үшiн мiндеттi iздестiру және тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етуге құқығы бар.

Бірқатар ғалымдардың пікірлерін қарастырып, олардың әрқайсысына біздің көзқарасымызды білдірігенен кейін, жоғарыда айтып өткендей бұл категориялардың іс-жүргізушілік-құқықтық мәртебесіне көңіл аударғанды жөн көріп отырмыз. Ең біріншіден, құқықтық мәртебенің не екенін, оның әлементтерін еске түсірейік. "Мәртебе" этимология мағынасында - бұл субъектінің "құқықтық жағдайы, қалпы". Яғни, егер құқықтық мәртебені тұлға мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, индивид пен басқа индивидтің өзара қатынасын көрсететін белгілер жүйесі ретінде кең мағынада қарастырсақ ", онда адамньщ қоғамдағы шынайы жағдайын заңи түрде анықтайтын, сипаттайтын, кепілдейтін, бекітетінінің барлығы құқықтық немесе занды мәртебені құрайды [1, 53 б. ] . Құқықтық мәртебенің әлементтерін Ү. Ө. Нұрмашев аса шеберлікпен сипаттап өтеді. Ол, басқару органдарының құқықтық мәртебесін талдай отырып, олардың мемлекеттік органдардың жалпы жүйесінде орнын, түрін, белгілеуін, сипатын анықтайтынның барлығы мәртебенің сипатын құрайтынын айтты [2, 103 б. ] Құқықтық мәртебеге:

- ресми атауы;

- құрылу тәртібі мен тәсілдері;

- аумақтық қызметі;

- қызметтің мақсаттары;

- міндеттер мен функциялар;

- нақты билік өкілеттіктерінің көлемі мен сипаты;

- қызметтің нысандары мен әдістері;

- органдағы ведомстваға қарасты мәселерді шектеу тәртібі;

- жауапкершілік;

- органды қаржыландырудың қайнар көздері;

- заңды түлғаыың құқықтарының бар-жоқтығы;

- белгілі бір қүрылымға ие болу құқығы және міндеті;

- мемлекеттік рәміздерді пайдалану құқығы және міндеті жатады. Мәртебе қызметінің мазмұнын сипаттайтын әлементтерге, яғни мақсаттарға, міндеттерге, функцияларға, нақты билік өкілеттіктеріне және жауапкершілікке ерекше назар аудару керек. Бұл әлементтер құқықтық мәртебенің өзегі больш табылады.

Сонымен қатар, анықтау органдарының құқықтық мәртебесінің әлементтері қатарына олардың қылмыстылық пен күресті жүргізетін басқа да мемлекеттік органдармен және азаматтармен процессуалдық қарым-қатынасын жатқызамыз. Бұл мәселелерді ұғып алғаннан кейін, құқықтық мәртебенің бұл элементтерін ең біріншіден, анықтау органына қатысты қолданайық. Анықтау органының мақсаттарын сөз еткенде, олардың іс жүргізу зандылығында көзделмегендігін ескерген жөн. Бұл іс жүргізу заңдылығындағы тағы бір кемшілік. Ол заң ғылымында "мақсаттар" және "міндеттер" түсіністерінің теңдестіріл-гендігімен түсіндіріледі. Логика тұрғысынан алып қарағанда қылмыстық іс жүргізудің міндеттері (ҚР ҚІЖК, 8-бап) осы қылмыстық іс жүргізудің жалпы мақсаттарынан тікелей шығу керек және шығады, ал қылмыстық іс жүргізудің мақсаттары өз кезегінде қылмыстық сот ісінің жалпы бағыттарын анықтайды. Қылмыстық іс жүргізудің мақсаттары болып іс бойынша ақиқатқа жету және жазаны жүзеге асыру табылады және соған сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу органдарының алдына ҚР ҚІЖК 8-бабымен міндеттер қойылады. Анықтау органының сотқа дейінгі қызметпен айналысатынына байланысты, оның міндеттері жалпы міндеттерден, ( ҚР ҚІЖК, 8-бап) қылмыстық іс жүргізудің кейбір қағидаларыан және дәлелдеуге жататын мән-жайлардан (ҚР ҚІЖК, 117-бап) шығады. Олар төмендегідей:

-қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және әділ қылмыстық жазаға тарту;

  • ісгің мән-жайын объекшвті, жан-жақты және толық зерттеп, қылмыстық занды дұрыс қолдану;
  • азаматтарды заңсыз айыптау мен соттаудан қорғау, заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда толық ақтауды қамтамасыз ету;
  • дәлелдемелерді табу мен бекіту негізінде оларды қылмыстық іс жүргізуде және сотта қолдану үшін алғышарттар жасау;
  • қылмыспен келтірілген зиянның бар-жоқтығын анықтау, бар болған жағдайда, оның мөлшерін анықтау және оны қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау;
  • қылмыстың алдын алу мен оны жасауға итермелеген жағдайларды анықтау, оларды жою;
  • занды және дәлелді түрде айыпталушы ретінде жауапқа тарту;
  • зандылық пен құқық тәртібін нығайту;
  • құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыру.

Анықтау органдарының функцияларын жалпы 3-ке бөліп қарауға болады: әкімшілік, тергеу және жедел іздестіру. Бірақ, соңғысын барлық анықтау органдары бірдей жүзеге асырмайды. Оның себебін біз жоғарыда толық түсіндіріп кеткен болатынбыз. ҚР ҚІЖК 65-бабында анықтау органдары мемлекеттік мекемелер мен бас-шылар деп бөлінген, ал мемлекеттік мекемелердің өздері оны басқаратын басшыдан және лауазымды тұлғалардан тұрады. Демек, олар қылмыстарды тергеуге бағытталған іс жүргізу қызметі мен басқа қызметтерді атқарады.

Қылмыстық істі қозғау сатысы қылмыстық ісжүргізудің бастапқы сатысы болып табылатындықтан онда қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы маңызды мәселелер шешіледі. Осы мәселелер қарапайым көрінгенмен, тек аталған сатыда тұрған мәселелерді дұрыс шешу арқылы ғана алдын ала тергеудің сапасын және тиімділігін арттыруға болады [3, 37 б. ] .

Қылмыстық істі тергеуді ұзартты, себебі, алдымен арыздарды тексеруге, кейін тергеу жүргізуге көп уақыт кетіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелінді, ал тергеу қорытындысы тексеру нәтижелерімен анықталынды.

Осындай әдістің заңдылықты бұзуға әкелетіндігі алдын ала прокурорлық тексеріс және материалдарды толыктыруды прокурордың өзі жүзеге асыруы қажет жөне оның мақсаты қылмыс жасаған тұлғаны анықтау мен дәлелдемелерді жинау және тексеру емес, керісінше қылмыстық істі қозғау үшін негіздерді анықтау болуы қажет.

1958 жылы Қылмыстық іс сот ісін жүргізу негіздері жөне ҚазКСР ҚІЖК қылмыстар туралы бастапқы мәліметтерді тексеруі алғаш рет бекітілді. ҚазКСР ҚІЖК 83-бабына сәйкес, «қылмыс белгілері туралы нақты мәліметгер болған кезде ғана іс қозғалуға жата-ды» деп белгіленген болатын. Қылмыстық істі қозғау үшін қажетті негіздердің бар екендігін тану үшін алдын ала тексеру жүргізілді. ҚазКСР ҚІЖК 85-бабына сәйкес, «келіп түскен арыздар мен шағымдар бойынша қажетті қосымша материал-дар мен құжаттар сұратылады және тұлғалардан түсіндірмелер алынады».

Дегенмен аталған заңда алдын ала тексеру іс әрекеттері толык реттелмегендіктен жөне осы кезендегі тергеу органдарының міндеттері анық белгіленбегендіктен қылмыстық іс бойынша заң бұзушылықтар орын алып отырды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексін дайындау барысында бұрынғы заңда орын алған кемшіліктер ескерілді. Бірақ жана занда да өз шешімін таппай отырған біркатар мөселелер бар. Мәселен, ҚР ҚІЖК 177-бабынын 2 тармағына сәйкес, «қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтьш мән-жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады», - делінген.

Ал ҚР ҚІЖК 184-бабына сәйкес, «қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қажет болған жағ-дайда косымша мөліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материаддарды талап ету үшін . . . бұл мерзім ұзартылуы мүмкін», -делінген.

Ал «қажетті мәліметтер», «қажетті құжаттар», «қажетті материалдар мен езге де материалдар» деген не, «талап ету» деген нені білдіреді, «қандай тұлғаның түсіндірмелерін алуға болады?» Міне, осындай сұрақтарға заң жауап бермейді. Ал оларды әр түрлі сипатта түсіндіру теориялық дауларға әкеп соқтырды және тергеу-прокурорлық тәжірибесіне кері әсерін тигізді.

Сондықтан қылмыстық істі қозғауда әлі де шешілмеген мәселелер бар. ҚР ҚІЖК 184-бабы қажетті мәліметтерді, материалдарды талап ету және түсіндірмелер алу мүмкіндігін белгілей отырып, аталған тексеру іс әрекеттерін жүргізу тәртіптерін реттемейді. Заң тексеру іс әрекеттерін жүргізудің кажетті жөне мүмкін болатын нақты жағдайларын анықтамай отыр: тексеру іс әрекеттеріне қатысатын тұлғалардың шеңберін анықтайтьш нормалар жоқ, тексеру іс-әрекеттеріне қатысушы тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының да кепілдіктері жоқ. Сондықтан қазіргі кезде қылмыстық істі қозғау кезіңце тексеру іс әрекеттерін реттейтін нақты тұжырымдалған нормалар қажет.

Жалпы қылмыстық сот ісін жүргізу саласында тергеу органы бастығының жауапкершілігін шартты түрде екіге бөлуге болады:

  1. алдын ала тергеу міндетті қылмыстық істер бойынша анықтау органы бастығының жауапкершілігі (ҚР ҚІЖК 200-бабы) ;
  2. алдын ала тергеу міндетті смес қылмыстық істер бойьшша анықтау органы басғының жауапкершілігі (ҚР ҚІЖК 285-бабы) .

Алайда біздің қарастыратынымыз анықтау органы бастығының алдын ала тергеу жасалуға міндетті қылмыстық істердің заңдылығы, уақтылығы мен негізділігі үшін жауапкершілігі. Сол себептен оның осы қылмыстық істерді тергеу бойынша іс жүргізу заңында және аталған нұсқауда көзделген өкілеттіктерін қарастыруды жөн көреміз. Олар төмендегідсй:

  1. қылмыс туралы арыздар немесе хабарларды қабылдау, тіркеу, қарау және шешудің заңдылығын, уақтылығын, негізділігін қамтамасыз ету;
  2. қылмыстыңбелгілері мен оны жасаған адамдарды анықтау, қылмыстарды болдырмау және жолын кесу мақсатында кажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру піараларын қолдануды ұйымдастыру;
  3. алдын ала тергеу органдарының тергеуіне жататын арыздар не хабарлар бойынша қылмыстық істі козғау және кейінге калдыруға болмайтын тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын жүргізу жөнінде кешіктірмей тергеу органын хабардар етуді қамтамасыз ету;
  4. қылмыстық істің; алдын ала тергеу сатысында: кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз ету; прокурордың, тергеушінің тапсырмаларын, оның ішінде жекелеген тергеу және өзге де әрекеттер жүргізу туралы және жәбірленушілсрді, куәлсрді, қылмыстық сот ісін жүргізугс қатысушы басқа да адамдарды қорғау шараларын колдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру; соттың тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру;
  1. анықтаушылардың тергеу органынан басқа қызметтер мен болімшелерімен өзара әрекет етуі ұйымдастыру,
  2. анықтау бағытының ақпараттық-талдау жұмысын ұйымдастыру, анықтау бөлімдері жұмысының тиімділігін көтеру үшін шаралар кабылдау, алдыңғы катарлы тәжірибені, қылмыстарды тергеудін дамыған әдістерін жалпылап, енгізу;
  3. қызметтік дайындық жүйесінде анықтау өндірісінің сұрақтары бойынша сабақты тергеушілердің, прокуратура, сот органдары қызметкерлерінің, ғалымдардың, мамандардың катысуымен жүргізуді үйымдастыру;
  4. анықтаушыларды қызметтік бөлмелермен, іс жүргізу бланкілермен, құрал-сайманмен, көлікпен, техника және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету және т. б.

Анықтау органы бастығының тергеудің заңдылығы мен уақыттылығы, негізділігі бойынша жауапкершілігі, оның шегі тікелей осы өкілеттіктер жиынтығынан шығады. Осы орайда оның жауапкершілігінің шегін анықтаудан бұрын, жауапкершілік, заңдылық, уақыттылық, негізділік категорияларының түсініктерін анықтап алайық.

Құкықтық теорияда заңдық жауапкершіліктің сан алуан түрлері бар. Олар: тәртіптік, әкімшілік. қылмыстық, қылмыстық іс жургізушілік, азаматтық-кұкықтық, және тағы баска жауапкершілік. Олардың бәріне ортақ табылатын жауапкершілік сөзі. Олай болса, ең біріншіден, жалпы жауапкершілік дегеніміз не?

Ю. Н. Белозеровтің көзқарасы бойынша жауапкершілік адамның мінез-құлқын қоғамдық қатынастардың жүйесімен келістірудің әлеуметтік қажеттілігінен туады, ол адамнын тиісті жүріс-тұрысының шегі, оның қоғам алдында өзінің жүріс-тұрысы жә не есеп беруі, тұлғаның болып жатқан үдсрістерді түсінуі кабілеті және өз әрекетгерінің немесе әре-кетеіздігіиің нәтижесінде туындауы мүмкін салдарларын ескеруі болып табылады [4, 33 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізудегі тергеушінің процесуалдық жағдайы
Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету
Қылмыстық іc жүргізу құқығының көздері
Қылмыстық процесте азаматтық талаптың мәні
Адвокат-қорғаушының сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін көрсетуі
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Сезікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі
Қылмыстық ізге түсу функциясының ұғымы
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
Қылмыстық процеске қатысушылардың ұғымы, мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz