Шай өнімдерін сертификаттау және сапасын бағалау



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 ӨНІМНІҢ САПА ДЕНГЕЙІН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Cертификаттау негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.3 Сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ...18
2 МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕДЕ ИСО 9001:2000 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.1 Сапа менеджмент жүйесінің теориялық және қолданбалы негіздері ... ...23
2.2 Cменеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификациялау бойынша Жобаны іске асыру барысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 29
3 «ҰЛТТЫҚ САРАПТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ.НЫҢ СЕРТИФИКАТТАУ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
3.1. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының» Өнім сапасын реттеуші функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
3.2 Алматы филиалының «Ұлттық Сараптау Сертификаттау Орталығында» сертификатталған тағамдарын бірдейлігін анықтау.Шай өнімінің технологиясы және оған қажетті нормалық құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ..46
3.3 Алматы филиалының «Ұлттық Сараптау Сертификаттау Орталығында» шай өнімдерін сертификаттау дәрежесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
3.4 Шайдың сипаттамасы және оның сапасын бақылау сынамаларының нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі республикамыздың өндірілетін және шетелдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттармен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасыда сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістік сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің /қызметтердің/ сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдер сапасын сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтармен нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.
Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Стандарттау және сертификаттау қызмет етудің, жұмыстық өнім сапасын қамтамасыздандырудың құралы, көп қырлы номерациялық қызметтің маңызды аспектісі. Сапа проблемасы, барлық елдерге экономикалы жағдайына қарамастан актуалды болып есептеледі. Қазіргі уақытта дайындаушы, және осы сатушы делдалдарды тауар маркасының беделдік нөмірлеуде, дүние жүзілік рынокта бәсекелестігін арттыруда стандарттаудың міндетті талабын орындауға көп көңіл бөледі. Сол есебін дайындаушылар, тұтынушылар және сатушылар барлық басқару деңгейіндегі тиімді қарым-қатынасын, бәсекелестігі стандарттар арқылы, қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта прогресивті стандарттар талабын орындау қатар өндірушілерге шығарылған тауарлармен қызмет етушілерге сапа және қауіпсіздік сертификаттың қоса бекіткен жоқ, себебі арыз берушілер мен тұтынушылардың сенімін арттыруда сапа жүйесін сертификаттау маңызды орын алады .
Отанымыздың стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерін халықаралық ережелерімен үйлестіру сұрағы алдыңғы қатарда тұр, себебі Қазақстан Республикасының дүние жүзілік сауда ұйымының кірудің маңызды сатысы болып табылады. Еліміздің нарық экономикасына енуіне байланысты тұтынушылардың сенімін алу өніммен бәсекелестік дәрежесін көтеруде мамандар стандарттау метрология және сертификаттау әдістері мен ережесін өз нәтижесінде қолданып өнім сапасын көтеруге бағыттау керек.
Тағам өнімдерінің қәуіпсіздігін қамтамасыздырудың медициналық проблемасы ол адам денсаулығына зиян анықтау үшін мониторына ұйымдастыру болып табылады. Бұл процесс 4 кезектен тұрады
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы
2 Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
3 СТ РҚ 1.1-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жұйесі.
4 СТ РК 3.0-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жұйесі. Негізгі жағдайлар.
5 Г.Х. Шәбікова, Х.Қ. Оспанов, Р.Р. Сыздыков, Л.И. Сыздыкова. Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері. Алматы ҚазҰУ. 2002 ж.
6 Лифиц И.М. Стандартизация, метрология и сертификация. Учебник. М.:Юрайт-Издат, 2005 г.
7 Основы стандартизации, метрологии и сертификации. Учебник для ВУЗов под ред. В.М.Мишина. М.: Юнити-Дана, 2007 г.
8 Аскаров . Е.С. Стандартизация, метрология и сертификация. Учеб. пособие. Алматы, 2006г.
9 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии. – М., ЮНИТИ, 2000 г.
10 Маркин Н.С. Практикум по метрологии. – М.: Издательство стандартов, 1994 г.
11 Боряев В.Е. Качество, безвредность и конкурентоспособность пищевых продуктов/Лекция для студентов экономических специальностей.- Белгород, БУПК, 1998.- 47 с.
12 Гончаров В. Д. Маркетинг продовольственных товаров в России. – М.: Финансы и статистика, 2002.
13 Горфинкель В.Я., Швандар В.А. Товароведение, экспертиза, стандартизация. – М.: Юнити, 2006. – 186с.
14 Коробкина З.В., Страхова С. А. Товароведение и экспертиза вкусовых товаров. - М.: КолосС, 2003. ~ 352 с.
15 Кругляков Г.Н. Товароведение продовольственных товаров: Учеб. для вузов / Г.Н. Кругляков, Г.В. Круглякова. - Ростов н/Д: Марш, 2000. - 448 с.
16 Кругляков Г.Н. Товароведение продовольственных товаров: Учеб. для вузов / Г.Н. Кругляков, Г.В. Круглякова. - Ростов н/Д: Марш, 2000. - 448 с.
17 Рақымжанова М. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері: Оқу құралы. - 2-басылым. - Астана: Фолиант, 2011. - 112 б.
18 Крылова Г. Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии. – М.: Аудит; ЮНИТИ, 1998. – 479 с.
19 Лифиц И.M. Теория и практика оценки конкурентоспособности товаров и услуг.-М.:Юрайт-М,2001.
20 Липсиц И. В. Коммерческое ценообразование: Учебник. – М.: БЕК, 2000. – 368 с.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Өнімді сертификаттау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Өнімнің сапа денгейін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Cертификаттау
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...15
1.3 Сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ...18
2 Мемлекеттік мекемеде ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына
сәйкес сапа менеджменті
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.1 Сапа менеджмент жүйесінің теориялық және қолданбалы негіздері ... ...23
2.2 Cменеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификациялау бойынша
Жобаны іске асыру барысы ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 29
3 Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы АҚ-ның сертификаттау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...35
3.1. Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының Өнім сапасын
реттеуші
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .35
3.2 Алматы филиалының Ұлттық Сараптау Сертификаттау Орталығында
сертификатталған тағамдарын бірдейлігін анықтау.Шай өнімінің технологиясы
және оған қажетті нормалық құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ...46
3.3 Алматы филиалының Ұлттық Сараптау Сертификаттау Орталығында шай
өнімдерін сертификаттау
дәрежесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 0
3.4 Шайдың сипаттамасы және оның сапасын бақылау сынамаларының
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..70

Кіріспе

Қазіргі кездегі республикамыздың өндірілетін және шетелдерден
әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттармен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін
қауіпсіз, сапасыда сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін тауардың және
көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін,
өндірістік сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап,
жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің қызметтердің сапасы ішкі және
халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдер сапасын сертификаттау үшін
арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек.
Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ
зертханалары қажетті жабдықтармен нормалық, анықтамалық, құқықтық
құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған
нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер,
бір-бірімен сәйкес болуы керек.
Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын,
қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын
қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Стандарттау және сертификаттау қызмет етудің, жұмыстық өнім сапасын
қамтамасыздандырудың құралы, көп қырлы номерациялық қызметтің маңызды
аспектісі. Сапа проблемасы, барлық елдерге экономикалы жағдайына қарамастан
актуалды болып есептеледі. Қазіргі уақытта дайындаушы, және осы сатушы
делдалдарды тауар маркасының беделдік нөмірлеуде, дүние жүзілік рынокта
бәсекелестігін арттыруда стандарттаудың міндетті талабын орындауға көп
көңіл бөледі. Сол есебін дайындаушылар, тұтынушылар және сатушылар барлық
басқару деңгейіндегі тиімді қарым-қатынасын, бәсекелестігі стандарттар
арқылы, қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта прогресивті стандарттар талабын орындау қатар
өндірушілерге шығарылған тауарлармен қызмет етушілерге сапа және
қауіпсіздік сертификаттың қоса бекіткен жоқ, себебі арыз берушілер мен
тұтынушылардың сенімін арттыруда сапа жүйесін сертификаттау маңызды орын
алады .
Отанымыздың стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерін
халықаралық ережелерімен үйлестіру сұрағы алдыңғы қатарда тұр, себебі
Қазақстан Республикасының дүние жүзілік сауда ұйымының кірудің маңызды
сатысы болып табылады. Еліміздің нарық экономикасына енуіне байланысты
тұтынушылардың сенімін алу өніммен бәсекелестік дәрежесін көтеруде
мамандар стандарттау метрология және сертификаттау әдістері мен ережесін өз
нәтижесінде қолданып өнім сапасын көтеруге бағыттау керек.
Тағам өнімдерінің қәуіпсіздігін қамтамасыздырудың медициналық
проблемасы ол адам денсаулығына зиян анықтау үшін мониторына ұйымдастыру
болып табылады. Бұл процесс 4 кезектен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы проблемалардың бірі тағам өнімі мен тағам
шикізатының сапасын бақылау болып табылады. Қолданылып жүрген бақылау
жүйесі өзін-өзі толық анықтайды, ол негізінде нормативті құжат тардың
аздығына және материалдық-техникалық қамтамасыздандырудың деңгейіне
байланысты.
Елімізге жағдайды жан жақты талдау барысында маңызды міндеттердің бір
жаңа нормативті құжаттар шығару ол керекті өніммен тағам ішкі заттың
микробиалогиялық тазалығы көрсеткіштерін регламенттеудегі халықаралық
стандарттар талабына сай болуы қажет.
Кейбір ғалымдардың айтуына қарағанда, кәзіргі уақытта өндіруші
немесе технологиялық процесті сертификаттау қажеттілігін тауып алып,осы
жағдайда сертификаттау жұмысын жүргізетін органдар өнім сапасы
сертификаттың жүру мерзімі біткені бір қалыпты болуына күнәһар болмауы
керек.
Өндірісті сертификаттаудың мақсаты шығарылатын өнімнің қарастырылған
технологиялық параметрлеріне сәйкестігін анықтап оған кепілдік беру. Осы
жағдайда өндірістен тұтынушыларға түскен өнімдерді сапасы сынақтардан
өткізуге болады, және оның қауіпсіздігіне өнім артады. 2000жылы Қазақстан
Республикасында сертификаттау жұмыстарын өткізу процедурасын анықтайтын
негіз қалаушы стандарттар қабылдаған. Олар МЕМ СТ 3.1-94, МЕМ СТ 3.2-94,
МЕМ СТ 3.3-94 МЕМ СТ 3.4-94 сонымен қатар Алматы қаласы бойынша 20
сертификаттау органы және 50 сынақ лабороториясы аккредиттелген.
2001 жылы АҚ ҰССО филиалдары бойынша Алматы филиалы бірінші болып
халықаралық дәрежеде сапа жүйесіне сәйкестік сертификат алды.
2002 жылы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасымен
метрологиялық ережелерімен талаптары және сертификаттау ережелерін
шаруашылық субъектілерінің сақтауын 416 жерде өткізген, оның ішінде 182
немесе 43,7% стандарт талабын сақтау жерінде, 132 % стандарт талабын сақтау
жерінде, 42 немесе 10% метрологиялық тексеру, 28 немесе 8,7% -
сертификаттау орталығының аккредиттеу аймағын меңгереді. 2001 жылы
өткізілген мемлекеттік қадағалау органының қызметінің нәтижесінде 83,4
шекті құны бар стандартқа сәйкес сертификатталмаған өнімдер, сынақ
тоқтатылмаған өнімдер, сонымен қатар 172 қызметкер стандарттау және
сертификаттау саласында жіберілген кемшіліктері үшін 3,5 миллион т.
мөлшерінде асып төлеген.
Қазақстан Республикасында тағам сапасын бақылауға байланысты
проблемалар жеткілікті. Қолданылып жүрген бақылау орталықтары оларға
(материалды – техникалық) толық баға бере алмайды. Ол еліміздегі материалды
- техникалық базалық деңгейі төмен болғандықтан және нормативті құжаттардың
аздығына байланысты.
Тағам шикізатының сапа көрсеткіштері мен қауіпсіздігін нормалау
маңызды проблема болып табылады. Ол сертификаттау процестері бір қатар
қиыншылықтармен еліміздегі (шикізатының) көптеген сынақ лабороториялары
тағам шикізатының сапасын анықтауға арналған жабдықтарының аздығынан
олардың сапасын анықтауға толық мүмкіншілік етпейді.
Елімізде жасалып жатқан нормативтік құжаттар халықаралық стандарттар
талабына сәйкес болған жағдайда тағам шикізатындағы микробиологиялық
тазалығын анықтауға мүмкіншілік етеді.
Тағам шикізатының сапасына мониторинг ұйымдастыру арқылы тағамдардың
азықтық және биологиялық құндылығын арттыруға болады.
Көптеген ғалымдардың ойынша қазіргі уақытта тағам өнімдерін
сертификаттау немесе өндірісті аттестатциялау қажеттілік етеді.
Қазақстан Республикасында дүние тағамдану жүйесіндегі мемлекеттік
саясат жоқ, сонымен қатар халықаралық және мемлекеттік стандарттар туралы
ақпараттық мәліметтер өте аз, сонымен қазіргі жағдайда тағамдық
қауіпсіздігін сапасын бақылаудың инструменталды және аналитикалық базасы
қатар дамыған .
Республикамыздағы өнімдерді, процестерді, қызметтерді сертификаттау
қызметі Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы 1993,1999 жылғы
заңдары негізінде өткізіледі. Осы қызметті жүргізу процесі кезінде
мемлекетаралық кеңестің халықаралық стандарттау ұсынымдары міндетті түрде
ескеруі керек.
Сертификаттау туралы заңды орындау үшін елімізде мемлекеттік
сертификаттау жүйесі құрылған. Жүйеде 18 негіз қалаушы мемлекеттік
стандарттармен құжаттар, бір түрлі өнімдерге арналған сертификаттау туралы
ережелер бекітілген.
Диплом жұмысының мақсаты:Шәй өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын
талаптарды қарастыру.Дайын өнімінің сапа көрсеткіштер мен оны бағалау
әдістеме жөнінде мәліметті толық шынайы қалыптастыру квалиметрияның сапа
туралы бөлімінің маңызды мақсаты болып табылады. 
Диплом жұмысының міндеттері:

1) Шәй өнімдерін сынау;
2) Шәй объектілеріне қойылатын талаптарды қарастыру.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі:Шәй өнімдерін сынауды қарастыру.Қазіргі
кезде ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында
экономикалық, техникалық және ғылыми қатынастардың дамуына байланысты халық
шаруашылығының барлық салаларында сапа ұғымына көп көңіл бөлінуде. Әлемнің
дамыған және дамушы елдерінде, халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен
фирмаларда, түрлі кәсіпорындарда, өндіріс пен экономиканы бағалауда өнімнің
сапасын басқару өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің
дамуына байланысты сапаны басқару өрісі күннен күнге кеңеюде.
Зерттеу нысаны:Шәй өнімі. Кез келген өнімнің басекеге қабілеті болу
керек, және ол үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты
кешенді зерттеу керек.

1 Өнімді сертификаттау
1.1 Өнімнің сапа денгейін бағалау

Сертификаттау деген ұғымның күнделікті және коммерциялық тәжірибеде
қолданылып жүргеніне көп уақыт болмаса да (соңғы он жыл шамасында) ол ұғым
ретінде 19 ғ. белгілі. Мысалы, Ф.А.Бронгауз және И.А.Ефронның 1900 жылы
шыққан энциклопедиялық сөздігінде сертификаттаудың бірнеше анықтамалары
келтірілген. Соның бірінде сертификаттау – ол куәландыру делінген.
Тауар өндірушілер ертеде өздері шығарған бұйымның сапасына кепілдік
бергені туралы, және ол кепілдіктер жазбаша түрінде, яғни сәйкестік
мәлімдемесі берілгені туралы деректер кездеседі. Мұндай мәлімдемелер
көптеген жағдайларды қамтыған және солардың ішінде бейнелеу өнері де бар.
Қайта құру дәуірінде өмір сүрген суретшілер өз туындылары 300 жыл сақталады
деп кепілдік берген. Мұндай кепілдіктер көп жағдайда шындыққа ұласқан.
Келтірілген мысалдарды бірінші жақтардың кепілдігі деп қарастыруға болады.
Метрологияда сертификаттау приборларды тексеру және таңба қою шаралары
түрінде белгілі болған. Қойылған таңбалар прибордың конструкциялық және
метрологиялық сипаттамалары сертификаттау деген ұғым 100 жылдан астам
қолданылады. Осы уақыт аралығында Халықаралық өлшемдер мен салмақтар
бюросының тұрғысынан атқарылған жұмыстарды үшінші жақ жүргізіп отырған
сертификаттау деп есептеуге болады. КСРО кезінде отандық экспортқа
шығарылатын өнім түрлері сертификатталған. Алғашқыда олар шетелдегі
орталықтарда жүргізілген. Сондықтан сертификаттаудың міндеттілігі отандық
емес сол тауар апарылатын елдердің заңдарымен белгіленетін[1].
1984 жылы КСРО Үкметі экспортқа шығарылатын өнімді сертификаттау
жөнінде Қаулы қабылдады. 1986 жылы елде машина жасау саласының өнімдерін
сертификаттау туралы уақытша тәртіп енгізілді.
Айта кететін жағдай – КСРО-да өнім сапасының талапқа сәйкестігін
бағалау шетелдерден өзгеше жүрігізілді: сапа категориялары бойынша
аттестаттау, өнімді мемлекеттік қабылдап алу, мемлекеттік сынақтар,
стандарттарды мемлекеттік қадағалау. КСРО ыдырағаннан кейін өнім сапасының
талапқа сәйкестігін бағалаудың бұл әдістері ресми түрде жойылды. Қазақстан
Республикасында сертификаттау 1991 жылы қабылданған Тұтынушылардың құқығын
қорғау туралы Заңға сәйкес жүргізіле бастады. Заң халық тұтынатын
тауарлардың қауіпсіздігін міндетті түрде сертификаттауды белгіледі.
Сертификаттау-дайындаушы (сатушы, атқарушы) мен тұтынушыға (сатып алушыға)
тәуелсіз органның өнімнің, процесстің, жұмыстың, қызмет көрсетудің
нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша растауы.
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі - өз құзіреті шегінде сертификаттау
саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының,
жеке немесе заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасындағы
сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін
нормативтік құжаттардың жиынтығы. Бұл анықтамалар 1999 жылы қабылданған
Қазақстан Республикасының Сертификаттау туралы заңында келтірілген.
Сертификаттаудың объектілері болып өнімдер, қызмет көрсетулер,
жұмыстар, сапа жүйелері, қызметкерлер, жұмыс орындары т.б. табылады.
Өнімді, қызмет көрсетулерді және басқа объектілерді сертификаттауға
бірінші, екінші, үшінші жақтар қатысады. Бірінші жаққа жататындар
дайындаушының, екінші жаққа жататындар сатып алушының мүддесін
қорғайтындар. Үшінші жақ – қарастырылып отырған мәселелерег қатысты
жақтардан тәуелсіз жеке тұлға немесе орган. Сертификаттау міндетті және
ерікті болып екіге бөлінеді. Міндетті сертификаттауға жататын өнім тізімін
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді[2].
Сертификаттау жүйелері ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейлерде
құрылады. Біздің елімізде сертификаттау саласындағы жұмыстарды басқаруды
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және
сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік оган жүзеге асырады.
Қазақстандағы сертификаттаудың қазіргі жағдайы мен даму жобасы:
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей біздің
экономиканың бәсекелестігі, көбінесе өнеркәсіптердің жылдам халықаралық
стандарттарға өтуіне байланысты. Қысқа мерзімде Қазақстан Батыс Европа
елдерінің өнім сапасын басқаруында жарты ғасырлық тәжірибесін қабылдау
керек. Үкімет үш салалық бағдарламаны қабылдап, еңгізуде: 2007-2009
жылдарға арналған техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасы, 2007-2009
жылдарға арналған мемлекеттік өлшем бірлік жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі
дамыту бағдарламасы және Қазқстанның халықаралық стандарттарға өту
бағдарламасы.
Ұлттық стандарттың жеделдетілген үйлесімдігі, оның деңгейін 65%
жеткізуі шешілу үстінде. ҚР сертификаттау ҚР заңдарына Техникалық реттеу
туралы, Тұтынушының құқығын қорғау туралы сәйкес жүзеге асырылады.
Сертификаттаудың нормативтік базасы және заң құрылымы (1 сызбанұсқа)
көрсетілген.
ҚР 2015 жылға дейінгі менеджмент жүйесінің даму концепциясында
стратегиялық міндеттері:
1) менеджменттің заманауи жүйесіне әлемдік тәжірибені еңгізу, интеграциялық
жүйені қоса алғанда ҚР ұйымдар мен кәсіпорындар санын көбейту;
2) менеджменттің заманауи жүйесін ендіруде кәсіпорындарға көмек көрсету;
3) менеджмент жүйесі бойынша эксперт-аудиторларды аттестаттау және дайындау
жүйесін жетілдіру;
4) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапа саласындағы
жетістіктіерін, қолдау механизмдерін жетілдіру және дамыту.

Сызбанұсқа 1.Сертификаттаудың нормативтік базасы және заң құрылымы

Сонда да Қазақстанда менеджмент жүйесін жасау және еңгізуде қол жеткен
табыстарды толық деп санауға болмайды галиядан алу

Сәйкестік
сертификаты – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелері бойынша
берілген, тиісті түрде бірдейлендірілген өнімнің, процестің, жұмыстың,
қызмет көрсетулердің, техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе
өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне қажетті сенімділік
қамтамасыз етілгендігін көрсететін құжат[3].
Сәйкестік белгісі-мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне
сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, поцестің, жұмыстың немесе нормативтік
құжатқа сәйкес екенедігіне қажет сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін,
белгіленген тәртіппен қорғалған белгі (ҚР Сертификаттау туралы Заңы).
Сертификттаудың мақсаттары. Сертификаттау мынандай мақсаттарға жетуге
бағытталған:
1) тұтынушының өнімді (қызметті) таңдағанда алдын-ала хабардар болуы үшін;
2) тұтынушыны өнім шығарушының (сатушының, орындаушының) арам ниеттілігінен
қорғау;
3) өнімнің (қызметтің, жұмыстың) қоршаған ортаға адам өміріне,
денсаулығына, жеке мүіктеріне қауіпсіздігін тексеру;
4) өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өндіруші көрсеткен сапа көрсеткіштерін
растауы үшін;
5) мекемелер мен кәсіпкерлердің ел ішіндегі тауар рыногында, сонымен қатар
халықаралық, экономикалық, ғылыми-техникалық қарым-қатнастарда және
халықаралық саудада жұмыс жүргізуіне жағдай жасау.
Сертификаттаудың принциптері: сертификаттауды жүргізгенде мына
принциптерге сүйену керек:
1) сертификаттаудың заңдылық негіздеріне (Қазақстан Республикасында
сертификаттау жұмысы Сертификаттау туралы, Тұтынушының құқығын қорғау
туралы Заңдарына және басқа да нормативтік актілерге негізделген).
2) сертификттау жүйесінің ашықтығы (Сертификаттау жұмысына отандық және
оның ережелерін мойындайтын және орындайтын шетелдік кәсіпорындар,
мекемелер, ұйымдар қатыса алады.)
3) сертификаттау ережелерін және нұсқауларын халықаралық нормалармен және
ережелермен үйлестіру. (Үйлестіру сертификаттар мен сәйкестік белгісінің
шет елдерде танылуы және халықаралық, аймақтық, басқа елдердің
сертификаттау жүйелерімен тығыз байланыста болуы үшін).
4) ақпараттар ашықтығы және жабықтығы (Сертификаттау кезінде оның барлық
қатысушылары-дайындаушылар, тұтынушылар, сертификаттау органдары, сонымен
қатар барлық мүдделі жақтар-қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, жеке тұлғалар
оның ережелері және нәтижелері туралы хабарландырылуы қажет. Тағы да
ескеретін жағдай – сертификаттау кезінде коммерциялық құпия болып
табылатын ақпараттар жария етілмеуі тиіс.
Міндетті сертификаттау - өнімнің заңдарда белгіленген міндетті
талаптарға сәйкестігін уәкілетті органның растау. Тауар сапасына қойылатын
міндетті талаптарға қауіпсіздік, экологиялық, сиысымдылық және өзара
алмасымдылық жатады. Міндетті сертификаттауда сәйкестік сертификаттары және
сәйкестік белгісі Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында
қолданылады[4].
Сертификаттау туралы Заңына сәйкес ерікті сертификаттау өтініш
берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы
бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш
беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау
мақсаттарында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды
алмастыра алмайды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттау, ал шет
елдерде-ерікті сертификаттау басым.
Кемелденген нарықтық экономика жағдайында ерікті сертификаттауды
қолдану саудадағы техникалық кедергілерді жою шарты ретінде қалыптасып
келеді, өйткені бәсекелесу мүмкіндігін ұлғайта отырып дайындаушыға рыноктан
орын алуға мүмкіндік береді. Мысалы, ерікті сертификаттау Францияда осы
елдің NF стандарттарына сәйкестікті растайды және оның нәтижесінде өнім
NF белгісіне ие болады. Мұндай белгісі жоқ өнімдерге сұраныс жоқ. Осы
себепті француз фирмаларының 75% өнімі ерікті сертификаттаудан өтеді.
Өнім шығарушылар және қызмет көрсетушілер (бірінші жақ), мәлімдеушілер-
сатушылар (бірінші немесе екінші жақ), үшінші жаққа жататын ұйымдар-
сертификаттау органдары, сынау зертханалары (орталықтары) сертификаттаудың
қатысушылары болып табылады. Негізгі қатысушылар-мәлімдеушілер,
сертификаттау органы және сынау зертханалары. Дайындаушылар (сатушылар,
орындаушылар) сертификаттауды өткізгенде мыналарға міндетті:
1) уәкілеттігі бар орган берген сертификаты немесе сәйкестік туралы
деклоарациясы (белгіленген тәртіппен қабылданған) бар болғанда ғана
өнімді тарату және қызметті көрсету;
2) таратылатын өнімнің (қызметтің) нормативтік құжаттарға сәйкестігін
қамтамасыз етіп, оны сәйкестік белгісімен таңбалау;
3) ілістіріліп жіберілетін техникалық құжатта сертификаттау немесе
сәйкестік декларациясы туралы деректерді көрсетіп және осы ақпаратты
тұтынушыға (атып алушыға) жеткізу;
4) сертификаттау органдарының қызметкерлеріне және сертификатталған өнімді
тексеушілерге өздерінің өкілдігін ешбір кедергісіз атқаруды қамтамасыз
ету;
5) өнім нормативтік құжаттарға сәйкес болмаған жағдайда немесе
сертификаттау мерзімі бітсе оны таратуды тоқтату;
6) сертификаттау кезінде тексерілетін сипаттамаларға әсер ететін өзгерістер
туралы сертификаттау органын хабардар етіп тұру. Сертификаттау органы
мынандай функцияларды атқарады:
7) өнімді (қызметті) сертификаттайды, сәйкестік белгісін қолдануға
сертификат немесе лицензия береді.
8) сертификатталған өнімге, қызметке инспекциялық бақылау жүргізеді.
9) өздері берген сертификатты тоқтатады немесе жояды.
10) мәлімдеушіге қажетті ақпараттарды беріп тұрады.
Сертификаттау органы сәйкестік сертификатының берілуінің дәлелділігіне
және дұрыстығына, сертификаттау ережелерінің сақталуына сақталуына жауапты.
Тіркеуден өткен сынау зертханасы нақтылы өнімге сынау немесе нақтылы сынақ
хаттамасын дайындайды. Сынақ зертханасы өздері жүргізген сертификаттау
сынақтарының нормативтік құжаттардың талаптарына, сәйкестігіне, дұрыстығына
және әділдігіне жауапты. Егер сертификаттау органы сынақ зертханасы ретінде
тіркелсе онда ол сертификаттау орталығы деп аталады.
Сертификаттаудың басты қатысушысы ол сарапшы-аудитор белгілі қызмет
саласында тіркеу немесе сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін
белгіленген тәртіпте аттестатталған маман. Оның біліміне, тәжірибесіне,
іскерлігіне, яғни оның білімділігіне сертификат беру туралы шешімнің
әділдігі мен дұрыстығы тікелей байланысты[5].
Сертификаттау жұмыстарына атқарушы өкілеттің бірнеше федералды
органдары қатысады. Олардың осы бағыттағы жұмыстарын мемстандарт ұлттық
орган ретінде үйлестіріп отырады. Үйлестіру сертификаттау жүйесін,
сертификаттау объектілерін, тіркейтін органдарды таңдауды белгілі
ережелерге бағындыру туралы келісім түрінде қалыптастырылады.
1 кестеге сәйкес сертификаттау сынақтар, сәйкестік өнімдер талабына
қауіпсіздікті анықтау мен қоршаған ортаны қорғау үшін, және маңызды
өнімдердің сапа көрсеткіштерін, сенімділігін, экономдығын т.б. өткізеді.

Кесте 1. - Сертификаттық бақылау

Өнім
Тұрмыстық химия тауарлары Ауылшаруашылық және тағам өнімдері
Тағам, су және ауа терісімен Отындық шикізат түрлері
байланысатын халықтық тұтынатын Зиянды өндірістегі потенциал-ды өнім
тауар Темір жол саласының өнімдері
Ораушы тара Арнайы техникалық қорғану құралдары
Ағаштан өңделген тауар
Құрылыс бұйымы мен материалдары
Жеңіл өнеркәсіп өнімі
Дәрі - дәрмек өнімі

Ерікті сертификаттау жөніндегі орган:
1) өнімді сертификаттайды, сертификат береді, өтінушімен жасалған келісім
негізінде сәйкестік белгісін қолдануға құқық береді.
2) берілген сертификатты қолдануды тоқтадаты немесе оның күшін жояды.
Ерікті сертификаттау жүйесін құрған заңды тұлға осы сертификаттау
жүйесінде жұмысты жүргізу ережесін, ақы төлеу тәртібін бекітеді және
жұмысқа қатысушыларды белгілейді (2 сызбанұсқа).
1) Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынау зертханалары
болып әртүрлі меншік нысанындағы сертификатталған өнімдердің не
дайындаушысы, не тұтынушы емес, белгіленген тәртіп бойынша
тіркеуден өтіп сертификаттау жұмысын жүргізуге лицензиясы бар
мекемелер тіркеледі.
2) Сертификаттау органдарын және сынау зертханаларын тіркеуді
Қазақстан Республикасының мемстандарты ұйымдастырады және
жүргізеді.
3) Егер тіркеу жүйесінде өнімді (қызметті) сертификаттауды бірнеше
мекемеде өткізуге болатын болса, онда өзіне лайықты сертификаттау
органын өтінуші өзі таңдайды.
4) Отандық және шет елден әкелінген өнімдерді сертификаттау бірдей
ережелер мен рәсімдер негізінде жүргізіледі.
5) Міндетті сертификаттау жүйесінде сертификаттар мен тіркеу
аттестаттары сертификаттаудың мемлекеттік жүйесіндегі тізілімге
тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
6) Барлық құжаттар (өтініштер, хаттамалар, аттестатар) мемлекеттік
және орыс тілдерінде жүргізіледі.
7) Сертификаттауға қатысушылардың іс-әрекеттеріне байланысты дау
шықса, мүдделі жақ сертификаттау органдарына, Мемстандартқа
Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен шағым
жасауға мүмкін.
8) Біркелкі өнімдерді немесе қызмет топтарын сертификаттау оны жүргізу
жүйесінде белгіленген схемалар бойынша атқарылады
Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар:
1) Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар белгілейтін талаптар
ғылымның, техника мен технологияның қазіргі заман жетістіктеріне
негізделуі, халықаралық (аймақтық) стандарттардың, сертификаттаудың,
сертификаттау жөніндегі ережелердің, нормалар мен ұсынымдардың
талаптарына сәйкес келуі, өнімді пайдаланудың, процестерді, жұмыстар мен
қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс.
2) Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары халықаралық
саудада қосымша кедергі келтірмеуге тиіс.
3) Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында олардың
жобаларының мәтіндері (заңмен қорғалатын құпия болып табылатын
ақпараттардан басқалары) талқылау және мүдделі мемлекеттік басқару
органдарының, жеке және заңды тұлғалардың ескертпелер мен ұсыныстар
дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарына немесе мемлекеттік органның
арнаулы басылымдарында жарияланады.
4) Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін негіз
ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар қолданылуы
тиіс.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативтік
құжаттарда олар бойынша міндетті сертификаттау жүзеге асыратын талаптар,
осы талаптарға сәйкестікті бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың
ережелері, ілеспе құжаттамаға енгізілетін сертификаттау туралы ақпаратқа
қойылатын талаптар болуы тиіс[6].

Сызбанұсқа 2. Өз еркімен растауды қажет ететін нысана

Қазақстан Республикасының Сертификаттау туралы Заңында келтірілген.
Егер сертификаттаудан тыс құжаттар өнімнің белгіленген талаптарға
сәйкестігін тікелей немесе жанама түрде дәлелдейтін болса, онда
сертификаттау органы дайындаушыға осы құжаттар мен сәйкестік туралы
дкекларациясы негізінде сертификат бере алады[7].
Өнімді сертификаттау мынандай негізгі жүйеде жүргізіледі:
1) сертификаттау органына сертификттау жөнінде өтініш беру;
2) өтінімді қарастырып ол жөніндегі шешімді өтінушіге жіберу;
3) өтінуші мен сертификаттау органы өнімді сертификаттау жұмысын жүргізу
жөнінде шарт жасайды;
4) өнімнің үлгілерін іріктеу, ұқсастыру және сынаудан өткізу;
5) жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін талдау, сертификат беру мүмкіндігі
туралы шешім қабылдау;
6) сертификат беру және оны сертфикаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіміне
тіркеу;
7) сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау;
8) сертификатталған өнімді оның қабылданған схемасы бойынша инспекциялық
бақылау.
Сертификаттауды жүргізу үшін өтінуші сертификаттау органына өтінім
жолдайды. Бірнеше сертификаттау органы болған жағдайда өтінуші оның
қайсысына болса да өтінімін жолдай алады. Өтінуші ретінде өнімін
сертификаттауға ұсынып отырған, сертификаттау жүйесінің ережелерін
мойындайтын және оны жүргізу шығынын өтеуге міндеттеме ала алатын заңды
тұлға болуы мүмкін. Міндетті сертификаттауды сәйкестік туралы декларациясы
қолданылатын схемалар бойынша жүргізгенде өтінуші сертификаттау органына
өтініммен қоса сәйкестік туралы декларациясын да ұсынады.
Сертификаттау органы өтінімді қарастырып 2 апта ішінде өтінушіге
шешімін айтады. Шешімде сертификаттаудың барлық негізгі жағдайлары
келтіріледі: сертификаттау схемасы қажетті құжаттардың тізімі, тіркеуден
өткен сынау зертханаларының тізімі, өндірісті немесе сапа жүйесін
сертификаттауды жүзеге асыратын сертификаттау органдры. Нақтылы сынау
зертханасын, сапа жүйесін сертификаттай алатын сертификаттау органын
өтінуші өзі таңдайды. Өтінуші сертификаттауды өткізу жағдайымен келіскен
болса сертификаттау органына бекітілген шартты және белгіленген төлем
құжатын жібереді. Өтінімде көрсетілген өнімнің үлгілерін іріктеуді көп
жағдайда сынау зертханалары жүргізеді. Сынау өтінуші өндіретін өніммен
конструкциясы, құрамы, дайындау технологиясы бірдей үлгілерге жүргізіледі.
Іріктеп алынатын үлгілердің саны, оларды іріктеу методикасы, сәйкестендіру
және сақтау нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сәйкестендіру өнімнің нақтылығын, яғни оның атауына, таңбасында көрсетілген
партия нөміріне сәйкестігін анықтайды[8].

1.2 Сертификаттау негіздері

Сәйкестік сертификатының әрекет ету мерзімін ұзарту : Егер өнім
партиясы оған берілген сәйкестік сертификатының әректе ету мерзімі ішінде
сатылмаған жағдайда және өнімнің жарамдылық мерзімі шектен шықпаған
жағдайда берілген сертификатты оны берген ұйыммен ұзартуға болады, өнімнің
жарамдылық мерзімі шектерінде.Егер өнім оған берілген сәйкестік
сертифкатының әрекет ету периодында шығарылса (топтамалы өнімге берілген
сертификат), онда берілген сертификат берілген өнім партиясының жарамдылық
мерзімінің соңына дейін жарамды.
Шағым беру тәртібі : Өтініш беруші сертификаттау нәтижесіне,
сертификатты күшін жою суралы шешімді қарсы шыға алады.Ол үшін СРҰ
аппеляциялық комиссиясына қабылданған шешім туралы хабар алудан кейін бір
айдан аспай жазбаша түрде аппеляцияға бере алады. Себептерін нақты жазу
қажет.Егер өтініш беруші аппеляциялық комиссиясының шешімдерімен ыразы
болмаса, ол Қазақстан Республикасының Мемстандартының аппеляциялық
комиссиясына жолығуға құқығы бар[9].
Тауардың шығу елін сараптау. Шығу елін анықтау келесі құжаттармен
регламенттеледі:
1) тауардың шығу елін анықтау және тауардың шығуыөндірілуі туралы
сертификатты беру ережелері (ҚР сауда және Индутсрия Министрімен
2009жыдың 11 наурызында №59 Бұйрығы);
2) 2003 жылдың 5 ақпынында №401-ІІ Қазақстан Республикасының кедендік
кодексі;
3) тауардың шығу елін анықтау ережелері (2000 жылдың 30 қарашасында ТМД
елдері Үкіметтері басшыларының Кеңесі шешімімен бекітілген);
4) 2003 жылдың 15 қазанында №1054 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Жарлығы Об утверждении критериев достаточной переработки товаров;
5) Еуропалық Экономикалық Одақтың №245493 нұсқауы, жаңартулары
енгізілген №1297, №461999.
Тауардың шығуы туралы сертификаты тауардың шығу елін күәландыратын
құжат.
1) Тауардың шығуын сертификаттауға төменде көрсетілгендер кіреді:
2) берліген құжаттарды сараптау (жинақтылығы, түп негіздігі, қажетті
ақпараттың бар болуы);
3) сыртқы белгілері бойынша тауарды идентификациялау;
4) жеткілікті өңдеуқайта өңдеу критериін бекіту мақсатымен тауарды
өндірудегі технологиялық үрдістерді сараптау және тауарға қосылған
құнды анықтау;
5) зертханалық сынақтар (тауарды басқа әдіспен идентификациялана алмаған
жағдайда).
6) Сараптау нәтижесі бойынша тауардың шығуы туралы сарапшылық шешім
беріледі:
7) тауар толығымен Қазақстанда шығарылған;
8) жеткілікті өңдеуқайта өңдеу критетриін есепке ала отырып тауар
Қазақстанда шығарылған;
9) тауар Қазақстанда шығарылмаған;
10) немесе тауардың шығуын сараптауын өткізуге дәлімді бас тарту
11) Тауардың шығу елін сараптауын өткізу (жалпв жағдайда) үшін келесідей
құжаттар ьерілуі қажет:
12) өтініш берушінің заңды деңгейін анықтайтын құжат (жеке кәсіпкерге-жеке
күәлік, паспорт, жеке кәсіпкердің күәлігі немесе патенті);
13) келісімнің немесе сыртқы саудалық шарттың түп нұсқасы және көшірмесі;
14) тауарға инвойстың немесе шот-фактураның түп нұсқасы және көшірмесі;
15) тауардың щығу елін күәландыратын құжаттың түп нұсқасы және көшірмесі
(тауарөндірушімен келісім немесе тауарды сатып алуға келісім, шоттар,
есеп-шот, тауарды тасымалдау туралы құжат);
16) қыжмет тұріне лицензияның түп нұсқасы және көшірмесі (тауар лицензиялы
болған жағдайда);
17) Жеткілікті өңдеуқайта өңдеу критериін анықтауға құжаттар (тауар
өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен құраушы құнын күәландыратын,
шикізатты әкелуге келісім шарт, шоттар, төлемдік тапсырмалар, көліктік
және басқа да есеп шоттар, тауар өндірілген нормативті және
технологиялық құжат, пайдаланылған құжат немесе шеттен әкелінген
құраушылардың құнын есептеу арқылы тауардың өзіндік құнын есептеу,
шығынды есептеу, қосымша құн);
18) ветеринарлық күәлік, жануартекті тауарларға;
19) қомадағы тауардың бар болуы мен оның көлемі туралы қоймалық
анықтамасы, қойманың мекен-жайы көрсетілуі тиіс;
20) өтініш беруші мүддесін көрсетуге сенімхат;
21) өсімдіктеткі өнімдергі: өтінімделген өнім партиясының Қазақстан
Республика аум өсірілуі туралы жергілікті өкілетті органмен берілген
күәлік-анықтамасы, және өнім өндірушімен тауарды сатып алу туралы
келісілген шарты (тауар өндірушімен келісілген шарттың түп нұсқасы
немесе нотариалды түрде бекітілген көшірмесі):
22) (ауылшаруашылық өнімді өндірушілер үшін-жер бөлігінің барлығын
күәландыратын құжат-аудан Әкімінің анықтамасы, жер кадастры, жалдау
туралы келісім шарт және т.б, технологиялық есеп беруді суреттеу, егу
нәтижелоері туралы есеп беру (4-сх нысандағы анықтама);
23) ары қарай сату мақсатымен тауарды алған кәсіпкерлер үшін-диқандық
шаруашылық тауарды сатып алу туралы шот-фактура немесе анықтама және
өнім қазақстандық өндірушіден сатып алынғанын күәландыратын құжат).
Барлық құжаттар 3 данада берілуі қажет: түп нұсқа мен 2 көшірме
(көшірмелер қайтарылмайды).
Сынау орталығы.Келесi өнiм түрлерiнiң сынауларын өткiзуге уәкiл
етiлген:
1) Ауылшаруашылық өндірісі мен тағамдық өндіріс өнімдері;
2) Парфюмерлі - косметикалық өнім;
3) Құрылыс материалдары, конструкциялары мен өнімдері;
4) Жиһаз бен ағаш өңдеу өндірісінің өнімдері;
5) Электротехникалық құралдар;
6) Механикалық көлік құралдары, автокөлік құралдары мен оның бөлшектері;
7) Тоқымалық және жеңіл өнеркәсіп өнімері
Менеджмент жүйесі : Менеджмент жүйесіне талаптарды бекітетін
халықаралық ИСО 9001 стандарты Қазақстанда Мемлекеттік ҚР СТ ИСО 9001
стандарты ретінде қабылданды.
ҚР СТ ИСО 9001 стандарты негізінде менеджмент жүйесін сертификаттауға
кәсіпорынды дайындау келесі кезеңдерден тұрады:
1) Кәсіпорындағы менеджмент жүйесін талдау (кәсіпорындағы әрекеттегі
басқару жүйесі ҚР СТ ИСО 9001 талаптарына қаншалықты сәйкес екендігін
тексереді)
2) ҚР СТ ИСО 9001 стандартына сәйкес менеджмент жүйесінің құжаттарын құру:
1) сапа бойынша басшылық;
2) құжатталған процедура;
3) жұмыс нұсқаулары;
4) міндеттемелік нұсқаулықтар
Кәсіпорында аталған құжаттардың бар болуы жағдайында оларды соңына
дейін жеткізу және актуализациялау.
1) Кәсіпорын қызметін менеджмент жүйесінің құрастырылған құжаттарының
талаптарына сәйкестендіру (менеджмент жүйесін енгізу).
2) Енгізілген менеджмент жүйесін ҚР СТ ИСО 9001 стандартына сәйкес аудит
өткізу [9].

1.3 Сертификаттау арқылы сәйкестігін растауды жүргізу

Өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізу реті:
Қазақстан Республикасының МСЖ өнімді сертификаттау жұмыстарын
жүргізуді мына реттермен көздейді:
1) сертификаттау ұйымына өтініш беру (сәйкестік өтінішін) және оны қарау;
2) өтініш (сәйкестік өтінішін) қарау, сертификаттау үлгілерін таңдау
нәтижелері бойынша шешім қабылдау;
3) өтініуші мен сертификаттау ұйымының арасында сертификаттау жұмыстарын
жүргізу туралы келісімге отыру;
4) өтінілген өнімді ұқсастыру, үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларын
жүргізу туралы келісімге отыру;
5) өтінілген өнімді ұқсастыру үлгі іріктеу және оны сынақ зертханаларына
жіберу;
6) Өтінілген өнімнің үлгілерін сертификаттау сынақтарын жүргізу және де
басқа да сертификаттау үлгілері бойынша жұмыстарды жүргізу;
7) Сынақ нәтижесін талдау немесе сәйкестік өтініші бойынша берілген
құжаттарды қарау;
8) сәйкестік сертификатын беру мүмкіншілігін ьеру туралы шешім қабылдау;
9) сертификатты Қазақстан Республикасының МСЖ мемлекеттік тізіміне тіркеу
және оны өтінушіге беру, сейкестік белгісімен өнімді таңбалау (егер ол
сертификаттау үлгісі бойынша көзделген бойынша) құқығын беру;
10) өнімнің сертификатталған сипаттарының тұрақтыығына және сакпаның
менеджмент жүйесінің жүзеге асуына (егерол сертификаттау үлгісі көзделген
болса) инспекциялық бақылау жүргізу;
11) өнімді сертификаттау туралы ақпарат беру.
Өтініш беру және оны қарау:
1) өнімді сертификаттауды өтушінің аккредиттеу аясына осы өнім кіретін
сертификаттау ұйымына берген өтініші негізінде жүргізіледі.
2) өтініш сертификаттау ұйымымен бірлесе отырып өнімді сертификаттау үшін
сертификаттау үлгісін таңдайды.
3) осы өнімді сертификаттайтын бірнеше ұйым болған жағдайдв өтінуші өз
өтінішін оның кез-келгеніне жіберуі мүмкін.
4) сертификаттау ұйымы, өтініш алынған және және тіркелген күннен бастап 2
апта ішінде, өтінушіге өтінішті қарау негізінде шығарылған шешімді және
өтінілген өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған 2 дана
келісімді жібереді.
5) шағын кәсіпкер субъектері үшін бұл жұмыс бір апта ішінде жүргізілуі
тиіс.
6) өтініш бойынша қабылданған шешімде сертификаттаудың негізгі жағдайлары
көрсетіледі: ұсынылған сертификаттау үлгісі сынақ зертханасы
сертификатталған өнімге өткізілетін инспекциялық бақылау.
7) өтініш бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін өнімді сертификаттауға
қатысушыларға жібереді.
8) өтінішті қанағаттандырылмаған жағдайда сертификаттау ұйымы өтініш бойын
шешімімен бірге нақты негіздегі бас тарту мен бірге оны меншікті
құжаттарын қайырады.
9) өтінуші өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге келіскен жағдайда, ол
сертификаттау ұйымына өзі қол қойған келісімнің бір данасын және осы
келісімде көрсетілген шамадағы алдын-ала тқлем ақысын сертификаттау
ұйымының есепшотына жіберілген туралы құжат көшірмесіне бірге жібереді.
Сонымен бірге өтінуші, қажетіне орай, сертификаттау ұйымымен өтінілген
өнімнің үлгісін іріктеу мерзімін келіседі[10].
Үлгіні іріктеу және өнімді ұқсастыру:
1) өтінілген өнімнің үлгіні сертификаттау ұйымы іріктейді. Қажетіне орай
сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді аккредиттелген сынақ зертханасына
жүктеуі мүмкін.
2) сертификаттау ұйымы үлгі іріктеуді өтінушінің өзінеде жүктеуі мүмкін.
Бұл жағдайда өтінуші бұйрығымен тағайындалған үш адамнан кем емес
тұратын тәуелсіз ұйымдардың өкілдерінің құралған білікті коммиссия
үлгіні іріктейді.
Комиссия мүшелерінің жұмыс төлемінің өтінуші төлейді.
1) іріктелетін үлгі саны оны іріктеу әдістері, ұқсастыру және сақтау
өтінілетін өнімнің нормативті құжаттарында көрсетілген талаптарына
сәйкес болуы тиіс. Бұндай нормативтік құжат жоқ болғанда немесе
олардың талаптары жетімсіз болғанда, үлгіні сертификатту ұйымы
қабылдаған әдістерге немесе басқа құжаттарға сәйкес іріктейді.
Іріктелетін үлгінің конструкциясы, құрамы және өндіру технологиясы
тұтынушыға (тапсырушыға) жіберілетін, өтінілген өніммен бірдей болуы
тиіс[11]
2) ҚР СТ 1014 талаптарына сәйкес қажетті түріне ұқсастырылған, іріктелген
үлгіні іріктеген адамдардың (комиссияның) көз алдында қапталады және
пломбыланады (егер оның қажеттілігі немесе мүмкіншілігі болса). Содан
соң іріктеу актісі және құрамы мен мазмұны сертификаттау ұйымы
бекіткен техникалық құжаттың есептелген данасымен бірге стандарттау
ұйымы анықтағанаккредиттелген зертханаға орталыққы жіберіледі. Өнімді
сертификаттау кезінде қолданыладын үлгілеімен іс істеуді ҚР ЕР 50.3.19
жағдайларын басшылыққа алу қажет.
Сертификаттау мақсатында сынау жүргізу:
1) сынақ зертханасы өтінілген өнімге сынақты сертификаттау ұйымымен сынау
әдістерін бекіткен нормативті құжат көрсеткен мерзім ішінде жүргізуі
тиіс. Ең болмаса көрсеткіштерідң бірінен сынаулардың жағымсыз
нәтижелерінде өнді сертификаттау мақсаты мен сынаулар тоқтатылады.
2) хаттама ретінде дайындалған сынақ зертханасы сертификаттау ұйымына
жібереді
3) сынақтың терсі нәтижесі болғанда сертификаттау ұйымы сәйкестік
сертфикатын бермеу туралы шешімді сынақ хаттамасы мен бірге өтінушіге
және өкілетті ұйымға жібереді.
4) өтінушінің өтініш беру кезінде қолында өкілетті ұйымның мемлекеттік
бақылау бқлімшесінің өкілі іріктеп, Қазақстан Республикасының МСЖ
аккредиттелген немесе танылған сынақ зертханасында сыналғаны туралы
сынақ хаттамасы болған жағдайда сертификаттау ұйымының шешімі бойынша
өнінің сыналған көрсеткіштерін сынақ жүргізбеуі мүмкін.
5) егер нормативті құжатта бекітілген сынаққа шығатын шығын қамбат,
мерзімі ұзақ, және де қиын тасылатын заттар, сертификаттау сынағы
күрделі, үлгі іріктеу қымбат болған жағдайда сертификаттау ұйымы
сертификаттау сынағы мен сертификаттау ұйымының өкілі қатысатын
өндіріс процесінде өтетін сынағын біріктіру туралы шешім қабылдауы
мүмкін.
Сертификаттау процедурасы өз пайдалану тарихында бір қатар өзгерді. Ең
маңыздысы- басқаруда тиімді құрал ретінде кері байланыс ұстанымның
қолдануы. Осы ұстанымды өнеркәсіпті басқаруда қолданса, керісінше нәтиже
әклуі мүмкін, мысалы оның позициясын жою. Кері байланыстың мағынасы,
ерекшелігі және мәні мониторинг өткізу мүмкіндігімен шартталған немесе
көңіл аударатын нысандарын табу үшін. Алынған сигналдар операторды немесе
басқарушыны жұмыс процесін қалпына келтіру үшін қажетті әрекеттерді
қабылдауына итермелейді. Осындай механизмдер болмағанда өндіруші емес
шығындар өседі де, өндірістік тәртіп төмендейді, ол болса өнеркәсіптің
көрсеткіштеріне әсер етеді[12].
Сәйкестік өтінішін қарау және өндіріс жағдайын талдау:
1) сертификаттау үлгісіна байланысты өнімді сертификаттау сынағынан
өткізкізгенінен басқа өндіріс жағдайын таңдау (2,3,4,10 үлгілері,),
өндірісте немесе сапа менеджменті жүйесін сертификатттау (5 және6
үлгілері) жүргізіледі.9 және 10 үлгілері бойынша өнімді сертификаттату
үшін сәйкестік өтінішін берілген құжаттармен бірге қарайды.
2) өндіріс жағдайын талдау сертификаттау ұйымының өнімнің және оның өндіріс
ерекшелігін еске ала отырып жасаған бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Бұл кезде:
1) нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, оның
жағдайлары;
2) технологиялық процестерді сақтау және оның метрологиялық қамсыздану
жағдайлары;
3) кіріс қабылдау, тексеру жүйелері және кезеңдік сынақ жүргізілуі болуы;
4) сертификатталған өнім сапасының тұрақтылығы
5) сақталу жағдайларының болуы;
6) шағымдарды есепке алу және талдау тексеріледі;
Тексеру нәтижесі акт пен аяқталады және қажетті қорытындысымен
өтінушігі беріледі. Тексерудің теріс нәтижесі болған жағдайда өтінілген
өнімді таңдалған үлгі бойынша сертфикаттау жұмыстары тоқтатылады да, ол
туралы сертификаттау ұйымы үш күн ішінде өтінушіге жазба түрінде хаттар
береді. Анықталған жетіспеушіліктерді жойған соң немесе сертификаттаудың
басқа үлгісін таңдаған өтінуші сертификаттауға жаңа өтініш береді:
1) өтінушіде Қазақстан Республикасы МСЖ ұйымы немесе Қазақстан Республикасы
МСЖ танылған ұйым берген өндіріске немесе сертификатталған
өнімніңөндірісіне немесе сапа жүйесе менеджментіне сертификаты болған
жағдайда, өндіріс жағдайын талдау қажеттігі жоқ.
2) сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау
процедуралары жеке де және өнімді сертификаттау процедураларына қосымша
болуы мүмкін. Екі жағдайларда да бұл жұмыстарды өнімге сәйкестік
сертификатын бермес бұрын жүргізіледі[13].
Сапа жүйесі менеджментінің немесе өндірісінің сертификаттау тәртіптері
ҚР СТ 3.15.1, ҚР СТ 3.15.2, ҚР СТ 3.15.3.
Сәйкестіктігін растау бойынша аккредиттелген органдар саны бүгінгі
күні 2001 ж салыстырғанда 2-ден 188-ге дейін артты, сондай-ақ эксперт-
аудиторлар саны да өскен. Бүгінгі күні ҚР-да 21 мың мемлекетаралық, 1442-
мемлекеттік стандарттар бар, оған қоса өндірушілер басқа елдердің ұлттық
стандарттарын және халықаралық стандарттарды да қолдануға мүмкіндік бар.
Республикада халықаралық стандарттарды еңгізуді ынталандыру мақсатында ҚР
мемлекеттік стандарты нақты қолданушыға арналған шет елдік және халықаралық
стандарттарды есептеп, тіркейді. Бүгінде 1570 халықаралық, аймақтық және
ұлттық стандарттар және аккредиттеу, сертификаттау, стандарттау бойынша
нормативтік құжаттар тіркелген, соның ішінде мұнай-газ құрал-жабдығына,
электромагниттік қауіпсіздік, құрылыс материалдардарына да арналған.
Сонымен бірге, Қазақстан стандарттау бойынша халықаралық ұйымның мүшесі
болып табылады, стандарттау бойынша заң шығарушы метрологияның халықаралық
ұйымының халықаралық электротехникалық комиссияның жеті техникалық
комитетіне қатысады. Қазақстанда 49 техникалық регламент жасалған және 2007-
2009 ж.ж.бюджет есебінен 130 техникалық регламенттің жасалуы жоспарланған.
Қазақстанда, тәуелсіздік алғаннан бері экономикалық және саяси реформалар
табысты жүргізілуде. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында экономикалық дамудың басты міндеттерінің бірі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына ену деп көрсетілген[14].
Инспекциялық бақылау:
1) сертификатталған өнімге инспекциялық бақылауды. Егер ол сертификаттау
үлгісімен көзделген болса. Сертификат берген ұйымы жүргізеді.
2) инспекциялық бақылау сертификаттың әрекеті мерзіміне және өнімді
сәйкестік белгісімен таңбалау құқығына бірреттен кем емес, кезеңдік және
жоспардан тыс бақылаулар арқылы жүргізіледі. Инспекциялық бақылаудың
кезеңін сертификаттау ұйымы анықтайды. Жоспардан тыс бақылауды
сертификатталған өнімді шағымдар түскен кезде жүргізеді.
Инспекциялық бақылаудың жұмыс түрін, көлемін және кезеңдерін,
сертификатталған үлгісін өнімнің сипаттарының тұрақтылығын, өнімнің
қауіптілік дәрежесін, өндіру көлемін ескере отырып сертификаттау ұйымы
анықтайды:
1) инспекциялық бақылауға әдетте мына жұмыстар тіркеледі:
2) сертификатталған өнімге түскен ақпараттарды талдау;
3) өнім сапасының тұрақтылығына қажетті жағдайларды сақтауды тексеру;
4) өнімді сынау және оның нәтижесін талдау;
5) бақылау нәтижелерін дайындау және шешімін қабылдау;
Нақты өнімнің өндірісінің және сапа жүйесі менеджментінің сертификаты
болған жағдайда және инспекциялық бақылаудың нәтижесі оң болса өнім
тұрақтылығы жағдайында талдау жүргізілмейді[15].
Тексеру нәтижесінде келесі жұмыстар жүргізілді: құрылымдас
бөлімшелерде сауалнама жүргізу, жоғары басшылықпен, бөлім меңгерушілерімен,
бас инспекторлармен, мамандармен кездесу және сұхбат алу, аппаратта жүзеге
асырылатын қызметтер мен үрдістерді сипаттау, аппараттың қызметін
регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды анықтау (аппарат туралы ереже,
регламент, нұсқаулықтар және т.б.), қабылданатын үлгілерді, шаблондарды
және есеп беру түрлерінің тізімін құру. Менеджменттің қолда бар жүйесін
тексеру нәтижесі бойынша кеңесшімен дайындық кезеңі мен қала әкімдігіне
қарауға ұсыну бойынша есептеме құрылды.

2 Мемлекеттік мекемеде ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына
сәйкес сапа менеджменті жүйесі
2.1 Сапа менеджмент жүйесі

Сапа менеджмент жүйесін жобалау мен енгізуге ауысып отыратын
сұраныстар, әсіресе мақсаттар өндірілетін өнім, қолданылатын процестер,
ұйымның көлемі мен құрылымы әсер етеді[16].
Сапа менеджмент жүйесін құру үшін ұйымның стратегиялық шешімі қызмет
етіледі. Ұйымның процестері көлемі мен құрылымы әсер етеді.
ҚР-да ұйымдарда немесе өндіріс орындарында сапа менеджмент жүйесі ҚР
СТ ИСО 9001-2001стандарты негізінде құрылады.
Сапа менеджмент жүйесін құруда ұйымның жоғарғы басшылығының
стратегиялық шешімі қажет етіледі. Ұйымның сапа менеджментінің жүйесін
әзірлеуге және енгізуге ұйымның өзгерген қажеттіліктері, нақты мақсаттары,
өндірілетін өнім, қолданылатын процестер, көлемдер және құрылым әсер етеді.
Сапа жүйесін және өнеркәсіпті сертификаттау жұмысы Қазақстан
Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінің әрі қарай сапа жүйесін
және өндірісті сертификаттау органы, ол болмаған жағдайда ҚР мемстандарт
комитетінің өкілетті органы жүргізеді. Өндірісті сертификаттауды мынандай
тәртіппен жүргізеді:
1) сертификаттауды өткізуге сұраныс беру;
2) алдын ала бағалау;
3) сертификаттаудың тәсілін құрастыру;
4) тексеру жүргізу;
5) сертификат беру;
6) сертификатталған өндірісті инспекциялық бақылау.
Ұйымның СМЖ-і ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сай , қазіргі
экономикада негізгі дәлел ретінде бәсекеге қабілетті өнім мен қызметіне,
мемлекеттік стандарттарға сай қажетті мөлшерде ұсынуы. СМЖ нарықтағы
негізгі техникалық қауіпсіз өнімдерді жеткізетін, сондай- ақ қауіпті
өнімдердің болдырмауын алдын ала қадағалауға жауапты[17].
Сапа менеджменті жүйесін еңгізудің басты мақсаты- ол ИСО 9000 сериялы
халықаралық стандарттағы ұсыныс берген өнімнің сапасын қамтамасыз етеді
және кәсіпорын осы талаптардың орындауын дәлелдеу. ИСО 9000 сериясының
ерекшелігі- ол әрбір ұйымда экономикалық секторларына және қандай өнім
шығарылуымен қатар ұсынатын қызметтеріне қарамастан қолдануға болады. ХС
ИСО 9001 сериясы өнімнің стандарттық сапасы ретінде саналмайды, ол
талаптарды қалыптастырады, соған орай ұйымдар менеджмент процесін тұрақты
басқару шарттарын квалификациялық қызметкер және тұтынушының қажетіне сай
өнімнің жеткізілуін және үнемі өнімнің сапасын жақсарту жөнінде нормативтік
құжаттарды талап ету.
Дүниежүзілік нарықта, бәсекелестік күресте фирмалар өз өнімдерінің
сапасын біртіңдеп экономикалық, техникалық, сондай- ақ әлеуметтік
аспектілерін жетілдіріп отырады. Шет елдерде кең таратылған жаңа менеджмент
концепциясын ТМД мемлекеттері жаңадан меңгере бастады. Ол халықаралық
экологиялық менеджмент стандарты (14000 сериялы), кәсіптік қауіпсіздік және
денсаулық менеджменті ( OH SAS 18001) және сындық бақылау мен қауіпсіздік
сараптамасы (тағам өнімдерінің қауіпсіздік жүйесі- НАССР) және т.б.
Нарықтық жүйеде бәсекелестік болмауынан ескі жүйе қажетті нәтиже
бермеді[18].
Сапаны басқарудағы совет жүйесінің қазіргі еңгізілген сапа менеджменті
жүйесінің айырмашылығы: ескі жүйелер тұтынушыларға бағытталмаған,
құжаттандыру процесі нормативтік базаға негізделмеген, жалпыға бірдей
болған емес, тек қана өндірістің негізгі басқаратын бөлігі және шығарылатын
өнімдерінің сапасын арттыруға бағытталған. Негізгі жүйеге бағытталған
мәселе шешіледі, тек қана СМЖ ИСО 9000 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШАЙДЫ БҰРМАЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар
Тамақ өнімдерінің құжаттары мен үлгілерін тексеру
Сыра құрамы
АҚ Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы
Өнімді бұрмалаудың әдістері және түрлері
Қонақ үйде орналастыру
Коньяк өнімдерінің тарихы
Үлгі алу тәсілінің нормалық құжаттар
Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және оның даму жолдары
Пәндер