Құрылыс материалдардың өнім сапасын басқару


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРҒА ЖӘНЕ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУҒА
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА . . . 5
1. 1 Өнім сапасын басқару жүйесі . . . 5
1. 2 Құрылыс материалдар туралы . . . 7
1. 3 Қазақстан Республикасындағы құрылыс материалдарының негізгі
жағдайлары . . . 18
1. 4 Құрылыс материалдардың сапасын басқару және сынау . . . 28
2 ЖШС «СТРОИТЕЛЬ» ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ . . . 32
2. 1 Өнім сұрыпталымы және технологиясы . . . 32
2. 2 Керамзитті материалдар өндірісі және оларға қойылатын талаптар . . . 33
2. 3 Өнім сапасын анықтау және қадағалау . . . 36
2. 4 Керамзитті кірпішті сынау . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60
ҚОСЫМШАЛАР . . . 63
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясын зерттеу, сонымен қатар құрылыс индустриясының негізгі бағыттарын айқындап, даму мен жетілдіру жолдарын зерттеу. Дипломдық жұмыстың маңыздылығына, қазіргі таңда өндіруші өнеркәсіпте және қызметтер көрсету саласында бәсекеге қабілетті ірі экспортқа бағдарланған тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді өндіру, сондай - ақ өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандарттарын енгізуі, және құрылыс саласын серпінді дамыту үшін жағдайлар жасау және халықтың қалың қауымы, соның ішінде - әлеуметтік қорғалатын жіктері үшін тұрғын үй құрылысы қарқынын арттыру болып табылады
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан - жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп алып отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдарын өндірумен және олардың соны жаңалықтармен танысып өткен жөн. Үйді қандай материалдардан салу жайы ерте замандарда - ақ адамдарды көп толғандырған. Дегннмен, бұл мәселе қай заманда болсын белгілі бір елдің экономикалық, әлеуметтік, тарихи - қоғамдық және географиялық жағдайларына тығыз байланысты дамып, өріс алып отырды. Адам баласы кірпіш, бетон және құрылыс гипсін жасауды біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын бастаған. Бұған қазіргі уақытқа дейін сақталған архитектуралық ескерткіштерді зерттеу нәтижелері дәлел бола алады. Біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын салынып, осы күнге дейін сақталған дүние жүзіндегі аса ірі архитектуралық ескерткіштер, қорғандар, храмдар, тағы сол сияқты күрделі және өте көрнекті құрылыстар қардай материалдардан және қалай жасалған, олардың қандай түрлері өндірілген. Өнеркәсіптік өндіріс даму тарихы қандай - бұл мәселелер туралы әркімдер - ақ бегілі бір мағлұмат алғысы келеді. Сонымен бірге қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өнеркәсіп жолымен өндірудің ғылыми - техникалық негіздері және бұл салалардағы ең соңғы жаңалықтар туралы да білгісі келетіндер аз емес.
Құрылыс материалдарының ең маңызды және көп қолданылатын түрлері - силикат материалдары туралы мәліметтер кітабтан кең орын алған. Сол сияқты полимер материалдарының құрылыста көп пайдаланылатын жаңа түрлері жәйлі де әңгімеленген. Ерекше айта кететін бір мәселе - ол қазіргі замандағы құрылыс материалдарын өндірудің ғылыми - техникалық негіздері туралы. Барлық техникалық ғылымдармен қатар құрылыс материалдары технологиясы, әсіресе, физика және химия ғылымдарының жетістіктеріне негізделген. Осыған сәйкес құрылыс материалдарының физмка - химиялық негіздері, сол сияқты бұл ғылымдарды кеңінен қолдану арқылы ғана өнеркәсіптік технологияны жетілдіруге, материалдардың сапасын көтеруге және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік туатыны кітапта талданған және тиісті мысалдар келтіріліп дәлелденген. Сонымен қатар Қазақстандағы құрылыс материалдар өнеркәсібінің өркендеу тарихы туралы да біраз мәліметтер осы еңбекте баяндалған.
Құрылыс материалдарның өнеркәсібі Республикамыздың экономикалық әлеуметіне байланысты орасан зор саланы көрсетеді. Материалдарға жұмсалатын шығындар құрылыс-құрастыру жұмыстарының жалпы құнының жартысынан астамын құрайды. Құрылыс материалдарының өндірісі толып жатқан шикізаттар шығарумен және өндіруімен байланысты. Құрылыс кешенінде күн сайын жаңа технологиялар, материалдар мен бұйымдар пайда болады, олар Қазақстан Республикасы Стандартымен (ҚР СТ) және мемлекетаралық стандарттардың талаптарын (МСТ) қанағаттандыруы керек.
Құрылыс материалдарына ҚР стандарттары және МСТ-тар дайындаушыларға заң болып саналады, олардың талаптарын барлық көрсеткіштер бойынша қатал орындауды ескереді.
Жұмыстың мақсаты : Қазақстан Республикасында өндірілетін құрылыс материалдардың өнім сапасын басқару және ондағы сапа талаптыры мен жағдайын қарастыру.
Жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды :
- Құрылыс материалдары жайында мәліметтер жинау
- Құрылста пайдаланылатын материалдар түрлерін зерттеу
- Материалдардың өндіру технологиясына мәліметтер жинау
- Дайын матералдардың сапалық көрсеткіштерін анықтау.
Зерттеудің нысаны: керамзитті кірпіштер.
Зерттеудің пәні: керамзитті кірпіштерінің сапасы.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы: Зерттеу әдістері кең көлемінде қолжетімді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, 2 тараудан, 8 бөлімшеден, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1 ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
- Өнім сапасын басқару
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.
Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапалылығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапасын көтеру - кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Өйткені тек өнімнің сапасын арттыру арқылы фирманың нарықтағы өмір деңгейін, ҒТП-ның қарқынын, өндіріс тиімділігін арттыруға және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды үнемдеуге қол жеткіземіз[1] .
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына
басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты - баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:
- өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен) ;
- тіркеу әдісі - бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
- есептеу әдісі - өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;
- органолептік әдіс - адам мүшесін сезу - көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты; - социологиялық әдіс
- өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
- сарапшылық әдіс - мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар[2] .
Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.
Жапония, АҚШ елдері өндірушілер арасындағы бәсекені ынталандыру арқылы, бұл кәсіпорындардағы жұмыс орындарына жоғары білікті, тәжірибелі мамандардың жұмыс істеуіне қол жеткізді. Бұл мамандар кәсіпорындағы сапа мәселесін шешуде жаңа методтарды қолдану арқылы кәсіпорынның әлемдік нарықта арттырды.
ҚР - дағы кәсіпорындардың жоғарылату үшін келесідей шаралар қолдану қажет:
- ИСО 9000 стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу;
- ИСО 9000 стандарттарына сәйкес сертификаттау процесін жүзеге асыру:
- Көпсалалы және аймақтық стандарттар жүйесінің талаптарын сәйкестендіру және ИСО 9000 стандарттары арқылы сапаны басқару жүйесіндегі талаптарды үйлестіру;
- Сапаны сертификаттау жүйесінен, тоталдық сапа менеджментіне ауысу.
Осы халықаралық стандарттардың талаптарын қанағаттандыратын жүйелер, әлемдік тәжірибеде сапаны басқарудың ең тиімді жүйесі болып табылады. Кәсіпорындағы әрекет ететін сапа жүйелерінің ИСО 9000 стандарттарына сәйкестігі, бүкіл әлемдегі тұтынушыларға кепілдік ретінде өнім сапасының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.
Отандық өнімдердің арттыру - халықаралық стандарттарды енгізумен тығыз байланысты. Бұл аксиома ҚР-ның ДСҰ-на кіруіне және әлемдік нарыққа шығуына жол ашады[3] .
Отандық және шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, өнім сапасын жетілдірудің келесідей бағыттарын ұсынуға болады:
- Өнім сапасын басқару жүйесін, өнімнің сапасын жетілдіруге, яғни тұтынушыға бағыттау. Барлық кәсіпорындардағы қызметкерлер мен жұмысшыларды «жақсы және сапалы» өнім өндіруге ынталандыру. Кәсіпорын басшылығының саясаты бірінші орында өнімнің сапасын, ал содан соң өнімнің көлеміне бағытталуы қажет;
- Жоғарыда аталған бағытты үнемі жаңа инвестициялық және инновациялық саясатпен байланыстырып отыру, дәстүрлі өндірілетін өнімнің көлемін арттырудан, өнімнің сапасын арттыруға ауысу, негізгі қорларды жарақтау және жаңарту арқылы өнімнің сапасын көтеруге қол жеткізу;
- Өнім өндірушінің өнімнің сапасы туралы ақпараттарды рационалды таңдап алу жүйесін, оны өңдеу, талдау және сақтау шараларын міндетті түрде жүзеге асыру;
- Кәсіпорындағы әрбір өнімге талап етілген сапаны қамтамасыз ету үшін, кәсіпорында өнімнің арнайы сапасын басқару жүйесін құру;
- Материалдық-техникалық жарақтануды жетілдіру. Үнемі жабдықтаушылармен тығыз байланыста болу және ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру;
- Басшылық ықпал нәтижелі және өнімнің әрбір өмірлік циклында орын алуы тиіс;
- Өнім сапасын басқару жүйесі - тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырған жағдайда ғана тиімді болып саналады;
- Өнімнің сапасын басқару жөнінде үздіксіз білім беру жүйесін құру және барлық оқушылар мен студенттерді, жұмысшылар мен шеберлерді тұтынушылар мен тапсырыс берушілерге оң көзбен қарауға тәрбиелеу. Өнім сапасын басқару жүйесі барлық адамға түсінікті болу керек;
- Мемлекеттік және аймақтық деңгейде сапа төңірегінде дәріс беру үшін БАҚ- ты, оның ішінде радио, теледидар, басылымдарды қосу керек;
- Сапа төңірегінде және өнім сапасын жетілдіру үшін білім беретін және жұмысшылардың біліктілігін арттыруда арнайы мамандандырылған орталықтарды, яғни мектептер мен сапа курстарын ашу қажет және мұнда білім беруде шет елдердің мамандарын қатыстыру. Өйткені, тек жоғары білікті мамандар, жоғары сапалы өнімді жасай алады;
- Жоғары және тұрақты өнім сапасын қамтамасыз ету үшін өндірісте ынталандыруды күшейту. Ол үшін жоғары сапа мен еңбекке марапаттау, сыйақы беруді ұйымдастыру. Сонымен қатар өнімнің белгілі бір талаптардан ауытқығаны үшін, нормативтік-технологиялық құжаттарға сәйкессіздігі үшін қатаң сөгістерді қолдану. Өнім сапасын жақсарту және жетілдіру мақсатында түрлі конкурстар өткізу;
- Өндірістік ортада әлеуметтік, адамдық факторды ескеру;
- Өнім сапасын басқару жүйесін жетілдіру. Ол үшін өнімнің сапасын басқаруда тәжірибелі мамандарды қолдану.
Қазіргі уақытта өкінішке орай, отандық кәсіпорындардың көпшілігі өндірістік техникалар мен технологиялардың артта қалуымен байланысты бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Сондықтан өнімнің сапасы төңірегіндегі сұрақтар қазіргі таңда өте күрделі экономикалық және ұйымдық мәселелердің бірі болып келеді [5] .
- Құрылыс материалдар туралы
Құрылыс материалдары - үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері: табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т. б. ) ; органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т. б. ) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т. б. ) байланыстырғыш материалдар; жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық қыш, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар) ; ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т. б. ) ; металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т. б. ) ; синтетикалық шайырлар мен пластмассалар. Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т. б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі - цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын керек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі - металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар кіреді. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т. б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа құрылстық қыштан “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді[6] .
Құрылыс материалдары өздерінің қасиеттеріне байланысты әр түрлі конструкциялар жасау үшін қолданылады. Ал ол конструкциялар өзінің құрылыста қолданылу шартына, яғни оларға түсетін салмақты ауырлығына немесе жеңілдігіне байланысты алуан түрлі болып келетіні мәлім. Олай болса, сол конструкцияларды өз талабына сай етіп жасау үшін, оған пайдаланылатын құрылыс материалдарының құрамы да өзінің сапалық қасиеті жағынан әр түрлі болып келеді. Бұл талаптардың бәрі мемлекеттік стадарттар мен техникалық шарттарда еске алынып, нормаланады[7] .
Құрылыс материалдарының негізгі қасиеттері бірнеше топқа бөлінеді:
- Бірінші топқа физикалық қасиетер жатады. Олар: құрылыс материалдардың тығыздығы және көлемдік масса (салмағы), кеуектілігі, механткалық қасиеттері (беріктігі, қаттылығы, формасын өзгерткіштігі, т. б. ) .
- Екінші топқа олардың өткізгіштік қасиеттері жатады. Мысалы, олар құрылыс материалдаррына судың, ылғалдың, ауаның және төменгі температураның қалай әскр ететінімен сипатталады. Айталық, ол заттың су тартқыштығы, су өткізгіштігі, суға беріктігі, ылғалдығы, аязға төзімділігі, т. б.
- Үшінші топқа құрылыс материалдарына жылудың немесе жоғары температураның тигізетін әсері және оның беріктігін сипаттайтын қасиеттері: отқа беріктігі, отқа төзімділігі, жылу өткізгіштігі, т. б.
- Төртінші топқа құрылыс материалдарының химиялық немесе коррозиялық әсерлерге төзімділігі жатады. Бұлар қышқылдардың, сітілердің, тұздардың, газдардың, т. б. құрылыс материалдарына тигізетін әсерін сипаттайды[8] .
Құрылыс материалдарының қасиеттері олардың құрамы мен құрылымына байланысты. Құрамдар - химиялық, минералдық және фазалық болып бөлiнедi. Материалдық химиялық, яғни химиялық элементтерден тұратын, құрамына қарай, оның отқа, микроорганизмдер әсеріне төзімділгін, механикалық, т. б. техникалық қасиеттерін жорамалдауға болады. Құрылыс материалдары ішінде көп тараған бейорганикалық байланыстырғыш заттар мен табиғи тас материалдардың химиялық құрамы әдетте оксидтермен (тотықтармен) сипатталынады.
Минералдар - негізгі және қышқыл тотықтардың өзара байланысуынан түзiледi (құралады) . Мысалы, портландцемент құрамында үш кальцийлi силикат - минерал 3CaO- SiO 2 (қысқаша C 3 S) көбейсе (45-60%), оны құммен, сумен араластырғанда цемент тез қатаяды да, берiктiлiгi өседi.
Фазалық құрам қатты қаңқа және ауамен, сумен толған саңылауларда түзiледi. Саңылаулар ішіндегі судың қатты затқа (мұзға) айналуына байланысты, материалдардың қасиеттері өзгереді - аязға төзімділігі темендеп, жылу өткізгіштігі өседі.
Көп құрылыс материалдарының құрылымы олардың бөлшектерінің (түйірлерінің) ірілігін, формасын өзара орналасуын, байланысуын керсетеді. Құрылым үш дәрежеде анықталады:
1) материалдың макроқұрылымы (құрылымдағы саңылаулардың мөлшері 1-2 мм) жәй көзбен көру арқылы;
2) микроқұрылымы 50-ден 2000 есеге дейін оптикалық микроскопта үлкейту арқылы;
3) материал құрайтын заттың ішкі құрылымы ондаған мың есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскопта рентген сәулесімен зерттеу арқылы[9] .
Қатты құрылыс материалдарының макроқұрылымы конгломератты, ұялы ұсақ саңлаулы, талшықты, қабатты, т. б. болуы мүмкін. Мұнда конгломератты (латынша - жиналған, құрылған деген сөз) құрылым әртүрлi. Мысалы құмнан, малта (жұмыр) немесе жарықша (қиыршық) тастардан, осыларды байланыстыратын заттардан құралған құрылым - көбінесе бетондардың сан алуан түрлерiне, ұялы құрылым макросаңылаулы газ бен кебік бетондарға, ұялы пластмассаларға, ал ұсак саңылаулы құрылым - камырға көп су қосып, оны күйдiргенде жанып кететін қосындылар - қосу әдістерімен жасалған керамикалық материалдарға тән. Талшықты құрылым ағаш материалдарға - шыны мақтадан жасалған бұйымдарға, қабатты құрылым қағазпластқа, текстолитке тән.
Материалдардың микроқұрылымы олардың бөлшектерінің мөлшерін, формасын, материал көлеміндегі санын (оптикалык микроскопта ауданның 1 см 2 келетін бөлшек санымен сипатталады) көрсетеді[10] .
Материал түзетiн заттардың ішкі құрылымы, кристалл немесе аморф түрлi болады. Кейбір заттардың, мысалы кварцтың ізі, құрылымы осы екі түрде де кездеседі; ал кристалды түрi тұрақтырақ. Өйткені ол әкпен қосылу үшін 175 0 С және 1 МПа қысым қажет. Ал аморфты түрде кездесетін кварцтрепел кәдімгі температурада (20 о С шамасында), ешқандай қысымсыз әкпен байланысып, кристалл - түрлі сулы силикат түзеді.
Құрылыс материалдарының берік, қатты, балқығыш, т. б. қасиетті болуы, оларды тузетін заттардың ішкі құрылымына - кристалл торларының туріне (текшелі, гекоагональды, т. б. ) байланысты. Атомдардың кристалл шінде орналасуы мен атомдардың аралығын рентген сэулесінің заттын атомдық жазықтықтарынан, атомдарынан кері шағылысып, экранға түсетiн дақтарына қарап анықтауға болады. Өйткені, затты құрайтын атомдардың ара қашықтығы рентгендік сәуле толқынының ұзындығымен шамалас. Электрон сәулесі толқынының ұзындығы, рентген сәулелерінікінен әлдеқайда кем екені ақиқат. Ренгенограммада майда фазалардың сызықтары өте көмескі көрінеді, сондықтан оларды жоғарғы дәлдікпен өлшеу мүмкiн емес. Мұндай жағдайда электронография (электрондардың затқа жұтылмай қарқынды шағылысатындығына негізделген) затгың өте ұсак бөлшектерін зерттеуге кеңінен пайдаланылады[11] .
Табиғи тас құрылыс материалдарын шығару. Тастардың тығыздығына, қаттылығына және қай жерде орналасуына байланысты оларды әртүрлi әдiстермен шығарады.
Тығыз таужыныстарды - терендiк магмалық жыныстарды (гранит) немесе тығыз шөгiндi жыныстарды (ізбестас әдетте жарылғыш (қопарғыш) заттарды қолдану арқылы шығарады) сөндiредi. Бұл үшін таужынысының денесiне скважина немесе шпур жасап, оны жарылғыш затпен толтырады.
Қаттылығы орташа және жұмсақ жыныстарды (қаттылығы 5-¬3), мысалы ұлутас пен туфтарды шығару үшiн, кескіш машиналар қолданылады. Соның бiрi - жоғары өнiм беретiн үш машинадан тұратын, әрқайсысына айнымалы шынжырға бекiтiлген көп тiстi ара немесе дискілі кескіш орнатылған агрегат. Бұл агрегаттың бiрiншi машинасы, жынысты вертикаль бойынша тiк кеседi. 2-горизонталь бойынша көлденең тiледi, ал 3-жынысты (бұйымды) тау денесiнен айырып алу кесімін орындайды, яғни ол да вертикаль бойынша тік, бiрақ басқа бағытта кеседi. Осылай шығарылған бұйымдарды (көбінесе iрi блоктарды) автотранспортқа, автотиегiш - кранға орнатылған ат қамыты сияқты қысқышпен тиейдi[12] .
Қаттылығы 3-3, 5 мәрмәр дана тастар, блоктар, тақталар (плиталар) қатты қорытпалардан, болаттан немесе қорундтан жасалынған дискалармен кесiледi. Егер кескіш ретінде алмасты аспап қолданылса, онда жыныстан бұйым шығару өнiмдiлiгi 4-5 есе артады да, кесуден пайда болатын ұнтақ қалдық та азаяды.
Бос таужыныстарын шығару. Құм мен малта тас әдетте эксковаторлармен алынады. Сонымен қатар, оларды гидромеханикалық әдiспен де алуға болады. Ол үшiн көрсетілген жыныстар бар жерге гидромонитор арқылы жоғары қысыммен су берiлсе, жер борпылдайды (жұмсарады, босайды) . Онан соң жыныстын сумен қоспасынан (пульпадан) құм не малта тас бөлiнiп алынады. Малта тас көлдердің түбi мен теңіздердің жағаларынан арнайы жасалған жүзгiш механизмдер - драгалармен де шығарылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz