Тауар мәні, ассортименті, номенклатурасы



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I.бөлім. Тауар мәні, ассортименті, номенклатурасы.
1.1 Тауар түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Тауарларды топтастырудың негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Тауар ассортименті, номенклатурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

II.бөлім. Тауардың қасиеттері, альтернативті теориялары.
2.1 Тауардың қасиеттері және альтернативті теориялары ... ... .17
2.2 Тауардың өмір циклі, тауар қозғалысы ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: “Тауар және оның қасиеттері. Тауар қасиеттерінің альтернативті теориялары”, бұл курстық жұмыста менің негізгі мақсатым, тауар және оның қасиеттері туралы, тауар қасиеттерінің альтернативті теорияларын ашып көрсету.
Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша , тауарды зерттеуден басталады, өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы т.с.с осыған тікелей байланысты.
Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат.
Бұл курстық жұмысым негізгі екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде тауар түсінігі, тауар топтастырудың негізгі түрлері, тауар ассортименті, номенклатурасына тоқталып кеттім.
Екінші бөлімде тауар қаситтері және оның альтернативті теориялары, тауардың өмір циклі туралы тоқталдым.
Тауар- нарықтағы ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Әрбір жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек. Қазақстанда <<тауар>> ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ <<мүлік>> <<жақсылық>> мағынасын білдіреді. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Экономикалық ойдың қазіргі өкілдері <<тауар>> ұғымын басқаша айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және шектеулі мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады. Экономикалық теорияда <<тауар>> сөзі ерекше мәңге ие.
Бұл курстық жұмысымда тауардың жалпы қандай қасиеттерге ие және де оның адамдар үшін қандай маңызы бар екенін баяндап отырмын. Тауар адам мұқтаждығын қамти отырып , нарықтың негізгі элементінің бірі болып отыр.
Тауарды өндіру және оны дамыту үшін белгілі бір себептерге байланысты қалыптасады. Курстық жұмысымда тауар туралы ғалымдардың ой
3
пікірлері, теориялары, сонымен қатар К. Маркс пен Менгер сияқты тағы да басқа ғалымдардың еңбектерін көреміз. Осы тауарға ғалымдар еңбектің екі жақтығын да баяндалады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Әубәкіров.Я.А “ Экономикалық теория негіздері”
2. Шеденов Ө.Қ “ Жалпы экономикалық теория ”
3. Жунусов К. Н “Нарықтық экономика негіздері”
4. Котлер М “Маркетинг негіздері”
5. Мәдиев Б. Н “Нарықтық экономика теориясына кіріспе ”
6. Осипова Г. М “Экономикалық теория негіздері”
7. Силкина Л. Г “Экономическая теория”
8. Сахариев С “Жаңа кезең-экономикалық теориясы”
9. Қожамқұлов Т “Саяси экономика негіздері”
10. Мәуленов С “Экономикалық теория”

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I-бөлім. Тауар мәні, ассортименті, номенклатурасы.
1. Тауар
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...5
2. Тауарларды топтастырудың негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ..10
3. Тауар ассортименті,
номенклатурасы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 14
II-бөлім. Тауардың қасиеттері, альтернативті теориялары.
2.1 Тауардың қасиеттері және альтернативті теориялары ... ... .17
2.2 Тауардың өмір циклі, тауар
қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: “Тауар және оның қасиеттері. Тауар
қасиеттерінің альтернативті теориялары”, бұл курстық жұмыста менің негізгі
мақсатым, тауар және оның қасиеттері туралы, тауар қасиеттерінің
альтернативті теорияларын ашып көрсету.
Нарықты жинақты зерттеу ереже бойынша , тауарды зерттеуден басталады,
өйткені тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы т.с.с
осыған тікелей байланысты.
Тауар мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену,
пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат.
Бұл курстық жұмысым негізгі екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде тауар түсінігі, тауар топтастырудың негізгі түрлері, тауар
ассортименті, номенклатурасына тоқталып кеттім.
Екінші бөлімде тауар қаситтері және оның альтернативті теориялары,
тауардың өмір циклі туралы тоқталдым.
Тауар- нарықтағы ең маңызды элементтердің бірі болып табылады. Әрбір
жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары қажеттілікке жауап бере алуы керек.
Қазақстанда тауар ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік
тайпаларынан алынған және сөзбе – сөз алатын болсақ мүлік жақсылық
мағынасын білдіреді. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне
ие бола алады. Экономикалық ойдың қазіргі өкілдері тауар ұғымын
басқаша айтады. Тауар экономикалық игілік ретінде қарастырылып және
шектеулі мөлшерде барлығын айырбас үшін арналғандығын айтуға болады.
Экономикалық теорияда тауар сөзі ерекше мәңге ие.
Бұл курстық жұмысымда тауардың жалпы қандай қасиеттерге ие және де
оның адамдар үшін қандай маңызы бар екенін баяндап отырмын. Тауар адам
мұқтаждығын қамти отырып , нарықтың негізгі элементінің бірі болып отыр.
Тауарды өндіру және оны дамыту үшін белгілі бір себептерге байланысты
қалыптасады. Курстық жұмысымда тауар туралы ғалымдардың ой
3
пікірлері, теориялары, сонымен қатар К. Маркс пен Менгер сияқты тағы да
басқа ғалымдардың еңбектерін көреміз. Осы тауарға ғалымдар еңбектің екі
жақтығын да баяндалады.

4
I- Бөлім. Тауар мәні, ассортименті, номенклатурасы.
1.1. Тауар түсінігі
Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару,
иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол
физикалық обьект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін.
Тауарды жасарда оны дайындаушы үш деңгейлі идеяны қабылдауы керек.Нарықты
жинақты зерттеу ереже бойынша, тауарды зерттеуден басталады, өйткені
тауарды нәтижелі пайдалану, тұтыну қасиеті, тұтынушы сұранысы осыған
тікелей байланысты Сондықтан зетртеудің негізгі мақсаты – нарықтағы
тауардың шынайы сұранысын анықтау, оны ұтымды өлшемде шығару үшін не
қажеттігі, оның техникалық сипаттамасы, экономикалық негізделген баға
саясаты.
Зерттеудегі негізгі бағыттың бірі-сол тауар шығаратын фирманың
бәсекелестік қасиетін талдау, тұтынушылықсапасын салыстыру, баға, өндірісті
өзіне ұқсас бәсекелестік тудыратын фирмалардың көрсеткіштерімен салыстыру.
Ғылыми-техникалық және тәжірибе конструкторлық әдістер жүргізу
нәтижесінде,байқалған кемшіліктер түзетіледі.
Еске сақтайтын шарттардың бірі бұл сыртқа шығарылатын тауардың
белгілі бір бағытта, алдын-ала есептелген тұтынушыға жеткізілуі.Ішкі
саудаға бағытталған тауар-экспортқа берілетін сұранысты қанағаттандыруы
немесе қанағаттандырмауы да мүмкін.Экспортқа шығарылатын тауардың сұранысқа
ие болуы бұл заңдылық емес, кездейсоқтық болуы да мүмкін және тауардың
мемлекеттік стандартқа сәйкес келуі – бұл сыртқы сұранысқа кепілдік бере
алмайды. Сондықтан, егер тауар ТМД елдерінде сатуға арналған болса онда
экспортқа сұраныс маркетинг жағынан тағыда қайталанып дұрыс зерттелуі
керек.
Мұндай ережеде бір ғана ескеретін жағдай мынадай: яғни тауар
халықаралық ұйымдардың, халықаралық электротехникалық комиссия, халықаралық
теміржол транспорты одағы, халықаралық стандартизациялау ұйымы, халықаралық
азаматтық авиация ұйымы және басқа да ұйымдардың
5
стандарттары мен нормалары негізінде пайда болғанда ғана ол ішкі және
сыртқы нарыққа бірдей пайдалы болып табылады. Мысалға, Совет Одағында МЭК
жолдаған нормалар мен стандарттар негізінде жасалған стандартты синхронды,
үш фазалы электродвигательдерді экспортқа да көптеп шығарылуда және ішкі
нарықта да кең көлемде пайдалануда. Осы айтқанды есептей отырып, эспорттық
тауар деп, кәсіпорынның экспорт жүргізгісі келген елдің сатып алушы
сигменттер талабын талдағаннан кейінгі шығарған тауарларын, айталық
экспорттық тауарды дайындау барысында болашақтағы бұл талаптардың өзгерісін
және құқтық, сервистік, жарнамамен қамтамасыз ету жайттарын қарастыру
қажет. Тек осындай тауар ғана экспорттан мол табыс әкеліп және жоғары
экономикалық тиімділікке кепілдік береді. Негізінен экспортқа нарқтық
тұрғыдан (жаңа тауар пайдалы, ол тұтынушыны жаңа тұтыныспен (пионерлік
тауар) қанағаттандырады, немесе оны жаңа сапалы қанағаттандыру деңгейіне
көтереді, басқаша айтқанда сатып алушысы кең ортаның белгілі бір деңгейдегі
қажеттілігін қанағаттандырады. Қазіргі өмірді жаңа тауар түрін ойлап табу
мен өндіру кәсіпорынның өркендеуіне шешуші болып саналады. Сонымен бірге,
шетел баспасы былай деп көрсетіп отыр, коммерциялық табыстар тауарды ойлап
табу үшін (мысалы, барлық шығынды өтейтін және нарыққа шығаратын) 60 шақты
жаңа идеяны зерттеп білуді және соның ішінен нарықтың болашақ талабына
жауап бере алатынын дұрыс таңдап алу қажеттігін түсіндіреді.
Басқа сөзбен айтқанда, жаңа тауар нарыққа шыққанда жоғары
қажеттілікке жауап бере алуы керек. Бұдан келіп екі талап шығады:
біріншіден: жаңа қажеттілікті болжау және жинақтау.
екіншіден: шетелдік көсіпкерлердің тәжірибесі көрсеткендей, нарыққа
шығарылған 10 өнімнің 8-і олардың артқан үмітін ақтамайды десек, онда жаңа
тауарды коммерциялық құлдырауға әкеліп соқтыратын себеп қандай? Сөйтсек
“жер асты су тастары” тізімінде бірінші болып сұраныс көлемін қате анықтау
(45%) одан кейін тауардың кемшіліктерін (29%) жарнаманың жеткіліксіздігі
және тауарды өткізуге аз жұмсалуы (25%), жоғары баға (19%),
6
бәсекелестердің жауаптары (17%), нарыққа шығатын уақыттың тиімсіздігі
(14%), кәсіпорынның шешілмеген проблемалары (12%) көрсетілген. Сондықтан,
ең бастысы, жаңа тауарды таңдау кезінде кәсіпорын проблемасына басты көңіл
аудару қажет. Сол себепті құрастыру кезінде жаңа техникалық және технико-
экономикалық өрлеуге емес, “жаңа нарықтық тауардың” пайда болуына молырақ
көңіл бөліну керек. Жаңа идея қабылданғаннан кейін фирма жетекшілері келесі
хабарламаларды зерттеуді жалғастырады:
1. Конструкциялық және технологиялық табыстың мүмкіндігі.
2. Эксперименталдық жұмысқа жіберілген шығын.
3. Жаңа өндіріске ақша бөлу немесе ескіні модернизациялау.
4. Жұмыс кезеңін аяқтау уақыты.
5. Ғылыми- зерттеу және тәжірибелі- конструкторлық жұмыс өткізуге

қосымша қаржы тартудың қажеттілігі.
6. Тауардың нарыққа шыққан кездегі және одан кейінгі уақыттағы
нарықтағы өтуін барлау.
7. Бәсекелесушінің мінез-құлығы.
8. Тауарды қажет етуші, нарық секторы.
9. Болжауды баға және оның өту көлеміне қатысы мен бәсекелестер
қызметі.
10. Қарсыластардағы бәсекелес тауардың пайда болу мүмкіндігі (уақыты,
тауардың сапасы).
Барлық ұсынылған идеялар, жаңа тауарлар аталған критерийлер бойынша
салыстырылады. Осыған орай тауардың белгілі бір нарықта өте қажет екендігін
атап өту тиімді. Ішкі нарықта табысты тауардың сыртқы нарыққа қажет болуы
тиімді емес. Американдық “ Rucer менеджементі” журналы 187 корпорацияға
зерттеу жүргізіп жаңа тауарларды құрастыру кезінде қиындық тудыратын
техникалық емес сипаттың себептерін мәлімдеген. Бірінші орында олар
конструкторлар мен маркетингтік өткізу бөлімі (37%) арасындағы нашар қарым-
қатынасты қойды, сондай-ақ жоғары әкімшіліктер
7
кәсіпорынның өркендеуіне НИКОР-дың рөлін түсінбеді. 25%-тік жағдайда
ғылыми кадрлардың творчестволық жеткіліксіздігі, “ғылыми ауырлығы” 14%
жағдайда ұзақ уақытқа арналған жоспарлардың, графиктердің және анық
қойылған мақсаттың жоқтығы. 9% нашар қаржылау және шығындану есебінің жоғы,
жобаның нашар таңдалуы ұзақ мерзімдік жоспардағы жағдайды дұрыс көре алмау,
жаңа идеяға аз көңіл бөлу-осының бәрі 8% құлдырауға әкеледі. Шетелде жаңа
тауарды құрастыру кезінде лидер мен бірнеше маманнан құралған “мақсатты тор
” әдісі табысты пайдаланылады, бұл басқа функционалдық бөлімдердегі
мамандарды өзіне тартады. Топ жетекшісінің жақсы ұйымдастыру қабілеті және
сол техника саласында ірі маман болуы керек. Тар көлемді маман өздерінің
құрастырғандарын өте көңілге қонымды санайтындықтан бұл топқа өздерінше
білгіш санайтын өз “адвокат дьяволдарын” сайлайды. Топ өзді-өзі болмыс үшін
оларға екі-үш жоба ұсынады, ал ол қатысушылардың ой-өрісін, араласуын
кеңейтеді. Мақсатты топтың құрамы 4 адамнан кем болмау керек, ал оған адам
қабылдау өз еркімен емес, маман ретінде осында істегісі келетіндігін іс
үстінде көрсете білген адам болуы қажет. Жобаны жасау тиімділігі-міндетті
түрде кәсіптік оқу мен мамандардың білімін жетілдірумен ұштасып жатады. Өз
білімін көрсетуге ынтасы жоқтар мен оқығысы келмейтін адамдарды аз
мамандандырылған жұмысқа ауыстырып отыру немесе оларды жұмыстан шығаруға
тиіс. Зерттеуші-мамандарды фирма 6 жылда 1 жыл немесе 3 жылдың ішінде 6 ай
немесе 1 жылда 1 ай оқытып отырады. Бұл уақытта адамдар жұмыстан арнайы
босатылады, немесе кешкі оқуға орналастырады. Мұнда сырттай оқу тиімді емес
деп есептеледі. “Нарықтық жаңа тауардың” пайда болу процесінің
технологиясын қанағаттандыру түріне, тауардың конструктивтік ерекшелігін
қажеттілікке қарай көптеген идеялардың ұсынылуын жатқызуға болады.
Жапондық компаниялардың тәжірибесіне орай, кәсіпорынның барлық
жұмысшыларын тауарды модернизациялаудың жаңа идеяларын және әсіресе жаңа
өнім ойлауға итермелеудің қажеттігі сезіледі. Ондаған ірі жапондық
8
компаниялар жыл сайын өз қызметшілерінің 10 миллиондаған ұсыныс
енгізітін мақтаныш тұтады. Бұл фирмаларда 1 жұмысшыға 12,8 ұсыныстан
келеді. Ол американдық кәсіпорынның орташа статистикалық берілгеніне
қарағанда 85 есе және СССР-дағы кәсіпорынның орташа статистикалық
берілгеніне қарағанда 400 есе көп.
Сатып алушы шынында не алды деген сұраққа жауап беруге негіз болатын
деңгей – ойланылған тауар. Шын мәніне келетін болсақ, кез келген тауар –
қайбір проблеманы шешуге арналып орауышталған қызмет.Дайындаушы ойланылған
тауарды орыдалған тауарға айналдыруға тиіс. Реальды орындалған тауардың бес
сипаттамасы болуы мүмкін: сапа деңгейі, қасиеттер жинағы, арнайы
көркемделуі, марканың аты және арнайы орауышы. Дайындаушы тауарды нығайтушы
қосымша қызметтер мен пайдаларды қарастыруы мүмкін.

Тауардың үш деңгейі.
9
Тауарды нығайту идеясы нарық қайраткерінің клиенттің тұтас
тұтынушылық жүйесіне, демек, сатып алушы тауарды пайдалану арқылы өз
проблемасын қалай шешкісі келетіндігінің кешенді жолына көз салады. Осы
жолды ұстаған нарық қайраткері өз тауар ұсынысын нығайтып, бәсекелестіктің
тиімді әдістерін табуға мүмкіншілік алады. Фирма өзінің тауар ұсыныстарын
нығайтудың тиімді жолдарын ұдайы іздестіруге міндетті.
Жеке тауарлар маркетингілік стратегиясын таңдау үшін нарық
қайраткерлері оларға тән сипаттамаларына байланысты бірқатар тауар
топтастыруларын дайындауға тура келеді.
1.2 Тауарларды топтастырудың негізгі түрлері.
Өмірінің мәңгілігіне не материальдық сезілуіне байланысты тауарларды
мынадай үш топқа бөлуге болады:
Ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар- әдетте қайта-қайта
пайдалануға шыдамды материалдық бұйымдар. Мұндай тауарлардың
мысалы ретінде мұздатқыштарды, станоктарды, киімдерді келтіруге
болады.
Қысқа уақыт пайдаланылатын тауарлар- бір не бірнеше циклді
пайдаланғанда толық түрде тұтынылатын материалдық бұйымдар.
Мұндай тауарлардың мысалдары: сыра, сабын, тұз.
Қызметтер- әрекет, пайда не қанағаттандыру түрлерінде сатылатын
объектілер. Мұндай тауарлардың мысалдары ретінде шаштаразда шаш
алдыру не жөндеу жұмыстарын айтуға болады.
Сатып алушылар неше алуан көптеген тауар түрлерін сатып алады.
Классификациялаудың ыңғайлы әдісінің бірі- тұтынушылардың сатып алу
әдеттері негіздеріне байланысты оларды топтарға бөлу.
Бүл нышанбойынша күнделікті сұранымдағы тауарлар, алдын ала
таңдалынатын тауарлар, арнайы сұранымдағы тауарлар және пассивті
сұранымдағы тауарлар деп бөлуге болады (1 кесте).
Күнделікті сұранымдағы тауарлар- тұтынушы, әдетте,

10
ойланбай және оларды өзара салыстыруға минимальды әрекеттеніп,
жиі сатып алатын тауарлар. Мұндай тауарлардың мысалына темекі
бұйымдары, сабын және газеттер жатады.

КҮНДЕЛІКТІ СҰРАНЫМДАҒЫ ТАУАРЛАР

Тұрақты сұранымдағы негізгі тауарлар

Импульсті түрде
сатып алынатын
тауарлар

Төтенше жағдайға
Керекті тауарлар

АЛДЫН АЛА ТАҢДАЛЫНАТЫН ТАУАРЛАР

Ұқсас тауарлар

Ұқсас емес
тауарлар

АРНАЙЫ СҰРАНЫМДАҒЫ ТАУАРЛАР

ПАССИВТІ СҰРАНЫМДАҒЫ ТАУАРЛАР

1 кесте. Көпшілік тұтынатын тауарлар классификациясы

Күнделікті сұранымдағы тауарларды тұрақты сұранымдағы негізгі
тауарлар, импульсті түрде сатып алынатын тауарлар және төтенше жа,ғдайға
керекті тауарлар деп қосымша түрде бөлектеуге болады. Тұрақты сұранымдағы
негізгі тауарларды адамдар жүйелі түрде сатып алады. Мысалға, Хайнц
кетчупын, Крест тіс пастасын және қытырлайтын Ритц печеньесін әдетті
түрде сатып ала береді. Импульсті түрде сатып алынатын тауарларды ешқандай
алдын ала ойланбай және іздемей сатып алады. Әдетте, мұндай тауарлар
көптеген жерлерде сатылатын болғандықтан, тұтынушы оларды арнайы іздемейді.
Төтенше жағдайға керекті тауарларды оларға деген өте мұқтаждық жағдай пайда
болғанда, мысалы, нөсер кезінде зонтикті, қар басып қалғанда етікті және
күректі сатып алады. Төтенше жағдайға керекті тауарларды шығарушылар,
кенттен тауар керек болған тұтынушыдан айрылып қалмау үшін, оларды таратуды
көптеген сауда
11
орындары арқылы сатады.
Алдын ала таңдалынатын тауарлар - тұтынушы тауарды таңдау және
сатып алу процесінде дағдылы түрде жарамдылық, баға, сапа және
сырттай әшекейленуі көрсеткіштеріне
байланысты өзара салыстырады. Мұндай тауарлар
мысалдарына
жиһаздар, киімдер, ұсталынған автомобильдер және негізгі
тұрмыстық электр тауарлары жатады.
Алдын ала таңдалынатын тауарларды ұқсас, ұқсас емес деп қосымша
бөлшектеуге болады. Сатып алушы ұқсас тауарларды сапа жағынан бір-бірімен
ұқсас бұйымдар деп қараса, сатып аларда олардың бір-бірінен баға жағынан
салыстыруға болатындай айырмашылығы бар екенін ескереді. Мұндай тауарды
сатушы сатып алушымен сөйлескенде, “ бағаны дәлелдеу ” керек. Бірақ
киімдерді, жиһазды және басқа бір-біріне ұқсамайтын тауарларды сатып
аларда, олардың қасиеті тұтынушылар үшін бағасынан гөрі мәндірек болады.
Егер сатып алушыға жолақ костюм керек болса, онда оның фасоны, денеге
қонымдылығы және осы костюмнің түрі оның бағасындағы шамалы айырмашылыққа
қарағанда мәндірек деп саналынады. Сондықтан алдын-ала таңдалынатын ұқсас
тауарларды сатуда, жеке адамдардың жарасымдықты ұнату түр-түрлерін
қанағаттандыру үшін, олардың кеңейтілген ассортименттері болуы керек және
тұтынушыларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін, оларға кеңес бере
алатын жақсы дайындалған сатушылар штаты болуы керек.
Ерекше сұранымды тауарлар – оларды сатып алу үшін көпшілік сатып
алушылар қосымша күш жұмсауға дайын, өте сирек сипаттамалы не
жеке маркалы тауарлар. Мұндай тауарлардың мысалына модалы
тауарлардың нақтылы маркалары және түрлері, автомобильдер,
стереоаппаратуралар, фотоқұрылғылары, ерлер костюмдері жатады.
Мысалға, “ Мерседес ” автомобилі арнайы сұранымдағы тауарға жататын
себебі, оны сатып алу үшін сатып алушылар оны іздеуге біршама жол жүруге
12
дайын. Ерекше сұранымдағы тауарлар ешқандай салыстыруды қажет етпейді.
Тұтынушының қосымша үлесіне оның іздеген тауарын сатушы дилерді табуға
керекті уақыт жатады. Ал дилердің ыңғайлы, ыңғайсыз орналасқанын
аса мән беріле қоймайды, тек ол потенциалды сатып алушыларды өзінің қайда
орналасқаны жөнінде хабардар етуі керек.
Пассивті сұранымдағы тауарлар – тұтынушы білмейтін не білсе де,
әдетте, оны сатып алуды ойланбайтын тауарлар. Түтін индикаторы
және тамақ өнімдерін өңдеуге керекті ас үй машинелері сияқты
жаңалықтар, тұтынушыларды олар туралы жарнама арқылы хабардар
еткенше, пассивті сұранымдағы тауар разрядтарына жатады. Жұрттың
бәріне әйгілі және сұранымы онша емес тауарлардың классикалық
мысалына өміді қамсыздандыру, зират учаскелері, құлыптастар және
энциклопедиялары жатады.
Мұндай тауарлар өзінің табиғатына байланысты, оларды өткізу үшін
жарнама және жеке сату әдістері сияқты, әжептәурлер маркетингілік
әрекеттерді талап етеді. Кейбір жеке сату әдістерін жетік түрлерінің
дүниеге келуі осындай пассивті сұранымдағы тауарларды өткізуді қамтамасыз
ету нәтижесі болып саналады.
Кәсіпорындар және мекемелер тауарлар мен қызметтерді орасан зор
көлемде сатып алады. Өндірісте пайдаланылатын тауарларды олардың өндіріс
процесіне қатысу негізі бойынша және олардың салыстырмалы құндылығы бойынша
топтастыруға болады. Бұл тауарлардың үш топтарын бөліп шығаруға болады:
материалдар және бөлшектер, күрделі дүниелер және көмекші материалдар және
қызметтер.

13

МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ БӨЛШЕКТЕР

Шикізаттар

Жартылай фабрикаттар және бөлшектер

КҮРДЕЛІ МҮЛІК

Тұрақты құрылыстар
Көмекші құрылғылар

КӨМЕКШІ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР

Көмекші материалдар
Іскерлік қызметтер

2 кесте. Өндірісте пайдаланылатын тауарларды топтастыру

Материалдар және бөлшектер - өндірушінің бұйымдарына толық
пайдаланылатын тауарлар. Олар екі топқа бөлінеді: шикізат және жартылай
фабрикаттар мен бөлшектер.
1.3 Тауар ассортименті , номенклатурасы
Тауар саясатына ассортиментті құрастыру жатады. Тауар ассортиментіне біздер
былай деп анықтама береміз.
Тауар ассортименті – не қызмет ұқсастығына, не оларды
клиенттердің тек бір тобына сатылатындығына, не бір типті сауда
орындары арқылы сатылуына, не бір шектегі бағаның диапазонында
сатылатындығына қарай топталған, бір-біріне тығыз байланысты
тауарлар.
Тауар ассортиментін басқарушы осы ассортименттің кеңдігі туралы шешім
қабылдауы керек. Ассортимент өте қысаң, егер оны қосымша жаңа бұйымдармен
толықтырып, табысты өсіруге мүмкіншілік болса және өте кең, егер оның
құрамынан бірқатар бұйымдарды шығару арқылы табыс өсірілетін болса.
14
Тауар ассортиментінің кеңдігі бір жағынан фирманың алдына қойған
мақсаты бойынша анықталады. Толық ассортимент шығаратын деген атақ алғысы
келетін фирмалардың тауар ассортименттері, әдетте кең болады. Мекеменің
бірнеше ассортиментті тауар топтары болса онда тауар номенклатурасы туралы
айтылады.
Тауар номенклатурасы – нақтылы сатушының сатып алушыларға
ұсынатын барлық ассортимент топтарының және тауар бірліктерінің
жиынтығы.
Тауар номенклатурасының кендігі
БІР РЕТ ПАЙ-
ЖУУ ТІС КЕСЕК ДЕЗОДО-
ДАЛАНЫЛАТЫН
ҚҰРАЛДАРЫ ПАСТАСЫ САБЫН РАНТТАР ЖАЯЛЫҚТАР
КОФЕ
“Айвари сноу”-1930 ж
“Дрефт”-1933 ж
“Тайд”-1946 ж
“Джой ”-1949 ж
“Чир”- 1950 ж “Оксидол”-1952 ж
“Дэш”-1954 ж
“Каскад”-1955 ж
“Даз”-1956 ж
“Айвори ликвид”-1957 ж
“Гейн”-1966 ж
“Дон”-1972 ж
“Эра”-192 ж
“Болд-З”-1976 ж
“Глим”-1952 ж
“Крест”-1955 ж
“Айвори” 1879 ж
“Камей”-1927 ж
“Лава” – 1927 ж
“Киркс”-1930ж
“Зест” – 1952 ж
“Сейфгард”- 1963 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар және оның қасиеттері. тауар қасиеттерінің альтернативті теориялары
Ассортименттік саясат туралы жалпы түсінік
Тауар ассортиментінің көрсеткіштері
Кәсіпорынның ассортименттік саясаты
Өнімнің ассортименті мен құрылымын талдау
Өндіріс факторлары:біріктіру әдістері және тиімділік
Нарық жағдайындағы фирма қызметіндегі тауар саясаты
Кәсіпорынның өндірістік қызметі
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясатын жетілдіру
Сыра зауытының тауар ассортименті
Пәндер