«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
4БББ-11А б/б
4БББ-11А б/б: Иманмәдиева Ш

Курстық жұмыс

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі

Мамандық: 0105000 « Бастауыш білім беру»

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»

Орындаған: Иманмәдиева Ш.

Тексерген: Отесинова Д.

Жаңаөзен-2015ж

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі

КУРСТЫҚ ЖОБА БОЙЫНША

ТАПСЫРМА

Курсы бойынша: 0105000 «Бастауыш білім беру » Студенттің аты-жөні: Иманмәдиева Шаттық Курсы, мамандығы: 0105000 « Бастауыш білім берудің мұғалімі » Курстық жоба тақырыбы: « Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері »

Берілген тапсырма (шарттары)

Тапсырылуын қажет етеді:

Мазмұны

Кіріспе . . . 2-3

І Грамматика және тіл дамыту

1. 1 Грамматика сабақтарының мақсаты мен міндеті . . . 4-7

1. 2 Грамматикаға үйретудің әдіс-тәсілдері . . . 7-12

ІІ. Грамматикалық сабақтар

2. 1 Грамматика сабақтарының түрлері . . . 12-16

2. 2 Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер . . . 17-22

ІІІ. Қорытынды . . . 23-24

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 25

Графикалық жұмыс

1 Бет

2 Бет

Тапсырманынң берілген уақыты

Тапсырманың бітіру мерзімі

Жетекші Отесинова Д

Циклдық пән комиссиясы төрағасы

Пікір

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2-3

І Грамматика және тіл дамыту

1. 1 Грамматика сабақтарының мақсаты мен міндеті . . . 4-7

1. 2 Грамматикаға үйретудің әдіс-тәсілдері . . . 7-12

ІІ. Грамматикалық сабақтар

2. 1 Грамматика сабақтарының түрлері . . . 12-16

2. 2 Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер . . . 17-22

ІІІ. Қорытынды . . . 23-24

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 25

Кіріспе

Грамматика (грек. лат. grammatike (techne) - әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері, лат. gramma - әріп) -

1. тілдің ішкі (граммат. ) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі;

2. тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы.

Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады:

1. сөзжасам процесінің тәсілдері - сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары;

2. морфология - сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты;

3. синтаксис - сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын әдістемелік әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, соған сәйкес, балалардың жан-жақты дамуына да әсер еткендей болғаны жөн. Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.

Курстық жұмыстың мақсаты. Грамматика мен жазудың әдістемесіндеқазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің шеберлікпен қолданған әдіс-тәсілдері де ескеріледі. Мектептерде үлгермеушілікке қарсы күрес барысында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады.

І. Грамматика және тіл дамыту

1. 1 Грамматика сабақтарының мақсаты мен міндеті

Бастауыш мектептерде оқытылатын ана тілі прәнінің басты бөлімінің бірі-грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін, сауаттылығын тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.

Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты-оқушыларға ана тілінің заңдарын грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады.

Әрине, бұл мақсат толығымен бастауыш мектепте орындала қалмайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарында арнаулы факультеттерде де оқылады. Ал бастауыш мектеп дайындық курсы іспеттес, жүйелі курсты өтуге дайындық болып есептеледі. Бірақ бастауыш мектептерде берілетін грамматикалық мағлұматтар өзінің қарапайымдылығына қарамастан ғылыми негізде құрылады.

Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады.

Оқушылар бұл курсты оқу барысында бір қатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды, жуан, жіңішке дауыстыларды, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды, буынды, тасмалды ажыратады, және дұрыс жаза алады. Морфология саласынан сөздердің морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.

Грамматика ойлаудың, ұзақ абстракциялық жұмыстың нәтижесі болғандықтан онда дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз ұғымдар оқушылар санасына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға, дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты себептері болып саналады.

Ана тілі-оқушының өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Тіл оймен тікелей байланысты және адамдардың ғасырлар бойы қалыптасқан ой жұмыстарының көрінісі. Сондықтан бала қазақ тілін бастауыш мектептің есігін ашқаннан бастап, орта мектепті бітіргенше оқиды. Тілден алатын білім, ережелер тілдік заңдылықтарға сүйнеді. Материалдардың және берілетін тапсырмалардың көлемі балалардың жас ерекшелікктері мен қабылдай білу қабілеті мен тығыз байланысты.

Осы тұрғыдан грамматикалық, лексикалық, орфографиялық, тіл дамыту материалдарының меңгерудің дұрыс әдісін табуда көп мән бар. Қазақ тілдің оқытудың мақсаты-баланың сауатын ашу, ана тілі пәнінің негізін білдіру ғана емес, оларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке, достыққа, ең өнегелі игі қасиеттерге тәрбиелеп, бойларына сіңіру. Қазақ тілі сабағында оқушы тыңдаушы, оқулықтағыны жаттаушы болмауы керек, баянды білімнің «белсенді ойшлы» болуы керек. Баланы соған жетелей отырып, керекті қағидаларды түсіндіргенде ғана ондай білімді баланың бойына дариды. Бұл әдіс мұғалімнің шеберлігіне қарай әртүрлі нәтиже береді.

Оқулықта жүйелі білім беру жұмысы тиісті ережелерден басталмайды баланы сол ережеге жетектейтін тілдік материалдардан басталады. Оқушылар жаттығулардың шартын ұғып, солардан өздері қорытынды шығаратындай кезең басталғанда, жинақталған ережелер беріледі. Ондайда оқушылар тез түсінеді әрі тағыда бірнеше жаттығу жұмыстарын жүргізіледі.

Грамматикалық, орфографиялық ережелерді балаларға білдіру үшін жаттығу материалдарын жетекшілікке аламыз. Тіл сабақтарын оқытудың дидактикалық материалдары ана тілінің әдеби үлгілерінен алынуы тиіс. Сондықтан қазақ тілі мен мектепте сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға жаттығу, талдау материалдарын таңдаудан басталады. Жаттығу материалдарын таңдауға үш түрлі талап қойылады:

1. Жаттығу мазмұнды болуы керек. Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар, сөз ішінде сөздіктер, сөйлем ішінде сөз тіркесі алып талданады. Сондықтан мысалдар, мәтіндер ойдан шығарылған сөйлемдерден алынған сөз, сөз тіркесі, сөйлем, үзінділер болуы тиіс. Солардың мазмұнын ойлауымыз керек. Оқу материалдарына қойылатын басты талап-тілек-оның тәрбиелік мәні басым болуы керектігін естен шығармау.

2. Әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз сөйлем, тіл (стиль) жағынан мүлтіксіз, әдеби нормаға сай болуы керек. Сондықтан олар баланың әдеби тілдің жүйесін (нормасын) меңгеруге, өз тілін дамытуға көмекші бола алады. Мұндағы басты талап- балаға грамматикадан, орфографиядан білім бергенде, оның тіл мәдениетін арттыруын көздеу.

3. Алынған мысал, жаттығудың құрамында керекті сөздер, дыбыстар жиі кездесетін болсын. Жаттығу сапасы осы үшеуінің басын бір жерге түйістіргенде ғана сапалы болмақ.

Жаттығу, талдау, тіл дамыту материалдарының сапасы жақсы болса, қазақ тілін оқытудағы мақсаттың да дұрыс орындалуына қолайлы жағдай жасалады. Қазақ тілін бастауыш мектепте оқытқанда жаттығулардың сапалы болуына ерекше көңіл аударатын себебіміз екі түрлі:

1. Онда қазақ тілі теориялық курс ретінде емес, тәжірибелік сабақ ретінде оқытылады. Тәжірибелік жұмыстың көлемін баянды ететін «жаттығу» деген атпен беріледі.

2. Сауат ашу мен тіл дамыту.

3. Грамматика, емле және тіл дамыту тарауларына бөлінеді.

Тіл дамыту басқалармен қатар жүріп отырады. Жаттығуда қойылатын басты талаптар: оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, түсіну қабілетіне сай. Кейбір жаттығу тарихи тақталарға арналады. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын молайту, саналы білік, берік машықтануын көздеу керек. Ол үшін дайын ережелерді, жеке жұмыс жүргізбей, грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық қағидаларды айқындау оқушаларды белсене қатыстыру, талдау, қорыту жұмыстарына жетектеу керек. Жаттығулар арқылы баланы ойландыратын, өз бетімен жұмыс, істейтін талап, сұрақтар қойып, айтылуға тиісті қорытынды, ережелерді дұрыс, тез түсіндіруге болады.

Дыбыстар мен әріптер, дауысты дыбыстар, алфабит, буын, тасмал туралы түсінік беруде электронды оқулықтарды қолдану оқушылардың қызығушылығын туғызады. Сөз тақырыбын ұғындыруда заттың атын білдіретін сөздер, заттың қимылын білдіретін сөздер, заттың санын білдіретін сөздер, заттың санын білдіретін сөздер туралы білім беру көзделеді. Сөйлем туралы мәлімет беруде сөйлем мен сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсінік берілген. Оқушыларға дыбыстан сөз құралатыны, сөйлем арқылы адам өзінің айтайын деген ойын басқа біреуге түсіндіріп бере алатыны жайлы тәжірибелік жолмен берілетін түсінік ұғымды грамматикалық ережелер ретінде қалыптастыру мақсаты көзделеді.

Осыған байланысты сөйлем туралы ұғым кеңейтіліп, сөйлемнің мағынасы мен айтылуына қарай бөлінеді, сөйлемдегі сөздердің өзара байланыстары да оқылады. Оқу, жазу, тіл дамыту, айнала мен таныстыруға үйрету жұмыстары тәрбие жұмыстары мен ұштастырылып, бір-бірімен тығыз байланысты жүргізіледі.

Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы - лексико­логия саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика са­ласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырыла­ды. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты.

Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.

Мектепке алғаш оқуға келген кезде балалар заттар мен құбылыстарды әлде де болса, тұтас күйінде қабылдайды, оларды талдап, ішкі заңдылықтарын, себептерін, байланыстарын ажырата қабылдауға әлі машықтанбағандықтан, нысанды қабылдау қиындау болып бара жатса, ол дереу екіншісіне ауыса қояды. Тіпті олар заттардың жеке бөліктерін және белгілерін тізбектеп айтып та береді, бірақ онда жүйе, мән жоқ, негізгі жағдайын айыра алмайды.

Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.

Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүние таным ерекшеліктерін естен шығаруға болмайды. Мысалы, грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. «Зат, сын, қимыл» т. б. с. с. сөздер олар үшін дерексіз (аб­стракты) болады да, ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отыру арқылы ғана бірте-бірте меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.

Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грам­матикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.

Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік де-ген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматиканың әдістемесі пси­хология ғылымының деректеріне сүйенеді.

Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншісімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балаларды ақыл-ой әрекетін үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әрекеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі. Осыған орай, қазіргі кезде әдістеме балаларға сауатты жазуды меңгерудің анағұрлым тиімді әдіс-тәсілдері мен жолда­рын зерттеуде, яғни ережені білуден сол ережеге сай, баланың бойында дағды, шеберлік жасалатындай жаттығу жүйесін белгілеуді талап етіп отыр.

Грамматиканың әдістемесі тіл білімі және пси­хология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының қағидаларын басшылыққа алады. Кеңес дидактикасының негізгі қағидалары бойынша оқу мате­риалы оқушылардың ұғымына сай болуы керек.

1. 2 Грамматикаға үйретудің әдіс-тәсілдері.

Грамматиканы оқыту

Жаңа материалды оқып-үйрету ісіне оқушыларды қатыстыра отырып қорытынды жасай білуге байлу керек. Оқушылар сыныпта сабаққа белсене қатысып отырса, өз ойын, пікірін еркін айтып беруге үйренеді. Үй тапсырмасын өздік жұмыстарды қиналмай орындайтын болады. Осы ретпен бағдарламалық материалдар жеңілден-ауырға, белгіліден-белгісізге принципіне негізделіп беріледі де, үнемі алдыңғы оқылған материалдар соңғы оқылатын материалдар дайындығы ретінде өтеді. «Әліппе» кезінде-ақ балалар дыбыс, әріп, сөз, сөйлем деген ұғымдар мен танысады да, ол білімдерін қазақ тілі оқулығынан «Дыбыс пен әріп» тақырыбын оқу кезінде толықтырып, дамыта түседі.

Оқушылар «Сөз» деген ұғымның «Зат» деген ұғыммен байланысын анықтайды. Сөзді талдату үшін сөйлем құраудағы сөздердің өзара байланысына көңіл бөлуі керек. Сөзге сұрақ қойғанда «жеке сөзге сұрақ қойылмайды, сөзге сұрақ басқа сөз арқылы қойылады. Сөздер үнемі бір-бірімен байланыста болады, олай болмаса, адам айтайын деген ойын басқа біреуге түсіндіре алмайды» деп тәжірибе жүзінде түсінік беріп отырған жөн.

Грамматика және тіл дамыту

1. Бастауыш мектеп грамматикасының мақсаты мен міндеті.

2. Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері.

3. Бастауыш мектепте қолданылатын оқу әдістері (эвристикалық, проблемалық, грамматикалық материалдарды пайдалану, оқулықтағы грамматикалық ережелер) .

Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып-үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасы мен танысады. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысындар осы жастағы балалардың дүние таным ерекшеліктерін естен шығаруға болмайды. Мысалы, грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. «Зат, сын, қимыл» т. с. с. сөздер олар үшін дерексіз (абстрактілі) болады да, ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отыру арқылы ғана бірте-бірте меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді. Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдап үйреніп қалады да, грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.

Грамматиканың әдістемесі тіл білімі және психология ғылымына сүйену мен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады. Тілді жүйелі түрде оқуға енді ғана кірісе бастаған 6-9 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларды тілге үйрету барысында нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтиіретіндігі белгілі.

Дидактика талабының бірі оқытудың саналылығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалдар саналы түрде меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалі балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс. Дидактиканың күрделі бір шарты-мектептегі оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығы. Заттар мен құбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттар мен байланыстырып қарау керек, яғни бөліп алып қарамай, басқа заттар мен құбылыстардың жүйесінде қарастырған жөн.

Оқыту мен білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан-жақты жетілдіру мен тәрбиелеу, шеберлік және дағды мен қаруландыра түсу болып саналады.

Қазіргі кезде мектептерде негізінен мынадай әдістер қолданылады:

  1. Мұғалімнің хабарлауы

2) Оқушылармен әңгімелесі,

3) Оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы

Хабарлау әдісі бойынша мысалы, грамматика сабактарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұндай әдіс оқушылардың жақсы ұғынуларын қамтамасыз өтетін түрлі құралдар қолданылады.

Материалды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйені ашық көрсетуге тырысады: айталық, түбірлес сөздік белгілері, зат есімнің септелуі т. б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып, бірте - бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т. с. с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады.

Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3-5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сыныптарда сиректеу қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматика мен жазуға үйретуге кеңінен қолданылатын әңгіме әдісі болып табылады.

Әңгіме әдісі немесе сұрақ - жауап әдісі, ал кейде эвристикалық (грек сөзі -«эврика» - таным) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.

Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қайылады, оны оқышылар өздері иілмеуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап беретін, әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (мысалы, қалаға, қалады т. б. табу керек. )

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмысы олардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары. Мысалы, мұғалім граматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазуша жоспар жасатады) . Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматика және тіл дамыту
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту
Қазақ орфографиясының ғылыми-теориялық негіздері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Мұғалімнің жазба жұмыстарын тексеру тәртібі
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарында оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Сауат ашу кезінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдыларының шеңбері
Жазуға үйрену үшін жүргізілетін жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz