XIX ғасырдағы тіл білімі



ЖОСПАР:
І. Кірсіпе
1.1 XIX ғасырдағы жалпы тіл білімі туралы түсінік
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 XIX ғасыр тіл білімінде қолданылған әдістер
2.2XIX ғасырдағы жалпы тіл білімі өкілдері
2.3. XIX ғасырдағы типологиялық зерттеу
2.4. XIX ғасыр тіл біліміндегі ағымдар
2.5 Жас грамматикалық бағыт
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған.
Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады. Ол түркі тілдерін қыпшақ, оғыз, түркі деп аталатын үш топқа бөліп зерттеді.
1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады. Автор осы еңбегінде тілдерді туыстық жақындықтарына қарай жіктеуді алғаш ұсынады. Бұдан кейін 1559 жылы Нидерландия ғалымы Иозефус Скалигер "Еуропалықтар тілдері туралы пікір" деген еңбегінде бүкіл еуропалық тілдерді туыстықтарына карай 2 топқа бөледі. Тілдер туыстастығы философтар назарын да аударады. Вильгельм Лейбниц тіл ғылымдарын әлем тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеуге үндейді. Өзі тілдерді арамей, яфет тілдері деп екі топқа бөледі де, яфет тілін скиф, кельт тілдері деп тағы екі топқа бөледі. Скиф тобына фин, түркі, моңғол, славян тілдерін, кельт тобына еуропалық тілдерді жатқызады.
ХҮШ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап ғалымдар назарын ежелгі үнді тілінде жазылған ескерткіштер мен лингвистикалық зерттеулер аудара бастайды. Үнді тілінде жазылған "Санскрит тілінің грамматикасы" Еуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазуға түрткі және негіз болды. Санскрит тілінің грек, латын және еуропалық тілдерге ұқсастығы әр жерде, әр ғалымдар тарапынан жиі айтыла, жазыла бастайды. 1786 жылы ағылшын ғалымы Уильям Джонстың "Азиялық зерттеулер" деген еңбегі жарияланады. Онда санскрит тілінің грек, латын тілдеріне өте жақын екендігін көрсете келіп, бұл үшеуінің түпкі төркіні бір болуы керек, бұл топқа герман, кельт, иран тілдерін де қосуға болатын сияқты. Асылы, осылардың бәрі өзара туыстас болар деген тұжырымға келеді. Осыған ұқсас жорамалды 1808 жылы шыққан "Үнділердің тілі және даналығы" деген еңбегінде Ф.Шлегель де айтқан. Ол да Джонс сияқты санскрит тілі сөз түбірлері жағынан ғана емес, тіпті грамматикалық құрылысы жағынан да грек, латын тілдеріне өте ұқсас дегенді айтады, тілдерді бір-біріне салыстыра зерттеуді ұсынады.
1. Ұ. Исабекова Орта ғасыр жазба ескерткіштері – қазақ тілінің тарихи негізі. – Дәстүр журналы № 8 Тамыз 2010 ж
2. Ә. Құрышжанұлы Мәмлүк қыпшақтарының тілінде жазылған бір ескерткіш жайында — Көне түркі жазуларының зерттелуі. Бүгіні мен болашағы. Дөңгелек үстел материялдары. – Астана, 2004 ж
3. М. Сабыр Орта түркі лексикасы мен қазақ тілі лексикасының сабақтастығы. – Алматы, Қазақ университеті,2004. 315 б
4. М. Сабыр Бабадан қалған мұрағат // Тілтаным, 2003. №1 -78 -81 б. 5. Б. Сағындықұлы Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: Санат, 1994-168 б.
5. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Алматы, 1944
6.Ковчиков. В.А. Психолингвистика.Теория речевой деятельности. М: Астрель,2007.-318с.
7. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
8. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
9. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.
10.Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. "Арыс қоры".- Алматы: Арыс, 2007.
11. Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа.,2008.-7063с.
12. Исаев. С. Қазақ тіл білімінің мәселелері [Текст] = Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
13. Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын, 2008.
14. Шалабай, Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. – Алматы, 2012.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
І. Кірсіпе
1.1 XIX ғасырдағы жалпы тіл білімі туралы түсінік
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 XIX ғасыр тіл білімінде қолданылған әдістер
2.2XIX ғасырдағы жалпы тіл білімі өкілдері
2.3. XIX ғасырдағы типологиялық зерттеу
2.4. XIX ғасыр тіл біліміндегі ағымдар
2.5 Жас грамматикалық бағыт
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.


Кіріспе
Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен, яғни XIX ғасырдан көп бұрын белгілі болған.
Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған тіл екендігін түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады. Ол түркі тілдерін қыпшақ, оғыз, түркі деп аталатын үш топқа бөліп зерттеді.
1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер туыстастығы туралы" деген еңбегі жарияланады. Автор осы еңбегінде тілдерді туыстық жақындықтарына қарай жіктеуді алғаш ұсынады. Бұдан кейін 1559 жылы Нидерландия ғалымы Иозефус Скалигер "Еуропалықтар тілдері туралы пікір" деген еңбегінде бүкіл еуропалық тілдерді туыстықтарына карай 2 топқа бөледі. Тілдер туыстастығы философтар назарын да аударады. Вильгельм Лейбниц тіл ғылымдарын әлем тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеуге үндейді. Өзі тілдерді арамей, яфет тілдері деп екі топқа бөледі де, яфет тілін скиф, кельт тілдері деп тағы екі топқа бөледі. Скиф тобына фин, түркі, моңғол, славян тілдерін, кельт тобына еуропалық тілдерді жатқызады.
ХҮШ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап ғалымдар назарын ежелгі үнді тілінде жазылған ескерткіштер мен лингвистикалық зерттеулер аудара бастайды. Үнді тілінде жазылған "Санскрит тілінің грамматикасы" Еуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазуға түрткі және негіз болды. Санскрит тілінің грек, латын және еуропалық тілдерге ұқсастығы әр жерде, әр ғалымдар тарапынан жиі айтыла, жазыла бастайды. 1786 жылы ағылшын ғалымы Уильям Джонстың "Азиялық зерттеулер" деген еңбегі жарияланады. Онда санскрит тілінің грек, латын тілдеріне өте жақын екендігін көрсете келіп, бұл үшеуінің түпкі төркіні бір болуы керек, бұл топқа герман, кельт, иран тілдерін де қосуға болатын сияқты. Асылы, осылардың бәрі өзара туыстас болар деген тұжырымға келеді. Осыған ұқсас жорамалды 1808 жылы шыққан "Үнділердің тілі және даналығы" деген еңбегінде Ф.Шлегель де айтқан. Ол да Джонс сияқты санскрит тілі сөз түбірлері жағынан ғана емес, тіпті грамматикалық құрылысы жағынан да грек, латын тілдеріне өте ұқсас дегенді айтады, тілдерді бір-біріне салыстыра зерттеуді ұсынады.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи
құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады
деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-
тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым
тарихында үлкен бетбұрыс болған бұл жәйт XIX ғасырдың
алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Әрине, жаңа әдістің
қалыптасуы - ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-
пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. ХҮШ ғасырдың соңғы
жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті.
Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді. 1816 жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Онда аталған тілдердің туыстастығы дәлелденді. Бопп бұл тілдерден жинаған материалдарын иран, славян, балтық бойы халықтары, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1833-1849 жылдар арасында "Үнді-Еуропа тілдерінің салыстырма грамматикасын" жазды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, Бопптың бұл еңбегіне үнді тіл білімінің әсіресе Панини еңбегінің әсері тиген. Панини сияқты Бопп та, негізгі зерттеу объектісі етіп морфологияны алады да, фонетиканы соған тәуелді жағдайда қарайды, синтаксис саласы тіпті сөз болмайды.
Тіл білімі тарихында Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады. Ф.Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына зор ықпалын тигізді.
Франц Бопп (1791-1867) Майнц қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген. 1821 жылы Берлин университетіндегі шығыс әдебиеті және жалпы тіл білімінің профессоры, 1829 жылдан академик. Оның ең басты еңбегі -"Санскрит, зенд, армян, грек, латын, литва, көне славян, гот, неміс тілдерінің салыстырмалы грамматикасы". Бұл еңбек үш томнан тұрады: 1833-1852 жылдары бірінші рет, 1856-1861 жылдарда жөнделіп екінші рет, 1868-1870 жылдары үшінші рет басылды.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі - Дания ғалымы Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан "Исланд тілінің шығу тарихы" атты еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол - тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстығының белгісі - олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екіншісі тілге ауыспайды деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі - дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.
Расмус Кристиан Раск (1787-1832) Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген, испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған. Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер" деп аталады. Бұл еңбегінде автор гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі - неміс ғалымы Якоб Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын Неміс грамматикасы атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады. Мұнда автор неміс тілінің қалыптасу, даму жолдарын, оның құрамындағы әр түрлі диалектілерді бір-біріне салыстыру, неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен қатар қоя қарау арқылы айқындайды.
Гримм өзінің еңбектерінде тілдің, тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Ол тарихи салыстырудың баспалдақты, хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырады. Сөйтіп, тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының табиғи нәтижесі екенін дәлелдейді.
Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам тарихын зерттеуде орасан зор роль атқаратынын баса айтты.
Ф.Бопп еңбектері сияқты Гримм еңбектері де салыстырмалы-тарихи тіл білімін зор беделге ие етіп, оның даму бағытына елеулі ықпал жасады. Ф.Энгельс Гриммді герман тілі салыстырмалы грамматикасының негізін салушы деп жоғары бағалады.
Якоб Гримм (1785-1863) Ганау қаласында туған. Кассель қаласындағы лицейде, кейін Марбург университетінің заң факультетінде оқыған. Бірақ ол филология мен әдебиет маманы болды. Ол Геттинген, кейініректе Берлин университтетерінің профессоры болған. Оның ең негізгі лингвистикалық еңбегі төрт томнан тұратын "Неміс тілі грамматикасы". Мұнда бүкіл герман тілдерін бір-біріне тарихи тұрғыда салыстыра зерттейді. Бұл еңбек салыстырмалы-тарихи тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да ілгері дамуына зор әсерін тигізді.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылардың жолын ұстанған басқа да ғалымдар болды. Олар салыстырмалы-тарихи әдіспен үнді-еуропа семьясына жататын тілдерді жекелеп те, топтап та зерттей отырып, олардың арасындағы бірлік пен өзгешеліктерін, бір-біріне жакындық дережелерін айқындады
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың ерекше назар аударған мәселесі - үнді-еуропа семьясына жататын тілдердің шыққан төркінін, ол төркіннің қандай сипатта болғанын айқындау болды. Ол төркін тілді ата тіл-праязык деп атады да, одан тараған тілдер тобын семья деп атады.
Дыбыс тілі жалпы адамзаттық құбылыс болғандықтан, онда бір-біріне ұқсастық болмай қоймайды. Оның себептері көп. Ұқсастық бір тілдің екінші біреуіне тигізген әсерінен, тілдік тұлғалардың, әсіресе сөздердің бір тілден екіншісіне ауысуынан болуы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде қолданылатын колпак, алтын, баба, бак, бар, оба деген сөздер бірлі-жарым дыбыстық өзгешеліктер мен көптеген түркі, солардың ішінде қазақ тілінде де кездеседі. Бірақ соңғыларда басқа мағынада жұмсалады. Жоғарыда айтылған кездейсоқ ұқсастық дейтіндеріміз - осылар. Мұндай тіларалық омонимдер олардың туыстастығының көрсеткіші бола алмайды. Сондай-ақ, қазақ тіліне орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан: база, телефон, радио, демократия, студент, кафедра тәрізді сөздер бар. Бұлар -қазір бір-бірімен ешқандай туыстық жақындықтары жоқ көптеген тілдерде кездесетін ортақ сөздер. Жоғарыда айтылған тілдер қарым-қатынасы арқылы пайда болатын ұқсастық, бірлік дейтіндер, міне, осылар. Бұлар да тілдер туыстастығына кепіл бола алмайды. Тілдер туыстастығының, төркіндестігінің негізгі кепілі - сөз туғызушы, сөз өзгертуші формалардың бірлігі, ұқсастығы және негізгі сөздік қор мен дыбыс заңдарындағы жақындық. Сондықтан тілдер туыстастығын ай-қындау үшін кездейсоқ ұқсастықты алмай, тілдердің фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелеріндегі ұқастықтарды салыстырған жөн. Тілдер туыстастығын тек осылардағы бірлік пен төркіндестік қана аша алады. Бірақ туыстас тілдер фактілерін салыстырғанда олардың бір-бірінен ешқандай жақындығы, бірлігі жоқ фактілерін немесе бір-біріне ешқандай өзгешелігі жоқ фактілерін салыстыруға болмайды. Мысалы, қазақ тіліндегі сөйлем, үтір, нүкте деген сөздердің - мағынасы ұйғыр тілінде жүмлә, пәш, чекит деген сөздермен беріледі. Ал енді, қазақ тіліндегі пай, ат, зиян, қызыл, қызғылт, қымыз, ақ деген сөздер башқұрт тілінде де дәл осы қазақ тіліндегідей дыбыстық құрылымда айтылады.
Салыстыру үшін алынатын материалдар, фактілер тарихи жағынан салыстырып отырған тілдерге ортақ, о баста бір негізден тарағанмен, кейін өзгерістерге ұшырап, бөлектенген болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде: тас, тұз, баға, болат, балта, мүйіз, табан, жақсы, жат деген сөздердің, ойрот тілінде: таш, тұз, баға, болат, балта, мүйіз, табан, жат болып айтылуын немесе қазақ тілінде қосымша д,т дыбыстарынан басталып қосылатын: біздер, тілектестік, мендік, атты дегендердің қарақалпақ тілінде; біздер, тілеклестік, менлік, атлы болып, л дыбысымен ауысатындығын алуға болады. Салыстыру арқылы бұл фактілердің бастапқы түрін де, қай тілде қалай және неліктен өзгеріске ұшырағандығын да табуға болады.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің кемшілітері:
Салыстырмалы-тарихи әдіс тіл туралы ғылымды қалыптастырып, дамытуда зор роль атқарды, лингвистикалық жаңа дәуірдің басы болды. Бірақ соған қарамастан ғылымның кейінгі замандардағы дамуы бұл әдістің бірсыпыра осал жақтарының да барлығын айқындап берді. Біріншіден, ең алдымен, салыстырмалы-тарихи әдісті қолданушылар тілдің өткенін зерттеуге, болған-болмағаны беймәлім, жорамалдан туған ата тіл (праязык) дегенді табуға баса назар аударды. Сөйтіп, тілдің қазіргі күйін, оның жүйелік, құрылымдық сипаттарын айқындауға жете мән бермеді. Екіншіден, бұл әдіс тілдің лексикасын, семантикасы мен синтаксисін зерттеуде айтарлықтай жеміс бере алмады. Үшіншіден, туыстас тілдердің бір-біріне жақын, ұқсас келмейтін фактілері ескерусіз қалды. Анықталып, түпкі төркіні табылды деген тілдік элементтердің көпшілігінің қай тарихи кезеңге жататынын және қай тілде солай болғанын тап басып айту мүмкін болмады. Төртіншіден, бұл әдіс бірнеше тілдер фактілеріне сүйеніп қана қорытынды жасады, тілдердің басым көпшілігі, әсіресе туыстығы белгісіз тілдер зерттеуден шет қалды. Бесіншіден, туыстас тілдер фактілерін салыстыруда ол фактілердің хронологиялық жақтарына жете мән берілмеді, көп жағдайда өзара жалғаспайтын, бір-бірінен алшақ жатқан дәуірлер фактілері салыстырылды. Алтыншыдан, тілдік фактілерді салыстырғанда сол тілдердің иесі болып табылатын қауым тарихына жеткілікті мән берілмеді. Тіл тарихы қоғам тарихына, материалдық мәдениет тарихына жеткілікті шамада ұштастырылмады. Ең ақырында, салыстырмалы-тарихи әдіс тіл біліміндегі бірден-бір әдіс деп есептеліп, оның аты ғылым атына (салыстырмалы-тарихи тіл білімі) айналды. Бұл ол көтере алмайтын жүк еді. Бірақ салыстырмалы-тарихи тіл білімі мен оның зерттеу әдісі - салыстырмалы-тарихи әдіс тепе-тең емес. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі - туыстас тілдерді зерттейтін, туыстық жақындықтарына қарай оларды түрлі семьяға, топқа жіктейтін, олардың тарихын, тараған аймақтарын айқындайтын ғылым. Бұл ғылым мен ол қолданатын әдістің проблемалары бір емес. Алдыңғының өрісі әдіске қарағанда әлдеқайда кең.
Тіл білімінің дамуына байланысты туған жаңа талаптарға сай келмейтін осындай оқулықтар зерттеудің жаңа амал-тәсілдеріне көшуге мәжбүр етті. Бірақ бұдан салыстырмалы-тарихи әдіс қолданудан біржола шығып қалған, қажетсіз тәсіл екен деп ойлауға болмайды. Ол - тіл білімінің даму тарихында елеулі роль атқарған, орынды пайдалана білсе, әлі де берері көп, қазір де зерттеудің басты бір тәсілі ретінде қолданылып жүрген әдіс.
Тіл философиясы. Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Тіл ғылымы дүниеге келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ол туралы алдыңғы тарауларда айтылды.
Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. XIX ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік объектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт 1767-1835 болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, мәселелері шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Оның бұл салалардағы тұжырымдары толық та, айқын баяндайтын ең-бектері - "Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы" 1827, "Ява аралығындағы Кави тілі туралы" 1836 деп аталатын туындылары.
Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды.
Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық қоры - тіл философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері - тілді адамдар әрекеті деп тану, оны халықтың ұлттық санасы де есептеу. Гумбольдтың ойынша, тіл - әрекет, ол рухтың жемісі, рухтың әрекеті. Тіл үздіксіз даму үстінде, даму - тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл - ойлау әрекетінің шығармашылық синтезі, бірақ сонымен бірге ол - актив форма, ойлау әрекетінің құралы. Тіл мен ойлаудың бірлігі - ажырамас бірлік. "Халық тілі - оның рухы, халық рухы - оның тілі". Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінеді, бірақ ол - жеке адамның табысы емес, халықтың табысы, жалпыхалықтық туынды. Гумбольдт тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысты.
Сонымен, XIX ғасырдың алғашқы жартысы - компаративистиканың лат. салыстыру өз алдына дербес ғылым болып қалыптасып, өзінің зерттеу тәсілі мен әдістемесін жетілдірген, объектісін айқындай түскен кезең болды. Бұл кезеңде тіл ғылымының жалпы тілдік мәселесі ретінде тіл философиясы, жеке тілдер жөніндегі тарауы, салыстырмалы грамматика салалары қалыптасып, дами түсті. Тілдік материалдар жинау, тіл білімін теориялық жақтан дамыту да қызу жүріп жатты. Бәрінен де гөрі кеңірек етек алған мәселе - үнді-еуропа тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың шыққан төркін, ата тілді айқындау болды. Тілді, тілдік элементтерді тарихи тұрғыдан зерттеу ғана ғылыми деп жарияланды.
Типологиялық зерттеу. Салыстырмалы-тарихи зерттеу - өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп, дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісінде дәрменсіз болды. Ал жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүниежүзіндегі тілдердің жалпы адамзаттық сипаттарын, типтес белгілерін ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді. Осы мақсатты іске асыру үшін салыстырмалы-тарихи зерттеумен замандас салыстырудың екінші түрі, типологиялық салыстыру дүниеге келді. Тіл білімінде зерттеудің бұл түрі салыстырмалы әдіс, типологиялық әдіс, кейде типологиялық тіл білімі деп те аталады.
Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, зерттеудің бір әдісі ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың бас кезі болғанымен, ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда басталған көп тілді салыстырмалы сөздіктер жасау, рационалды грамматикалар жасау, - осы әдістің алғашқы нәтижелері. Екеуінде де тіл фактілерін салыстыру болғанымен, типологиялық зерттеу - салыстырмалы-тарихи зерттеуден өзгеше. Бұлардың объектісінде де, көздейтін түпкі мақсатында да өзгешелік кездеседі. Типологиялық зерттеуде туыстас тілдер ғана емес, бір-бірімен ешқандай туыстық жақындығы жоқ тілдер фактілері де салыстырылады. Екіншіден, салыстырмалы-тарихи әдістегідей тілдік жүйедегі жеке элементтер емес, жүйе құрылымы салыстырылады. Үшіншіден, мұнда тілдік тұлғалардың материалдық туыстығын ашу көзделмейді, салғастырылып отырған тілдердің ортақ белгілерін, типтік сипаттарын айқындау, сөйтіп тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу көзделеді. Типологиялық зерттеудің алға қоятын мақсаты - барлық тілдерге немесе тілдердің көпшілігіне ортақ әмбебап, типтік белгілерді ашу. Бұл зерттеудің типологиялық деп аталуы да осыдан.
Ғылымда типологиялық зерттеуді сипаттама зерттеудің жалғасы, соның екінші басқышы деген пікір бар. Бұл орынды да, өйткені типологиялық салыстыру үшін, алдымен, дүние жүзіндегі тілдердің әрқайсысының құрылымдық сипаттары жеке-жеке зерттелген болуы керек. Типология сол айқындалған құрылымдық сипаттарды өзара салыстыра қарау арқылы тілдерде болатын ортақ қасиеттерді, типологиялық белгілерді айқындайды.
Типологиялық зерттеу - мәні, функциясы жағынан тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылық сипаты бар объектілер салыстырылады. Мұндай объект тілдің фонология саласында да, семантикалық, грамматикалық салаларында да болады. Типология тілдердің осы аталған жүйелердегі жалпылық мәні бар объектілерді бір-біріне салыстыра қарау арқылы олардың арасындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктерді ашады. Мысалы, фонология саласында дыбыстардың дауысты, дауыссыз, шұғыл, ызың болып бөлінуі, болмаса морфемалардың лексикалық, грамматикалық болып бөлінуі, т.с.с. тілдердің барлығына немесе басым көпшілігіне тән типтік белгілер. Типологиялық зерттеуде осылар сияқты әмбебап тұлғалар салыстырылады.
Типологиялық әдістің тіл білімінде қолданыла бастағанына біраз уақыт болғанымен, ол туралы әр елдің көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі пікір айтқандарымен, бұл меселе күні бүгінге дейін бір ізді шешімін тапқан жоқ.
Дүние жүзіндегі тілдердің типологиялық белгілерін айқындап, тілдерді сол белгілеріне қарай жіктеуді алғаш ұсынған неміс романтиктерінің көсемі Фридрих Шлегель. Ол 1809 жылы жарық көрген Тіл және үнділердің даналығы дейтін еңбегінде сөз тұлғасын түрлендіретін қосымшалардың бар-жоқтығына, сөздердің тұлғалық құбылысқа түсудегі сипатына қарай тілдерді флективті, агглютинативті деп екі топқа бөледі. Мұнда көрсетілген типологиялық шағын белгілер дүние жүзіндегі тілдерді қамти алмайды. Осыны байқаған Шлегельдің туысы Август Шлегель 1818 жылы шыққан "Провансаль тілі туралы" атты зерттеуінде алдыңғы екеуі үстіне аморфты тіл дегенді қосады. Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді. Бірақ формасыз тіл болмайды, тек оның көріну жолдары әр тілде әр басқа болады. Сондықтан бұл жіктеу де толық емес. Ағайынды Шлегельдердің біраз кемшіліктерін ашып, типологиялық зерттеуді едәуір дамыта түскен ғалым - В.Гумбольдт. Ол тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеуге екі түрлі белгіні негіз етуді ұсынады: оның бірі - тілдік тұлғалар қарым-қатынасы, екіншісі - сөйлем құрау тәсілдері. Осы белгілерге сүйене отырып, Гумбольдт дүние жүзіндегі тілдерді төрт топқа бөлді, жоғарыда аталған үш белгінің үстіне инкорпорациялы тіл дегенді қосып, оған Америка индеецтері мен палеоазиат тілдерін жатқызады.
Көрсетілген типологиялық белгілер, сол белгілер негізінде тілдерді жіктеу приициптері кейінгі замандардағы А.Шлейхер, Э.Сепир, И.Мещанинов, Т.Милевский, т.б. ғалымдар зерттеулерінде толыға, жетіле түсті.
Қазір типологиялық белгілердің негізгілері ретінде сөз құрылымын, сөздердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасыр тіл білімінде қолданылған әдістер
Ерте дәуірдегі тіл білімі
Хіх ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. салыстырмалы-тарихи зерттеу (xyiii-xix ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Xix ғасырдағы салыстырмалы-тарихи тіл біліміне ғалымдардың қосқан үлесі
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
Ежелгі тіл білімі
Лингвистикалық ілім тарихы Ежелгі дәуір тіл білімі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Пәндер