Мектептегі әдебиет сабағын ұйымдастыру және оның маңызы


Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Мектептегі әдебиет сабағының маңызы
2. 2 Көркем туындыны оқыту және талдау
2. 3Қазақ әдебиетінен қазіргі сабақ түрлері
2. 4 Әдебиет сабағында сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар
2. 5 Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әдебиет сабағы - ол оқушылардың шығармашылығын шыңдай түсетін сабақтардың бірі болып табылады. Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.
Осы негізде мектептегі қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиет пәнінің бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі әлемдік тәжірибеге негізделеді. Әдістеме ең алдымен мұғалімнің шығармашылық әрекетінің жүйелі болуына қызмет ететіндіктен, ол әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды. «Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс», -дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ. Бітібаева.
Сонымен оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды.
Ол бағыттар:
- әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап, тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының жеке сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай екі жылдық бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін жарыспалы бағадарламалар жасау;
- әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын күшейту, сабақ үрдісінде жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;
- оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көтеру;
- оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету, сабақ тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;
- оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби білім нәтижелігін қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау;
- әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ бағдарлама жасау;
- әдебиет оқулықтарының, оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту, оқулықтарға білім берудің жаңа технологиясын ендіру.
Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге де сай келеді деуге болады.
«Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы дамуы оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің даму деңгейіне жақын келуі, вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру болып табылады».
Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
Көркем туындыны оқыту және талдау
1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;
2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;
3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;
4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;
5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;
6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;
7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;
8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:
а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;
ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;
в) көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.
Көркем туындыны оқыту және талдауға қойылатын талаптар:
Көркем шығармаларды оқытудың тиімді де өнімді жолдарын іздеудегі әйгілі ұстаз, әдіскер Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбегі зор.
-Көркем шығарманы талдау жүйесі, ең алдымен алдымен көркем туындыда жазылған, баяндалған оқиғалардың тарихи негізіне назар аудартады.
-Мұғалімнің түсіндірме әңгімелерінен кейін, мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнымен танысу,
мәтінді бөлшектерге бөліп, ат қою, әр бөліміне жоспар құру, құрылған жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып мазмұндату;
-шығарманың басталуы, шығарма ішіндегі уақиғалардың байланысы, уақиғаның шарықтау шегі, шешімі айқындау;
-Әр шығармадағы адам тағдыры жеке кейіпкерлер арқылы пайымдалып, іс-қимылы, мінезі, қылығы, әрекеті айқындау;
-Кейіпкерді танытатын, айқындап, даралап беретін негізгі элементтер: портрет, іс-қимыл әрекеті, тілдік көрінісі, көркемдік детальдар, суреттеме, кейіпкерлер диалогы, жанама сипаттамалар, кейіпкердің өзара қарым-қатынасы, қақтығысы, күресі т. б ашып көрсету;
-Кейіпкерді талдап, тану барысында оқушы көркем шығармадағы кейіпкердің жүйесін нақтылау керек;
өзара байланысын, жазушының әр кейіпкерге қандай сипаттама бергенін, портретін, кейіпкерлердің диалогтары арқылы олардың мінезін ерекшелеп айқындап, негізгі орталық тұлғаны анықтау қажет.
Қазақ әдебиетінен қазіргі сабақ түрлері
Бағдарламалық сағаттардың шақталып, шектеулі берілуіне байланысты орыс мектептеріндегі қазақ әдебиеті сабақтары, негізінен, аралас сабақ түрін қажетсінеді. Солай болған күнде де, мұғалімдердің қазіргі сабақтың алуан түрлілігін пайдалануына болады. Оның шығармашылық ізденісіне шек қойылмайды. Осы орайда, әдіскер ұстаз Қ. Бітібаева жүйесі бойынша, қазақ әдебиеті пәнін оқытуда қазіргі тәжірибеде дәстүрлі сабақтармен қоса, мынадай сабақ түрлері жиі пайдаланылуда:
1. Дәріс сабақ (лекция) .
2. Семинар сабақ (бірнеше түрі бар) .
3. Пәнаралық байланыста оқытуға негізделген интеграциялық сабақтар (қос, үштік сабақтар) .
4. Конференция сабағы.
5. Сот сабақтары (не билер тартысы сабағы) .
6. Жәрмеңке сабағы.
7. Пресс- конференция сабағы (баспасөз сабағы) .
8. Концерт сабағы.
9. Пікірталас сабағы.
10. Айтыс сабақтары.
11. Композициялық сабақ.
12. Әдеби монтаж сабағы.
13. Көзқарас сабағы.
14. Брифинг сабақтары.
15. Ерлік сабағы.
16. Іздендіру сабағы.
17. Практикалық сабақтар.
18. Емтихан, есеп- сынақ сабақтары.
19. Реферат қорғау сабақтары.
20. Пікір қорғау сабақтары.
21. Жарыс сабағы.
22. Ойын сабақтары (әдеби ойындар) .
23. Кино, теле сабақтар, т. б.
Енді осы сабақ түрлерін кесте бойынша көрсетейік.
1. Семинар сұрақтары.
2. Сұрақ- жауап.
3. Баяндама, хабарлама.
4. Ғылыми, қосымша материалдармен өздік жұмыс.
1. Баяндама, лекция.
2. Сұрақ- жауап.
3. Сұхбат түріндегі сұрақ- жауап.
4. Пікірталас (проблема айналасындағы) .
Сот сабағы
(билер сабағы)
1. Сұрақ- жауап, түсіндірмелі әдіс (айыптаушы, куә, жауапкер арасындағы) .
2. Тартыс, айтыс, дәлелдеу, т. б.
1. Концерт, инсценировка элементі бар көріністер.
2. Халықтық педагогика, әдет- дәстүрді сабаққа пайдалану.
1. Мәнерлеп оқу.
2. Жатқа оқу.
3. Рөлге бөліп оқу.
4. Ән айту, көріністер көрсету.
5. Инсценировка, монтаж жасай білу.
Диспут,
айтыс сабақтары
Сұрақтар, проблемалық сұрақтар, пікірлесу.
Қосымша материалмен, кітаппен жұмыс, т. б.
1. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар.
2. Сұрақ- жауап.
3. Білім жарысына түсу.
4. Білім сынағы.
1. Проблемалық сұрақтарға негізделген тапсырмалар.
2. Проблеманы шешу, сол мақсатта іздену.
3. Салыстыру, қорытынды жасау.
4. Материалды, проблеманы баяндау.
5. Қосымша материалдар, ғылыми материалдармен жұмыс.
6. Проблемалық әңгіме.
7. Проблемалық зерттеу әдісі.
8. Пікір айту, оны нақты мысалдармен дәлелдеу, қорғау.
1. Көркем мәтінмен жұмыс.
2. Ғылыми материалдар, қосымша материалдармен жұмыс (іріктеу, негізгі мәселелерді бөліп ала білу, конспекті жазғызу) .
3. Сұрақ- жауап.
4. Проблемалық тапсырмалар.
5. Көркем дидактикалық материалдармен жұмыс.
6. Проблемалық зерттеу әдісі.
1. Тестілеу.
2. Алгоритм, жоспар түзу.
3. Билет-карточкалар.
4. Тезистеу.
5. Түсінік беру, дәйектеу.
6. Тұжырымдау, т. б.
Қазіргі сабақтың алуан түрлілігі мен олардың шығармалық сипаттары әдебиет пәні бойынша ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстарымен үндес, мақсаттас болып келеді.
Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстар оқушылардың әдебиет сабағында алған білім қорын молайтып, ой-өрісін дамытып, дүние тану қабілетін арттырады. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстар әр алуан. Олар: түрлі үйірмелер, әдебиет газеті мен қолжазба журналдар, әдеби-көркем кештер, спектакльдер, әдеби көрмелер, серуен, экскурсиялар, театрға бару, кино, мұражайларға бару, сыныптан тыс көркем шығармаларды оқу, әдебиеттік музыкалық клубтар, оқырмандар конференциялары т. б. сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыу сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселері сыныптан тыс жұмыстарда одан әрі жалғасын табады.
Әдебиет сабағында сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар
Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі - сыныптан тыс оқыту.
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың
- бос уақыттарын тиімді пайдалануға,
-өз қабілетін танып білуге,
- қосымша жұмыс жасауға үйретіп,
- дүниетанымын кеңейтеді.
Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем - дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты - оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.
Сыныптан тыс оқыту нәтижесінде мектеп бітіруші оқушылар әдебиет пәнінен шығарма жазуда, ауызша емтихан тапсыруда өздерінің терең білімділігін, саналылығын көтереді. Оқушылардың бос уақыттарын пайдалы, тиімді өткізуде, инабаттылық, имандылық, адамгершілік сияқты биік қасиеттерге баулуда, ұлттық өнерді, халық өнерін қастерлеу, қорғауда да сыныптан тыс оқытудың жас ұрпаққа берері көп.
Әдебиет сабақтарында оқушылардың алған білімі мен дағдыларын сыныптан тыс оқумен ұштастыра дамытқан кезде ғана олардың өз бетімен оқу машығы жетіле түспек. Осыдан келіп оқушылардың әдеби білімдерін арттырудың иімді долы - әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс оқу сабақтарын байланыстыра білу мәселесі туады.
Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі. Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады.
Сыныптан тыс оқуға бөлінген сағат көп емес. Бөлінген уақытты ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың әдебиет сабақтарында алған білімдерін сыныптан тыс оқу сабақтарында кеңейту мен тереңдетудің тиімді жолдарын іздестірген жөн. 1
Сыныптан тыс оқу сабағы - әдебиет сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Сыныптан тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілегн мәселеге қайта оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап сыныптан тыс оқу сабағын қалыптағы дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, сынып сағатына қарағанда, мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. Сондай - ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға қажетті тәрбие жұмыстарын іске асыруда сыныптан тыс оқудың маңызы зор.
Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Кітап тапшылығы, қағаз тапшылығы алға жібермей тұрған бұл заманда бағдарламадағы авторлардың табылуы да қиын болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына басқа шығармаларды оқытудың қателігі жоқ. мысалы, 5 - сыныпта Ыбырайдың «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол әңгімені оқып болған соң, оның «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Талаптың пайдасы», «Әкесі мен баласы» атты әр түрлі тақырыптарда жазылған әңгімелерін сыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады. Сыныптан тыс оқуды жоспарлағанда мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар. Мысалы, 5- сыныпта:
1. Ә. Дайырова, С. Тілешова. Әдістемелік нұсқау. Алматы, 1996. 39 бет.
Әуезовтың «Әжемнің әңгімесін» өткеннен кейін, Ана тақырыбына жазылған Ғ. Мүсіреповтің «Ананың арашасы», «Ананың әңгімесі», «Ер ана» әңгімелерін сыныптан тыс оқуды дұрыс болып келеді.
Бағдарламада «Әжемнің әңгімесінен» кейін Ғ. Мүсіреповтің «Жаңа достары» тұр, онда да Қайраттың анасы сөз болады. Жүйелілік, үндестік, байланыс - сыныптан тыс оқу сабақтарына да басшылыққа алатын маңызды оқу принциптері. Тақырып үндестігі ғана емес, жанрын негізге алуда маңызды. Халық ертегілерінен кейін әдеби ертегілере орын беру, лирикалық шығармалардан кейін оны жалғастырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық шығармаларын оқыту - сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың келесі мәселелерінің бірі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты әдістерден қашқан жөн. Әсіресе, 5 - 8-сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы керек. Бірізділікпен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. 5 - 8 сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты - оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабақтары, жәрмеңке сабақ, сабақ - викторина, саяхат сабағы, «Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта» атты кездесу сабағы немесе «Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдайық!» атты әңгіме сабақтары балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз. Мектепте сыныптан тыс оқу жұмысын мектеп кітапханашысы мен сынып жетекшісі басқарады. Оқушыларға кітапты ұсынбас бұрын әр түрлі дайындық жұмыстары жүргізіледі.
- Оқушыны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты түсініктерін байқайды.
- Әрбір оқушы қандай дәрежеде оқи алатынын тексеріп біледі.
- Әңгіме, мақала, өлең, ертегі сияқты көркем шығарма жанрларын оқу үстінде оқушыларға әңгіменің я мақаланың ой түйінін, негізгі идеясын анықтай білуге үйретеді. Мектеп кітапханасы оқушыларды керекті шығармалармен қамтамасыз етуге тиіс. Алайда керекті кітаптар мектеп кітапханасында табыла бермейді. Осыны ескеріп, тәжірибені мұғалімдер сыныпта «Кітапхана бұрышын» ұйымдастырады.
Сыныптан тыс кітап оқуды жүргізудің бірнеше әдіс-тәіслдерібар:
- Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап кітап оқуы.
- Ұйымдасқан түрде кітап оқу.
- Топқа бөлініп кітап оқу.
- Өз таңдаулары бойынша кітап оқу.
Оқушыларға ұсынатын шығармаларды алдымен мұғалім өзі оқып, оның мазмұнымен танысып алады. Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламаның талаптары бойынша жүргізіледі, сонда көрсетілген қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады. Сыныптан тыс оқуға раналған сабақтарда оқушылар, бірде сыныпта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқып, бірде кейбір үстірт түсіндірілген мәселеге қайта тоқталып оны нақтылай, дәлелдей түседі.
Мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстың көлемді түрі - факультативті сабақтар. Оқытудың бұл формасы оқушылардың факультативтік сабақтар арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүргізіледі, оқушыларға білім терең беріледі. Сыныптан тыс оқу сияқты факультативтік сабақтарда оқушыларды өз бетімен кітапты пайдалана білуге үйретеді, олардың білімдерін кеңейтіп, әдеби талғамдарын ұшқырлай түседі, тілін байытады. Ең бастысы - кітап оқуға құштарлығын арттырады. Факультатив сабақтары әдебиетке байланысты, жалпы мектеп бағдарламасында қарастырылған мәселелерді қамтуы керек.
Оқушылардың меңгерген білімін шыңдап, оларды тексеру үшін, әдебиеттен ұйымдастырылатын олимпиадалар жетекші роль атқарады. Олимпиадалар - мектеп ішілік, аудандық, облыстық, республикалық түрде өтіледі. Мектеп олимпиадасы 5 - 10 сынып оқушылары аралығында жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz