Тілдің пайда болуы және жалпы тіл білімі



Жоспар:
І Кіріспе
1.1 Жалпы тіл білімі туралы түсінік
1.2 Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Тілдің өзіндік сипаттары.
2.2Тілдің табиғаты мен мәні
2.3 Тілдің теориялық мәліметтері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963 жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.
Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика. Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.
Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл – биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.
Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары, ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.
Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұл екеуінің ара қатынасы, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар. Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. "Арыс қоры".- Алматы: Арыс, 2007.
2. Невченко В.Н. Введение в языкознание. М.:Дрофа.,2008.-7063с.
3. Исаев. С. Қазақ тіл білімінің мәселелері [Текст] = Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2011
4. Жүнісова, М.Ә. Қазіргі қазақ тілі: оқу құралы .- Алматы: Дарын, 2008.
5. Шалабай, Б. Қазіргі қазақ тілі синтаксис. – Алматы, 2012
6. Попова З.Д.Общее языкознание. -М:АСТ:Восток-Запад,2007.-408с.
7. Копыленко М.М. Избранные труды в 2-томах. А:Ин-т языкознания им. А.Байтурсынова.2010.,2010.-443с.
8. Норман Б.Ю.Лингвистические задачи. –М: Флинта-Наука.2009.-271с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І Кіріспе
1. Жалпы тіл білімі туралы түсінік
2. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Тілдің өзіндік сипаттары.
2.2Тілдің табиғаты мен мәні
2.3 Тілдің теориялық мәліметтері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл
лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін ғылым. Жалпы тіл білімі 1963
жылдан бастап енгізілді. Бұл пәннің мақсаты – студенттерге теориялық
лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.
Тіл білімі салалары: 1. Интралингвистика. Интра – латын тілінен
ауысқан префикс ішкі мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі
жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын
зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика, лексикология,
грамматика. Экстралингвистика – экстра латын тілінде сыртқы, сыртқары
мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен
байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика,
металингвистика (мета – грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің
қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты
функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика,
менталингвистика салаларына бөлінеді. Менталингвистика деген термин
құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді.
Менталингвистика тіл менойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның
теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.
Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.
Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи,
психофизикалық екені жатады. Тіл – биологиялық та, психикалық та құбылыс
емес, әлеуметтік құбылыс.
Тіл теориясының мән-мағынасы, негізгі проблемалары, күрделі салалары,
ол салалардың басқа ғылымдармен байланысы.
Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама
берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары,
бұл екеуінің ара қатынасы, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің
структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына
тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар. Жалпы
тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы
болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның
мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл
Тіл табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жататыны, мәні
дегенге оның қоғамда атқаратын қызметі ерекшелігі жататыны. Бұл мәселелерді
шешуде болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр
түрлі мектептердің, бағыт-бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің
табиғаты мен мәнін қалай түсініктерінің себеп болғандығы және қазірде де
солай болып келе жатқаны.
Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі
заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады.
Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар
айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай – қайсысы да
ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл
– адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама – қарсы
тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Дыбыс тілі
алғашқыда неден басталды, қандай болды? Деген сұрау адам қоғамы тарих үшін
де, тіл ғылымы үшін де соншалықты маңызды, өте қажетті болғанымен, оған
ешкім де еш уақытта нақтылы жауап бере алмайды.
Ғалымдар дыбыс тілі жеке дыбыстарға сараланатын сөз түрінде бірден
пайда болған емес, жалпы жан иелерінде болатындай әр түрлі диффузды
дыбыстарды адам тектес маймылдар да шығара білген болу керек, өз
үйірлестеріне бір нәрсені хабарлау үшін қолданылған сондай диффузды, яғни
мағыналық жағынан да, материалдық жағынан да бөлшектеп саралауға болмайтын
одағай дыбыстарды олар дыбыс тілінің бастамасы ретінде қолданған болар да,
келе-келе солардың негізінде дыбысты тіл пайда болған болар деп
жорамалдайды.
Тіл бірлігі – бір қалыптан өзгермейтін, қатып қалған құбылыс емес,
өзгеріске ұшырап отыратын тарихи құбылыс. Белгілі бір тіл бір ғана
этникалық бірліктің тілі болуы да, араласып кеткен бірнеше этникалық топтың
ортақ тілі болу да мүмкін.Соған қрай тілдік бірліктің географиялық көлемі
де әр түрлі.
Негізінен алғанда, тайпалық бірліктің бірнеше рулардың, халықтық
бірліктің бірнеше тайпалардың бірігуінен барып қалыптасатын ғылым бекер
демейді.Этникалық топтардың бұлай күрделене шоғырлануы олардың тілдерінің
де бірігіп, күрделенуін туғызады.Бұлай шоғырлануда тайпа құрамына немесе
халықтық бірлік құрамына енген белгілі бір этникалық топтың тілі басқалар
арасына кеңірек тарап, бара – бара бірлік құрамына енгендердің барлығына
ортақ тілге айналады да, өзге тілдер бірте – бірте соның құрамына еніп
сіңеді.Бұл жағдай қоғамның этникалық бірліктерінің ұсақтан іріге қарай
күрделене дамитындығы сияқты тілдің де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Ежелгі дәуір тіл білімі
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы
Лингвистикалық ілім тарихы Ежелгі дәуір тіл білімі
Пәндер