Әлемдік тілдер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І Кіріспе

  1. Әлемдік тілдер туралы түсінік

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Кітаби және әдеби тіл

2. 2Әлемдік тілдер мен тілдік ареалдар

2. 3Өлі тілдер

ІІІ Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Антикалық Еуропада латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық тіл болғаны сияқты, араб тілі де ислам діні тараған аудандар үшін канондық тіл болған, 17-18 ғасырларда жер шарының әр түрлі аймақтарына кең тараған испан, француз, неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге ағылшын тілі, 20 ғасырда орыс тілі көтеріліп отыр. Бірақ бұл тілдер халықаралық деп аталғанымен, олардың ешқайсысы да әлемдік тіл болған жоқ. Алайда, бұл бағыттағы ізденістер толассыз жүріп жатыр. Сондай ізденістің нәтижесінде бірнеше жасанды, көмекші тілдердің жобасы ұсынылды. Солардың ішіндегі ең елеулісі - волапюк, эсперанто деп аталатындар. Мұның алғашқысы - әлемдік тіл деген мағынаны білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Жасанды тілдер ішінде көптеген елдерде тарап, кең етек алған қазіргі түрі эсперанто деп аталады.

Сөйлеу тілі мен кітаби тіл. Бұлардың екеуі де бір ғана этникалық бірлік тілінің жеке көріністері, олар бөлек - бөлек тілдер емес, тіл біреу - ақ, сондықтан оларды тіл демей, стиль, яғни сөйлеу тілі стилі, кітаби стиль деген жөн. Дәстүрге айналған атауды бұзбау үшін ғана «тіл» деп отырмыз.

Кітаби - жазба тіл болу үшін жазудың, баспа орнынаң болуы шарт. Бұларсыз кітаби - жазба тіл болмақ емес. Сөйлеу тілі мен кітаби - жазба тіл этникалық бірлік тілінің екі түрлі көрінісі, екі түрі дедік.

Әдеби тіл - жалпыхалықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген, қызметке бай, әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала. Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік дыбыстық, сөздік, грамматикалық ерекшеліктері бар саласы. Диалектілер негізінде тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді. Диалектінің мұндай түрі жергілікті диалект деп аталады. Жергілікті диалектіге белгілі бір аймақта тұратын адамдар тілінде кездесетін ерекшеліктердің жиынтығы жатады.

Ойкүмендер мен лингвонездің қоныс аударуы жаңа заманның көшіп қонуы және олардың тілдердің аймақтық бөлінуіне әсер етуі тілдің қоғамдық қызметі, әлемдік және аймақтық тілдер.

Ареальді бейне. Ареалдағы қазіргі тілдің жағдайы тарихи негізгі ерекшеліктері, ареалдан тыс таралған тілдер, сәйкес келетін тілдердің ең маңызды құрылымдық жақтары және ареалдық типологиялық ерекшелік. (Компаративистикалық, типологиялық және социалингвистикалық ақпараттардың әр ареал дағы қатынасы оның лингвистикалық және жалпы мәдени құндылығымен айқындалады; сәйкес келетін оқу пәндерінің бағдарламаларыда есепке алынады, яғни компаративистика, социалингвистика және типология) . Ресей, Кеңес үкіметінің Еуропалық бөлінуіндегі мемлекеттер. Батыс және Шығыс Еуропа Түркия, Закавказье, Таяу Шығыс (Иран, Ауғаныстан) . Орта Азия және Шығыс Түркістан. Африка сахараның оңтүстікке жақынырақ бөлігі Солтүстік Африка және Таяу Шығыс, Шығыс Азия (Қытай, Маңғолия, Корея, Жапония) Оңтүстік Азия (Индия, Пакистан, Непал, Бутан, Бирма, Бангладеш, Шри-Ланка, Мальдива) . Үндіқытай және жанындағы аймақтар (Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Тайланд, Оңтүстік Қытай) . Австронезиялық аймақ: аралдың Оңтүстік- Шығыс Азия, Малайзия, Мадагаскар және Океания (Жаңа Гвинеясыз) .

Папуастық аймақ. Австралия: көне тілдер. Америка: көне тілдер. Жаңа заманның көпелі негізгі аумақтары (Австралия, Жаңа Зеландия, Үнді мұхитының аралдары) .

Тіл- халықпен бірге туып, бірге өмір сүретін бөлінбейтін бөлшек. Дей тұрғанмен қоғамдық қажеттілік аясы тар тілдің ғұмыры да соншалықты қысқа. Әлемде қазақ тілінен басқа да құрып бара жатқан және біз естіп-білмей жатып жоғалып кеткен тілдер көп. Және керісінше, жүре пайда болып, ресми тіл қатарына еніп, жалпақ жұртпен біте қайнасып, қолданысқа жаңадан сінген тілдер де жетерлік.
Халықаралық сарапшылардың сөзіне сенсек, әлемде әр 15 күн сайын бір тіл қаза болады екен. Қаза болып бара жатқан тілмен сол елдің тарихы, дәстүрі, мәдениеті де қаза болатыны ешкімге жұмбақ емес. Халықаралық интеграцияның салқыны жанбай жатып өшіп жатқан талай тілдердің кесіріне айналды.
Мәселен, австралиялық аборигендер мен американдық үндістердіңтілінде санаулы ғана халық сөйлейді. Австралияда 20 ғасырдың басында 400 -ге жуық тіл болса, қазіргі таңда 25 тіл ғана қалған екен. Африкада 1400 тіл түрлерінің ішінде 600 тіл жоғалып кеткелі тұр: әсіресе, Нигерия және Шығыс Африка аймағы. Солтүстік Шығыс Азия аймағында орыс тілінің қысымынан 47 тілдің ішінде 6 тіл ғана аман қалып тұр. Тайваньда қытай тілінің басымдық көрсетуінен 23 тіл жойылып кетті.
Кезінде тіл соғыс, әлемдік ауру шақыратын эпидемиядан қаза болса, бүгінгі таңда басқыншы тілдерге жаппай көшудің арқасында жойылып барады: ағылшын, француз, испан, итальян, қытай, неміс тілдері үстемдік көрсетіп тұр.
Тіл мамандарының дерегіне қарағанда, 2100 жылға дейін әлемде 3500-дей тіл қолданыстан шығып, жоғалады екен. Бұл деген бүгінгі таңда дүниежүзіндегі бүкіл тілдердің тең жартысы болмақ. Деректерге қарағанда, әлемдегі жоғалып бара жатқан тілдердің 28 пайызының 1000-нан сәл асатын сөйлеушісі бар. Мысалы, Ауғанстандағы тирахи тілінде сөйлейтін 100 адам ғана қалған. Арменияда ломаврен тілінің сөйлеушісі тіпті 50-ден аспайды. Ал бұрынғы совет республикалары болғанОрталық Азиядағы тәжік, қырғыз және өзбек тілдері ел тәуелсіздіктерінен кейін күшейе түскендерімен, Тәжікстандағы памир тілдері сияқты бұл аймақтағы кішігірім тілдер ұмытыла бастаған. Әлемде 6000-нан астам тіл болса, солардың 600-не ғана жойылу қаупі төнбейді екен (2700 - негізгі тіл, 4000-ға жуығы - сол тілдердің диалектісі) .
Камерун деген елде 1995 жылы қарашаның 5-і күні Момбила ауданындакасаба тіліндесөйлейтін ең соңғы Богон есімді азамат дүниеден өткен. Қарашаның 4-і күні касаба тілі тірі болса, қарашаның 5-і күні ол тіл өлді.
Яғни, бірде-бір адам сөйлемейтін тіл өлген тіл болып саналады. Стив Андерсен деген лингвист 1992 жылы қарашаның 8-інде Батыс Кавказдағы обух тіліндесөйлеген ең соңғы адам Тефлик Есенщ дүние салғанда, обух тілі де бірге өлгенін айтады. Тілші обух тілін жазып алуға 2-ақ сағат үлгермей қалыпты. Себебі, ол сол ауылға жеткенде Тефлик екі сағат бұрын дүниеден өтіп кеткен екен. Сонымен сіз өз тіліңіздің ең соңғы өкілі, яғни сөйлеушісі болсаңыз, онда тіліңіз өлді деп есептей беріңіз.

Әлемде 100 миллионнан астам сөйлеушісі бар 8 ірі тіл бар. Олар - қытай, испан, ағылшын, бенгал, хинди, португал, орыс, жапон тілдері. Осы 8 тілде 2 миллиард 400 миллион адам сөйлейді. Алайда осы 8 тілдің қатарына 12 тілді қосып, 20 тілді «ірі тіл» деп атаса, сол 20 тілде бүгінде 3 миллиард 200 миллион адам сөйлейді екен. Яғни, жер бетіндегі халықтың жартысынан көбі.
2 сөйлеушісі ғана қалған тілдерді қатер төнген тілдер деп атасақ, дәл қазір әлемнің 4000 тіліне тікелей қара бұлт үйіріліп тұр. Соның ішіндегі 51 тілде тек бір-бір адам ғана сөйлейді.
Оның 28-і - Австралияда, 8-і - Америкада, 3-еуі - Оңтүстік Америкада, 3-еуі - Африкада, 6-уы - Азияда, 3-еуі Тынық мұхит аралдарында екен.
Жағрафиялық жағдайына байланысты жіктеп айтатын болсақ, Еуропаның өзінде 123 тілдің 9-ына құрып кету қаупі төнсе, 26-сы шалажансар, 38-і мешел күйде болса, Оңтүстік Азияда 700 тілдің 40-ы ғана аман-сау қалу мүмкіндігіне ие. Ал Орта Азияның, оның ішінде өз ана тіліміздің хал-жағдайының мәз еместігі өзімізге аян.


Білу керек!: Өліп бара жатқан тілдер..

Тіл соғысының қазіргі басты қаруы - медиялар. Санақтарға қарап көрейік. Қа­зақ­­станға тарайтын 4115 газет- журналдың 90 пайызы орыс, 6 пайызы өзге, 4 пайызы ғана қазақша! Қазақстанда басылатын 2320 түрлі газет-журналдың 453-і ғана қазақша, олардың тираждық үлесі 4-5 пайыз ғана
Кезінде «Қазақ тілінің өркендеуіне мүмкіндік бермеу қазақтың алға басуына, кедергі шығарамын дегенмен бірдей» деген екен М. Әуезов. Демек, Қазақстан кеңістігінде үстемдік ететін тіл - қазақ тілі. Орыс тілінің Қазақстандағы басымдылығын сақтап қалуға тырысу - заман көшінің дамуына қарсы келгендік. Ондай ниет пен әрекет мемлекетке қарсы қылмыс ретінде бағалануы керек.
21 ақпан ЮНЕСКО аясында халықаралық ана тілі күні атап өтіледі. Бұл көптілділік пен тілдердің сан алуандығын дамытуды қолдайтын күн. Ал біз бен сіз болып өз тіліміздің көсегесінің көгеруіне не істей аламыз

Тілдің лексикалық құрамын оның басқа салаларының қай-қайсьісынан болса да өзгеріске бейім тұрады. Сөздік құрам екі түрлі жолмен дамиды: біріншісі - ор тілдің өзіндік байырғы материаддары негізінде, екінші - басқа тілдерден сөздер қабылдау негізінде. Тілдің сөздік құрамы өзгергіш дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде өзгереді деген қорытынды шықпайды. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады:

а) алдыңғы үрпақ тілінде өзара жақын болғанымен, бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар екі дыбысты кейінгі үрпақтың біріктіріп, бір-ақ дыбыс ретінде қолдануы. Бұл - тіл білімде конвергенция деп аталады; ә) алдыңғы үрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып келгендер кейінгі үрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бүл - дивергенция деп аталады.

Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның бірі - сыртқы фактор, екіншісі - ішкі - фактор деп аталады. Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің өзіне, өз жүйесіне тән, өзінің ішкі ерекшелігінен туған заңдылығы болса, ол ішкі себеп болады да, тілдің өз заңдылығынан болмай, одан тысқары, тілді қоршаған әлемнен, ортадан туған түрткі болса, ол сыртқы себеп болады. Сыртқы факторға тілді қоршаған ортадан болатын алуан түрлі себептердің жиынтығы, өзгеден бұрын, қоғамның тарихи дамуына, тілдік коллективтің қоныс аударуларына, миграцияға, бірігуімен ыдырауына, қатынас жасау формасының өзгеруіне, мәдениет пен техникадағы прогреске байланысты себептер жатса, ішкі факторға тілдің өмір сүріп түрған жүйесін жетілдіре беру мақсатынан туған себептер жатады. Тілдік одақ дегеніміз - шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кеңістікте б»р-б»р»мен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі. Тілдік одақ және тіл семьясы деген ұғымдар бірдей емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік тілдер туралы ақпарат
Әлемдік тілдер жайлы
ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері жайлы
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Шетелдік Азия халықтарына этнодемографиялық сипаттама
Тіл мәдениеті
Тіл меңгеру деңгейлері
Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz