Тауардың тұтыну қасиеттері мен тұтынушының шығындары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.Тауартану туралы түсінікті айқындайтын мәселелер.
1.1Тауарлардың тұтыну қасиеті мен сапа көрсеткіштері ... ...
1.2 Тауарлардың тұтыну қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Тұтынушылық тауарлардың сапасын анықтау.
2.1Тұтынушылық тауарлар тауартану ісіндегі эксперименті
жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2Тұтынылатын тауардың функцианалдық қасиеттері ... ... .

3. Тауардың тұтынушылық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Тұтыну қылығының негізгі теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Тұтынушының таңдау теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе:
Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын кеңес одағы ыдырап,оның құрамындағы елдер тәуелсіздік алып өз жұмыстарын оданәрі қарай жалғастырып келе жатыр.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін, әр бір ел нарықты экономикаға өту жағдайын ойластырып, күрделі бағдарлама жасап,бүгінгі күндері нарықты экономикасы дамыған елдер қатарына еніп отыр.
Кеңес одағы ыдырар алдында қайта құру басталып көптеген тауарлар жеткіліксіз болып қалды. Кейбір тауар түрлерін карточкамен алатындай жағдай да болып қалды. Халықты қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін, Қазақстанның қолынан іс келетін барлық кәсіпкерлеріне шет елдерден тауар әкеліп сатуға рұқсат берілді. Осылардың, себебінен Қазақстан сауда орындарында тауардың саны көбейіп сапасы нашарлап кетті. Мысалы, кейбір Қытай халық Республикасынан алып келінген киім кешектермен аяқ-киімдер он-он бес күннен кейін кибге жарамай қалып отырады. Ондай жағдай дұрыс болмағанымен, өзінше халықтың тауарға деген қажетін өтеуге жарап жүрді.
Енді бұдан былай біздің еліміздің нарқына бірдебір сапасыз немесе қасиеті нашар тауар келіп түспеуі керек, оны іске асыру үшін біздің елімізге білімді тауар танушылар керек. Жоғары оқу орындарында тауартану мамандығы бойынша маман дайындайтын факультеттер болмағанымен сол экономика факультетін тәмамдайтын мамандарға тауартану пәнінен, ең болмаса тауар сапасын немесе қасиетін айыра білетіндей білім беру өте қажет болып отыр.
Тауартану ғылыми пән ретінде тұтыну құны мен тұтас қоғамдық тұтыну құнының сан және сапа айқындылығын зерттейді. Ол белгілі бір мақсатқа пайдаланылатын заттардың құрылымы мен сапасын түрлі жақтарынан, мысалы, өсімтал болу қасиеті, жарық сезгіштігі, қуаты және сол сияқтыларын алып қарайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бердалиев,К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: оқу құралы /ҚР білім және ғылым министірлігі; Т.Рысқұлов ат.Қазақ мем.басқару акад.-Алматы: Экономика, 2001. -129б.
2. Бисенғазиев, Мұқыш Бейсенғазұлы. Макроэкономика: (Мемлекеттің экономикалық саясат негіздері) Лекциялық курс/Батыс Қазақстан мем. Ун-ті.-Орал, 2004. 455б.
3. Қазіргі экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздік-анықтамалық /құрастырған: М.Р. Насырова. –Алматы, 2003.880б.
4. Қаржылық есеп: оқу құралы/ Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева-Алматы: Экономика, 2001.-330б.
5. Құлпыбаев С. т.б. Қаржы теориясы. Оқу құралы. –Алматы: Мерей, 2001. -176б.
6. Тулегенов А. Тулегенова М. Теориялық негіздер Оқу құралы.Тұтынушылық тауарлар.Тауартану.- Қарағанды: 2004.-163б.
7. Самрат, Жақсыбай. Бәсекегеқабілетті болу-стартегиялық мақсат [Парламент палаталарың бірлескен отырысында депутаттар Елбасының Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша 50 елдің қатарына қосу жөніндегі стратегиясын жүзеге асыру мақсатында жасалған Үкіметтің 2006-2008 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын мақұлдады.] //Егемен Қазақстан. -2006. -17 ақпан. -1-2б.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Тауардың тұтыну қасиеттері
мен тұтынушының шығындары

Орындаған:____________
Қабылдаған: ___________

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .

1.Тауартану туралы түсінікті айқындайтын мәселелер.
1.1Тауарлардың тұтыну қасиеті мен сапа көрсеткіштері ... ...
1.2 Тауарлардың тұтыну
қасиеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Тұтынушылық тауарлардың сапасын анықтау.
2.1Тұтынушылық тауарлар тауартану ісіндегі эксперименті

жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
2.2Тұтынылатын тауардың функцианалдық қасиеттері ... ... .

3. Тауардың тұтынушылық қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ...
3.1 Тұтыну қылығының негізгі теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Тұтынушының таңдау теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе:
Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын кеңес одағы ыдырап,оның
құрамындағы елдер тәуелсіздік алып өз жұмыстарын оданәрі қарай жалғастырып
келе жатыр.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін, әр бір ел нарықты экономикаға өту
жағдайын ойластырып, күрделі бағдарлама жасап,бүгінгі күндері нарықты
экономикасы дамыған елдер қатарына еніп отыр.
Кеңес одағы ыдырар алдында қайта құру басталып көптеген тауарлар
жеткіліксіз болып қалды. Кейбір тауар түрлерін карточкамен алатындай жағдай
да болып қалды. Халықты қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін,
Қазақстанның қолынан іс келетін барлық кәсіпкерлеріне шет елдерден тауар
әкеліп сатуға рұқсат берілді. Осылардың, себебінен Қазақстан сауда
орындарында тауардың саны көбейіп сапасы нашарлап кетті. Мысалы, кейбір
Қытай халық Республикасынан алып келінген киім кешектермен аяқ-киімдер он-
он бес күннен кейін кибге жарамай қалып отырады. Ондай жағдай дұрыс
болмағанымен, өзінше халықтың тауарға деген қажетін өтеуге жарап жүрді.
Енді бұдан былай біздің еліміздің нарқына бірдебір сапасыз немесе
қасиеті нашар тауар келіп түспеуі керек, оны іске асыру үшін біздің
елімізге білімді тауар танушылар керек. Жоғары оқу орындарында тауартану
мамандығы бойынша маман дайындайтын факультеттер болмағанымен сол экономика
факультетін тәмамдайтын мамандарға тауартану пәнінен, ең болмаса тауар
сапасын немесе қасиетін айыра білетіндей білім беру өте қажет болып отыр.
Тауартану ғылыми пән ретінде тұтыну құны мен тұтас қоғамдық тұтыну
құнының сан және сапа айқындылығын зерттейді. Ол белгілі бір мақсатқа
пайдаланылатын заттардың құрылымы мен сапасын түрлі жақтарынан, мысалы,
өсімтал болу қасиеті, жарық сезгіштігі, қуаты және сол сияқтыларын алып
қарайды.

1.1Тауарлардың тұтыну қасиеті мен сапа көрсеткіштері.

Өнеркәсіп кәсіпорындары шығаратын тауарардың бәрі белгілі бір талапқа
сай келуі қажет.Тауарларға қойылатын талапдегенде біз ең алдымен оларды
белгілі бір мезгілде, белгілі мақсатқа қолдануға болатын қасиетін және
олардың осы талапқа сай келуін айтамыз. Тауарлардың қасиетіне физикалық,
механикалық, гигиеналық және басқа да көрсеткіштері жатады. Ал тұтынудың
сипаты мен дәрежесі халықтың материалдық және мәдени өмір сүру
деңгейіндегі, тауарлардың неге арналғандығына, шикізат ресурстарының қолда
бар қорына, өндірістік, техникалых-экономикалық мүмкіндіктері мен, ең
соңында, біздің тауар туралы ұғымымызға байланысты болды. Тауардың сапасы
мен сұраным деңгейінің арасында белгілі бір пропорциялық қатынас болады. Ол
әдетте тауарлар ассортиментін үздіксіз жақсартып отыруға, сонымен бірге оны
сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Тауарларға деген сұраным экономиканың, ғылым мен техниканың даму
деңгейіне байланысты болады. Тауар туралы біліміміздің, жалпы ұғымымыздың
кеңейе түсуіне байланысты, тиісінше таурларға қойылатын талапта артып
отырады. Тауарларға қойылатын талап оның қолдану бағыттарына орай ағымдағы
, перспективті, жалпы және ерекще болып бөлінуі мүмкін. Өндірісте үзбей
шығарылып сауда орындарына түсетін тауарларды ағымдағы талаптарды тілейтін
тауар түрлеріне жатқызамыз. Олар өндірістік экономикалық мүмкіндіктері мен
техникалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып белгіленеді және ол белгі бір
кезеңдегі біздің тауар туралы ұғымымыздың деңгейін көрсетеді. Бұл талаптар
тәртіп бойынша мемлекеттік, республикалық және салықтық стандарттар мен
техникалық жағдайларға негізделеді.
Тауарларға деген ағымдағы талап әдетте мезгіл-мезгіл қаралып отырады,
сол арқылы нақтыланып және өзгертіліп тұрады. Бұл заңды құбылыс.
Перспективалық (болашақты болжаған) талап тауарлардың бойына кешенді сапа
көрсеткіштерінің жоғары және мейлінше кең деңгейін жинақтайды. Оларды тауар
сапасының ағымдағы талаптары негізінде жасайды. Осы жағдайда тауарлардың
қолданылу жағдайы, неге арнап жасағаны, оның халық сұранымын мейлінше толық
өтей алушылығы, жаңа шикізат түрлерінің, жабдықтар мен технологияның пайда
болуы ескертіледі.
Тауардың сапасы жөніндегі перспективалық талаптарды жүзеге асыру
ғылыми қызметкерлерді, өнеркәсіп және сауда саласында жұмыс істейтіндерді
ғылыми-зерттеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге итермелейтін күш болып
табылады. Дайын өнімдердің сапасын жақсарту мен оладың ассортиментін
кеңейту жолындағы істер соған орай жүзеге асырылады. Перспективалық
талаптар техникалық прогрестің дамуына байланысты ағымдағы топтарға өтеді
және кейінірек стандарттармен және техникалық жағдаймен мөлшерленетін
болады.
Перспективалық талаптарды жасау және ағымдағы талаптарға тұрақты
түрде назар аударып отыру тауартанудың маңызды міндеттерінің бірі болып
саналады. Өйткені олар ең алдымен тауардың сапасын жақсартуды басты мақсат
етеді.
Жеке, болмаса көптеген тауарларға бірдей деңгейдегі жалпы талап
қойылады. Оған тауарлардың өзінің бағытталған жағдайына сәйкес келуін,
негізгі қызметтерін орындау дәрежесін, адамның денсаулығына зиянын
тигізбеуі мен пайдалануға қолайлығының , организмнің қалыпты жұмысын
қамтамасыз етуін, белгіленген мерзім ішінде қолданылуындағы беріктігі мен
сенімділігі, жөндеуге жарамдылығы мен қарапайымдылығын (жөндеуге жататын
бұйымдар үшін), эстетикалық ерекшеліктерін және басқа қасиетерін
жатқызамыз. Түрлі тауарлардың неге бағытталатындығына байланысты оған
қойылатын талаптар да түрліше болады. Бұл үшін бағаланатын нәрсенің сипаты
мен олардың белгілі бір бағытқа арналғандығы маңызын ескере отырып, түрлі
топтардағы сапаның жекелеген көрсеткішін білу қажет. Бұл ортақ мақсатқа
бағытталған өзара ұқсас тауарларды бір-бірімен салыстыруға және жекелеген
тауарларғы деген сұранымның қандай деңгейде екендігін анықтауға мүмкіндік
береді. Сол арқылы өндірісті жоспарлаудың мүмкіндігі туады.
Нақты тауарлар түріне, болмаса мейлінше тар ауқымдағы бұйымдарға
ерекше талаптар қойылады. Олар сан түрлі болып келеді. Ол тауарлардың
пайдалану ерекшеліктері мен неге бағытталғанына байланысты. Мәселен, бір
жағдайда тауарлардың беріктігіне, ал келесі жағдайда оның сыртқы түріне
баса көңіл бөлінеді. Айталық, музыка аспаптарына қойылатын басты талап,
оның әуен сапалығы болып табылады. Көркем-декоративтік бұйымдар үшін
қойылатын негізгі талаптар – тақырыптық мазмұны, идеялық бағыты,
көркемделуі, дұрыс орындалуы болып табылады, ал оның беріктігіне қойылатын
талап соншалықты жоғары болмайды. Механикалық ықпалға түсетін тауарлардың
беріктігіне жоғары талаптар қойылады. Атап айтқанда, ондай тауарлардың
қысылуға, созылуға, иілуге, айналуға, соққыға және басқаларға беріктігін
ерекше ескертіледі. Ағымдағы тәрізді, перспективалы, жалры және ерекше
талаптар өздерінің тауарларды қай жағынан сипаттайтындығына байланысты
бірнеше бөлімшелерге бөлінеді. Оларға тауарлардың әлеуметтік жағынан неге
бағытталғаны, қызметі, тұтыну сенімділігі, эргономикалық , эстетикалық
қасиеттері тұтыну кезіндегі қауіпсіздік және экологиялық жағынан
зиянсыздығы жатады.
Өндірістік тауарларға бұған қоса технологиялық, стандарттау және
унификация бірізге салу, экономикалық және басқа талаптар да қойылады.
Осындай қасиеттер бір заттың бойынан түрлі деңгейде көрініс беруі мүмкін.
Әлеуметтік бағыттағы талапқа белгілі бір тауардың, жалпы қоғамның,
тұрғындардың белгілі тобының және жекелеген адамдардың мұқтажын толық өтей
алуы ассортиментінің оптималдылығы жатады. Олар функционалды эстетикалық
және басқада тұтыну қасиеттерінен көрініс береді.
Функционалды талап бұйымдардың негізгі қызметін толық атқаруын, әрі
оның әмбебап болуын және басқада мұқтаждарды өтеуге жарамдылығын
қарастырады. Кейбір тауарлар үшін бұл талаптар басқа талаптармен сәйкес
келуі мүмкін. Мәселен, көркем-декоративті бұйымдардың қасиеттері
эстетикалық талаптардан көрініс тауып жатуы әбден ықтимал ғой. Тұтынудың
сенімділігіне қойылатын талап бұйымның белгілі бір мерзім ішінде
тапсырылған қызметті атқара білу мүмкіндігімен сипатталады. Қай өнім
болмасын пайдалануға қолайлы , әрі берік болуға тиіс. Жоғары сенімге ие
болған өнімдерді шығару әдетте бірінші кезекке қойылады. Бұйымның
сенімділігіне қойылатын талаптар, олардың шыдамдылығынан көрініс береді
және осындай ұзақ мерзім пайдаланылады, сөйтіп осы арқылы тұтынушылардың
өскелең талабын өтеуге мүмкіндік туады. Тоқтаусыз жұмыс істеу талабы ең
алдымен , күрделі техникалық машиналарға , аспатар мен аппараттарға
қойылады. Яғни ондай нәрселер өзінің жұмысқа жарамдылық қасиеттерін
сақтауға тиіс, осы жұмыс істейтін кезінде себепсіз тоқтап қалмау керек.
Ұзақ мерзімге арналған талап белгілі бір нәрсені өзінің жұмыс
қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтауын, жөнделуін және техникалық басқада
қызмет көрсетуін, сол бұйымның қызмет істеуін жалғатыруын білдіреді.
Бұйымның жөндеуге жарамдылығы және техникалық қызмет көрсетуге
жарамдылығын білдіреді және ақаулануын алдын-ала ескерту қасиеті мен сол
ақауланған жерін табуға болатын және жөндеуге келетін қасиеттерімен
сипатталады. Жөндеуге келетін барлық бұйымдар қалпына келтірілетін және
қалпына келтірілмейтіндер болып екі топқа бөлінеді.
Тауарлардың сапасына қойылатын перспективалық талптарды жүзеге асыру
ғылым, өнеркәсіп кәсіпорындары мен сауда саласы қызметкерлерінің үнемі
ізденісте болуын және олардың зерттеу жұмыстарымен шұғылдануын талап етеді.
Дайын өнімдердің сапасын жақсарту мен оның ассортиментін көбейту жолындағы
жұмыстарды үзбей жүргізіп отыруларына ықпал етеді. Техникалық прогрестің
дамуына байланысты перспективалы талаптар ағымдағы топтарға өтеді және ол
стандарттармен, сол сияқты, техникалық көрсеткіштермен тәртіпке
келтіріледі.
Тауар сапасына қойылатын перспективалық және ағымдағы талаптарды
қарап отыру тауартанудың маңызды міндеттерінің қатарына қосылады.
Тауарлардың дұрыс сақталуына қойылатын талаптар ең алдымен осы
тауарларды сақтау кезінде оның тұтыну құнының сақталуын, тасымалдауда және
кейінгі атқарылатын жұмыстар кезінде де осы талаптың сақтауын қамтамасыз
ету керек. Бұл әсіресе, негізгі қасиеттері мен сапа көрсеткіштері сыртқы
ортаның ықпал етуімен өзгеріп отыратын (химиялық тауарлар, парфюмер
тауарлары, тоқылған мүліктер мен тағы басқалары) тауарлар үшін маңызды.
Эргономикалық талаптар ең алдымен бұйымның пайдалану кезегі, қолайлылығы
мен оны тұрмыстық қажетке байланысты өзгеріп отыруға болатын икемділігін
қарастырады. Ондай бұйымдар адамның организміндегі ерекшеліктерге сай болып
келуге және ол адамның осы бұйымдарды пайдалануға мүмкіндігін арттыра
түсуге ықпал етуге тиіс. Бұл өндірістік процестерде, болмаса тұрмыста
тауарлардың сапасына баға беру кезінде ерекше маңызға ие болады. Себебі
адам-бұйым, адам-бұйым-орта әрқашан өзара тығыз байланыста болады.
Эргономика адамның жұмыс процесі, болмаса тынығу кезінде оған
мейлінше жақсы жағдайды қалыптастыруды зерттейтін ғылым болып саналады.
Эргономикалық талаптар гигиеналық антропометрлік, физиологиялық,
психофизиологиялық, психологиялық және сол тәрізді адамның организміндегі
басқа да ерекшеліктерге бұйымның сәйкес келуін айқындайды. Бір сөзбен
айтсақ объектінің объектіге қатынасын сипаттайды. Міне, осы айтылғанға орай
бұйымдарға қойылатын эргономикалық талап гигиеналық, антропометрлік
физиологиялық және психо-физиологиялық болып бөлінеді.
Гигиеналық талап бұйымды пайдаланғанда қоршаған орта мен адамның
қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етуді қарастырады. Бұл орайда адам
организміне сыртқы ортаның, химиялық заттардың зиян тигізбеуін, атап
айтқанда, организмнің қалыпты қызметінің ойдағыдай жүзеге асырылуы
қарастырылады. Гигиеналық талапқа, бұған қоса бұйымдарды таза сақтау
мәселесі де жатады. Мұндай талаптар әсіресе, синтетикалық материалдан және
пластикалық массадан жасалған тауарларға көбірек қойылады. Оның да себебі
бар. Атап айтқанда, адам организміне зиян тигізетін, қолдануға жарамсыз
тауарлар (ыдыс-аяқ, парфюмерия, аяқ-киім, басқада киім түрлері) саудаға
түспеуі керек.
Гигиеналық талаптарды жүзеге асыру- ерекше көңіл бөлуді және кең
көлемдегі істерді қажет етеді. Бұл үшін қолдауға болатын концентраттарды
ғылыми зерттеудің кешенді шараларын жүзеге асыру қажет. Онда белгілі бір
ұйымды болмаса азық-түлікті алу кезінде қолданылатын заттың құрамы мен
қоспаларының қоршаған ортаға, соның ішінде адамға тигізер зияны бар ма, жоқ
па екендігі зерттеледі. Жаңадан шығарылатын әр өнімге Қазақстан денсаулық
сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық инспекциясының берген
қортындысы болуы шарт. Міне, осыдан кейін ғана жаңа бұйым адамдардың
пайдалануына жіберіледі.
Химиялық улы заттарға қойылатын талаптарды дайындау кезінде осы
заттардың құрамы мен қасиетіне ерекше назар аударған дұрыс. Осы мәліметтер,
затты қолдану туралы ережелер, сақтану, зиянды әсерден қорғану әдісі сол
тауарлардың этикеткаларында, болмаса тауармен қоса келетін арнайы
ескерпелерде атап көрсетілуге тиіс. Бұл талаптар міндетті түрде сақталуы
керек.
Антрометрлік талап бұйымдардың, болмас оның жеке бөлшектерінің
размері және фасоны жағынан адамның денесіне сәйкес келуін қарастырады.
Физиологиялық талап бұйымның, болмаса оның дене мүмкіндіктеріне
сәйкес келуін, ал психо-физиологиялық талап дайын өнімнің адамның сезім
органдарының ерекшеліктеріне сәйкес келуін қарастырады. Бұған қоса дайын
бұйымның адам психикасына сәйкес келуін сипаттайтын талапты психологиялық
талап деп атайды.
Өнімнің эргономикалық талапқа сәйкес келуін анықтау кезіндеоларды
қолдану процесі кезіндегі атқарылатын барлық операцияларды талдап, мұның
әрқайсысына (қолайлылығы, жеңілдігі және шапшаң орындалатындығына) дұрыс
баға беру керек. Эстетикалық талап бұйымның формасының, сыртқы
безендірілуінің тиімді болып, осы күнгі жағдайға сай келуін,
композициясының тұтастығын, басқа да тұстарының жетік үлгіде жасалуын ,
соған қоса оның басқа да ерекшеліктерін қарастырады. Осы талаптарға сәйкес
, ол бұйымның қоғамдағы құндылығы, тиімділігі, бұйымның атқаратын
міндеттерінің бір мақсатқа жұмылдырылуы оны пайдалану мен дайындау
кезіндегі үнемділігі мен технологияға сай келушілігі ең соңында халықтың
талғамына және модаға сәйкес келушілігі болып нақтылана түседі. Тауарларға
қойылатын эстетикалық талаптарға ерекше көңіл бөлінеді.
Бұйымды пайдалану, тасымалдау, сақтау және өндіру кезінде қоршаған
ортаға зиянды заттардың бөлініп шықпауын экологиялық талап қарастырады. Бұл
талап шикізат материалдарын, технологиялық талап қарастырады. Бұл талап
шикізат материалдарын , технологиялық кестені жасау және өнімді пішу
кезінде үнемі басты назарда болуға тиіс. Тұтыну кезіндегі қауіпсіздік
жөнінде қойылатын талап өзінің атауынан көрініп тұрғандай, бұймдарды
пайдалану кезінде қатер төнбеуін, сол тәрізді адамның денсаулығына зиян
келтіретін нәрселердің бәрінен қорғау болып табылады. Қауіпсіздік пен
зиянсыздық талаптарын жасау кезінде стандарттау және еңбек қауіпсіздігі
жөніндегі бұйымдардың белгілеген шекті нормасын, техника қауіпсіздігі
жөніндегі ережені басшылыққа алу керек. Технологиялық талаптар ең алдымен
тауарларды шығаруға қажетті материалдар мен шикізаттарға (маталарға ,
жіптерге, лак пен бояуға, құрылыс және басқада материалдарға) қойылады. Бұл
талап негізінде өнімді жасау мен өңдеудің және олардың кейбір тұрмыста
қолданудың қарапайымдылығы мен қолайлылығы , өңдеудің , жабдықтар мен
техникалық құралдардың осы заманғы әдістерін қолдана отырып, еңбек
өнімділігін арттырудың және дайын бұйымның өзіндік құнын кемітудің
мүмкіндігі құрастырылады. Сонымен қоса бұл талап тетіктер мен жүйелерінің
стандартын және унификациясын бірізге келтіруінде қоса қарастырады.
Стандарт пен унификация талаптары тауар өндірісінде стандартты және бірізге
келтірілген тетіктер мен технологиялық әдістердің қолданылу мүмкіндігін
қарастырады. Унификация базалық үлгі негізінде бірыңғай элементтер мен
тетіктерден түрлі өнімдер жасап шығаруға мүмкіндік береді. Стандартпен
үйлестірілудің нәтижесінде қайсібір шикізаттан немесе материалдан болмасын
өнім шығарудың өнімділігін арттыруға мүмкіндік туады. Ғылыми-техникалық
прогресті, өндірісті, тауар қозғалысын және қойма шаруашылығын басқарудың
прогресті әдістерін меңгеру арқылы дайын өнімнің өзіндік құнын кеміте
алуға болады.
Экономкалық талаптар дегенде тек өнімді шығаруға жұмсалатын шығынды
айтады. Бұған сонымен бірге тұтынушылардың белгілі бір тауарды қолдануға ,
жөндеуге жұмсалатын және бұйымды қолдану және басқа да шығындарын айтады.
Міне , осының бәрі келіп тауарға деген көпшіліктің ортақ ұғымын
қалыптастырады.
Сұранымы көп тауарлардың бағасы әркімнің сатып алу мүмкіндігіне сай
болу керек. Әр затқа бағаны дұрыс қою үшін тұтыну құны мен бұйымның қасиеті
туралы мәліметтерді білу керек. Алайда баға тауардың экономикалық сипатының
шегі емес. Осы орайда тауарды пайдалану мен қолға түсіруге қанша шығын
жұмсалатындығын білудің де маңызы үлкен.

1.2 Тауарлардың тұтыну қасиеті.
Тауарлардың тұтыну қасиеті мен олардың көрсеткіштері бұйымның
арналған бағытына тиімді қолданылған, олардың әлеуметтік маңызын,
практикалық пайдасын , қолданудағы қолайлылығын, зиянсыздығын және
эстетикалық жағынан жетілдірілуін айқындайды.
Таурлардың тұтыну қасиеті мен сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
мынадай талаптарға жауап беруі керек:
- белгілі бір немесе нақты тауардың тұтыну жағдайы мен неге
арналғанын ескеру;
- ғылым мен техникалық осы заманғы жетістіктерін, сонымен бірге
халықтың тұтынуы мен сұранмы құрылымының өзгеруін бейнелеу;
- тауарлардың сапасын көтеру мақсаты мен тұтынушылардың талабын
ескеру;
- тауарлардың өтуін және тұтыну тиімділігін есепке алу мүмкіндігін
жасау.
Тұтыну қасиетінің құрылымы сапаның тұтыну көрсеткіштері
номенклатурасының негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тұтыну
қасиетінің номенклатурасын және сапа көрсеткішін іріктеу сапа
көрсеткіштері мен тұтыну қасиетінің номенклатурасын жасау тәрізді
кезеңдерге бөлінеді.
Тауарлар сапасының көрсеткіші мен тұтыну қасиетінің номенклатурасын
айқындаудың негізгі әдісі – экспорт әдісі болып саналады. Тұтыну қасиеті
мен олардың көрсеткіштерінің номенклатурасын жасау, шығарылған өнімнің
техникалық дәрежесіне , қоғамдық тұтынудың өзгертілуі мен тұтынушылардың
тауар сапасына қоятын талабына байланысты болады. Ондац қасиеттер негізінен
тұтыну процесі кезінде айқындалып, олардың пайдалылығы сипатталады. Олардың
қарапайым әрі күрделі болып келуі де мүмкін. Қарапайымдарға мәселен,
шынының жарық өткізгіштігін ал күрделілігі кір жуатын машиналардың жұмыс
істеуге , пайдалануға қолайлығы мен шыдамдылық қасиетін айтуға болады.
Тұрмыста пайдалану кезінде белгілі бір бұйымның тұтыну қасиеттері
мұқтажды өтеумен бірге, адамның организміне кері әсер (шаңсорғыштар және
едн сүркіштердің шуы, киімнің электрленуі), болмаса жақсы әсер етуі
мүмкін.Сондықтан да тұтыну қасиетінің кешенінен тауардың нақты сапасын
анықтайтын және олардың ерекшелігін белгілейтін ең маңызды, негізгі
қасиетін бөліп алу керек. Тауарлардың сапасына баға беру кезінде олардың
нақты атауын айқындап, сол бойынша шекті мөлшерін тұтыну қасиетін сипаттауы
бойынша айқындау қажет. Тауарлардың қасиеті мен маңызының көрсеткіштері
олардың неге арналғандығына және ерекшеліктеріне де байланысты болып
келеді. Оған өлшем, салмақ, және басқада параметрлері жатады. Бұлар
тауарлардың сапасына баға беруге көмектеседі, сол тәрізді бұйымның неге
арналғандығын және оның адамдардың мұқтажын толық өтеу мүмкіндігін
анықтауға жағдай жасайды.
Мәселен, аяқ-киімнің , киімдердің спорттауарлардың сапасын бағалаған
кезде басқа көрсеткіштерден бұрын , бұйымның массасын білудің маңызы зор,
ал матаның сапасын бағалағанда фактурамен колористік безендірілуі бірінші
кезекке шығады.
Сапс көрсеткішінің номенклатурасы тұтыну қасиетінің номенклатурасымен
сәйкес болуы керек. Сапа көрсеткіші мен тұтыну қасиетінің құрылымы
жекелеген тауарлар тобының неге арналғандығы мен және олардың атқаратын
қызметі мен ғылыми-техникалық жетістіктерінің деңгейі, сол сияқты,
өзіміздің тауар туралы не білетіндігімізден өлшеніп және анықталып
отырылады. Тауарлардың топтары мен олардың неге арналғандығына байланысты
жекелеген қасиеттер мен көрсеткіштері нормативті-техникалық құжаттарға
кірмей қалады, ал кей жағдайда ол керісінше осы құжаттарда айқын
көрсетіледі.
Дайын өнімдердің сапасына баға беру кезінде тауарлардың қандай
ерекшеліктері анықталатындығы , болмаса сипатталатындығына байланысты
тұтыну қасиеті төмендегідей бірнеше топттарға бөлінеді. Олар, атап
айтқанда, әлеуметтік бағытталудағы қасиет, функционалды, тұтыну кезіндегі
сенімділігі, эргономикалық, эстетикалық , экологиялық және тұтыну кезіндегі
қауіпсіздік қасиеттері.
Әлеуметтік бағытталудағы қасиеті.
Тауарлардың әлеуметтік бағытталудағы қасиетінің көрсеткіші жоғары да
атап өткендей, бұйымдар қоғамдық қажеттілігіне сәйкес сипатталады.
Оптималды ассортимент негізінде тауарлардың тұтыушыларың түрлі топтары
үшін қоғамдық маңызың көрсетеді. Нақты тауардың өндірудің қоғамдық
мақсаттылығы осы тауарларға деген тұтынушылар сұранымның толық
қанағаттадырылмауынан келіп туындайды. Тауарларға деген сұраным халықтың
қамтамасыз етілуімен және тұтынудың рационалды нормасымен
белгіленеді.Әлеуметтік бағытталудағы тауар қасиетінің көрсеткіші сол
тауардың стиліне, модасына және қай маусымға арналғандығы сияқты басқа да
факторларға тәуелді. Бір тауардың әлеуметтік көрсеткіштерінің өзгеруі басқа
тауарлардың сапа көрсеткіштрімен оларға қойылатын тапатыдын өзгеруіне
әкеліп соғады. Тауарлар сапасының әлеуметтік көрсеткіштерін қарастырған
кезде олардың өтімділік мүмкіндігі де ескерілуі тиіс.
Сапасы жағынан көпшілік сұранымына ие болатын түрлі тауарларды
статистикалық мәліметтерді сұрыптау, тұтыну үлгілерін жасау және
социалогиялық зертеулер жүргізу арқылы анықтайды. Осы мәліметтердің
негізінде тауарлардың оптималды ассортименті мен номенклатурасы жасалады.

2.1 Тұтынушылық тауарлар тауартану ісіндегі
экспериментті жоспарлау.
Тауартану тәжірибесінде көптеген тауарлардың сапасын анықтау, оларды
сақтау, тасымалдау, пайдалану шарттарын анықтау үшін көп факторлы
эксперимент жасауға тура келеді.
Мұндай зертеулердің дәстүрлі тәсілдері бір факторды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Микроэкономика пәні,әдістемесі
Лекция Маркетинг жүйесіндегі тауар
«Микроэкономика» пәні бойынша лекциялық курс
Тауар саясатының негіздері
Тауарды тестілеу
Микроэкономика пәні, методологиясы, әдістері
Маркетинг саласындағы тауарлар және оның жіктелуі
Сұраныс көлемінің өзгеруі
Қазақстан Республикасының азық-түлік нарығындағы кәсіпорын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маркетингтің рөлі
Пәндер