Ұйымдарда өзара қарым - қатынас арқылы жағымды имидж қалыптастыру


Мазмұны
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Адам өміріндегі қарым - қатынастың алатын орны ерекше. Адам өмір сүру барысында басқа адамдарммен, қоғаммен, табиғитпен үнемі тығыз байланыста болады. Қарым - қатынас өмірлік қажеттілік болып табылады. Қарым - қатынас мәселесі 2 - 3 онжылдықта зерттеушілердің көңілін аударып отыр. Қарым - қатынас табиғаты оның индивидуалды және жастық ерекшеліктерінен өту және өзгеру механизімдері философтар мен социологтардың (Б. Д. Парыгин 1971; И. С. Кон, 1971-1978), психолингвистердің (А. А. Леонтьев, 1979), әлеуметтік психология мамандарының (Б. Ф. Прошнев, 1966; Г. М. Андреева, 1980), балалар және жасерекшелік психологиясының (В. С. Мухина, 1975; Я. Л. Коломинский 1976 - 1981) басты мәселесі. Бірақ зерттеушілер қарым - қатынас түсінігіне біркелкі анықтама бермейді. М. Н. Щелованов, Н. М. Аксарина (Балаларды тәрбиелеу, 1955) - қарым - қатынас деп үлкендердің балаларға бағытталған мейірімді сөйлеуін атайды; М. С. Коган, 1974 - адам қарым - қатынасы ретінде оның табиғат пен және өз - өзімен сөйлесе алуын айтады. Кейбір зерттеушілер (Брановицский В. Н, Г. А. Балл, А. М. Довгиалло - Ойлау және қарым - қатынас, 1973), адамның машинамен өзара қатынасының шындық екенін мойындайды, бірақ басқалар жансыз заттармен тілдесу тек метафоралық мәнге ие екендігін көрсетеді (Б. Ф. Ломов) . Шетелдерде қарым - қатынастың көптеген дифенициасы ұсынылған Д. Денцстің мәліметтеріне байланысты А. А. Леонтьев (1973), ағылшын тілді» көптеген әдебиеттерде 1969 жылдың өзінде қарым - қатынас түсінігінің 96 анықтамасы болғанын көрсетеді.
М. И. Лисинаның пікірінше, қарым - қатынас екі адамның немесе одан да көп адамдарың өзара әрекеттесуі мен келісушілікке бағытталған қатынасты орнықтыру мақсатындағы күштердің біріктірілуі және жалпы нәтижеге қол жеткізуі [1, 57] .
Қарым - қатынас жоғарғы дәрежедегі динамикалық әлеуметтік - психологиялық құбылыс. Қарым - қатынас фактор ретінде біздің қажетімізге айналса, іс - әрекет пен қылығымыздың себебі болса, басқа адамдармен қатынасымыздың мақсаты мен мазмұны болғанда ғана көріне алады. Ал мұндай жағдайда бұл фактор біз үшін ерекше мазмұнға ие болады және тұлғалық құндылықтардың мазмұны оны аксиологиялық қарау мен зерттеуді көздейді. Дегенмен, қарым - қатынас біз үшін басқа адамдарды түсіну мен тану көзі ретінде де құнды. Қарым - қатынас адамның бүкіл психикалық өмір - сүру іс - әрекетін түсіндіреді. Кез келген тұлға секілді, қоғам да оның сыртқы және ішкі қарым-қатынасының өнімі, оның коммуникативті іс - әрекетінің нәтижесі. Бұл пәндік іс - әрекетке де жатады, яғни әсерлі жағдайды туғызатын жайлы, қозғаушы қарым - қатынас. Толыққанды қарым - қатынас жан - дүниені көтереді, адамның психологиялық-жанды потенциалдық толық жылуына жол ашады және керісінше қарым - қатынастың жетпеуі, оған деген қажыған қажеттілік адамдардың жалпы психологиялық өзгерісіне әкеледі. Бәрі болмаса да, адамдағы көптеген рухани, психикалық немесе әлеуметтік аномалиялар - толыққанды қарым - қатынастың жетпеуінен деп толық айтуға болады. Қарым - қатынас адамдар арасында тұлға аралық және іскерлік қатынастар, сондай - ақ әлеуметтік қатынастардың жүйесін құрайды. Қарым - қатынас ортақ нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс - әрекеті. Қарым - қатынас актісі адам басқа адаммен байланысқа түскенде, оны өзі секілді немесе өзімен тең деп санайды, сондай - ақ белсенді кері байланысты, ақпарат алмасу жағын көздейді. “Қарым - қатынас” ұғымына қатысты анықтамалардың әрқилы болуының себебі бұл мәселеге деген әртүрлі көзқарастар мен қатыстардың әсері. Қарым - қатынас - адамдардың іс - әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көпсалалы үрдіс. Қарым - қатынаста адамдардың өзара бағыттылық әрекетінен басқа маңызды сипаты ретінде оның мүшелерінің белсенділігі қарастырылады, яғни олардың әрқайсысы субъект ретінде көрінеді. Белсенділіктің көрінуі адамның өз серіктесіне қарым - қатынас барысында бастамашылдықпен әсер етуінен көрініп серіктесі оның әсерін қабылдайды және оған жауап береді. Екі адам қарым - қатынасқа түскенде олар кезектікпен әрекеттеседі және бір бірінің әсерін қабылдайды. Қарым - қатынас үшін оның мүшелерінің физикалық зат емес тұлға ретінде көріну сипаты өте маңызды.
Б. Ф. Ломовтың пікірінше, қарым - қатынас адамдардың субъект ретінде көрінетін өзара әрекеттестігі. Жоғарыда аталған қарым - қатынас ерекшеліктері бір - бірімен тығыз байланысты. Абсолютті өзара әрекеттестіктің қарым - қатынастың басқа сипаттарынан көрінуі интеракционистік позицияға әкеледі, яғни қарым - қатынас жайлы түсінікті жалпы біріктіру. Қарым - қатынастың мәнін тек қана ақпарат алуға бағыттау коммуникацияға айналдырады, ал коммуникация - қарым - қатынасқа қарағанда тар мағынадағы құбылыс [2, 245] . Қарым - қатынасты психологиялық категория ретінде қарастыра отырып біз оны іс - әрекет ретінде интерпретация береміз. Сондықтан, қарым - қатынас синонимі ретінде «коммуникативті іс - әрекет» ұғымы алынады. Кеңестік психолотар қарым - қатынас феноменіне әртүрлі көзқараспен қарай отырып бір ауыздан қарым - қатынас пен іс - әрекеттің тығыз байланысын атап көрсетеді.
Қарым - қатынас ұйымдардың қарқынды дамып жетілуіне де көп септігін тигізеді, яғни қоғаммен байланыс орнату. Қоғамдық пікір - әлеуметтік өмір фактілері, коллективтік қызмет және жеке адамдардың іс - әрекеті жөніндегі бірыңғай баға. Ол бағалау функциясына ие болады. Стихиялы пікір дәл емес информацияға, яғни «ұзын құлаққа» негізделеді. Үстем идеологияны, қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық құрылымын бейнелейтін қоғамдық пікір: баспасөз, радио, кино, телевизия, жиналыс, митингі, т. б. көпшілік ақпарат және коммуникация мәліметтеріне негізделеді [3, 89] .
Көп уақыттан бері ұйымдар, фирмалар, компаниялар өз имиджі туралы ойламаған. Олар тек бизнес ақша түсіру мен пайда табу үшін арналған деп түсінді. Ең бастысы табыс табу үшін ұйымның басты рөл атқаратынын түсінбеді. Американдық зерттеушілер Т. Питерс пен Р. Уотерманның пікірінше, өзіне тек қана қаржылық мақсат қойған ұйымдар қаржылық жетістікке жетпейтінін түсіндірді [3, 25] . Олардың ең басты құндылықтары фирманың идеологиясы оның ішкі және сыртқы имиджі екенін айтып өтті.
ХХ ғасырдың 4 - ші ширегінде компаниялар, фирмалар, корпорациялар өздеріне бір жаңаша күш ашты. Олар оны фирманың атағы, не болмаса имиджі деп атады. Қазір имиджді жеңіске жетудің бір сатысы ретінде қарауға болады. Ешкімде имиджге салынатын шығынның көлемін білмейді. Имидждің ең үлкен түрлерін аса ірі фирмалар мен атақты ұйымдар иеленеді. Мұндай ұйымдар әр уақытта қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарында болады. Олардың қоғамдық қатынастан, қоршаған ортадан құтылуға ешқандай мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан, ірі ұйымдар әр уақытта халықтың пікірімен санасады. Өз пікірімен қатар қоғаммен байланыстың белгілі бөлімдеріне сүйенеді. Әр үлкен фирмалар қоғамның сеніміне кірулері керек, сенімін ақтау керек. Нарықтық қатынаста тауар мен қызметтің қымбаттауы бәсекелестікке алып келеді. Бүгінгі күнде ешкімге құпия емес, қоғаммен байланыс бөлімдерінің жұмысына сүйене отырып, тұтынушылар ұқсас тауардың ішінен нақты сол фирманың тауарын таңдайды. Бүгінгі таңда тұтынушылар тауардың сапасына қарамай, сыртқы имиджді таңдайды. Қазіргі кезде имидж жасаудың басты мақсаты - фирманың немесе ұйымның өз атағын және өз тауарын өткізу, сондықтан осы ақпараттар бүгінде маңызды зерттеу объектісіне айналды. Әрбір ұйымның басқарушысы имиджді жасау керек екенін біледі. Ал оны жүзеге қалай асыруды көбісі біле бермейді. Имиджді жасау мен корпоративтік қатынастарды орнату бұл - ұзақ мерзімді қоғамдық процесс, оның бірнеше кезеңдері бар. Қазіргі таңда кәсіпкерлік сәттіліктің негізгі факторы, байланыс пен ақпарат болып табылады. Қоғаммен байланыстың бұл фактіге тікелей қатынасы бар.
Егер қоғам осы ұйым туралы ақпарат білмесе, ол қоғам үшін жоқ. Егер ұйым келушілерді немесе тұтынушыларды білмесе, ұйым үшін тұтынушылар жоқ. Бұл екі жағдайда да ұйымның өмір сүруі қауіпті. Қоғаммен қатынас әр түрлі саланы қамтыған, ол дегеніміз - ақпарат, байланыс, коммерция. Имидждің ішінде ұйымның образымен қатар, оның тұтынушылар арасындағы атағы мен тұтынушылардың ұйым тауарын қолдануы арқылы көруге болады. Қоғаммен байланыс жұмысына әсер етудің бірі, адамның ой - өрісіне жаңа серпіліс беру. Мысалы, сіз біреумен сөйлесіп отырып, ақылды әдемі сөздер айтасыз. Ал бірер күннен кейін осы айтылған сөздердің еш біреуі есіңізде қалмайды. Сол сөзді айтқан адамның түр - тұлғасын есіңізге түсірсеңіз барлығы есіңізге түседі [4, 19] .
Зерттеудің мақсаты:
Ұйымдарда өзара қарым - қатынас арқылы жағым имидж қалыптастыруды анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жеке адамдар арасындағы қарым - қатынас психологиясы мен іс - әрекет арқылы қарым - қатынас орнатуды қарастыру.
2. Имидж мәселесінің психологиялық тұрғыдан ғалыми зерттелінуі мен имиджді қалыптастырудың жолдарын қарастыру.
3. Сөйлеу қарым - қатынасы мен адамдардың өзара қарым - қатынасындағы этиканың маңызын қарастыру.
4. Ұйымның басқару стилі мен ішкі қарым - қатынас имиджін практикалық жағдайда зерттеу.
Жұмыстың объектісі: Ақтөбе қаласы. Экономикалық - құқық колледжі -
нің педагог қызметкерлері. Зерттелінушілердің саны - 28.
Зерттеу пәні: Ұйымдарда өзара қарым - қатынас арқылы жағым имидж қалыптастыру.
Зерттеу әдістері : Зерттеу мәселесіне байланысты кітаптар мен оқу құрал-
дарын, арнайы әдебиеттердi, жинақтау, топтау, теориялық талдау, ұйымның басқару стилін анықтауға арналған және қызметкерлердің ұйымдағы өзара қарым - қатынасын анықтауға бағытталған сауалнама әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық негіздері: «Ұйымдарда өзара қарым - қатынас
арқылы жағымды имидж қалыптастыру» тақырыбын зерттеу барысында оның ғылыми негіздерін психологиялық-педагогикалық, философиялық, әлеуметтік психологиялық тұрғыда қарастырдық. Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас пен іс - әрекет арқылы қарым - қатынас орнату және имидж мәселесінің психологиялық тұрғыдан ғылыми зерттелінуі мен имиджді қалыптастырудың жолдары қарастырылды. Сөйлеу қарым - қатынасы және жеке адамның сөйлеу қасиеттері, адамдардың өзара қарым - қатынасындағы этиканың маңызы қаралып талқыланды.
Зерттеудің практикалық негіздері: Дипломдық жұмыстың практикалық бөлімінде кәсіптік білім беру мекемесіндегі басқару стилі мен қызметкерлердің өзара қарым - қатынасын, ішкі имиджін, ұжымдағы психологиялық атмосферасы анықталып тәжірибелік эксперимент жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың көлемі: 78 бет.
І ТАРАУ. ҰЙЫМДАРДА ӨЗАРА ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ ЖАҒЫМДЫ ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Жеке адамдар арасындағы қатынас психологиясы.
Адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым - қатнасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп анық қарасақ сезіледі, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым - қатнасқа түсу қай жолдарға болмасын, оған киім - кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен арласып, дұрыс қарым - қатнас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен арластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым - қатнас жасау - бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат, алмасу деген сөз. Адам қарым - қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбекпен тұрмыс дағдыларына машық тосады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым - қатынас ақпарат, алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұтым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос - жарандармен сөйлессек те осының бәрі - бәрі қарым - қатынастың сан алуандығын көрсетеді. Адамдар арасындағы қарым - қатнастардың, басқалармен тікелей аралас - құралас болудың маңызды анақұрлым қажетті болатыны айдан анық. Осындай қарым - қатнастың мән - мағынасы, олардың түрлі көрністері жеке адамдар мен топтың, ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат - мұратына жете алмайды, сондықтан да ол ылғида басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Топтың түрлері сан алуан. Мұның бірі - нақты (реалды) топтар. Бұл ортақ мақсатты көздеп, бір кеңістік те, белгілі уақыт ішінде, бір - бірмен қоян - қолтық араласып, іс - әрекетке түсетіндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро), ресми, биресми, формалы, формаласу, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, толблти, референттік болып бірнешеге бөлінеді. Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез - құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Қарым - қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр - бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс - әрекетжәне тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым - қатынас аймағы болып табылады. Егер қарым - қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым - қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым - қатынасарқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз. Макроорта - бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам. Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек - бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi. Қарым - қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым - қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарым - қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез - келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым - қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
- басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалай-мыз.
- жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
- таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерi - мiзбен алмасамыз.
- басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез - құлқымызды өзгертемiз.
- шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есеп - ке аламыз.
Ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар адамның қоғамдық мәнін көрсетіп берді. Адамның әлеуметтік мәні оның материалдық және рухани өмірінен көрінеді. Басқа адамдардан оңаша жүрген болса ол, табиғаттың құлы болудан оның әміршісі болу дәрежесіне жете алмас еді. Тек қоғамдық қызмет қана адамдарды тіршілік құралымен қамтамасыз етті, олардың табиғатпен күресінде күшін еселей арттырды. Өмірдің және адамдардың өзара қарым - қатынасын тарихи жағдайлар адамдарды ұлт, мемелекет, тап, партия және басқа да қауымдықтарға бірігуге әкелді. Олар адамдардың қалаулары бойынша емес, обьективті заңдардың әсері нәтижесінде құрылды. Әрбір ұйымның немесе қауымдықтың белгілі бір психологиялық ерекшелігі болады. Жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарым - қатынаста болып, өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асырады. Бұл қарым - қатынас бір - бірімен тығыз байланысты топтарда болады. Топтар мен ұйымдардың барлығы біркелкі емес. Топтар мен ұйымдар құрылу принципі мен әдісіне қарай және белгілі бір нысанға бағытталған мақсатына қарай: шағын және бастапқы топтар (2 - 7 адам), шартты және нақты топтар, формалды және формалды емес топтар, референт топтар болып бөлінеді. Олар қарым - қатынас барысында мақсат, мүдделерін жүзеге асыра алады [5, 82 - 83] .
Психология ғылымында қарым - қатынас дегеніміз - тіл арқылы пікір алысу, сонымен қатар біріккен іс - әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір - бірін қабылдауы. Қарым - қатынастың үш жағы бар - интерактивті, коммуникативті, перцептивті. Сонымен қатар, қарым - қатынастың мезо, макро, микро, стандартты, шаблонды, жабайы, рухани, іскер және т. б. деңгейлері бар [ 6, 127] .
Негізгі қызметі:
1) ақпараттық - коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін
бірі тануымен байланысты ) ;
2) реттеуші - коммуникативтік (адамдардың іс - әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру ) ;
3) аффективті - коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты ) .
Әрбір әлеуметтік ұйымдастықтың өз тарихы болады: дүниеге келеді, дамудың белгілі бір сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге жетеді, сондай -ақ өмір сүруін тоқтатуы мүмкін. Бұл формалды да, формалды емес топқа да бірдей дәрежеде қатысты. Ұйымның қалыптаса бастауы деп ассоциацияны адамдардың уақыт және кеңістік белгілері негізінде бірлесуін алу керек. Мектепте 1 - ші класс, институтта 1 - ші курс тобы туристер мен экскурсанттар осылай құралады. Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғары формасы - коллектив (ұжым) . Коллектив - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы [5, 84] . Коллективтің белгілерін А. С. Макаренко былайша толық анықтаған болатын: «Коллектив дегеніміз - жеке адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан коллективтік органдары бар комплексі. Ал коллектив ұйымы бар жерде коллективтік органдар да бар, коллектив сенетін өкілетті уәкілдер ұйымы бар және жолдастың жолдасқа қатынасы мәселесі - ол жай ғана достық, жақсы көру, көршілік мәселесі емес, ол жауапкершілікті тәуелділік мәселесі» [7, 210] .
Қызмет мақсатына қарай коллектив кәсіби (өндірістік, творчестволық, әскери, оқу) қоғамдық ұйымдар (кәсіподақтар, пионер ұйымы), ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми - насихат, әскери-спорттық), өздігінен іс атқаратындар (көркем өнерпаздар, коллекционерлер қоғамы) коллективтері болып жіктеледі. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір - бірін қабылдауы. Лингвистер тілді қарым - қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы ретінде ертеден зерттеп келеді. Кибернетика мен информация теориясы жасалғаннан кейін ойды машиналық өңдеуге лайықтап, символдармен белгілеу міндеті туды. Осылайша машина тілі деген пайда болды. Оның көмегімен адам электрондық - есептеу машинасының қызметін басқарады, оны информациямен қамтамасыз етеді. Адамның қарым - қатынасы информация алмасудың жеке - дара жағдайына айналды. Осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін коммуникацияның жеке - дара жағдайы деп қарауға болады. Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның қарым - қатынасы жайлы білімімізді кеңейтеді. Қарым - қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін - бірі қабылдауы жүзеге асады [5, 85] .
Педагогикалық қарым - қатынас - белгілібір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс - әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым - қатынасы.
Перцептивтік қарым - қатынас - адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.
Фатикалық қарым - қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым - қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым - қатынас.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz