Бастауыш сыныпта көркем шығармалардың түрлерін оқыту


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Көркем шығарманы талдау. Көркем шығарманың үлгілерін класта. Үйде оқу, жоспар жасау, ауызша, жазбаша мазмұнының ұғынуын көздейді. Ол бірақ оқоқудың бастауыш формасы ғана. Текстің мазмұнын анықтаған соң, енді талдап оқудың кезегі туады. Мұның орталығында кейіпкерлерге мінездеме жасау, шығарманың компазициясы мен тілін талдау, суреттеу тәсілдерін анықтау(пейзаж, портрет), жанрды таныту, ең аяғында, жаттау, көркемдеп оқу міндеттері тұрады. Жоғарыда айтылғандай, бұл үштіні бір- бірінен бөлмей, әдебиеттік оқу сабағының бірін- бірі толықтыратын тұтас жүйесі деп алу қажет.

Талдап оқу дегенді көп жайда алғашқы ұғынып оқудың нәтижесіне сүйеніп, сұрау- жауап әдісімен балалардың өзіне істету арқылы жүргіземіз. Мұның мақсаты:

1. Шығарманың идеялық мазмұны мен көркемдік формасын бірлікте тұтас алып талдау.

2. Образ- кейіпкерлерін анықтап оларға түрлінше (дараланған, салыстырмалы, топтастырылған түрде) мінездеме жасату

3. Пейзаждық, суреттемелік тәсілдерін анықтау

4. Компазициясы мен сюжетін, оның элементтерін ашу, солардың тқызметін таныстыру.

5. Шығарманың ақындық көркем тілін зерттеу.

6. Түрлі жанрдың табиғатын анықтап, соған сай жұмыс әдістерін қолдану.

7. Осы ұғымдарды теориямен ұштастырып, бекіту міндеттері болмақ.

Осыған сай мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, қай жұмысты қай жерде кімнің жүргізетінін белгілейді. Талдау сабақтарында мұғалім түсінігінің орны біраз елеусізденіп, балалардың өздеріне істету, әңгіме әдісі бірінші орынға түседі. Бұл үшін әрбір міндетке сан өз тұсында арнаулы тапсырма сұрау беріледі. Сол сұраулер негізінде әңгіме әдісімен талдау жүргізіледі. Кейде жеке балаларға баяндама беріліп, өзгелер соған пікір қосады. Кейде айтыс әдісі де қолданылады. Үйге және сыныпта берілетін сұрақтардың жүйесінде мұғалім үлкен шеберлік көрсетуге тиіс. Әңгіме әдісі ттек шығарманың мазмұнын ұғыну барысында ғана емес, әсіресе талдау сабақтарында қажеттірек.

Әрине, талдауда үнемі бір саранда, бір формада жүргізіп, схемалауға болмайды. Мысалы кішігірім әңгімелеу тұсына оның бөлімдері сыныпта, үйде оқылып, жоспар жасалып, мазмұндатылса, содан соң кейіперлеріне мінездеме беріледі. Өлең жанрында образ кем болып келсе, оның бөлшектерін, тақырыбын анықтай келіп, өлеңді не жаттау, не көркемдеп оқумен көмкеріледі. Кейбір өлеңдердің композициясы мен тілін талдай келіп, оның идеялық мазмұнына ой баса бөлінеді. Оқу, талдау, көркемдеп оқу дегеннің өзі жанр ерекшелігіне қарай алуан түрде кездеседі. Текст тұтас оқылып бітпей жатып, тұтас талдау жүргізуге болмайды. Бірақ оның бөлшегі оқылғанда, жол- жөнекей композициясы, кейіпкерлері бөлек әңгімеленеді. Ол кейінгі тұтас талдауға негіз болады. Кейбір методиеттер қысқа өлеңді қайталап, көркемдеп, байытып оқудың өзі де талдау дейді.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптардағы оқу тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Көркем шығарманы тиімді әдіс тәсілдер арқылы оқыту

Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер

  • Көркем шығарма материалдары бастауыш сыныптардың әрбір пән мазмұнына енгізіліп, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес сұрапталса;
  • Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарманы меңгерту тиімді әдіс- тәсілдер арқылы жүзеге асырылса;
  • Көркем шығармаларды оқу үрдісінде пайдалану оқу- әдістемелік кешендермен оқу құралдармен қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларына тиімді әдіс тәсілдер қолдану арқылы оқушыларға саплы білім мен сапалы білім беруге негіз болар еді.

Зерттеудің міндеттері:

  • Жалпы мектепт, ерде жасалған жұмыстарды айқындау;
  • Көркем шығармаларды тиімді әдіс -тәсілдер арқылы оқыту;
  • Көркем шығармалардың түрлерімен таныстыру, олардың маңызы мен ерекшеліктерін көрсету.

Зерттеу жұмысының құрылымы : Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде зерттеудің ғылыми ақпараты, тақырыптың көкейкестілігі зерттеу жұмысының мақсаты, объектісі, пәні, болжамы, міндеттері, әдіснаалық негізі, зерттеу әдістері, зерттеу кезеңдері, зерттеу көздері, зерттеу нәтижелерінің дәлелденгендігі, оның мақұлдануы, тәжірибеге енгізілу қарастырылды.

Қрытынды зерттеу тақырыбының көкейкестілігімен байланысты тұжырымдар мен ұсыныстар ретінде қарастырылды.


Көркем шығарма.

1. 1 Көркем шығармалардың түрлерін оқыту

Әдебиеттік оқуды оқыту үдерісінде көркем шығарманы өнер ретінде таныту басты назарда болуы шарт, сол себепті оны көркем ойлау заңдарын ескере отырып ұйымдастыру қажет. Осыған орай бастауыш әдебиеттік оқудың басты мақсаты кіші мектеп жасындағы оқушыларды әдеби дамыту болып табылады. Әдеби дамыту дегенде көркем шығарманы толық қабылдауға қабілетті оқырман қалыптастыруды; оқушылардың әдеби шығармашылығын дамытуды, яғни өз ойларын еркін жеткізуге қабілетті, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан оқушы тәрбиелеуді түсінеміз.

Бұл мақсаттың жүзеге асуы бірнеше міндетті шешуді қажет етеді:

  • эстетикалық қажеттіліктерді, оқырмандық және шығармашылық әрекет мотивтерін, ауқымды мәдени қызығушылық, құндылық бағдарларды қалыптастыру;
  • оқырмандық және әдеби-шығармашылық біліктерін қалыптастыру жүйесі;
  • әдебиеттану және мәдениеттанудан бастапқы білім беру;
  • көркем шығарманы интерпретациялау және талдау әдістерін, танымдық кітаптармен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс барысында ақпараттарды ала білу және өңдеу тәсілдерін үйрету;
  • ойлау, қиялдау, эмоцияны дамыту;
  • оқырмандық және мәдени кеңістігін кеңейту;
  • тұлғаның ақпараттық мәдениетін, библиографиялық білімі мен білігін қалыптастыру;
  • оқу дағдысын жетілдіру.

Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады. Үзіндіні мазмұндағанда, оқушыларды мүмкіндігінше жазушы тілімен мазмұндатуға икемдеу керек. Оқушыларды әңгімелеу, мазмұндау кезінде жиі мәтінге үңілдіріп, кейбір негізгі мәселелерді мәтінге жуық айтуды талап етемін. Көркем шығарманы үйге тапсырма ретінде бергенде, түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді оқушылардың алдын ала белгілеп келуін талап еткен жөн. Сабақ барысында шығарманың мазмұнына талдау жұмысын жүргіземін. Күрделі, түсініксіз сөздерге түсінік беремін. Мысалы: қыстау, атан, шам, ру, шариғат бұйрығы, ердің құны. Кейбір диалогтерді оқи отырып, ең басты мәселелерді түсіндіремін.

- «Арысыңды, ендеше, арыстан жеді» (Бөжейдің сөзі) .

- «Ақ қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан қара бет?!» (Қодардың сөзі) .

Әдеби талдаудың басты мақсаты-оқушылардың өзіндік қабылдауларын, пікірін әдебиеттану ғылымының талабына сай ғылыми арнаға бағыттау болып табылады. Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз:

1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;

2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;

3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;

4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;

5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;

6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;

7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;

8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:

а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;

ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;

в) көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту.

Әдеби шығарма өмірді түсінуге көмектеседі. Ақын жазушылардың идеясы, көркем шыедығы шығарманың мазмұны арқыла оқушыларды баурап оларға түрлі сезім, ой туғызады, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Көркем әдеби шығармалардың мұндай ерекшеліктері өзіндік әдістемені қажет етеді. Бастауыш сыныптан Ана тілі оқулықтарына көркем шығармалардың мынадай жанрлары енгізілген: өлең, жұмбақ, әңгіме, мысал, ертегілер, жаңылпаштар, мақал- мәтелдер, айтыс, шешендік сөздер, мақалалар, очерктер т. б. Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді.

  1. Бастауыш сыныпта оқылатын көркем шығармалардың түрлері

Өлең- шағын көлемді поэзиялық шығарма. Өлең- оқушылардың мәнерлеп, түсініп оқуға төселдіретін, өмір тануды үйрететін көркем шығарманың түрі. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек- кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілік наным- сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет- ғұрып негізінде (салт, үйлену, мұң- шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінеді. Өлең- шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т. б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т. б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі

Жұмбақ. Жұмбақ- адамның ой- өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылысты тұспалдап, сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақ- халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклорлеріне ортақ түр. Ерте заманда пайда болғанымен жұмбақ бергі заманда да, тіпті, бүгінгі біздің дәуірімізде де маңызын жойған жоқ. Қай кезді алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлық сөздері мен бірге саяси құрал есебінде жазуға қарсы қолданған.

Сырт қарағанда, соңғы уақытта жазба әдебиеттің күшеюімен «Жұмбақ азайған шығар, жаңадан жасалмайтын шығар» деген ойлар болушы еді, анығында бұл теріс болып шықты. Жұмбақ қазақ халқы мен қатар басқа халықтардың арасында да әлі күнге өмір сүріп, дамып келеді. Олай болса халықтың жұмбақ қорын жинап, зерттеу қажет. Жұмбақ- адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ - жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы- дәні тәрізді.

Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ, оны мектеп балалары тілді ұстарту мақсатында пайдаланып, оқып жатпайды.

Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайлы, еңбек кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер- білім, техника және т. б. жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар, мазмұнына айналды. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ әлеміне енгенде, әрқайсысы жалпылама емес, бөлшектене, жекелене алынады.

Жұмбақтар- оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытатын шығармалардың бірі. Жұмбақтар оқулықта көркем шығарманың әртүріне байланысты беріліп отырады.

Әңгіме . Әңгіме- әдебиетте оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинағы беріледі. Әңгіме, әдебиетте - оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Ондаадам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері - қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды

Мысал . Әдебиеттің мысал түрінің арғы анасы- халық. Баяғы заманнан бері халық жасаған мысалдар оның керегіне жарап, күні бүгінге дейін тозбай сақталып келеді. Әдебиеттің бұл мысал жанры- ең қысқа ықшам жанр. Ертегі ұзақ, шытырман оқиғалы, салғырлы, бұлтарысты, қолтарысты болып келсе, мысал оқиғаны табан астынан, төтесінен туғызады, шұғыл қайырады. Негізгі әдісі- меңзеу. Сондықтан, көңілден тез орын теліп, ұмытылмайды.

Бұрынғы халық мысалдарында да, онан соң туған жеке авторы бар, жазба мысалдары да, айтайын деген көкейкесті, түйінді пікірін көбінесе аңдар, хайуанаттар, құстар, құрт -құмырсқалар, ағаштар, тастар тағы тағыларды адамша шендестіру, адам дәстүрінше сөйлестіру, уаждастыру арқылы беріледі.

Мысал үрдісі ерте заманнан бар. Ежелгі грек әдебиетінде -Эзоп, Рим әдебиетінде Федр- әйгілі мысалшалдар.

Қазақтың реалист әдебиеттерінде мысал жанрының өз алдына жеке жанр ретінде қалыптасып, дамуы Д. Бабатайұлының есімімен байланысты. Ол ауыз әдебиетінің адамгершілікке үндеп, емеурінмен білдіретін өсиеттік жанры- мысалды әлеуметтік сатира дәрежесіне көтерді, оның кейіпкерлеріне реалистік, типтік сипат дарытты. Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, XX ғ-дың бас кезіндегі демократ ақын жазушылар: С. Көбеев, С. Торайғыров, С. Дөнентаев, орыс әдебиетінен мысал өлеңдер аударып, қазақ халқына жеткізуде көптеген еңбек етті. Осы аудармалар негізінде қазақ балалар әдебиетінде мысал өлеңдердің төл үлгілері пайа бола бастады.

Мысалдың артықшылығы алдымен олардың поэзиялық қуат-күшінен, тұспал бейнелер арқылы сан алуан адамдардың мінез-құлқын; іс-әрекетін аңдатып, айқын көзге елестетеді. Cолар жылы қоғамдық өмірдің шындығын, қайшылықтарын терең ашып бере алатын мол мүмкіндігінен іздессе керек. Көркем шығармада мәселе не айтылғандығында ғана емес, сонымен бірге қалай айтылғандығын да, қалай әсер ететіндігін де осы- әсіресе мысал өлеңге, яғни өмірлік шындық пен көркемдік шарттылықты шебер сабақтастырып, ұштастырып келтіретін жанрды байланыстыра айтуымыз керек. Мысалдағы ойды тура, ашық айтпай, ақтара салмай, тұспалдап, алыстан орап, орағытпай тудың өз артықшылығы бар екені сөзсіз. Оқушы бүкпелеп айтылған жайды, астарлы мағынаны өз ойымен бағдарлап, өзінше аңғарып, ұғып-түсінуге мәжбүр болады. Бұл одан тапқырлықты, сөздің астарына үңіле білудің, айтылып отырған нәрсені де, ишарат етіп, тұспалмен аңғартылған нәрсені де айқын елестете білуге қабілеттілікті талап етеді, ойына түрткі болып, сөзіміне әсер береді. Сонымен қатар Мысалда сан алуан жан-жануар, аң-құстарды, жәндіктерді іс-әрекет үстінде бейнелеу, тілдестіру, айтылған жайдан ғибратты түйін түю және осы орайда жасанды, жаттанды ақылгөйлікке әуестенбей, терең мағыналы қоғамды қой қорыту үлкен ақындық шеберлікті, талғампаздықты танытады. Абайдың мысал өлеңдерінен осындай қасиеттердің, әсіресе ақынның әзілдеуге, мысқалдап келемеждеуге, сықақ етуге шеберлігін айқын байқаймыз. Кейде Мысалда тілге тиек болатын шынында да әлде қандай бір ғажайып жай кездеседі. «Жарлы бай» атты өлеңдегі түбінен қанша алсаң да, ділдә бірінен кейін бірі шыға беретін дорбаның кедейдің қолына келіп түсуі - бұл, әрине, арғы түбі ескі ертек, аңыздармен жалғасатын сюжет. Ал кейде Мысалдағы оқиғаның өзі мейлінше қарапайым, күнделікті өмірде көздесетін жай боп шығады. Айталық, «Қазаға ұрынған қара шекпен» дейтін өлендегі қораға ұры түскенін айту ешкім таң қалатындай нәрсе емес. Өлеңнің түйіні басқада, барынан бір сәтте айрылып жұрдай болып қалғана дамға ағайындары келіп әр түрлі ақыл-кеңес беріп, желдей есіп «бейшара», «байғұс» деп жарылқаған болады. «Бақа мен өгіз» атты мысалда егіздей бола аламын деп ісініп, көбініп іші жарылған бақаның ессіз мақтаншақтықтың құрбаны болғаны баяндалады. Мұндай шартты түрде әдейі әсірелеп айтушылық Мысал жанрында жиі көздесетін үйреншікті жай, сондықтан оны табиғи құбылыс деп санап, осы оқиғаға қандай мағына беріліп айтылғанына көбірек кеңіл қою орынды секілді. Крылов осы мысалдың сюжетінен әр түрлі қоғамдық топтардың екілдері бірдей бола алмайды деген нақтылы тұжырым жасап, қатардағы жай адам атақты адамдай, ақ сүйектей бола алмайды деп түйіндеген.

Мысал өлеңдерде көбінесе жануарлар немесе басқа да жансыз нәрселе арқылы адамдардың мінез -құлқы, іс- әрекеті осылай астарлап, тұспалдай суреттеуді аллегория деп атайды.

Мысалдарда еңбек сүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды. Жағымсыз қылықтарды мысқал түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.

Ертегі. Ертегі- фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры- халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни, фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты- тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем эстетик, әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті- сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Ертегі деген ат «ертеде, ерте күндегі» деген сөздерден туған.

Қазақ фольклорындағы мазмұны терең, тілі бай, тақырыбы әр алуан, оқиғасы қызғылықты шығармалардың бірі- ертегілер. Ол әдеби мұрамыздың ең көне түрі болса да, осы күнге дейін өскелең ұрпақты жан жақты тәрбиелеуде маңызын жоймаған жанр. Ертегі- көркем фантастикалық шығарма.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем шығарманың кейбір түрлерін бастауыш сыныпта оқыту
Ертегі оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы
Бастауыш сыныптарда әдеби шығармаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту
Мәтінді оқыту әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің міндеттері
Бастауыш сыныпта көркем шығарманы оқыту әдістерін диагностикалау критерийлерін тұжырымдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz