Қаржы нарығы туралы түсінік



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. Қаржы нарығы туралы түсінік
1.1 Қаржы нарығының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттары ... ... ... 7

ІІ бөлім. Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні және негізгі белгілері
2.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні. Бағалы қағаздардың түрлері ... ...9
2.2 Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... 20

ІІІ бөлім. Қор биржасы
3.1 Қор биржасының мәні мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарықтың құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нырығы – құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларына иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие, капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы. Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі, Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты,
Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімде сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те атайды. Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы экономикалық қатынастардағы қаржы нарығын реттеу, зерттеу және бақылау арқылы барлық қаржылық операцияларды жүргізу болып табылады. Курстық жұмыстың міндеті болып қаржылық операцияларды жүргізу барысында нарық формасындағы басты негізгі құрылымды қарастырып қана қоймай, оның жүзеге асыруын қарастырады. Курстық жұмыстың зерттеу объектілеріне – валюта нарығы, ақша, несие, бағалы қағаздар нарығы жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Баймұратов О «Қазақстан қаржы нарығы» Алматы 2007
2. Гайнуллин Ф «Основы экономической теории» Алматы 1998
3. Мамыров Н.К, Тілеужанова М.Ә «Макроэкономика» Алматы 2003
4. Мельников В.Д, Ильясов К.К «Финансы» Алматы 2001
5. Сейтқасымов Ғ.С «Ақша, кредит, банктер» Алматы 2006
6. Сейткасымов Г.С, Ильясов А.А «Формирование фондового рынка» Алматы 1996
7. Смайлова А.А. «Финансы Республики Казахстана за 1995-1998 г.г» Статистический сборник Алматы 2000
8. Ілиьясов Қ.Қ, Құлпыбаев С «Қаржы» Алматы 2005
9. Шоқаманов Ю «ҚР-ң қаржысы 1990-2003 ж.ж» Статистикалық жылнама Алматы 2004
10. Челекбай А.Д. «Международный бизнес» Алматы 2000

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. Қаржы нарығы туралы түсінік
1.1 Қаржы нарығының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттары ... ... ... 7

ІІ бөлім. Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні және негізгі белгілері
2.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні. Бағалы қағаздардың түрлері ... ...9
2. Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа
шығырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...17
3. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары ... ... ... ... ... ... ... 20

ІІІ бөлім. Қор биржасы
1. Қор биржасының мәні мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Кіріспе
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы
экономикадан жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық
экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен
бірге қаржы және валюта нарықтың құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы
нарығы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нырығы – құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық
қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық
қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие,
валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын
нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа
бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларына иемденуде. Ал
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының
қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте. Қаржы нарығы
біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ
әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша
нарығы, несие, капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы. Қаржы
нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары
қоса түсіндіріледі, Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде
қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты,
Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімде сипаттағы міндеттемелер
немесе куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы
деп те атайды. Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы экономикалық
қатынастардағы қаржы нарығын реттеу, зерттеу және бақылау арқылы барлық
қаржылық операцияларды жүргізу болып табылады. Курстық жұмыстың
міндеті болып қаржылық операцияларды жүргізу барысында нарық формасындағы
басты негізгі құрылымды қарастырып қана қоймай, оның жүзеге асыруын
қарастырады. Курстық жұмыстың зерттеу объектілеріне – валюта нарығы, ақша,
несие, бағалы қағаздар нарығы жатады.
І бөлім. Қаржы нарығы туралы түсінік
1.1 Қаржы нарығының құрылымы
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық
экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен
бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-
соңды болған емес.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде
бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы
қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттік және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі
болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа
нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б.
нарықтармен) етене байланысты. (1 сызбаны қараңыз).
1 сызба. Экономикалық жүйедегі нарықтардың өзара байланысы
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайда қаржы нарығы қаржы ресурстарын
үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың,
ұлттық шаруашылықта ақща қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны
болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде
де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші
субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанды реттейтін
нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ)
ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы
ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен
түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар
категория ретінде қарастырылатын практикамен, негізінен дүнтежүзілік
практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі
меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы
қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

2 сызба. Қаржы нарығының құрылымы
Ақша нарығы дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем
қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының нарығы.
Кредит нарығы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.
Ақша мен кредит нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына
қызмет етеді.
Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ
мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар -
ақша және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.
Өвржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын
экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды
орын алады.Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы
қағаздардың айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те
атайды. “Қор нарығы” термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле
жасалынатын және рәсімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен
байланысты.

1.2 Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттары
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны
қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс
істеуінің объективті алғышарты болып табылады.
Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар
жатады:
1. бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық
өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің
барлық нысандары кәсіпорындарының,соның ішінде мемлекеттік
сектордың да кең дербестігі;
2. қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы:
өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың,
қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің
азаюы;
3. шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға
және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстың өсуі;
4. бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды
тоқтату республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің
тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығаруы арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу
есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.
Оның жұмыс істеуі әкімшіл - әміршіл экономикаға тән “сатылас” әдістің
орнына “деңгейлес” қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік
береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылықты жүргізуші субъектілер
арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-
әрекет етеді.Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел
аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың
қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің
нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық
жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгілінеді.
Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу
үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды; нарықта еркін жүретін, бағасы
сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.
Экономикалық реформа процесінде қаржы нарығының қалыптасып, жұмыс істеуі
экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын
қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.
Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің
төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады.
Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың
қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының
тапшылығы қысқы мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық
мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың
табыстылығы банктердің ақша–кредит операциялары жөніндегі мұндай
табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

ІІ бөлім. Бағалы қағаздар нарығы, оның мәні және негізгі белгілері
2.1 Бағалы қағаздар нарығының мәні. Бағалы қағаздардың түрлері
Жоғарыда баяндалғандар дан туындағанындай, бағалы қағаздар нарығы –
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың
сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл
нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық
процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған
осы нарықтың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және өзге де
активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне
қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер және алудың жолын
жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан
процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды
инвестициялау процесіне қатысты.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың
нарығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы
қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары
сатылады; қайталама нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың
иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық, эмиссиялық және
рыноктық бағасы болады. Қайталама нарық екі бөліктен тұрады:
ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы – мәмілелер сауда-саттықты
қйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық
бағалы қағаздар мен өззгеде қаржы құралдарының айналыс сферасы және
ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар айналысының
бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда-саттықты
ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның
қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы.
Бұдан басқа қаржы нарықтарын басқа критерийлер бойынша ажыратады: бағалы
қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар, және т.б. нарығы;
эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар нарығы, мемлекеттік
бағалы қағаздар нарығы; аумақтық критерийі бойынша: ұлттық, халықаралық,
аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ
мерзімді бағалы қағаздардың нарығы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық,
форвардтық және т.с.с.; салалық критерийі бойынша.
Нарықтық қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы құрылған 1995 жылдан
басталады. 1995жылдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан “таза”
қор биржасы - Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады.
1995жылдың 21 сәуірінде “Бағалы қағаздар және қор биржасы” туралы Қазақстан
Республикасының заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын
құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік
бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы әзірленді.
“Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ
облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар”
әзірленіп, бекітілді.1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының
Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылдады, олар: “Бағалы
қағаздар нарығы туралы”, “Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу
туралы” заңдар. 1997 жылдың ортасынан бастап “Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі” Жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық
мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін жүргізу
болды. Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін
арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2001 жылдың
маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Бағалы
қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы тартылып, оның функциялары мен
өкілеттіктері Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.
2003 жылы шілдеде “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Қазақстан Республикасы
заңының қабылдануы қор нарығында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту
қажеттілігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы (2003 жылғы мамырдың 13-і)
қабылданғаннан кейін қаржы нарығының қызмет ететін сферасы болып отырған
бағалы қағаздар нарығының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.
Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы алты жылдай уақытты алды және
қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:
Бастапқы нарық
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) нарығы:
бастапқы орналастыру секторы;
сатып алу-сату секторы;
Корпорациялық облигациялар нарығы;
Акциялар нарығы;
МЕБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы;
Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы;
МБҚ-ны сатып алу-сату секторы;
МБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы
Қайталама нарық:
Қор биржасы
Биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы
Басқадай сауда-саттықты ұйымдастырушы.
Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша
сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын
айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда
бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада
да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция
сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір
қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға
құқық береді.
Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылжыру, жұмсау
және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады.
Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтастыруға мүмкіндік бере
отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық
байлықты басқаруды жеңілдетеді.
Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық
келісімшарттарға негізделеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардыцң иелеріне дивиденттер немесе пайыздар
түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе
өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.
Бағалы қағаздар құжатсыцз және қағазсыз бағалы қағаздар болып
бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны –
қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы
қағаз нарығының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен
эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет
етеді.
Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың
объектісі болып табыладын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар,
фьючерлік өзара шарттар және басқалары).
Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа нарықтарда
ақшалай есеп – қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік
тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және
басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді:
мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуыының
нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік
бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен
міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдарының
борышқорлық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы
институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып
кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен
акциялары қажет етеді.
Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізгі
және туынды болып бөлінеді.
“Бағалы қағаздар нарығы туралы” заңда туынды бағалы қағаздар осы
қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын
бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар,
форвардтар, варранттар, своптар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс
құқықтары және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен
облигациялар жатады.
Сөйтіп, бағалы қағаздар – бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған
құжаттардың үлкен саналуандылығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән ортақ
белгімен оларды тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін оларды ұсынудың
қажеттігімен біріктіріледі.
Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы
бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.
Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға
тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда
аталған адамға тиесілі болады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында айналыста мемлекеттік,
корпорациялық және басқа (фьючерстер, опциондар, варранттар, коносаменттер
және т.б.) бағалы қағаздар жүр.
Бағалы қағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін
акциялар ерекше орын алады.
Акция – акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен
санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам
таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу
құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың
акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады.
Алғашқы екі түр сөздің тура мағынасында акциялар болып табылмайды. Бұл
қызыметкерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз
кәсіпорнының немесе басқа кәсіпорындардың мүлкіне қатысудың өзгеше нысаны.
Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының қызметкерлер арасында
таратылды және оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәліктер болып табылды.
Кәсіпорындардың акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар шығарады. Бұл
акциялар 1988 жылдан бастап басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті
қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің арасында таратыла бастады. Бұл
тәрізді акциялар іс жүзінде облигациялар болып табылады және меншіктің
акционерлік нысанының дамуына қарай акционерлік қоғамдардың акцияларымен
ауыстырылуы мүмкін.
Меншіктің акционерлік нысаны акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару
арқылы өзінің артықшылықтарын білдіреді. Акционерлік қоғам жай акциялар, не
жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда
(электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылады.
Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға
тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы
өкілі арқылы акция куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде
акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу
құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам
таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
Артықшылықты акциялардың меншік иелері – акционерлердің жай акциялардың
меншік иелері акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп,
алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және
қоғам таратылған кезде белгіленген тәртәппен мүліктің бір бөлігіне басым
құқығы бар.
Акциялар атаулы, сондай-ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін. Атаулы
акциялар алыс – берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында
тіркелетін акциялар. Ұсынушыға арналған акция – оны нақтылы иелену оның
иесінің компания акционері ретіндегі заңды құқықтарын қуаттайтын акция
түрі.
Облшигация – ұстаушысына (иесіне) оның белгіленген құнының тіркелген
пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі
қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық
міндеттеме; жалған капитал міндеттемелерінің бірі.
Облигациялардың мынадай түрлері болады:
агенттік облигациялар;
ипотекалық облигациялар;
қамтамасыз етілген облигациялар;
ішкімемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары;
мемлекеттік емес облигациялар;
кәсіпорындардың облигациялары.
Қазынашылық міндеттемелер ерікті негізде халық арасында таратылатын
мемлекеттік бағалы қағаздардың түрі, ол иелерінің ақшаны бюджетке
аударғанын куәландырады және осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде
тіркелген табыс алуына құқық береді.
Боналар – мемлекеттік қазынашылық, муниципалдық органдар, мекемелер,
фирмалар шығаратын және ұстаушылар сатып алу және төлем құралдары ретінде
пайдаланатын борышқорлық міндеттемелер.
Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың инвестарлар үшін
тағы бір тартымды түрі мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық
міндеттемелерді (МЕККАМ) сатып алу-сату операциясы болып табылады, ол
МЕККАМ-ды сатып алу-сату келісімшартымен ресімделеді.
МЕККАМ-ды Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады, мемлекеттік
бағалы қағаздар болып табылады, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанның
бағалы қағаздарының қайталама нарығында еркін айналыста болады.
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕОКАВМ)
Қазақстан Республикасының эмиссиялық мемлекеттік бағалы қағаздары болып
табылады, республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады және бағалы қағаздар
нарығында еркін айналыста болады.
Мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер (МЕИКАМ) мемлекеттік
бағалы қағаздар болып табылады, оларды республикалық бюджеттің ағымдағы
тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі
(эмитент ретінде)шығарады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген
заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында еркін айналыста
болады.
Индекстелген қазынашылық міндеттеменің бастапқы құны 1000 теңге және
олар инвесторлардың арасында аукциондық әдіспен орналастырылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға сондай-ақ МЕОКАМ, МЕАКАМ, НСО, АВМЕКАМ,
МЕКАВМ жатады.
Депозит және банк сертификаттары – жинақ ақшаны тарту үшін тек қана
банктер шығаратын бағалы қағаздар. Бұл айналыстағы бағалы қағаздар болып
табылады, яғни олар бойынша талап құқығын басқа тұлғаларға қайтуы
(шегінуі) мүмкін.

2.2 Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы
Бағалы қағаздардың эмиссиясы – бұл жарғылық капиталды қалыптастыру
немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және
орналастыру.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару – эмиссия – бұл бағалы қағаздарды
олардың бастапқы иелеріне - инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және
азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
1. акционерлік қоғам құрған кезде және акцияларды оның құрылтайшылары
арасында орналастырған кезде;
2. акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық
капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
3. облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен
мемлекет, заңи тұлғалар, жергілікті билік органдары қарыз қаражаттарын
тартқан кезде жүзеге асырылады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар – бұл бір эмиссия шегінде біртекті белгілері
мен реквизиттері болатын, осы эмиссия үшін бірыңғай жағдайлар негізінде
орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар. Олар мемлекеттік
және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан Республикасының
Үкіметі жергілікті атқарушы орган немесе Ұлттық банк болатын қарыз алуға
қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз
болып табылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығы туралы жалпы түсінік
Қаржы нарығының құрылым
Бағалы қағаздар туралы мәлімет
ҚР қаржы нарығының дамуы
Бағалы қағаздар нарығы және ҚР айналымы
Нарық жүйесі туралы
Бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері
Екінші деңгейлі банктердің құнды қағаздар нарығын құрастырудағы және дамытудағы ролі
Нарықтық экономиканың үлгілері
Пәндер