Майлау жүйесі



1,Майлау жүйелері,
2,Майлау жүйесінің түрлері.
3,Майлау және құю қондырғылары
Майлау жүйелері.
Қозғалтқыштың майлау жүйесі қондырғылырдың жиынтығынан тұрады: жағармайды сақтау, оны үйкеліс беттеріне беру, майды ластағыш заттардан тазарту, салқындату, сонымен бірге майлауды және май күйін бақылау қондырғылары. Қозғалтқышты майлау өте жоғары желінудің, қызудың және үйкеліс беттерінің тежелуінің алдын алу үшін, қозғалтқыштың индикаторлық қуатының үйкеліске кететін шығынын азайту, сонымен бірге үйкеліс беттерінен жылуды алу үшін қажет.
Майлау жүйесінің түрлері.
Піспекті қозғалтқыштардың үйкеліс түйіндеріне май берудің тәсілдеріне байланысты майлау жүйесі келесі түрлерге бөлінеді:
1) шашырату арқылы, 2) қысым арқылы және 3) біріккен.
Шашырату арқылы майлау жүйелерінде жылдам айналатын бөлшектермен май өте майда тамшыларға майдаланады (мысалға, иінді білікпен). Осының себебінен картердің бос кеңістігі майдың майда тамшыларымен толады және де олар үйкеліс беттерінің аралығындағы саңылауларға кіреді. Бұл майлаудың түрі қозғалтқыштардың ескі құрылымдарында қолданылған. Қазіргі уақытта ол, едәуір кемшіліктері (май шығынының жоғарылығы, оның жылдам тотығуы, қозғалтқыштың жауапты түйіндерін майлаудың жеткіліксіз сенімділігі) болғандықтан аз қолданылады.
Майлау жүйесінде май картерден үйкеліс беттеріне арналармен сорғы арқылы қысыммен беріліп, одан қайтадан картерге ағып келеді. Сонымен бірге үйкеліс беттеріне майдың қажетті мөлшері беріледі және оның жылдам айналымы қамтамассыз етіледі.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ
ӘБДІРАЗАҚ АЯН

Майлау жүйелері.
Қозғалтқыштың майлау жүйесі қондырғылырдың жиынтығынан тұрады: жағармайды сақтау, оны үйкеліс беттеріне беру, майды ластағыш заттардан тазарту, салқындату, сонымен бірге майлауды және май күйін бақылау қондырғылары. Қозғалтқышты майлау өте жоғары желінудің, қызудың және үйкеліс беттерінің тежелуінің алдын алу үшін, қозғалтқыштың индикаторлық қуатының үйкеліске кететін шығынын азайту, сонымен бірге үйкеліс беттерінен жылуды алу үшін қажет.
Майлау жүйесінің түрлері.
Піспекті қозғалтқыштардың үйкеліс түйіндеріне май берудің тәсілдеріне байланысты майлау жүйесі келесі түрлерге бөлінеді:
1) шашырату арқылы, 2) қысым арқылы және 3) біріккен.
Шашырату арқылы майлау жүйелерінде жылдам айналатын бөлшектермен май өте майда тамшыларға майдаланады (мысалға, иінді білікпен). Осының себебінен картердің бос кеңістігі майдың майда тамшыларымен толады және де олар үйкеліс беттерінің аралығындағы саңылауларға кіреді. Бұл майлаудың түрі қозғалтқыштардың ескі құрылымдарында қолданылған. Қазіргі уақытта ол, едәуір кемшіліктері (май шығынының жоғарылығы, оның жылдам тотығуы, қозғалтқыштың жауапты түйіндерін майлаудың жеткіліксіз сенімділігі) болғандықтан аз қолданылады.
Майлау жүйесінде май картерден үйкеліс беттеріне арналармен сорғы арқылы қысыммен беріліп, одан қайтадан картерге ағып келеді. Сонымен бірге үйкеліс беттеріне майдың қажетті мөлшері беріледі және оның жылдам айналымы қамтамассыз етіледі.
Қазіргі заманғы піспекті қозғалтқыштарда біріккен майлау жүйесі қолданылады: өте жүктемелі беттер (иінді біліктің шатундық және тамырлы мойынтіректері, бөлу білігінің мойынтіректері және т.б.) майды қысыммен беру арқылы майланады, ал басқалары - майдың шашырауымен.
Майға арналған негізгі сиымдылықтың орналасу орнына байланысты:
- ылғал картерлі майлау жүйесі (картер майға толтырылған);
- құрғақ картерлі (майсыз картер) болып бөлінеді.
Көптеген қазіргі заманғы піспекті қозғалтқыштарда ылғал картерлі майлау жүйесі қолданылады.
Жоғары жүрісті қозғалтқыштардың картерінде көбіктенудің күштілігі себебінен құрғақ картерлі жүйе қолданады, себебі май сорғысының көбікті соруы майлауды мүлдем тоқтатады. Құрғақ картерлі майлау жүйесі үлкен биіктіктерден өтуге есептелген көлік құралдарында орналасқан қозғалтқыштарда да қолданады. Қозғалтқыштардың еңкейуінде картерді құрғату үшін картердің алдыңғы және артқы жағына екі сорғыш сорғы қондырылады. Қозғалтқыштың биіктігін азайту және майдың аз шығыны құрғақ картерлі майлау жүйесінің артықшылығы болып табылады, себебі майды шайқаудың керексіздігі және цилиндр қабырғаларына оның артық шамада берілмеуі.

Майлау және май құю қондырғылары
Жалпы мәліметтер мен сыныпталуы
Майлау және май құю операциясы автомобильге тезникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігі болып саналады және бірінші техникалық қызмет көрсетуде 30%, екінші техникалық қызмет көрсету кезінде еңбек шығынының 17% құрайды.
Бұл жұмыс түрінің кешені төмендегідей:
oo автомобиль қозғалтқышының картеріне мотор майын құю;
oo рульдік басқару, артқы белдеме, беріліс қорабының картерлеріне трансмиссиялық май құю;
oo пайдаланылған майларды жинау;
oo қою майлауды қажет ететін тораптарды сыққыш-майсауыттары (пресс-масленка) арқылы майлау;
oo қозғалтқыштың майлау жүйесін тазарту;
oo тежегіш жүйесіне жұмыс сұйықтығын құю;
oo суыту жүйесіне суыту сұйықтығын құю;
oo қысылған ауа даярлау және беру.
Әрбір санамаланған жұмыс түрлеріне өндірісте сәйкес қондырғылардың түрлі модельдері шығарылады. Түрінің көптігіне қарамастан, мұндай қондырғылар құрылымы мен элементтерінің арналуы бірдей болады: қозғалтқыш, сорап, резервуар, бақылаушы, үлестіруші, сақтандырушы аппараттар, шланг, беріліс қондырғылары.
Функциялық белгілеріне қарай майлау және май құю қондырғылары төмендегідей топтарға бөлінеді:

oo қозғалтқыштың майлау жүйесіне май құю қондырғысы;
oo тораптарды сұйық трансмиссиялық маймен майлау қондырғысы;
oo пайдаланылған майларды жинау қондырғысы;
oo тораптарды қою маймен майлау қондырғысы;
oo қысылған ауа даярлау және беруге арналған қондырғы;
oo тежегіштің гидравликалық жетек жүйесіне сұйық құю қондырғылары;
oo қозғалтқыштың суыту жүйесіне май құюға және жууға арналған қондырғылар.
Қондырғы есебінен өсіп отыратын жұмыстық қысым шамасы келесі түрлерге бөлінеді:
oo төменгі қысымды қондырғылар (мотор майлары үшін 0,7 МПа);
oo орташа қысымды қондырғылар (трансмиссиялық майлар үшін 0,7...2,5 МПа);
oo жоғары қысымды қондырғылар (қою майлау үшін 15...40 МПа).
Майлау және май құю қондырғылары орнықты, ауыспалы және жылжымалы болады.
Майлау және май құю қондырғыларындағы жетек түрлері келесідей болады: қолдық, электрлік, гидравликалық, пневматикалық.
Механикалық жетекті қондырғыларда пайда болатын қысы шамасына байланысты плунжерлі және тегершекті сораптар қолданылады.
Қолдық жетек шағы, жылжымалы қондырғыларда қолданылады және қалақшалы білік жетегімен жалғастырылған піспекті және плунжерлі сораптардан тұратын рычагты жүйе болып саналады.
Майлау және май құю қондырғыларының құрылымдық ерекшеліктері.
Майтаратушы қондырғы бірмезгілде беру мен берілген майдың жалпы көлемін өлшейтін, автомобиль қозғалтқышына май құюға арналған. Жылжу дәрежесіне қарай қондырғылары орнықты және жылжымалы; жетек түріне қарай қолдық және электрлік; құйылатын май көлемін өлшеу тәсіліне қарай көлемдік және лездік болып бөлінеді.
Электрлі жетекті, орнықты май тарату қондырғысы кеңінен таралған және оның принциптік сүлбесі 9.1-суретте келтірілген.
Қондырғы 2 бөліктен тұрады: май таратушы баған І және резервуарлы сораптық қондырғы ІІ. Майтаратушы баған мен сораптық қондырғы жылытылатын бөлемеде орнықты (стационарлы) орнатылады және 80С төмен емес температурада жұмыс жасайды.
9.1-сурет. Май таратушы қондырғының принциптік сүлбесі:
- май таратушы баған; -- резервуарлы соаптық қондырғы; 1- шала-шарпы тазарту сүзгісі; 2 -- тегершекті сорап; З -- электроқозғалтқыш;4-пневмо-гидравли калық аккумулятор; 5 -- манометр; 6 -- қозғалтқышты автоматты өшіргіш (қысым релесі); 7 -- сақтандырғыш клапан; 8 -- мұқият тазарту сүзгісі; 9 -- қайтармалы клапан; 10 -- құбыр желісі; 11 -- май санауыш; 12 -- санаушы механизм; 13 -- таратушы жең; 14 -- таратушы кран.
Май таратушы баған тұрқыдан, май санауыштан 11 санаушы механизмінен 12 және жеңі бар 13 таратушы краннан 14 тұрады. Май санауышқа құбыржелі арқылы беріледі 10 оның соңына сораптық қондырғыны санағыштан бөліп тұратын шұра орнатылады.
Сораптық қондырғы электрқозғалтқыштан жетек алатын тегершекті сорап 2; пневмогидравликалық аккумулятордан 4; мұқият тазалау сүзгісінен 8 ; манометрі 5 бар қозғалтқышты автоматты ажыратқыш; қайтарма 9 және сақтандырғыш 7 клапандардан тұрады. Тұтас агрегат шойын тақтайшаға орнатылады. Сорушы құбыржелісіне шала-шарпы тазартатын торлы сүзгі мен сорушы клапан орнатылады.
Ыдыстан алынған май қысымының тұрақтылығы мен баған жұмысының біркелкі болуын қамтамасыз ететін пневмогидравликалық аккумуляторға беріледі. Құбыр желілермен пневмогидравликалық аккумулятор сорапты қондырғы жұмысы кезінде қозғалтқышты басқаруға арналған автоматты өшіргішпен жалғанған. Сорапты қондырғының автоматты түрде қосылуы мен ажырауы таратушы пистолеттің тұтқасын басу немесе босату арқылы іске асады.
Қоюланған майды айдауыштар автомобильдің үйкелуші тораптарына прес-майсауыт арқылы қою майды енгізуге арналған. Негізгі ерекшелігі 20...40МПа аралығында өсіп отыратынқысымды плунжерлі сорапты қолдану болып табылады. Сорап жетегі қолдық, электромеханикалық, пневматикалық болуы мүмкін.
Электромеханикалық жетекті май итергіш төртдоңғалақты платформаға орнатылған (9.2 - сурет).
9.2-сурет. Электромеханикалық жетекті майлау итергішінің сүлбесі: 1 -- бұрамалы білік; 2 -- бункер; 3 -- қопсытқы; 4 -- торлы сүзгі; 5 -- жоғары қысымды сорап жетегінің мойынтірегі; 6 -- жоғары қысымды сораптың плунжерлі жұбы; 7 -- қысым релесі; 8 -- электроқозғалтқыш;9 -- цилиндрлі редуктор
Платформаға бункер және максималды қысымы 40 МПа болатын плунжерлі сорап қойылған.
Май қопсытқы 3 мен шнек көмегімен бункерден 2 торлы сүзгі арқылы жоғары қысымды сораптың 6 плунжерлі жұбына беріледі. Сораптың білігіне өзінің сыртқы жиектерімен плунжер ұшына (торец) тірелетін мойынтірек орналасқан. Қопсытқының бұрама білігі мен плунжер жетегінің мойынтірегі 5 айналымды редуктор 9 арқылы электроқозғалтқыштан 8 алады.
Сақтандырғыш клапан 7 қысым 25 МПа асқанда автоматты түрде қозғалтқышты өшіруге және қысым 25 МПа төмендегенде қайтадан іске қосылуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған майды жинау қондырғысы
Автомобиль агрегаттарындағы пайдаланылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майлау жүйесінің құрылысы
Майлау жүйесінің құрылымы
Қозғалтқыш картерінің вентиляциясы
Автомобильдің майлау және май құю қондырғылары
Майлау жүйесінің құрлысы
Майлау жүйелерінің ақаулары мен оны жөндеу тәсілдері
Автомобиль және оны пайдалану, жөндеу
Тракторлар мен автомомильдер
Цилиндрді майлау майы
Атырау облысындағы мұнай айдау стансасын қайта жаңғырту
Пәндер