Жергілікті диалектілер



Жоспар:

І Кіріспе
1.1 Негізгі диалектілік ерекшеліктер
ІІ Негізгі бөлім
2.1Диалектілік, говорлық ерекшеліктер
2.2Жергілікті диалектілер
2.3Жергілікті диалектілердің қалыптасуы
2.4Әдеби тілдегі немесе жергілікті халық тіліндегі диалектілер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жергілікті тілдік ерекшеліктер-жалпы халықтық тіліміздің бір аймаққа тән тілдік көрінісі. Ол аймақтың тілдік материалы жалпы халықтық тіл арнасымен жалғасып жатады да, кейбір лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктері жағынан одан ажырап тұрады. Өзінің сөздердің таралу шегін картаға түсіру шегарасы бар нақтылы территорияда өмір сүріп жатқан тілдік ерекшеліктер ру-тайпалық тілдің қалдықтарынан сол жердің халқының шаруашылық кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздерінен, қонысы, тұрмыс тіршілігі жағынан жақын көрші отырған елдер тілінің әсерінен кейбір грамматикалық формалар арқылы семантикалық өзгеріске түскен жергілікті тілге ғана қатысты сөздер мен формалардан құралады.
Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын территориясы, тілдік материалының көлеміне қарай лингвистикада диалект, сөйленіс терминдері қолданылады. Диалект-жалры халықтық сипаты жоқ белгілі бір жерде ғана қолданылатын тілдік ерекшеліктері бар территория. Ал сөйленістің қамтитын аясы-шағын. Бірнеше сөйленіс бір диалектінің құрамына енуі мүмкін.
Диалект, сөйленісті зерттейтін тіл білімінің саласы диалектология деп аталады.
Тіл білімінің диалектілер мен говарларды зерттейтін саласы – диалектология (диалектос – сөйлеу, говар, логос – ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді зерттейді.
Диалект - деген термин тілдегі жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.
Говор – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы мүмкін.Оның қанша аймаққа таралуы говорлардың қалыптасу тарихына, ондағы нақты жағдайларға байланысты. Негізгі тілдік белгілері бірыңғай говорлар ғана диалект ұғымын тудырады. Бір диалектінің ішіне оның басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгі ерекшеліктерін және өздеріне ғана тән неғұрлым ұсақ ерекшеліктерін сақтай отырып , бірнеше говор енуі мүмкін.
Шынында, диалект, говор деген терминдер бірінен-бірі сонша алыс кеткен ұғымдар емес.Бәріне де жергілікті тіл ерекшеліктері негіз болады.
Жергілікті диалектілердің зерттеле бастауы 19 ғ.2- жартысында Германия, Франция, Италия сияқты елдерде кеңінен дамыған. Диалектологияның жеке сала ретінде қалыптасуына орыс ғалымдарыда көп еңбек сіңірген. Зерттеу нысанының саралануына және сипатына қарай диалектология –сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның міндеті- тілдегі диалектілер мен сөйленістердің дыбыстық, грамматикалықжәне лексикалық құрылысын сипаттау, сол жайында жүйелі түсінік беру. Тарихи диалек. Міндеті- тілдегі диалектілер мен сөйленістердің диалектілік ерекшеліктердің пайда болу сырын, тарихын зерттеу.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. “Қазақ диалектологиясы” А. 1967. 5-9 беттер.
2.Н. Жүнісов. “Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері” А. 1981ж.
3.Ғ. Қалиев. “Қазақ говорларындағы диалектік сөз тудыру” А. 1985ж.
4.А. Әбілқаев. Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз. А. 1956ж.
5.А. Байтұрсынов. Тіл тағылымы. А. 1993 ж
6.Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. А. 1969ж
7.Ә. Нұрмахамбетов. Қазақ говорларының грамматикасы. А. 1986
8.Ө.Нақысбеков. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. –А., 1982

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І Кіріспе
1.1 Негізгі диалектілік ерекшеліктер
ІІ Негізгі бөлім
2.1Диалектілік, говорлық ерекшеліктер
2.2Жергілікті диалектілер
2.3Жергілікті диалектілердің қалыптасуы
2.4Әдеби тілдегі немесе жергілікті халық тіліндегі диалектілер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жергілікті тілдік ерекшеліктер-жалпы халықтық тіліміздің бір аймаққа тән
тілдік көрінісі. Ол аймақтың тілдік материалы жалпы халықтық тіл арнасымен
жалғасып жатады да, кейбір лексикалық, фонетикалық, грамматикалық
ерекшеліктері жағынан одан ажырап тұрады. Өзінің сөздердің таралу шегін
картаға түсіру шегарасы бар нақтылы территорияда өмір сүріп жатқан тілдік
ерекшеліктер ру-тайпалық тілдің қалдықтарынан сол жердің халқының
шаруашылық кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздерінен, қонысы, тұрмыс
тіршілігі жағынан жақын көрші отырған елдер тілінің әсерінен кейбір
грамматикалық формалар арқылы семантикалық өзгеріске түскен жергілікті
тілге ғана қатысты сөздер мен формалардан құралады.
Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын территориясы, тілдік материалының
көлеміне қарай лингвистикада диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Диалект-жалры халықтық сипаты жоқ белгілі бір жерде ғана қолданылатын
тілдік ерекшеліктері бар территория. Ал сөйленістің қамтитын аясы-шағын.
Бірнеше сөйленіс бір диалектінің құрамына енуі мүмкін.
Диалект, сөйленісті зерттейтін тіл білімінің саласы диалектология деп
аталады. 
Тіл білімінің диалектілер мен говарларды зерттейтін саласы – диалектология
(диалектос – сөйлеу, говар, логос – ілім деген грек сөздерінен құралған)
деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін
тексеру. Қазақ диалектологиясы қазақ тіліндегі говорлар мен диалектілерді
зерттейді.
Диалект - деген термин тілдегі жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір
жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік
ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада
диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.
Говор – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен,
Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор
бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді ғана қамтуы мүмкін.Оның
қанша аймаққа таралуы говорлардың қалыптасу тарихына, ондағы нақты
жағдайларға байланысты. Негізгі тілдік белгілері бірыңғай говорлар ғана
диалект ұғымын тудырады. Бір диалектінің ішіне оның басқа диалектілерден
айырмасын көрсететін негізгі ерекшеліктерін және өздеріне ғана тән неғұрлым
ұсақ ерекшеліктерін сақтай отырып , бірнеше говор енуі мүмкін.
Шынында, диалект, говор деген терминдер бірінен-бірі сонша алыс кеткен
ұғымдар емес.Бәріне де жергілікті тіл ерекшеліктері негіз болады.
Жергілікті диалектілердің зерттеле бастауы 19 ғ.2- жартысында Германия,
Франция, Италия сияқты елдерде кеңінен дамыған. Диалектологияның жеке сала
ретінде қалыптасуына орыс ғалымдарыда көп еңбек сіңірген. Зерттеу нысанының
саралануына және сипатына қарай диалектология –сипаттама диалектология және
тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның
міндеті- тілдегі диалектілер мен сөйленістердің дыбыстық, грамматикалықжәне
лексикалық құрылысын сипаттау, сол жайында жүйелі түсінік беру. Тарихи
диалек. Міндеті- тілдегі диалектілер мен сөйленістердің диалектілік
ерекшеліктердің пайда болу сырын, тарихын зерттеу.
Қазақ тіліндегі диалектілерді , сөйленістерді топтауда әр түрлі пікірлер
болып келеді.С. Аманжолов оңтүстік, батыс, солтүстік-шығыс сияқты үш
диалект бар деген қорытынды жасады.Ж. Досқараев болса қазақ тілінде екі
үлкен сөйленістер тобы бар деп көрсетті.Қазір қазақ тілінде төрт түрлі
сөйленістер тобы айқын көріне бастады.1. оңтүстік, 2. батыс, 3. шығыс, және
4. орталық-солтүстік.
С. Аманжолов қазақ әдеби тілілінің негізі солтүстік-шығыс диалектісі болды
деген пікір айтқаны белгілі. Ол бір еңбегінде: Әдеби тіліміздің жасалуы
үшін оңтүстік, батыс диалектілері негіз болған жоқ, бұлардың байлығы соңғы
кезде ғана халық шаруасының бірлесіп өркендеуі арқасында ғана көрініп отыр
десе тағы бір еңбегінде Қазақтың үш жүзінен шыққан ақын-жазушылар біріне-
бірі қайшы тілде, бірнеше бөлек диалектіде жазып, әр қайсысы өз
беттерімен,өз білгендерімен шығармаларын таратуға тырысты дей келіп,
Қазаргі қазақ әдеби тілге солтүстік-шығыс қазақтарының тілі негіз болды-
деген пікір түйді.Бұл пікірді ғылыми тұрғыдан дәлелді пікір дей алмаймыз.
Белгілі бір халыққа, бір ұлтқа жаппай түсінікті әдеби тіл нормасынан
(сондай-ақ тілдегі басқа диалектілерден) өзгеше ерекшеліктері болса ғана
диалект бола алады. Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз, яғни зат атауы
диалектіде басқаша айтылуы мүмкін, мысалы , әдеби тілдегідей зардабы,
салдары деудің орнына жергілікті жерде зарпы, тегі, заты деудің
орнына сойы , талаушы – шабаған, беймаза- бейана, кебек-  буыз, үнемі-
бойлай, әрең-шаққа, табалдырық-тебе лдірік, есік ілгегі- тепкі, шұлғау-
байтаба, болып айтылады. Тіпті әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті
халық тілінде әлденеше варианты кездеседі: сіріңке-кеуірт, күкірт, шырпы,
шағар, ши, оттық, шақпақ; шылапшын-леген, жам, кірлен, шылаушын, тас; кесе-
самал, пиялай, кәсе, тас аяқ, шыны аяқ, ақпыр, ақпар, кардон,жанан; күрке-
 балағаш, балаған, шайла, шабра, кепе, аткүрке, алтаяқ, қопын, лапас,
жаппа; известь-әк, ақтас, нотас, утас, ақкеріш т.б. Бұл сияқты лексикалық
өзгешеліктер жеке сөздердің мағыналарында да кездеседі. Әдеби тілді де,
диалектіде де кейде сөздердің айтылуы бірдей болады да, мағыналарында әр
түрлі болып келеді, мысалы, көрім деген сөз бір жерде жақсы деген мағынада,
бір жерде жаман деген мағынада қолданылады. Сол сияқтытам деген
сөз үй және мола деген мағынада әр жерде әр түрлі ұғынылады. Тәте бір
жерде әке, бір жерде аға, кейде апа, әпке, мағынасында қолданылады.Тәртіп-
қаулы, бұрыштама, нұсқау, бұйрық мағыналарында айтыла береді.

Диалектологияның бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты. Тілдегі
жергілікті ерекшеліктерді алдымен әбден анықтап, танып, түсініп алмайынша,
көлемін белгілемінше , тарихи диалектологияны жасау мүмкін емес. Совет тіл
білімінде жергілікті тіл ерекшеліктерін жинауға , зерттеп білуге зор мән
беріледі. Соның нәтижесінде қазіргі кезде біздің еліміздегі тілдердің қай-
қайсысында да сипаттама диалектологияның негізі салынды. Ал тарихи
диалектологияның жайы басқаша.
Тілдің диалектілерге бөлінетіндігі ертеден-ақ белгілі. Тіпті көне
замандардағы грамматикаларда вульгаризм (тұрпайы сөздер), провинциализм
(аймақтық, областық тіл ерекшеліктері) сияқты терминдердің кездесуі-
диалектілік ерекшеліктерді білгендіктен шыққан. Бірақ ХІХ ғасырға дейін
диалектілік ерекшелік тілдегі “қате сөйлену”, дұрыс сөздің “бұрмалануы”
сияқты болып көрініп келеді. ХІХ ғасырдың бас кезінде Батыс Европада,
Россияда халық мәдениетіне, энтографияға, фольклорға, сол сияқты тілге де
ерекше назар аударыла бастады. Содан былай энтография мен фольклордан әлі
толық жіктеле қоймаған диалектология жеке сала ретінде дами бастады. 
Диалектілік, говорлық ерекшеліктер сөздердің дыбысталуында да кездеседі,
мысалы: е мен і (ерегес-ерегіс), а  мен ә (қатты-кәтті,қайтып-
кәйтіп), о мен ұ(құлдану-қолдану),  ө мен ү (дөнен-дүнен), б мен п (бол ат-
полат,бейнет-пейнет) дыбыстары алмасып айтылады. Сол сияқты, грамматикалық
құрылыста да кездеседі. Мысалы, көмектес септік жалғауы –мен- мынан, -
ман түрінде, жіктеу есімдігі І жағының көпше түрлік жалғауы
қосылғанда бізің түрінде айтылады. Осындай ерекшіліктер сөз тіркестерінде
де кездеседі, мысалы, жалпыға белгілі кепілде жүру деген тіркес аяқ үстінде
жүру, күдер үзу- баз кешу, көрсе қызар –көрсе басар, құлып салу, құлыптау
– құлып ұру, уайым жеу – пұшайман жеу, жарыс сөз – талқы сөз, тосыннан
тосын – торсадан-торса, басы қату – тату болу т.б. түрінде айтылады.
Жергілікті халық тілінде кейде бір сөздің қатысуымен жасалған сөздер мен
сөз тіркестері кездеседі. Мысалы, тас сөзімен тіркесу арқылы; тас
құман (шәйнек), тасөкпе (ешкінің өкпе ауруы), тас аяқ (кесе, шыны аяқ), тас
құдық (таяз құдық), тас қорық (қорықтық), тасқабақ (қабағы қатты
асқабақ), тас кепіл (берік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диалектологияның зерттелуі
Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері
Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері
Тілімізде қазақ диалектологиясының тарихы
Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері жайлы
Диалектологиялық іс-тәжірибе есебі
Жергілікті диалектілер және оларды зерттеудің маңызы
«Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары)»
Ағылшын тілінің қалыптасу тарихы
Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл
Пәндер