Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі ерекшеліктері мен түрлері



Мазмұны

Кіріспе 3

І.бөлім. Тауар шаруашылығының пайда болу түрлері.
1.1. Натуралды шаруашылыққа сипаттама. 4
1.2. Тауар шаруашылығының пайда болуы, шарты. 6
1.3. Тауар шаруашылығының негізгі белгілері, модельдері. 8
1.4. Жай және капиталистік тауар өндірісінің айырмашылығы 11
мен ортақ белгілері.

ІІ.бөлім. Тауар . тауар өндірісінің негізгі элементі ретінде.
2.1. Тауар туралы теориялар. 14
2.2. Тауар мәні және оның қасиеттері. 16
2.3. Тауарға сіңген еңбекгің екіжақтылығы. 19
2.4 Тауар құнының мөлшері. 21

Қорытынды. 23

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 24
Кіріспе

Осы курстық тақырыбы «Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі ерекшеліктері мен түрлері»
Тауар –назар аудару, иелену, пайдалану және тұтыну үшін нарыққа шығанған мұқтаждық пен тұтынысты қанағаттандыруға арналған барлық ұсыныстарды айтамыз.
Осы курстық жұмысымның басты мақсаты тауардың мәні мен түрлерге бөлінуін, сипаттау, сол сияқты негізгі ғалымдар еңбекгі мен теорияларын терең ашып беру мен көрсету болып табылады.
Бұл курстық жұмыста негізінен сипатталады: І-бөлімде “Тауар шаруашылығының пайда болу түрлері”. Бұнда натуралды тауар шаруашылығы мен тауар шаруашылығын пайда болуына, сонымен қатар жай және капиталистік тауар өндірісінің негізгі айырмашылықтарымен ортақ белгілері баяндалады. Оқи келе тауардың типтері мен моделдерінің мәнінің толықтай ашылып,анық сипатталғанын көресіз.
ІІ -бөлімде, Тауар –тауар өндірісінің негізгі элементі ретінде. Осы бөлім тауардың қасиеттерін, тауар туралы еңбек жазуда өз үлестерін қосқан К.Маркс пен Менгер тағы да басқа ғалымдардың еңбектерінен көреміз. Тауарға сіңген еңбектің екіжақтылығын, құн мөлшері туралы мағлұматтар баяндалады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Әубакиров Я.Э. “Экономикалық теория” Алматы 1999
2. Бердалиев К.Б. “Основы управления экономикой Казахстана”
Алматы 2000
3. Доскалиев С.Ә. «Экономика ілімдерінің тарихы» Алматы 2003
4. Кенжегузин М.Б. “Реформирования экономики Казахстана проблемы и их решение ” Алматы 1997
5. Қожамқұлов Т. “Саяси экономия негіздері” оқулық Алматы “Қайнар” 1991
6. Котлер Ф. “Маркетинг негіздері” Москва 1995 І-бөлімі 28-29 бет
7. Маконилл К.Р., Брюс Л. “Экономика. Принципы, проблемы и политика” М.Республика 1992
8. Нурпейісов Ж.Қ. “Экономикалық теория негіздері” Алматы 2000
9. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2002
10. Шеденов Ө.Қ. “ЖЭалпы экономикалық теория” Алматы-Ақтөбе 2002

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Тақырыбы: “Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі ерекшеліктері
мен түрлері ”

Орындаған:
Тексерген:

Мазмұны

Кіріспе
3
І-бөлім. Тауар шаруашылығының пайда болу түрлері.
1.1. Натуралды шаруашылыққа сипаттама.
4
1.2. Тауар шаруашылығының пайда болуы, шарты.
6
1.3. Тауар шаруашылығының негізгі белгілері, модельдері.
8
1.4. Жай және капиталистік тауар өндірісінің айырмашылығы
11
мен ортақ белгілері.

ІІ-бөлім. Тауар – тауар өндірісінің негізгі элементі ретінде.
2.1. Тауар туралы теориялар.
14
2.2. Тауар мәні және оның қасиеттері.
16
2.3. Тауарға сіңген еңбекгің екіжақтылығы.
19
2.4 Тауар құнының мөлшері.
21
Қорытынды.
23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
24

Кіріспе

Осы курстық тақырыбы Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі
ерекшеліктері мен түрлері

Тауар –назар аудару, иелену, пайдалану және тұтыну үшін нарыққа
шығанған мұқтаждық пен тұтынысты қанағаттандыруға арналған барлық
ұсыныстарды айтамыз.

Осы курстық жұмысымның басты мақсаты тауардың мәні мен түрлерге
бөлінуін, сипаттау, сол сияқты негізгі ғалымдар еңбекгі мен теорияларын
терең ашып беру мен көрсету болып табылады.

Бұл курстық жұмыста негізінен сипатталады: І-бөлімде “Тауар
шаруашылығының пайда болу түрлері”. Бұнда натуралды тауар шаруашылығы мен
тауар шаруашылығын пайда болуына, сонымен қатар жай және капиталистік
тауар өндірісінің негізгі айырмашылықтарымен ортақ белгілері баяндалады.
Оқи келе тауардың типтері мен моделдерінің мәнінің толықтай ашылып,анық
сипатталғанын көресіз.

ІІ -бөлімде, Тауар –тауар өндірісінің негізгі элементі ретінде.
Осы бөлім тауардың қасиеттерін, тауар туралы еңбек жазуда өз үлестерін
қосқан К.Маркс пен Менгер тағы да басқа ғалымдардың еңбектерінен көреміз.
Тауарға сіңген еңбектің екіжақтылығын, құн мөлшері туралы мағлұматтар
баяндалады.

І-бөлім. Тауар шаруашылығының пайда болуы түрлері.

1.1. Натуралды шаруашылыққа сипаттама.

Натуралды шаруашылыққа қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең
ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал-
сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға
мүмкіндік береді.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және
феодалдық өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың
ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айналады. Бұл мал
шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің
өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына келеді. Өз кезегінде
бұл олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің
дамуына түрткі болды. Кейініректе қол өнерінің егіншіліктен бөлінуі және
сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына
жағдай жасады.

Натуралды шаруашылықтың өнімі өндірушінің жеке қажеттіліктерін
қанағаттандыруға арналады. Мұндай шаруашылықты томаға тұйық, өнімді өз
қажеттеріне ғана жұмсаған алғашқы қауымда және феодалдық қоғамда үстем
болды. Қазіргі заманғы ауыл-село тұрғындарының қосалқы шаруашылықтары да
жартылай натуралды өндіріске жатады.

Натуралды шаруашылық тұйық және жеке шаруа төңірегінде
шоғырланады да, басқалармен қоғамдық байланысы шамалы болады. Жұмыскерлер
мұндай шаруашылыққа жіпсіз байланып, соның төңірегінен асып кете алмайды.
Еңбек олардың тар шеңберінде ғана қоғамдық сипат алады, сондықтан
өндірістің кері тартпалықтары көрінеді.

Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түрі қазіргі жағдайда да орын
алуда. Мысалы, бақшалардың натуралды шаруашылығы өнімді тек өз үүшін
өндіру, егер өнімнің бір бөлігін сату үшін бағыттаса, онда ол қсақ тауар
өндірісіне айналады.

Натуралды шаруашылық өндірісі, өндірушіоер шығарған өнімін
рынокқа сату үшін емес, өздерінің мұқтаж қажетін өтеу үшін ұйымдастырған
өндірісті натуралды шаруашылық деп атаймыз. Осындай шщаруашылық формасы
алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдістерінде басым
болды. Осы күнге дейін эканомикасы әлсіз сондай-ақ жоғары дамыған кейбір
елдерде сөз болып отырған шаруашылықтың қалдықтары да әлі күнге дейін
жалғасуда.

1.2. Тауар шаруашылығының пайда болу шарты.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық
қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік
алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.
Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына
байланысты болады.
Тауарлы өндіріс натуралды шаруашылықтың даму арқасында дүниеге келді.
Негізінен тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және
шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірімен оқшаулануы. Тауар
айырбасы қауымдар арасында кездейсоқ кездескен жерлерде пайда болып, кейін
әдетке айналады. Тауарлы өндіріс жағдайларында адамдар арасындағы “таза”
қатынастар еңбектерінің нәтелерін айырбастау түрінде көрінеді.Бұл ерекше
бір қатынастар, әрбір жеке еңбекті қоғам тарапынан жанама жолмен жонудың
түрі.Ол өнім өндіруге жұмсалған еңбекті айырбас өрісінде өлшеу тәсілі.
Тауарлы өндірісі алдымен қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеу арқылы дүниеге
келді. Жекелеген өнімдерді өндіруге мамандану өндірушілер арасында
өнімдерін айырбастауды қажет етсе, өндірісті мамандыру еңбек өнімділігін
арттыруға жағдай жасайды.
Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы
өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды.
Тауарлы қатынастардың әлеуметтік-экономикалық негіздеріне
тоқталайық. Олардың ең бастысы – қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Әрбір өндіруші қоғамға қажетті өнімдердің белгілі бір түрлерін өндіруге
мамандалады да, соның арқасында еңбек өнімділігін артып,молырақ табысқа ие
болады. Еңбекші негізі – жеке меншікке байланысты өндірушілердің бір-
бірінен оқшаулануы және өндірген өнімдерін еркімен өз қажеттеріне пайдалана
алу осы жағдайлар тауарлы өндірісті қажет етеді және оған негіз болады.
Сөйтіп, еңбектің нәтижесі тауарға айналады да, қоғамдық өндіріс тауарлы
өндіріс түріне көшеді.
Тауар айырбасы рынок арқылы болатын жеке өндірушілердің арасындағы
байланысты көрсетеді. Тауарайырбасы биологиялық құбылысқа жатпайды,
экономикалық процесс. Олай болса оның түпкі тамырын адам табиғатынан
инстинктімен емес, олардың өмірінің экономикалық жағдайынан іздеген жөн.
Тауар өндірісі деп өнімді оқшауланған, жеке өндірушілер өндіретін,
оның үстіне олардың әрқайсысы қайсібір өнімді өндіруге маманданатын,
сөйтіп, қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін өнімді рынокта сату
және сатып алу қажет болатын қоғамдық шаруашылықтың ұйымдасуын айтады.
Тауар өндірісін құрайтын және қалыптастыратын экономикалық
жағдайлар алуан түрлі.Негізгілері: қоғамдық еңбек бөлінісі және осы екі
жағдайдың бірдей болуы. Мәселе, қоғамдық еңбек бөлінісінің орын алуы
жеткіліксіз. К.Маркс ертедегі Индияда қоғамдық еңбек бөлінісі жақсы
дәрежеде орын алған қауымныңбір түрі.Онда еңбек бөлінісінің іріленген 9
түрі болған. Өнімдер сауда – саттықсыз қауым мүшелеріне тегін бөлініп ортақ
меншікке болған. Кейініректе өндірілген өнім, құрал ө жабдықтар нақтылы
біреудің жеке меншігіне айналғанда жағдай мүлдем өзгерген. Енді ешкім бір-
біріне ештеңені тегін бермеген. Мүлік иелерінен тегін беруді талап ету
мүмкін болмаған. Өйткені, әрнәрсе әркімнің жеке меншігіне өтті ғой. Бұлар
бір-бірінің ризашылығымен өздерінің қажеттерін қанағаттандыру
мақсатындатауар аиырбас қатынасына түседі.Сөйтіп, өндіріс құралдарына жеке
меншік тауар өндірісін біржолата қалыптастырады және даму процесін
жеңілдетеді.

1.3. Тауар шаруашылығының негізгі белгілері, модельдері.
Әр рынок үлгісіне тауарлы өндірісінің ерекше моделі сәйкес келеді:
1. Дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;
2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі;
3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;
4. деформацияланғанрыноктың тауарлы өндірісі;
1. Дамымаған рыноктың тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) қоғамдық еңбек
бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуы, тауар
өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезенде
шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғана рынокқа шығарылады.
Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.
2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі (рыноктық экономика) түбегейлі жаңа
белгіге ие болды. Ол жалпы ортақ сипат алады, яғни ол келесі
құбылыстарды білдіреді:
а) Адамның жұмыс күші тауарға айпалады және өндірушінің өз еңбнегінің
орнына жолдамалы еңбек келеді;
б) Қоғамдық өмірдің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рынок арқылы
сатуға арналады.
Бұл кезеңдері тауарлы өндіріс еркін бәсекенің болуымен
сипатталғандықтан, оны әлі күнге дейін еркін бәсеке дәуірінің капитализмі
немесе “еркін экономика” деп атайды. Мемлекеттің шаруашылық өміріне тіпті
толық араласпауы оны “таза” –Laisser faire, яғни “қалай жүрсе солай
жүрсін” дегенді білдіреді.
Іс-әрекетті үйлестіру мақсатында барлық жерде рынок пен баға
жүйелерін қолдану бұл тауарлы өндірісті рыноктық экономика деп атауға
негіз болды. Рыноктық экономика машиналы өндіріс сатысында қалыптасты.
3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндіріс экономикада мемлекеттік және жеке
сектордың болуымен сипатталынады.
Бұл екеуінің елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіру,
бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлестері жоғары. Мемлекет белсенді түрде
рыноктың экономикаға араласқанымен, рыноктың реттеуші ролі-“көрінбейтін
қолды” жоққа шығарылмайды.Реттелетін рынок экономиканың монополияландыру,
яғни үкімет алдында монополияны шектеу мәселесі пайда болатын кезде
қалыптасаты. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық
және қаржылық формалары жатады.
Реттелетін рыноктың тауарлы шаруашылықтың бірнеше моделдері бар:
а) Әлеуметтік рыноктық шаруашылық
б) Аралас экономика
в) Корпоративтік экономика
Олар, ең алдымен мемлекеттік бағдарламалардың мақсатын бағытталуымен
ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықтағы басты міндет- азаматтар мүддесін
қорғау. Біріншісі- көбінесе Германияға, екіншісі- АҚШ-қа, үшінші модель-
Жапония мен Швецияға тән.
4. Деформацияланған рыноктың тауар өндірісі әміршіл-әкімшіл э
кономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісін, дамыған
машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық
қатынастарды басып тастауды білдіреді.
Бұл экономиканың екі моделі бар: жопарлы-директивалық жүйе шаруашылық
қызметін ресурстарды таратуда қалай болса, баға тағайындауда да сондай
орталықтандыруға негізделген.
Нормативті модель – тауар өндірушілердің дербестігіне рұқсат береді: әр
кәсіпорынның орындау міндеті жоспар директива, нормативтер, бағдарламалар
және анағұрылым бәсең жоспарлаумен алмастырылады.
Қазақстан экономикасын реформалау әміршіл - әкімшіл жүйеден
рыноқтық әдістерге өтуді білдіреді.
Рыноктық экономика (АҚШ) рынокқа ықпал етудің қаржы жүйесінің
монетариялық құралдары тән.

Әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикада белсенді салықтық-
бюджеттік саясат жүргізумен байланысты әдістер басым.
Мемлекет тарапынан ұлттық экономикаға үлкен қолдау жасайтын және
тиімді пайда болу процетерін жүргізетін әлеуметтік бағдарланған
экономиканың анағұрылым ұнамдырақ екені айқын. Тауарлы өндірістің даму
кезендеріне жасалған қысқаша шолу тауарлы өндіріс пен рыноқтық экономика
арасында абсалютті теңдіктің жоқ екендігі жөнінде қорытынды жасауға
мүмкіндік береді. Алайда, тауарлы шаруашылық рыноктық шаруашылықтан бұрын
пайда болды және әрекет етіп келді. Мұнан өзге тауар ақша қатынастары
әкімшіл-әміршілдік жүйеде де орын алған. Сондықтан,”тауарлы өндіріс”
ұғымының “рыноктық экономикаға” қарағанда анағұрылым кең екендігі мойындау
қажет.

1.4. Жай және капиталистік тауар өндірісінің айырмашылығы мен ортақ
белгілері.
Тауар өндірісінің екі түрі бар: Жай (дамымаған) және
капиталистік.Олар бір типті, себебі олардың негізінде өндіріс құрал-
жабдығына деген меншік жатады және ол екеуіде өнімді сату үшін өндіреді.
Соған қарамастан олардың өз арасында принципті айырмашылық бар. Жай тауар
өндірісінде өнім тауар өндірушінің өзіндік еңбегімен жасалады. Мұнда жұмыс
күшін жалдау жоқ.Жай тауар өндірісі капитализмнің күре тамыры және даму
тірегі,қозғаушы күші. Айта келе, ұсақ өндіріс капитализм мен буржуазияны
үнемі, күн сайын, сағат сайын, стихиялы түрде және кең көлемде туғызып
отырады.
Капиталистік тауар өндірісінде өнімді өндіріс құрал-жабдығы жоқ
жалдамалы жұмысшы жасайды.
Капитализмге дейінгі өндіріс тәсілдерінде тауарлы қатынастар
натуралды шаруашылық, бағынышты қызмет атқарады. Томаға- тұйық өндіріс
ұяларының арасында байланыстар орнатып, тауарлы қатынастар өндірісінің
одан әрі дамуына мүмкіндіктер әкелді. Тауар- ақша қатынастарын феодфалдық
қоғамның ыдырауына, оның капитализмнің өмірге келуіне себепші болды.
Капиталистік өндіріс жағдайында тауарлы қатынастар қоғамдық өндірістің
барлық өрістері мен қызметтеріне кең тарайды да, тауардың өзі капиталистік
қоғамның негізгі клеткасына айналды.
Натуралды шаруашылықтың жай тауар, ал оның капиталистік тауарлы
шаруашылыққа ауысуы тарихи мерзімді қамтыған,аса күрделі процесс. Жай
тауар шаруашылығының капиталистік шаруашылыққа айналуының мәні жөнінде
ғалымдар “Капитализм деп тауар өндірісінің дамуында адам еңбегінің
өнімдері ғана емес, сонымен қатар адамның жұмыс күші де тауарға айналатын
сатысын айтады” деп тұжырымдаған еді. Осы түсінік тұрғысынан алып
қарағанда, капиталистік шаруашылық күн сайын миллиард мәрте қайталанатын
тауар өндірісінің ең жоғары түрі.

Тауар өндірісі экономикалық дамудың жалпы формасы ретінде барлық
таптық қоғамда орын алады. Алайда, олардың мазмұны мен міні, сипаты
қоғамдық формаларға тікелей байланысты. Бұл жерде басты күш өндіріс құрал
– жабдықтарынадеген меншік формасында. Алайда тауар өндірісі мәңгілік
емес. Коммунистік қоғамның әдепті сатысындағы социалистік тауар
өндірісінің орнына экономикалық дамудың неғұрылым жетілген сапалық жаңа
формасы өмірге келеді.

Жай және капиталистік тауар өндірісінің ортақ белгілері мен
айырмашылықтарын мына схема арқылы көруімізге болады.

1-сызба
ІІ-бөлім. Тауар – тауар өндірісінің негізгі элементі ретінде.
2.1. Тауар туралы теориялар.
Маркстік теорияның пайымдалуыша,”тауар” ең алдыменен адам іс-әрекетінің
өнімі, ол өзінің қасиетімен адамдардың қандай да бір тұтынысын
қанағаттандырады, тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы, ормандағы жидектер
оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін
тауар бола алады, сол сияқты соңғысы тауар тек сатуға арналған деп
пайымдаған.
Австриялық экономикалық мектебінде оның көрнекті өкілі К.Менгер тауар
айырбасы үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.
Экономикалық игіліктерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Дамыған елдердегi аралас экономика және сол туралы ғалымдарының iлiмдерi
Аралас экономика жүйесі
Экономикалық жүйелер
Коммерциялық банктердің тұтынушыларды несиелеу
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауар-ақша қатыастарының дамуы. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы
Тұтыну құнының ерекшеліктері
«Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі іс-тәжірибе бағдарламасының жоспары:
Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
Пәндер