Әр түрлі аталық іздерден туған абердин-ангус тұқымының өсіп дамуы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдебиетке шолу
1.1 Ірі қара мал төлінің өсіп . даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Төлдердің өсіп . дамуына әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Малдардың өнімділігін жоғарылату факторы ретінде асылдандыру жұмысын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Зерттеудің мақсаты мен міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Зерттеудің әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Ірі қара мал еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады. Халық шаруашылығында түсетін қаржының жартысына жуығын ірі қара шаруашылығы береді. Ірі қара малдан сүт, ет және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады [1].
Сүтті ірі қара шаруашылығында көкейкесті мәселелердің бірі малдарды интенсивті өсіру технологиясы болып табылады.
Жаңа технология мен тұқымның генетикалық потенциалы республикамызда мал шаруашылығының өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Туғаннан бастап өнімді жасқа жеткенше, өсу кезеңдері бойынша жас малды толыққұнды азықтандырып, интенсивті өсіруде жоғары өнімділік көрсеткішіне жетуге болады.
Жас малдарды өсіру – малдарды жетілдіруге бағытталған селекциялық жұмыстың құрама бөлігінің бірі, осы үрдіске әсер ететін факторлар мен малдың жеке дамуының заңдылықтарын білуге негізделген. Өсу мен даму үрдісінде малдардың жеке дамуын білу тек тұқым және түрлік белгілердің ғана емес, сонымен қатар жануарға жекелік қасиет береді.
Дербес шаруашылықты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Мал өсіретін дербес шаруашылықтар аса сапалы, бағалы өнім өндіру үшін жас төлдерді күтіп – бағу және азықтандыру ерекшеліктерін жетік білу қажет.
Мал тұқымын асылдандыру, олардың өнімділігін жылдан – жылға арттыру және малдың конституциялық – экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі төлді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан алынатын бұзауларға, ата – тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде бар азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық қамтамасыз етілсе, олардың тұқымқуалаушылық заңдылықтары толық айқындала алады [2].
Жас малдарды өсіру – бұл өсу мен даму үрдісіндегі малдардың тұқымқуалаушылық белгілерінің толық жүзеге асуына бағытталған зоотехникалық іс – шаралардың жиынтығы.
Жақсы жетілген, дене бітімі мықты, жоғары өнімді сиыр алу үшін ремонттық төлдерді өсіруден бастау қажет. Жас малды өсіру – етті ірі қара шаруашылығында маңызды орын алады. Дұрыс өсірілген мал жақсы жетіліп қана қоймай, сонымен қатар ересек жаста сүт өнімділігінің жоғары көрсеткішіне ие болады.
Сиырдың ет өнімін жоғарлату мал шаруашылығының бастапқы мақсаты болып табылады. Осыған байланысты көптеген шаруашылықтарда алылдандыру жұмыстың тиімділігін жоғарлату үшін қажетті шаралар ұйымдастыруда. Осы шаралардың негізгі міндеті өсуінің үлкен энергиясымен, азықтарды қорыту жоғары коэффициентпен сипатталатын, 15-18 айда жоғары тірі салмағына жетіп, сапалы етті беретін малдарды шығару болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Арман» ЖШС шаруашылығында «абердин ангусс» тұқымына жататын төлдерінің өсуі мен дамуын зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:
- «Арман» ЖШС шаруашылығында абердин ангусс тұқымы төлдердің өсуі мен дамуы бағалау әдiстерiн оқып білу;
- «Арман» ЖШС шаруашылығында абердин ангусс тұқымы төлдердің өсуі мен дамуы ерекшеліктерін бақылау;
- «Арман» ЖШС шаруашылығында «абердин ангусс» тұқымының төлдерін азықтандыру және бағып-күту жолдарын зерттеу;
- «Арман» ЖШС шаруашылығында төлдердің өсуі мен дамуы бойынша экономикалық тиімділігін анықтау.

Қолданылған әдебиеттердің тізімі
1. Ысқақбаев Б. «Ірі қара шаруашылығы». –Алматы: Қайнар, 3 б.
2. Төреханов А.Ә., Каримов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.Қ., Н.Ә.Жазылбеков. «Ірі қара шаруашылығы».- Алматы: 2006 – 191 б.
3. Садықұлов Т.С., Бексейітов Т.К. «Мал өсіру және селекция».– Павлодар: «Кереку» баспасы, 2009-119 б.
4. Д.Қ. Найманов, М.К. Мустафин, Р.З. Вахитова, Ж.Қ. Аубакиров «Мал шаруашылығы».- Қостанай: 2007 – 85б.
5. Свечин К.Б. «Индивидуальное развитие сельскохозяйственных животных». – К.: Урожай. 1976. – 288 б.
6. Плященко С.И; Сидоров В.Т; Трофимов А.В. «Получение и выращивание здоровых телят». – Мн.: Урожай, 1990, – 222 б.
7. Бегучев А.П., Безенко Т.И., Боярский Л.Г. және басқалары. «Скотоводство». Москва. Агропроимздат, 1992 – 48-50 б.
8. Рузский С.А. «Племенное дело в скотоводстве».Москва: Колос, 108 б.
9. Н.Омарқожаұлы, Б.Әкімбеков «Мал шаруашылығы».- Астана: 2008 – 64 б.
10. Н.Омарқожаұлы «Мал азығын бағалау және малды азықтандыру».- Алматы: 2005 – 230б.
11. Е.Демеуғалиев «Мал азықтандыру».- Алматы: 2000
12. Кәрімов Ж.К., Дәленов Ш.Д., Найманов Д.К. «Ірі қарамал шаруашылығы». -Қостанай, 1996-260 б.
13. Н.М.Костомахин. «Скотоводство».- Санкт-Петербург-Москва-Краснодар,- 2009-70 б.
14. В.Ф. Красота, В.Т. Лобанов, Т.Г. Джапаридзе. «Раэведение сельскохозяйственных животных». – Москва: Агропромиздат, 1990-99 б.
15. С.А Рузский «Племенное дело в скотоводстве». – Москва : Колос, 1977-102 б.

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Әдебиетке шолу
1.1 Ірі қара мал төлінің өсіп – даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .
1.2 Төлдердің өсіп – дамуына әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
1.3 Малдардың өнімділігін жоғарылату факторы ретінде асылдандыру
жұмысын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
2.1 Зерттеудің мақсаты мен
міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
2.2 Зерттеудің
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Ірі қара мал еліміздің мал шаруашылығы экономикасында маңызды
орын алады. Халық шаруашылығында түсетін қаржының жартысына жуығын
ірі қара шаруашылығы береді. Ірі қара малдан сүт, ет және жеңіл
өнеркәсіп өндірісіне қажет шикізат алынады [1].
Сүтті ірі қара шаруашылығында көкейкесті мәселелердің бірі
малдарды интенсивті өсіру технологиясы болып табылады.
Жаңа технология мен тұқымның генетикалық потенциалы
республикамызда мал шаруашылығының өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік
береді. Туғаннан бастап өнімді жасқа жеткенше, өсу кезеңдері бойынша
жас малды толыққұнды азықтандырып, интенсивті өсіруде жоғары
өнімділік көрсеткішіне жетуге болады.
Жас малдарды өсіру – малдарды жетілдіруге бағытталған селекциялық
жұмыстың құрама бөлігінің бірі, осы үрдіске әсер ететін факторлар
мен малдың жеке дамуының заңдылықтарын білуге негізделген. Өсу мен
даму үрдісінде малдардың жеке дамуын білу тек тұқым және түрлік
белгілердің ғана емес, сонымен қатар жануарға жекелік қасиет береді.
Дербес шаруашылықты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық
жасауда. Мал өсіретін дербес шаруашылықтар аса сапалы, бағалы өнім
өндіру үшін жас төлдерді күтіп – бағу және азықтандыру ерекшеліктерін
жетік білу қажет.
Мал тұқымын асылдандыру, олардың өнімділігін жылдан – жылға
арттыру және малдың конституциялық – экстерьерлік мықтылығын дамыту
ісі төлді жақсы өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара
малы мен бұқалардан алынатын бұзауларға, ата – тектерінің
қасиеттілігін дамыту үшін, шаруашылықтың өзінде бар азықты жегізіп
үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық қамтамасыз етілсе,
олардың тұқымқуалаушылық заңдылықтары толық айқындала алады [2].
Жас малдарды өсіру – бұл өсу мен даму үрдісіндегі малдардың
тұқымқуалаушылық белгілерінің толық жүзеге асуына бағытталған
зоотехникалық іс – шаралардың жиынтығы.
Жақсы жетілген, дене бітімі мықты, жоғары өнімді сиыр алу үшін
ремонттық төлдерді өсіруден бастау қажет. Жас малды өсіру – етті ірі
қара шаруашылығында маңызды орын алады. Дұрыс өсірілген мал жақсы
жетіліп қана қоймай, сонымен қатар ересек жаста сүт өнімділігінің
жоғары көрсеткішіне ие болады.
Сиырдың ет өнімін жоғарлату мал шаруашылығының бастапқы мақсаты болып
табылады. Осыған байланысты көптеген шаруашылықтарда алылдандыру жұмыстың
тиімділігін жоғарлату үшін қажетті шаралар ұйымдастыруда. Осы шаралардың
негізгі міндеті өсуінің үлкен энергиясымен, азықтарды қорыту жоғары
коэффициентпен сипатталатын, 15-18 айда жоғары тірі салмағына жетіп, сапалы
етті беретін малдарды шығару болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Север Агро-Н ЖШС шаруашылығында абердин
ангусс тұқымына жататын төлдерінің өсуі мен дамуын зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:
- Север Агро Н ЖШС шаруашылығында абердин ангусс тұқымы төлдердің
өсуі мен дамуы бағалау әдiстерiн оқып білу;

өсуі мен дамуы ерекшеліктерін бақылау;
- Север Агро Н ЖШС шаруашылығында абердин ангусс тұқымының төлдерін
азықтандыру және бағып-күту жолдарын зерттеу;
- Север Агро Н ЖШС шаруашылығында төлдердің өсуі мен дамуы
бойынша экономикалық тиімділігін анықтау.
1 Әдебиетке шолу
1.1 Ірі қара мал төлінің өсіп – даму ерекшеліктері
Жануарлардың өсіп – дамуы, басқаша айтқанда, онтогенез деп аталады.
Онтогенез немесе жануарлардың өсіп – дамуы деп, ұрықтанғаннан
бастап, ол өлгенге дейін генотиптің және өмір жағдайының өзара байланысы
кезінде болатын ағзаның құрылымы және қызметінде болатын сандық
және сапалық өзгерістердің эволюциялық қалыптасқан процестердің
заңдылықтары.
Ағза жасушасының салмағы және өлшемінің, оның ұлпа мен
мүшелерінің, дене өлшемінің және көлемдік өлшемдерінің, онда белсенді
заттардың жиналуы есебінен ұлғаюы - өсу деп аталады. Өсуді ағзаның
өмірщеңдігінің қалыпты физиологиялық құбылысы деп қарау керек; оның
негізінде әр түрлі үш процесс жатыр: жасушаның бөлінуі, олардың
көлемінің және салмағының ұлғаюы. Өсуді жасушаның бөліну процесі деп
қарастыра отыра (көбею), өсу процесі қай жерде аяқталады және
дифференциация процесі қай жерде басталатындығын шектеу қиын
болатындығын есте сақтау керек [3].
Даму процесі деп, ағзаның сапалық өзгерістері мен құрылымының
күрделене түсуі, сонымен бірге дене мүшелері мен ағза ұлпаларының
қызмет атқаруы.
Өсу мен даму тұқымқуалағыштық пен сыртқы орта жағдайларының
әсері арқылы өтіп жатады. Әрбір ағза даму, сыртқы орта жағдайларына
жауап беру сияқты қасиеттерді ата – тектерінен тұқым арқылы ала
отырып, өзінің де жеке қасиеттерін дамыта түседі [4].
К.Б. Свечин ағзаның жеке даму процесі жұмыртқа жасушасының
ұұрықтануынан кейін болатын сандық және сапалық өзгерістердің
жиынтығы және ол генотип пен реакция нормасына сәйкес тұқымқуалаған
особтің барлық өмір бойында зиготаның түзілуін ұсынады деп
есептеген.
Дамудың жеке заңдылықтарын білмей, өнімділік сапасын жоғарылату
және малдың пайдалы биологиялық қасиеттерін жетілдіру мүмкін емес
[5].
А.С. Всякихтың ойынша өсу және даму үрдістері бір – бірімен
тығыз байланысты. Өсуді дамудан оқшау көруге болмайды. Өсу белгілі
бір даму кезеңіне жағдай жасайды. Ағзада онтогенез үрдісінде болатын
сандық және сапалық өзгерістердің арасында байланыс қамтамасыз ету
үшін, ол қолайлы жағдайда өту керек.
С.И. Плященко және басқалары [6] эмбриогенездің жүрісіне
тұқымқуалаушылық факторы әсер ететінін айтады. Төл ағзасының жеке
дамуының тұқымқуалаушылық факторына берілген ата – енесінің тұқымы
мен түрлік ерекшеліктері, сонымен қатар олардың ұрпағының жаңадан
қалыптасқан генотипі жатады.
О.В. Зеленина деректері бойынша малдың өсімін зерттеу, онтогенез
немесе оның жеке кезеңдерінде жүйелі түрде тірі салмағын, дене
өлшемдері мен көлемдік көрсеткіштерін анықтау жолымен жүзеге асады.
Автор малдың салмағын жүйелік өлшеу негізінде белгілеуді ұсынады, ол
белгілі бір сәтте салмағын жеткілікті дәл анықтауға мүмкіндік береді
[7].
Малдарды, әсіресе, төлді дұрыс тәрбиелеу, қоректендіру және өсіру,
аурулардың алдын алу үшін, жануар ағзасының өсіп – жетілуінің
дәйектілігімен танысу қажет, алдыңғы кезеңге қарағанда неғұрлым
арнайы жағдайды талап ететін даму кезеңдерін анықтау қажет.
Аналық жасушаның ұрықтандырылғанынан бастап көбеюге қабілетті,
жетілген, есеюге дейін және жануардан өліміне дейіңгі аралық екі
кезеңнен тұрады: эмбрионалды (бұзаулағанға дейін) және постэмбрионалды
(бұзаулағаннан кейін). Онтогенездің екі кезеңі тіршілік етудің әр
түрлі жағдайларында өтеді және олардың әрқайсысының заңдылықтары
ересек жануардың өнімділігінің сапасына және деңгейіне зор ықпал
етеді [3].
Төлдің эмбрионалдық даму уақытын 3 кезеңге: ұрықтық, эмбрионға
дейіңгі және эмбриондық деп бөледі.
Күрделі айналулар мен дифференцировка нәтижесінде ұрық пайда
болады. Бұл уақытта плацентаның қалыптасуы және қызмет етуі, берілген
түрдің және тұқымның өзіндік белгілерін анықтайтын жүйелердің,
мүшелердің және ұлпалардың қалыптасуы өтеді.
Эмбрионға дейіңгі кезеңде қанқаның шеміршек салаларының
сүйектенуі туындайды, бет жағы, мойны, ұрықтың қан тамырлары
қалыптасады, бас миының құрылысы күрделенеді.
Эмбрионалдық кезең ең ұзақ ұрықтың денесінің, оның ұлпаларының
және мүшелерінің өсуінің қарқынды процестерімен сипатталады.
Жануарлардың дамуының осы кезеңінде жүн жамылғысының және тер
бездерінің қалыптасуы өтеді, бұлшық еттері, одан әрі тыныс алу, ас
қорыту мүшелері дамиды. Қозғалыс және жылуды реттеу процестерін
реттейтін бас миының және ми орталығының қыртысы дамиды.
Эмбрионалдық даму жануар ағзасының қалыптасуының ең жауапты
кезеңі болып енеді. Осы уақытта ағзаның өнімділігінің генетикалық
мүмкіндіктері және негізгі өзіндік қасиеттері қалыптасады [1].
Жаңа туу кезеңі жатырда дамудан кейіңгі неғұрлым жауапты
кезең. Жаңа туған бұзаулар ең алғаш тыныс алуда өкпемен тыныс
алуға көшеді. Өкпенің қызметінің арқасында жаңа туғанның жүрегінің
оң жақ жүрекшесінен боталл қан ағынын айнала өтіп өкпеге түседі.
Жаңа туған жануарда жатырдан кейіңгі қан айналуы белгіленеді. Кіндік
және жатыр арқылы қоректену, асқорыту жүйесі мүшелерінің көмегімен
өзіндік қоректенуге ауысады. Төлдің өзінің құрамы бойынша қанға
ұқсас уызбен қоректенуі, жатырда даму кезеңінен ана сүтімен
қоректену кезеңіне көшуде маңызды өтпелі кезең қызметін атқарады.Ірі
қара уызы бұзау организмін иммунды белоктармен, А витаминімен
қамтамасыз етеді әрі асқорыту мүшелерінің ауруға шалдықпауына
көмектеседі,организмдегі зат алмасуын жақсартады. Бұзаулардың өмірінің
алғашқы он күнінде, оларда физикалық термореттеу дамиды, ағзаның
ферментативтік және басқа қызметтері өзгереді. Шартсыз рефлекстер
негізінде біртіндеп шартты рефлекстер пайда бола бастайды, олар
арқылы ағза және ортаның өзара байланысы және бірлігі қалыптасады.
Жыныстық жетілу кезеңі эндокринді бездердің гормондарының
әсерінен ағзаның ішкі барлық жағдайларының елеуллі өзгерісі және
өсуімен сипатталады. Экстерьерлік – конституциялық ерекшеліктері ересек
жануарларға ұқсас бола бастайды. Жыныс мүшелері және екінші жыныстық
ерекшеліктері қарқынды дамиды, кезеңнің соңына қарай жыныстық жетілу
және жануарлардың көбеюге қабілеттілігі болады. Дамудың осы
кезеңінде жануарлардың өсуі елеулі баяулайды[5].
В.П. Коньков және басқаларының ойынша төлдерді интенсивті өсіру,
өсіру кезеңін қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеуге және
сиырдың келешектегі өнімділігін төмендетіп алмауға мүмкіндік береді
[10].
И.Н.Багачева тайыншалардың жақсы өсуі мен дамуы үшін олардың
ағзаларына сіңімді заттардың үнемі түсіп тұруы қажет деп белгіледі.
Сіңімді заттардың жетіспеушілігі өсуді тежейді және физиологиялық
үрдістердің бұзылуына әкеп соғады [11].
К.Ф.Борисовец және басқалары [12] 3 айлық жасында тірі
салмағының орташа тәуліктік өсімі 600-700 г кезіндегі салмағы 90-95
кг, 6 айында 650-700 г-да салмағы 155-160 кг, 12 айында 550-600 г-да
салмағы 260-265 кг және 18 айында 450-550 г орташа тәуліктік өсімде –
360 кг тайыншаларды өсіруді ұсынады.
Жоғарыда аталған авторлардың деректері бойынша келесі
қорытындыға келеміз: ірі қараны өсірудің тиімді технологиясы мен
қолдануында, онтогенезде ағза дамуының биологиялық заңдылықтарына
негізделу және малдарда қажетті дене бітімі типі мен өнімділік
деңгейінің құрылуына мүмкіндік туғызу керек.
1.2 Төлдердің өсіп – дамуына әсер ететін факторлар
Малдардың өсіп – жетілуі оның барлық кезеңдерінде оның
тұқымқуалаушылығына (генотипіне) және сыртқы орта жағдайларына, демек
паратипті факторларға байланысты.
Малдардың тұқымқуалаушылығы негізінен, олардың дамуының ұрықтық
кезеңінде зиготаның қалыптасу сәтінен бастап анықталады. Малдардың
өсіп – жетілуі, берілген жануардың генотипіне енетін көптеген
гендердің өзара әрекеттерінің нәтижесінде іске асырылады.
С.И. Плященко және басқалары эмбриогенезге тұқымқуалаушылық
факторы әсер ететінін айтады. Төл организмінің жеке дамуының
тұқымқуалаушылық факторына ата – енесінің тұқымы мен түрі, сонымен
қатар ата – тегінің генотипінің жаңадан қалыптасуы жатады.
Ағзадағы кез – келген белгілер оның тұқымқуалаушылық
ерекшеліктерінің немесе малдың генотипі әсерінен дамитыны анықталған
және олардың толық көрінуі үшін белгілі бір сыртқы орта жағдайлары
керек. Реакция нормасы немесе белгінің көріну дәрежесі
тұқымқуалаушылық пен өмір сүру жағдайының бір – біріне күрделі
әсерінен анықталады. Тұқымқуалаушылық алдын – ала анықтайды, ал сыртқы
орта ағзаның дамуын қамтамасыз етеді.
Особтің генотипі өмір бойы негізінен тұрақты. Өзгерістерді тек
барлық мүмкін мутациялар енгізе алады. Осы ерекшеліктер
тұқымқуалаушылық арқылы беріледі.
Сыртқы орта жағдайларында негізделген белгілердің өзгерісі
тұқымқуалаушылық арқылы берілмейді.
Дұрыс азықтандырылмаған асылтұқымды мал арық және өнімділігі
төмен болып келеді. Ал басқа жағынан қарайтын болсақ, егер малдардың
тұқымқуалаушылығы жақсы болмайтын болса, өте жақсы күтіп – бағу
жағдайларында да жақсы табын құру мүмкін емес.
Малдың тұқымқуалаушылық белгісін бағалау үшін, генотиптің толық
көрінуі негізінде оған жағдай жасау қажет. Өйткені азықтандыру мен
күтіп – бағудың төмен жағдайларында особтің орташа дәрежелі
тұқымқуалаушылығы өте жақсы болады.
Малдың генотипі күрделі сандық белгілердің дамуының бағытын,
оның сыртқы ортаға реакция нормасын анықтайды.
Белгілі бір шаруашылыққа құнды белгілердің қалыптасуы осы особь
үшін болған өмір жағдайларына, бірақ оның генотипінің реакция нормасы
шегінде тәуелді болады.
Селекциялық – асылдандыру жұмысын сәтті жүргізу және табын құру
кезінде еңбектің нәтижесін көтеру үшін жеке белгілердің ұрпаққа
бергіштік қасиетінің дәрежесін білу қажет.
Әр ағзаның фенотипі нақты даму жағдайларындағы оның генотипінің
көрінуі. Генотиптің фенотипте жүзеге асуы онтогенез жүйесі мен даму
өтіп жатқан нақты сыртқы ортада қамтамасыз етіледі. Генотиптік
өзгергіштіктің жалпы фенотипке қатынасын ұрпаққа бергіштік
коэффициенті деп айтады. Мал өнімділігін сипаттайтын әр түрлі
белгілер бірдей дәрежеде ұрпаққа берілмейді. Олардан бөлектері қатты
түрленеді.
Ірі қара мал шаруашылығының өнімділігін анықтайтын генетикалық
параметрлерді зерттеуде көптеген мәліметтер жинақталған. Жоғары
ұрпаққа бергіштік қасиеті төлдің жаңа туған кезінде, бір жасындағы
тірі салмағымен, орташасы – 6-8 айлық төлдердің тірі салмағы, тірі
салмағының орташа тәуліктік өсімімен ерекшеленеді.
Генетикалық факторлардан, сонымен қатар ортаға тәуелді белгілерге
өсу жылдамдығын, белгілі бір жастағы дене өлшемдерін жатқызады.
Тұқым қуалаушылықтың жоғары дәрежесін фенотип бойынша жаппай
сұрыптау негізіндегі селекцияның қарапайым әдістері жақсы нәтиже
береді. Ұрпаққа бергіштік қасиетінің төмен дәрежесін ұрпақ сапасы
бойынша алдын – ала бағалау негізінде ата – енесін сұрыптау және
жұптау қажет.
Қазіргі уақытта көптеген шаруашылықтарда мал өнімділіктерінің
генетикалық потенциалын 50 – 60 % - ға іске асырады, себебі малдардың
азықтандыруы мен күтіп – бағу жағдайлары жиі олардың қажеттіліктеріне
жауап бермейді. Әсіресе сыртқы орта жағдайлары өсіп келе жатқан
жас малдар сезімтал келеді. Ірі қара мал төлін жақсы жағдайларда
өсіруде ағзаның генетикалық потенциалының толық жүзеге асуына
жағдайлар құрылады.
Әкесінің генотипі ұрпағының өнімділігіне 75 % әсер етеді. Сол
себепті жақсы төл алу үшін өндіруші – бұқаларға көп көңіл бөлінеді.
Олардың сапасы сиырлардан анағұрлым артық болуы тиіс. Бұқалар
негізінен сүтті және өнімі мол ата – енеден шығады, жақсы өсетін,
дене пішіні әдемі, тірілей салмағы үлкен, конституциясы мықты, бұқалық
қабілеті жақсы дамыған болуы тиіс. Осындай бұқалар өнімді ұрпақ
қалдыруға тиіс.
Азықтандыру деңгейі бұзаулардың дамуына әсер ететін ең маңызды
факторлардың бірі екендігі анықталған.
Жаңа туған бұзау анасының уызын 7 – 10 күндей ішіп емеді.
Алғашқы күндері 3 – 4 рет уыз береді. Уыздың бұзау үшін маңызы өте
зор. Уыздың құрамында 24 – 30 % ат болады, әрі уыз организмге тез
сіңеді, себебі онда 20 % тез қорытылатын белогы бар (жай сүтте 4
%), минералдық заттар сүтке қарағанда екі есе көп, витаминдерге де
бай. Әсіресе, уыздағы глобулиннің маңызы өте зор. Глобулин бұзаудың
ішінің ауырмауына көп себебін тигізуде.
12 күннен кейін, ал кейде тіпті 20 күннен кейін бұзауларды
ана сүтінен жалпы сүтке аудара бастайды.
Бұзаулардың іш ауруы болмауы үшін оларға үш апталық күнінен
бастап ацидофил айранын, сұлы киселін және пішен тұнбасын береді.
Екі аптадан кейін қайнаған (суытылған) су берсе, екі айлығынан
бастап жалпы таза суға көшіреді.
Егер бұзау жас уақытынан бастап көлемді және шырынды азықтарға
үйретілсе, олардың ас қорыту органдары да тез жетіледі, азықты тез
қорытатын болады. Егер бұзау күніне сүтті 3-4 рет ішсе, онда басқа
азықты аз жейтін болады. Ал күніне 1-2 рет ішсе, онда басқа азықты
аз жейтін болады.
Бұзауларды алты айға дейін екі түрлі тәсілмен өсіреді:
біріншісі бұзауларды сүтпен асырау, екіншісі бір ірі қараның
бауырына бірнеше бұзауларды бекітіп, емізіп өсіру. Бірінші тәсіл
бойынша бұзауларды 14 – 15 күндік профилакториядан кейін сүт
алмастырғышпен асырайды. Бұзаулардың тәуліктік салмақ қосуына
байланысты әрі келешектегі пайдалану жоспарына қарай әр түрлі
схемасымен өсіреді. Тауарлы шаруашылықтарда бұзауларға сүтті 3 – 4
апта береді. Екі – үш айдан кейін бұзауларды толық көк сүтке
көшіреді, сөйтіп оны 4 – 5 айға дейін береді.
Бұзауларды күніне 3 – 4 рет азықтандырады. Минералдық заттарды
қосымша не сүтпен, не жеммен береді. Бұзауларға 10 күн қосымша
тәулігіне 3–5 грамнан тұз және бор береді, ал 4 – 5 айлығынан бастап 10 –
15 грамнан преципитат береді.
Бұзауларға жемді бірінші рет 20 – 25 күннен кейін бере
бастайды. Жем өте таза болуы тиіс, ал көгерген немесе бұзыла
бастаған жемді беруге болмайды. Алғашқыда әр бұзауға 50 грамнан
ғана берсе, кейін нормасын көбейте оны 6 айлығына жақындағанда 0,6 –
1,5 кг-ға дейін жеткізеді. Жем ретінде сұлы ұны, бидай жармасы және
құрама жем қолданылады [1,2,14,15].
Соңғы жылдарда бұзау өсіру кезінде сүтті мейлінше азайтып,
сұлының ұнтағы, кендір күнжарасы, бидай кебегі, кептірілген көк сүт
немесе кептірілген жасанды сүт, кепкен май суы, балық, қан, сүйек
ұны, азықтық сыра ашытқылары сияқты құрама жем рецептуралары
қолданылып жүр.
Украинаның мал шаруашылығы академиясында сүттің нормасын
кемітіп, бұзауларға арнаулы быламық дайындалған. Оның құрамында 20 –
25 % көк сүт, 6,0 % бидай кебегі, 3,0 % арпа ұнтағы, 2,0 %
ұсақталған күнбағыс шроты, 60 – 65 % су болады. Әр центнер быламықта
0,15 г хлорлы кобальт, 0,5 г күкірт қышқылды мыс, 50 – 75 г глаубер
тұзы, 270 – 370 г ас тұзы, 300 г үшкальций фосфат, 300 г витаминді
балық майы және 25 г тазартылмаған май азықтық биомицин қосылған.
Жаз айларында бұзауды өріске шығарып, сонда ұстаған дұрыс.
Жайылым қурап кетсе, бұзау қосымша азықтандырылады. Бұзауды балауса
азыққа туғанынан 10 – 15 күн толған соң үйрете бастайды, қызыл сәбіз
бұзауға қыс айларында таптырмайтын азық.
Төлді 6 айлығынан кейін өсірудегі мақсат олардың организмдегі
ас қорыту, сүт түзілу, сүйек және қаңқа еттерін жақсы дамыту.
Тайынша қашарларды сүрлеммен, ірі және көк майса азықтармен көп
азықтандырып, жемді шамалы берсе, олардың ас қорыту органдары жақсы
дамиды да, келешекте сүтті типті мал шығады. 6 айға толған
бұзаулардың азық құрамы сиырлардың азық құрамына ұқсас, жемді
азайтып, ірі азықты және сүрлемді, қызылшаны көбейту керек.
Тайыншалардың 7 – 12 айлығында тәуліктік азық құрамына: 3,9 – 4,4 азық
өлшемі, 430 – 466 қорытылатын протеин, 35 – 40 г кальций, 20 – 25 г
фосфор, 120 – 140 мг каротеин, 25 – 30 г ас тұзы кірсе, 13 – 18 айлық
тайынша қашар рационына 5 – 5,5 кг азық өлшемі, 525 – 550 г
қорытылатын протеин, 45 – 50 г кальций, 25 – 30 г фосфор, 160 – 180 мг
каротеин, 35 – 45 г ас тұзы кіреді. Төлдің әрбір өсіп – дамуы
мезгіліне, әрбір айға жеке азық рационын жасайды, ол үшін тірілей
салмағы, тәулікте қосатын салмағы және азық құрамы еске алынады.
Мәселен тайыншаға 7-ден 9 айлығына дейін тәулігіне шөп ұнтағы – 1,
сүрлем – 10, және жем – 0,7 кг, тұз – 25г, бор – 20 г берілсе, сонда
тәулігіне қосатын салмағы – 600 г. 9 айлығында тірілей салмағы 200 кг-
ға жетуі керек .
Жаз айларында сүрлем мен көлемді азық орнына жайылым шөбін
пайдаланған жөн. 7 – 9 айлығында – 18 – 20; 10 – 12 айлығында – 22 –
25; 13 – 15 айлығында – 25 – 30 және 16 – 18 айлығында – 30 – 35 кг.
Егер жайылым шөбі тапшы болса, онда қосымша жем және көк шөп
берген жөн.
Ремонттық төлдерді сүт ему кезеңінен соң өсіруде жасыл және
шырынды азықтарды, пішенді көп мөлшерде жейтіндей етіп азықтандыру
жүйесін жақсылап құрастыру қажет [16].
В.П. Коньков және С.С. Шевченко мәліметтері бойынша 6 айынан 10
айлығына дейінгі жастағы төлдерде бұлшық ет және сүйек ұлпалары,
ішкі ағзалары интенсивті өсе бастайды. Осы кезеңде азықтандыруды
дұрыс ұйымдастыру, толыққұнды азықтандыру қажетті сүтті типтегі жақсы
дамыған, мықты конституциялы малдарды өсіруге мүмкіндік туғызады. 10
айлық төлдің рационы ересек малдың рационына ақырындап жақындай
бастайды.
Жақсы пішен мен жоғары сапалы пішендеме – ремонттық төлдердің
рационының ауыстырылмайтын ингредиенттері және сүрлем оларға жақсы
азық емес. Азықтың сіңімді заттарға жетіспеушілік қажеттілігі
концентраттармен толықтырылу керек.
Көп шаруашылықтарда сиырлардың мезгілдік төлдеуі кезінде төл 5
– 6 айлық жасына дейін жақсы дамиды. Осы кезеңде төлдер сүт пен
жасыл азықтармен азықтандырылады. 6 айлығынан (күзде) бастап малдар
азықтандыру және күтіп – бағу жағдайлары бойынша шамалы қолайсыздыққа
ұшырайды. Орташа тәуліктік өсімі 12 – 18 айлық жасында төмендейді,
яғни бұл кезде өсудің тежелуі байқалады.
Азықтандыру деңгейі тек тірілей салмаққа емес, сонымен қатар
малдың дене бітіміне де әсер етеді, әсіресе 6 айлығынан 12 айлығына
дейіңгі кезеңде мол азықтандырса, дененің ұзындылығы және кеңділігі
өлшемдерінің жақсырақ дамуына әкеледі. Малдар тіке жетілген қабырғасы
бар денелі боп шығады, нәтижесінде олардың кеуде асты шығып
тұрады.
Онтогенезге бағытталған әсер ететін фактор ретіндегі толыққұнды
азықтандыру негізінен шектік мағынаға ие: рационда протеиннің,
дәруменнің және минералды заттардың, әсіресе фосфордың жетіспеушілігі
өсу интенсивтілігінің төмендеуіне және қаңқаның кейбір бөліктерінің
жетілмей қалуына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жеке ішкі секреция
бездерінің қызметтерінің қатынасы өзгерісімен ағзаның гуморалдық
көрінісі өзгереді. Осы азықтың шектік элементтері бойынша рационның
жетіспеушілігін толықтыру мал өнімділігінің жоғарылауына, сонымен
қатар жас малды өсірудің экономикалық тиімділігіне әкеледі [17].
Малдың дамуына олардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz