Мұнайды ұңғымен өндіру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ұңғыны тұз қышқылымен өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Өнімді аралықты сұйықты құмағысымен перфорациялау ... ... ... ... ... ... ... 10
3. Дифференциальды манометрдің құрылысын және негізгі жұмысын
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4. Геликсті манометр құрылысын және жұмыс жасау принциптерін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
5. Тербелмелі станоктың, пакердiң және тереңдік сораптардың құрылысын
және жұмыс жасау принципін оқу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
6. Динамометрді зерттеу, жұмыс істеу принципі мен динамограмманың
интерпретациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
7. Ұңғымалық штангалық насос қондырғысының беру коэффициентін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
8.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
«Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығының
«Ұңғымен мұнай өндіру» пәні ең негізгі пәндердің бірі болып саналады. Ол
ұңғыға сұйықтың келуін, ұңғыны пайдалануға дайындығын, мұнай қабатына
әсер етуші әдістер мен мақсатын, ұңғының түп шекарасына әсер етуші
әдістерін, ұңғыны зерттеу және пайдалану жолдарын оқытады.
Ұңғыны зерттеу негізінде есептелетін қабат параметрлері және қабатты
гидравликалық жару үрдісі, ұңғыны игеру және гидроқүмағынды перфорация
үрдісін есептеу, есептеу тәртібі, ұңғы және қабаттың фильтрациялық
параметрлерін анықтайтын формулалар жұмыстың тәжірибелік бөлімінде
келтірілген жұмыстың зертханалық бөлімінде ұңғының өнімділік
коэффициентіне, өткізгіштігіне және қабаттың гидроөткізгіштігіне, сонымен
қатар өлшейтін құралдардың жұмыс жасау жолдарына және өлшеу
қорытындыларының интерпретацияларына мысалдар келтірілген.
І.Щуров В.И. Технология и техника добычи нефти. М, Недра,1983.
2.Абдулин Ф.С. Добыча нефти и газа. М, Недра, 1983.
З.Гиматудинов Ш.К.Справочная книга по добыче нефти. М, Недра,1974.
4.Муравьев И.М. Технология и техника добычи нефти. М, Недра,1971.
5.Петров А.И. Глубинные приборы для исследования скважин. М, Недра,1983.
б.Муравьев И.М.Спутник нефтяника. М, Недра,1977.
7.Мищенко И.Т. Сборник задач по технологии и технике нефтедобычи. М,
Недра,1967.
8.0ркин К.Г.,Юрчук A.M. Расчеты в технологии и технике добычи нефти. М,
Недра,1967.
9.Чернов Б.С.,Базлов М.Н, Жуков А.И. Гидродинамические методы
исследования скважин и пластов. М, Гостоптехиздат,1960.
ІО.Дунющкин И.И., Мищенко И.Т. Расчет основных свойств пластовых нефтей
при добыче и подготовке нефти. М, изд. МИНХ и ГП им. И.М.Губкина,1982.
11 .Муравьев И.М., Крылов А.П. Эксплуатация нефтяных месторождений. М.-
Л, ГТТИ, 1949.
12.Казак А.С. Новое в развитии техники и технологии механизированных
способов добычи нефти. М., изд. ВНИИОЭНГ,1974.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
РМҚК Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГІ УНИВЕРСИТЕТІ

МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ КАФЕДРАСЫ

АЙТҚҰЛОВ А.О., НҰРШАХАНОВА Л.Қ.,
ТАБЫЛҒАНОВ М.Т.,
ЖАЗЫҚБАЕВ Қ.А., ҚОЙШИНА А.И.

МҰНАЙДЫ ҰҢҒЫМЕН ӨНДІРУ
пәні бойынша зертханалық жұмыстарға
арналған әдістемелік нұсқаулық

Ақтау – 2010 ж
УДК 622.276 (072)

Құрастырғандар: Айтқұлов А.О.,Нұршаханова Л.Қ., Табылғанов М.Т.,
Жазықбаев Қ.А. Қойшина А.И. Мұнайды ұңғымен өндіру. Ақтау: КМТжИУ,
2010. 31 бет.

Рецензент: т.ғ.д. профессор Закенов С.Т.

Бұл әдістемелік нұсқаудың тәжірибелік жұмысында: ұңғыны тұз
қышқылымен өңдеу, гидроқұмағынды перфорация, ұңғы мен қабаттың
фильтрациялық параметрлерін анықтау формулалары, сонымен қатар ұңғыны
зерттеу кезінде қолданылатын құралдар қаралады.
Әдістемелік нұсқау 050708 Мұнай-газ ісі мамандығының студенттеріне
арналады.

Баспаға Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және
инжиниринг университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша
ұсынылған.

© Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2010

2

КІРІСПЕ

Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану мамандығының

Ұңғымен мұнай өндіру пәні ең негізгі пәндердің бірі болып саналады. Ол

ұңғыға сұйықтың келуін, ұңғыны пайдалануға дайындығын, мұнай қабатына

әсер етуші әдістер мен мақсатын, ұңғының түп шекарасына әсер етуші

әдістерін, ұңғыны зерттеу және пайдалану жолдарын оқытады.

Ұңғыны зерттеу негізінде есептелетін қабат параметрлері және қабатты

гидравликалық жару үрдісі, ұңғыны игеру және гидроқүмағынды перфорация

үрдісін есептеу, есептеу тәртібі, ұңғы және қабаттың фильтрациялық

параметрлерін анықтайтын формулалар жұмыстың тәжірибелік бөлімінде

келтірілген жұмыстың зертханалық бөлімінде ұңғының өнімділік

коэффициентіне, өткізгіштігіне және қабаттың гидроөткізгіштігіне, сонымен

қатар өлшейтін құралдардың жұмыс жасау жолдарына және өлшеу

қорытындыларының интерпретацияларына мысалдар келтірілген.

3
№ 1 зертханалық жұмыс
Ұңғыны тұз қышқылымен өңдеу
Жұмыс мақсаты: Ұңғы өнімділігін арттыру үшін тұз қышқылымен өңдеу
әдісін үйрену және қолдану.
Теориялық бөлім
Мұнай және газ ұңғыларының өнімділігі, айдау ұңғыларының суды
қабылдау қасиеті, негізінен, мұнай тұтқырлығына және өнімді қабаттың
өткізгіштігіне байланысты болады. Ұңғының түп аймағындағы қабаттың
өткізгіштігі жақсы болса, осыған байланысты ұңғының өнімділігі мен суды
қабылдағыштығы көп болады.
Қабаттың алғашқы өткізгіштігі, бұрғылау процесінде және ұңғыны
пайдалануда әр түрлі себептерге байланысты уақыт өтуімен нашарлауы мүмкін.
Осылайша бұрғылау кезінде өнімді қабатты ашқанда ұңғының түп аймағы
сазды ерітіндімен жабыла бастайды, бұл қабат өткізгіштігінің төмендеуі мен
мұнай мен газдың ағысын баяулатады.
Ұңғыны пайдалануда ұңғының түп аймағының өткізгіштігі - қабат
жарықтары мен кеуектерінде сазды, парафинді және шайырлы шөгінділердің
әсерінен төмендеуі немесе жабылу мүмкін.
Айдау ұңғыларында ұңғының түп аймағының өткізгіштігі, айдалып жатқан
су құрамындағы механикалық қоспалардың қабат кеуектерінде және
жарықтарында қалып қойғанда төмендеуі мүмкін.
Ұңғыны қышқылмен өңдеу ұңғының ұңғы түбі аймағының өткізгіштігін
ұлғайтуға, ұңғы түбін (фильтрлерді) тазалауға, ұңғының түп аймағын СКҚ-ды
тұздардан, парфинді-шайырдан және жабдықтарды коррозиядан қорғауға
қолданылады.
Ұңғының түп аймағын қышқылмен өңдеу, құрамына құмды және басқа
қабаттар кіретін, карбонатты қабаттүзгіш минералдарды немесе карбонатты
қабаттарды (известняктарды, доломиттерді) ерітуге негізделген.
Тұз қышқылы мен карбонатты қабаттар әрекеттескенде келесі реакциялар
болады
известняктарға
CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + CO2 + H2O
доломиттерге
Ca(CO3)2 + 4HCl = CaCl2 + MgCl2 + 2H2O + 2CO2
Тұз қышқылымен өңдегенде ұңғының түп аймағындағы қабаттарда
каверндерді, кеңейген каналдар, бос кеңістіктер пайда болады, қабат
өткізгіштігі өседі, осыған байланысты айдау ұңғыларының суды қабылдауы
және мұнай өндіру ұңғыларының өнімділігі артады.
Қышқылды қысыммен өңдеудің мақсаты - қышқыл өткізгіштігі аз өнімді
қабат интервалына күштеп айдау үшің қолданады. Қарапайым тұз
қышқылымен өңдегенде қышқыл жоғары өткізгішті қабаттар арасына енеді де,
ал өткізгішті аз қабаттар өңделмей қалады.
Тұз қышқылымен өңдеу процесі мыналардын тұрады. Алдымен мұнай
немесе суды айдау арқылы циркуляция жасайды. Содан кейін бірінші
айдалатын қышқылды өнімді қабаттың жоғары жағынан ұңғының түбіне дейін

4
құбыр және сақиналы кеңістікке жететіңдей есептеп айдайды да, құбыр аралық
кеңістіктің кранын жауып қысыммен қалған қышқылды айдайды. Уақыт өте
қышқыл қабатқа ене бастайды. Құбырларда және ұңғының фильтрлі бөлігінде
қалған қышқылды қабатқа мұнаймен немесе сумен ығыстырады.
Тұз қышқыл ерітіндісінің көлемін қабаттың қалыңдығына және физикалық
қасиетіне, қабаттың химиялық құрамына және алдыңғы өңдеу санына
байланысты орнатады.
Қышқылмен өңдеуді есептеу
Ұңғының түп аймағын қышқылмен өңдеуді есептеу үшін жұмыс жасаушы
ерітіндіге қосатын әр түрлі қоспалардың мөлшерін, тұз қышқылын дайындауға
қажет, су мөлшерін, таңдаулы концентрациялы тұз қышқылы жұмыс жасаушы
ерітіндісінің көлемін анықтау қажет.
Карбонатты жынысқа 1м өңделетін аралыққа (8-15% - дық концентрация)
шығындалады, қышқылдың ұсынылған орташа көлемдері, өңдеу тәжірибесі
негізінде келесі шарттар келтірілген:
Ерітінді көлемі HCl, м3м
Жыныс бірінші өңдеулерде және екінші өңдеулерде
Түйіршікті азөткізгішті
Жұқа кеуекті 0.4-0.6 0.6 -1.0
Түйіршікті жоғарыөткізгішті 0.6 -1.0 1.0 -1.5
Берілген концентрациялы (м3) жұмыс жасаушы ерітіндінің көлемін, тауарлы
қышқылдың көлемін (W), мына формуламен анықтайды:
W = Wж х ( ρ -100)( ρ -1500) (1)
Мұңдағы: Wж - берілген концентрациялы жұмыс жасаушы ерітіндінің көлемін,
м3 (1 кестеден алынған қабат қалыңдығы арқылы анықталады );
- тауарлы қышқылдың тығыздығы, кгм3
ρ - дайын жұмыс жасаушы ерітіндінің тығыздығы, кгм3
су мөлшері (Wс), берілген концентрациялы жұмыс жасаушы ерітіндіні алу үшін
мына формуламен анықталады:
Wс=Wж-W (2)

Жұмысты орындау әдісі, (АМТ-401) Ұңғыны күрделі жөндеу (ҰКЖ)
имитаторда жүргізіледі.
Қабат өткізгіштігін көбейту үшін ҰКЖ КЕЗІНДЕ ҚЫШҚЫЛМЕН
ӨҢДЕУДІҢ ЕЛІКТЕМЕСІ мақсаты тұз қышқылымен ұңғы түбін өңдеу
процесін моделдейді.
Еліктеме мақсатының жұмысы процесінде, айдау кезінде мүлтіксіз ауқымдар
және қышқылды ерітіндінің қажетті көлемдері басқарылмайды, ал тек
қышқылдың сіңуі, көріну және т.б. сияқты, барлық авариялық жағдайлар мен іс

қимылдың дәйектілігінің дұрыстығы көрсетіледі.
Модель мынадай шектеулер мен рұқсат етулерден тұрады:
*мақсатты жұмыстың кезеңді сызбасы (қатаң іс қимылдың дәйектілігі)
*айдау ұңғылары құбырларының тек бірөлшемді бағанасы қолданылады
*қышқылды өңдеу фильтр тесіктері арқылы жүреді

5
*сумен жаруға байланысты өнімді және әлсіз қабат ұңғы түбінде орналасады
Еліктеме мақсатын басқару үшін қолданылады:
*қабатты сумен жаруды басқаратын басқарғыш
*сағалық арматураның орны
Зерттелінетін іс-қимылының дәйектілігі мыналардан тұрады:
1.Алғашқы белгілерін орнату
Арматура сағасында:
*тығынды кранды жабу 3(үстінгі сол жақ)
*тығынды кранды жабу 4(үстінгі оң жақ)
*тығынды кранды жабу 5(астыңғы сол жақ)
*тығынды кранды жабу 6(астыңғы оң жақ)
Қабатты сумен жаруды басқару:
*тығынды кран 1 немесе тығынды кран 2 ашу
*сорапты қондырғының жетегін айыру
*араластырғыш машинаның жетегін айыру
*көмекші сорапты айыру
*сыйымдылық 0(жабық) – күйіндегі үшжүрісті кран
*сорапты агрегаттың мөлшері
*араластырғыш машинадағы ерітіндінің тығыздығы – 0,9-дан 1,5гсм3-қа шейін
Сөре алдында берілген, ерітінді тығыздығы, ұңғыдағы ерітінді тығыздығын
анықтайды. Есептің сөресін бастау. Алғашқы жағдайларды дұрыс орнатпаса
есеп сөресі басталмайды және алғашқы орнатулардың қатесі белгіленеді.
2. Қышқылмен өңдеудің параметрлерін есептеу.
2.1. Қабаттың қалыңдығы арқылы 1-кестеден қабатқа айдауға қажетті
қышқылды ерітіндінің көлемін анықтаймыз
2.2. Қышқылды ерітіндінің тығыздығын анықтаймыз
3. І-кезең. Тікелей жуу әдісі арқылы ұңғыға қышқылды ерітіндінің керекті
көлемін айдау.
3.1. Сыйымдылық 1 немесе 2 жағдайында үшжүрісті кранды қою. Қышқылды
ерітіндінің тығыздығын, қабатты сұйықтықпен жару басқармасынан (ҚСЖБ)
береміз, қышқылды агрегаттың жетегін (ҚАЖ), көмекші сорапты қосу және
қышқылды ерітіндіні дайындау процесі аяқталғанша күту. Кірістегі
ерітіндінің
тығыздығы қышқылды агрегаттағы ерітіндінің тығыздығымен теңесуі керек.
3.2. Арматура сағасында постындағы (АСП)-да 3 немесе 4, сосын 5 немес 6
тығынды крандарын ашу керек, сорапты агрегаттың жетегін қосу керек және
орташадан өзгеше, қозғалтқыштың валының айналымдарын және жылдамдық
беру керек
3.3. Қозғалтқыш валының айналымын және жылдамдығын өзгерту арқылы,
ұңғы түбінің қысымының керекті белгілерін орнату керек және қышқылдың
есептелген көлемін айдау керек.
3.4. Керекті көлемді айдап болған соң, ҚАЖ және көмекші сорапты, сорапты
агрегаттың жетегін қосу керек, АСП-дағы 3, 4, 5, 6 тығынды крандарын жабу
керек. Осымен бірінші кезең аяқталады

6
4. ІІ-кезең. Ұңғының КП-сындағы қышқылды ерітнідіні басу ерітіндісімен
басып тастау.
4.1. Егер қышқылдың есепті көлемі, өнімді қабаттың сағасынан жабынына
шейін құбыраралық кеңістікке (ҚАК) және СКҚ-дың мөлшерлік көлемінен аз
болса, өнімді қабаттың сағасынан жабынына шейін сақиналы кеңістікті
толтыру үшін СКҚ-дан ҚАК-ке қышқылды сығып апару үшін, ұңғыға басып
тастаушы ерітінді айдаймыз.
4.2. Ол үшін ҚСЖБ басып тастаушы ерітінді тығыздығын береміз, көмекші
сорапты қосып дайындау процесі аяқталғанша күту керек. Кірістегі
ерітіндінің
тығыздығы араластырғыш машинаның тығыздығымен теңесуі керек.
4.3. АСП 3 немесе 4 және 5 немесе 6 тығынды крандарын ашу керек, сораптық
агрегаттық жетегін қосу керек және қозғалтқыштың валының айналымын және
орташадан өзгеше жылдамдық беру қажет.
4.4. Қозғалтқыштың валының айналымының санын және жылдамдығын өзгерте
отырып, ұңғы түбі қысымының керекті белгілерін орнату керек және басып
тастау ерітіндісінің керекті көлемін айдау қажет, қышқыл өнімді қабаттың
сағадан жабынға дейін ҚАК толтыру үшін.
4.5. Басып тастау ерітіндісінің керекті көлемін айдап болған соң, сораптық
агрегаттың жетегін сөндіру қажет, кейін көмекші сорапты, АСП 3, 4, 5, 6
тығынды крандарын жабу керек. Осымен екінші кезең аякталады.
5. ІІІ-кезең. Қышқылды ерітіндіні қабатқа сығып апару.
5.1. Егер 1-ші кезеңде айдалған қышқыл көлемі өнімді қабаттың сағасынан
жабынына шейін барлық СКҚ және ҚАК алып жатып, сонда да есептіден кіші
болса, қабатқа сығып апаруды ұңғыда керекті мөлшерде қышқылды ерітінді
болғанша, қышқылды жалғастыра айдау арқылы жүзеге асыру керек. Ол үшін,
ҚСЖБ есептеуішінде тығыздықты өзгертпей, 3 немесе 4 тығынды кранын ашу
керек, көмекші сорапты және сорапты агрегаттың жетегін қосу керек. 1-ші
жылдамдықты және қозғалтқыш валының айналымын беру керек. Есепті көлем
айдалып болған соң, сорапты агрегаттың жетегін және көмекші сорапты өшіру
қажет, 3 немесе 4 тығынды крандарын жабу керек.
5.2. Егер 1-ші кезеңде айдалған қышқыл көлемі өнімді қабат сағасынан
жабынына шейін барлық СКҚ және ҚАК алып жатып, есептіге тең болса, онда
алдағы оны қабатқа сығып апаруды басқа тығыздықты басу ерітіндісімен
жасайды. Ол үшін тығыздық өлшегіш ҚСЖБ басу ерітіндісінің тығыздығын
белгілейміз, көмекші сорапты қосу керек және дайындау процесі аяқталғанша
күтеміз. Кірістегі ерітінді тығыздығы араластырғыш машинаның
тығыздығымен теңесуі керек. АСП 3 немесе 4 тығынды крандарын ашу керек
және 1-ші жылдамдықты және қозғалтқыш валының айналымын беру керек.
Егер алдыңғы кезеңде қышқылды СКҚ-дан ҚАК өнімді қабаттың жабынына
шейін басу сұйықтығымен сығып апарса, онда қабатқа сығып апаруды сол басу
ерітіндісімен жүзеге асырады. Ол үшін АСП 3 немесе 4 тығынды крандарын
ашу керек. Сорапты агрегаттың жетегін қосу керек және 1-ші жылдамдықты
және қозғалтқыш валына айналымдарын беру қажет.
5.3. Ұңғы түбінің қысымын қалыпқа келтіру үшін қозғалтқыш валының
айналымын өзгерте отырып, СКҚ-дан ҚАК-ке, ҚАК-тен қабатқа толық сығып

7
апару есебінен қышқылды сығып апару керек.
5.4. Сораптық агрегаттың жетегін сөндіріп, АСП-дағы 3 және 4 тығынды
крандарын жабу керек. Осымен қышқылмен өңдеу процесі аяқталады.
Қышқылдың породамен әрекеттесуі үшін ұңғыны бірнеше уақытқа шейін
тыныштыққа қояды (8-12 сағат, кейде одан да көп)
Апаттық жағдайларды басқару және анықтау
ҰКЖ-дің ЕЛІКТЕМЕСІН басқаруда ұңғыны қышқылмен өңдеудің еліктемесі
процесі кезінде қате іс қимылдар болуы мүмкін, бұлар КРС қондырғысын
басқару кезінде құрылғылардың сынуы мен ұңғы апатына әкеліп соғуы мүмкін.
Осындай қателіктерге ҰКЖ ЕЛІКТЕМЕСІНІҢ іс-қимылы мынадай
*қате туралы белгі беріледі – бұрғышының пультінде, ЦЖ пультінде және
құрылғыларды көрсетуші тақтада қызыл түсті шам жанады.(инженерлік
нүсқада қызыл белгі экранның сол жақтағы жоғары бұрышында пайда болады)
*егер қателік технологиялық процестің көрсеткіштерін өзгертсе, онда бұл
өзгерістер бақылау-өлшеуіш көрсетуші құралында көрінеді(инженерлік нұсқада
оперативті ақпарат бланкісінде)
*қателіктің атын және есептелінген айыптық уақыт үйренушінің журналына
жазылады, кейін жаттығуды орындап болған соң баспа құралына шығаруға
болады
Төменде мүмкін басқарудағы қателіктер, қателікке реакцияның суреттелуі,
қателіктерді жөндеудің түрлері келтірілген, егер олар қайтымсыз
қателіктерге
әкеліп соғатын болмаса:
Қышқылды және басу ерітінділерді айдау процесінде ұңғы түбі қысымын
келесі диапазонда ұстап тұру қажет
Рпл PзабPпгл (3)
мұндағы, Рпл – қабат қысымы
Pзаб – ұңғы түбі қысымы
Pпгл – жұту бастамасының қысымы
Диапазонның бұзылуы апаттық жағдайларғаәкеліп соғады
Жұту
Егер теңсіздік орындалса PзабPпгл (4)
Онда Жұту апаттық жағдайы орын алады. Мұнда мультипликация
нұсқаулары ұңғы түбінде ерітіндінің қабатқа енгенін көрсетеді. Апаттық
жағдайдың алдын алу үшін, шығынды басқара отырып, ұңғы түбі қысымын
азайту қажет.
Пайда болу
Егер теңсіздік орындалса PзабPпгл (5)
Онда Пайда болу апаттық жағдайы орын алады. Мұнда мультипликация
нұсқаулары ұңғы түбінде флюидтің қабаттан ұңғыға келгенін көрсетеді.
Апаттық жағдайдың алдын алу үшін, шығынды басқара отырып ұңғы түбі
қысымын көтеру қажет.
Шығатын тығынды кранды ашу
Егер басу ерітіндісін айдау процесі кезінде оның төменгі шекарасы НКТ
түбіне
шейін жетсе, қышқылды қабатқа сығып апару басталмаса немесе егер
қышқылды қабатқа сығып апару процесі кезінде 5 немесе 6 тығынды краны

8
ашық болса, онда бізде Шығатын тығынды кранды ашу апаттық жағдайы
орын алады. Оның алдын алу үшін 5 пен6 тығынды крандарын жабу керек.
Сорапты агрегаттың шамадан тыс артық жүктелуі
Егер сораптық агрегаттың жұмысы процесінде кірістегі қысым берілген
жылдамдықта мына жылдамдықтағы қысымның ең жоғары рұқсат етілгеннен
жоғары болатын жағдай туындаса, сораптық агрегат шамадан тыс жүктелу
болады. Бұл жағдайда сораптағы қысым берілген жылдамдықтағы ең жоғарғы
рұқсат етілгенге теңеседі, ал кірістегі шығын 0-ге тең болады.
Егер (РнP1max)v(PнP2max)v(PнP3max)v(P нP4max)(6) онда Сорапты
агрегаттың шамадан тыс артық жүктелуі апаттық жағдайы орын алады.
Сораптық агрегатты жөндеудің еліктемесі үшін оның жетегін өшіру қажет,
кейін қайта қосу керек.
Сораптық агрегат қоршалған
Егер сораптық агрегаттың жұмысы процесінде үшжүрісті кранды
сыйымдылық 0 жағдайына аударсақ, онда Сораптық агрегат қоршалған
апаттық жағдайы орын алады. Оның алдын алу үшін үшжүрісті кранды ашу
керек.
Фатальді апаттық жағдайлар
Егер еліктеме процесінде мақсат сыртқы басқарушы әсерлерге өзгермесе, онда
фатальді апаттық жағдай орын алады және әрі қарай жұмыс жасау пайда
әкелмейді. Мақсаттан шығу ұсынылады.
Келесідей фатальді апаттық жағдайлар анықталады
*қабатты сумен жару
*пайдалану құбырын жару
Егер теңсіздік орындалса
РеPэк.доп. немесе РзабPз.гр.
мұндағы, Ре – шығыстағы қысым
Ргр.доп. – қабатты сумен жаруда ұңғы түбіндегі рұқсат етілген қысым болса,
онда
қабатты сумен жару фатальді апаттық жағдай орын алады.
Егер теңсіздік орындалса Ре Pэк.доп. немесе Рн Pэк.доп.
мұндағы, Pэк.доп. – пайдалану құбырындағы рұқсат етілген жұмысты қысым,
онда пайдалану құбырын жару фатальді апаттық жағдай орын алады.
Жұмысты рәсімдеу
Жұмысты құру кесте жасау арқылы орындалады немесе жұмысты орындау
кезінде алынған көрсеткіштердің графиктері арқылы.
Түсініктемеге ұсыныс
Түсініктеме мынадан тұру керек
1) жұмыстың аты мен мақсаты
2) теориялық бөлім
3) тапсырма
4) зерттеудің структуралық сызбасы
5) есептеулер
6) жұмыс туралы қысқаша шешім

9
№2 зертханалық жұмыс
Өнімді аралықты сұйықты құмағысымен перфорациялау
Жұмыс мақсаты: Ұңғының өнімділігін көбейту үшін сұйықты
құмағысымен перфорациялау әдісін қолдануды үйрету.
Теориялық бөлім
Құмағынды сұйықтықпен тесу, абразивті және гидромониторлы әсерлер
сұйықтықтың сорғалаулары өлшенген құмды отынды қатты қысыммен саңылау
жасауға негізделген. Бұндай сорғалау бірнеше минут ішінде қорғаныш
колоннасына, цементтік сақинаға және қабаттың терең каналында жетеді де
ұңғымен және өнімді қабаттың аралығын байланыс жасайды.
Құмағынды аппарат қайрақты бұрғылап тесуші түтіктен тұрады, пысылды
болады. Аппаратты СКҚ мен түсіреді, құм сұйықтық қатты қысыммен
айдалады. Пысылдыдан қатты жылдамдықпен ағып шығып, секундына бірнеше
мың метрге барады, цементтік сақина қабатқа 1 м дейін кіреді.
Жұмыстың тізбегі келесі жүйемен жүреді. СКҚ арқылы ұңғыға перфоратор
түсіріледі. Ұңғыны жуғаннан кейін СКҚ-ға сығушы шарлы клапан және
сығушы жер бетіндегі жабдық СКҚ қысым арқылы, артық жұмысы 1.3 – 1.6 есе
артық. Шарлы клапанды кері жуыспен жуады, ал СКҚ-ға перфораторды
түсіреді. Содан соң сместительге сұйықтық араласқан құм айдайды 50 – 100
гл
, құм-су қоспанды 2-3 агрегат арқылы ұңғыға айдайды. Перфорациямен кері
жуып болған соң төменгі шарлы клапанды жуады.
Құмы бар сұйықтың үрлеуін екпінді 3-4 лс бір қабылдағанда . Сонымен
бірге қондымадан шыққан сұйықтықтың 200-260 мс, ал қысым құлама
қондырғыда 18.5- 22.0 МПа. Колонна мен жыныстық перфорация жылдамдығы
0.6 – 0.9 ммс; құбыр тізбегіндегі саңылау ені – 100 мм, ал қабатта 30-60,
ұзындығы - 1000 мм-ге шейін.
Перфорация ұзақтығы бір интервалға тең 15-20 минут. қатарлардан тұрады:
Бұл процесс ГПП біртіндеп
1) Бірінші шарлы клапанның босатылуы және жер бетіндегі
қондырғылардың сығылуы және СКҚ
2) Бірінші шарлы клапанды НКТ арқылы жуу кері жуу әдісімен
3) Екінші шарлы клапанның босатылуы және ұңғыға тікелей жуу арқылы
құм-су қосындын айдау перфорациялық тесіктер жасау мақсатымен ОК,
цементтік сақинада және жыныста.
Имитациялар обьекті ретінде бір интервалды ГПП алынды. Басқару үшін
имитациялық есеппен Құмағынды перфорация қолданылады.:
• Қабатты сұйықтықпен жару пульті (ҚСЖП)
• Сағалық арматура орны (САО)
Жұмыстың орындалу мақсаты
1. Бастапқы мәндерін қою
Сағалық арматура орны:
• Тығынды кранды жабу 3 (сол жақтағы жоғары)
• Тығынды кранды жабу 4 (жоғары оң жақтағы)
• Тығынды кранды жабу 5 (төменгі сол жақтағы)

10
• Тығынды кранды жабу 6 (төменгі оң жақтағы)
Қабатты сұйықтықпен жару пультінде:
• 1 немесе 2 –ші тығынды кранды ашу;
• Насосты қондырғыны берілісін өшіру;
• Араластырғыш машина берілісін өшіру;
• Қосалқы насостың берілісін өшіру;
• Үш жүрісті кран жағдайы – сыйымдылық 0 (жабық);
• Насостық агрегаттар саны – 1;
• Ерітінді тығыздығы задатчикке тығыздығы (ұңғыда) 1.0 ден 1.5 гсм3.
Стартқа дейінгі берілген тығыздығы, ұңғыдағы ерітіндінің тығыздығын
көрсетеді.
Старт есебін жасау. Бастапқы стартта шарттарды дұрыс бермесек
жасалмайды және тіркелмейді бастапқы қондырғыларымыз.
2. Сұйықты құмағысты перфорациялау параметрлерін есептеу.
3. I кезең. Бірінші шарлы клапанның босатылуы және жер бетіндегі
қондырғылардың сығылуы және СКҚ.
3.1. Үш жүрісті кранды сыйымдылық түріне қойамыз 1 немесе 2. ҚСЖП - ға
сұйықтылықтың тығыздығын береміз, көмекші насосты қосамыз.
3.2. Бірінші шарлы клапанды СКҚ–дан жібереміз (шарик кнопкасын басу
шарик -1 пулттегі ҚСЖП). Бұл жағдайда шарик үстіңгі ҚСЖП тесігін жауып
тастайды – қондырманы СКҚ-мен ҚАК-ті айырып тастайды.
3.3. тығынды кранды ашамыз 3 немесе 4. Насостық агрегаттық берілісін , 1-ші

жылдамдық және оборотты вал двигателін қосамыз. СКҚ-ды қысым арқылы
сығамыз 1.3 – 1.6 есе жұмыс қысымын перфорацияны асырамыз.
3.4. сығылғаннан кейін, насостың агрегаттың бірілісін өшіреміз және көмекші

насосты, тығынды крандарды жабамыз. 3 және 4 САО. Қысым манометрінде
кіре берісінде қысымның азғана төмендеуі байқалуы қажет.
3.5. тығынды кранды жабамыз 1.2 ҚСЖП -дағы (тікелей жуудан кері жууға).
Осымен бірінші кезең бітеді.
4. II кезең. Бірінші шарлы клапанды СКҚ арқылы кері айдау әдісімен жуу
4.1. ҚСЖП-дағы тығынды кранды ашамыз 1 және 2. Сонымен бірге
мультипликацияны шлангілерін тіке жуудан кері жуу әдісіне асыра қақтырады.
4.2. ҚСЖП-дағы сұйықтықтың тығыздығы өзгертпей, көмекші насостың
берілісін қосамыз.
4.3. САО-дағы пробкалы кранды ашамыз. 3 немесе 4.5 немесе 6 . Насостың
агрегаттық берілісін қосып, жылдамдығын береміз, өте жақсы бейтарап және
қозғалтқыш айналым валы.
4.4. Жылдамдығы мен қозғалтқыштың вал айналымын өзгертпей, СКҚ-дың
ішінен кері жуу арқылы бірінші шарлы клапонды жуамыз. Оның
мультипликациясындағы жітуі түйіршіктің шайырлануының жанында емес
болып табылады, НКТ-ны шарик жағдайы биіктік параметрінде нөлге тең.
4.5. Насостық агрегаттың берілісін және көмекші насосты өшіреміз, пробкалы
крандарды жабамыз. 3,4 және 5,6 САО - дағы.
ҚСЖП-дағы 1-ші және 2-ші пробкалы кранды жабамыз (кері жуудан тіке жууға

11
ауысу үшін).
Осымен 2-ші кезең бітеді.
5. III кезең. Екінші шарлы клапанды тастап, ұңғыға тікелей айдау әдісімен
перфорациялық саңылаулар жасау мақсатында құм сұйық қоспасын
айдаймыз. Цементтік сақинада және жыныста.
5.1. ҚСЖП-ға құмды сұйық қоспасын тығыздап орнатамыз, көмекші насосты
және СМ қосамыз.
5.2. Екінші шарлы клапанды СКҚ-ға тастауды іске асырамыз.(шарик 2
кнопкасын басамыз, пулттағы). Сонымен бірге шарик ҚСЖП–ға төменгі
саңылауменқондырмасын бітейді.
5.3. ҚСЖП -ғы 1 немесе 2 тығынды кранды ашамыз. Сұйықтықтың тығыздығы
кіре берісте жылжытушы машинаның тығыздығымен теңеруі тиіс, ал
мултипликация шлангалары кері жуудан тікеге ауысады.
5.4. ПУА-ғы 4 немесе 3 және 5 немесе 6 тығынды кранды аламыз.
Бақылау және авариялық жағдайды танып білу.
Имитаторды басқаруды ҰКЖ имитация быарсында паймен өңдеу
перфорациясында қате болуы мүмкін, ҰКЖ қондырғысын басқару барысында
жабдықтардың бұзылуына немесе ұңғы авариясына әкелуә мүмкін.
КРС имитатор әсері келесілерден тұрады;
• Қате туралы сигнал беріледі-бұрғылаушының қолындғы пультте қызыл
лампочка жанады, ЦЖ пульті, қабатты сумен жару , пультті, стоикадағы
қуралды көрсетеді (инжинерлік варианты қызыл сигнал жоғары сол жақ
бұрышта экранға шығады).
Егер қателік параметірлері технологиялық процестің өзгеруіне әкелсе, онда

бұл олшеулер контрольда-өлшегіш приборда көрсетіледі (инжинерлік
вариантта бланк оперативті мәліметтер)
• Қателік аты, есептелген айып уақыты журналға жазылады (есепті
орындау хаттамасы) үйретушіге , есепті орындап болғаннан кейін қағаз
шығарушы құралдан шығарып алуға болады.
Төменде басқару мүмкін қателік тізімі жүргізіледі, егер ол қайтарымсыз
зардаптарға әкелсе (қондырғы шарттары ҰКЖ)
1-ші типтік авалиялық жағдай, есептен шығаруға алып келмиді. Құм сулы
сұйықтықтың қоспа қондырмадан өтіп болу барысында перфарация
жасалғаннан кейін, қабаттық қысымды келесі диапазонды ұстауға ұсынылады.
Рқаб Pтүп Pжұт (1)
мұндағы, Р қаб – қабат қысымы, кгсм2
Pжұт – жұтылу қысымы кгсм2
Диапозонда бұзылу келесі авариялық жағдайларға әкеледі.
Жұтылу
Егер құм сулы сұйықтықтың айдау барысында қабат пен ұңғы арасында
қатынас блғаннан кейін , түптік қысым жұтылу қысымынан асып отеді, онда
авариялық жағдай орын алады.
Егер Pтүп Пжұт онда “Жұтылу‟ қатынасы беріледі (2)
Сонымен ұңғыға ерітінді түскенде мультипликация түптік аймақ стрелкасы
көрсетеді. Авариялық жағдайдың алдын алу үшін, шығымды басқару немесе

12
түптік қысымды түсіру қажет.
Сулану
Егер құм сулы сұйықтықтың айдау барысында қабат пен ұңғы арасында
қатынас блғаннан кейін, авариялық жағдай орын алады.
Егер Pтүп Р қаб қатынас белгілері „сулану‟ (3)
Бұл жағдайда мультипликация стрелкасы түпкі аймақ ұңғыға флюидтік
қабаттан ұңғыға түсуін көрсетеді. Авариялық жағдайдың алдын алу үшін,
шығымды басқару, түптік қысымды көтереміз.
Насостық агрегатты шамадан тыс жүктеу
Егегер насостық агрегаттың жұмыс жасап тұрған кезінде кірістегі қысым
иаксималды жылдамдықтан асса, онда агрегат шамадан тыс жүктеледі.
Сонымен бірге насостағы қысым максималды жіберілу жылдамдығына дейін
теңеледі, ал шығым кіре берісте нолге түсіріледі.
Егер: (Рн ≥ Р1max ). (Рн ≥ Р2 max), (Рн ≥ Р3 max), (Рн ≥ Р4 max) (4)
Онда насостың “шамадан тыс жүктелу” белгісі беріледі.
Насостық агрегатты жөндеу үшін оның берілісін сөндіру керек, содан соң
қайта қосамыз.
Жұмысты рәсімдестіру
Жұмыстың нәтижесін жұмыс барысында алынған параметірлерімен, кесте
және сызбалармен рәсімдейді.

№3 зертханалық жұмыс
Дифференциальды манометрдің құрылысын және жұмыс жасау принципін
оқу
Жұмыс мақсаты: Дифференциальды манометрдің құрылысын және
жұмыс жасау принципін оқу
Теориялық бөлім:
Тереңдік өлшеудің негізгі мақсаты:
белгілі-бір тереңдіктегі қазіргі уақыттағы физикалық шаманың мәнін
өлшеу ( қалыптасқан фильтрация үрдісін зерттеу);
уақыт байынша мәннің өзгеруін тіркеу (фильтрацияның қалыптаспаған
әдісін зерттеу);
Ұңғы бойында тереңдіктің өзгеруіне байланысты мәннің өзгеруін тіркеу
(геотермиялық градиентті және температуралық аномалияны анықтау,топтама
зерттеуі т.б.),
Ұңғы құралдары өлшеу мағлұматына сигнал беру түріне байланысты екі
категорияға бөлінеді:
автономдық, сигналдар ұңғы құралында тіркеледі;
дистанциондық, сигналдың кабель бойынша сыртқа шығуын қамтамасыз
етеді және жер бетіндегі аппаратта көрсеткішін тіркейді.
Автономдық ұңғы құралдары уақыт бойынша қысым және температураны
өлшеу кезінде және қабатты сынау бағытында ұңғыларды пайдаланғанда көп
қолданылады. Дистанционды өлшеу құралдары көбінесе

13
өнімдерді,температураны өлшеу,сұйықтықтың құрамын білу үшін және ұңғы
бойында бірнеше параметрді бір уақытта өлшеу үшін қолданылады.
Автономдық құралдар өлшеу өзгертушісінен және тіркеу құралдарынан
тұрады. Көрсеткіштер әр түрлі арнайы сағат жетектері немесе күшейтілген
сағат жетектері арқылы ауысып тұратын жазғыш құралмен (немесе қаламұш)
диаграмма бланкісіне тіркеліп, тұрады (1-кесте).

Кесте №1 Сағат қозғалтқышының сипаттамасы

Көрсеткіштер Сағат жетегінің түрі
26 27 233 229 230 231 232 211
Жүріс ұзақтығы, сағ 15 15 2 4 8 16 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізінің шельфі
Мұнай және газ қоры
Ұңғылардан өндірудің ұңғы
Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі
Барлау ұңғымаларын ашу мен қысқа уақытта пайдалану
Маңғыстаумұнайгаз АҚ- ның ішкі шаруашылық жоспарлау басқармасы
Ағымдағы игеру жағдайын талдау
Газлифт әдісінің түрлері
Ұңғымаларды пайдалану әдістері
Мұнай мен газдың физика - химиялық қасиеттері
Пәндер