Қазақстанның жылқы шаруашылығы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның жылқы шаруашылығы

Жылқы шаруашылығы - ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірi. Оның адамдарға тигізетін ең маңызды өнімі - ол әр түрлі механикалық жұмыстарды атқарады.

Алғашқы (5 мың жыл бұрын) жылқыларды өсiруi ет өндіруге бағытталды. Бiрақ адамдар жылқының әртүрлі жұмыстарға қабiлетті екенін бiлiп - жылқының күшiн, жылдамдығын, шыдамдылығын, жұмысқа қабiлеттiлiгiн жетiлдiрiп, әсiресе соғыста пайдалануға кееркті қасиеттерін жетілдіруге арналған селекциялық жұмыстар жүргiзе бастады [1] .

Адамдар ерте заманнан бастап жылқыны өсiру технологиясын жетiлдiріп, сұранысқа сәйкес келетiндей әр түрлi тұқымдар шығара бастады.

Жылқыларды өсiру технологиясы жәйында, оларды сұрыптау, бейімдеу, азықтандыру және сонымен қатар жылқы зауытындағы жас малдар өсіру туралы ақпараттар жинақталды. Қазiргi жағдайда, жылқының рөлi бiрталай өзгерген кезде, асыл тұқымды жылқы шаруашылығы даму үстiнде [2] .

Қазiргi кезде жылқының істеген жұмыстардың көпшілігін машиналар атқарады, бiрақ соған қарамай жылқы жануары бұрынғыдай адамға ең жақын және қажет болып қалды. Жылқының қолдану сферасы қысқарып қалған жоқ, қайта үлкеюде, әсіресе спорт бағытында қолданылуы көбейе түстi

Қазiргi уақытта бұл сала, белгiлi бiр дәрежеде өзiнiң құрылымын және өзiнiң негiзгi мақсаттарын күрт өзгерткен. Қазiргі кезде жылқылардың көп бөлiгi жеке тұлғада немесе жеке меншiкте және оның үлесi тоқтаусыз өсуде [1] .

Көп жыл бойы жылқы малы адамға сенiмдi қызмет етiп келедi. Онсыз қазіргі өркениетті елестету мүмкiн емес. Жылқы малы адамды бейбіт, еңбекте де, соғыста да бiрге болып, жолдасы мен асыраушысы болды. Ол ұлттық эпостарда, бейнелеу туындыларда және әлемдiк көркем әдебиеттерде ойып тұрып, орын алды. Бiздiң қазақ халықының тарихына жылқы малының атқарған ролi орасан зор [3] .

Жылқы шаруашылығы - техникалық прогресстегі спецификалық шарттарға қарамастан, өз мәнін жоймаған мал шаруашылығының маңызды бір түрі. Аталмыш шаруашылық халық тұтынысын қамтамасыз ету үшін, яғни күш ретінде, ет және тері өнімдері, қымыз алу үшін де қажет.

Өзінің мәні бойынша жылқы шаруашылығы мал шаруашылығының басқа түрлеріне қарағанда өте құнды шаруашылық түрі. Жылқының тікелей ролін техника мен үздік дамыған өндірістік күш өзгертсе де, адамның санасы мен даму үрдісі шаруашылықтың осы түрімен байланысты болып қала береді.

Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетілдіе түсті. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпал тигізеді [1] .

Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқвға деген талап-тілек артып отыр.

Еліміздің ерте кезден ақ Жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты [2] .

Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады [3] .

Жылқы шаруашылығы ерте кезден бастап қазақ халқының өмiрiнде үлкен қызмет атқарған және ауыл шаруашылығында тарихи қалыптасқан сала болып табылады. Жылқы малы жұмыс күшi ретiнде, еттi және сүттi жануар ретiнде қолданылады. Көшпендi шаруашылықта олар ең басты көлiк құралы ретiнде қызмет еттi. Бұл жағдайға аттарды, айғырларды және ту биелердi пайдаланған. Қазiргi уақыттарда жылқы малы өзiнiң маңызын төмендеткен жоқ. Көлiк күшi ретінде күрделi техникамен техникалық прогреске қарама қайшылық тудырмайды, қайта өндiрiлетiн өнiмнiң өзiндiк құнын арзандатып сәттi толықтырады [4] .

Қазақстанда жылқы шаруашылығы ауыл шаруашылығында ең басты саласының бiрi болып табылады. Қазiргi Қазақстан территориясындағы жылқылар санының өсiп және азайуы әсерi ауа - райы факторына және басқада тарихи себептерге байланысты Бұл саланың дамуының көп жылдық деректері даму динамикасының бір қалыпты емес екенін көрсетеді [5] .

Қазiргi кезде Республикада жылқы шаруашылығында жылқыны пайдалану: жұмыс-қолданыс, өнiмдiлiк, спорттық және асыл тұқымдық бағыттарға бөлiнедi [6] .

Механикаландырылған ауылшаруашылық өндірісте жылқы тек қана күш ретінде емес, сонымен қатар ет, сүт, асыл тұқымдық және спорттық бағытта қолданылады. Жыл сайын жылқының маңызы ұлғаюда, яғни адамзат үшін ол демалыс, туризм және көптеген ат спорт түрлерінде қызмет етуде.

Қазіргі кезде республиканың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағыттының дамуымен байланысты және энергетикалық қорларды қатал үнемділігіне бағыт алынғаннан бастап, жылқыларды ішкі шаруашылық жұмыстарға қолдану, энергетиктер үшін өте маңызды және тұрақты резерв ретінде қарастырылады.

Қазақстанда жылқы басының азаюы байқалса да, соңғы жылдары ат спорт түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Сол түрлердің арасында орта және ұзын қашықтықтағы бәйгелер, ұлттық ат - спорттық ойындары мен жарыстар да пайдаланады: яғни, қыз - қуу, көкпар және басқалар. Қазiргi кезде классикалық және ат спорты түрiнiң маңызы артып бiр қатар елдерде бiрiншi орында тұр. Ұлттық ат спортымен, ат ойындарын адамдардың көру мүмкiндiгi ұлғайып кең етек алуда.

Әр түрлi тұқымдық спортық бағыттағы жылқылар елiмiзде кеңiнен таралды. Оларға кәсiптiк түрi - бәйге, олимпияда, ипподром ат жарыстары және классикалық түрiне - қарапайым мiнiс қыдыру, туризм және экипаж жатады. Бұл ауылшаруашылық саласының бағыттары тез дамып оның масштабы бiрнеше есеге ұлғаюы мүмкiн.

Қазiргi уақытта бұл сала белгiлi бiр дәрежеде өзiнiң құрылымын өзгерткен. Қазiргі кезде жылқылардың көпшілігі жеке меншiкте және оның үлесi тоқтаусыз өсуде [7] .

Жылқыларды қолданудың әмбебаб сұранысы әртүрлі бағыттағы жылқы тұқымдар өсіруді талап етеді, сондықтан республикада кең қолдануда жергілікті қазақ, мұғалжар, көшім және желгіш тұқымды жылқылар өсіріледі. Сонымен қатар салт мініс жылқы шаруашылығының дамуына да көп көңіл бөлінеді. Ғалымдар мен жылқы өсірушілердің бірлескен еңбегімен - (1951 жыл) Қостанай салт - жеккі түрі, (1976 жыл ) көшім және (1998 жыл ) мұғалжар ет - сүт бағыттағы жылқы тұқымдары шығарылған және кеңінен қолданылуда.

Қ. Р-да соңғы жылдарында жылқылар санының тұрақты өсуі байқалады. 2000 жылдан 2007 жыл аралығынада жылқылардың жалпы саны 976, 0 мыңнан 1 млн. 348, 7 мың басқа (+ 375, 7) өсті, соның ішінде бие саны 65, 6 мыңға дейін өсті. Айта кететіні, ең негізгі өсімді +258, 8 мың баспен жеке тұлғалар иеленуде, ал екінші орында +116, 7 мың бас санымен шаруа қожалықтары ие болады. Бұның ішіндегі оңтайлы факторға биелердің үлесі артуы болып жатады. Егер Кеңес дәуірінде оны 30 %-ға дейін ешбір көтере алмаса, онда қазіргі уақытта биелердің орташа пайызы 35, 8-ге дейін өсті. Жеке тұлға иелерінде ол 37, 6-дан 39, 0 % арасында.

Қазір 100 бас биеге келетін құлын саны артуда. Яғни, шаруашылықтардың бүкіл категориясы бойынша ол 79-80 %, жеке тұлғаларда 85 %-ға дейін, шаруашылық қожалықтарда 80 %-ды және ауыл шаруашылық қәсіпорындарында 56-дан 64-ке дейін %-ды құрайды.

Бірақ, егер жылқы санының жалпы өсімі қанағаттанырлық болса, сапа жағынан мал басының алға басуы төмен болып тұр. Өткен ғасырдың 90 жылдарында Қ. Р-да асыл тұқымды жылқылардың саны 9 % болған. Қазіргі уақытта олардың саны 1 % ғана құрайды. Жылқы тұқымын толық жетілдіруін қамтамасыз ететін минималды көрсеткіш - жалпы саннан асыл тұқымды жылқылар 7-10 % құрайды.

Ауыл шаруашылық Министірлігі Қ. Р-да жылқылардың 13 тұқымы мен түрлерін өсіру ұсынады. Салт (міңгі) атарының ішінен - ағылшын таза қаңды міңгі, араб, ахалтеке; салт-жеккі ішінен - қостанай, дон; желісті ішінен - орыс желісті және орыстың ауыр жүк тартатыны; ет-сүтті бағытының ішінен - мұғалжар, қазақтың жабы типті, көшім, адай және етті кабы типті жылқылары. Осы тұқымдармен селекциялы-асылдандыру жұмысымен 45 асыл тұқымдық жылқы зауыттары мен шаруашылықтары айналасады. Асыл тұқымды мал басының ішінен өнімділігі жағынан 76 %, салт және салт-жеккі ішінен 22 % және желістіден 2 % алады.

Жылқы шаруашылығы бойынша Қазақстанда келесі бағыттар қалыптасты: өнімділік, жұмысқа қолданылатын, спорттық және асыл тұқымдық. Асыл тұқымды жылқы шаруашылығы бүкіл бағыттарды қамтиды. Жұмысқа қолданылатын жылқылардың міндеті, малдың барлық түрлеріне қызмет ету және кішкене ара қашықтыққа ауыр жүк тасу, содан кейін жылқыларды шекара әскерлері үшін, көбінесе таулы аймақтарда жұмысқа қолданады. Сонымен қатар жылқы полициясы жұмысында да пайдаланылады.

Қәзірден бастап спорт және ет-сүт бағыттағы жылқы саны биік екпінмен көбее түсуде. Ғалымдар мен жылқы өсірушілердің пайымдауы бойынша Республикада жылқылардың саны 2010 жылдарда 2 млн-ға дейін жетеді. Ал бағыттарын алсақ, олар өзгеріссіз қалады деуге де болады.

Осымен орайлас алдағы Бүкіл дүние жүзілік Сауда Ұйымына кіруге байланысты Қазақстан бидайдан басқа, жылқы етімен және одан жасалынған ұлттық тағамдарын экспортқа шығара ала бастайды. Бұл, саланың дамуына үлкен қозғау бере алады.

Жер бетінде мінілетін аттардың 50-ден астам түрі бар, мініуге әрі күш ретінде пайдаланатын түрлері одан да көп. Оның дәлелі жылқы шаруашылығы саласындағы талантты мамандардың үздіксіз еңбектері мен зоотехниканың бай тәжірибесінің бүгінгі күні бізге белгілі нәтижелері.

Қазақстан ертеден жылқы шаруалығы дамығандығымен атақты болса да, Қостанай жылқы тұқымының пайда болуына өте көп уақыт өтті [7] .

Қостанай жылқы тұқымы - Қазақстандағы ең көп таралған тұқымның бірі. Тұқымдық негізде Қазақстан және басқа ТМД елдеріндегі жалпы жылқы шаруашылығын жақсартуға қолданылады. Қостанай жылқысы бірталай жақсы пайдалы қасиет иеленгендіктен жергілікті жылқыларды және Қазақстан аумағында бұл тұқымды өсірудің болашағы бар екендігін көрсетті [8] .

Жылқы өсіру мен тұқымын асылдандырудың генетикалық негізі және аталықтарды дұрыс пайдаланудың тиімділігі. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда жылқы шаруашылығы өркендей бастады. Жылқы негізінен алғанда, әскери мақсатта керек болды, сонымен қатар оны ауыр жұмыстарда күш көлігі ретінде де пайдалана бастады. Бұл кезеңде үй малдары тек түрлерге ғана жіктелген, себебі тұқым деген ұғым әлі жоқ еді. Сондықтан, жануарларды дене бітіміне қарай бағалау түсінігі қалыптасты. Мысалы, таулы Алтай скифтері жылқының екі - тапал және жүйрік түрін өсірді.

Орта ғасырларда мал шаруашылығының барлық салалары ішінде жылқы шаруашылығы жақсырақ дамыды. Шығыста жауынгер арабтар ахалтеке және араб жылқыларын шығарды. Бұл тұқымдар, кейін европа жылқыларының көптеген тұқымдарын жақсартты. Арабтарда асыл тұқымды жылқы өсірудің белгілі тәсілдері қалыптасты, олар жылқыны экстерьеріне қарай ғана емес, шығу тегіне қарай да сұрыптап, іріктеді. Римде рим жылқысы, Европаның батысында, серілік ауыр салмақты жылқы шығарылды. Мұнда асыл тұқымды жылқы өсірудің орталықтары болған жылқы зауыттары құрыла бастады.

X-XII ғасырда Киев Русінің князь иеліктерінде жылқы зауыттары өмірге келіп, жылқының екі түрлі тұқымы (жеңіл және ауыр салмақты) шығарылды. Мәскеу Русі кезеңінде боярлар мен князьдердің де жеке зауыттарымен қатар мемлекеттік жылқы зауыттары пайда бола бастады. «Жылқы өсірушілер» деген ерекше лауазым енгізілді. Бұл сол кезеңдегі мал шаруашылығының

ғылыми-тәжірибелік негізінің алғашқы нышандары еді[8] .

Капитализмнің бастапқы кезеңінде малдың жаңа тұқымдарын шығару қауырт жүргізілді. Бір, XVIII ғасырдың өзінде ғана, жануарлардың (ірі қара, қой, жылқы, шошқа және құс) 100-ден астам тұқымы шығарылды. Малдың жаңа тұқымдарының былайша қауырт шығарылуы сол кездегі үй жануарлары белгілерінің алуан түрлі өзгергіштігіне (нәсілдік қорына), сондай-ақ азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларын жақсартуға байланысты еді. Ағылшын мал өсірушілері Р. Беквелл, Ч. Коллинг, И. Тулей дүниежүзілік маңызы зор жаңа мал тұқымдарын (ірі қараның шортгорн, герефорд тұқымдарын, ірі ақ шошқаны, лейстер қойын, ағылшынның желісті жылқысын) шығарды. Ресейде XVIII ғасырдың екінші жартысында, орлов желісті жылқысы шығарылды. Бұл кезеңде малдың жаңа тұқымдарын шығарумен қоса, оларды өнімділіктеріне қарай бағыттап өсіру жұмыстары да жүргізілді.

XVIII - XIX ғасырларда асыл тұқымды мал шаруашылығы қарқынды дами бастады. Көптеген елдерде жылқы зауыттары ұйымдастырылды. Жануарларды азықтандыру және күтіп-бағу жағдайлары айтарлықтай жақсарды. Зауытшылардың бірігіп істеген мал жетілдіру жөніндегі жұмыстары асыл тұқымды мал өсіру ісінде айтарлықтай табысқа жетуге мүмкіндік берді.

1773 жылы Англияда асыл тұқымды жылқы өсірудің алғашқы кітабы пайда болды, кейін басқа елдерде де әр түрлі асыл тұқымды мал өсіру кітаптары шыға бастады. Еркек малды ұрпағының қасиеттеріне қарай бағалау әдісі енгізілді және асыл тұқымды малдардың көрмелері ұйымдастырылып, ипподромдарда жылқыларды сынау шаралары жүргізілді. Мал өсіруші селекционерлер тәжірибелерінің негізінде жануарларды сұрыптау және жұптау әдістері қалыптасты, олардың өнімділік және тұқымдық сапалары жақсарды [8] .

Қазақстанда қазіргі заман талабына сай интенсивті жылқы шаруашылығын өркендетудің басты кепілінің бірі - өсіріп отырған жылқы тұқымын қоғамның дамуына сәйкес ұдайы жақсарту, қажет болса жаңа жылқы тұқымдарын шығару. Мал шаруашылығының барлық саласындағы сияқты, жылқы шаруашылығында да өндірілетін өнім түрі, мөлшері, сапасы, құны сайып келгенде өсіріп отырған жылқы тұқымына тікелей байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Міністі жылқы тұқымы
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Дон жылқы тұқымы
Башқұр жылқы тұқымы
Ендігі кезекте мал шаруашылығы саласының бәсекеге қаблеттілігін арттыру
Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Жылқы тұқымдары
Қазақстанның мал шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz