Қостанай жылқы зауытының тарихы



Қостанай жылқы зауытына 120 жыл толды. Ол 1888 жылы император сарайының графы, генерал-адъютант Воронцов – Дашковтың жарғысының негізінде құрылған.
Жылқының Қостанай тұқымы 1880-1950 жылдары, жергілікті қазақы аттар мен орловтық, дондық тағы да басқа түрлі жылқылармен будандастыру арқылы алынды. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында қазақы аттардың сапасын жақсарту үшін үш мемлекеттік жылқы орындары ашылды: Оренбургте – 1886 жылы, Торғайда – 1887 жылы, Қостанайда – 1887 жылы.
1895 жылы ат қорада 320 жылқы басы болды. Ол Ресейде ең ірі ат қорасы болып саналды. 1898 жылы Қостанай ат қорасының іргетасында жергілікті қазақ жылқыларын өсіруге арналған орындар ашылды. Жылқы өсіретін орынның штаты 300 биеден және 30 айғырлардан тұратын. Жылқы өсіру орындарының мақсаты – үйіріге жақсы бейімделген және ірілігі бойынша іріктелген, ешбір басқа тұымдармен будандастырылмаған, тек күтіп-бағу мен азытандыру жағдайын дұрыстату арқылы қазақ жылқыларын жақсарту болып келді. 1923 жылға дейін қазақ жылқыларын «өз ішінде» өсірді. Осы кезең ішінде бірнеше ұрпақ өсірілді.
1921 жылы жылқы зауыты № 48 Қостанай жылқы зауыт аттына өзгертілді.
Бүкіл әлемдік жылқыны зерттеу ғылыми институтының қызметкерлерінің басқарылуымен әдістемелік жұмыс жүргізілді. Бірінші тәжірбие 1934 жылы басталды, ал 1938 жылдары жоспарлы және мақсаты бағытта болды.
Бұл тұқымның қалыптасуы 4 сатыдан тұрды. Бірінші сатыда (1898-1908 ж.ж) басқа қанды араластырмай алған қазақы жылқының 3 үрім-бұтағы алынды. Екінші сатыда 1908 жылы, дондық жылқы түрі мен қазақы жылқының асыл тұқымын будандастыру арқылы, ал үшінші сатыда жартылай қанды жылқылар мен жоғары қанды жылқылардың түрлерімен будандастыру жұмыстары жүргізілді. .
Будандастырудың соңғы кезеңінде (1938 жылдан) мамандардың ең бірінші тәжірибелері қостанай тұқымдарын шығарудан, яғни өсіруден басталды. Бұл кезден бастап қостанай биелерін өз тұқымды, бірақ туыс емес өндіруші айғырлармен шағылыстыра бастады. 1946 жылы толығымен, таза қанды қостанайлық тұқымы алынды.
Халқымыздың қазынасы, қостанай жылқысының шығуы орасан зор жұмыстардың жемісі. Оны жергілікті қазақ биелерін қалмақ, дон, стрелец, орлов-ростоптың айғырымен шағылыстырып, одан туған құлындарды таза қанді мініс айғырларымен будандастыру арқылы дүниеге келген. Осылай сұрыпталудың арқасында шапшаң, қарқынды және дене бітімі біршама ірі жылқы түрі алынды. Кейін бұлар қостанай тұқымының негізін қалаушылары болып келеді. Қостанай зауытында ең біріншілері Зевс – 1935 жылы туған,
1 Справочник по коневодству /Н.В.Анашина, Ю.П.Гусев, В.С.Ковешников и др.; Сост. Ю.П.Гусев. – М.: Колос, 1983. – 158 б.
2 Коневодство (На основе пособия П.А.Федотова «Коневодство»). – Донецк: донеччина, 2000. – 224 б., с илл. Серия «В помощь фермеру».
3 Коневодство /К.Б.Свечин, И.Ф.Бобылев, Б.М.Гопка. – М.: Колос, 1984, - 352 б., ил. – (Учебники и учеб. пособия для высш. с.-х. учеб. заведений).

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай жылқы зауытының тарихы

Қостанай жылқы зауытына 120 жыл толды. Ол 1888 жылы император сарайының графы, генерал-адъютант Воронцов - Дашковтың жарғысының негізінде құрылған.
Жылқының Қостанай тұқымы 1880-1950 жылдары, жергілікті қазақы аттар мен орловтық, дондық тағы да басқа түрлі жылқылармен будандастыру арқылы алынды. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында қазақы аттардың сапасын жақсарту үшін үш мемлекеттік жылқы орындары ашылды: Оренбургте - 1886 жылы, Торғайда - 1887 жылы, Қостанайда - 1887 жылы.
1895 жылы ат қорада 320 жылқы басы болды. Ол Ресейде ең ірі ат қорасы болып саналды. 1898 жылы Қостанай ат қорасының іргетасында жергілікті қазақ жылқыларын өсіруге арналған орындар ашылды. Жылқы өсіретін орынның штаты 300 биеден және 30 айғырлардан тұратын. Жылқы өсіру орындарының мақсаты - үйіріге жақсы бейімделген және ірілігі бойынша іріктелген, ешбір басқа тұымдармен будандастырылмаған, тек күтіп-бағу мен азытандыру жағдайын дұрыстату арқылы қазақ жылқыларын жақсарту болып келді. 1923 жылға дейін қазақ жылқыларын өз ішінде өсірді. Осы кезең ішінде бірнеше ұрпақ өсірілді.
1921 жылы жылқы зауыты № 48 Қостанай жылқы зауыт аттына өзгертілді.
Бүкіл әлемдік жылқыны зерттеу ғылыми институтының қызметкерлерінің басқарылуымен әдістемелік жұмыс жүргізілді. Бірінші тәжірбие 1934 жылы басталды, ал 1938 жылдары жоспарлы және мақсаты бағытта болды.
Бұл тұқымның қалыптасуы 4 сатыдан тұрды. Бірінші сатыда (1898-1908 ж.ж) басқа қанды араластырмай алған қазақы жылқының 3 үрім-бұтағы алынды. Екінші сатыда 1908 жылы, дондық жылқы түрі мен қазақы жылқының асыл тұқымын будандастыру арқылы, ал үшінші сатыда жартылай қанды жылқылар мен жоғары қанды жылқылардың түрлерімен будандастыру жұмыстары жүргізілді. .
Будандастырудың соңғы кезеңінде (1938 жылдан) мамандардың ең бірінші тәжірибелері қостанай тұқымдарын шығарудан, яғни өсіруден басталды. Бұл кезден бастап қостанай биелерін өз тұқымды, бірақ туыс емес өндіруші айғырлармен шағылыстыра бастады. 1946 жылы толығымен, таза қанды қостанайлық тұқымы алынды.
Халқымыздың қазынасы, қостанай жылқысының шығуы орасан зор жұмыстардың жемісі. Оны жергілікті қазақ биелерін қалмақ, дон, стрелец, орлов-ростоптың айғырымен шағылыстырып, одан туған құлындарды таза қанді мініс айғырларымен будандастыру арқылы дүниеге келген. Осылай сұрыпталудың арқасында шапшаң, қарқынды және дене бітімі біршама ірі жылқы түрі алынды. Кейін бұлар қостанай тұқымының негізін қалаушылары болып келеді. Қостанай зауытында ең біріншілері Зевс - 1935 жылы туған, Диктор - 1936 жылы туған, Забой - 1943 жылы туған, Бурелом - 1943 жылы туған және Тростник - 1941 жылы туған жылқылар болды.
Ең тәуір жылқылар болып, (34) қандылығы таза қанды міңгі тұқымынан, ал қалған (14) қандылығы қалған тұқымдарынан.
Қостанай, Майкөл, Қостанай облысы тұқымдық фермалары, колхоздары және Челябі облысы Тройцк жылқы зауыттарының көптеген жылқы мамандары коллективтерінің ғылымдармен қызметтесулерінің арқасында 1951 жылы ССР Одақ Министрлігі Кеңесі СССР Ауыл шаруашылық министрлігінің ұсынысын қабылдап, отандық жаңа тұқым жылқысына Қостанай атауын бекітті [9].
1951 жылдың 22 наурызында СССРо Министрі қаулысымен 904-ші номер бойынша тұқым ресми түрде бекітілгеннен соң, асыл тұқымды шаруашылықта өнімділігін жоғарлататын таза тұқымды жылқылардың саны көбейе бастады. Жаңа тұқым жасау жұмыстарымен қатар сапасы, әлділігі, сымбаты, жергілікті жағдайға бейімдігі бойынша жылқыны іріктеу басталды.
Осылай 1921 - 1951 жылға дейін салт-жегінді Қостанай жылқысы тұқымына тоқтаусыз жүргізілген жұмыстар апробациямен бітті. Осы тұқымның белгілі ерекшелігі қолданылуға жан - жақтылы бағытталған болып табылады. Бұл тұқым салт-жеккі және спорты жарыстарында өзінің жетістіктерін көрсетті.
Қиын уақыттың ауыспалы кезеңінде жылқы зауытында, жылқы шаруашылығында және ат спортында артта қалушылық өте айқын көріне бастады. Белгілі жағдайлардың біразы Қазақстанда және ТМД елдерінде жылқы спорты мен жылқы шаруашылығының деңгейінің күрт төмендеуіне әкеліп соқтырды. Осыдан жылқы зауыты жоғалу шегінде болса, қостанай тұқымы деградация сатысына тап болды.
Осы тұқымды сақтап қалу үшін жылқы зауыты 2000 жылдың 10 қаңтарының № 37 - ші Қазақстан Республикасының қаулысы бойынша 2000 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президент Іс Басқармасына берілді және Қазақ тұлпары РМҚК деген ат берілді.
Үкімет қаулысы негізінде № 61 - 2003 жылдың 20-шы ақпанында Қазақ тұлпары РМҚК Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылығы Министрлігіне берілді.
Жылқы жас төлінің даму сатылары. Даму барысындағы организмнің сандық өзгерулері - өсу деп аталады. Өсумен бірге жануарлардың организмінде ұлпалардың, жасушалардың, мүшелерінің және олардың қызметтерінің сапалы өзгерулері байқалады. Бұл процесс - даму дегенді білдіреді. Онтогенез - бұл жануардың жеке дамуы. [11].
Организмнің жеке дамуы туралы білу өте қажет. Өйткені, ең алдымен жануарлардың өсу мен даму процесі кезінде тек қана өзіне тән конституция, экстерьер мен өнімділігімен бірге тұқымдық және түрлік белгі қалыптасуына ие болады. Онтогенезде ата-ана белгілерінің құбылмалығы мен тұқым қуалаушылықтың орын басушылығы жүзеге асады. Ол сыртқы орта әсерінен және организмнің ішкі табиғи факторлардың әрекеттер нәтижесінен пайда болады. Өсу мен даму процесінің арасындағы өзара байланыс - бұл организмде онтогенез процесі болып жатқан кездегі, сандық және сапалық өзгерулерінің өзара байланысы. Жануарлардың өсуі мен даму процесінің өзара бөлектелінгені туралы айту дұрыс емес болар, өйткені олардың екеуі де бір-бірімен өзара байланысқан және өзара ескертілген. Осыдан біз организмге тірі салмақ қосуын - өсу деп, ал функция мен құрылымының күрделенуіне әсер ететін, организмге керекті сапалы өзгертулерінің жиналуын - даму деп атаймыз.
Малдың өнімдік және тұқымдық қасиетінің қалыптасуына дұрыс азықтандырумен қатар олардың төлдің жатырдағы даму кезеңі (эмбрионалдық) және төл туғаннан кейінгі өсіп дамуы (постэмбрионалдық) кезеңдерінің даму заңдылықтары да әсер етеді. Төлдің эмбрионалдық даму уақытын үш кезеңге бөледі. Ол: ұрықтық, эмбрионға дейінгі және эмбриондық деп аталады. Ұрықтық кезеңде ұлпалар дамып, дене мүшелері түзіле бастайды. Эмбрионға дейінгі кезеңде дене мүшелері одан әрі дамып өсе бастайды. Бұл кезеңнің аяқталуы эмбрионның пайда болуымен бітеді. Постэмбрионалды кезеңін өз ішінде бес кезеңге бөлінеді: жаңа туған, сүтті кезеңі, жыныстық жетілу, өнімділігінің қалыптасуы және қартаю кезеңі.
Постэмбрионалды кезеңнің өсу ұзақтығы - минералды тұздардың қабаттануымен және ұлпа мен ұлпа аралық өлшемдерінің ұлғайып түзілуінің арқасында ұзақ уақытқа созылады. Басқа жастық кезеңдерінен гөрі, жыныстық жетілу кезеніне дейін малдың салыстырмалы өсу жылдамдығы өте жоғары. Мал дамуының бір айырмашылық ерекшелігі - ол мүше мен ұлпалардың бөлек бөлімдерімен ғана емес, сонымен қатар организімнің жалпы дамуының біркелкілі еместігемен сипатталады.
Осыдан, басқа жануарларға қарағанда, құлындар, онтогенетикалық дамуының соңғы сатысында туады. Құлынның тірі салмағы шешесінің тірілей салмағынан 10 % құрайды. Туғаннан 1-2 сағаттан өткесін құлындардың күй-жағдайы жақсырап, олар ешбір көмексіз жүре алады. Жаңа туған құлын өзінің дене бітімі бойынша ересек жылқылардан ерекшелінеді. Олардың қысқа, жіңішке және терең емес кеуде аясында сирақтары ұзын болып көрінеді. Содан 2-3 айға созылатындай организмнің ана құрсағынан кейінгі қайта құрылуы басталады. Осы кезеңде құлындар ұзына және еніне қарай тез өседі. Организмның клиникалық және физиологиялық көрсеткіштері бірдей өзгереді. Жаңа туған құлын жоғары температурасымен, дем және жүрек ырғағының жиі қысқартылуымен сипатталады. 2-3 ай жасында бұл көрсеткіштер төмендейді.
Құлынның өсу мен дамуының қарқындылығының төмендеумен бірге қанның морфологиялық құрамы да өзгереді, яғни қан құрамындағы эритроциттің азаюмен бірге гемоглобиннің концентрациясы төмендейді [8].
Тайдың 6-8 айлық жасында жыныстық жетілу кезеңі басталады. Бастапқы кезеңінде дене бітімінің қарқынды өсуі байқалады, әсіресе кеуде орамының өлшемі мен шоқтық биіктігі. Осы кезеңнің аяқталуы өсу энергиясының төмендеуімен, дем алу және тамыр соғысының сирек болуымен, дене температурасының төмендеуімен және қандағы эритроцит пен гемоглобин құрамының көбеюімен сипатталады. [8,9].
Жылқының өсуі - қартаю кезеніне дейін, яғни 4-5 жасқа дейін созылады. Осы кезеңде дене бітімі қалыптасады, физиологиялық көрсеткіштері қалыпына келеді, сонымен қатар сүт тістерінің тұрақты тіске ауыстырылуы байқалады.
Жас төлдің өсуі мен дамуына әсер ететін факторлар. Жас төлдің өсуі мен дамуына тұқым қуалаушылық пен сыртқы орта ықпалдары өз әсерін тигізеді.
Тұқым қуалаушылық факторлар. Тұқым қуалаушылықпен бездің ішкі секрециясының және жүйке жүйесінің қызметі, сонымен қатар жануарлардың дамуын сипаттап беретін ағзаның жеке дамуының заңдылығымен ескертіледі.
Жас төлдің өсуі мен дамуына эндокринді жүйе үлкен әсерін тигізеді. Бұл жүйенің әсері құрсақтағы дамудың ерте сатыларында басталады. Осы кезде ұрыққа ана ағзасынан түскен гормондар әсері етеді. Жылқы төлінің дамуына эндокринді жүйенің әсері тиетіні туралы арнайы зерттеулер жоқ. Бірақ, әйткенмен басқа жануарларда анықталған жалпы заңдылықтар жылқы төлінің дамуына үлкен мағына береді. Мындағы ең маңызды рөлді гипофиз, қалқанша және жыныс бездері ойнайды. Олардың әр қайсысы ағзаға ерекше әрекет көрсетеді және олардың қызметтері бір-бірімен тығыз байланыста.
Қалқанша без. Бұл без минералды, ақуызды және су айналымын реттейді, сонымен қатар ағзаның өсуі мен дамуына себепіші болады. Ол жоғары физиологиялық белсенділігімен айқындалатын құрамындағы йоды бар гормондарын өңдеп шығарады (яғни: тироксин, тиреоглобулин, трийодтиронин және т.б.). Бұл бездің алып тасаталуы өсу мен дамудын артта қалушылығына және ергежейлікке (карлик) әкеп соқтырады. Қалқанша бездің гипофункциясы кезінде зат алмасу бұзылады да, жылу реттегіші төмендейді. Бездің күшейтілген қызметі (гипофункция) ағзаның дамуын тездетеді. Қалқанша без белсенділігінің артуына байланысты қан құрамындағы ұшатын май қышқылы мен фосфолипидтармен бірге газ алмасуының салыстырмалы қарқындылығы одан әрі күшейеді. Тироксин гормонының кішкене мөлшері әсерінен, жануарлардың өсу мен өнімділігінің жақсарылуы байқалады.
Гипофиз (алдыңғы, артқы және ортанғы бөлік (доли)) ішкі секреция бездер жүйесінде орталық орынға ие болады. Гипофизбен өңдірілетін және бөлінетін гормондар - жануарлардың өсу мен дамуына үлкен әсерін тигізеді. Ерекше мағынаға өсу (соматотропты), жыныс жетілу (пролан) және лактогенді (пролактин) гормондары ие болады.
Соматотроп гормондарының әсерінен ақуыз синтезінің ұлғаюы мен ұлпалардың бөлінуі күшейеді.
Жануарлардан өсу гипофизін алып тастаған жағдайда майдың қыртыстануы артады да, жыныс жүйесінің жұмысы жансызданады. Ерте жасында гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің күшеюі - алыптығы (гигантизмге) әкеп соқтырады. Гипофиздің гиперфункциясы акромегалия ауруын тудырады. Ол ішкі органдарының және сирақтар өлшемдерінің ұлғаюымен сипатталады.
Соңғы уақытта өсу гормонына көп назар аударылады. Бұл гормон гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлінген.
Жыныстық бездер өсу мен дамудың ерекшеліктерін құрайды. Осы айтқаны жеткілікті болар: бір қалыпты шарттарда өсірілген жас құлындар немесе сәуріктер жас биелерден ірілеу келеді. Бірақ, төлдің жатырда даму кезеңінен бастап жыныстық айырмашылықтары белгілі бола бастайды. Осыдан келе, ережеге сай сәуріктер жас биелерден гөрі 1-2 күнге кешірек өмірге келеді. Ерте жасында, яғни 1 жасқа дейін жас биелер сәуріктерден ірілеу келеді.
Жыныстық бездер бұл - сыртқы және ішкі секреция бездері болып саналады. Олар тұлғажасам процесіне үлкен ықпалын тигізеді. Жыныстық бездерін алып тастағаннан кейін (піштіру), қаңқаның өсуі бұзылады, зат алмасуы өзгереді, сонымен қатар ағзада тез арада май құрылуы пайда болады. Бұл бездердің күшейтілген қызметі жыныстың ерте жетілуіне және ағзаның тез пісіп жетілуіне әкеп соқтырады. Өмірінің бастапқы кезеңінде эндокринді бездер көп бөлігінің қызметі жоғары деңгейге жетеді де, сақа кезінде қызметі тез төменге түседі.
Азықтандырудың және басқа да сыртқы орта факторлардың әсері. Жануарлардың өсу мен дамуының процесіне сыртқы орта факторларының ішінен ең көбісі мыналар үлкен әсерін тигізеді: құрамы, ауа температурасының ылғалдылығы, жарық, топырақ, климат, азықтандыру деңгей мен малды күтіп-бағу жағдайы [10].
Зоогигиенада мал қораларының ауасындағы зиянды газдардың (аммиак, күкіртсутегі және т.б.) организмге патогенді әсері нақты түрде анықталған. Жалпы айтқанда жануарлардың денсаулығының бұзылуының басты себептері қоршаған орта жағдайының зиянды әсері болып табылады. Әсіресе жануарлар арасында аурудың өршуін оларды қанағаттанарсыз ұстау мен азықтандыру тек аурудың өршуімен қатар олардың өнімділігін жоғалтатынын, тұқымдық қабілетін төмендетіп, өсімділігі мол, денсаулығы мықты төл туу қасиеттерін де төмендетеді. Әрине мал денсаулығын сақтауда қоршаған орта әсерімен қатар тұқымдық факторлардың әсерінен де қалыптасады. Бірақ маңызды шешуші роль қоршаған орта факторлары болып табылады. Осыған байланысты оның сапасын бақылау гигиеналық тұрғыдан өте маңызды. Айта кететін жағдай, қоршаған ортаның әсері бір жануар түрінде ауру тудырса, екіншісіне әсері төмен немесе мүлдем жоқ болуы мүмкін. Бұл мал организмінің табиғи төзімділігімен түсіндіріледі.
Мысалға тыныс алу кезінде ауа құрамында: 20,94% - оттегі, 0,03% - көмірқышқыл газы, 79,03 - азот болады. Мал шаруашылық қораларының ауа құрамында көмір қышқыл газы 0,25%-ке көп және осы малдардың денсаулығы мен өнімділігіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар малдардың өнімділігіне ауа құрамындағы аммиак және т.б газдар кері әсерін береді. Мал қораларында аммиак негізі зәрден ыдырап көп мөлшерде түзіледі. Ал, топырақта және көң қоймаларында құрамында азоты бар өнімдердің шіруінен пайда болады. Амимак мал қораларында еден нашар, желдеткіш пен канализация дұрыс жұмыс істемеген жағдайда ғана өте көп мөлшерде жиналады.
Ауада аммиак өте көп жиналмағанымен үздіксіз және ұзақ тұрғандықтан организмнің жалпы жағдайы нашарлайды Мал қорадағы аммиактың жиналу көзін азайту үшін мал қоралының іші таза, ауасы құрғақ және басқа бір зиянды қоспалардан жоқ болуы керек. Ауаның ылғалдылығы орташа келгенде 60-70 % құрау керек. Өйткені жас төлдердің терморегуляциясы сақа малдардан гөрі нашарлау. Бірақ төменгі температурада өсірілген жас малдардың организі шынықтырылады. Осының арқасында ол кейбір ауруларға төзімді болып, зат алмасуымен өсіп дамуы қалыпқа келеді.
Күн сәулесінің әсері жас малдардың қалыпты дамуына жағдай жасайды. Сонымен бірге күн сәулесі ауру тудыратын бактерияларға (бактерицидтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қостанай тұқымының қысқаша шығу тарихы
Дон жылқы тұқымы
Жылқы жайылым малы
Тракенен жылқы тұқымының сипаттамасы
Кабардин тұқымы жылқыларын азықтандыру
Міністі жылқы тұқымы
Жылқы тұқымдары. Дон жылқысы
Соғыстан кейінгі жылдарда Кеңестер мемлекетінде идеология саласында бірталай саяси қуғын - қудалау болып отді
Қостанай облысының азық – түлік өнеркәсібіндегі «Новый день» сүт зауытының алатын орнын анықтау
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы
Пәндер