Қой шаруашылығы және Қазақстандағы жағдайы



Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған.
Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтарын Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, Оңтүстік Африка.
Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.
Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті- майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір табиғи аймақтарын бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген.
Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға - еділбай, баданалы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында өсірілген. Денесі ірі және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты қоңыр қой өсірілді.
Әрбір аймақтық табиғи жағдайына бейімделген қолтұқымдарын халық ғасырлар бойы іріктеп, сақтап отырған. Моңғолиядағы Баян-Өлгей аймағында VI ғасырдан әйгілі болған қолтұқым - қазақы қызылқой. Басқа мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап, өсіріп келеді.
Қойдың Еділбай нәсілі – ұлттық селекцияның өкілі болып табылады. Ол 200 жыл бұрын ендірілген.
Бұл дара нәсіл етті-майлы өнімді бағытта Қазақстанның батыс аймағында астрахандық қылшық жүнді қойлар мен қазақтың құйрықты қойларымен шағыстыру нәтижесінде табылған. Селекция процесінде көшпенді қой шаруашылығының табиғи-климаттық жағдайға қолайлы қойлар таңдап алынған.
Сонымен бірге өзінің морфофизиологиялық қасиетіне қарай қойлар өрістің жұпыны жемтігімен қоретенсе де май жинайды. Еділбай тұқымының өкілдерінің мұндай өзгешеліктері Қазақстанда революцияға дейінгі қойларды бағу жүйесімен байланысты, онда маусымдық жайылым кеңінен таралған кезең еді.
Етті - майлы бағыттағы қойлардың арасында еділбай тұқымның қойларын оның жүн жабынының ең жақсы болып саналатындығынан асырайды. Ірі қойдан 2,5-3,5 кг жүн, жас малдан – 0,3-0,5 кг, ал ұрғашыдан – 2-3 кг жүн алынады. Бұл қойлардың жүні 52-56% құрайды. Негізінен жүнді кілем дайындауда қолданады.
1 Научно-производственный журнал «Овцы, козы и шерстное дело» №2-2012 . В.В. Абонеев, А.А. Омаров Ставропольский НИИЖК «Результаты скрещивания северокавказских маток с баранами разного направления продуктивности» 21-24 стр.
2 Научно-производственный журнал «Овцы, козы и шерстное дело» №3-2012 Ю.А. Колосов, Н.В. Широкова Донской государственный аграрный университет «Мясные качества чистопородных и помесных баранчиков разного происхождения» 39-40 стр.
3 Научно-производственный журнал «Овцы, козы и шерстное дело» №2-2012 Ю.Д. Квитко, А. В. Скокова, С.Ф. Силки на Ставропольский НИИЖК «Мясная продуктивность и качество мяса молодняка овец разного происхождения» 39-40 стр.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қой шаруашылығы және Қазақстандағы жағдайы

Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған.
Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтарын Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, Оңтүстік Африка.
Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.
Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті- майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір табиғи аймақтарын бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген.
Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға - еділбай, баданалы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында өсірілген. Денесі ірі және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты қоңыр қой өсірілді.
Әрбір аймақтық табиғи жағдайына бейімделген қолтұқымдарын халық ғасырлар бойы іріктеп, сақтап отырған. Моңғолиядағы Баян-Өлгей аймағында VI ғасырдан әйгілі болған қолтұқым - қазақы қызылқой. Басқа мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап, өсіріп келеді.
Қойдың Еділбай нәсілі - ұлттық селекцияның өкілі болып табылады. Ол 200 жыл бұрын ендірілген.
Бұл дара нәсіл етті-майлы өнімді бағытта Қазақстанның батыс аймағында астрахандық қылшық жүнді қойлар мен қазақтың құйрықты қойларымен шағыстыру нәтижесінде табылған. Селекция процесінде көшпенді қой шаруашылығының табиғи-климаттық жағдайға қолайлы қойлар таңдап алынған.
Сонымен бірге өзінің морфофизиологиялық қасиетіне қарай қойлар өрістің жұпыны жемтігімен қоретенсе де май жинайды. Еділбай тұқымының өкілдерінің мұндай өзгешеліктері Қазақстанда революцияға дейінгі қойларды бағу жүйесімен байланысты, онда маусымдық жайылым кеңінен таралған кезең еді.
Етті - майлы бағыттағы қойлардың арасында еділбай тұқымның қойларын оның жүн жабынының ең жақсы болып саналатындығынан асырайды. Ірі қойдан 2,5-3,5 кг жүн, жас малдан - 0,3-0,5 кг, ал ұрғашыдан - 2-3 кг жүн алынады. Бұл қойлардың жүні 52-56% құрайды. Негізінен жүнді кілем дайындауда қолданады.
Еділбай тұқымы қойларының басты өнімі еті мен құйрық майы жатады. Оның жоғарғы азықтылығына айтылмыш тұқымы қойының дұрыс және ірі тұрпаты болу себебінен. 75-84 см бойында еділбай қойларының салмағы 110-120 кг береді. Кейбірі 150-160 кг болады. Еділбай тұқымының ұрғашы малы орташа салмағы 65-70 кг береді, ал кейбірі - 90-100 кг болады.
Еділбай тұқымының қойларының тез өсетіндігімен берекелді. Жас төлде бірінші жүз күнде күндігіне 195 г салмақ қосады, кей кездері бұл көрсеткіш 250 г құрайды. Соғымдық шыға берістің бөлігі (майы және еті) 50-55% тірі елден келеді. Баптап баққан піштірілген - қошқардың таза салмағы 40-45 кг, құйрық майы 12-14 кг болады.
Бұл қойдың тұқымын баққанда мынаны ескеру керек, ұрғашы малы аласалау ұрықтылыққа - 110-120% иеленеді. Бірақ сүт өнімінің көрсеткіші жоғары - 150-155 кг сүтті бір тумада береді. Сүттен ірімшік, май, айран дайындайды. Сүтінің майлылығы жоғары (3 - 9%) болғандықтан сүт өнімінің сапасы өте жоғары. Еділбай тұқымының қойлары еті және майымен ғана елге танымал емес. Қойдың сол тұқымы өте көнбіс, жайлаудың ең суық аудандарындағы ауа райында көбейіп, өмір сүреді.
Еділбай тұқымның қойлары қатал суық қыстарды ғана емес, ыстық жазды көтеріп өтеді. Олар ұзақ өткелдерге өте жақсы лайықтанды. Биологиялық қасиетіне қарай қойлар өрістің жұпыны жемтігімен қоретенсе де май жинайды.
Әдіс-айла және еталдырудың әдіс-айлалары түрлі және табиғи шарттарынан тәуелді болады. Еталдыру табиғи жайылымдарда ең таралған және концентраттармен қосымшаланады. Қойдың еталдыруында тәулігіне құрғақ заттың 2-2,4 кг, шөптің 7-8 кг қөректкнеді, ортақ алғаумен 1,4-1,6 жемтік көр.қөректенеді, бұл жоғары өсімді қамтамасыз етеді.
Жаз мезгілінде ірі қой күндігіне б- 7 кг шөп жейді.
Арқар, меринос қолтұқымы. Арқар, меринос қолтұқымы таулы аймақтың табиғатына төзімді. Қазіргі кезде Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан аймақтарында өсіріледі. Қазақтың биязы жүнді қойы - 1934-1946 жылдар аралығында қазақстандық белгілі ғалым В. А. Бальмонттың жетекшілігімен шығарылды.
Қолтұқым Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Оңтүстік қазақ меринос қойы - Жамбыл менОңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүнді-етті бағыттағы қолтұқым.
Солтүстік қазақ меринос қойы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстанда өсіруге бейімделген. Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар Қазақстанда бұл бағытта дегерес, қазақтың етті-жүнді, гемпшир және кроссбред қолтұқымдары өсіріледі. Дегерес қойы - етті-жүнді, әрі етті-майлы (құйрықты) бағытта шөл-шөлейтті жердің табиғатына бейімделген. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстан өңірінде де өсірілуде.
Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар Қазақстанда бұл бағытта қарғалы және саралжын қолтұқымдары өсіріледі. Қарғалы қойы қазақтың қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегерес қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Ол әрі етті, әрі жүнді мол береді. Қарағанды өңірінде өсіріледі.
Саралжын қойы ертеде Түрікменстанда халықтық сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған. Жүнінің түсі ақ, жібек тәрізді талшықтары біркелкі, кілем тоқуға өте ыңғайлы. Ақтөбе алқабындағы шөлейтті жерлерде өсіріледі.
Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір дейтін біздің халқымыз төрт түліктің ішінде қойды да ерекше бағалаған. Өйткені бұл түліктің еті мен сүті, жүні мен терісі, қаракөлі елтірісі де талай ғасырлардан бері біздің ата-бабаларымыздың тұрмысында тұтынатын ең бағалы өнімі болған. Қойдың мұндай жақсы қасиеті бүгінгі кезде де артпаса, кемімейтіндігі анық. Қазақстандық мал шаруашылығы үшін қазіргі кезеңде экспорттың жаңа бағытына жол ашылды. Осы жылы Алматы және Жамбыл облыстары қой шаруашылықтары қой еттерінің алғашқы партияларын Бахрейн Әмірлігіне жіберуді көздеп отыр. Етті Иран мен Қытайға экспорттаудың мәселелері өз шешімін таппақ.
Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары Қазақстанда бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және қаракөл қойлары өсірілуде. Еділбай қойы еліміздің батыс аймағында ертеден өсіріліп келеді. Еті дәмді, жүні мол, шөл-шөлейтті жерлерге бейім, ірі тұлғалы. Қазіргі кезде еділбай қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды өңірінде өсірілуде. Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы - Қазақстанда ертеден келе жатқан қолтұқым. Ол шөл-шөлейтті аймақта өсіруге ыңғайлы, еділбай қойынан кішілеу. Ақмола,Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Қой шаруашылығы Қазақстан Республикасында басқа мал шаруашылығы салаларының ішіндегі ертеден келе жатқан дәстүрлі бірден-бір жетекші сала болып табылады. Қой тұқымдарының барлығы негізінен ет алуға пайдаланылады, содан кейінгі үлесті жүн, елітірі, май, сүт өнімдері алады.
Қазіргі жағдай елімізде қой шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамытып, қой өнімдерін өңдеу технологиясын жетілдірудің мәні зор екенін дәлелдейді. Қой шаруашылығын нарық заманына экономикалық жағынан тиімді етіп өсірудің кілті, ғылым мен озық тәжірибенің берік бірлігінде.
Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарыда қой жөніндегі ғылым да сан алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылды. Соның ішінде қой шаруашылығының қазіргі таңдағы жетістіктерін әрі қарай жетілдіріу мақсатында жас мамандарға тәжірибелік жұмыстар жүргізіп өз білімдерін жетілдіру мәселесі алда тұр.
Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр.
Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел -- Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.
Өкінішке орай, қазіргі таңда біздің өндірушілеріміз ұсынатын қой етінің тұтынушысы жоқ: ол беймәлім тұтынушыға арналған. Жоғарғы сапа үшін жоғарғы құн төлеуге қабілетті тұтынушының сұранысын қамтамасыз ете алатын отандық жоғары сапалы ет нарығы жоқ, сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы
Қой шаруашылығы
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Қазақстандағы ет өндірісі
Қой шаруашылығы және ордабасы қой тұқымына сипаттама
Жекешелендіру туралы
Пәндер