Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. МЕМЛЕКЕТПЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗАРА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Мемлекет пен құқық байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, МЕХАНИЗМІ, ҚЫЗМЕТ ҚАҒИДАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Саяси билік, қоғам арасындағы негізгі проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Мемлекеттің функциясын іске асыру нысандары мен тәсілдері ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

КІРІСПЕ
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Мемлекет болып қалыптасқан, танылған ел біріншіден өзінің алға қойған даму стратегиясының негізінде жұмыс істеу керек. Мақсаты мен арманы жоқ адам соңында өмірден адасып кетеді. Сол сияқты мемлекетте өмір сүр сүру үшін өзінің тәуелсіздігі, әнұраны, конституциясы, өзіне тән ерекшеліктері, қасиеттері мен салт-дәстүрі болу керек. Соған орай мемлекеттің басқару құрылымы болу керек. Яғни мемлекет өзінің қандай бағдармен жүруін айқын анықтап, қандай мемлекет болуын таңдап өз мақсаттарына жетуге тиіс. Мемлекеттік құрылымдар туралы сөз қозғасақ оның монархия немесе республикалық мемлекетпе екені анықталады. Соған байланысты мемлекеттің ішкі құрылымын айқын білеміз. Ішкі саясаты мықты мемлекет сыртқы саясатта елеулі жұмыстарды атқарып, басқа мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынаста болады. ҚР 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап, өзін зайырлы, демократиялық ,тәуелсіз мемлекет ретінде көрсетті. Міне, жуықта мемлекетіміздің қалануына 20 жыл болады. Осы жиырма жылдың ішінде мемлекет қиыншылықтарды басын өткізді. Тәуелсіздігіміздің орнауына, дүние жүзінде елеулі, мықты мемлекеттердің қатарына енуіміз сол таңда басқа мемлекеттерді айтпағанда өзіміз сенуіміз қиял болып көрінген еді. Мемлекеттің өркендеуі ол оның халқына байланысты. Халық мемлекет үшін емес, мемлекет халық үшін қызмет ету керек. Халық пен мемлекеттік басқарушылардың арасында, яғни шенеуніктер, органдар арасында тығыз байланыс орнау керек. Халық жоғарыда отырған басқарушыларға сенім артқан жағдайда ғана мемлекет оңды болады. Соған орай біздің конституциямызда жазылғандай мемлекеттің бірден бір байлығы ол халық, оның бостандығы мен құқығы болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328 бет.
2. Алексеев С.С.Общая теория право. Курс в 2 тт М., 1981, 1982
3. Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003
4. Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б.
5. Венгеров А.Б. Теория государства и право. Москва., 2000
6. Гайман – Черновюк В.И. Очерк теории государства и права. М., 1996
7. Ерманов В.А «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде». Алматы 2002
8. Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004
9. Ибраева А.С. Общая теория государства и право. А., 2000
10. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007

ЖШС каспий өңірі Болашақ колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі
Орындаған: Кутлумуратова Г.
Тобы: П-13
Тексерген: Утенова А.
Ақтау-2015 ж
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. МЕМЛЕКЕТПЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗАРА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Мемлекет пен құқық байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, МЕХАНИЗМІ, ҚЫЗМЕТ ҚАҒИДАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
0.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
0.2 Саяси билік, қоғам арасындағы негізгі проблемалар ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Мемлекеттің функциясын іске асыру нысандары мен тәсілдері ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 27
КІРІСПЕ
Мемлекет -- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Мемлекет болып қалыптасқан, танылған ел біріншіден өзінің алға қойған даму стратегиясының негізінде жұмыс істеу керек. Мақсаты мен арманы жоқ адам соңында өмірден адасып кетеді. Сол сияқты мемлекетте өмір сүр сүру үшін өзінің тәуелсіздігі, әнұраны, конституциясы, өзіне тән ерекшеліктері, қасиеттері мен салт-дәстүрі болу керек. Соған орай мемлекеттің басқару құрылымы болу керек. Яғни мемлекет өзінің қандай бағдармен жүруін айқын анықтап, қандай мемлекет болуын таңдап өз мақсаттарына жетуге тиіс. Мемлекеттік құрылымдар туралы сөз қозғасақ оның монархия немесе республикалық мемлекетпе екені анықталады. Соған байланысты мемлекеттің ішкі құрылымын айқын білеміз. Ішкі саясаты мықты мемлекет сыртқы саясатта елеулі жұмыстарды атқарып, басқа мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынаста болады. ҚР 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап, өзін зайырлы, демократиялық ,тәуелсіз мемлекет ретінде көрсетті. Міне, жуықта мемлекетіміздің қалануына 20 жыл болады. Осы жиырма жылдың ішінде мемлекет қиыншылықтарды басын өткізді. Тәуелсіздігіміздің орнауына, дүние жүзінде елеулі, мықты мемлекеттердің қатарына енуіміз сол таңда басқа мемлекеттерді айтпағанда өзіміз сенуіміз қиял болып көрінген еді. Мемлекеттің өркендеуі ол оның халқына байланысты. Халық мемлекет үшін емес, мемлекет халық үшін қызмет ету керек. Халық пен мемлекеттік басқарушылардың арасында, яғни шенеуніктер, органдар арасында тығыз байланыс орнау керек. Халық жоғарыда отырған басқарушыларға сенім артқан жағдайда ғана мемлекет оңды болады. Соған орай біздің конституциямызда жазылғандай мемлекеттің бірден бір байлығы ол халық, оның бостандығы мен құқығы болып табылады.
1. МЕМЛЕКЕТПЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗАРА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
1.1 Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы
Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тәсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заңшығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ерсжелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында есеп беруі және т.б. табылады.
Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық бастамалармен негізделеді. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындагы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Қоғам - бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың белгілі бір нысаны.
Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.
Мемлекет қоғамда орталық орынды және басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.
Азаматтық қоғам түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б.);
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
7) отбасы;
8) шіркеу және т.б.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
- өзін-өзі басқару;
- оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
- еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);
- экономиканың көпжақтылығы;
- биліктің заңды және демократиялық сипаты;
- кұқықтық мемлекет;
- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.
1.2 Мемлекет пен құқық байланысы
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты.
Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның - мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жағынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет - адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді:
1. Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі - мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.
2. Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.
3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы - шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.
4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шығарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.
Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың - байлар тобының мүддесін қорғау үшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.
Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.
Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы үш тсатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген жоқ.
Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келип, ол 70 жылдам астам уақыт өиір сүрді.
Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың, құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі - мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.
Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз - белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет - нормативтік қаулылар, Министрліктер - нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды.
Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі - объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.т.
Құқықтың алғашқы элементі - құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз - мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз - жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.
Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс.
Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау,
олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады.
Қоғамдық тәртіп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.
Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын белгілейді.
Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз байланысты.
Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.
Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі. Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде - алда тұрған жаңа белес.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.
Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.
Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.
Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.
Адамдардың қауіпсіздігі - азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.
Құқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық мемлекетте заң емес, құқық қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен олардың әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып, оларды даралауға тікелей байланысты болмақ.
Құқықтық мемлекет - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз бетімен келмейді. Ол көп шарттарға байланысты.
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, МЕХАНИЗМІ, ҚЫЗМЕТ ҚАҒИДАЛАРЫ
2.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады.
Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:
Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:
Жоғары өкілдік орган - Парламент. Парламент - бірден - бір заң шығаратын орган.
Жергілікті өкілдік органдар - оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент.президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган - Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.
Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
Барлау, қарсы барлау органдары.
Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі - мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі - лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету - қоғамның міндеті.
Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:
- атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;
- мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамассыз ету болып табылады.
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
Туынды тәсілдер бойынша:
а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура,т.б). Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.
2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) Ең жоғары (үкімет);
б) Жергілікті (әкімшілік);
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) Құзырлары жалпылама болып келетіндері (үкімет);
б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары).
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент);
б) Атқарушы(Әділет және т.б. министірліктері);
в) Сот органдары (соттар);
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) Алқалыоргандар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар (Папламент,Үкімет және т.б.)
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитер).
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар - мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері.
Принцип түрлері:
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты - адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін айқындайды.
Демократиялық қағидат - азаматтардың мемлекеттік ооргандарды құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.
Билік бөлінісі қағидаты - үкімет органдары мен лауазымды адамдар тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды бодырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz