Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері ... ... ... 5
2. Коммерциялық заңды тұлға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3. Коммерциялық емес заңды тұлға ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Кіріспе
Заңды тұлға болып танылады – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жек құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым болып табылады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өнідірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады. (ассоциациялар, одақтар). Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады.
Азаматтық құқықтың тағы бірден-бір субъектілері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Олардың құқықтық мәртебесін 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы реттейді.
Осы заңның 2-ші бабына сәйкес кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Менің рефератымның мақсаты келесі міндеттерден тұрады:
 Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері
 Коммерциялық заңды тұлға
 Коммерциялық емес заңды тұлға
Пайдаланылған әдебиеттер
1. С.Д. Баққұлов. Құқық негідері. Алматы,2004.

2. З.О. Ашитов, Б.З. Ашитов. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы «Жеті Жарғы» 2003.

3. Қазақстан Республикасының Азаматық Кодексі. Алматы, 2000.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3
1. Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері ... ... ... 5
2. Коммерциялық заңды
тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 12
3. Коммерциялық емес заңды тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..16
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Кіріспе
Заңды тұлға болып танылады – меншік, шаруашылық жүргізу
немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және
сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жек құқықтар мен
міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта
талапкер және жауапкер бола алатын ұйым болып табылады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар
шаруашылық серіктестік, өнідірістік кооператив, мемлекеттік
кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық
бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды
тұлғалар бірлестіктер құра алады. (ассоциациялар, одақтар). Заңды
тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып,
оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға
органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың
өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның да
фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс
істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып
танылады.
Азаматтық құқықтың тағы бірден-бір субъектілері коммерциялық емес
ұйымдар болып табылады. Олардың құқықтық мәртебесін 2001 жылғы 16
қаңтардағы Коммерциялық емес ұйымдар туралы ҚР Заңы реттейді.
Осы заңның 2-ші бабына сәйкес кіріс түсіру
негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті
қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес
ұйым деп танылады.
Менің рефератымның мақсаты келесі міндеттерден тұрады:
✓ Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері
✓ Коммерциялық заңды тұлға
✓ Коммерциялық емес заңды тұлға

Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері.
Заңды тұлғалар – адамдардың кез келген жиынтығы емес,
ұйымдық бірлік екендігімен ерекшеленетін ұжымдар, яғни
мақсаттары, міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілген өз
жарғысы немесе ережесі бар ұйымдық бірлік. Мұндай
ұжымға тән нәрсе, оның ішкі мықты құрылымының, басшылықты
жүзеге асыратын органының болатындығы. Мекемелер мен өзге
де мемлекеттік бюджетпен ұсталынатын ұйымдар, сондай-
ақ Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген басқа да
ұйымдар осы ұйымдар жөніндегі жалпы ережелер негізінде
әрекет жасайды.
Мәселен, Қазақстан Республикасындағы қызметтері бойынша
бірыңғай ережелер қолданылатын барлық мектептер, ауруханалар
заңды тұлғалар болып табылады.
Заңды тұлға болып танылған ұйым тауар айналымына дербес
қатысуына құқық беретін оқшауланған мүлікке ие. Мүліктік
оқшауланудың сипаты меншік нысанына байланысты. Мысалы,
мемлекеттік кәсіпорындар мекемелер және ұйымдардың
мүліктері шаруашылық жүргізу және жедел басқару
құқықтарында болады. Бұлардың мүлкінің оқшаулануы олардың
өздерінің негізгі және айналымдағы құрал-жабдықтарының,
дербес баланстарының болуы арқылы сипатталады. Олардың
мүліктерінің иесі – мемлекет.
Сонымен оқшауланған (бөліктенген) мүліктің болуы – заңды
тұлғаның өзіне тән елеулі белгісі.
Заңды тұлғаларға өз міндеттемелері бойынша дербес
мүліктік жауапкершілік жүктеледі. Бұл ереже коммерциялық
ұйымдарға емес, сонымен қатар коммерциялық емес,
ұйымдарға да, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындар мен
мекемелерге де қатысты.
Азаматтық Кодекстің 44-бабында заңды тұлғалардың
жауапкершілігіне қатысты баянды етілген мына жайттарды атап
өтуге болады:
• Құрылтайшысы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттік
мекемелерден және қазыналық кәсіпорындардан басқа
заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне
тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Мекемелер, мемлекеттік мекемелер, қазыналық
кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша өз
билігіндегі ақшамен жауап береді.
• Ақша жеткіліксіз болған жағдайда – мекеменің
міндеттемелері бойынша оның құрылтайшылары; мемлекеттік
мекеменің міндеттемелері бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті
атқарушы орган жауапты болады, ал, қазыналық
кәсіпорынның міндеттемелері бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі немесе тиісті әкімшілік-
аумақтық бірлік субсидиярлық жауаптылықта болады.
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет жасау – бұл заңды
тұлғаның сотта талапкер немесе жауапкер болу құқығы.
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет жасау үшін заңды
тұлға жеке-дараланған болуы керек. Оның өзінің мүліктік
емес құқығы болып табылатын және қызмет сипатына,
тұрған жеріне байланысты болып келетін өз атауы болуы
қажет.
Заңды тұлғаның атауы оны басқа заңды тұлғалардан
айыруға мүмкіндік береді және оның ұйымдық-құқықтық нысанын
көрсетуді қамтиды.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы
заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы
болып табылады.
Заңды тұлғаның фирмалық атауы оынң қызмет аясын
көрсетіп, дербестігін білдіреді және ол атау іскерлік
байланыстарда, іс-қағаз бланкілерінде қолданылады. Заңды
тұлғаның атауын тауарлық белгіден, бұйымдарды дараланудың
өзге де белгілерінен ажырата білген жөн.
Әр түрлі кәсіпорындар шығаратын біртектес өнімдерді
бір-бірінен жеке-даралап ажырату үшін, сондай-ақ олардың
тауар айналымындағы жарнамалануын тиімді ұйымдастыру
үшін тауар таңбалары және қызмет көрсету таңбалары
кеңінен қолданылады.
Тауар таңбалары (қызмет көрсету таңбалары) дегеніміз –
тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын
халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір
заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан
(қызметінен) ажырату үшін қызмет ететін белгі.
Тауарлық белгіні бұйымның (өнімнің) белгілі бір
кәсіпорыннан шыққанын куәландыратын бұйымдағы немесе оның
орауының сыртындағы өзінше ресімделген түпнұсқалық
графикалық бейне ретінде түсінуге болады. Ол бұйымдарға
(өнімдерге) мемлекеттік стандарттың негізінде және техникалық
жағдайларға байланысты соғылады.
Тауарлық белгілер өнімнің сапасы үшін жауапкершілікті
арттырады және олардың өнімдерді, бұйымдарды сатудағы,
жарнамалаудағы маңызы зор.
Стандарттарға, техникалық жағдайларға немесе шарттарға
сәйкес тиісті бұйымдар жайлы мәліметтері бар белгілер,
штамптар түріндегі және т.б. түрдегі ұйымдарды
таңбалау – тауар шығарушы кәсіпорынның міндеті. Таңбалау
тәртібін бұзғаны үшін тиісті материалдық жауапкершілік
белгіленген.
Заңды тұлғаның құқықтық субъектілігі – оның құқық
қабілеттілігі бейнеленетін азаматтық құқық қатынастарында
субъект ретінде әрекет жасау қабілеттілігі. Әрбір заңды
тұлға белгілі бір әрекет үшін құрылады және осыған
байланысты осы қызметтің белгіленген мақсаттарына сәйкес
азаматтық құқық қабілеттілігіне ие болады.
Заңды тұлғаның жалпы немесе арнаулы құқық қабілеттілігі
болуы мүмкін. Жалпы құқық қабілеттілігі бар заңды
тұлғалар (көбіне көп коммерциялық ұйымдар) кез келген қызметпен
айналыса алады. Ал арнаулы құқық қабілеттілігі бар
заңды тұлғалар (мысалы, қазыналық кәсіпорындар) жарғыда
көзделген қызмет мақсатына сай келетін белгілі бір қызмет
түрімен ғана айналыса алады. Заңды тұлғалардың басым
көпшілігі жекелеген қызмет түрлерімен тек сол қызметпен
айналысуға рұқсат алып қана – лицензия негізінде айналыса
алады. Арнаулы құқық қабілеттілігіне қатысты айтсақ,
мысалы жарғысына сәйкес, мал шаруашылығымен немесе ауыл
шаруашылығының басқа да саласымен айналысуға тиіс
заңды тұлғаның өз аумағында табылған көмірді
өнідіруге құқығы жоқ. Мұндай көмірді сатуға
байланысты шарттар жасауға, олардан табыс табуға өз
мақсаттарына қайшы келгендіктен шаруа қожалығының құқығы
болмайды.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде
пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.
Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет
саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі лицензияны
алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның
қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында
белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

Заңды тұлғаның құқық қабілеті пайда болған сәтпен бір
кезеңде оның әрекет қабілеттілігі - өз әрекеттерімен
құқықтарға ие болып, міндеттер атқару қабілеті де
пайда болады. Әрекет қабілеттілігі заң құжаттары мен құрылтай
құжаттарына сәйкес өздеріне берілген өкілеттіктер
шеңберінде әрекет жасайтын заңды тұлғаның органдары
арқылы жүзеге асырылады.
Органдар жеке-дара және алқалық органдар болып
бөлінеді. Мемлекеттік заңды тұлғалар дара басшылық
принципі бойынша ұйымдастырылады. Оларды бір ғана
лауазымды тұлға – директор (бас директор), төраға (төрайым),
президент, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке және заңды тұлға
Заңды тұлға туралы ақпарат
Коммерциялық ұйымдардың құқықтық нысандары
Есі дұрыстық қылмыстық жауапкершіліктің шарты ретінде
Заңды тұлғалар төлейтін салықтардың түрлері
Вексельдерді қолдану бойынша есеп айырысу есебі
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы
Заңды тұлғаны құру тәсілдері
Құқықтық қатынас түсінігі және оның элементтері
Заңды тұлғалар
Пәндер