Қаржылық менеджментте тәуекелді анықтау және талдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

5

КІРІСПЕ . . .:

1. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ ТӘУЕКЕЛДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

5:
КІРІСПЕ . . .:

1. 1 Қаржылық менеджмент теориясындағы тәуекел: түсінігі, мазмұны

5:

8

КІРІСПЕ . . .:

1. 2 Тәуекелді басқарудың экономикалық маңызы және ерекшелігі . . .

5:

16

КІРІСПЕ . . .:

1. 3 Қаржылық менеджментте тәуекелді анықтау мен бағалаудың әдістемелік егіздері . . .

5:

24

КІРІСПЕ . . .: 2. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕ ТӘУЕКЕЛДІ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ («ВТБ» (Қазақстан) АҚ мысалында)
5:
КІРІСПЕ . . .:

2. 1 Қазақстан Республикасы банк саласындағы тәуекелді талдау ……….

5:

33

КІРІСПЕ . . .:

2. 2. «ВТБ» (Қазақстан) АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау . . .

5:

44

КІРІСПЕ . . .:

2. 3 «ВТБ» (Қазақстан) АҚ-ның қызметіндегі тәуекелдерді талдау……. .

5:

52

КІРІСПЕ . . .:

3. КОМПАНИЯНЫҢ ТӘУЕКЕЛ-МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

5:
КІРІСПЕ . . .:

3. 1 Тәуекелдің алдын алу және оны төмендету олдары . . .

5:

64

КІРІСПЕ . . .:

3. 2 «ВТБ» (Қазақстан) АҚ-ның тәуекел-менеджментті жетілдіру бағыттары.

5:

73

КІРІСПЕ . . .:

Қорытынды . . .

5:

85

КІРІСПЕ . . .:

Пайдаланған әдебиеттер . . .

5:

88

КІРІСПЕ . . .:

Қосымшалар

5:

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қаржы менеджменті ғылымында тәуекел және оны басқару саласы маңызды орын алады. Кез келген кәсіпорын үшін тәуекелдің алдын алу мәселесі оның болашақ қаржылық тұрақтылығын нығайтудың негізі болып табылады. Осы мәселелерге байланысты әр компанияда тәуекелдерді басқарумен тікелей айналысатын құрылым қалыптастыру қажеттілігі туындады. Сондықтан тәуекелді басқару құрылымын жоғарылату мен дамыту кез келген кәсіпорынның қаржылық менеджментіндегі өте қажетті элементі болып табылады.

Тәуекелді басқарудың бірлескен жүйесін ендіру және жетілдіру компанияның стратегиялық, операциялық мақсаттары табысының қажетті талабы, есептердің нақтылығы және заңнамалар мен нормативті актілердің сақталуы болып табылады.

Есептердің нақтылығын және заңнамалар мен нормативті актілердің сақталуын қамтамасыз етуге қатысты мақсаттардың табысы Қоғамның бақылау шегінде ғана болады, сондақтан тәуекелді басқару жүйесі мақсаттарының бірі олардың табыстарының кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайларында табысты өмір сүру үшін компания техникалық жаңалықтарды енгізуге және таптаурын емес әрекеттер бойынша шешім қабылдауы қажет. Тәуекелдерді басқару процестерін автоматтандыруда тәжірибе жинау, сондай-ақ тәуекелдер мониторингі жүйесін жетілдіру, тәуекелдің пайда болуына және дамуына, тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі жұмыстарға жедел ден қоюда да аталған тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін егізу қажет .

Тәуекелді басқару функцияларының мәні пәндік сипатты иеленбейтіндіктен, ол коммерциялық кәсіпорындардың интегралдық құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма бөлімшелерінің және тәуекелді басқару қызметкерлерінің біріккен күштерімен жүзеге асырылады.

Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасындағы шаруашлық субъектілерінде, соның ішінде екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментін дамыту мен олардың жай-күйі жөніндегі қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу тақырыпты таңдауға негіз болды.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Күні кешегіге дейін тәуекелдерді басқару ілімі қаржы менеджменті саласына енетін және оған өзіне лайық болатындай мән берілмей келді. Тәуекелдерді басқару, дәлірек айтсақ, тәуекел-менеджментін ұйымдастыру проблемаларына отандық, сондай-ақ шетелдік экономист-ғалымдардың және практик-мамандардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері П. С. Роуздың, О. И. Лаврушинның, М. Е. Озиустің, Б. Х. Путнамның, Д. Ф. Синкидің, Е. П. Жаровскийдің,
И. М. Балабановтың, В. В. Ковалевтің, Б. И. Лисактың, А. Д. Шелекбайдың,
Р. Г. Ольховойдың, В. С. Пашковскийдің және т. б. еңбектерін жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасында тәуекел-менеджменті туралы ілімнің дамуы­ның қайнар көзін жетекші ғалымдар А. Д. Шелекбай, Л. Н. Корнилова,
Ғ. С. Сейітқасымов, Н. Н. Хамитов, С. Т. Міржақыпова, Б. И. Лисак және басқалар ашты.

Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері тәуекелді басқару мәселелерін баяндайды, тәуекелдердің түрлері, олардың алдын алу және басқару тәсілдері кеңінен әрі жан-жақты қаралады, алайда, олардың қатарында банк қызметінде тәуекел-менеджментін ұйымдастыруды зерттеу мен қарастыру жөніндегі еңбектердің саны мардымсыз. Банк қызметінде тәуекел-менеджментін дұрыс ұйымдастыру банктің тұрақтылығының пәрменді факторы бола тұра, сол еңбектерде тәуекел-менеджмент құрылымының қызметін оңтайландыру, оның жұмысының негізгі принциптерін енгізу жөнінде практикалық ұсыныстар жоқтың қасы, сондай-ақ теория мен практика арасындағы алшақтық та сезіледі. Тәуекел-менеджменті банк қызметіндегі банктің өзі үшін ғана емес, банк қызметін пайдаланушылардың көпшілігі үшін де маңызы зор. Тәуекел-менеджементінің функционалдық іс-шараларын сапалы ұйымдастырып жүргізуге мүдделі адамдардың саны ойлағаннан неғұрлым көп. Жарияланымдардың айтарлықтай санына қарамастан, тәуекел-менеджментінің банк қызметіндегі қазіргі жай-күйі тым жеткіліксіз зерттелген. Еліміздегі банк бизнесінің осы саласы жеткіліксіз жетілдірілген және тиімділігін жоғарылату жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржылық менеджменттегі тәуекелдердің тео­риялық негіздерін қарастыру, банк саласындағы тәуекелдерді талдау негізінде тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру болып табылады.

Зерттеу жұмысында келесідей міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

  • тәуекел түсінігінің теориялық негіздерін қарастыру;
  • тәуекелді басқарудың экономикалық маңыздылығын анықтау;
  • екінші деңгейлі банктерде тәуекелді анықтаудың әдістемелік негіздерін зерделеу;
  • екінші деңгейлі банктердегі тәуекелдерді талдау және бағалау;
  • тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері және «ВТБ» (Қазақстан) акционерлік қоғамы болып табылады.

Зерттеу пәні қаржылық менеджменттегі тәуекелдер және тәуекел-менеджменті болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы қаржылық менеджмент саласындағы тәуекелдердің маңыздылығын қарастыру, екінші деңгейлі банктердегі тәуекелдерді талдау және бағалау, тәуекел менеджменті жүйесін жетілдіру, бағыттары, сонымен бірге банктерде тәуекелді басқару сапасын арттыруға бағытталған міндеттер болып табылады.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы . Дипломдық жұмыста зерттеу нәтижесінде берілген мәліметтер банктегі қаржылық менеджментте тәуекелдердің алдын алу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банк жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді. Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық бөлімдері экономика оқу орындарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін қалайтын отандық және шетелдік экономистердің еңбектері, халықаралық қаржы ұйымдарының жекелеген әзірлемелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің нормативтік құжаттары қолданылды.

Қаржы менеджментіндегі тәуекел мәселелері бойынша отындық экономист-ғалымдардың және практик-мамандардың, атап айтқанда А. Д. Шелекбай, Л. Н. Корнилова, Ғ. С. Сейітқасымов, Н. Н. Хамитов, С. Т. Міржақыпова, Б. И. Лисак, Б. Сапарова, Е. Е. Аленичева, Б. С. Есенгельдин, Е. Т. Ақбаев, Э. С. Мадиярова, С. Н. Суйеубаева, Н. Н. Кадерова, С. Өсербайұлы, Э. Э. Михель, Р. А. Əмірханов, Г. А. Жолмырзаева, Ж. С. Мұхаметжанова және басқалар еңбектері арналды.

Зерттеу жұмысында статистикалық мәліметтер, экономикалық, ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, сонымен бірге кесте, сурет келтірілген.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында қаржылық менеджмент теориясындағы тәуекел: түсінігі, мазмұны, тәуекелді басқарудың экономикалық маңызы және ерекшелігі, қаржылық менеджментте тәуекелді анықтау мен бағалаудың әдістемелік негіздері, екінші тарауда Қазақстан Республикасы банк саласындағы тәуекелді талдау, «ВТБ» (Қазақстан) АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау, ал үшінші тарауында тәуекелдің алдын алу және оны төмендету жолдары, «ВТБ» (Қазақстан) АҚ-ның тәуекел-менеджментті жетілдіру бағыттары қарастырылған.

1. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ ТӘУЕКЕЛДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қаржылық менеджмент теориясындағы тәуекел: түсінігі, мазмұны

Қаржылық менеджментте тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.

Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс) .

Тәуекел күрделі және көп аспектілі категория болып табылады.

Кәсіпкерлікті жүзеге асыру оның қандай түрінде болсын тәуекелділікпен байланысты десек, бұл шаруашылыққа икемділік және кәсіпкерлік деп аталады. Нарықтық қатынастардың дамуында экономикалық орта әр түрлі өзгерістерге ұшырайды, яғни түпкі немесе соңғы нәтижені алуда сенімсіздік және түсініксіздік пайда болады. Бұл құбылыс тәуекел деп аталады.

Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек болуы керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.

Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы-қателіктерді қайталамау. Менеджер міндетті түрде нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге екрекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру қажет.

Тәуекел - қолайлы нәтиже болар деген үмітпен шешім қабылдау барысында пайда болатын шығындар немесе болжанған табыстарға субъектілердің қол жеткізбеуі.

Тәуекел - бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде бұл белгілі бір құбылыстың болмауы немесе болуы. Нәтижесінде үш экономикалық нәтиже алынуы мүмкін: қолайлы (ұтылыс, шығын, ) ; нөлдік; оңтайлы (ұтыс, пайда, табыс) .

Тәуекелділіктен құтылу, яғни тәуекелділікпен байланысқан шаралардан бас тарту. Бірақ кәсіпкерлердің тәуекелділіктен кетуі экономикалық ортада пайдадан алшақтау деп қарастырылады. [2]

Көптеген экономикалық үрдістердің дамуы мен жұмыс істеуіне тұрлаусыздықтың элементтері тән. Бұл бір текті ұқсас емес құбылыстарға немесе ахуалдарға тән. «Тәуекел жағдайы» түсініктемесін бірнеше міндеттемелердің орындалу барысындағы қызметтер бойынша сипаттауға болады. Егер кез келген ықтималдық деңгейін анықтауда сандық және сапалы ықтималдық болса, онда бұл тәуекелділік жағдайы деп аталады.

Тәуекел жағдайына үш шарт әсер етеді:

  • тұрлаусыздықтың болуы;
  • альтернативті таңдау қажеттілігі (оның ішінде таңдау барысында бас тарту) ;

- альтернативті таңдау барысында ықтималдықты бағалау мүмкіншілігі.

Тәуекел жағдайын тұрлаусыздық жағдайынан ажыратқан жөн. Тұрлаусыздық жағдайы кезінде құбылыстар мен шешімдердің нәтижелерінің пайда болу ықтималдығы алдын ала көрсетілмейді немесе белгісіз болады. Тәуекелділік жағдайын тұрлаусыздықтың бір түрі деп қарастыруға болады, яғни шаруашылық қызметтегі нәтижелердің мүмкіншілігіне байланысты құбылыстардың пайда болуы алдын ала белгілі болуы тиіс және бағалануы мүмкін.

Тәуекел жағдайды талдау кезінде субъект таңдау жасайды және оны орындауға тырысады. Бұл үрдіс «тәуекелділікті танып білу» немесе «тәуекелділікті талдау» деп аталады.

Сонымен, тәуекел белгілі болатын құбылыс ретінде кеңінен таңдау сипаты және баламалы варианттардың байланыса отырып ықтималдық қасиетіне ие бола алады. Ықтималдық - статистикалық мәліметтердің нәтижесінде құбылыстардың пайда болуы мүмкіншілігін сипаттайтын математикалық белгі.

Жоғарыда қарастырылғандардың нәтижесінде тәуекелділікке төмендегідей анықтаманы ұсынамыз. Тәуекел - тәуекелділік құбылыс мазмұнынына қатысты ықтималдықты бағалау мүмкіншілігі кезінде нәтижесі анықталмаған жағдайда шешім қабылдау. Нәтижесінде оңтайлы әрі қолайлы шығын зардаптары кездесуі мүмкін. [3]

«Тәуекел» түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Тұтастай алғанда, тәуекел - болжамдаған нұсқамен салыстырғанда залалдардың пайда болуы немесе табыстарды кемдеу алу мүмкіндігі. Кең мағынада тәуекелді басқару дегеніміз оларды жоюға немесе азайтуға бағытталған қызмет түрі.

Инвестициялық және қаржылық шешімдерді қабылдау барысында екі негізгі факторлар ескерілуге тиісті: тәуекел және табыстылық. Ешкім де қайсыбір қаржылық немесе инвестициялық операциялардың нәтижесін болжамдай алмайды. Әр шешім тәуекелдің немесе табыстылықтың белгіленген ықтималдығын көрсетеді. Күтілген табысты бағалау үшін келесі өлшемдер пайдаланады: капиталдың қайтымдылығы мен капиталдың тиімділігі.

Капиталдың қайтымдылығы немесе капитал айналымының шапшаңдығы пайда көлемінің жұмсалған капиталға қатысы ретінде есептеліп, айналым санын көрсетеді. Капиталдың тиімділігі немесе табыстылығының нормасы пайыздық капиталдың қатысымен анықталады. Егер тәуекел мағынасы күтілетін белгілі табыстылық ықтималдығынан төмен болса, ықтималдықтарды үлестіру өлшем негізі деп есептеледі.

Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ыкпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда.

Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады.

Тәуекел - ұйым қызметінің күтілетін нәтижесін алу бойынша сенімсіздікті немесе мүмкін еместігін туындататын жағдайлардың пайда болуы, материалдық шығындарға әкелу ықтималдығы.

Тәуекел - бұл бір жағынан, барынша мумкінді қауіптілік, ресурстардан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық, алмау, басқа жағынан, тәуекелдің арқасында қосымша пайда табу мумкіндігі.

Тәуекелге бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға ұшырамайтынына да кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті табыс алу мумкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс - өзара байланысты қаржылық категориялар.

Тәуекел деп кандай да бір табиғат құбылысы немесе адамның кандай да бір қызмет түрінің ерекшелігінен туындайтын шығындалу кауіптілігімен түсіндіріледі. Осы орайда қаржы менеджері үшін тәуекел - бұл жағымсыз нәтиже ықтималдылығы. Әртүрлі инвестициялық жобалардың тәуекелдік деңгейі әртүрлі болады, салымдар салудың ең жоғары табысты вариантының тәуекелі тым жоғары болуы мүмкін. [4]

Тәуекел - бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Сондай-ақ тәуекелге экономикалық категория ретінде келесідей негізгі белгілер тән:

- Экономикальқ табиғаты бойынша тәуекел кәсіпорынның экономикалық
қызметінің сферасында көрініс табады, оның табыстарын қалыптастырумен
тікелей байланысты жэне каржыльщ қызметті жүзеге асыру процесінде
кәсіпорынның экономикалық залалдарға ұшырау мүмкіндігімен сипатталады.
Өзінің көрініс табуының аталған экономикалық формаларын ескере отырып,
тәуекел экономикалық категория ретінде сипатталады, шаруашылық процесін
жүзеге асырумен байланысты экономикалық категориялар жүйесінде белгілі бір орын алады.

- Көрініс табу объективтілігі бойынша тәуекел кез келген кәспорынның қызмет етуіндегі объективті құбылыс болып табылады, ол кәсіпорынның қаржылық қызметінің барлық дерлік бағыттарымен және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен бірге қабаттаса жүреді. Тәуекелдердің параметрлерінің бірқатары субъективті басқарушылық шешімдерге байланысты болғаныменен, оның көрініс табуының объективті табиғаты өзгермей қала береді.

- Жүзеге асыру ықтималдылығы бойынша тәуекел категориясының ықтималдылығы кәсіпорынның қаржылық қызметін жүзеге асыру процесінде тәуекелді жағдай болу мүмкіндігімен де, болмау мүмкіндігімен де айқындалады. Бұл ықтималдылықтың дәрежесі объективті де, субъективті де факторлармен анықталады, бірақ тәуекелдің ықтималдылық табиғаты оның тұрақты белгісі болып табылады.

- Салдарлардың белгізсіздігі бойынша тәуекелдің бұл белгісі оның қаржылық нәтижелерінің, бірінші кезекте жүзеге асырылатын қаржылық операциялардың табыстылық деңгейінің толық айқындылықпен шешілмеуімен анықталады. Қаржылық операциялардың нәтижелігінің күтілмеген деңгейі тәуекелдің түрі мен деңгейіне байланысты айтарлықтай кең диапазонда ауытқуы мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, тәуекел кәсіпорын үшін айтарлықтай қаржылық залалдар да әкелуі мүмкін, сондай-ақ кәсіпорын үшін қосымша табыстар да қалыптастыруы мүмкін.

- Салдарлардың күтпеген қолайсыздығы бойынша жоғарыда тәуекелдердің көрініс табуының салдарлары қаржылық қызметтің негативті де, позитивті де нәтижелерімен сипатталуы мүмкін деп айтылғанмен, бұл тәуекел шаруашылық тәжірибеде мүмкін болатын қолайсыз салдарлардың деңгейімен сипатталады және өлшенеді. Бұл тәуекелдің тым негативті салдарлары тек қана табыстардың ғана емес, сондай-ақ, кәсіпорынның капитал құнының да жоғалуына әкелу мумкінділігімен анықталады, ал бұл кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауына (яғни кәсіпорынның қызметінің қайтып оралмас негативті салдарларына) әкеледі.

- Тәуекел деңгейінің өзгерушілігі бойынша кәсіпорынның қаржылық қызметінің белгілі бір түрде немесе қандай да бір қаржылық операцияға тән тәуекелдің деңгейі тұрақты болып табылмайды. Ең алдымен, ол уақыт бойынша айтарлықтай өзгеріп отырады, яғни каржылық операцияны жүзеге асыру ұзактылығына байланысты болады, өйткені уақыт факторы тәуекел деңгейіне ықпал етеді (бұл салынатын қаржылық қаражаттардың өттімділік деңгейі арқылы, қаржы нарығындағы қарыздар бойынша пайыздық ставкалардың өзгеруінің белгісіздігі және тағы басқалар арқылы көрініс табады) . Сонымен қатар, тәуекел деңгейінің көрсеткіштері үнемі динамикалық өзгерісте болып отыратын көптеген объективті және субъективті факторлардың ықпалынан да айтарлықтай ауытқып отырады.

- Бағалау субъективілігі бойынша экономикалық құбылыс ретіндегі тәуекелдің объективті табиғатына қарамастан, оның негізгі бағалану көрсеткіші - тәуекел деңгейі субъективті сипатқа ие. Бұл субъективтілік, яғни осы объективті құбылыстың бағалануының бір мәнді болмауы акпараттық базаның толықтылығы мен ақиқаттылық деңгейінің әртүрлігімен, қаржы менеджерлерінің мамандану дәрежесімен, олардың тәуекелдерді басқару сферасындағы тәжірибесімен және тағы басқа да факторлармен анықталады. [5]

Тәуекел категориясының қарастырылып өткен белгілері оны келесідей етіп тусіндіруге мумкіндік береді: Кәсіпорынның тәуекелі деп оның қаржылық қызметінің жүзеге асырылуының шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі.

Әрине, тәуекелден қашуға, яғни тәуекелмен байланысты шаралардан бас тартуға болады. Бірақ, кәсіпкер үшін тәуекелден қашу көбінесе мүмкінді пайдадан бас тартуды білдіреді.

Ғылыми әдебиетте тәуекелдің көп түрлері кездеседі, бұл кезде жиі жіктеу белгісі тәуекелін сипаттауға және талдауға тырысатын объект болып табылады.

Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртурлі шараларды қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады. Тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі көпшілік жағдайда тәуекелдің сыныпталуымен анықталады.

Тәуекелдердің сыныпталуы деп белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді түсінуге болады. Тәуекелдердің ғылыми негізделген сыныпталуы әрбір тәуекел түрінің олардың жалпы жүйесіндегі нақты орнын анықтауға мүмкіндік береді. Тәуекелдердің сыныпталуы тәуекелдерді басқарудың сәйкес тәсілдері мен әдістерін тиімді пайдалануға мүмкіндік тудырады. Тәуекелдің әрбір түріне тәуекелді басқарудың өз тәсілі сәйкес келеді. [6]

Тәуекелдерді сыныптау жүйесі өзіне тәуекелдердің категорияларын, топтарын және түрлерін қамтиды.

Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті тәуекелдер.

Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже алу мумкіндігін білдіреді. Мұндай тәуекелдерге табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің кейбір түрлері (мүліктік, өндірістік және сауда тәуекелі) жатады.

Спекулятивті тәуекелдер оң нәтиже де, сондай-ақ теріс нәтиже де алу мүмкіндігімен айқындалады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.

Кез келген шаруашылық қызметте шаруашылық жұмыстар тарапынан пайда болатын қауіпсіздік шараларының түрлері кездеседі. Мұндай қауіп қатердің пайда болуы коммерциялық тәуекелділік деп аталады. Коммерциялық тәуекелділік болжанған нәтижеге осы шаруашылық қызметте сенімділіктің жоғалуы.

Кәсіпкерлік тәуекел дегеніміз - инвестициялық жобалармен, тауарлы ақша және қаржылық операциялармен, тауарларды өндіру және қызмет түрлерін көрсетуде пайда болатын кез келген шаруашылық түрінде кездесетін тәуекелділік.

Тәуекел түрлері жүйелі және жүйелі емес болып жіктеледі.

Жүйелік тәуекелдер сыртқы жағдайлармен анықталады, субъектіге тәуелсіз және онымен реттелмейді. Оларға жатады: елдік тәуекел; форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі.

Елдік тәуекел кәсіпкерлік қызметтің тікелей байланысты. Ол сыртқыэкономикалық қызметтің барлық қатысушылары үшін өзекті және елдердің саяси-экономикалық тұрақтылығына тәуелді. Берілген тәуекел экономикалық және саяси тәуекелге бөлінеді. [7]

Экономикалық тәуекел елдің экономика саласындағы жағымсыз өзгерістердің мүмкіндігінен туындауы мүмкін. Белгілі елде жұмыс істеуге тілегі бар болған кезде шетел инвесторларымен есепке алынатын экономикалық тәуекелдің негізгі факторлары келесі: экономиканың масштабтары; экономикалық өсудің нақты қарқындары; салық салу ставкалары; инфляция деңгейі; сыртқы қарыз; төлем балансы; қайта қаржыландыру ставкасы; адам басына келетін табыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік тәуекел туралы ақпарат
Халықаралық қаржылық менеджменттің мазмұны
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
Тәуекел деңгейін төмендету әдістері
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Стратегиялық менеджмент пәніне кіріспе
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
Қаржылық менеджмент туралы ақпарат
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz