«Банктердің несиелік тәуекелдерін басқару (Алматы қ. «ЦентрКредит Банкі» АҚ мысалында)»


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік тәуекелін басқарудың теориялық негіздері . . . 7
1. 1 Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін басқарудың экономикалық мәні . . . 7
1. 2 Несиелік тәуекелді басқару жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 14
1. 3Несиелік тәуекелді минимизациялау арқылы банктің оңтайлы несиелік портфелін құру және бағалау . . . 26
2 «ЦентрКредит Банкі» АҚ мәліметтері негізінде несиелік тәуекелді басқаруды талдау . . . 31
2. 1 «ЦентрКредит Банкі» АҚ несиелік портфелін талдау . . . 31
2. 2«La Reviera» ЖШС мысалында «ЦентрКредит Банкі» АҚ заңды тұлғаны несиелеу барысында пайда болатын несиелік тәуекелін бағалау . . . 42
3 Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелді басқару мен оны жою жолдары . . . 51
3. 1 «ЦентрКредит Банкі» АҚ несиелік тәуекелді басқару жүйесінің құрылымы мен негізгі мәселелері . . . 51
3. 2 Екінші деңгейлі банктерде несиелік тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру жолдары . . . 61
Қорытынды . . . 69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 71
Кіріспе
«Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының несиелік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді проблемалық несиелерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет» «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н. Ә. Назарбаев жолдауынан. [1]
Екінші деңгейлі банктердің коммерциялық қызметі тәуекелмен тығыз байланысты болады. Себебі, табыс табуға бағытталған кез келген әрекет тәуекелмен қатар жүреді. Банктердің тәуекелді басқару саясатын қалыптастыру барысында тәуекелдердің ішінде несиелік тәуекелге аса назар аударылады. Себебі, банктік қызметтің көп фунционалды саласында - несиелеу ең табысты операциялардың бірі. Оларды реттеу болашақта мүмкін болатын жоғалтулардың алдын алып, пайда болған. Алған шығындардың орнын толтыруда және банктің қалыпты әрі табысты қызметін қамтамасыз етуде маңызға ие. Ал коммерциялық банктің несиелік тәуекелін реттеудің негізгі зор және ең маңызды тетігі болып несиелік тәуекелді басқару саналады.
Несиелік тәуекел - бұл банктік қарыз бойынша қарыз алушынының төлемдерді мерзімінен кешіктіру немесе төлемеу (қайтармау) ықтималдығынан туындайтын тәуекел болып табылады. Несиелік тәуекел, яғни несиелік келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес пайыздық төлемдерді жүзеге асыра алмауы немесе несиенің негізгі қарыз сомасын төлемеу қаупі банктік қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады.
Қаржылық қызмет саласындағы, банк саласында заманауи озық инновацияларға қарамастан, несиелік тәуекел, несиелік тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру әлі күнге дейін банктің негізгі шешетін мәселесі болып табылады. Банктің баланстық есептері мен тәуекелді басқару саясаты мазмұнының 80%-ы тәуекелді басқарудың осы қырына арналған.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Екінші деңгейлі банктердің жүзеге асыратын операцияларының арасында несие беру басыңқы үлеске ие. Жыл сайын несиелік өнім түрлерінің әртүрлілігінің артуы, бөлшек несиелерге деген сұраныстың көбеюі несиелік тәуекелді басқару жүйесінің банктік саясаттың маңызды бөлігі екенін айқындай түсті. Несиелік қоржынның құрамындағы үмітсіз несиелер үлесінің жоғары болуы, сәйкесінше туындайтын несиелік тәуекел деңгейінің артуымен банктер үшін несиелік тәуекелді тиімді басқарудың үлгісін жетілдіру мақсатын қойды. Отандық екінші деңгейлі банктер үшін құбылмалы экономикада орын алатын өзгерістерге икемді, халықаралық тәжірибені ескеретін, бір - бірімен тығыз жұмыс істейтін элементтерді кіріктіретін несиелік тәуекелді басқару жүйесін ұйымдастыру міндеті тұр. Сондықтан, қазіргі банктік жүйедегі несиелік тәуекелді басқару жүйесін қарастыру, оның кемшіліктерін анықтау мен басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру өзекті болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты - несиелік тәуекелді басқару жүйесі ұғымын қарастыру, «ЦентрКредит Банкі» АҚ несиелік тәуекелді басқару (credit risk management) моделімен, құрылымы мен ерекшеліктерімен, әдістерімен танысу, несиелік тәуекелді басқару әдістері мен оларға әсер ететін факторларды анықтау, талдау және несиелік тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылып отыр:
- несиелік тәуекел экономикалық терминіне айқындау, несиелік тәуекелдің экономикалық мәні мен мазмұнын анықтау;
- несиелік тәуекелді басқару элементтерін, әдістері мен ерекшеліктерін қарастыру;
- екінші деңгейлі банктердің несиелік қоржынының сапасын бағалау және талдау;
- «ЦентрКредит Банкі» АҚ-ның несиелік портфеліне талдау жүргізу;
- Заңды тұлғаға несие беру үдерісі барысында пайда болатын несиелік тәуекелдерді талдау;
- Екінші деңгейлі банктерде несиелік тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру жолдарын анықтау.
Диплом жұмысын жазу барысында несиелеу барысында банкте пайда болатын несиелік тәуекелдер мен оларды басқару, субьектісі ретінде - «ЦентрКредит Банкі» АҚ алынды.
Әдістемелік негіз ретінде Қазақстан Республикасының «Банк және банктік қызмет туралы» заңы, отандық және ресейлік авторлардың тәуекел тақырыбында жазылған оқулықтары мен оқу құралдары, «ЦентрКредит Банкі» АҚ несиелік тәуекелді басқару саясаты мен несиелік басқару аясындағы өзге де құжаттамалары, банктік секторды қадағалау органдарының ресми сайттарында жарияланған ақпараттар алынды.
1 Екінші деңгейлі банктердің несиелік тәуекелін басқарудың теориялық негіздері.
1. 1 Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін басқарудың экономикалық мәні.
Банктің заңды және жеке тұлғаларды несиелеу бойынша қызметі несиелік тәуекелмен тығыз байланысты. Несиелік тәуекел банкпен қарыз алушыға несие беру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап туындап, борышкердің банк алдындағы қарызын өтеген мерзімге дейін болады. Несиелік тәуекел ұғымын қарастырмас бұрын, жалпы тәуекел ұғымына тоқталып кеткен жөн.
Тәуекел - шаруашылық - өндірістік немесе қаржылық қызмет барысында табысты жоғалтуға алып келетін қолайсыз жағдайдың пайда болу ықтималдығы. Банктік тәуекел деп - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды. Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. [2]
Банктердің тәуекелді басқару саясатын қалыптастыру барысында тәуекелдердің ішінде несиелік тәуекелге аса назар аударылады. Себебі, банктік қызметтің көп фунционалды саласында - несиелеу ең табысты операциялардың бірі. Оларды реттеу болашақта мүмкін болатын жоғалтулардың алдын алып, пайда болған. Алған шығындардың орнын толтыруда және банктің қалыпты әрі табысты қызметін қамтамасыз етуде банк үшін зор маңызға ие. Ал коммерциялық банктің несиелік тәуекелін реттеудің негізгі және ең маңызды тетігі болып несиелік тәуекелді басқару саналады.
Кез-келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне алып келеді. Несиелік тәуекелді минимизациялау несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет.
Несиелік тәуекел қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Банктің несиелік тәуекелі - міндеттемелерді өтемеу ықтималдығымен байланысты болатын тәуекел және несиелік келісім - шарттың шарттары бойынша қарыз алушының несиегерге несиені қайтару бойынша өз міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде өтемеуімен байланысты болады. Несиелік тәуекелді болдырмау үшін қарыз алушыларға қойылатын талаптар жоғары болуы тиіс, қарыз алушының қаржылық жағдайына, оның несиені қайтару қабілетіне бақылау жасап отыру қажет. Несиелік тәуекел - қарыз алушының банктен алған несиеcі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
«ЦентрКредит Банкі» АҚ несиелік тәуекелді басқару саясаты құжатында несиелік тәуекелге мынадай анықтама беріледі: «несиелік тәуекел - несиені өтеу мерзімінде қарыз алушының толық немесе ішінара төлем қабілетсіздігі салдарынан несиелік қоржынның құнының төмендеу ықтималдығы нәтижесінде нақты уақыт мерзімі аралығында максималды күтілетін шығын».
Несиелік тәуекел қандай да бір факторлардың әсер ету салдарынан пайда болады. Пайда болу көзіне қарай несиелік тәуекелге әсер ететін факторлар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі сипатқа ие факторлар банктің ішкі ортасына байланысты болады. Несиелік тәуекелге әсер ететін ішкі факторларға жатады:
- Банк стратегиясы;
- Несиелеу үдерісін ұйымдастыру;
- Әдістемелер пен процедуралар;
- Персонал.
Сурет 1. Несиелік тәуекелдердің жіктелуі
Алынған көзі. Бекбенбетова Б. «Банк менеджменті», 2007ж [28]
Коммерциялық банктердің жұмысындағы жетекші қағида үлкен табыс алуға ұмтылыс болып табылады. Бұл орайда, ықтимал пайданың мөлшері тәуекелділікпен тікелей үйлесімді. Банк ісіндегі тәуекелділік - бұл белгілі бір
оқиға орын алған кезде банкті жоғалту мүмкіндігі.
Іс жүзінде барлық банк тәуекелдігін банктің ішкі және сыртқы ортасына қатынасының көрінісі бойынша бөлуге болады. Бұл белгілер банк тәуекелділігінің үлкен тобына тән және бір-бірінен тәуекелділік деңгейіне сыртқы әсердің бар болуына және банк тәуекелділігінің пайда болуының ішкі себебіне байланысты.
Сыртқы тәуекелділікке банктің және оның клиенттерінің қызметі тікелей байланысты емес тәуекелділік жатады. Сыртқы тәуекелділік деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді - демографиялық, саяси, географиялық, экономикалық, әлеуметтік және т. б.
Ішкі тәуекелділік - бұл банктің өзінің, оның клиенттерінің немесе оның контрагенттерінің қызметтерімен шарттасылған тәуекелділік. Олардың деңгейіне банк басшылығының іскерлік белсенділігі, дұрыс стратегия мен тактиканы таңдауы және т. б әсер етеді.
Ішкі және сыртқы болып бөлінуіне тәуелсіз банк тәуекелділігінің барлық түрлерін пайда болу уақыты мен тәуекелділік дәрежесі бойынша болуге болады.
Уақыты бойынша тәуекелділік ретроперспиктивалы, ағымдағы және перспективалы болып бөлінеді. Бұлайша бөлу, ретросперспиктивалы тәуекелдікті сараптап, ағымдағы және перспективалы тәуекелділіктің дәл алдын алу үшін қажет.
Банк тәуекелдігінің дәрежесі, (көлемі) бойынша төмен, қалыпты және толық деп айқындауға болады.
Банк тәуекелдігін айқындап және зерттеп, банктер өз қызметінде бір ғана нақтылы тәуекелдікпен емес, пайда болу орнымен, және уақытымен, банк қызметіне өз әсерімен бір-бірінен ерекшеленетін түрлі тәуекелдіктердің барлық жиынтығымен бетпе-бет келетінін есте ұстау және оларды жиынтықтап қарау керек.
Тәуекелдіктің бір ғана түрін өзгерту қалған барлық тәуекелділік түрлерін өзгертуді туындатады. Мұның барлығы, әрине, нақтылы тәуекелділік деңгейін, сараптамалық әдісін таңдауды қиындатады және оны оңтайландыру бойынша шешім қабылдау көптеген басқа тәуекелдік факторларға терең талдау жасауға әкеледі.
Сыртқы тәуекелділік мынадай түрлерге бөлінеді:
- Елдің
- Валюта
- Құқық
- Әлеуметтік
- Табиғат апатының тәуекелділігі (форс-мажор жағдайы) .
Елдің тәуекелділігі. Шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған барлық банктер мен лицензиясы бар банк мекемелері банк тәуекелдігінің осы тұрпатына ұшырайды. Бұл тәуекелдік банктер мен банк мекемелерінің қызметін интернационалдаумен тікелей байланысты, контрагент еліндегі, клиент еліндегі саяси-экономикалық жағдайға тәуелді. Негізінен қаржылық жай күйін және шетелдік контрагенттің тұрақтылығын қате бағалауға жол беріледі.
Бұл тәуекелдікті сараптаған кезде елдің тәуекелдігі - экономикалық және саяси тәуекелдікті қамтитын өте күрделі тәуекелділік сияқты көптеген факторлар назарға алынады. Экономикалық тәуекелдікті бағалау, әдетте, ұлттық статистика деректері негізінде жүргізіледі. Елдің тәуекелдігінің ерекшелік белгісі оны есептеу мен сараптаудағы күрделілігінде болып табылады, өйткені, оны бағалау үшін банкке әсерлілігі жоғары, икемді және шынайы дерек қорын құру қажет.
Валюта тәуекелдігі шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысы бойынша бағамы өзгеруінің, сондай-ақ оларды негізгі валютаға конвертациялау кезінде шет елден алынған табыс құны өзгеруінің қолайсыз салдарын білдіреді. Әсіресе белгілі валютаны түрлі валюта нарығында бағамдарының сәйкессіздігі немесе уақыттың түрлі монеталарындағы валюта бағамының айырмасы есебінен алып-сатарлық табыс алуға әрекет ететін банктердің яғни, арбитраж операциясын жүзеге асыратын банктердің валюта тәуекелдігі жоғары.
Валюта тәукелдігі деңгейін банк мынадай:
- Валюта фьючерстерінің көмегімен хеджирлеу;
- Несие келісімшартына қорғау туралы енгізу;
- Төлем валютасы ретінде ұлттық валютаны таңдау;
- «Нөлдік баланс» тактикасын пайдалану іс-қимылдарымен төмендете алады.
Құқық банк тәукелдігі банк қызметін реттейтін заңнамаларда күтпеген өзгерістер болған жағдайда, сондай-ақ белгілі бір банк операцияларының заңнамалық регламенттелуінің жоқтығы кезінде пайда болады.
Әлеуметтік тәуекелдік халық арасындағы табыстың тең бөлінбеуінен, ықтимал пікір қайшылықтарынан, ұлттық жанжалдан туындайды.
Табиғат апатының тәуекелдігі немесе форс-мажор жағдайы деп аталады. Ол дүлей табиғат құбылысының бар немесе жоқ болуына және оған байланысты салаларға және мемлекет тарапынан түрлі шектеулерге тәуелді.
Сыртқы тәуекелдік елдің сыртқы борышының ІЖӨ-ге, сыртқы борыштың экспортқа қызмет көрсетуі көлеміне, шетелдік резервтердің импортқа, ағымдағы баланс тапшылығының ІЖӨ-ге және т. б қолайсыз ара салмағы кезінде пайда болады.
Ішкі тәуекелдікті олардың банк түрі мен ерекшелігіне, оның қызметінің (оның операцияларының) сипатына және банк әріптестерінің (клиенттері мен контрагенттерінің) қатысы бойынша бөлуге болады. Негізгі ішкі тәуекелдікті және оларды азайту тәсілдерін қарастырамыз.
Сыртқы сипатқа ие факторлар сыртқы ортаға байланысты болады, оларға жатады:
- Контаргент тәуекелі - қарыз алушымен өзінің міндеттемелерін орындамау тәуекелі;
- Нарықтық тәуекел - нарықтағы жағдайдың қолайсыз өзеруі тәуекелі (нарықта пайда болатын валюталық, пайыздық, бағалық тәуекелдер) ;
- Салалық тәуекел - экономикалық саласының өзгеруі нәтижесінде пайда болатын тәуекел;
- Аймақтық тәуекелдер - мемлекеттің жеке экономикалық аймақтары деңгейінде инвестицияларды жүзеге асырумен байланысты тәуекелдер (жеке аймақтың экономикалық, саяси, заңнамалық, экономикалық және т. б. тәуекелдерін кіріктіреді) ;
- Экономикалық тәуекелдер - экономиканың даму деңгейіне, жалпы ішкі өнімнің көлеміне, инфляция деңгейі мен мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызына байланысты туындайтын тәуекелдер (бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіреуі, рынок конъюктурасының өзгеруі, инвестициялық қызметтегі қауіпсіздік деңгейінің төмендеуі, экономиканың өсу қарқының тоқтауы және т. б. ) ;
- Саяси тәуекелдер - саяси сипатқа ие, яғни билік және басқару органдарынан, сондай - ақ өзге де мемлекеттік құрылымдардан таралатын форс - можорлық, реттелмейтін күштердің нәтижесінде пайда болатын тәуекелдер (мемлекеттік құрылымның өзгеруі, мемлекет аумағында әскери іс - қимылдар, төтенше жағдай, тауарларды енгізу мен шығаруды шектеу, т. б. ) .
- Табиғи тәуекелдер - экологияның, климаттық жағдайлардың, құртылуы салдарынан туындайтын тәуекелдер.
Банк сыртқы факторларға әсер ете алмайды, тек оларды бағалап, төмендету бойынша іс - шараларды қолдана алады. [2]
Несиелік тәуекелдер тікелей тәуекел (нақты қарыз алушының тәуекелі) және қоржындық тәуекел (несиелік қоржын тәуекелі) болып бөлінеді.
Тікелей несиелік тәуекелдерге қарыз алушымен банк алдындағы міндеттемесін уақытылы өтемеу ықтималдығымен байланысты тәуекелдер: қарыз алушының негізгі қарызы мен сыйақыны төлемеуі, дефолттың қалыптасуы, қарыз алушының несиелік рейтингінің төмендеуімен байланысты жоғалтулар және несиені мезгілінен бұрын қайтарған жағдайда жоғалтылған табыс түріндегі шығындар.
Қоржындық несиелік тәуекелге банктің ссудалық қоржынының құнының төмендеуі және берілген несие бойынша табыстардың есептік деңгейінен төмен болу ықтималдығымен байланысты тәуекелдері жатады.
Несиелік тәуекелді негізгі үш түрге бөлуге болады:
- жеке немесе тұтынушылық тәуекел;
- корпоративті тәуекел немесе компания тәуекелі;
- зайырлы немесе мемлекеттік тәуекел.
Несиелік тәуекелдерді былай топтастырады:
1) Факторлардың әрекет ету саласына қарай:
- Ішкі несиелік тәуекелдер;
- Сыртқы несиелік тәуекелдер;
2) Факторлардың банк қызметі байланысына қарай:
- банк қызметіне байланысты несиелік тәуекелдер - тікелей банк саласына қатысты пайда болуы ықтимал тәуекелдерді айтамыз, мысалы, банк саласындағы заңнаманың өзгеруі;
- банк қызметіне байланыссыз несиелік тәуекелдер - жалпы қаржы нарығына байланысты болатын тәуекел, мысалы, үстіміздегі жылы болып өткен девальвация тек банк саласына ғана емес, барлық қаржы нарығына әсерін тигізді;
3) Банк қызметіне әкелетін зияндылық дәрежесіне қарай:
-тікелей несиелік тәуекел;
- жанама несиелік тәуекел;
4) Несиелік операциялардың есеп алыну сипатына қарай:
- баланстық несиелік тәуекелдер;
- баланстан тыс несиелік тәуекелдер;
5) Пайда болу ауқымына қарай:
- іргетастық несиелік тәуекелдер, яғни активті және пассивті басқарумен айналысатын менеджерлердің қабылдайтын шешімдеріне байланысты;
- коммерциялық несиелік тәуекелдер, яғни банк клиенттерін несиелеу саясатына байланысты;
- жекеше несиелік тәуекелдер, яғни несиелік өнім, қызмет, операцияларға, қарыз алушыларға немесе өзге де контрагенттерге байланысты.
6) Басқару сипатына қарай:
- тікелей несиелік тәуекел, яғни қарыз алушыға қатысты несиелік тәуекел;
- қоржындық несиелік тәуекел, яғни несиелік қоржынның сапасына байланысты. Несиелік тәуекелдің мүмкін болатын қауіпті салдарынан несиені және өзге де несиелік құралдардың қайтарылу, жүзеге асырылу, қадағалау мен әкімшіліктендіру бойынша мүмкіншіліктерді талдау маңызды болып табылады. Несиелік тәуекелді басқаруды жалпы шолу банк тәжірибесі мен саясатын кіріктіреді. Берілген талдау банктің несие беруге шешім қабылдау барысында қарыз алушының берген қаржылық ақпаратының нақтылығын анықтауы керек. [4, 233 - 235 б. ]
Сыртқы, яғни жүйелік несиелік тәуекелдерге жоғарыда аталып өткен, яғни жалпы экономикалық жүйеге әсерін тигізетін тәуекелдер жатады. Ол тәуекелдерді болдырмауға банк әсер ете алмайды, тек жүйелі тәуекелдердің пайда болу ықтималдығын анықтай отырып, болашақта сыртқы тәуекелдердің деңгейін азайту бойынша шаралар қолдана алады.
Ішкі (жүйелі емес) тәуекелдерге банк, яғни несие беруші тарапынан және қарыз алушы тарапынан пайда болатын тәуекелдерді айтамыз. Қарыз алушы тарапынан ағымдағы қызметінің табыстылығының төмендеуі, табыс көзінен айырылу, қарызды қамтамасыз ете алмау тәуекелдері болса, банк тарапынан несиелік саясатының тиімсіздігі, операциялық және құрылымдық, т. б. тәуекелдер болуы мүмкін.
Сонымен қатар, несиелік тәуекелдерді олардың пайда болу саласы мен қолдану аясына қарай топтастыруға болады: сыртқы және ішкі несиелік тәуекелдер. Тәуекелдің бұл түрлерін жанама әдістерге - мәмілелік және сақтандырушылық - назар аудара отырып, Қазақстанның банк жүйесінің жұмыс істеу ерекшелігін ескере отырып сипаттауға болады.
Несиелік тәуекелдің ықтималды салдарының қауіптілігінен несиелерді, аванстарды, кепілдіктерді және басқа да несиелік құралдарды бағалау, әкімшіліктендіру, қарау, бақылау, жүзеге асыру және қайтару бойынша банктік мүмкіндіктердің жан-жақты талдауын жүргізу маңызды. Несиелік тәуекелдерді басқарудың жалпы шолуы өзіне банк саясаты мен практикасын талдауды біріктіреді. Берілген талдау несиені беру жөнінде шешім қабылдағанда банкпен қолданылған, қарыз алушыдан алынған қаржылық ақпараттың айқындылығын да анықтауы тиіс. Әр несие бойынша тәуекелдер оларға өзгеру тән болғандықтан мерзімді түрде қайта бағаланудан өтуі тиіс. Несиелік тәуекелді дұрыс бағалауда басты рөлді несиелік тәуекелді басқару жүйесі атқарады. Несиелік тәуекелді басқару жүйесі тәуекелді дұрыс басқару мен бағалаудың басты тетігі болып табылады.
Екінші деңгейлі банктерде несиелік тәуекелді басқару банктің қызметі барысында пайда болатын тәуекелдерді анықтау, талдау, бақылау және азайту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асырумен айналысатын және банктің ішкі бақылау бөлімінің ұсыныстарын есепке ала отырып, тәуекелдің жеке түрлерін минимизациялау бойынша қосымша даярлайтын арнайы құрылымдық бөлімшенің (тәуекелді басқару бөлімі) қызметі шеңберінде жүзеге асырылады.
Банктерде несиелік тәуекелді басқарудың негізгі қағидалары ретінде келесілер қолданылуы керек:
- мүмкін болатын шығындар мен шығын алып келетін жағдайларды болжамдау және оларды сандық өлшеу;
- тәуекелді қаржыландыру және олардың азаюын ынталандыру;
- банктің барлық бөлімшелері бойынша тәуекелді бақылап отыру, тәуекелді басқару бойынша іс-шаралардың тиімділігін бақылау.
Несиелік ұйымдарда несиелік тәуекелді басқару құралдарының екі түрі қолданылуы мүмкін: жеке несие шеңберіндегі несиелік тәуекелді басқару және несиелік қоржын шеңберінде несиелік тәуекелді басқару (несиелер жиынтығы) . Осы екі топтың әрқайсысы бойынша несиелік тәуекелдің пайда болуының алдын алатын құралдар мен пайда болған несиелік тәуекелді басқару құралдарын ажыратады. Соңғысы активті (жоғалтуларды шектеу үшін қолданылады) және пассивті (шығындарды сақтандырумен байланысты) болуы мүмкін.
Активті құралдар ретінде қолданылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz