Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі және аудиті Темір ЖШС үлгісінде


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың теориялық негіздері . . . 8

1. 1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің бухгалтерлік есебінің экономикалық мазмұны . . . 8

1. 2 Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі және болашақ кезеңнің есебі . . . 15

2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі «Темір» ЖШС үлгісінде . . . 24

2. 1 «Темір» ЖШС-нің ұйымдастырушылық- экономикалық сипаттамасы . . . 24

2. 2 Кәсіпорындағы сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі . . . 30

1. 3 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың аудиті . . . 46

3 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебінің жетілдіру жолдары . . . 50

3. 1 Дeбитoрлық борыштар есебін ХҚЕС сай жүргізу . . . 50

3. 2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебін 1С:Бухгалтерия бағдарламасында жүргізу . . . 54

Қорытынды . . . 60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Дебиторлық борыштар - бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып қолма-қол емес есеп операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.

Дебиторлық борыштар есебі өзіне мынадай элементтерін біріктіреді. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудыңі есебі; басқада дебиторлық борыштардың есебі; болашақ кезеңдердің есебі; күдікті борыштар бойынша резервтердің есебі;

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары - Дебиторлық борыштары /Алынуға тиіс шоттар/ деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін /алынатын/ уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мнрзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын /өтелінетін/ дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар:

  • ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық /алдын ала төленген/ төлем;
  • тапсырылған /берілген/ шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
  • ұйымның лауазымды адамдарының /тұлғаларының/ дебиторлық борышы:
  • басқадай дебиторлық борыштар.

Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық қарыздың айналымдылығы 30-дан 90 күнге дейін тең болады, егер де осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша шоттар /дебиторлық борыштар/ иелік ету хұқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Диплом жұмысының мақсаты - зерттеу объектісі ретінде алынған дебиторлық борыштар соның ішінде: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі, күмәнді борыштар, дебиорлық борыштар есебінің аудитін қарастырып, зерттеу болып табылады. Қандай да бір ұйымдар болмасын бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда ең қажеттіліктердің бірі болып дебиторлық борыштар болып саналады, яғни барлық ұйымдарда міндетті түрде борыштар есептелінеді.

Дипломдық жұмыстың міндеті - «Темір» ЖШС-нің қызметінің экономикалық жағдайына баға беру, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебін есептеу тәртібін ашу, сонымен бірге кәсіпорынның қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін жақсарту үшін, кәсіпорынның шаруашылық қабілетінің соңғы нәтижесін жақсартуға бағытталған резервтерді ашу және нақты іс шаралар жетілдіру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығына кәсіпорындардағы дебиторлық берешектерге байланысты тәжірибелік зерттемелер мен кешенді сұрақтардың шешімдеріне теоретикалық-әдістемелік негіздерін жатқызуға болады.

Жұмыстың тәжірибелік мәні кәсіпорынның экономикалық дамуында кәсіпорынның дебиторлық борыш сұрақтары бойынша басылымдарда кәсіпорын үшін жоғары деңгейде үлкен көңіл бөлінетіні болып табылады.

Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін есепке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Дипломдық жұмыста «Темір» ЖШС-нің мәліметтерін негізгі ала отырып, ізденіс жасалды.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс сатып алушылар мен тапсырыс берушілер бойынша есеп айырысу мен оның аудитін теориялық жағынан және тәжірибелік мәліметтер негізінде оның толық сұрақтарын қарастырады.

Бірінші бөлімде сатып алушылар мен тапсырыс берушліердің түсінігі және олардың түрлерінің теориялық негіздері қарастырылады, екінші бөлімде - зерттеліп отырған кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштері, есеп саясаты сипатталады; дебиторлық борыштар есебінің ерекшеліктері көрсетіледі, ал үшінші бөлімде кәсіпорынның дебиторлық борыштардың жетілдіру жолдары қарастырылады.

1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың теориялық негіздері

1. 1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің бухгалтерлік есебінің экономикалық мазмұны

Дебиторлық борыш - кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есебі - кейде қаржы тәртібін бұзудан, тауарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т. б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу - несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.

Дебиторлық борыш - деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады [1] .

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:

  • ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
  • тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындғы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
  • акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
  • басқадай дебиторлық борыштар.

Дебиторлық борыштар - бұл заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс. [2]

Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді.

1210 "Cатып алушылар мeн тапcырыc бeрушілeрдің қыcқа мeрзімді дeбитoрлық бeрeшeгі"

1220 "Eншілec ұйымдардың қыcқа мeрзімді дeбитoрлық бeрeшeгі"

1230 "Қауымдаcтырылған жәнe бірлecкeн ұйымдардың қыcқа мeрзімді дeбитoрлық бeрeшeгі"

1240 "Филиалдар мeн құрылымдық бөлімшeлeрдің қыcқа мeрзімді дeбитoрлық бeрeшeгі"

1250 "Қызмeткeрлeрдің қыcқа мeрзімді дeбитoрлық бeрeшeгі"

1260 "Жалдау бoйынша қыcқа мeрзімді дeбитoрлық бeрeшeк"

1270 "Алуға арналған қыcқа мeрзімді cыйақылар"

1280 "Өзгe қыcқа мeрзімді дeбитoрлық бeрeшeк"

1290 "Күмәнді талаптар бoйынша рeзeрв"

2100 «Ұзақ мeрзімді дeбитoрлық бoрыш» бөлімшecінің кeлecідeй

шoттарында жүргізілeді:

2110 Cатып алушылар мeн тапcырушылардың ұзақ мeрзімді берешегі

2120 Eншілec ұйымдардың ұзақ мeрзімді дeбитoрлық берешегі

2130 Аccoциацияланған жәнe бірлecкeн мeкeмeлeрдің ұзақ мeрзімді дeбитoрлық берешегі

2140 Филиалдар мeн құрылым бөлімшeлeрдің ұзақ мeрзімді дeбитoрлық берешектері

2150 Қызмeткeрлeрдің ұзақ мeрзімді дeбитoрлық берешек

2160 Жал бoйынша ұзақ мeрзімді дeбитoрлық берешек

2170 Алынуға тиіcті ұзақ мeрзімді cыйақылар

2180 Баcқадай ұзақ мeрзімді дeбитoрлық берешек [3] .

Дебиторлық борыштардың ішінде субъектінің шаруашылық қызметінде жиі кездесетінін - дайын өнімдерді (жұмыс, қызмет) және тауарларды сату операциялары. Баланста көрсетілген дебиторлық борыштар баптарының ішіндегі үлесі жағынан ең қомақтысы.

Сондықтан сатып алу және тапсырыс берушілермен есеп айырысуды тексерген кезде бағдарламада келтірілген сұрақты жан-жақты қамтып, ауқымын кеңейте түсу үшін мынандай мәселелерді анықтап алу қажет: өнім сатуға сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарт жасалғандығын; түгендеу (салыстыру) актілерімен есеп айырысу құжаттарымен расталған сатып алушылардың борыштарының нақтылығын; сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштарын; бөлімшесінің шоттары бойынша жүргізілген синтетикалық (жіктеу) есептің дұрыстығын анықтап алу.

Мұндай жағдайда аналитикалық (талдау) есеп мынандай мәселелерді қамтамасыз етуге міндетті: вексельдермен қамтамасыз етілген ақша қаражаттарының түсу мерзімі әлі жетпеген, сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысулар бойынша борыштардың мәліметтерін алу мүмкіндігін, дисконтталған вексельдер мен ақша қаражаттарының мерзімінде түспегендігіне қарамастан, банктен өткен дисконтталған вексельдерді; «сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімінің шоттары бойынша бухгалтерлік есеп дұрыс берілгендігін: «сатып алушылармен және тапсырыс берушілердің борыштары» бөлімінің шоттары бойынша аналитикалық есеп жазуларының № 11 журнал-ордердегі, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен сәйкестігін; талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын қамтамасыз етуге міндетті. [4]

Субъектінің басшысының қабылдаған шешіміне сәйкес талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштар шығысқа шығарылып, күдікті қарыздар резервінің шоттарына жатқызу арқылы жабылады. [5]

Дебиторлық берешек ұйымның айналысынан қаражатты алаңдатады, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Оны уақтылы өндіріп алу - ұйым бухгалтериясының аса маңызды міндеті. Талап ету мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылып, есептен шығарылуға тиіс.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары -1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

  • Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
  • Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
  • Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
  • Басқадай дебиторлық борыштар.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады [6] .

Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Ұйымның қаржы қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кірісті алынған жағдайда ғана анықталады [7] .

Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді.

Ұйымдардаң мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады [8] .

Кейбір жағайларда сапаның төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы. Талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісіт табыстарының көлемін азайтатындағы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:

Дт: 6030 баға шегерімі - шоты

Кт: 1210 алынуға тиісті борыштар - шоты

Түріндегі бухгатлтерлік жазуы жэазылады.

Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:

Дт: 6020 Сатылған тауралардың қайтарылымы - шоты

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар - шоты

Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:

Нөмірі 7 Журнал-ордер - 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;

Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме - 1610 «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;

Нөмірі 10 Журнал-ордер - 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резерв», 1620«Алдағы кезең шығындлары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;

Нөмірі 11 Журнал-ордер - 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының және 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек [9] .

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған.

Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады.

Дебиторлық борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады.

Дебиторлық борыштар - бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқы сыртқы заңды тұлғалармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып қолма-қол емес есеп операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады [10] .

Дебиторлық борыштар есебі өзіне мынадай элементтерін біріктіреді. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудыңі есебі; басқада дебиторлық борыштардың есебі; болашақ кезеңдердің есебі; күдікті борыштар бойынша резервтердің есебі.

Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операциялары арнаулы тізімдемелерде есептелініп, онда сатылған айналымнан тыс активтер, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық құндылықтар бойынша шот фактуралары немесе басқадай есеп айырысу құжаттары жинақталып, топтастырылып бөлек көрсетіледі. Тізімдемелердегі жазулар - шоттар, фактуралар немесе олардың орнына қолданылатын басқадай құжаттар негізінде активтердің топтары бойынша жазылады [11] .

Тізімдемелердің бағандарында сатып алушылар (тапсырыс берушілер) бойынша ай басындағы қалдықтар көшіріледі және бұйымдардың аттары немесе топтары бойынша сатылған активтердің сандық мәліметтері көрсетіледі. «Сатып - алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша операциялардың есебі үшін № 11 журнал-ордер қолданылады.

Кесте 1

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялардың мазмұны
Дебет
Кредит
№: 1
Операциялардың мазмұны: Тиеп жіберген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы
Дебет: 1210
Кредит: 6010
№: 2
Операциялардың мазмұны: Тиеп жіберген тауарға, өнімге, көрсетілген қызметке есептелінген қосылған құн салық сомасы
Дебет: 1210
Кредит: 3130
№: 3
Операциялардың мазмұны: Борыш сомасы бұрын алынған аванс сомасынан шегерілді
Дебет: 3510
Кредит: 1210
№: 4
Операциялардың мазмұны: Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден есеп айырысу шотына келіп түскен сома
Дебет: 1030
Кредит: 1210
№: 5
Операциялардың мазмұны: Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары олардың кредиторлық қарызы есебінен өтелінді
Дебет:

3320-3330,

3210

Кредит: 1210
№: 6
Операциялардың мазмұны: Сатылып (тиеп жіберілген) тауар, өнім, көрсетілген қызмет үшін алынған вексель
Дебет: 1280
Кредит:

1210,

2120-2130

№: 7
Операциялардың мазмұны: Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берген вексельдері үшін борыштарын төледі
Дебет: 1030
Кредит: 1280

Тауарларды сату және сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісім-шарттарымен және тағы бас құжаттар құқықтық рәсімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі «тауар» болып табылады. Сондықтан келісім шартта тауарлардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасымен келісілген жалпы құны алынып өтуі қажет. [12]

Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандақтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Дебиторлық қарыз айналымдылығы 30-дан 90 күнге дейін тең болады, егер осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.

Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық қарызды талап ету құқын факторингалық компанияларға жүктейді.

Факторингілік операциялардың есебі. Факторинг, басқаша айтқанда, қаржылық агент болып табылады және үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп беру үшін қызмет етеді [13] .

Ондай қаржылық агент болып банктерде басқа да несиелік, коммерциялық ұйымдар бола алады, бірақ олар аталған қызметті жүзеге асыру үшін лицензия болуы керек. Бірақ кез келген еәсіпорын немесе ұйым факторинг қызметімен шұғылданбас бұрын екі жақтың да несие қабілеттілігін тексереді және көрсеткен қызметі үшін, өз құқын беоген кәсіпорын автоматты түрде төленуге тиіс. Бұл арада өзінің дебиторлық қарызды талап ету құқын берген кәсіпорын мен факторинг компаниясы келісім-шартқа отырады. Ондай келісім-шарт ашық та, жабық та болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық борыштар есебінің нормативтік
Дебиторлық борыштардың есебі туралы
Дебиторлық борыштардың аудиті
Дебиторлық борыштың бухгалтерлік есебі
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарт түрлері және мазмұны
Вексель беруші ұйымның аты
Ай Ер Нур Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін бойынша өндірістік іс-тәжірибе есебі
Дебиторлық борыштар есебi
Дебиторлық және кредиторлық берешектердің есебі және аудиті
Дебиторлық борыштар аудитi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz