Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі



Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1.Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі
2.Бухгалтерлік есептің нысандары
Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болу бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып, бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отыруымен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалықәл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды», - деген сөздің жайдан жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бұл жұмысымның мақсаты - бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі мен бухгалтерлік есептің нысандарын атап көрсетіп, сондай – ақ осы саладағы мәселелерін қарастырып талқылау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Алматы, 2006

2. Бухгалтерлік есеп стандарттары. ҚР Ұлттық комиссиясы.Алматы, 1996-2003

3.Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты.Құрастырушы Рапопорт М.М.Москва, 1992

4.Әбдіманапов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принципі.Алматы, 2001

5.Халықаралық қаржылық есеп беру стандарты.Аудармашы Тарусина В.И.Москва, 1998

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1.Бухгалтерлік құжаттар және олардың атқаратын қызметі

2.Бухгалтерлік есептің нысандары

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты
жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болу бастауына сәйкес бухгалтерлік
есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің
мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған
бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру
талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып, бұрын есепші деп
саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап,
бағалап, есептеп отыруымен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы
экономикалықәл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да
кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол
елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін,
есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп
беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең
маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар
Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында Есептей алмаған, басқара
алмайды, - деген сөздің жайдан жай айтылмағандығын атап өтуге болады.
Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау,
бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар,
бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен
өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап
көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен
шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға
болады.
Бұл жұмысымның мақсаты - бухгалтерлік құжаттар және
олардың атқаратын қызметі мен бухгалтерлік есептің
нысандарын атап көрсетіп, сондай – ақ осы саладағы мәселелерін
қарастырып талқылау.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында
күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың
міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып
отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ерекше
болып келеді.
Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен
ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және
алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен
атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша
куәлікті атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмысты,
орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен,
арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті
адамдардың қолдарының қойылуы ( қажет болған жағдайда
кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы ) құжаттау
деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің
негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы
ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған
жұмыстың, атқарылған қызметінің қай мерзімде
жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын
жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық
операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың
мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік
есептің неізі болып табылады.
Бухгалтерлік құжат - кәсіпорындағы шаруашылық
операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны
орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.
Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы
құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы
есеп сатысы деп атайды.
Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының
әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың
нысаны немесе формасы бірдей болмайды. Шаруашылық
құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс.
Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық
операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір
көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер (
реквизиттер ) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы
болып бөлінеді. Міндетті деректемелер ( реквизиттер )
бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемелерге ( реквизиттерге ) жататындар:
-құжаттың аты, нысанның коды;
-құжаттың толтырылған уақыты ( күні, айы, жылы);
-құжатты толтырылған заңды немесе жеке тұлғаның
аты – жөні;
-шаруашылық операцияларының мазмұны;
-шаруашылық операцияларының өлшемі ( натуралдық немесе
ақшалай);
- шаруашылық операцияларының жүргізілуіне және соған
сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;
-жауапты атқарушының қолы.

Қосымша деректемелер ( реквизиттерге ) шаруашылық операция
көрінісі ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен
анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы
құжатта келесідей қосымша деректемелер ( реквизиттерге ) болуы
керек: құжаттың реттік нөмірі, ұйымның банк мекемесіндегі
есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны
орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары.
Құжаттардың нысандары ( формалары ) келесі есеп бөлімдері
бойынша топтасады:
1. ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
2. еңбек және еңбекақы;
3. негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
4. материалдар;
5. кем бағалы және тез тозғыш заттар;
6. капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7. құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
8. автокөліктегі жұмыс;
9. түгендеу нәтижелері;
10.кассалық операциялар;
11.сауда операциялары.

Құжаттар дер кезінде, яғни оепрацияның орындалуы
барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта
оларды толтыруға мүмкіндік болмаған жағдайда құжаттар
операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған
құжат кәсіпорын меншігінің сатылуын бақылауды
қиындатады және ол операцияның бухгартерлік есеп шотына
кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен
ұйымның бухгартерлік қорытынды есебін жасау мерзімі
кешіктірілуі мүмкін.
Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен,
жазба машинасымен ( компьютермен ) және басқа да олардың
архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын
қамтамасыз ететін заттармен толықтырылады. Құжаттағы жазбалар
анық және дұрыс көрсетілуі тиіс. Құжатты толтырған
адам тиісті жеріне өзінің өолын анық етіп қоюға
міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп
құжаттарында қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас
бухгартердің келісімімен тағайындайды.
Ақша операциялары бойынша толтырылған құжаттар және
есеп айырысу құжаттары, срнымен қатар кәсіпорынның
қаржылық – несиелік міндеттерін куәландыратын құжаттар бас
бухгартердің қолынсыз заңсыз немесе жарамсыз болып саналып,
оны орындау жүзеге асырылмайды. Егер кейбір операцияларды
орындау барысында кәсіпорын басшысы мен бас бухгартерінің
көзқарастары әр түрлі болған жағдайда оларға
толтырылған құжаттар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімі
бойынша толтырылады. Соған сәйкес бұл операция үшін барлық
жауапкершілікті кәсіпорын басшысы өз мойнына алады.
Алғашқы немесе бастапқы құжаттарды толтырғанда жасалған
қателерді келесі жолдармен түзетуге болады: дұрыс емес
тексті немесе соманы оқылатындай етіп түзу сызықпен
сызады да оның жанына дұрыс жазба жазылады. Бұл құжатқа
түзету енгіәзілгені жазылып және уакыты, яғни күні, айы, жылы
көрсетіліп құжат толтырушы өз қолын қояды.
Кассалық және банктік құжаттарға түзету енгізуге
болмайды. Егер аталған құжаттарды толтыру барысында қате
жіберілген жағдайда оларды қайта толтыру қажет.
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын алғашқы құжаттардың
басқадай түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық
операцияларына қатысушылардың келісімімен жүргізіліп және
олар өздерінің келісім бергендігін растап, түзету
енгізілген уақытты көрсетіп қолдарын қояды.
Бухгалтерлік есептің нысандары ( формалары ) деп - белгілі
бір дәйектілікпен және өзара байланысты, екі жақты
принципті пайдалана отырып бухгалтерлік есеп жазуын
жүргізуге арналған есеп тіркелімін ( регистрін ) айтады.
Бухгалтерлік есептің нысандарын және есептелетін
ақпаратты өңдеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік алғашқы құжаттар
Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Бухгалтерлік есеп және ақпараттар жүйесі
Бухгалтерлік құжаттар
Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер