Бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптері


Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі
2. Бухгалтерлік есептің принциптері
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды», - деген сөздің жайдан жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы мен өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болу бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып, бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отыруымен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалықәл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Бұл жұмысымда бухгалтер мамандардын білуі керек бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі және де бухгалтерлік есептің принциптері анық ашып көрсетіп отырмын.
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттардың дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты, қолдану аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолдану аясы. Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай жағдайда қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығауы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі де мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандартын жасауы барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандарттының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл ұйымның құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Голландия, Жапония, Ирландия, Канада, Мексика, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің келісімге келуімен іске асырылды. Алғашқы уақытта яғни Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда аталған елдерден жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка Республикасы, Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқалай нұсқаулары, ережелері және түсініктері үшін табыс алып отырады. сонымен қатар бұл комитетке бухгалтерлердің халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық есеп беру стандартының негізгі мақсаты - мына төмендегілерді орындай отырып, қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
- Қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
- Ақпараттық жүйені құру принциптері;
- Осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
- Қаржылық есеп берудің элементтері;
- Өлшеу және мойындау критерийлері.
Қаржылық есептің мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:
- Қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті мәлімет;
- Ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;
- Ұйымға берілген ресурстарымен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті мәлімет;
- Басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.
Қаржылық есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті элементінен құралады. Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның балансында көрсетілген активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары шешім қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін анықтайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын жалпы және жеке деп аталатын екі түрге бөлуге болады.
- Жалпы тұжырымдама бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
- Жеке тұжырымдама тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандартында қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері, есеп саясаты, есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі таңда бухгалтерлік есептің теориясында, сондай-ақ тәжірибесінде екі негізгі, жалпы деп аталатын континенттік және америкалық тұжырымдама қатар жүргізіліп келеді.
Бухгалтерлік есептің континенттік тұжырымдамасы кәсіпорынның жұмысына мемлекеттің ықпал етуімен және араласуымен түсіндіріледі. Бұл бойынша сол елдегі қызмет атқаратын барлық ұйымдар мемлекет бекіткен шоттар жоспары және басқа да нормативті құжаттар бойынша жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі қолданылатын ақпараттық мәліметтер бұл континенттік тұжырымдамасы бойынша салық органының және басқа да мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған және оның негізінде өзінің кәсіпорындары жұмыс жүргізіп отырған елдердің қатарына Австрияны, Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерін жатқызуға болады.
Америкалық тұжырымдаманың континенттік тұжырымдамадан өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі негізінен қаржы салымшылары мен несие берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның салық жүйесі қаржылық есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып отырады. Бүгінгі танда бұл модельді АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландия, Австралия, Үндістан, Оңтүстік Африка Республикасы және тағы басқа елдер қолданып отыр.
Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсак, әрбір ел өзінің бухгалтерлік есебін континенттік немесе америкалық тұжырымдама бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында континенттік тұжырымдама бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі күннің өзінде осы қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтсе де 1997 жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары Американдық бухгалтерлік есеп стандарттарына барынша жақындатылып жасалғандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады. Біріншіден, осы тұрғыдан, ал екіншіден, елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп берулері соңғы кездері қаржы салымшыларын ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз етуге негізделіп жасалып отыр.
Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан - бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдасы шаруашылық үдерістері барысында шешім үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып, бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принципі анықталған:
- Есептеу;
- Үздіксіз;
- Түсініктілік;
- Мәнділік;
- Маңыздылық;
- Сенімділік;
- Әділетт әрі тура көрсету;
- Бейтараптық;
- Сақтық;
- Толықтылық;
- Салыстырмалық;
- Дәйектілік.
Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт принцип - бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.
Түсініктілік принципі.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жай қарапайым адамдардың, кәсіпқой еместұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.
Маңыздылық принципі.
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:
- Алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін
- Бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.
- Уақтылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отыруы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.
- Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі жасалынған болжаулардың нәтижесінде алынған бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.
- Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар немесе оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.
Сенімділік принципі.
Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.
Салыстырмалық принципі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz