Жұмыссыздық мәні, түсінігі және түрлері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Жұмыссыздық түсінігі

2 . Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері

3. ҚР-дағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.

Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін анықтайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.

Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.

Экономикалық реформалар жүріп жатыр. Бірақ экономикамыздың құрамы әрі тиімді, әрі оңтайлы деңгейге әлі де жеткен жоқ. Жұмыссыздық - белгілі бір кезеңде өзінің орын алады. Жұмыссыздықтың бір жыл ішінде бірнеше кезеңі болуы мүмкін. Тіпті ол бір жыл бойы жұмыстан мүлде қол үзуі де ғажап емес. Жұмысшы әдетте бірде жұмыссыздық бірлестігіне қабылданса, енді бірде ол жұмыс күші қатарынан шығып кетуі жиі кездеседі. Жұмыссыздық өсіп, ол ұлтымыздың онымен бетпе-бет келген өзекті проблемасына айналды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.

Адамның «Жұмыссыз» атануы мынандай себептері бар:

1. Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады

2. Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол - жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам.

Бұл жұмысымды жаза отырып, мен, келесідей мәселелерді қарастырдым: жұмыссыздық түсінігі, жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері және де ҚР-дағы жұмыссыздықтың себептері мен арнаулы нысандары.

Тұрғындар дегенде қоғамның басты құрамы - адамдар өмірінің жиынтығындағы ұдайы өндірістегі қайталанбалы үдерісте табиғи тарихи қалыптасуы түсініледі.

Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті бөлігі ерекшеленеді - еңбек қызметіне психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері бойынша жарамды жанның жұмысқа қабілетті жасындағы жиынтығы. Жұмысқа қабілетті тұрғындардың негізінде еңбек ресурстары қалыптасады (жұмыс күштері) - қоғамдық өндіріске кіруге дайын немесе кіріскен бөлігі. Еңбек ресурстарнының құрамында табыс әкелетін қызметтегі және еңбекақы төлейтін жұмыс іздеудегі жұмыссыздар - экономикалық белсенді тұрғындар бөлініп шығады.

Экономикалық белсенді тұрғындар халық шаруашылығында жұмыс істейтіндер және оларды еңбекке қосымша салалар бойынша бөлумен сипатталады.

Жұмыссыздық - қоғамдық өндірісте жұмыс істегісі келетін еңбек етуге жарамды тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілмеуі. Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңына сәйкес өздеріне байланысты емес себептермен табысы жоқ (еңбек табысы) және жұмыс істеуге дайын, қабілетті, бірақ аталған орган оған сай келетін жұмысты ұсынбаса, жұмысы жоқ адам сипатында мемлекеттік жұмыспен қамтамасыз ету органында тіркелген азаматтар жұмыссыз деп танылады.

Жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықты сипаттайтын элементтердің бірі болып табылады.

Бірқалыпты жұмыссыздық (жұмысбастылардың 3% - ынан 5% - ына дейін ) рыноктық экономика дамуының қажетті серігі деп саналады.

Біріншіден, жұмыссыздық өндірісті кейінгі кеңейту кезінде қолдануға болатын бос жұмыс кү. шінің резервін көрсетеді; екіншіден, жұмыссыздықтың болуы жалақыны жоғарлату жөніндегі кәсіподақ талабын азайтып, кәсіпкерлік қызметті ынталандыра түседі; үшіншіден, жұмыссыздық еңбек тәртібін нығайту факторларының бірі болып табылады (жұмысты жоғалту қаупінен) .

Жұмыссыздық :

1. Жұмыссыздықтың кезеңдігі, жұмысқа үміткерлердің саны бар жұмыс орнынан көп болған жағдайда және өндірістің тоқырау жағдайында орын алады.

2. Уақытша жұмыссыздық аймақтық, кәсіптік және жасына байланысты орын ауыстыруы (жаңа тұраққа көшуі, жаңа мамандық алуы, оқуы, балаға қарауына байланысты және т. б. ) .

Жұмыссыздықтың келесідей түрлерін бөліп көрсетеді:

  • фрикциондық;
  • құрылымдық;
  • институционалдық;
  • циклдік;
  • ерікті.

Фрикциондық жқмыссыздық жұмыс орнын, тұратын жерін ауыстырумен байланысты кадрлар ағымын көрсетеді. Жиынтық жұмыс күшінің қандай да бір бөлігі жаңа жұмыс орындарында ауыса отырып, тұрақты түрде қозғалыста болады.

Құрылымдық жұмыссыздық мәні бойынша фрикционалдықтың терең түрі.

Елде түбегейлі өзгерістер жүргенде салалар арасындағы өзара байланыс өзгереді, жұмыс күшінің тұрақсыздығы күшейіп, жұмыс орындарын салааралық бөлуде жаңа пропорциялар құрылады. Құрылымдық жұмыссыздық жұмыс күшіне сұраныстың құрылымдық өзгерістеріне әкелетін өндірістегі технологиялық өзгерістерге байланысты. Жаңа құрылымдағы жұмыс орны бұрынғы қалыптасқан жұмыс күшіне сәйкес келмейді, сондықтан, өндірістен белгілі бір жұмыс күшін қысқартуға алып келеді.

Институционалдық жұмыссыздық рынокты ұйымдастырудың өзі жеткіліксіз тиімді болған кезде туындайды. Мысалы, бос жұмыс орындары туралы жеткіліксіз ақпарат, жұмыссыздық бойынша артық көрсетілетін жәрдемақы немесе табыстардың төмендетілген салықтары (жұмыссыздықтың ұзақтығы өседі және жұмыс іздеуге деген ынта жойылады) .

Циклдік жұмыссыздық өнеркәсіптік дағдарыс пен тоқырау кезіндегі өндірістің төмендеуін тудырады. Өндірістің жандануы мен көтерілуіне өту кезінде жұмыссыздар саны азаяды.

Ерікті жұмыссыздық. Кез келген қоғамда өзінің психологиялық қалпы немесе басқадай себептерге байланысты жұмыс істегісі келмейтін адамдар тобы болады.

Экономикалық өсу мен экономикалық тұрақтылық жағдайына сай келетін жұмыссыздық табиғи деп аталады.

Нарықтық экономикадағы елде құрылымдық және уақытша жұмыссыздық болғанда ғана, жұмыспен толық қамтамасыз ету мүмкін. Жұмыссыздықтың бұл табиғи деңгейі 5-7 пайызды құрайды. Ал, кезеңдік жұмыссыздықтың пайда болуы кезінде толық жұмыспен қамтамасыз етілу бұзылады.

Жұмыссыздықтың көрсеткіштері:

1. Жұмыссыздық деңгейі - жұмыссыздар санының пайызда көрсетілген жұмыс күшінің санына катынасы.

2. жұмыссыздықтың ұзаққа созылуы.

Жұмыссыздық деңгейін өзгерту үшін жалақының ағымдық мөлшерлемесі кезінде қанша адамның жұмыс істегісі келетінін, бірақ шын мәнісінде жұмысы жоқ екенін білу қажет.

Бұл әдетте үй шаруашылығын іріктеп зерттеу арқылы анықталады:

1. Адам соңғы апта бойы жұмыс істеді ме?

Оң жауап болған кезде адам жұмысбасты деп есептеледі. Егер жауап теріс болса, онда 2-сұраққа назар аударайық.

2. Ол адам соңғы 4 апта ішінде жұмыс іздеді ме? Егер іздесе ол жұмыссыз ретінде қарастырылады. Егер іздемесе, онда ол жиынтық жұмыс күшінен тыс болып саналады. Сондықтан жиынтық жұмыс күші жұмысбастылармен қатар жұмыссыздарды да қамтиды.

Жұмыссыздық қатынас түрінде өлшенеді.

Жұмыссыздық нормасы - бұл жұмыссыздар санының пайызбен көрсетілген жұмыс күші санына қатынасы.

Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірнеше жыл бойы жүргізілген қатаң монетарлық саясат табиғи нәтижеге - жұмыссыздықтың өсуі есебінен инфляцияны ауыздықтауға әкелді. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық жоғарыда айтылған барлық нысандарда көрінді:

1) кезеңдік жұмыссыздық елдегі экономикалық дағдарыстың нәтижесі ретінде болды;

2) уақытша жұмыссыздық жақсы өмірді іздеген елдің басқа елдерге жаппай көшуінің нәтижесінде болды;

3) құрылымды жұмыссыздық сыртқы әлемнен экономиканың көп жыл жабық болуының және нарықтық қатынастарға қазіргі жағдайда көшу қажеттігінің нәтижесінде болды.

Осы нысандармен қатар жұмыссыздықтың негізгі пайызын жұмыссыздар құрайды. Ол біріншіден, көп кәсіпорындар толық емес жұмыс күні тәртібінде жұмыс істеп және өндіріс көлемін қысқарта отырып, жұмыскерлерін төлемсіз демалысқа жіберуге мәжбүр, екіншіден, адамдар олардың ұйымдастыру жұмыстары жетілмегендіктен, еңбек биржасынан гөрі өздері жұмыс тауып алуды жөн көрді.

Қазақстан Республикасының еңбек рыногындағы келесі проблемаларды бөліп қарастыруға болады:

-еліміздің әр түрлі аймақтарындағы жұмыспен қамтамасыз ету деңгейінің біркелкі еместігі өседі;

-жұмыссыздықтың мерзімінің өсуінің ұзақтығы;

-жұмыспен қамтылудың әлеуметтік құрылымы өзгереді;

-екінші жұмыспен қамтылу өседі;

-материалдық өндіріс пен ғылым салаларында жұмыс істейтіндердің саны азайып, өндірістік емес салаларда көбейеді;

-жұмыссыздықтың қатары әйелдер мен жастардың құрамында көбейеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық туралы
Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері және себептері.ҚР жұмыссыздықпен күресу шаралары.
Инфляция; мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы
Еңбек нарығы және жұмыссыздық
Әлеуметтік басқару жайында
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Еңбек ресурстары туралы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz