Кәсіпкерлік қызмет



Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.
1. Кәсіпкерлік мәні, пайда болу тарихы
2. Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері
3. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Еліміз көркейіп, алдағы уақытта бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында – «Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан» атты бағдарламасы еліміздің көркеюіне өз әсерін тигізуде. Республикамызда жүргізіліп жатқан нарықтық реформалар барысында экономикалық салалардаәр түрлі коммерциялық, кәсіпкерлік ұйымдар қалыптасып дамуда. Осыған байланысты біздің республикамызда көптеген жеке кәсіпорындар, кәсіпкерлік ұйымдар ашылуда. Сондай – ақ бұрын тоқтап қалған кәсіпорындар, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде.
Кәсіпорындардың қаржыларын тиімді басқару қаржылық механизмдердің дұрыс қызмет етуіне өз әсерін тигізді. Еліміздегі кәсіпорындар бәсекеге қабілетті, әлемдік нарықта өз ықпалын тигізе алатын дәрежеге жетуіміз қажет. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік жағдайды тұрақтандырудың басым бағыты - шағын, орта, ірі бизнесті дамыту қолға алынуда. Бұл бағыт өз кезегінде оң нәтиже беруде. Жалпы айтқанда, кәсіпорындар елдің экономикасының даму динамикасы болып табылады. Кәсіпорындардың негізгі мақсаты таза табыс табу, халыққа қызмет көрсету.
Еліміздің үстіміздегі жылдары «Қазақстан - 2030» стратегиясын нақты іске асыру барысындағы бағдарламаларды абыроймен атқару, сонымен қатар халықтың әлеуметтік – экономикалық хал – ахуалын жақсарта берудің шешуші жолдары, экономиканы өсіру, оның басым салаларын әлем талабына сай өркендету, кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпорындардың тиімділіктерін арттыру мәселелері тұр.
Бұл жұмысымда кәсіпкерліктің мәні, пайда болу тарихы, кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері, кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру туралы толық қанды ашып көрсетіп жаздым. Сондай-ақ кәсіпкерліктің мәні ерте кезден бері әлеуметтік - экономикалық ғылым орталарының назарында болып келеді. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық- әлеуметтік және мәдени көкейтесті аспектілері кеңестік экономикалық теорияның сыртында қалып қойды.Алайда ғалымдардың мынадай шешімге келгені көрсетілді: «Тиімді кәсіпкерлік қызмет-жеке немесе мемлекеттік болсын – экономикалық дамудың ең тиімді және маңызды көзі болып саналады».
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Үмбетәлиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік.Алматы, 2009

2. Темірбекова А.Б.Эконмикалық теория.Оқу құралы-Алматы, 2008

3. ҚР Президентінің Халыққа Жолдауынан, 2009

4.Керімбек Ғ.Б. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. Астана, 2005

5. Мейірбеков А. Кәсіпорын экономикасы. Алматы, 2003

6. Крымова В.Ж. Экономикалық теория. Алматы, 2003

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.
1. Кәсіпкерлік мәні, пайда болу тарихы
2. Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері
3. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еліміз көркейіп, алдағы уақытта бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына қосылу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Елбасы Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында – Жаңа әлемдегі, жаңа
Қазақстан атты бағдарламасы еліміздің көркеюіне өз әсерін тигізуде.
Республикамызда жүргізіліп жатқан нарықтық реформалар барысында
экономикалық салалардаәр түрлі коммерциялық, кәсіпкерлік ұйымдар
қалыптасып дамуда. Осыған байланысты біздің республикамызда
көптеген жеке кәсіпорындар, кәсіпкерлік ұйымдар ашылуда. Сондай – ақ
бұрын тоқтап қалған кәсіпорындар, отандық және шетелдік кәсіпорындар,
акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде.
Кәсіпорындардың қаржыларын тиімді басқару қаржылық
механизмдердің дұрыс қызмет етуіне өз әсерін тигізді.
Еліміздегі кәсіпорындар бәсекеге қабілетті, әлемдік нарықта өз
ықпалын тигізе алатын дәрежеге жетуіміз қажет. Экономиканы жедел
дамытып, әлеуметтік жағдайды тұрақтандырудың басым бағыты -
шағын, орта, ірі бизнесті дамыту қолға алынуда. Бұл бағыт өз
кезегінде оң нәтиже беруде. Жалпы айтқанда, кәсіпорындар елдің
экономикасының даму динамикасы болып табылады. Кәсіпорындардың
негізгі мақсаты таза табыс табу, халыққа қызмет көрсету.
Еліміздің үстіміздегі жылдары Қазақстан - 2030 стратегиясын
нақты іске асыру барысындағы бағдарламаларды абыроймен атқару,
сонымен қатар халықтың әлеуметтік – экономикалық хал – ахуалын
жақсарта берудің шешуші жолдары, экономиканы өсіру, оның басым
салаларын әлем талабына сай өркендету, кәсіпкерлікті дамыту және
кәсіпорындардың тиімділіктерін арттыру мәселелері тұр.
Бұл жұмысымда кәсіпкерліктің мәні, пайда болу тарихы, кәсіпкерлік
қызмет және оның түрлері, кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру туралы
толық қанды ашып көрсетіп жаздым. Сондай-ақ кәсіпкерліктің мәні
ерте кезден бері әлеуметтік - экономикалық ғылым орталарының
назарында болып келеді. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық- әлеуметтік
және мәдени көкейтесті аспектілері кеңестік экономикалық теорияның
сыртында қалып қойды.Алайда ғалымдардың мынадай шешімге келгені
көрсетілді: Тиімді кәсіпкерлік қызмет-жеке немесе мемлекеттік болсын
– экономикалық дамудың ең тиімді және маңызды көзі болып
саналады.

Кәсіпкерлік күрделі де, көп жақты әлеуметтік – экономикалық даму
процестерінің ұзақ мерзімді тарихи кезеңінен өтіп келеді.
Жүздеген жылдар ішінде кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары
мен көп жақты типтері өңделіп шықты.
Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлікті
Азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес
заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне
негізделген және азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан
олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершіліктеріне алынып
жүзеге асырылатын азаматтардың және мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі деп
қарастырылған.
Кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономикада адамдардың меншігіне
негізделген, несиеге алынған және басқа да мүдделерді
пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге
асырылатын бастамалық, шығармашылық және басқа да қызметтердің
кәсіби түрі, яғни, кәсіпкер өз қызметінің нәтижесіне толық
жауапкершілікпен қарай отырып, экономикалық басқару шешімдерін
дербес қабылдайды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты -
табыс табуға бағытталған коммерциялық жетістік болып саналады, ал
кәсіпкерлік қызмет тәуекелді қажет етеді.
Кәсіпкерліктің мәні ерте кезден бері әлеуметтік -
экономикалық ғылым орталарының назарында болып келеді. Кәсіпкерлік
қызметтің экономикалық- әлеуметтік және мәдени көкейтесті
аспектілері кеңестік экономикалық теорияның сыртында қалып қойды.
Қорыта келе, ғалымдар мынадай шешімге келді: Тиімді кәсіпкерлік
қызмет-жеке немесе мемлекеттік болсын – экономикалық дамудың ең
тиімді және маңызды көзі болып саналады.
Ағылшын тілінен аударғанда кәсіпкер түсінігі, тәуекел ете
отырып кәсіпорынды ұйымдастырушы және басқарушы тұлға ретінде
қарастырылған.
Кәсіпкерлік – белгілі бір істі істей білу.
Кәсіпкерлік қызмет – бұл тұтынушының қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында орындалған жұмыс және көрсетілген
қызмет.
Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі,
қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер,
саудагерлер, қолөнер қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында
кәсіпкер құрал-жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол
кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы
түрі.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан дамып келеді.
Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік кең түрде
дамыды. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қолөнершілер, шеберлер
қолдан ою жасап, тоқыма тоқып, халықтың сұранысын қанағаттандырып
отырды.

Кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі теориялары бір – біріне қайшы
келмейді, қайта бір – бірін толықтырып отырады. Қоғамның дамуымен
бірге кәсіпкерліктің өзі де дамып келеді, бірақ осы кәсіпкерлік
туралы нақты бірыңғай анықтамасы келтірілмеген.
Кәсіпкерлік қызмет – бұл тұтынушының қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында орындалған жұмыс және көрсетілген
қызмет.
Кәсіпкерлік субъектісі:
1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары
(қызметтері заң талабына сай болса).
2. Заңды түрдегі шетел азамаары мен өкілеттігі шектеулі
тұлғалар.
3. Азаматтық бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:
1. Меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік
жауапкершілігі негізінде.
2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару. Меншіктің мұндай
ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы
реттеледі.
Бұл келісімде:
- мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу;
- әр түрлі қызметті іске асыру;
- материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым – қатынас
шарттары мен тәртіптері;
- келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалады.
Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс -
әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын – ала келісімдер мен
кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды
қоспағанда).
Кәсіпкерлік қызмет:
-өндірістік;
-коммерциялық;
-қаржылық;
-кеңестер беру болып бөлінеді.
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар.
Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:
1. өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді
атқару;
2. ақпараттарды өңдеу және жинау;
3. рухани құндылықтарды игеру;
4. тұтынушыға жататын басқа да өткізілімдер.
Бұлардың негізгі қолдану өрістері:
- өндірістік кәсіпорын және мекемелер;
- коммерциялық сауда мекемелері;
- тауар – қор биржалары;
- банктер мен халықар.
Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын
құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның
өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша
жауапты кезеңі.
Өндірістік кәсіпкерлік - ол кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі.
Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Өндірістік кәсіпкерлікті жүзеге асыру бірнеше сатыдан тұрады:
1. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет
көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек, яғни бизнес
жоба дайындалуы тиіс.
2. Мұнан кейін маркетингтік зерттеу жүргізу қажет. Қандай тауардың
немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол, оған деген
сұранымның тұрақтылығы, келешек даму тендениясы, тауарларды сатуға
ықтимал баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі
шығындар, өткізу көлемін болжау, болашақ тұтынушылармен байланыс
жасау, шикізат, материалдар, энергия және басқа да жабдықтаушылармен
арақатынасты орнату, өндіріске қажетті қаржы – қаражаттың шамасын
белгілеу, қорытынды мәмілелерді топтау, өнім өндіруді бастауға дейін
әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа ұшыраудың алдын – алуға
бағытталған жұмыстарды атқаруы тиіс.
3. Келесі кезең - өндіріс факторларын есепке алу шаралары.
Біріншіден: негізгі өндірістік қорлар, яғни: ғимараттар, құрылыстар,
өндірістік құрал-жабдықтарды сатып алу немесе жалға алу. Екіншіден:
өндірістік айналым қорларын: еңбек заттары, шикізаттар, отын және
энергетика ресурстары, жөндеу жұмыстарын жасауға қосалқы
бөлшекер,келешекке қажетті шығындарды жабу көздері. Аспаптар мен
инвентарлар айналым қорына екі белгісімен бағасымен және пайдалану
мерзімімен бөлінеді.
4. Алдағы уақыттағы шығындарды есептеу, бұл дегеніміз – бірінші
кезеңдегі тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар.
5. Жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы немесе хабарландыру беру
арқылы жалдап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы,
тәжірибесі ескерілуі керек.
6. Қажетті ақпараттар мен ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді
ойластырып, алдын – ала есептеу.
7. Қаражат қаржыларының керек мөлшерін анықтау.
8. Бастапқы капитал:
-жиналған қор
-несиеге ақша алу
9. Өндірістік істің қорытындысы. Сатудан түскен түсімнен өндірістік
және коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметтің негізі
Кәсіпкерлік қызметтің қаржылық қызметімен байланысты табыстар
«Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Жеке кәсіпкерлік субъектісі
Ветеринариялық кәсіпкерлік құқық
Кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы
Пәндер