Ес


ЕС
Жоспары: 1. Ес жөнінде түсінік.
2. Ес теориялары.
3. Ес түрлері.
4. Ес процестері
1. Ес жөнінде түсінік
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет-қылығымыз санамызда біршама уақыт ( ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртуымен ақпарат топтауымыз ес деп аталады. Сонымен ес- бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылыс. Оның арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Жантану ғалымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелрді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін? Есте қалдырудың ұзақ не қысқа мрзімді болуы неліктен? Ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін? Естің адам танымына ықпалы қандай?
Сұрақтарға жауап іздеуде психология өзінің алғашқы эксперименттерін осы ес проблемасын зертемен байланыстырады. Өткен ғасырдың 80-жылдары немі психологі Г. Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буындырын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқу бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолданады. Адам есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г. Э. Мюллер еңбектерінде жария етіледі. Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылады, ал ХIXғ. аяғы мен ХХ ғ. басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адам да, жануарға да бірдей механизмдері алынады. ХХ ғ. алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И. П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болады.
Естің жоғары формаларының жүйелі зерттеулі орыс ғалымы Л. С. выготский есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікті естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді.
Ес психологиялық зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғатты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті « материяның жалпы қасиеті» деуден аспады. Кейін 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді. П. Линдсей мен Д. Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады. 1) сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес;
Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпаратты есімізді өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0, 1-0, 5 сек. ішінде жойылып кетеді.
Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жуйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейде толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді.
Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгіледей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес-жатады сақтау жүйесінің маңызы да әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі-шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі-материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті.
Ұзақ мерзімдегі еске байланысты қиыншылық-бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу.
2. Ес теориялары
Ес механизмдердің психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің етек алған естің ассоциативтіктеориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты « топталған не тізбектелген» (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негізгі-уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталады. Ассоциациялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоциациясы, екіншісі-олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоциациясы, үшіншісі қарама-қарсылыққа негізделген контрастық ассоциациясы , төртіншісі себеп-салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоциация . Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д. Джеймс, Спенсер, И. М. Сеченов, И. П. Павло.
Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Бұл теорияның негізігі мәні мынада: есте қалдыру мидың электірлік белсенділігімен, яғни мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзада электр қуатын арттырады. Бқл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жазушадан екіншісіне беріледі. Аксонның жазушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі- қоздырушы, екіншісі -тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бірі-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша элнетірлік белсенділігінен болады да ұзақ мерзімді ес нейрондарың тұрақты құрылымынан келіп шығады.
Естің биохимиялық теориясы . Нәсілдік негізде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпал жоқ деген ой пайда болды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНҚ (дезоксирибонуклейн қышқыл) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклейн қышқылының молекуласымен орналасады.
3. Ес түрлері.
Есте қалдыру және қайта жаңғарту үшін жұмаслатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес болуы шарт: 1) әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес- қозғалысты, сезімдің, бейнелі және сөз-логикалы болып бөлінеді; 2) іс-әрекет мақсатына орай ес- ырықты және ырықсыз боуы мүмкін; 3) дүниелік іс-әрекеттегі рөлі мен орнына тәуелді жатталып, сақтау мерзімінің мөлшеріне байланысты- қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік естер ажыратылады.
Қозғалысты ес -әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдарда осы ес түрі басқаларынан көрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы; музыкалы шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екінші біреулердің қозғалысты есі тіпті шабан. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әрекеттерінің қалыпқа түсуінде және т. б. маңызы үлкен.
Сезімдік ес . Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл-күйімізбен танытамыз. Оысдан, көңіл-күй есі адам өмірі мен іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие.
Бейнелі ес -елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздер. Ол көру, есіту естері, сипай сезу, иістік және дәмдік болып бөлінеді. Егер көру, есіту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт- бағдарында қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады.
Сөздік-логикалы (мағыналы) ес мазмұнына біздің ой-өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналы ғана болмай, сөзді-логикалы болатыны осыдан. Біздің ойымыз әртүрлі тіл формаларымен берілетіндіктен, оны қайта жаңғырту материалдың тек негізгі мазмұнын жеткізумен не сөзбе-сөз қалтықсыз қайталануымен жүзеге асуы мүмкін. Егер кейінгі жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түспейтін болса, онда оның өзгеріссіз жадталуы логикалы емес, механикалық жаттауға айналады.
Іс-әрекет мақсатына байланысты ес-ырықты және ырықсыз болып бөлінеді. Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезікпен келетін 2 деңгейі құралады. Адам өмірі тәжірбиесінің көбі ырықсыз ес жәрдемімен жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажетті болған тұр-мыстық біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс-әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да, осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет қып белгілумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.
Нақты қызметтік ес адамның нақты іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарыд орындауына байланысты іске қосылады. Қандай да бір күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. Қызметтік естің жоғары деңгейде, нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына байланысты.
4. Ес процестері
Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы -ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсат болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру. Бұл-болған әсерден ми қабығындағы кейбер қозу іздерінің санада бекіп қалуы. Ми қабығындағы әрқандай процесс соңында бекімі әр деңгейде болған із қалдырады. Есте қалдыру және материалды қайта жаңғыруға бағытталған мұндай әрекет мұндай әрекет мнемикалық әрекет деп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыруы міндетіне қояды. Механикалық және мағыналық есте қалдыру . Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді.
Түсінімді және берік қалдырудың шарттары. Материалды түсініп, ұғу үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Игерілетін материалдың өзекті ой таптары бөліп алынып, жоспар түрінде өрнектеледі. Мтериалды ұғудың негізгі әдісі пайдалы әдісі-салыстыру, яғни заттар құбылыстар мен оқиғалардағы бір-біріне ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Материалдың түсінімді болуы оның нақтылығыда. Қайталау уақыты екі әдіспен орындалады: нақты және бөлшектенген. Бірінші әдісте материал бір отырыста жатталады да, оның қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. Ал бөлшектенген қайталауда мәтіннің әр оқылу арасы біршама уақытпен ажыратылады. Бөлшектенген қайталау жинақты қайталаудан тиімделу. Уақыт пен қуат үнемделеді, білім игерілуі мен жадта қалуы берік болады. Психологияда жаттау әдісінің 3 түрі аталған: тұтастай, шамалап, аралас. Бірінші әдіс -материал мәтіні бастан аяқ, тұтастай бірнеше рет, толық игерілгенше қайталанады . Екіншісінде -материал бірнеше бөлікке ажыратылады да, әрқайсысы өз алдына бірнеше қайталанып, жатталады. Үшінші әдісі -аралас жаттауда тұтастай игеруге және шамалап есте қалдырумен материал элементтері біріктіріледі.
Есте сақтау. Адам есінде қалдырғанды біршама уақыт аралығында есте сақтап тұру қабілетіне ие. Есте сақтау ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық және статикалық түрде көрінуі мүмкін. Динамикалық есте сақтау мезетті қызмет есте орын иеленіп, ал статикалық-ұзақ мерзімде есте әректке келеді. Динамикалық есте сақтауда жатталған материал өзгеріске түсе бермейді, ал тұрақты есте, керісінше, қайта құрылып, өңделеді.
Тану және қайта жаңғырту. Қандай да нысанда тану сол объекті қабылдау кезінде көрінеді, яғни объекттің қабылдануы адамда бұрыннан қалыптасқан ес немесе қиал елестері негізінде іске асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz