Ойын технологиясы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3 бет
І -тарау.
1. 1. Ойындардың зерттелуі мен даму тарихы………. . …… . . . 5 бет
1. 2. Ойын - бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдісі……… . . . 9 бет
1. 3. Ойын түрлері және ерекшеліктері . . . ……… . . . 11 бет
1. 4. Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы . . . 15 бет
ІІ -тарау.
2. 1. Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу
мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері. . 16. бет
Іс тәжірибе . . . 22 бет
Қорытынды . . . 30 бет
Әдебиеттер тізімі . . . 31 бет
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне қадам басуда. Білім беру парадигмасының өзгеруін, білім мазмұны мен оны оқытудың әдіс-тәсілдерінің жаңаруы, оқытудың жаңа технологияларының оқу-тәрбие үрдісіне енуі, жаңа көзқарас, қарым-қатынас пайда болып, білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуы соның айғағы. Оқытудың технологияларын - оқу мазмұнымен оқушылардың жас, психофизикалық, даму ерекшеліктерін дұрыс таңдап, тәжірбиеде сынап көрудің маңызы зор. Сондықтан озық технологияларды мұғалімнің толық меңгермейінше оның жан - жақты толыққанды мұғалім болуы мүмкін емес. Жаңа технологияларды игеру мұғалімнің кәсіби интеллектуалдық, рухани - адамгершілік, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін - өзі шығармашылық ізденістерін дамытып, оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын табуға көмектесері хақ. Әлемдік тәжірбиеде оқытудың технологиялық тәсіліннің тиімділігі зерттеулер арқылы дәлелденген. Оқу жоспары мен бағдарламалары анықталған мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білім мазмұнының, оның басым бағыттары мен оқыту мүмкіндіктеріне лайық оқыту технологиясын таңдап енгізіп мұғалімнен жоғары кәсіби дайындықты, шығармашылық ізденістері талап етеді. Ұлы данышпан Аристотель кез келген әрекеттің жемісі екі шартқа байланысты: - соңғы мақсаттың (нәтиже) дұрыс қойылуы;
- сол мақсатқа жеткізу үшін сәйкес құралдарды дұрыс пайдалану дейді.
Еліміздің елдігін әлемге танытатын, оны жетілдіретін, дамытатын жас ұрпақ. Сондықтан да еліміздің болашағы осы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігінен айқындалады. Ал, балаларға бұл күнде әр саладан жан-жақты білім беру жүйелері жеткілікті. Олардың ішінде қоршаған орта, табиғаттың әлемінен берілетін білімнің орны ерекше.
Зерттеу объектісі: ойын технологиясын оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқушының білім, білік дағдысын, белсенділігін арттыру.
Мақсаты:
- ойын технологиясын қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын дамытып қалыптастыру.
- дидактикалық ойындарды қолдану арқылы білім білік дағдыларын қалыптастыру, жан жақты ойлауға, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
- ойын технологиясының тәрбиелік, дамытушылық мақсатын анықтау.
- ойын кезінде оқушының дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Болжамы: сабақ барысында ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ, оқушының пәнге деген қызығушылығының артатынына, сөздік қорының молайғанына көз жеткізе аламыз.
І тарау.
1. 1. Ойындардың зерттелуі мен даму тарихы.
«Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады». Дәл осы жағдай қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік - экономикалық дамуының негізінде болды. Қазіргі кемеліне келген маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күннен, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашық қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, т. б. шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э. Маккей « . . . бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды» - дейді. Сондай-ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген «Қызбөрі» ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезінен яғни таптық қатынаспен бірге туғандығын жайлы ескертеді. « . . . Алғашқы қауымдағы адамдар күн көрудің, табиғатпен күресудің қиыншылығынан мейлінше жаншылауда болған» кезі адамзаттың жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан дәуірі болғандықтан олардың өз бетінше тіршілкке қалыптасуында дене мүсіннің ерекшелгі басты роль атқарады. Адамзат басқа жыртқыш жануарларға өздері жем басын қорғауы былай, нәзік денелі әлсіздеріне де жәрдемші болды. Міне адамзаттың дәл осындай кесек тұлғаны өмір сүрген орта керек етті. Жаратылыста дене мүсіннің қалыптасуы барлық адамдардікі бірдей бола бермеген. Алайда, алғашқы адамдардың табиғатпен күрестегі әлсіздігі, аң аулауда кейде сәтті, кейде сәтсіз болатындығы және мүсінді күштілердің нәзіктеріне қарағанда табиғат кесепатының зардабын аз тарататындығы, міне мұның бәрі жеке бастың мүсін ерекшелігінде болды. Осыдан келе жаратылыстағы кесек тұлғаның табиғат апатына қарсы тұрудағы ролін адамзат сол кезде-ақ ұқты. Бұл құбылыс бірте-бірте дамымай келіп саналы түрде кесек тұлға жасаудың бағытын қарасытырып жеке бастың өз бетінше мүсін немесе денесін шынықтыру жүйесін тудырды. Мұндай жүйеленген дене шынықтыру одан ары дамып, қалыптасу барысында әр түрлі ойындар мен дене жаттығуларын тудырады. Мысалы: тарихи уақиға, Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың кезіндегі негізгі кәсібі болған аншылық - келе-келе жекелеген тайпа мүшелерінің қоғамдағы орны мен ролін анықтады. Осыдан барып тайпалардың аңға шығардағы жасаған дайындық жаттығулар кезінде «Қарагие» ойынын туғызады. Ойнаушылар бас киімдерін шешіп ортаға тастайды ойын жүргізуші қашықтығы 25-30 адымдай жерге апарып арасы мен биіктігін аршын етіп белгіленген сызықтың бойына бас киімдердің саны қанша болса қазық қағады. Қалғандары көмбеде тұрып әр ойыншы қолындағы сырығымен өзінің бас киімін атып алуы керек. Ойынның шарты бойынша ойынды кез келген бала ойнай алмайды. Себебі бұл ойынға ең әуелі шыдамдылық керек, ойынға қатысқаннан кейін өз бас киімінді атып алмайынша кетпейсің, өз еркімен бас киімді алуға басқа ойнаушылар рұқсат етпейді. Екіншіден мергендік керек, оған қоса көздеген затқа дәл тигізе білу үшін қол күш керек, өйткені сырық жас ырғайдан немесе қайыңнан кесіліп дайындалады. Сырық неғұрлым ұзын да салмақты болса лақтырғанда соншалықты алысқа ұшады да жерге ұшымен қадалады. Сол себепті нәзік балалар ойнай алмайды. Әр ойыншы өздерінің сырықтарын дайындаған кезде, ұзындығы 3-4 аршын таяқты кесіп алады да жуан ұшын ұштап отқа қызыдырып кептіреді. Олай істеуі сырық нысанаға дәл тиген жағдайда үнемі ұшымен жерге қадалатын болғандықтан мұжылмас үшін істеледі. Келе-келе сырықтың ұшына жез, одан кейін темір кезіліп, бас киім орнына басқа заттар ілінетін болады. Бұл сияқты бала кезінде ойнаған ойындардың арқасында көшпелі тайпалардың әскерлерінің соғыста мықты да төзімді, найза лақытырған кезде мерген де кесек, батыр тұлғалы болып келуі жекпе- жек келген жаулардың қайқайсысына болса да оңайшылықпен берілмеген. Сондықтан да басқа тайпалардың сақтарды жаулап алу мақсатында жасаған жорықтарына олардың үнемі тойтарыс беріп отырғандығын және кезіндегі парсы тайпаларының Кир (558-529 ж. б. э. д), Дарий 1 ( 518 ж. б. э. д) секілді қолбасшы патшаларының бастары сақ тайпалары әскерлерінің қанжығасында кеткенін біздер тарихтан жақсы білеміз. Мысалы Гомердің дүние жүзіне әйгілі «Илиада» мен «Одиссея» поэмалары да осындай тарихтардың куәсі болған. Спартаның Тиндерей патшасының дүниедегі ең сұлу таңғажайып қызын күйеуге бермек болған хабарды естіп, Спарта қаласына жан-жақты атағы асқан жас жігіттер, батырлардың ұлдары, ханзадалар мен жауынгерлер ағылып келіп жатты. Олар өздерінің қыршын жастығына қарамастан әрқайсысы ерекше күшімен, ерлігімен болмаса әскери тапқырлығымен танылғандар болатын. « Бір шақта ойынға қатысушылар аула бұрышына жиналып қалады. Әрқайсысының сол қолында сығымдай ұстаған бір-бір буда келте найза. Іле жас жігіттер кезегімен алға шыға бастады; олардың үйреншікті әдетпен лақтырған шолақ найзалары қоршауды бойлай ағып барып тас тақталардың үстіне сыңғырлай түсіп жатты. Басқалары болса құлаш жарысын дуылдаса әңгімелеумен болды». Баршамызға белгілі тарихи уақиға Трояның қоршауға алған кезін біздің дәуірімізден бұрынғы 1200 жылдар шамасында деген жорамал бар. Осыған қарағанда біздің дәлелдеуімізде «Қарагие» ойының шығу тегі арыда жатқандығы анық.
Ендігі жерде, аңшылық кәсіп алғашқы адамдар арасында садақ пен жебені ойлап табудан басталды дедік, сондықтан мұндай тәсілдер жабайы хайуандарды аулауды жеңілдетті. «Садақ, оның кермесі мен оғы - деді Ф. Энгльс, - сол кездің өзінде-ақ ең күрделі қару болып алды, бұл қаруды ойлап шығару, ұзақ уақыт жинаған тәжірибенің, өткір ақыл, ой күшінің болғандығын көрсетеді, олай болса жұрттың сонымен қатар толып жатқан басқа да өнерлерді білгендігін көрсетеді». Осыған орай «аң аулауға қолайлы жерді іздеген адамдардың жеке топтары Қазақстанның территориясына жайыла қоныс теуіп, Алтай, Тянь-Шань тауларының бөктелерін меңгерген». Демек, кезіндегі аңшылық кәсіптің негізінде дүниеге келген садақ, күні бүгінге дейін өзінің халық өнері үшін құндылығын жойған жоқ. Ф. Энгельс айтқандай, көшпелі қазақ тайпалары арасында кезінде қанша өнердің болғандығы біздерге әлі де беймәлім. Келе-келе мал шаруашылығы дамығаннан кейін аңшылық, баяғыдай халықтың күнделікті тұрмыстағы кәсібі болмай, демалыс уақытын өткізетін көңі ашар ойын-сауығына айналды. Осының негізінде келіп спорттық және тәрбиелік маңызын жоймаған «бүркіт салу», «жамбы ату», «ит жүгірту - құс салу» сияқты халық ойындары да қалыптасты. Ұлт ойындары ертеден-ақ, жалпы этнографиялық әдет-ғұрыптарымен бірге дамып жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін - қазақ совет этнографиясының бір бұтағы бола тұрса да, күні бүгінге дейін бір де бір тарихшы-этнограф ғалымдардан мән беріп зерттеген ешкім болмады. Тек М. Таникеевтің Қазақстанның Россияға қосылған дәуірінен бастап, октябрь революциясына дейінгі аралықты қамтыған педагогика ғылымдарының кандидаттық диссертациясы бар. Бұл еңбектің құндылығы сол, бірінші рет қазақтың ұлттық ойындары ұлттық мәдениетінің бір саласы болғандықтан өз бетінше тарихи зерттеуді керек ететіндігі жайлы пікір айтты. Еңбектің кіріспесінде автор ұлт ойындарын ұлттық мәдениеттің бір саласы болғандықтан, Қазақстанның Россияға қосылғаннан кейін ғана алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің әсерінің негізінде ғана қалыптасып дами бастайды - деп келтірген ІІ тарауында талдау жасаған. Біздердің осы зерттеулерімізге қарағанда, ұлт ойындарының даму, қалыптасу көрсеткіштері керсінше шығып отыр. Жоғарыда көрсетілгендей, ұлт ойындары Қазақстан жерінде ең алғашқы хандықтардың пайда болып қалыптасуымен бірге өзінің даму сатысының ең жоғарғы шегіне жетті де, халықтың шығарған «Хан жақсы ма» ойынымен тоқтады. «Хан жақсы ма» ойынының шығуы қазақтың ұлт ойындарының ең ақырғы кезеңі. ХVІІІ ғасырдан бастап, яғни Қазақстанның Россияға қосылу дәуірінен бері қарай тарихи даму емес, тек кезіндегі шыққан халық ойындары үйрену-жаттығу ретінде ғана қайталанып отырды. Себебі ХVІІ ғасырдың ХХ ғасырға дейін қазақ хандықтары өмір сүрген дәуірде ойындары жаңа кезең алып дамыитындай тарихи өзгеріс бола қойған жоқ. Алдыңғы қатардағы орыс мәдениетінің қазақ жеріне кіруі елдің арасындағы сауда-саттық жұмысының жүруімен жәрменкелердің ашылуы, тек қана цирк искусствосының немесе, акробатика элементтерінің дамуына әсерін тигізгені шындық. Бұлай деуіміз, осы еңбегіміздің нәтижесінде ұлт ойындарының дамуы тек қоғамның өзгеруіне байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдайдың негізінде ғана дамып, қалыптасып отыратындығына көзіміз жетті. Мысалы: Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыста дамыған; аң аулау, таяқ жүгірту, садақ ату, қақпатас, қарагие ойындары болды дедік. Келесі дәуірлерде қайталау-жаттығу нәтижесінде бұл ойындар; аң аулау - бүркіт салу немесе құс салу, садақ ату - жамбы ату, қақпатас - бестас, қарагие - найза лақтыру болып, тағысы тағы аттары өзгеріп мазмұндары сақталып қалды. Басқасын қойғанда, күні бүгінгі бәрімізге әйгілі «ақсүйек» ойынының бірнеше аттары бар екендігі анықталды. Мысалы әйгілі ғалым-этнограф Ә. Диваевтың еңбегінде «Орда» делінгенде, орыс дәрігері Е. Покровскийдің еңбегінде «тоқтышақ» делінсе, А. Алектровтың еңбегінде «ақсүйек» деп аталынған. Бұл еңбектерде әр түрлі аталғанымен ойынның мазмұны өзгермеген. Қазіргі кезде ауылды жерде көп тараған ойындарының мазмұны өзгермеген. Қазіргі кезде ауылды жерде көп тараған ойындардың бірі «лек жалау» деп аталғанда, басқа орыс ғалымдарынының еңбектерінде «қарыс ағаш» делінген. Халық мұғалімі Байтоғайұлы балқайдың еңбегінде «лек жалау» немесе «шөлдік» деп аталған. Қазіргі Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар, Талдықорған облыстарында «атабаш» деп аталады. Сондай-ақ «көрші» ойыны Сарыарқа, Солтүстік облыстарда «татумысың-аразбысың» деп аталады да оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында «ақшәмшік» делінеді. Ертедегі Қазақстан жеріндегі рулардың қалыптасу кезеңдері, этнографиясы, ойын-сауықтары, мәдениеті тағы басқалары жайындағы деректер ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы орта Азия мен қазақ жерлерінде болған Европа саяхатшыларының еңбектерінде жинақталған. Әсіресе Қазақстанның елі мен жері жайында көптеген ғылыми еңбектер қалдырған Европа саяхатшыларының ең алғашқылары Плано Карпини, Вильгельм Рубрук және Марко Поло сияқтылары болды. Бұл саяхатшы-ғалымдардың артында қалдырған баға жетпейтін зерттеулер қазіргі кезенде көптеген елдердің өткен өмірлерін оқып-білуде жалпы тарих ғылымдарының бірден бір бұлақ көзі болып отыр. ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғолияға барып, одан еліне қайтқан сапарында жинаған материалдарынан « Монғолия тарихы» атты еңбегін жазды. Бұл еңбекті тіпті қазіргі дәуірдің тарихшылары емес, кезіндегі қазақ халқының тарихын толық зерттеуші ғалым Шоқан Уәлиханов та көптеген еңбектеріне осы «Монғолия тарихын» негіз етіп алған. Бұл еңбек ол кезде Д. Языковтың басқаруымен 1925 жылы орыс тілінде екінші рет басылып шыққан. Бұл еңбекте кезіндегі Монғолияның көршісі болған орта жүздің бір руы Тарбағатай наймандарының өмірлері мен әдет-ғұрыптары жайлы, демалыс уақытын өткізгендегі ойын-сауық жайлы деректерді, жауынгерлік ерліктерін сипаттайды. Қазақ халқының ұлт ойындары жайындағы деректемелерді қағаз бетіне түсіргендердің бірі Венеция саяхатшысы Марко Поло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойынсауықтарын көріп, көптеген ұлт ойындарына талдау жасап, шығу тарихтарына, қалыптасу дәуірлеріне де болжам айтқан.
Неміс ғалымы Александр Гумбольдт 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұқсат алып Каспий теңізінің бойына. Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен қалаларына саяхат жасайды. А. Гумбольдт өзінің болған жеріндегі көшпелі қазақ ауылдарының өмірімен танысып, олардың күнделікті тіршілігі, қонаққа көрсететін сый - құрметі, табиғат құбылысына бейімделуі, әдет ғұрпы, яғни тарихы мен этнографиясын толығынан зерттей келіп «Центральная Азия, исследования о цепях гор и по сравнительной климатологии» атты еңбегін жазды. Қазақ ауылына келген беттегі қонаққа көрсетілген сый құрметіне, оларды, ойын-сауықтарына, әсіресе қоян-қолтық күрестері мен ат жарыстарын қызықтамайтын және осы халықтың ойын-сауықтары жөнінде жазбаған шетел ғалымдары мен саяхатшылары кемде-кем. А. Гумбольдттың бұлай деп дәлелдеме беруі, әрине тегін айтыла салған сөз емес. Біз қарастырған, тіпті сонау Плано Карпини, Марко Полодан бастап, ең ақырғы 1863-1864 жылдары Қазақстанда болған шығыс-зерттеу ғалымы Венгрия академигі Арминий Вамбери мен 1903-1907 жылдары Каспий теңізінің бойында Манғышылақта қонақтаған неміс этнографы Рихтер Каргуцка дейінгі шетел саяхатшыларының еңбектерінің барлығының дерлік арқауы болған қазақ халқының қонақ сыйы мен ойын-сауықтары. Ұлттық ойындары жайында бұлардан басқа да, тіптен Қазақстан жерінде болмаған көптеген шетел ғалымдарының осы бір көшпелі халықтың тарихы мен этнографиясы турасында жазған зерттеулерінде де кездеседі. Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақша күрес, көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, тағы басқа спорт түрлері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келеді. Күні бүгін де олар өздерінің мән-мазмұнын жойған жоқ. Қайта жаңығырып, түрленіп келеді. Республикамыз бойынша қолданылып келе жатқан спорттық ойындарымыздың бірі- қазақша күрес. Күрес туралы халық чемпионы Ж. Үшкемпіров, ересектер арасындағы Европа чемпионы Қ. Байшолақов, самбодан әлем және Европа чемпионы А. Мұсабековтардың еңбектерін айтуға болады. Ал А. Ғабсаттаров, К. Байдосов, А. Қазымбетов; Ә. Айханов; С. Өтенов сияқты спортшылар да қазақша күресті дамытуға атсалысқан абзал жандар. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы І спартакиадаға дайындық кезеңі үлкен серпіліс тудырды. Оған әрбір облыс, тіпті әрбір аудан атсалысып, спартакиаданың табысты өтуіне өз өз үлестерін қосты. Әрбір ауданда жарысты өткізу ережелері жасалып, бекітілді. Бұлардың бәрі өз жемісін берді. Соған орай республика ауқымында жыл сайын жарыс өткізіп тұру кәдімгідей дәстүрге айналды. Әрбір мектептермен мен училище, колледждерде үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылып, олардың қорытындылары шопан тойларында, егін орағының соңында шығарылып отырады.
1. 2. Ойын - бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдісі.
А. С. Макаренко ойынға айтулы мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлейді деп есептеген ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиеледі. Оның іс-тәжірибесінде тиісті педагогикалық мақсаттарға қызмет ететін ойындар қолданылатын. Макаренко әр түрлі ойындар кешенін жасауға тырысты, оларды ұдайы жетілдіріп отыруды талап етті, ұжым өміріне, оның даму болашағына сәйкес келмейтін ойындарды өзгертіп отыруды үндеді. Ол ойынның тәрбиелік ықпалын жасаудағы маңызды шарт баланың ойынға қатысуы ғана емес, оны жасауға да белсене араласуы деп есептейді. Оның пікірінше, педагог әрқашан да ойындағы мақсатты жақсы білуі және сол мақсатқа жетуі тиіс. А. С. Макаренконың іс-тәжірибесінде көптеген ойындар еңбек әрекетіне ұласып, ал еңбек әрекетіне ойын элементтері енгізіледі. Тәрбие жұмысы практикасында үстел үстінде ойналатын ойындар, қимыл ойындары, техникалық, әдеби-театрлық ойындар, атракциондар, зияткерлік (интеллектуалдық) ойындар қолданылады. Баланың өмірінде рөлімен ойналатын ойындардың зор маңызы бар. Рөлдік ойын ойнағанда балалар өз шамаларына қарай үлкендер арасында қалыптасатын қатынастарды көрсетеді. Өзіне белгілі бір рөл алғаннан кейін, бала соған орай қажетті ережелерді, міндеттерді орындайды, осы ережелерді бойына сіңіріп, мінез-құлықтың дағдылары мен шеберліктерін игереді. Рөлдік ойынның ұжымдық сипаты бар. Ойын барысында балалар арасында бірте-бірте үлкендер ұжымдары арасында кездесетін қатынастар қалыптасып, беки түседі. Бала өскен сайын рөлдік ойындармен қатар дидактикалық және қимылды ойындар маңызды орын ала бастайды. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде бұрын да, қазір де қарастырылып отыр. Алдыңғы қатарлы педагогтердің бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсенді. Шетел және біздің ұлттық педагогикамыздың өзінде ойын әдіс бала тәрбисінде мынадай бағыттарда қолданылады:
- Баланы жан-жақты үндестікте үйлесімді дамыту:
- Білім беру бағыты. Бұл бағытта алғашқылардың бірі чех педагогы Ян Амон Коменский ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттерінің ең жауапты түрі деп санаған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz