Психология. Жануарлардың интеллект мәселесі


Жоспары
1) Кіріспе
2) Ғалымдардың жануарларға жүргізген эксперименттері.
3) Жануарлардың интеллект мәселесі.
4) Жануарлар психологиясына еңбек сіңірген ғалымдар.
5) Психологияга анықтама және адам психологиясының ерекшеліктері жайлы ғалымдардың пікірлері.
6) Адамзат қоғамында және жануарлар дүниесінде
психиканың дамуы.
7) Психологияның пәні және оның міндеттері
8) Қорытынды
9) Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Табиғаттың ұлы жұмбақтарының ішіндегі алғашқы орынды жануарлар психологиясы алады. Адамдар ежелден осы құпияны ашуға ұмтылғанын ерте кезден келе жатқан фольклор, религиозды мифтардан көруге болады. Антикалық ойшылдар өздерінің философиялық концепцияларын құруда адамның психикасына жануарлардың психикасының қатынасына көп назар аударған.
Біздің заманымызда жануарлардың психикасын зерттеумен арнайы жануарлар психологиясы пәні айналысады. Бірақ жануарлар психологиясының пәні мен міндеттерін қарастырмас бұрын біз жануарлардың психикасы, мінез-құлқы, психикалық әрекетін нақтылап алуымыз қажет.
Лениндік теорияға сәйкес, психика өзінің құрылымына қарай объективті шындықтың жоғарғы формасының көрінісі. Психика органикалық әлемнің белгілі бір даму кезеңінде пайда болғанмен тек жоғары ұйымдасқан жануарларға ғана тән.
Психика - ортаның құрамдас бөліктеріне қатысты өзінің белсенділігін тірі ағзаға адекватты бағдарлауға мүмкіндік беретін көрініс беру формасы болып табылады. Сонымен қатар объективті реалдылықтың, материяның белсенді көрінуіне қызмет ете отырып, психиканың өзі органикалық материяныңжоғары дамыған қасиеті. Бұл материя болып жануарлардың жүйке ұлпасы (немесе оның аналогтары) табылады. Жануарлардың көп бөлігінде бас миы - жүйке-психикалық әрекетінің орталық ағзасы бар.
Жануарлардың психикасы олардың іс-әрекетінен бөлініп қаралмайды. Іс-әрекетті жануарлардың ағасының ортамен қажетті байланыстарын орнатуға бағытталған қозғалыс белсенділігі, яғни сыртқы көріністердің бірлігі деп түсіндіреді. Психикалық көрініс беру осы белсенділіктің негізінде жүзеге асады. Осындай жолмен, психиканы тірі ағзаның функциясы ретінде, қарастыру әділ болады, іс-әрекет пен психика бөлінбейтін органикалық бірлік ретінде қарастырылады және ғылыми анализ үшін шартты бөлінуі мүмкін. Бұл мәселені И. М. Сеченов «психика қозғалыспен, іс-әрекетпен туады және өледі» деп көрсеткін.
Сонымен, психикалық көрініс берудің алғышарты - іс-әрекет. Оның көмегімен қоршаған ортамен өзараәрекет жүзеге асады. Іс әрекетсіз психика болмайды. Бірақ кері байланыс әділ болады: психика ағзаның сыртқы белсенділігін коррекциялап, бағыттайды.
Іс-әрекетпен психиканың диалектикалық бірліктің мәнін «психикалық іс-әрекет» ұғымы ашады. Жануарлардың психикалық іс-әрекет ұғымы іс-әрекет пен психиканың көрінуінің барлық кешенімен түсіндіріледі.
Зоопсихологияның обьектісі - жануарлардың психикалық іс-әрекеті.
Зоопсихологияның пәні - жануарлар денгейіндегі психикалық көріністің заңдылықтары мен эволюцияның көрінуі, жануарлардың психикалық процестерінің онто және филогенездегі пайда болуы мен дамуы және адамдардың санасының тарихы туралы ғылым. Зоопсихолог психиканың эволюциясын оның ұрықтану формаларынан жоғары көрінуіне дейін зерттейді. Мұның өзі адам психикасының пайда болуының негізгі құрамы болып табылады.
Осындай жолмен, зоопсихологтың компетенциясында психиканың эволлюциясының басты мәселелерін бірдей қарастырады. Төменгісі психикалық көрініс берудің бастапқы дамуы, жоғарғысы - жануарлар психикасының адамның психикасына айналуы. Төменгі шебі өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы сапалы көріністі береді, ал жоғарға шебі - жануарлар мен адамдар аралығындағы айырмашылықты зерттейді. Бірінші жағдайда психиканың элементарлы формаларының сұрағын шешу, ал екіншісінде - адам психикасының элементарлыдан жануарлар психикасынан тууы тек сандық қиындауға теңдестірілмейді, эволюция барысында ағзалардың ортамен өзара әрекетінің жалпы түрі де өзгереді. Тітіркенудің саналы жаңа формасы - сезімталдық пайда болады. Ал сезімталдылықтың өзі - сезіну қабілеттілігі, яғни қарапайым психикалық құбылыс. Басқа сөзбен айтқанда, психика тітіркенудің өзіндік саналы жоғары формасы сезімтадық пайда болған кезде басталады.
Зоопсихологтың іс-әрекет аумағы психикалыққа дейінгі және психикалық көрініс беруден басталады. Осы жерден психиканың эволюциясының басы басталады. Жануарлардың психикасының сапалы эволюциясы адам санасына дейін көтеріледі.
Адам психикасы жануарлар психикасымен салыстырғанда сапалы категориялы, бірақ олар генетикалық жануарлар психикасымен байланысты. Адам іс-әрекетінде белгілі бір рөльді биологиялық, жануарлармен ортақ факторлар ойнайды, бірақ адамдардың іс-әрекетінің мәні адам мен жануар арасындағы терең сапалы айырмашылықтармен анықталады. Бұл айырмашылықтары жануарларда мүлдем кездеспейтін қоғамдық еңбекті іс-әрекетпен сөйлеуде.
Ресейлік зоопсихологияның негізін салушы белгілі ғалым Вагнер адам өміріндегі биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара қарым-қатынасын жарты ғасыр бұрын жан-жақты анализін берген
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЖАНУАРЛАРҒА ЖҮРГІЗГЕН ЭКСПЕРИМЕНТТЕРІ
В. Келлер өзінің маймылдарына бірнеше тапсырмаларды ұсынды. Олардың шешімі тек құралдарды, яғни жат нәрселерді қолдануда болды.
Еліктіргішті жіппен тарту.
Бірінші нұсқада тордың сыртындағы еліктіргішті оған байланысты жіпті тарту арқылы алуға болады. Нәтижесінде бұл тапсырманы тек шимпонзе ғана емес, сонымен қатар төменгі деңгейдегі маймылдар мен кейбір құстар да орындай алған. 1948 жылы Г. З. Рогинскийдің тәжірбиелерінде шимпонзеге бұл тапсырманың күрделірек түрі ұсынылған. Бұл тәжірбиеде еліктіргішті өзіне тартып алу үшін жіптің екі жағын бірдей тарту керек. Г. З. Рогинскийдің тәжірбиесінде маймыл бұл тапсырманы орындай алмады.
Таяқшаларды қолдану.
Тапсырманың өте көп таралған басқа нұсқасы тордың сыртында қол жетпейтін жердегі бананды тек таяқша көмегімен алу, шимпонзелер бұл тапсырманы да сәтті шешті. Егер таяқша жақында орналасса, олар бірден қолдарына алған, егер алысырақ болса, шешімге келу үшін ойлануға бірталай уақыт керек болған. Шимпанзелер таяқшалармен қатар өз мақсаттарына жету үшін басқа нәрселерді де қолданған.
В. Келер маймылдардың эксперимент және күнделікті өмір жағдайында да заттармен түрлі қатынас тәсілдерін байқаған. Мысалы маймылдар таяқты бананға секірген кезде шест ретінде қолдана білген.
Еліктіргішті құбырдан алу.
Еліктіргішті құбырдан алу (Р. Йеркс тәжірбиесі) . Бұл әдістеменің түрлі нұсқалары бар. Ең қарапайым жағдайда Р. Йеркстің тәжірбиесіндегідей еліктіргішті үлкен темір құбырда, ал құрал-сайман ретінде жануарға шесттер ұсынылған. Бұл тапсырманы тек шимпанзелер ғана емес, сонымен қатар горрила мен орангутандар да сәтті орындайтындары анықталған.
Шимпанзенің қолындағы таяқ тамақ табу үшін емес, сонымен-ақ тағы басқа мақсаттарды жүзеге асыруда қолданылады.
Таяқшаларды құрал ретінде қолдану - кездейсоқ манипуляцияның нәтижесі емес, ол саналы және мақсатбағдарлы акт. Маймылдардың конструктивті мінез-құлқы маймылдардың конструктивті іс-әрекеті.
«Пирамидаларды» тұрғызу арқылы еліктіргішке қол жеткізу.
В. Келердің тәжірибелер тобы біршама атаққа ие болды. Төбеге бананды іліп, вольерге бір немесе одан көп жәшіктерді қойған. Еліктіргішті алу үшін маймыл астына жәшікті қойып, оған шығу керек.
Шимпонзелердің мұндай тапсырмаларды шешуге қабілеттілігі анықталды. В. Келердің көптеген тәжірибелерінде олар еліктіргішті алу үшін қажетті әрекеттерді жүзеге асырған: жәшіктерді қойып немесе олардан пирамида жасай білген. Маймылдың шешім қабылдау алдында ереже ретінде жеміске қарап және жәшікті жылжыта бастайтыны ғажап емес. Маймыл бірден жеміс пен жәшік арасындағы байланыстың барлығын байқайтынын көруге болады, бірақ оны бірден жүзеге асыра алмайды.
Маймылдардың әрекеті әрқашан біртекті адекватты болған емес. Мысалға Сұлтан (маймыл) құрал ретінде адамдар мен маймылдарды олардың иықтарына шығу арқылы немесе оларды өздері көтеру арқылы қолдануға талпыныс білдірген. Оның артынан басқа шимпонзелер де Сұлтанның ісін қайталаған, сондықтан колония кей-кездерде «тірі пирамиданы» құраған.
Шимпонзелердің мінез-құлқының анализі осы және өзге жағдайларда тапсырманың кеңістіктік компоненттерінің бағасын өндіретінін анық көрсетеді. Сәтсіздіктер анализінің негізгі параметрі бананға дейінгі қашықтық болып табылады.
Өзге жануарларды жест тіліне үйрету.
Шимпонземен қатар жест тіліне горилла және орангутанды сәтті үйреткен.
Дельфиндерді үйрету. Теңіз сүтқоректілерінің тасымалдаушы-тілді меңгеру қабілетін бірнеше жылдар бойы американдық ғалым Л. Херман зерттеді. Оның еңбектерінде дельфин-афалиндер ең бірінші бассейндегі түрлі заттардың «аталуын» және олардың атқаратын әрекеттерін меңгеру керек болған.
Біртіндеп дельфиндер 2-3 белгіден тұратын тізбекке бағына отырып, жаттықтырушының нұсқаулары бойынша толық жүріп және заттар мен кейбір әрекеттер комбинацияларын орындауды үйренген. Мысалы: «иллюминаторға құйрығыңды тигіз», «су алып N-ді суар», «сол жақтағы таяқшаға шеңберді кигіз», «таяқшаны шеңберге кіргіз» және тағы басқа сұрақтарға жауап бере алған. Ары қарай жаңа сөйлемдердің қолданылуымен тесттер өткізілді. Бұл тапсырмаларда да қандай-да бір затты алып келуге орнын ауыстыруға немесе бір затты басқаның ішіне, үстіне, астына қою керектігі ұсынылған. Дельфиндер заттардың кеңістіктік ара-қатынасын бейнелейтін сигналдарды дәл қабылдай алу бейімділігін көрсеткен.
Тотықұсты үйрету.
Тотықұсқа өткізілетін зерттеулер біршама қызығушылықты туғызады. Тотықұстардың түрлерінің өкілдері жүздеген сөздерді жаттап, адекватты фразаларды құра алатындығы белгілі. «Сөйлеуші» құстардың мінез-құлықтарының толық сипаты В. Д. Ильичев пен О. Л. Силаеваның еңбектерінде келтірілген.
Американдық зерттеуші Ирэн Пепперберг көп жыл тотықұстарға зерттеу жүргізді. Ол тотықұс Алекспен (африкандық сұр жако, Psittacus erithasus) қарым-қатынастың ерекше әдісін өңдеді. Және тасымалдаушы-тіл ретінде адамның сөйлеуі қолданылды.
Алекс Аризоналық университеттің зертханасына 11 жасында түсті. Яғни ересек кезінде және де ол бірден үйренуге зор бейімділігін көрсеткен. Ол отырған жерде адамдар өзара сөйлессе, ал тотықұс қызғанышпен оларды бақылап араласуға тырысқан. Пепперберг өңдеген әдістің ерекшелігі оқыту процесінде бір уақытта екі оқытушы адамның болуында. Бір жаттықтырушы (негізгі) адамға (екінші жаттықтырушыға) және тотықұсқа бір уақытта сұрақ қояды. Екінші жаттықтырушы тотықұс бір жағынан еліктеу объектісі, екінші жағынан - оның қарсыласы болып табылады. Сабақтар мынандай түрде жүзеге асады. Бір экспериментатор екіншісіне алманы немесе қарындашты көрсетіп «Мынау не?» деген сұрақ қояды. Егер жауап дұрыс болса, оқытушыны мақтап, оған аталған затты береді.
Алекс 15 жылда 100-ге жуық заттардың атын меңгерген. Ол заттың түрпішінін, бұрыштар санын анықтауға, алтыға дейін санауға, «түрпішінін», «материал», «түс» категориясын және жеті түсті атауға бейімділігін көрсеткен. Ол «керек» сөзін белсенді түрде қолданады, ал егер оған керек затты бермегенде «жоқ» деп оны лақтырып тастайды.
Адам тәріздес маймылдарды амсленге үйрету.
Алғашқы эксперименттің авторлары - ерлі-зайыптылар Аллен мен Беатрис Гарднерлер (Gardner, Gardner 1969; 1985; 2. 9. 2) американдық саңыраулардың жесттік тілі - амсленді таңдап алып, шимпонзенің ағылшын грамматикасы ережесімен құрылған тілдің элементтерін зерттеуге мүмкіндік алды.
Өздерінің тәрбиеленушісі Уошодан ерекше нәтижені күтпеген олар тек төмендегіні анықтауды мақсат етті:
Уошо жесттерді есте сақтап, оларды адекватты қолдана ала ма?
Оның «сөздік қорына» қанша жесттер кіреді?
Маймыл сұраулы және теріс сөйлемдерді түсіне ала ма (бұл қасиеттері күмәнға алынды) ?
Ол сөйлемдегі сөз тәртібін түсіне ала ма?
Уошо үш жылда саусақтардың белгілі бір түрде қосылуы арқылы ұсынылатын 130 белгіні меңгерген. Басқа шимпонзелер де сол сияқты жағдайлардың кең диапазонында адекватты қолданысын тапқан.
Антропойдтардың сөз қорының көлемі. Түрлі маймылдарға өткізілген эксперименттер олардың 400 жестті білуі мүмкіндіктердің тамамдалмайтынын білдірді. «Йеркешті» жануарға үйрету кезінде олар жүздеген белгілерді меңгеріп 2000-нан астам сөздерді ауызша түсінген. Тәжірибелердің көпшілігінде эксперимент жас маймылдарға жүргізілген. Жесттерді жаттау факті өз бетінше ешқандай жаңалық енгізбейді. Бұл үшін қарапайым шартты рефлекторлы үйрету жеткілікті. Сонымен қатар шимпонзенің «сөздік» қорын қолдану ерекшелігінен мынандай қорытынды шығаруға болады: белгілерді қолдану оларда когнетивті процестердің жоғарырақ тәртібіне жалпылау абстрактілеуде негізделген. Мысалы: «бэби» белгісін барлық маймылдар кез-келген баланы, күшіктерді және қуыршақтарды, ал «ит» белгісімен - кез-келген иттердің өкілін, сонымен қатар суреттегі иттің бейнесін де, қасында жоқ үрген иттің дауысын да белгілеген. Шимпонзелер үйретушілері қасында болғанда да, осындай белгілер фотосуретте көрсетілгенде де жестті жақсы түсінеді.
Адам тектес маймылдарды өз-өзін тануға үйрету.
Адам санасындағы мінездеменің бірі - бұл оған қатысты объектіден субъектіні айыру. Органикалық өмір тарихында адам қазіргіге дейін алғашқы және жалғыз қоршаған ортадан өзін көрсете алатын жан болып саналып келеді. Тек адам ғана өзін-өзі тануға қабілетті. Бала «мен» және «мен емес» арасындағы айырмашылыққа ақырында жетеді, және бұған ең алғашқы қадам болып өзін суреттен немесе айнадан тану қабілетінің көрінісін атауға болады. Бұндай қабілет 4 жаста қалыптасады. Жануарларда өзінің «менін» ұғатыны бар ма?
Бұл объективті эксперименталды әдістер көмегімен анықтауға тырысатын ең қиын сұрақтардың бірі. Бұндай ұғымды қалыптастыру үшін субъкт өзіне сырт көзбен қарай алатын, басқалардың орнына өзін қоятын, сыртқы өмірде өзін объект ретінде көре алатын «бейнелік елестету кешенін» керек етеді.
Адам айнадан көптеген түрді көріп ол өзі екенін түсінеді. Айнада оның қасында басқа адам көрінеді - бұл оның серігі. Авторлар бөлігі жануарлар өзін айнадан ұқсастық бейнесінен тани алатындығын анықтауға тапсырма қойды. Алғашқы мәлімет Н. Н. Ладыгина-Котстың зерттеуіндегі шимпонзе айнадан өзінің бейнесіне қарауы еді. Алғашқы рет өзінің бейнесін көріп, оның тәрбиеленушісі Иони аузын ашып қарап тұрып сұрады: «қайдағы бейне?» маймылдың әрекеті айнаға қарап тұрған баланың әрекетінен айырмашылығы жоқ. Біраздан кейін Иони өзінің бейнесіне үйреніп, аузын жапты да өзіне қарай бастады. Осыған байланысты басқа да жас маймылдар өзінің бейнесіне жауап қайтарған. Мысалы, Келлогтар жанұясы Гуа есімді шимпонзені өздерінің ұлдары Дональдпен бірге бір жылдай тәрбиелеген. Гуа мен Дональдтың жас шамасы бірдей болған. Екі бір жасқа таяған балалар алдында тұрған адамның өздері екенін мүлдем түсінбеген. Бұл таң қалатын жайт емес. Себебі одан кейінірек жүргізілген тәжірибелердің мәліметтері бойынша баланың айнаға бейнесін тану қабілеттілігі бірнеше деңгейлерден өту арқылы қалыптасады. Адам тәріздес маймылдарда бұл қабілет 2-2, 5 жаста пайда болып, 4, 5-5 жаста толық көрініс береді.
1898 жылы Э. Торндайк шартты рефлекстерді қалыптастырудың моделін өңдеді. Торндайктың моделі жануарлардың белсенді мінез-құлқына негізделген (жасанды жағдайда) . Торндайк алғашқы жануарды үйрету процесін сандық бағалаудың берік және тура әдістемесі - «мәселелі жәшікті» ойлап тапты. Қарны аш мысық мәселелі жәшікке салынып, оның сыртына тамақ қойылады. Мысық тамаққа жету үшін есікті жауып тұрған тіреуішті тарту керек болған. Торндайк тіреуішті ашқанға дейін бірталай қозғалыстар жасайтынын байқаған. Торндайк бірнеше сеанстардан кейін мысық қажетсіз қозғалыстар санын азайтқанын көрді. Үйретудің өлшемі ретінде қабылданады.
Висконс университетінің зертханасында Гарри Харлов 60 жылдарда приматтарға эксперимент жүргізген. Нәтижесінде ана мен бала арасындағы өзара қатынас макака-резустардың тағдырына үлкен әсері тиетіні анықталған. Г. Харлоу эксперименттерінде маймылдың жаңа туған баласы екі «жасанды ананы» таңдап алуға мүмкіндігі болды:
а) ағаштан жасалған «басы» және омырау деңгейінде орнатылған емізу үшін ыдысы бар жалаң сымнан жасалған үлгі және
ә) барқытпен қапталған дәл осындай сымнан жасалған үлгі.
Балалар екі ананы да емген, бірақ уақыт өте олар мамық «анамен» уақытты көп өткізген. Таныс емес объектті көрген кезде немесе қауіп төнгенде олар мамық «анаға» жүгірген, ең маңыздысы - маймылдардың баласы шынайы анасы немесе мамық анасынсыз өсірілсе, топтағы қарапайым өзара қатынасқа қабілетсіз болып келген. Олар жануарлармен, тіпті өздерінің балаларымен «дұрыс» өзара әрекет жасай алмаған.
«Отты сөндіру» тәжірибесінде және өзге жағдайларда құралдарды қолдану.
И. П. Павловтың инициативасы бойынша оның Колтуштағы әріптестері В. Келлердің Розе мен Рафаэльге (шимпонзелер) өткізілген тәжірибелерді қайталады. Алынған нәтижелер негізінде И. П. Павлов көп жағдайда маймылдардың психикасы мен мінез-құлқына деген өзінің көзқарасын қайта қарады. П. К. Денисов, М. П. Штерн (1947) және Э. Г. Вацуро өздерінің ұстаздарына қарағанда В. Келлердің антропойдтардағы ойлаудың элементтерінің барлығы туралы ұғымын теріске шығару мүмкін деп есептейді.
Роза мен Рафаэльге авторлар ұсынған тапсырмалар В. Келлердің тәжірибесіндегі Сұлтан шешкен мәселелерден өзінің күрделілігіне байланысты әлдеқайда қиын болған. Бананды алу үшін оларға алты түрлі колиберлік жәшіктерден тұратын пирамиданы тұрғызу керек болған. Мүндай жағдайда жануарға тек «аяқ-астынан шешімге келу» ғана емес, құрылысты тұрақты ету үшін керек бірқатар дағдыларды меңгеру - «квалификациясын» қажет етеді.
Өзінің құрылымы бойынша Рафаэльге ұсынылған «отты сөндіру» тапсырмасы әлдеқайда қиынырақ. Бұл тәжірибенің құрылымы төмендегідей: апельсині бар жәшіктің ашық жағының алдында жанып тұрған спиртовка қойылған. Көптеген және әртүрлі мүмкіндіктерден кейін ол бұл тапсырманы түрлі тәсілдермен шешуді үйренді:
Суы бар бакты жәшікке жақындатып отты өшірді;
ұртына суды толтырып алып, отқа қайтып келіп, оған құйды;
бактағы күрежкені толтырып отты өшірген;
бактағы су біткен кезде Рафаэль суға толы бөтелкені суға төкті.
И. П. Павлов бұл тәжірибенің нәтижесін адам тәріздес маймылдарда қарапайым шартты рефлекстерден қарағанда күрделірек когнетивті функциялардың болуына сенімді кепіл бола алады деп есептеді.
Соңында тәжірибені көлге ауыстырды. Еліктіргіші бар жәшікті салға, ал суы бар бакты басқа салға орналастырылды. Екі салды қосып тұрған ұзын және әлсіз көпіршемен байланыстырылған. Рафаэль дәл салдың өзінен суды алудың орнына, бактан суды алу үшін өте көп күш жұмсады. Бұл зерттеушілерді берілген мәселелі жағдайдың элементтерінің арасындағы айқын байланыстарды түсінуге қабілетсіз деген ойға әкелді.
Келлердің тәжірибесінде себеттегі банан еденнен оны алу мүмкін еместей биіктікте орналастырылған. Содан кейін себет шеңберлі қозғалысқа келтірілген. Сұлтан шимплнзе оны аңдып отырады. Себет шатырды ұстап тұрған балкаға жақын жеден өтетінін көрген соң, ол балкаға шығып себеттің жақындағанын тосады. Сонымен қатар әр тәжірибедегі себет жақын болатын балкаға шығып отырған.
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТ МӘСЕЛЕСІ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz